Өмір мен өлім туралы пайымдаулар. Бір-бірінен ажыратыл-
май, өзара біте қайнасқан түрде көзге түсетін өлім және о дүниелік
өмір туралы көзқарастар да үлкен мәнге ие болып, мәдениетке
айтарлықтай әсерін тигізді. Зерттеушілер ғасырлар бойы о дүние ту-
ралы пікірлер, түсініктердің өзгеріске ұшырағанымен, елдің әртүрлі
аймақтарында дәйекті ұғымның болмағанын мәлімдейді. Осыған
орай, адамның тек көрінетін, анық сезуге болатын физикалық
денесімен қатар, қалыпты жағдайда көзге көрінбейтін бірнеше суб-
станциядан тұратыны туралы ой қалыптасқан. Физикалық дененің
өлімі, дене мен субстанциялардан тұратын өмірге қажетті адами
мәнді бұзады. Демек, о дүниелік өмір тура-
лы бастау, оның негіздік ұғымы осы бірліктің
қалпына келуін дәріптейді. Субстанциялар
саны, олардың қалай түсіндірілгені тура-
лы әлі ғылыми мәліметтер жоқ, тек арнайы
әдебиеттерде көрсетілетін екі түр – ка және ба
туралы айтуға болады [3. 181-б.].
Ежелгі патшалық дәуіріне жататын мәтіндерде ка туралы
мәліметтер бұлдыр, қайшылықты, оның не екенін анық айту мүмкін
емес. Аңыз бойынша, адамды және оның касын Хнум құдай жарата-
ды. Ка – дененің физикалық қасиеттері мен кемшіліктерін иеленген,
бірге туып, бірге өсетін, адамның тағдырын анықтайтын өзіне ұқсас
сыңары (егізі). Біздің заманызға жеткен мәтіндер мазмұны каның
қалыпты жағдайда көзге көрінбейтін, айнымайтын егіз, адамның
нәзік сыңары, рухани күші, сақтаушысы болатынын мәлімдейді.
Ка құдайларға да тән, әрі оларда біреу емес, бірнешеу. Мысалы, Ра
құдайда он төрт ка болғаны айтылады.
Мумия денемен салыстырғанда ұзақ сақталса да, мәңгілік емес.
Осыдан ка үшін, көзге көрінбейтін сыңардың мәңгілік өміріне тұрақ
болатын тас мүсін де жасалды. Мәйітке қайта оралған каның орна-
ласуына болатын өлген адам мүсіні мазарға, кесенеге қойылды. О
дүние әлеміне де бара алатын ка, әрқашан тірі ағза тәрізді сусын мен
Суретте: ка [10]
19
тағамды керек етеді. Сондықтан тірілер бақилық болған адамның
касын қамқорлыққа алып, сұраныстарын қанағаттандыруы қажет.
Кесенеде ка өз «денесіне» – мумия және портреттік мүсінге жақын
өмір сүреді. Осы заманға мазарлардағы каның көптеген бейнелерімен
қатар, мәйіттік ағаш мүсіндер де жеткен.
О дүниедегі өмір – бұл жалғанның жалғасы, сондықтан өлген билік
иесін тіршілігінде тұтынған заттарымен қамтамасыз ету де маңызды.
Демек, мазар қабырғасында ойылған, өліктің күнделікті тұрмысын
бейнелеген бедерлер оның касы үшін жер бетіндегі әлеуметтік орта-
ны ауыстырады. Бейнелеу туындылары сағымға айналған өмір емес,
керісінше, жердегі ақиқат өмір ретінде қабылданады. Бедерлермен
безендірілген мазарда адамға тіршілігіндегідей, о дүниелік мәңгілік
өмір қамтамасыз етіледі. Осылайша, байырғы заманда пайда болған
ка туралы сенім қоғам өмірінен үлкен орын алады.
Суретте: мәйітке келген ба [10]
Ба туралы түсінік те, ежелгі патшалық дәуірі сенімінде көрініс
табады. Оны алғашқыда тек перғауындар ғана иеленсе, кейін оның
баршаға тән болатыны ескертіледі. Б. д. ІV ғ. өмір сүрген, иеро-
глифтер туралы еңбек қалдырған Мысыр жазушысы Горапполон
баға «жан» деген түсінік береді. Ба туралы анықтаманың ежелгі
сенімге сай келмейтіні айтылса да, осы мәнінде қазіргі уақытқа
дейін қолданылады. Ба өлген адам басын иеленген құс түрінде
бейнеленеді. Ба – жан, ол көктегі құдайларға ұшып кете алады және
мәйіттің жатқан жеріне келіп тұрады [3. 182-б.].
Жерлеу культінің басты міндеті – бақилық болған адам денесін
сақтау және оны жеткілікті азықпен қамтамасыз ету. Демек, мазар –
20
өлік
бүтін
сақталатын,
жақындары оған о дүниедегі
өміріне керек болатын зат-
тарды
әкелетін
бөлме,
орын. Уақыт өте, өлілер
культіне тағы бір талап
қойылып, о дүниелік өмірге
сенімнен мәйітті мумия-лау
қолданысқа енеді. Өйткені,
өлген адамның о дүниедегі
өмірі дененің сақталуына
тәуелді. Осы жағдай өлген денені мумиялауға, бальзамдауға, ішкі
дене мүшелерін арнайы ыдыстар – каноптарға салып сақтауға алып
келеді. Дененің ішкі мүшелерін төрт түрлі құдай қорғайды деп
есептеледі. Олар: адам басты Амсет, павиан басты Хапи, шибөрі ба-
сты Дуамтеф, сұңқар басты Кебехсенуф.
Алғашында, бальзамдау тәсілі жетілмегендіктен, дене
бұзылғанда оны ауыстыратын балама ретінде мазарға адамның
мүсіні де қойылады. Дене болмаған жағдайда жан мүсінге еніп, оны
жандандырады, о дүниеде өмір сүруін жалғастырады деп есептеледі.
Осыдан мумиялау ісі ғасырдан-ғасырға жалғасын тауып, жоғарғы
дәрежеге жетіп, шыңдалды. Геродот мумиялау технологиясы тура-
лы егжей-тегжейлі мәліметтер беріп, марқұмның денесі бұзылмауы
үшін, алдымен мәйіттің белгілі бір уақытқа дейін тұзды суға
салынғанын, сосын кептіріліп, қара май жағылған соң, шүберекпен
мұқият оралғанын айтады. Алдын ала алынған ішкі ағза мүшелері
арнайы тас құмыраларға салынып, құдайлардың бет әлпеті (маска)
түріндегі қақпақтармен жабылады.
Археологиялық қазба жұмыстары нәтижелеріне қарағанда,
Ежелгі патшалық перғауындары мен төрелері мастабаларда жерлен-
ген. «Мәйіттер ағаш жәшікке орналастырылып, тас саркофагтарға
салынған. Саркофаг (табыт) жанына каноп деп аталатын төрт ыды-
ста мәйіттің асқазаны, ішкі ағзалары, бауыры мен өкпесі сақталған...
Қабір қабырғаларына о дүниеде қажет болуы мүмкін жерлеу
мәтіндері жазылған. Мұның бәрі бізді әлі де болса осындай үлкен
құрылыс, пирамидалардың не үшін салынғаны туралы ойларға
жетелейді» [11. 167-б.]. Перғауындар мен ақсүйектер мумиясын
қорғау үшін жасалған табыт, әдетте, тастан (граниттен) жасалған
Суретте: каноптар [12]
21
саркофагқа, ал ол іші-сыртында құдайлар бейнеленген тік бұрышты
қорапқа салынған.
Ежелгі патшалық қорымдарының, Гиза және Саккара
мастабаларының мәтіндерінде о дүниелік өмірдің культтік та-
лаптармен қамтамасыз етілетіні дәріптеледі. Бұл идеялар:
а) өлік үшін тұрақ, жай керек, бұл тұрақ мола болады; ә) оған қол
сұғуға болмайды, кім зиратты қорлап, тонап, зиянын тигізсе, сол
өліктің қарғысына және құдайлар жазасына ұшырайды дегенге са-
яды. Қайсыбір зираттардан ғылымда «Өмірге үндеу» деген атаумен
танымал мәтіндер табылған. Онда молаға зиян тигізбеу ғана емес,
керісінше, өлген адамға арнап дұға оқуға шақырулар жазылған. Зират
қабырғаларында өлген адамның атқарған қызмет саласы, күнделікті
тұрмысы да бейнеленген. Қабырға мәтіндері мен бедерлері тари-
хи заманның тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік-экономикалық өмір са-
лалары, мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Онда тірілерге
өлген адам үшін күнделікті тағам мен сусын әкелу міндеті де
жүктелген. Қабырға мәтіндерімен қатар орналасқан мехрабта (ал-
тарь) о дүниедегі тірлік, адам касына қажет заттар, сыйға тартылған
нан, сыра, қаз еті әкелінген маталар бейнеленген. Осылайша ка үшін
мәңгілік өмірді қамтамасыз ететін, өлілер культінің діни-магиялық
негізі қалыптасады.
О дүниедегі перғауын өмірінің өзіндік ерекшелігі болады.
Тірі құдай деп есептелген оның тек адами табиғаты өліп, өзі басқа
құдайлармен бірге «Ұлы Құдай» қатарына қосылады. Сондықтан
ежелгі патшалық дәуірінде перғауын касы үшін өзінің түрі,
өлшемімен ерекшеленген қабір-пирамида тұрғызылады.
Қоршаған орта туралы мәліметтер жинаған, абстрактілі ойлау
қабілеті өскен адамның таным нысандары өзгеріп, күрделенеді. Жер
өңдеу, астықтан мол өнім алу, Ніл өзенінің суын дұрыс пайдалана
білу және т.б. мүмкіндіктері ұлғайған сайын, ежелгі мысырлықтар
өз мемлекеті, алғашқы билеушілері, байырғы қасиетті заңдардың
қалай пайда болғанына да ой жіберіп, оған діни аңыздық жау-
ап табады. Мысалы, алғашқы әлемді жаратқан құдайлар секілді,
мемлекеттің негізін қалаушы перғауынның да қол астындағы бүлік
шығарушылармен қасиетті күресі жарық пен қара түнектің арпалы-
сы ретінде көрініс табады.
22
Б.д.д. ІV ғасырда, Александр Македонский қайтыс болғаннан
кейін Мысыр билігіне келген Птоломейлер әулетінің өкілдері елдің
өткен тарихына үлкен қызығушылық танытады.
Птоломей ұрпақтарының бірінің тапсырмасымен Манефон
абыз есте жоқ ежелгі аңыздық дәуірден жеткен даналық сөздерді,
құжаттарды жинақтап, Мысырдың жалпы тарихын құрастырады.
Онда Мысыр тарихы «Ежелгі», «Ортаңғы» және «Жаңа патшалық»
деп үлкен үш кезеңге бөлінген. Абыздың грек тілінде жазылған
еңбегінің мазмұны соңғы антика жазушылары шығармаларында
сақталған. Мысыр елінің қазіргі заманғы зерттеушілері де, негізінен,
бізге абыздан жеткен дәстүрлі кезеңдерге бөлуді ұстанады. Ежелгі
Мысыр мәдениетін қарастырған кезде, абыз идеясын ұстанудың
дұрыс екеніне көз жеткізудің аса қиындығы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |