99
есімін таққа отырған соң алған деген жорамал жасалады. Кейбір
үзік-үзік жеткен мәліметтерге қарағанда, Інжілдегі Моисей тәрізді,
ол да кішкене кезінде өзенге тасталып, қамыс арасынан табылған.
І Саргон өзін Киштің және Аккадтың патшасымын деп атады
және өз уақытында 34 рет әскери жорық жасап, Орталық және
Оңтүстік Қосөзен аймақтарын біріктіреді. Саргон жаулап алған
елдерінің астанасы ретінде жаңа қала салдырып, оны Аккад деп
атайды. Аккад мемлекеті осы қала атынан өз бастауын алады.
Елдің шумерлер өмір сүрген оңтүстік бөлігі Вавилон деп атала
бастайды.
Көшпенділердің әскери күші мен жаулап алған жердегі
тұрғылықты халықтың мәдениет жетістіктерін біріктіру Саргон
ұрпақтарының Мысыр мен Үндістанға дейін тараған үлкен мемле-
кет құруына, елшілік қарым-қатынастар және сауда-саттық байла-
ныстар жүргізуіне мүмкіндік береді. Сол мемлекеттің бір орталыққа
бағынған автократты ел емес, тұрақты көп әскері бар, патшаға
адалдығын білдірген одақтас қала-мемлекеттердің конфедерациясы
болған. Бізге жеткен жазбалардың бірінде Саргонның қатысуымен
күн сайын 54 мың адамның ас ішкені баяндалады. Тарихи дәуірде
осынша әскер күшімен көрші орналасқан мемлекеттерге бақылау
жасаудың аса қиын болмағаны анық.
І Саргон дүниеден өткен соң билікке
келген оның немересі, өзін «әлемнің төрт
бұрышының патшасы» атаған Нарам-Су-
эн (б.д.д. 2224-2187 жж.) жаулап алған
аумағында мемлекеттік қызмет құрылымын
құрады. Міне, сол уақыттан бастап үш мың
жыл бойы өзінің ерекшеліктерімен өмірге
енген монархиялық жеке-дара биліктің
негізі қаланады. Мемлекеттік қызмет
құрылымы қалып-тасып, шенеуніктерді
патшаның өзі тағайындайды. Демек, ежелгі
Шығыста бір орталыққа бағынышты билік
үрдісіне негізделген мәдениеттің жаңа
белгісі, түрі пайда болып, шенеуніктер
кез келген өркениетті мемлекеттің өзіндік
ерекшелігіне айналады. Нарам-Суэн өз
Суретте: Саргонның
Достарыңызбен бөлісу: