Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет7/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Ежелгі патшалық. Ежелгі Мысыр туралы алғашқы мәлі- 
меттерді тек археологиялық қазба жұмыстары береді. Онда Ніл 
өзенінің егіншілікке қолайлы екі жағасы мен теңізге құяр атыра-
уы аралығында Жоғарғы және Төменгі Мысыр аталған алғашқы 
мемлекеттік құрылымның қалыптасқаны көрсетіледі. Саяси бірігуге 
дейін, яғни мемлекеттік құрылым қалыптасқанға дейін, олардың 
әрқайсысы өз алдына жеке өмір сүрген. Бір орталыққа бағынған саяси 
жүйенің пайда болуы, жалпы мысырлық билеушілер әулеті негізінің 
қалануы, яғни патша тұқымының бірінен соң бірінің мұрагерлік жо-
лымен патша тағына отыруы (б.д.д. ІV-ІІІ мыңжылдықтар шамасы) 
Менес перғауын атымен байланыстырылады. Зерттеушілер, байырғы 
тарихи уақытқа жататын Нармер ескерткішіндегі бейнелерді 
Ежелгі Мысыр мемлекетінің бірігуін айғақтайтын мәлімет ретінде 
қарастырады. 
Рухани сұраныстардың өсуінен фетиштік наным-сенімдердің 
орнына адамдық қасиеттерге ие болған, табиғат құбылыстарын 
өзіне бағындырған айрықша жан иелері келеді. Мысалы, Гапи – 
бұрынғы өзен емес, адам кейпіндегі құдай. Ол басына гүлден тәж 
киген құрметті адам түрінде көзге түседі. Күн құдайы Ра немесе 
Аммон да адам пішінді және адами қасиеттерді иеленеді. Табиғат 
құбылыстарынан ажыратылған және оны басқарған құдайлар өмірі, 
олардың әлемге қатынасы кісіге үлкен әсер береді. 
Қазіргі кезде мектеп оқулықтарынан бастап, бар әдебиетте 
Мысыр пирамидалары перғауындардың соңғы тұрағы, яғни зира-


23
ты деп аталады. Олардың қабір болуы да мүмкін, оның ешқандай 
анайылығы жоқ. Дегенмен, бұл – ең көп таралған, көпшілік 
мойындаған пікір десек те, олардың расында қабір екеніне дәлел 
жоқ. Зерттеушілер, Снефрудің (б.д.д. 2575-2551 жж.) қызыл пира-
мидасынан табылған адамның бірнеше сүйек бөлігін есепке ал-
майтын болсақ, онда ежелгі Мысыр пирамидаларының ішінде му-
миялар да, қабір мәтіндері де, жерленген адаммен бірге қойылатын 
күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар да болмады. Бұлар Пат-
шалар алқабында жерленген әулет өкілдерінен, соның ішінде Тутан-
хамон қабірінен табылды, деп көрсетеді. Осындай тура дәлелдердің 
жоқтығына қарамастан, оқымыстылар пирамидаларды қабір кате-
гориясына жатқызады. Олардың бос болуын қазына іздеушілердің 
тонаушылық әрекетімен байланыстырады...
Ежелгі суреттер мен мәтіндер сыры ашылғаннан кейін, пирами-
далар құрылысының қалай жүргізіліп, жобаланғаны белгілі болды. 
Археологтар еңбектері пирамидалар жобасы жасалғанда екі күрделі 
міндеттің пайда болғанын көрсетеді. Біріншісі – пирамида орналаса-
тын жердің тегістігі. Ұзындығы 200 м, ені 100 м болғанда, бұл оңайға 
соқпайды. Екіншісі – қабырғалар ұшының үлкен биіктікте, белгілі 
бір нүктеде түйісуін есептеу. Сәулетшілер осы проблемаларды 
жоғары дәлдікпен орындай білді. Құрылыс жобасының жасалуына 
үлкен мән берілген. Жоспарларда мазардың жалпы өлшемі, дәліздер 
мен жеке бөлмелердің орналасуы, қабырғаға жазылатын мәтіндер 
мен салынатын өрнектер және т.б. мәліметтер көрсетілген. Архео-
логтар біздің заманымызға ІV Рамсес перғауын қабірінің жобасы 
жеткенін көрсетеді. Онда тұрғызылатын құрылыс сұлбасын әртүрлі 
жағынан көрсететін, масштабсыз сызылған, шамамен алынған жоба 
сақталған. 
Геродот мәліметінде, Хеопс Мысыр халқын екіге бөліп, жұмыс 
істеуге мәжбүр еткен. Ол бір топқа Арабия тауынан құрылыс ма-
териалы болатын тастарды Ніл жағалауына жеткізуді, екіншісіне 
осы тастарды өзен бойымен Ливия тауының етегіне алып келуді 
бұйырады. Құрылыста әрбір үш ай сайын ауысып тұратын 100 мың 
адам жұмыс істейді. Тастарды өзенге жеткізетін жолды салуға он 
жыл уақыт кетеді. Геродот оның ауыртпалығының жиырма жыл 
бойы тұрғызылған пирамида жұмыстарынан кем болмағанын 
көрсетеді. 


24
Бір-біріне өте мұқият орналастырылған, жан-жағы тегістелген 
пирамида блок тастардан төрт бұрышты қаланып, бірнеше бөлікке 
бөлініп тұрғызылған. Бірінші бөлік жұмыстары аяқталған соң, тас 
блоктарды қысқа ағаш бөренелерден жасалған арнайы көтергіш 
құралдар көмегімен жоғары шығарған. Пирамиданы әрлеу 
жұмыстары жоғарғы жағынан басталып, сосын ортаңғы бөлікте-
рінде жалғастырылған. Төменгі бөлік пен іргетасты әрлеу жұмысы 
соңына қалдырылған. 
Діни рәсімдік орындардың алғашқы қауымдық құрылыс зи-
раттарына ұқсас болғанын қазылған шұңқыр (лақат) үстіне төбе 
етіп үйілген тас, қиыршық құм іздері көрсетеді. Ұзаққа шыдамаған 
мұндай төбелер кезінде сазбен сыланған, қам кесекпен қаптай 
қаланған. Атап айтқанда, осындай бекітілген төбе негізінде кейін 
ұзақ уақыт қолданыста болған мазар – мастабалар пайда болады. 
Археологиялық қазба жұмыстары байырғы мастабаларға дейін 
тұрғызылған азаматтық құрылыс туралы мәліметтердің жұтаңдығын 
мәлімдейді. Тек кейінгі уақытта, пирамидалар жанында бой көтерген 
қалалардың орны, тұрғын үйлер туралы мәліметтерді келтіреді. 
Зерттеушілер Саккара мен Гиза ұлы перғауындарының пирами-
далары төңірегінде мазарлардың бүтін қала тәрізді көшені бойлай 
орналасқанын мәлімдейді. Осы қам кесек немесе тас құрылыстарды 
арабтар мастаба (орындық деген ұғым береді) деп атайды. Мастабалар –
ежелгі Мысыр (І-ІІ династиясы уақыты) дәуірінде перғауындарға, 
мырзалар мен танымал адамдарға арнап тұрғызылған құрылыстар. 
Бастапқы мастабалар көлемі үлкен болған. Оның жер асты бөлігінде 
орналасқан лақатқа тік құдық арқылы түскен. Мәйіт қойылған соң, 
лақатқа барар жол, шахта көміліп, білінбейтіндей тегістелген. Ар-
найы жасалған қабырға қуысына есікке ұқсастырып (жалған есік) 
құлпытас қойылған. Оған мәйіттің аты мен тірлігінде атқарған 
қызметі жазылған. Жалған есік арқылы мәйіттің рухы кіріп, әруағына 
арнап оқылатын дұғаға қатысып, әкелінген құрбандық, садақа, сый-
ды қабылдайды деп есептелген.
Кейін табыну орны мастаба ішіне, тар дәліз алып баратын 
діни сиыну орнына ауыстырылды. Осыдан тұтас үлкен мастаба 
құрылысында ішкі бөлмелер пайда болады. Арнайы әдебиеттер 
діни ғибадат орнының алғашқыда крест түрінде орналасқанын, 
оған жалған есік пен садақа мехрабы қойылғанын көрсетеді. ІІІ ди-


25
настиялық уақыттан бастап діни ғибадат орнының қабырғалары 
сурет, барельефтермен (тегіс нәрсеге түсірілген бедерлі сурет) 
безендіріле бастайды. Фрескаларда (ғимарат қабырғасындағы сурет) 
аңшылық, балық аулау, егін алқаптарындағы жұмыстар бейнеленеді.
Діни ғибадат орны жанында мәйіттің мүсіні қойылатын, барлық 
жағынан қабырғалар тұрғызылған кішігірім бөлме – сердаб ор-
наласты. Оны ғибадат жүргізілетін жермен перғауын көздерінің 
деңгейінде орналасқан кішкене терезе байланыстырады. Осы арқылы 
мүсінге енген мәйіт рухы жерлеу рәсімін көре алады. 
Б.д.д. ІІІ мыңжылдық шамасында өмір сүрген сәулетшілердің 
шығармашылық табыстары ауқымды болды. Олардың үздік 
жетістіктерінің даңқы көптеген елдерге жайылды. Тастың 
құрылымдық (конструктивтік) және сәндік (декорациялық) 
ерекшеліктерін білу, перғауынға арнап мыңдаған жылдар бойы 
уақыт сынына төтеп берген пирамидаларды тұрғызуға мүмкіндік 
берді. Күн ғибадатханасы, нақты жоспарланған құрылыстарда жеке 
бөлмелер пайда болды. Кеңістік көркемдігі ретінде тіреуіш ұстындар 
жүйелі пайдаланылды. Ғимараттар, мүсіндер, рельефтер және 
т.б.-дың үйлесімді көрініс табуы, әлемдік сәулет өнері жетістігіне 
қосылған үлкен үлес болды. 
Бір орталыққа бағынған мемлекет құруға мысырлықтар б.д.д. 
ХХVІІІ-ХХІІІ ғғ. аралығында қол жеткізді. Осы тарихи дәуірде 
перғауын Джосер Хи-Ку-Пта (Египет деген сөз осыдан шыққан) 
атанған елдің астанасы Мемфис маңында бірінші пирамиданы 
тұрғыздырады. Джосер пирамидасы жоғары қарай сүйірленіп, 
ұшталып, сатылай салынған. 
Ежелгі мысырлық сәулет өнерінің жетістігі – Джосер пирамида-
сы б.д.д. 2600 жылдар шамасында пайда болып, кейінгі пирамидалар 
кешенінің бастауында тұрды. Адам алғаш рет сәулет өнері кешенінде 
ғасырлар бойы уақыт сынына 
төтеп беретін тасты пайдалан-
ды. Арнайы әдебиеттер Джо-
сер пирамидасының сәулетшісі 
Имхотептің 
тек 
сәулетші 
ғана емес, сонымен бірге 
ежелгі Мысырдың ең таны-
мал оқымыстысы, аты аңызға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет