89
бөлігі зерттелген. Шумерлер тілінде жазылған ұзақ-сонар мәтіннен
тұратын алғашқы мәліметтер б.д.д. ХХІV ғасырға жатады. Саз
кітаптардың 95 пайызы еңбек құралдарының тізімі, есепке алу,
қолхаттар, есеп беру, құрбандық шалу рәсімдері туралы мәліметтер,
ғибадатхана мүліктері және т.б.
шаруашылық мазмұнындағы
мәтіндерді құрайтыны анықталған. Осыдан зерттеуші ғалымдар шу-
мерлер жазу өнерінің экономикалық ерекшеліктерге, шаруашылық
сұраныстарына сай өмірге келгені жайлы тұжырым жасайды. Демек,
қоғамда өмір сүрудің жөн-жоралғыларын реттейтін заңдар жинағын,
экономикалық есептер және шаруашылықты жүргізу тәсілдерін есте
ұзақ сақтаудың жолдарын қарастыру жазу өнерінің пайда болуына
алып келді. Ылғал жерге түскен аң-құс іздерінің ұзақ сақталатынын
адамдардың көруі, содан ой түюі, яғни өмір тәжірибелері жазу
өнерінің өмірге келуіне түрткі болды. Археологтар алғашында
сазға жазу үшін ұшталған ағаш, кейін металдан жасалған шегелер
қолданылғанын дәлелдеп көрсетеді.
Шумерлердің жазу өнері –
адамзат
тарихындағы еңбек құ-
ралдарын пайдалана білуден кейін
пайда болған ең ғажап жетістіктің
бірі.
Алдыңғы буын, ата-баба-
лардан жеткен, ғасырлар бойы
жинақталған
өмірлік тәжірибені
жазып, болашаққа жеткізудің жаңа
жолдарының пайда болуы өркениет
жолына
түсуді,
эволюциялық
шыңдалуды жеделдетті. Алғаш-
қы қауымдық құрылыстан бас-
талған
тарихи даму ондаған
мыңжылдыққа созылса, ал жазу
өнері пайда болғаннан кейін адам-
зат қоғамының жеткен жетістіктері
мен маңызды табыстары мол.
Абстрактілі ойлау мүмкіндігіне
ие болған,
парасатты адамның
болашаққа мәлімет қалдыруға,
уақыт пен кеңістік арқылы ақпарат
Суретте: Ежелгі шумер
Достарыңызбен бөлісу: