88
тұрғындарының бейнелеу, сәулет
өнерлері туралы ешқандай
түсініктері де болған жоқ. Ал б.д.д. 2600 жылдар шамасында шу-
мер құрылысшылары қыш кесектен жиырма метрлік аркалы (арка –
бағаналардың үстін басқан доға тәрізді жабын), күмбезді ғимараттар,
қос қабатты үйлер тұрғызғаны археологиялық қазба жұмыстарынан
белгілі еді.
Шумерлер тұрғызған ғимараттар ішіндегі ең танымалы – зик-
кураттар –
текше-текше болып, бірінің үстіне бірі тұрғызылған,
баспалдақты үлкен ғибадатханалар еді. Деректерде олардың үш
қабатты болғаны және ең жоғарғы
қабатының құдайларға тұрғын
жай ретінде арнайы тұрғызылғаны айтылады.
Ур қаласының (б.д.д. ІІІ мыңжылдық), Элламның (б.д.д.
ІІ мыңжылдық) және Вавилон зиккураттарының қиратынды
қалдықтары біздің заманымызға жетті. Ур
қаласы зиккуратының
өлшемі 65 × 43 және биіктігі 10 метр бірінші қабаты жақсы сақталған.
Археологиялық қайта қалыпқа келтіруге болатын салмағы
қомақты, үлкен
тастар зиккурат өлшемдерін, түрін және шумер
ғибадатханаларының атқаратын қызметін анықтауға мүмкіндік
береді. Ур ғибадатханасы үш қабатты.
Оның тастары Вавилон
жерінен алынған «таудың қара майымен» қаланған. Ал сыртынан
күйдірілген қыш кесектер қаланып, қапталған. Ұзын баспалдақ саты
Ур қаласы қастерлеген Ай құдайы, қасиетті Син (Нанну) тұрағына
алып барады. Бүгін біз осыдан
ІV мың жыл бұрын салынған
ғибадатхананың өлшеміне ғана куә болып қоймай, ғимарат жобасын
жасаған сәулеткер шеберлігін де мойындауға мәжбүр боламыз.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында француз археологы Эрнест
де Сарзек шумерлердің Лагаш қаласының орнын табады. Табылған
материалдық мәдениет қалдықтары арасынан өнер туындылары және
сына жазуымен жазылған мәтіндері бар саз тақталар ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: