Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет8/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Суретте: Джосер пирамидасы [13]


26
айналған дәрігер, астроном, сәуегейі болғанын көрсетеді. Алты са-
тылы, ені мен ұзындығының өлшемдері 118 × 140 м, биіктігі 60 м 
болатын пирамида кешені Мемфис қаласы жанында тұрғызылған. 
Құрылыс жұмыстарының барысын зерттеу пирамиданың астыңғы 
жағына көлемі кіші тастар қойылып, құрылыс қабырғасының өсуіне 
сай, тас көлемінің ұлғайып отырғанын көрсетеді. Ең соңынан пи-
рамида қабырғасы сыртынан ақ түсті әктаспен қапталған. Тұтастай 
тұрғызылған пирамида астындағы лақат – жерлеу орны 28 м 
тереңдікте орналасқан. Оның қабырғалары қызғылт гранит плита-
лармен қапталған. Лақатқа апаратын дәліз бойындағы бөлмелерге 
жерлеуге керек заттар, әкелінген садақа қойылған. Кейбір бөлме 
қабырғаларының жоғарғы жағы мен төбесінің көгілдір изразецтері 
(изразец – қыш тақташа (жылтырақ шыны әшекей жалатылған қыш 
кесек) аспан әлемін бейнелейді. Археологтар Джосер перғауынның 
үш барельефтік бейнесін тапты. Ол басына жоғарғы Мысыр билеу- 
шісінің бас киімін киіп, діни рәсім өткізілуі кезінде бейнеленген. 
Пирамиданың солтүстік бөлігінің астында перғауын сүйегін 
қоятын ғибадатхана болса, шығыс жағы қабырғасының астында
11 тар, кіші жерлеу орыны орналасқан. Мұнда перғауын отбасының 
мүшелері, балалары қойылған деп есептеледі. Ғибадатханаға кіретін 
шығыс жақ бетте, пирамида қабырғасына жанастырыла әктастан 
тұрғызылған перғауын сердабы (сердаб – мәйіттің мүсіні қойылатын, 
барлық жағынан қабырғалармен қоршалған кішігірім бөлме) бар. 
Онда тақта отырған перғауынның әктастан жонып жасалған
тұтас құйылған монолит (монолит – тұтас тас кесек немесе осыдан 
жасалған бұйым, мүсін, т.б.) мүсіні қойылған.
Джосер пирамидасынан кейін, Ніл өзенінің батыс жағалауында, 
қазіргі Каир қаласы маңында, Гиз аймағында тұрғызылған бірнеше 
ғажап пирамида ежелгі Мысыр мәдениетінің символы іспетті. 
Олардың бастылары Хуфу (гректер Хеопс деп атаған), Хафра (Херон) 
және Менкаура (Микерин) перғауындарға арналған. 
Пирамидалардың сыртқы көрінісі, үлкен-кішілігі, көлемдерінің 
әртүрлі екені баршаға мәлім. Олардың табандары төрт бұрышты, 
ал ең үлкендері шаршы түрінде, қабырғалары бір-біріне тіреу бола-
тындай етіп тұрғызылған. Бұл ғимаратқа үлкен беріктік берді. Мы-
салы, ең ғажап Хеопс пирамидасының биіктігі – 146 метр, шаршы 
табанының жақтары 250 м
2

Негізінен Геродот пікірін қолдаған бүгінгі зерттеушілер Хе-
опс пирамидасын тұрғызуға жүз мың адамның тек Ніл өзені 


27
тасыған кезде үш ай жұмыс істегенін, ал басқа уақытта құрылыста 
жалпы саны төрт мыңға жуық жоғары дәрежелі сәулетші, тас 
өңдеуші, тас қалаушы, шеберлер болғанын көрсетеді. Археолог-
тар, Геродот айтқандай, құрылысшылардың арнайы механизмдерді 
пайдаланбағанын, қабырғалар жоғары көтерілген сайын, жаны-
на саздан көлбеу топырақ үйілгенін мәлімдейді. Сол арқылы адам 
күшімен жұмыр ағаш үстіне қойылған тасты сырғанатып, керек 
биіктікке жеткізген. Арнайы зерттеу жұмыстары осы уақытқа дейін 
Геродот мәліметін анықтайтын арнайы механикалық көтергіштерге 
куә болатын айғақтың жоқтығын, ал көлбеу үйілген топырақтың 
қалдық орындары табылғанын көрсетеді. Сонымен бірге, мыстан, 
қоладан жасалған кескіш, бұрғы, қашау, шот және тастан, ағаштан 
жасалған ежелгі құрылыс саймандары (тас тегістейтін, жылтыратып 
ажарын келтіретін аспаптар мен ағаш балға) табылды.
Тас блоктарда оның дайындалған уақыты мен нөмірі көрсетілген. 
Осыған қарап, тас жарушылар еңбегінің күндік орташа өнімділігі
2 м
3
деп есептеледі. Хеопс пирамидасын тұрғызуға салмағы 2,5 т бо-
латын 2 300 000 тас блок жұмсалған. Егер пирамида жиырма жыл 
бойы тұрғызылды деген Геродот мәліметіне сүйенер болсақ, онда 
құрылысшылар күн сайын 315 тас қалаған болып шығады.
Пирамидалардың қалай тұрғызылғаны жайлы ғылыми және 
ғылыми емес болжамдарға негізделген әдебиеттер жеткілікті. Соның 
ішінде ғимарат салынатын жерге үстіне ауыр тастар қойылған 
бөренелер домалатылып әкелінген, құрылыс биіктеген сайын, оның 
жан-жағы тас-топырақпен толтырылып отырған деген жорамал 
ақиқатқа жақын тәрізді. 
Пирамидалар тек жетілген пропорцияларымен ғана емес, жер 
бөліктерінің жан-жағына қалыптан тыс, нақты бағытталуымен де 
ежелгі инженерлік өнердің тамаша үлгісін көрсетеді. Тастардың 
ауыр салмағы жерге біркелкі түсетіндей есеппен бөлінген. Жерлеу 
рәсімдері өткізілетін, сонымен қоса ішкі бөлмелерді байланыстыра-
тын жолдар да күрделі жүйе ретінде танылады. 
Құрылыстарда сан мыңдаған адамның еңбегі пайдаланылғаны 
сөзсіз. Грек тарихшысы Геродот еңбек адамдарының басына түскен 
қиындықтар туралы мәлімет береді. Кәсіби қолөнершілер тастар-
ды өңдеп, қашап орналастырса, ауыр тастарды қозғалту, тасу 
жұмыстарын кез келген адам атқарған. Зерттеушілер пікірінше, 
пирамидалардың құрылысы үшін белгілі бір уақытта жалпыға ортақ 
еңбек ету міндеті жүктелген де тәрізді.


28
Пирамидалардың ішкі бөлмелерінің қабырғаларына ежелгі 
діни мәтіндер ойып жазылған. Шеберлер оны қайта жаңғыру түсі 
деп қарастырылатын – жасыл бояумен сырлаған. Мәтіндердің 
мазмұнынан жерлеу рәсімі кезінде айтылатын дұғаларды, 
марқұмның мәңгі өмір сүруін қамтамасыз етеді деп түсінілетін жал-
барыну тілектерді көруге болады. Мысырда ежелгі замандардан 
құдайларды қастерлеу ырымдары жасалатын арнайы ғибадатханалар 
да тұрғызылған. Дегенмен, діни рәсімдік құрылыстарды пирамида-
лар кешенімен салыстыруға келмейді. 
Қайтыс болған билік иесі – көптің бірі емес, сондықтан оған діни 
ырым рәсімдерінің орындалуы кезінде баса назар аударылады. Осы-
дан да болар, жердегі барлық дүние жоғары билік иесіне тиесілі де-
ген түсінік қалыптасқан.
Гиз пирамидалары маңында жартастан ойылып жасалған, денесі 
арыстан, басы перғауындікі секілді үлкен Сфинкс орналасқан. Бұл – 
ежелгі өркениеттің ең бір құпия сырға толы бейнелерінің бірі. Оны 
алғашқы мысырлықтардың қалай атағаны белгісіз, дегенмен б.д.д. 
ІІ мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап, біздің дәуіріміздің 
басына дейін Хорэм-ахт (көкжиектегі Гор) «Гордың орны», соны-
мен қатар Рахарахте (екі көкжиектің Расы) деп аталған. Осы атау 
арнайы әдебиеттерде гректің сфинго немесе сфингейн сөзімен бай-
ланыстырылады. 
Ежелгі мысырлықтар арыстан бейнесін қадір тұтып, оны пер- 
ғауынмен теңестірсе керек. Перғауындардың қабірлеріне жазылған 
мәтіндер арыстандардың темір торда ұсталып, өлгеннен кейін киелі 
саналып, әспеттеліп, қабірге қойылғанын көрсетеді. 2001 жылы доктор 
Алан Зиви «жерлен-
ген әйел қабірінен му-
мияланған арыстан-
ды тапты» [11. 22 б.]. 
Жалпы ежелгі 
Мысыр мәдениетіне 
байланысты дерек-
тердің бәрі де «өлі-
лер қаласы» – қо-
рымдар 
кешеніне 
жүргізілген қазба 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет