Әлемнің пайда болуы туралы аңыздар. Есте жоқ ерте заманда
Хаос – шетсіз де шексіз әрі түпсіз Нун деп аталған мұхит болыпты.
Нунның салқын суы қозғалыссыз, көңілсіз көрініс. Ол кезде ауа да,
жылу да, жарық та болмай, барлық жерді меңіреу тыныштық жай-
лайды. Қаншама ғасыр өтсе де, оны ешкім бұзбайды, Нун мұхиты
қозғалыссыз... сұрықсыз...
8
Дегенмен, бірде ғажайып оқиға орын алады. Аяқ астынан
су буырқанып, жал-жал толқындар көтеріліп, оның бетінен Ұлы
Құдай – Атум көрінеді.
– Мен өмір сүремін, – деп оның ғаламды тітіркендіре, күркірей
үн қатқан даусы, өмірдің басталғанын мәлімдейді.
– Мен мұхит суынан өзімді-өзім жасай алдым, енді әлемді де
жаратамын! Менің әкем де, анам да жоқ; бар Ғаламдағы бірінші
құдаймын, мен өмірге басқа құдайларды да алып келемін!
Айналаның бәрі үнсіз, қараңғылық құшағында еді. Мұхитта
әлі де болса, аяқ басарлық құрлық жоқ. Атумды жұтып қоярдай,
төменде көбіктеніп, қапас иірімі буырқанады. Қалайда жерді, ажал
тырнағынан құтқарар кішігірім арал, құрлық жасау керек болды...
Үлкен күш жұмсап судан ажыраған Атум тұңғиық бетінде
қалықтап, екі қолын жайып, сиқырлы дұға айтады. Сол сәтте құлақ
тұнарлық қатты дыбыс шығып, шашыраған көбік ортасынан Бен-Бен
төбесі көрінеді. Төбеге түскен Атум енді не істеуі керек екені тура-
лы толғанады: «Әрине, мен басқа құдайларды жасаймын. Тек, кімнен
бастаған жөн? Әлде... құнарлылық құдайынан бастасам ба екен? Бірақ,
өсімдіктер мен астық шығатын жер жоқ емес пе?! Егін егіп, оны жи-
найтын адамдар да жоқ... Дұрысы – желді жасаған. Жел болмаса,
мұхитта тыныштық орнап, мәңгі қозғалыссыз қалады. Иә, оған қоса,
мұхит суы, ылғал атаулы бағынатын әйел құдайды жасайын...».
Атум жел құдайы Шу мен ашулы арыстан басты ылғал, жауын-
шашын құдайы әйел Тефнутқа өмір береді. Бұлар жердегі бірінші
құдайлар жұбы болды.
Дегенмен, қайғы-қасіреттің де ауылы алыс емес еді. Әлі де
болса Ғаламды қоршап жатқан мейрімсіз түнекте Атум балаларын
жоғалтып алады. Қаншама дауыстап шақырса да, өзегі өртеніп жы-
ласа да, меңіреу су айдынынан ешбір жауап болмайды. Шарасы
таусылған Атум көзін жұлып алып:
– Көзім, мен не айтсам, соны істе. Мұхит Нунға түс, балаларым
Шу мен Тефнутты тауып, маған алып кел!-дейді.
Уақыт жылжып өте береді. Барлық жерде караңғылық қапасы,
мүлгіген тыныштық пен салқын суықтық... Ұзақ күтіп шыдамы
таусылған Атум жаңа көз жасап, оны бос қалған ұяшыққа орнала-
стырады. Бірақ, осы бойда ол алыстан бір дыбыс есіткендей бола-
ды. Уақыт өткен сайын дыбыс күшейе береді: алғаш пайда болған
жалғыз төбеге қарай біреулер келе жатыр, дауысты да ажыратуға
болады... Құдай өз балаларының дауысын таниды.
9
Төбеге аяқ басқан перзенттеріне қарай ұмтылған Құдайдың ал-
дын ашудан күреңітіп кеткен Көз кеседі:
– Бұның не сенің?! Мен балаларыңды тауып әкеліп, саған үлкен
қызмет көрсеттім. Ал сен жаңа көз жасап, маған тиесілі орынға орна-
ластырып қойыпсың. Маған білдірген алғысың осы ма?
– Ашуланба, сені маңдайыма орналастырамын. Сол жерден мен
жасаған әлемді көресің, оның сұлулығына сүйсінесің, – деп, оны
маңдайына орналастырады... (Осы аңызға байланысты болуы керек,
ежелгі Мысырда Құдай жыланы Урейдің ерекше орны бар. Шығу
тегі тотемдік жылан, перғауын символы. Шексіз билікті көрсететін,
қасиетті жан иесі ретінде түсінілетін ол, Перғауынның бас киімін
безендіреді. Мұрынның екі көз аралығындағы қырына орналасқан
Урейдің оң көзі, Құдайдың жолында кезіккен жауларын жанары-
мен күлге айналдырып құртады деп есептеледі. Ал дәстүр бойынша
кейін Горға тиесілі болатын сол көз, сауықтыру көзі аталып, емшілік
өнерімен байланыстырылады. Міне, осыларға байланысты, байырғы
заманнан құдайлар мен фараондардың тәжі қырағылығымен көзге
түсетін Урей аталатын жыланның көзімен безендіріледі).
...Нун мұхиты суынан ақ лотос гүлі өсіп шығады. Гүлдің қауызы
ашылғанда, одан күн құдайы Ра көрінеді. Алғашқы түнекке жарық
түседі, әлем жан бітірерлік жарыққа толады. Атум мен оның балала-
рын көрген Ра қуаныштан жылап жібереді. Оның жерге тамған көз
жасы адамға айналады.
Шу мен Тефнуттың жер құдайы Геб және аспан әйел құдайы Нут
атты балалары болады. Олардың бір-бірін жақсы көргендері сонша,
өмірге құшақтасып келеді. Осыдан алғаш жаратылғанда аспан мен
жер тұтас болды деген түсінік қалыптасқан.
Дегенмен, бірде Геб пен Нут ұрсысып қалады. Ұрыс әйел
құдайдың таңғы ас ретінде өз балалары – жұлдыздарды жұтып қоя
беретінінен шығады. Керісті доғару үшін күн құдайы Ра Шу құдайға
бейбіт, қатар өмір сүре алмаған оларды ажыратуға бұйрық береді.
Жел құдайына әміршінің еркін орындауға тура келеді. Ол
ғаламдық дауылды тұрғызады. Геб пен Нут қанша қасарыса
қарсыласқанымен, жел олардың құшағын ажыратады. Аспан жерден
бөлектенеді. Осының салдарынан Нун мұхитында кішігірім аралдар,
үлкен материктер, тау жоталары, таудан аққан өзендер пайда болады.
Раның көз жасынан пайда болған адамдар Бен-Бен төбесінен кетеді.
10
Жасыл желек жамылған алқаптарға тарап, қалалар тұрғызып, жер
жыртып, астық өндіреді...[3].
Ежелгі патшалық дәуіріне жататын келесі деректе, Мемфис
аңызында әлемнің пайда болуы Птах есімді жаратушы құдаймен
байланыстырылады (Птах қол, сәулет және кескіндеме өнерлерінің
қамқоршысы ретінде де көзге түседі). Алғашқы сегіз құдайды өмірге
әкелген Птах оларды «өзінің жүрегінде жаратуды, аттарын тілмен
атауды» ойлайды («Птах жүрегімен және тілімен», демек, «ойы-
мен және сөзімен жаратты»). Құдіретті билік иесі ретінде ол бүкіл
әлемді, жер мен аспан, адамдар, жануарлар мен өсімдіктер, қалалар,
ғибадатханалар, қолөнерді өмірге әкеледі және құдайлар культін
анықтайды.
Жаңа патшалық дәуірінде (б.д.д. ХVІ-ХІV ғғ.) жаратушы құдай
ретінде Рамен теңестірілетін фивалық құдай Амон барлық құдайдың
патшасы ретінде көзге түседі. Оған арнап: «Аспанды көтерген, жерді
орнықтырған және барлық құдайдың әкесі... Адамдар оның көзінен
шықты, аузынан құдайлар пайда болды. Барлық құдайдың құдіретті
басшысы. Ол ұзақ, салтанатты өмір сүрсін, аман-сау болсын» деген
дұға жасалады.
Міне, абстрактылы ойлау қабілеттері жетілген, жоғарғы
дәрежеге көтерілген сайын, ежелгі әлем тұрғындары өздерін
қоршаған орта туралы толғаныстарға беріледі. Ғалам, Әлем, Хаос,
бүлінбеген түпсіз тұңғиық су – Нун ретінде елестетіледі. Хаостан
жер, аспан, адам, жануарлар мен өсімдіктерді жасайтын құдайлар,
соның ішінде алғашқы жаратушы ролін атқарған Күн құдайы
шығады. Күн қандай түрде берілсе де (құс, аң, жануар, қоңыз, адам
және т.б.), ол әрқашан от, жылу, жарықтың – су, салқын, түнекке
қарама-қарсылығын білдірді.
Байырғы мысырлықтар түсінігі бойынша, Құдайға, мысалы
Амонға, оның ұлы деп мойындалатын перғауын ғана теңестіріледі.
Кемелденген Мысыр қоғамы аңызында патшаға құдай бекіткен
биліктің тән болатыны айтылады. Гераклеопольдік патша Ахтоя
өзінің ұлы Мерикараға: «адамдар – құдай тобыры», олар жаратушы
құдай денесінен, оның нақты көшірмесі ретінде пайда болды. Адам
үшін Ол, хаостан аспан мен жерді, тыныс алуы үшін – ауаны, азығы
үшін – жануарлар, құстар мен балықтарды жаратты» дегенді айтады
[3. 167 б.].
11
Мысыр күнтізбесі бойынша, маусым, тамыз, қыркүйек – Ніл
суының таситын айлары. Тек қыркүйек айының соңына қарай, өзен
өзінің қалыпты деңгейіне түседі. Осыдан кейін, қарапайым еңбек
құралдары – соқа, кетпенмен жер өңделіп, ылғал топыраққа егін
егіледі.
Өмір, тіршілік, молшылық, құнарлылық, жайлы тұрмыс бастауы
тәуелді болған өзенді мысырлықтар ерекше қастерлейді, фетиштік
табыну нысанына айналдырады. Оған арналған дұғаның бірінде:
«Болашақ әлемге, Мысырға өмір беру үшін осы жерден шыққан
Хапи (Нілді мысырлықтар Нарі деп атаған), сен қасиеттісің. Сен –
барлық жан-жануарға өмір беру үшін Күн жаратқан құпия құдайсың,
бау-бақшаларды ылғалдандырасың; сен – барлық жерді және төніп
тұрған аспан күмбезін суландырасың; сен – нан жасаушысың, арпа
өндірушісің, балықтар қожасысың; сенің арқаңда ғибадатханалар
өмір сүреді, бақытсыз бейбаққа сенің еңбегің демалыс береді...
Сенің суың тасығанда, жер қуанышқа толады, тіршілік иелерінің
бәрі той тойлайды, кез келген жан-жануар өзінің тағамын таба-
ды, кез келген ауызға ас түседі; сен өнім өндіресің, ләззат бересің;
сен – таңдаулының, дәмді тағамның билеушісісің; сен кез келген
жақсылықты жасайсың, жануарлар үшін шөп шығарасың, астық
қоймаларын толтыру, кедейлерге дүние-мүлік әкелу үшін Жоғарғы
және Төменгі Мысырды құшағыңа аласың. Сен барлық көздің жасын
ішесің және сол үшін өзіңнің мол игілігіңді ысырап етесің» деп ай-
тылады [4].
Аңыз бойынша, Шу құдай жаңбыр бұлтын қуып келсе, Теф-
нут әйел құдай егістікті суарады, жомарт Хапи егістік жерін
құнарландырады. Ал ұлы Ра өзінің алтын сәулесімен жерді жылы-
тады. Егіннің мол өнімі үшін құдайларға үздіксіз алғыс айтылып,
ғибадатханаларда әнұрандар шырқалады, құдайлардың мүсіндері
гүлдермен көмкеріледі.
Бақытты өмір сүрген, қуаныш сәті мәңгілік тәрізді көрінетін
мысырлықтар жақын арада ұлы жұтқа, қуаңшылық пен індетке
душар болатынын білмейтін еді. Бұған Ра мен Тефнут арасындағы
араздық себеп болады.
Адам берген құрбандық, сыйлар мен мадақ жырларға бойы
үйренген Тефнут бірде Күн ғибадатханасында Раның беретін
жарығы пен жылуы үшін, егіншілердің алғыс білдіргенін есітеді.
12
Күн құдайына артығырақ құрмет көрсетіледі деп ойлаған оның
көңілі құлазиды:
– Бұл қалай, Күн топырақты құрғатады, егер менің жауыным
болмаса, егілген бір де бір дән шықпас еді!
– Қателесесің, – дейді сонда Күн құдайы. Жерге қарашы, өзен
бойына қашылар салынған, арықтар қазылған. Адамдар жауын бол-
маса да егіндерін суарады. Ал олар менің беретін жарығымсыз, жы-
луымсыз не істейді?
Назаланған құдай әйел егер жауын, ылғал керек болмаса, бұл
жерге енді мәңгі оралмайтынын білдіріп, ұрғашы арыстан бейнесіне
еніп, Нубия жеріне кетіп қалады (арнайы әдебиеттерде осы кету,
құрғақшылықтың бастауы болса керек деген ой айтылады). Ра білім,
даналық, дәрігерлік және арбау құдайы деп есептелетін Тотқа әйел
құдайды алып келу міндетін жүктейді.
Шөл далада ұзақ жүріп, арыстан бейнесінде аң аулап жүрген
құдай әйелге кездескен Тот парасатты сөз, ақылмен оны тоқтата ал-
май, айлаға көшеді. Өйткені, «кім өте күшті болса, әдетте өте ақымақ
та болады» деп ойлап, құдай әйелді мақтан сөзге еліктіріп, елге
оралуға мәжбүр етеді [1. 42 б.].
Құдай әйелдің қайтып келуі мереке ретінде атап өтіледі. Халық
оны ән, биімен қарсы алады. Ыдыстарға масайтатын ішімдіктер,
сапалы шараптар құйылады. Фива халқы тойлайды, бүкіл Мысыр
қуанышқа бөленеді. О, оның келуі қандай қуаныш сезіміне бөлейді!
Тефнуттың қайтып келуімен шөл далаға құрғақшылық әкелетін
Достарыңызбен бөлісу: |