290
ғарышты бейнелейтін балбал тас болған, Ғарыш жандандырылған...
Жанданған Ғарышқа деген сенімді ғұндар
өз елдерінің батысында
қоныстанған юэчжей, динлиндерден алған. Өйткені шығысазиялық
моңғолтектестерде мұндай сенім болған жоқ, керісінше олар поли-
спиритуалистер (спритуализм-рухты, материядан бөлек өмір сүретін
ерекше субстанция деп қарау), көптеген рухтарға сенушілер бол-
ды. Шығыста полиспиритуализм ата-баба рухын, табиғат рухынан
ажыратты және олардың бәрін де шақыруға немесе қуып жіберуге,
наразылығын тудыруға немесе көңілін аулауға болатын... Ғұндар
о дүниелік өмірге, рухтарға ...өмірдің жалғасы деп сенеді.
Осыдан
салтанатты екі қабат табытқа салып жерлеу; мәйіттің жаурама-
уы үшін қалың зерлі жүн мата, қымбат бағалы аң терілеріне орау;
оған о дүниеде қызмет ететін бірнеше жүз
бірге өлген достар мен
қызметші қыздар... Адамды құрбандыққа беру тек шаньюй немесе
жоғарғы дәрежелі ақсүйекпен шектелмейді. Бақсының айтуымен,
«жауынгер», мүмкін ата «рухтардың талап теуімен» құрбандыққа
ержүрек тұтқындар беріледі... Бұл діни жүйе
бір құдайға деген
сенімді білдірмейді, тек жындар, зұлым
және шекті жан иелерін
құрмет тұтумен шектелді... [185. 81 б.].
Мәдениет жетістіктері. Ғұндардың қол жеткізген табыстары ту-
ралы Л. Гумилев келесі мәліметтерді береді:
– ғұндардың басты жетістігі Моңғолияның далалық аймағын
игеруінде болды;
– жеткілікті мөлшерде жылқылар мен бұғауланған бұқалар са-
нын көбейтіп, арба үстіне орнатылған киіз үйлерді (күймелі арбалар-
ды) жасады;
– алғашқылардың бірі болып,
мал шаруашылығы мен қатар
қаумалаған өнімді аңшылықты қолданды;
– б.д.д. ІІІ ғ. құсбегілік өнерін өмірге енгізіп, аңшылықта
сұңқарды пайдаланды.
Олардың баспанасы-арба үстіне тігілген киіз үйдіңкелесі
ыңғайлы жақтары бар: бірінші,
тастан тұрғызылған немесе
қабырғалары қатып қалатын дер жайларға қарағанда жел, аяздан
жақсы қорғайтындай жылы болды. Баспана, тұрақтар орны ауысты-
рылып отырды, отынмен қамтамасыз
болатын жерлерді қашанда
табуға болатын. Екінші, арбаға орнатылған баспана қауіпсіздеу бол-
ды. Ол барлық мүлікпен отырған жерді ауыстырып, жаудан құтылып
кетуге мүмкіндік беретін...
291
Тері киімдер берік, жеңіл және қолайлы болды. Тағам қолдағы
малдың көптігінен әрқашан жеткілікті ет пен сүттен тұрды.
Қалжырататын ауыр дене еңбегінің болмауы, аңшылықпен айналы-
су денсаулықты жетілдірді, қалыптастырды. Жиі жасалатын әскери
жорықтар батылдық пен жігерді жаныды [185. 79 б.].
Тарихи дәуір жазу өнері біздің уақытымызға жетпеген... Осыдан
да болар, Хань дәуірінің қытайлықтары ғұндарды жабайы халық деп
көрсетеді. Л. Гумилев, мүмкін бұл қытайлардың мәдениеттің жалғыз
бастауы өз елі болады деп есептегенінен шығар дегенге меңзейді.
«Өкінішке орай, ауыз әдебиеті және ғұндардың рухани мәдениетінің
жетістігі, көрінісі болатынның бәрі жойылған. ...олардың мәдениеті
деңгейі, соның ішінде қолданбалы өнері Монғолия мен Ордоста
жүргізілетін қазба жұмыстары кезінде қалпына келтірілуі мүмкін.
Өйткені ғұндар замандасы болатын саян-алтай өнерінің жетістіктері
үздік» [185. 80 б.].
Ғұндар шапқыншылығынан қорғану үшін Цинь-ши-хуан-ди
Ұлы Қытай қорғанын тұрғызған. Жанындағы көшпелі тайпалардың
басын қосуға мүмкіндіктер алған ғұндар, Қытайдың Хань империя-
сымен де белсенді соғыстар жүргізген...
Ғұндардың тарих сахынасынан кетуі ғұн жауларын өз жағына
біріктіре білген император У-ди есімімен тікелей байланысты. Та-
рихи деректер жауынан жеңілген, жаңа жерлерді іздеп батысқа бер
бұрған ғұндар мемлекетінің б.д.д. 51 жылы екіге бөлініп кеткенінен
мәлімет береді: Шығыс ғұндары Қытай императорының үстемдігін
мойындаса, ал Батыс ғұндары Орта Азияға тықсырылады.
Ғұндар туралы кең таралған мәліметтерге сүйенетін болсақ,
онда олардың Орта Азияға қарай шегінген бөлігі жолында кездескен
халықтармен араласады. Белгісіз болашаққа
бет бұрған осы батыс
бөлік еуропаға келеді. Аландар, готтарды жеңіп, Римге жетеді. Міне
осы Батыс бөлік еуропалықтарға «Ғұндар» деген атпен танымал
болған. «Ресейдің оңтүстігіне келген ғұндар туралы алғашқы де-
рек б.д. 160 жылы берген Диониси Периегетке тиесілі. Осы кезден
ғұндар атын 175-182 ж.ж. аралықтарында Птоломей қайталайды...
Көптеген еуропалық ру-тайпаларды
ғұндардың қирата жеңуі,
жазаға ұшыратуы, батыста бұлар туралы баскесерлер, қарақшылар
атауының қалыптасуына себеп болды. Дегенмен қытай деректері
бұларды «варварлар» ішіндегі ең бір мәдениетті халық деп сипаттай-
ды» – дейді Л. Гумилев.