ШУМЕРЛЕР
Шумерлер Қосөзеннің ежелден келе жатқан тұрғылықты
халқы емес. Б.д.д. ІV-ІІІ мыңжылдықтарда Тигр мен Ев-
фрат өзендерінің жағалауына келгенге дейін, мұнда мәдениеті
жоғары, антропологиялық және тілдік жағынан шумерлерден
айырмашылығы бар халық мекендеген. Археологтар ол халықты осы
мәдениет табылған жер, елді мекен (эль-Убайд) атауына байланысты
«убаидтар» деп атайды. Убаидтар мәдениеті өз бастауын б.д.д. V-ІV
мыңжылдықтардан, Халаф кезеңінен алады. Мамандар пікірінше,
мұндағы назар аударуға болатын басты нәрсе – убаидтар тілінің
дравидтер тілімен кейбір ұқсастығының бар екендігі. Үнді еліндегі
қайсыбір халықтардың тілі дравидтер тілі тобына жатады, оған мы-
сал ретінде тамил тілі келтіріледі. Бұл убаидтардың үнділік негізінің
бар екеніне, тарихының үнді елімен байланыстылығы туралы ойға
итермелейді. Археологтардың мәліметтері ежелгі Үнді (Мохенджо-
Даро, Хараппа) мен шумер-убаид мәдениеттерінің шығу тектерінің
бір екендігін байқатады.
1766 жылы Бомбейге бара жатқан жолда Мосулға тоқтаған дат
ғалымы, саяхатшы Карстен Нибурдің ізденімпаздығы арқасында,
өзеннің қалаға қарама-қарсы жағасында орналасқан төбенің бірінен
жүздеген жылдар бойы іздестірілген ежелгі Ниневия табылады.
Осының нәтижесінде Дат королінің бұйрығымен «Араб экспедиция-
сы» ұйымдастырылады.
Шумерлер туралы мәліметтерге кезіккен Карстен Нибур
экспедициясының алға қойған міндеттерінің бірі ежелгі заман
ескерткіштерін іздестіру болды. Сол кездің өзінде мол жиналған
сына жазулар тарихшылар мен лингвистерді толғандырып, олардың
сырын ашуға ұмтылыс басталған. К. Нибурдың 1778 жылы жарық
көрген «Описание путешествий в Аравию и соседние страны» ең-
бегі Қосөзен елдері туралы тек ғалымдарға емес, жалпы жұртқа
танымал энциклопедиялық шығармаға айналады. Ол Ниневия, Ва-
вилон, Вавилон мұнарасы туралы мәліметтер қалдыруымен қатар,
Персополь жазуларының көшірмесін де өте ұқыпты жасайды. Асси-
рия мен Вавилонды, өткен замандардың белгілі кезеңдеріне жататын
материалдық мәдениет жетістіктерін іздестіру шумерлер туралы
мәліметтердің ашылуына алып келді.
71
1869 жылы 17 қаңтарда танымал француз лингвисі Жюль Опперт
Францияның нумизматика және археология қоғамының отырысын-
да Қосөзен жерінен табылған көптеген саз кітапшаларының шумер
жәдігерлері екенін мәлімдейді. Уақыт өте, лингвисттер де шумерлер
туралы деректі қолдайды. Бұл кезге дейін зерттеушілер арасында
шумер мәтіндерін Ежелгі Вавилондікі деген пікірлер басым бола-
тын. Арнайы әдебиеттерде шумерлердің Қосөзен аймағына келген
уақыты жуық шамамен б.д.д. ІV мыңжылдық соңы деп белгіленеді.
Осы тарихи дәуір әдебиеттерінің сырын толық ашу мүмкін
болмағандықтан, мамандар көп жағдайда қолдағы бар мәліметтер
археологиялық қазба жұмыстарына сүйенеді.
1871 жылы Арчибальд Генри Сайс алғашқы шумерлік мәтін –
Шульга патша жазуларының бірін жариялайды. Екі жылдан кейін
Франсуа де Ленорман жіті зерттелген шумер грамматикасын және
жаңа мәтіндер қосқан өзінің «Аккадтық зерттеулер» еңбегінің
бірінші томын жарыққа шығарады. 1889 жылдан бастап ғылыми
әлем шумерологияны дара ғылым саласы ретінде мойындап, «шу-
мерлер» атауы осы халықтың мәдениетін, тілін, тарихын белгілеу
үшін қабылданады.
Шумерлердің адамзат жадынан ерте өшірілгені сонша, олар жай-
лы грек жылнамашылары еске алып, мәлімет бермейді. Қосөзен ту-
ралы ежелгі деректердің бірінде де шумерлер туралы сөз болмайды.
Тек Інжілде айтылатын Авраам елін алғашқы құлшына іздегендер
ғана халдейлер қаласы Ур туралы мәлімдейді. Вавилон мен Асси-
рияны іздеген зерттеушілердің шумерлер туралы түсінігі болмай,
олардың қалдырған ескерткіштеріне кездейсоқ кезігеді. Тарихи
дәуірде Қосөзен мәдениетін алғашқы зерттеушілердің ешқайсысы да
оның тамырының тереңге кететінін білмеген еді.
Аңыздық наным-сенімдерінде шумерлер аспаннан түскен жұм-
бақ тіршілік иелерінің адамды жасағанын жеткізеді. ...Алғашқы кезде
осы жан иелері өресіз, жабайы болады. Тек Құдайлардың қайта ара-
ласуы нәтижесінде ғана мәдениет жетістіктерін, жазу өнерін игереді.
Шумерлер жазуларын саз тақтайшаларға жазып, суреттерін
дөңгелек мөрлерге салған. Соңғы жүз елу жыл шамасында шумер-
лер қалаларының орынынан археологтар көптеген астрономиялық,
математикалық мәтіндер мен суреттерді тапты. Олардың арасында
күрделі математикалық еңбектер, күрделі кескіндердің, пішіндердің
|