Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет9/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Суретте: Сфинкс [14]


29
жұмыстары нәтижесінде алынған. Мұнда Мысыр мырзаларының 
тастан тұрғызылған көптеген моласы сақталған. Олардың ішкі 
қабырғалары рельефтермен (ішінде боялғандары да бар) және жазу-
лармен өрнектелген. Мысалы, осындай жазу Исиданың сіңлісі Не-
фтидамен бірге Осириске айтқан жоқтауы: «Өз үйіңе орал, өз үйіңе 
орал! О, құдайым, өз үйіңе орал, сенің жауларың жоқ. О, әсем жас 
жігіт, мені көруге өз үйіңе орал! Мен – сенің сүйікті қарындасыңмын, 
сен менен мәңгі ажырамайсың. Әсем жас жігіт, өз үйіңе қайтып кел!.. 
Сені көріп тұрған жоқпын, менің жүрегім сағынышқа толы, көргім 
келеді. Кел өзіңнің сүйіктіңе, кел! Өзіңнің қарындасыңа, өзіңнің 
әйеліңе орал... Өз үйіңді ұстап отырғанға орал. Мен бір анадан туған 
қарындасыңмын, менен ешқашан қашықтай алмайсың. Құдайлар 
мен адамдар сені менімен бірге жоқтауда... Мен сені шақырып жы-
лап отырмын, оны аспан да естіді, тек сен ғана менің даусымды 
естімейсің... Мен – жердегі сенің сүйген қарындасыңмын. Сен тек 
мені ғана сүйдің, бауырым. О, бауырым менің!..» [3.176-177 б.]. 
Аңызда апалы-сіңлілердің жоқтауы босқа кетпегені айтылады. 
Қайғыға ортақтасқан күн құдайы Ра аспаннан шибөрі басты Ану-
бис құдайды көмекке жібереді. Ол Исида, Нефтида, Тот, Гордың 
жәрдемімен өлген құдай денесін құрастырып, матамен таңып, қаза 
тапқандарға жасалатын бар діни рәсімді өткізеді. Осыдан кейін Оси-
рис тіріліп, өлілер патшалығында билік жүргізеді, жер асты әлемінің 
қожасына айналады...
Мысырлықтар Осиристің қайта тірілгенінен о дүниедегі мәңгілік 
өмір кепілін, белгісін көреді. Осыдан тірілер қатарындағы туыста-
ры мен дос-жақындары Осиристің өлі денесіне құдайлар жасаған 
барлық діни рәсімдер, іс-әрекеттерді орындаса, әрбір адамның о 
дүниеде мәңгі өмір сүретініне сенім білдіріледі. Ніл аңғарында 
ашылған мыңдаған моладан табылған суреттер мен мәтіндер қайтыс 
болған әрбір адамды қайта тірілту құпияларының сақталып, діни 
рәсімдердің жасалғанынан, жүзеге асырылғанынан хабар береді. 
Осирис қалай өлсе және қалай тірілсе, әрбір пенденің де дәл солай 
мәңгілік өмірге ие болатынына үміт артылады. 
Халық ұғымы, түсінігі бойынша, қайтыс болған адам өмір 
сүруін тоқтатпайды, тек өзге әлемге өтіп кетеді. Барған жерінде 
де тіршілікте қолданған, бар заттарының үстіне жаңа мүлік қосып, 
көбейте алады. О дүниеде бұрынғы сұраныстарын сақтайды, 


30
сондықтан оған жиі-жиі тағамдар, ішімдіктер әкелінеді, еске 
алу құрбандықтары шалынады. Айтылған және жазылған сөз 
арасындағы байланыстың болатынына деген сенім, жазылғанның 
бәрінің жүзеге асатынын мойындауға ұласады. Біздің түсінігіміздегі 
өлімнен хабары болмаған мысырлықтар өлген адамның денесін 
сақтауға үлкен мән береді. 
Ежелгі патшалық дәуірінен көптеген мүсін жеткен. Олардың 
белгілі бір бөлігі ғибадатхана орнынан, ал басым бөлігі 
перғауындардың пирамидаларынан, мырза, танымал адамдардың 
мазарларынан шыққан. Зерттеушілер мүсіндерді табыну 
мақсатында пайдаланылған деп көрсеткенімен, олардың қандай 
міндет атқарғаны белгісіз дегенді қолдайды. Өйткені, қабірлерден 
құдайлар, перғауындар, мырзалар, әйелдер мен балалар, өз иелеріне 
о дүниеде қызмет көрсететін қызметшілер, құлдармен қатар, қолға 
түскен тұтқын жат жерліктердің мүсіндері де кездеседі. 
Тасты өңдей білу оны кең көлемді пайдалануға мүмкіндік берді. 
Сол кезден қызыл, қара граниттен, әктас, металл (мыс), сүйектен, 
діни рәсімдер өткізгенде пайдаланылған ағаштан жасалған мүсіндер 
жеткен. Мысалы, мамандар Гордың Сетті жеңу символын білдіріп, 
марқұм болған кісінің ең жақын туыстары оның ағаш мүсінін баста-
рынан асыра бірнеше рет көтерген деп болжайды. 
Ежелгі Мысыр мүсіндері өзіндік ерекшелігімен қалыптасқан, 
ең бір жетік меңгерілген өнер түрі саналады. Мүсіндерде құдайлар, 
перғауындар, патшалар мен патшайымдар, тақ мұрагерлері 
толыққанды өмір сүре алатын, денсаулығы мықты адамдар ретінде 
бейнеленеді. Арнайы әдебиеттер Құдайлар мен перғауындар 
мүсіндерінің көпшілік көре алатын жерлерге, ғибадатханадан тыс, 
ашық кеңстікке орналасқанын көрсетеді. Мысалы Гиздағы үлкен 
сфинкс. Ол өзінің үлкендігімен көзге түседі, осы қалпында басқа 
еш жерде кездеспейді. Дегенмен, кішігірім сфинкстер пен жану-
арлар мүсіндері ғибадатхана кешендерінің алдындағы бақтардың 
бөлінбейтін бөлшегі ретінде көптеп кездеседі. 
Мүсінді жасауда сақталған ережелер де болған: ер адам денесі, 
әйел адам денесімен салыстырғанда түсі қанықтау боялған. Отырған 
адамның қолы міндетті түрде тізесінің үстінде тұрған. Құдайлар 
мүсіндерін жасағанда да белгілі бір тәртіптер сақталған: Гор 
құдай сұңқарбасты адам болса, өлілер әлемінің құдайы Анибус, 


31
қорқау қасқыр басымен бейнеленген. Ежелгі Мысыр мүсіндері бұл 
ережелерді қатал ұстанған, мыңдаған жылдар бойы ол ешқандай 
өзгерістерге ұшырамаған. 
Ежелгі Мысырдан рәсімдік белгілері 
бар көптеген мүсіндер, бейнелер жеткен. 
Снофрудың ұлы Рахотеп пен оның зайы-
бы Нофреттің мүсіндері байырғы дәуірдің 
мүсіндеу өнерінің теңдесі жоқ жетістігі 
деп бағаланады. Адам денесін толық беру, 
өміршеңдікті жан-жақты көрсете білу 
мүсіншілердің жетістігі мен шеберлігін 
айғақтайды. 
Ағаштан мүсін жасауда да ежелгі 
суретшілер үлкен шеберлікке қол жеткізеді 
(«Ауыл старостасы» деген атпен танымал Ка-
апер мүсіні). Ғибадатханаларда жұмыс істеп 
жатқан адамдардың кішігірім мүсіндері де 
көптеп кездеседі. 
Табыт тастан, ағаштан немесе бірнеше қабат боп желімделген 
папирустан жасалды. Мәйіттің сырт келбетін сақтау үшін оның 
бет бейнесіне портреттік ұқсастық беріледі. Осыдан жан өзінің 
денесіне қайта оралады деген ежелгі сенім негізінде, мысырлық пор-
трет өнері өмірге келеді. Демек, ежелгі шеберлердің таңқаларлық 
табысы алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі дінмен, магиялық 
түсініктермен де тікелей байланысты болған. 
Ежелгі Мысыр қабірлерін безендіруде бедерлеу мен әшекейлеу 
үлкен орын алды Зерттеу жұмыстары бедердің үш түрлі болаты-
нын көрсетеді. Н.А. Дмитриева оларды: а) аздап дөңестеу; ә) тегіс 
тақтаға (тас қабір қабырғасына) сәл тереңдей орналасқан; б) бедер 
айналасы фонмен бір деңгейге қойылған, бірақ сұлба терең ойылған 
деп көрсетеді. Зерттеуші мұндай тасқа бедер салу түрлерінің бір 
композицияда кездесетінін, бедердің пайда болуын қабырға бетіне 
салынған сурет сұлбасы сызықтарын айқындаумен байланыстыра-
ды. Қабырғаға нақышталған иероглифтер сурет сұлбасына ұқсас. 
Біз олардың бірінің іші ойылғанын, екіншісінің дөңестігін көреміз. 
Демек, өзіндік ерекшеліктерімен қырнау, жону, тегістеудің алғашқы 
белгілері пайда болады [3. 40 б.]. 
Суретте: Рахотеп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет