ЕЖЕЛГІ ВАВИЛОН ДӘУІРІ
Б.д.д. ІІ мыңжылдық басында біртұтас мемлекет құра
алған ежелгі Вавилон патшалары оңтүстікте Шумер қалаларын,
солтүстікте болашақ Ассирияны, батысында Жерорта теңізі
жағалауында жатқан кішігірім семит мемлекеттерін бағындырып, өз
шекарасын ұлғайтады. Олардың тек Тигр өзенінің шығысына, тари-
хы мен мәдениеті туралы мәлімет өте аз Элам мемлекетіне жасаған
жорықтары ғана сәтсіз болады.
Ежелгі семит тілінен аударғанда, Bab-ilu «құдай қақпасы»
дегенді білдірді. Інжілде: «...барлық жерде бір тіл болды, бірдей
сөйлесті. Шығыстан қозғалған олар, Сеннаар жерінен жазық тауып,
сонда орналасты және саздан кесектер жасап, отқа күйдіруді ойла-
стырды». Осыдан тас орнына қыш кесектерді, ал әктің орнына жердің
қара майын пайдаланылғаны туралы мәлімет келтіріледі. Олар:
«Биіктігі аспанға жететін өзімізге қала, мұнара тұрғызайық, барлық
жер бетіне тарап кеткенге дейін өзіміздің атымызды шығарайық», –
деді...
Вавилон мұнарасы. ХХ ғасырдың басында еуропалық архео-
логтар арабтың Бабили деп аталатын елдімекені жанындағы төбеге
назар аударады. Төбеде қазба жұмыстарын жүргізуге қажет қаржы
алу үшін, демеушілерге оның ежелгі қала-мемлекет Вавилонның
орны екені көрсетіледі. Інжілдегі аңыз бойынша, Вавилон
адамдардың бәрі бір тілде сөйлеген кезде тұрғызыла бастаса керек.
Оның ұзақ уақыт тұрғызылғаны сонша, жалпыға ортақ болған адам-
зат тілі көптеген түрге бөлініп, мұнараны тұрғызу өзінің алғашқы
мәнінен айырылады. Сондықтан адамдардың ойсыз топырлау-
ын доғару үшін, Яхве: «сол жерде олардың бірі екіншісінің тілін
түсінбейтіндей етіп араластырамыз», – деп, Нұхтың ұрпақтарын
бір-бірін түсінбейтін жағдайға жеткізеді.
«Құдай қала мен мұнараны көруге түсті... Сол жерден Құдай
оларды барлық жерге таратты; олар қала тұрғызуын тоқтатты...
Оған Вавилон атауы берілді; өйткені Құдай осында жердегі
барлық тілді араластырды (біріктірді) және сол жерден барлық
аймаққа таратып жіберді». Бір жағынан, Вавилон мұнарасы ту-
ралы Інжіл дерегі ұзақ уақыт бойына ойдан шығарылған керемет
аңыз деп есептелді. Өйткені, ХІХ ғасырда Вавилон мұнарасы ту-
106
ралы ғана емес, Вавилонның өзі туралы да ғылыми мәліметтер
болған жоқ. Оның өмір сүргені теріске шығарылды. Екіншіден,
бұл жалпы жұртшылық Інжілді келекеге айналдырған, атеистік
дүниетанымдық көзқарастар дәуірлеген заман еді. Осыдан ежелгі
қалалар, Қосөзен патшалықтары және олардың басқарушылары ту-
ралы мәліметтер есепке алынбады.
Қаланың ортасында тұрғызылған көп қабатты зиккурат аспан
мен жерді жалғастырып тұрғандай әсер қалдырған.
Геродоттың айтуынша, ол бірінің үстіне бірі орнатылған,
әрқайсысының өзіндік түр-түсі бар сегіз мұнарадан тұрған. Ең
үстінде құдайға арналған ғибадатханасы бар зиккурат сол тари-
хи замандағы ең үлкен, ең биік (биіктігі 297 фут шамасы) құрылыс
болған. Мұнара б.д.д. 688 жылы Ассирия патшасы Синаххерибтің
бұйрығымен қиратылады. Вавилонды жаулап алған А. Македон-
ский оның тозған, үгілген үйінді топырақтарын көреді. Тарихшы
Страбонның жазуынша, ұлы жаулап алушы 600 мың қаржы жұмсап,
оны тазартуға бұйрық берген.
1876 жылы Г. Роулинсонның шәкірті, әлемдік топан су тура-
лы аңыздың халдейлік нұсқасын тапқан Джордж Смит «Атене-
ум» журналында өзінің Вавилондағы Бел ғибадатханасы туралы
мәтінді тапқанын жария-
лайды. Бүгінде бұл мәтін
Луврдың
шығыстық
топтамасынан айрықша
орын алады, көрнектілігі
мақтан тұтылады. Ше-
бер қолымен жазылған
түпнұсқалық тақтада: «83
Су-лу-ку жылының Кис-
лимму айының 26 күні»
деген уақыт көрсетілген.
Біздің жыл санауымызға
бұл «б.д.д. 229 жыл, 12
желтоқсан» деп аударыла-
ды. Құжатта құрылыстың
барлық жеті бөлігінің
өлшемдері
келтіріледі.
Суретте: Вавилон мұнарасы
болжамы [49]
107
Іргетастық төменгі бөлік 300/300 фут (1 фут = 0,305 м), яғни 10 мың
шаршы ярд (1 ярд = 0,91 м) шамасында болса, биіктігі 110 фут бола-
ды. Жоғарғы жеті бөліктің ұзындығы – 80, ені – 70, биіктігі – 50 фут
болған. Ғимараттың жалпы биіктігі 300 футқа жақын, сондықтан
жазық кеңістікте ғимарат 60 миль жерден көрінген.
«Вавилонда 53 ғибадатхана болған. Ең үлкені, танымалы
7-қабатты «Вавилон мұнарасы» еді. Мұнараның ұзындығы мен
ені 90 м; төбесіне Мардук құдайдың салмағы 23 700 кг мүсіні
орналастырылған. Мұнараны парсы патшасы Ксеркс қиратқан» [50].
Б.д.д. ІІ мыңжылдықтың басынан бастап жазу өнерінің кең
таралғаны сонша, мемлекетке, діни ғибадатханаларға, жеке
адамдарға тиесілі құжаттардан зат айырбасы, неке келісім-
шарттары, мұра бөлісу, отбасыаралық хат алмасу жайлы мәліметтер
көптеп кездеседі. Сол құжаттар ежелгі вавилондық дәуір мәдениетін
зерттеуге көп мүмкіндік береді. Осы уақытта Қосөзен аралығында
орналасқан қала-мемлекеттердің құқығын анықтайтын заң
жинақтары жарық көреді. Қанды кек үрдістерін жою, қылмыскерді
өзіндік сот шешімі арқылы жазалау бұл заңдардың ерекшеліктері
саналады. Сонымен қатар, заңда талион қағидасы («қанға – қан,
жанға – жан» деген тәрізді, жасалған қылмысқа тең келетін жаза)
қолданылды. Мысалы, дәрігердің кесірінен емделушінің көзі
көрмей қалса, онда дәрігер де көзінен айырылуға тиісті. Немесе
тұрғызылған үйдің қабырғасы құлап, үй иесінің баласы соның
астында қалса, сапасыз үй салған құрылысшының да баласы өлім
жазасына кесіледі. Көптеген жаза түрі үшін ақша төлеп құтылу
мүмкіндігі пайда болды.
Тарихи деректер б.д.д. 1792 жылы аморей тайпасынан шыққан
Хаммурапидің патша тағына отырғаны жайлы мәлімет береді.
Бұл кезде Қосөзен жерінің оңтүстік бір бөлігіне Ларсы қаласынан
эламиттер бақылау жүргізсе, солтүстігінде Вавилоннан күші ба-
сым ассириялықтар тұрды. Қолайлы сәтті күткен Хаммурапи ел
басқаруда өзінің билігі мен әскерін нығайтуды қолға алады. Отыз
жасынан бастап жаулап алу соғыстарын жүргізген ол б.д.д. 1768
жылға дейін барлық бақталасын бағындырып, Қосөзен аймағының
дара билеушісіне айналады.
Хаммурапи туралы мәліметті «Шумер мен Аккадта әділдікті
нығайту» мақсатында тасқа ойып жазылған, ежелгі Вавилон болмы-
108
сы туралы ой түйіндеп, тұжырым жасауға мүмкіндік беретін заңдар
жинағынан көруге болады. Осы тасқа ойып жазылған заң 1901 жылға
дейін, яғни француз ассириологы Жан Винсент Шейль тапқанша жер
астында көмулі жатты.
Достарыңызбен бөлісу: |