Мәңгілік өмір мәселесі де осы шумерлер дәуірінен күн тәртібіне
қойылған. Инанна әйел құдайдың жер астына түсуіне байланы-
сты, жер бетіндегі жасыл желек солып, тіршілік пен махаббаттың
тоқтағанын мәлімдейтін аңыз да қызықты. Тағы бір аңызда, өзінің
балық аулайтын қайығын аударып тастағаны үшін Оңтүстік желінің
қанатын сындырғандықтан аңыздық кейіпкер Адапа құдайлар соты-
на шақырылады. Оны аяған Ану құдай оған мәңгілік өмірдің суы
мен нанын береді. Өзінің істеген іс-әрекетіне сай жазаға тартыламын
деп ойлаған Адапа дәмнен ауыз тиюден бас тартып, ажалды пенде-
лер қатарында қалып қояды.
Мәңгілік өмір тақырыбы топан су басуы жайлы аңыздан
да көрініс табады. Өздерінің адамдарды жаратқанына өкінген
құдайлар, оларды топан суға батырып, құртуға шешім қабылдайды.
Бірақ, су стихиясы мен даналықтың көрінісі болған Энки құдай
өзге құдайлардың шешімін адамның біріне айтып, оны сақтап
қалуға ұмтылады. Алдын-ала ескерту алған Зиусудра есімді Шумер
тұрғыны үлкен қайық жасап, барынша қажет нәрселердің бәрін тиеп,
биік тау басына барған соң, алғыс айту құрбандығын беріп, қатердің
80
соңын күтеді. Рахымы түскен құдайлар оған мәңгілік өмір сыйлап,
ажалды адамдар өмір сүретін мекеннен алыс жерге орналастырады.
Осыдан төрт мың жыл бұрын жазылған осы аңыз Нұх пайғамбарды
есімізге салады.
Шумерлердің Ур қаласында ағылшын археологы Леонард Вули
жүргізген қазба жұмыстары кезінде ұзақ уақытқа созылған су
тасқынының ізі табылған. Бүкіләлемдік топан су тақырыбы осыдан
бастау алатын шығар деген болжам жасалады.
Шумер аңыздарының ішінде тарихи жыр жанрына жататын-
дары да бар. Урук қаласының әкімі Гильгамеш – осындай жырдың
танымал кейіпкері. Қысқаша кіріспеден басталатын «Гильгамеш
туралы аңызда» оның жаужүректігі, асау сезімдерін, соның ішінде
қыз-қырқынға құмарлығын ауыздықтамаған жан болғаны айтыла-
ды. Батырдың өз қаласы тұрғындарына көрсеткен қысымын көтере
алмаған халық құдайларға шағымданады. Оның соншама қысастығы
себебін, оған тең келетін біреудің болмауынан деп білген құдайлар
«жерге құдай-ана Арураны жібереді. Ол саз балшықтан құдіретті
Энкудуды жаратады. Жалаңаш, үсті-басын түк басқан, адамдар
тірлігінен хабары жоқ Энкуду өзі өмір сүрген ортадағы жабайылар-
мен бірге жүреді.
Жаратылысы адамға ұқсамайтын Энкудуды әуелі адам қалпына
келтіру керек болады. Осы міндет жүктелген Уруктың жеңіл жүрісті
бір әйелі оны өзіне еліктіреді. Адамдармен қатынасы арқасында
Энкудудың ақыл-парасаты шыңдалады. Әйел махаббатын сезініп,
рухани жан иесіне айналады... Әлгі әйел асқан шыдамдылықпен,
оған қоғамдық өмір әдептерін, дастарқан басында өзін қалай ұстауды,
киініп жүруді үйретеді. Адам қалпына келген Энкуду ойына не келсе
соны істеп, бетімен кеткен қала әкімінің бейбастақ тірлігіне тыйым
салу үшін, кездесуге дайындалады. Энкудудың келгенін Гильгамеш
түсінде көріп, оны өзі ұйымдастырған түнгі қызойнаққа шақырады.
Мұндай бейбастақ тірлік ұнамаған Энкуду түнгі қызойнақ болатын
үйдің алдында тұрып, оған Гильгамешті кіргізбейді. Осыдан екі
алып жекпе-жек арпалысқа түсіп, алғашында Энкуду басымдық та-
нытады. Күрес барысында ашу-ызалары тарқаған батырлар бір-бірін
құшақтайды. Айқастан кейін екеуінің арасында айнымас достық
қатынас орнайды, тізе қосып, болашақта талай тамаша ерліктер
жасайды.
81
Көп ұзамай Уруктағы бейпіл өмір, ойын-сауық Энкудудің
көңілінен шықпай, жалықтырады, дәрменсіз жанға айнала бастай-
ды. Сонда Гильгамеш самырсын орманды алыс елге барып, оны
күзетіп отырған Хубабаны өлтіріп, самырсын ағаштарын кесіп,
жер бетінен зұлымдық атаулыны жойғысы келетін батыл жоспа-
рын айтады. Бұрын сол самырсын орманын еркін аралаған Энкуду
өмірлеріне қауіп төнетінін айтып сақтандырғысы келгенде, Гильга-
меш оның білдірген қорқынышын күлкіге айналдырады. Ол ұзақ та
сүреңсіз өмірден атақ-даңққа бөленген өмірді артық санайды. Батыр-
лар Уруктың ақсақалдарымен кездесіп, күн құдайы, жиһанкездер
қорғаушысы Шамаштың қолдауына ие болады. Олар Уруктың
ұсталарына қару-жарақ соқтырады. Дайындық жұмыстарын бітіріп,
ұзақ сапарға шыққан достар ертегідей ғажайып самырсын орманына
келеді. Хубабаны өлтіріп, орман ағаштарын кесіп тастайды.
Ғажайып оқиғалардың бірі екіншісіне жалғасады. Олар Урукқа
келгесін, махаббат пен ләззат құдайы Иштар келбетті Гильгамешке
ғашық болады. Батырға көңілі құлаған құдай әйел оның жағдайын
жасап, назарын өзіне аударуға, көңілін табуға тырысады. Бірақ,
Гильгамеш өзгерген, бір кездегі адуын мінезді, өктем қылықты
пенде емес. Ол әйел құдайдың көптеген көңілдесінің бар екенін,
олардың ешқайсына адал болмағанын жақсы біледі. Сондықтан әйел
құдайдың ұсынысын күлкіге айналдырып, ыстық ықыласын қабыл
алмайды.
Қатты қорланып, налыған Иштар аспан құдайы Анудан жерге
аспан бұқасын түсіріп, Гильгамешті өлтіруін, оның қаласын қиратуын
өтінеді. Басында Ану келісім бермейді. Иштар жер астындағы
өлілерді көмекке шақыратынын айтып қорқытып, келісімін алады.
Аспан бұқасы Урукқа түсіп, айналасындағыларды, жүздеген
жауынгерді өлтіреді, қаланы қиратады. Гильгамеш пен Энкуду жа-
былып, бұқамен айқасады. Екі жақтан қыспаққа алған олар ақыры
бұл құбыжықты өлтіріп тынады. Қаһармандар даңқ тұғырына
көтеріледі, Урук тұрғындары олардың ерлігін жырға қосады. Бірақ,
тағдыр қатал, аяусыз. Олардың қуанышы ұзаққа созылмайды. Хуба-
ба мен аспан бұқасын өлтіруге қатысқаны және әйел құдайға жете
алса, жазалайтынын айтып тіл тигізгені, өлген бұқаның санын оның
бетіне лақтырып қорлағаны үшін, құдайлар Энкудуды өлім жазасы-
на кесіп үкім шығарады. Тағдыр алдында шарасыз Энкудудің ауруы
82
он екі күнге созылады. Ол он үшінші күні қайғыдан қапа болған
досы Гильгамештің көз алдында өмірмен қоштасады. Осы күннен ба-
стап Гильгамеш санасын «күндердің күнінде мен де Энкудудің кебін
киемін, ажалдан құтыла алмаймын» деген ауыр ой торлайды. Оны
жасаған ерліктері де, атақ-даңқ та бұрынғыдай қызықтырмайды. Ол
енді мәңгілік өмір құпиясын іздеп тапсам деген ойға келеді.
Гильгамеш бұған дейін бір адамның, Утнапиштимнің мәңгілік
өмір сүру мүмкіндігіне ие болғанын білетін. Ол топан су дәуіріне дейін
өмір сүрген, ежелгі гүлденген бес қаласының бірі – Шуруппактың
адал, данышпан патшасы болған.
Гильгамеш мәңгілік өмірді еншілеген қаһарман ажалсыздық сы-
рын ашар деп ойлап, Утнапиштимнің қиыр шеттегі мекеніне бармақ
болады. Ол асқар-асқар тауларды, шексіз жазық далаларды артқа
тастап, адасып, ұзақ жол жүреді. Жыртқыш аңдармен айқасады,
ашыққан кездері де болады. Алғаш жаратылған мұхитты жүзіп өтеді,
«Ажал теңізінен» де аман-сау шығады. Әбден шаршап-шалдығып,
әл-дәрмені кеткен, мүскінге айналып, кір-қожалақ денесін аң
терілері ғана жауып тұрған Уруктің бір кездегі өркөкірек әміршісі
Утнапиштимға келеді, одан мәңгілік өмір құпиясын сұрайды. Деген-
мен, Утнапиштимнің жауабы оны қанағаттандырмайды.
Шуруппак патшасы оған топан су жайлы, оны жер бетіндегі
тіршілік иелерін жою үшін құдайлардың жібергенін айтады.
Даналық құдайы Эаның ақылына құлақ асып, кеме жасамағанда,
өзінің де ажалдан құтыла алмайтынын сөз қылады. «Егер мәңгілік
өмір жайына келсек, бұл – тек құдайлардың ғана еншісіндегі
нәрсе», – дейді.
Ал Утнапиштим сияқты, Гильгамешке де мәңгілік өмірді сый-
лайтын құдай табыла ма?.. Сұрақ жауабын таппай торыққан ол
Урукке қайтпақ болады. Осы сәтте оның алдынан үміт оты көрінеді.
Утнапиштимға әйелі түрткі болып, құпия сырды ашады, яғни адам-
ды жасартатын шөпті қайдан алуға болатынын айтады. Сиқырлы
шөптің теңіз түбінде өсетінін білген Гильгамеш теңіз тұңғиығына
сүңгіп, шөпті табады. Мәңгілік өмір беретін шөпті жемей, оны
Урукке апарып, отандастарымен бөлісіп, оларды да мәңгі өмір
сүретіндер қатарына қосуды ойлайды. Еліне қайтуға асығады. Де-
генмен, құдайлар ұйғарымы басқа. Батыр шомылып жатқан кезде,
солардың жіберген жыланы келіп, шөпті ұрлап алады. Гильгамеш
83
сонда мәңгілік өмір құпиясын иеленген және адамға қысқа өмір
үкімін шығарған құдайлардың алдын ала белгілеп қойғанынан, жаз-
мыштан құтылуға болмайтынын түсінеді.
Азап шеккен, еңбегі еш кеткен қаһарман Урукке қайта оралып,
қамалмен қоршалған қаладан пана табады» [39].
Діни сенімге шумерлер қоғамында үлкен мән берілді, орын алды.
Жорықта жүрген немесе сауда керуенімен сапарға шыққан адамның
ғибадатханаға келіп, құдай алдындағы парызын өтеуге мүмкіндігі
болмайды. Сондықтан Құдай үйінде болатын діни рәсімдерге сондай
адамдардың арнайы жасалған мүсіндері қатысқаны жайлы деректер
бар. Құдайға құлшылық жасайтын жерде мүсіні тұруы сол адамның
болып жатқан іс-шараларға қатысуын білдірген. Солардың бірінен:
«Иә, мүсін жеткізетін менің құлшылығыма әміршім құлақ ассын»
деген жалбарыну сөзі табылған. Адамды тазарту үшін жасалатын
рәсім мүсінге де қолданылған: Құдайға жалбарынған соң, оған су
бүркіп, дерт пен кез келген кеселден құтылатын емдом жасалған.
Қайтыс болған соң, мүсіні сол адаммен бірге жерленген.
Ең қасиетті ырымдар ата-баба рухын қастерлеумен байланы-
сты болған. Әдетте, қорымдарға бару, құрбандық беру, сөйлесу
арқылы әруаққа деген дәстүрлі, қасиетті қарым-қатынас жасалған.
Қайтыс болған адам артта қалған жақындары еске алып, құрмет
көрсетер деп үміттенген. Тірілер қайтыс болғандардың қиын
сәттерде желеп-жебеуін, жәрдемін күткен. Молаға құрбандық
әкелген адам әруақты көмекке шақырады, әруақтың түсіне еніп,
аян беретін кезін тосады.
Ата-баба шаңырағы қастерленді. Дәстүр бойынша, олардың
тірлікте мекендеген үйін сату – шарасыздықтың ең соңғы белгісі.
Бақилық болған адамның туыстары қаланың барлық
ғибадатханасына барып, құдайлардан «өлілер патшалығына кет-
кен» жақыны үшін жалбарынып, көмек сұрайды. Жерлеу рәсімі
үлкен қайғы-қасіретті білдіреді. Өз беттерін өздері жыртып, денеге
түрлі жарақаттар салынған. Жарақат байырғы «өлген адаммен бірге
өлу» салтынан туындаған деп болжанады. Қазба жұмыстары өлген
көсеммен бірге, оның жақсы көретін жануарының қоса жерленгенін,
мырзасына деген сүйіспеншіліктен сарай төңірегіндегілер мен
қызметшілердің өлімді ерікті түрде қабылдағанын көрсетеді.
Мәйіттің жерленетін жеріне баратындар шеруі жоқтау жырлары,
84
соғылған барабандар, тартылған музыка аспабының азалы үніне
ұласқан.
Достарыңызбен бөлісу: |