100
мұрагерлеріне шексіз билік құқығын қалдырды. Тек патшаларға
ғана тиесілі болған шексіз биліктің Ұлы Француз төңкерісіне дейін
шектеуге ұшырамағанына тарихи деректер куә.
Ежелгі ірі мемлекет басшыларының өмірі аңыздарға толы.
Мысалы, біреулері бала кезінде қарапайым малшының есігіне
әкеп тасталған Ұлы Кир сияқты иттің сүтімен қоректеніп өссе,
келесі біреулерінің өмірі ғажайып күштермен (Будда,
Шыңғыс
хан), құдаймен (Александр Македонский) байланыстырыла-
ды. Зерттеушілер жорамалынша, мәселенің бәрі,
монархтың
өзін қоршаған ортадан бөлектенуге, басқалардан ерекшелігін,
артықшылығын көрсетуге деген талпыныстан туындаса керек.
Осыған дейінгі патшалар құдайға арнап ғимараттар тұрғызып,
діннің көмегімен билікті нығайтқаны белгілі. Соны біле тұра, На-
рам-суэн өзін «Аккадтың құдіретті құдайы, Нарам-суэн құдай» деп
жариялайды.
Сарай төңірегіндегі жағымпаздардың асыра дәріптеуіне сеніп,
ол
өзінің құдайлық қасиеттеріне, құдіретіне замандастарының
сенімсіздік білдіретінін, сірә, ойламаса керек. Құдайлар өлмейді,
ал патша қарапайым пенделер сияқты өлсе, ол қалай құдай болмақ?
Ендігі жерде өз дербестігінен айырылған
діни ғибадатханалар
қоғамдық өмірдің орталығы, тірегі болудан қалады. Діни рәсім,
қағидаларды ұстау патша міндетіне айналады, ол ескі діни орындарды
жөндеумен және жаңасын тұрғызумен айналысып, абыздарға ерек-
ше артықшылықтар беріп, олардың патшаға
тұтастай тәуелділігін
қамтамасыз етеді. Енді құдайлар монархтардың билігін нығайту
үшін қызмет атқарады. Ал діни орындар патша сарайының жалғасы
болып, соның арқасында абыздар билігі шектеліп, қызметіне бақылау
қойылады.
Аккад дәуірінде адам санасы үлкен өзгеріске ұшырайды.
Тұлғаның мәдениетте алатын орны көрсетілмеген, белгіленбеген
жалпыламалық келмеске кетеді. Оған шумерлер дәуірінің мәтіндері
мен Саргон ізбасарларының бірінен бізге жеткен Нарамсин стеласын
мысал ретінде келтіруге болады. Стела
мазмұнына зерттеушілер
келесі түсіндірмені береді: патшаның лулубей тайпасын жеңген
жеңісі бейнеленген, жеңімпаз өзгелерден жоғары,
төбе басында
тұрған батыр ретінде көрсетілген. Он екі тұтқынның бірі патша
101
аяғының астында тізерлеп
тұрса,
екіншісі
қол-
дарын көтеріп, жалыныш-
ты түр көрсетеді.
Енді бірі
өліп жатыр. Басқа тұт-
қындардың бойын үрей ал-
ған. Аспандағы көп бұ-
рышты сәуле шашқан екі
жұлдыз бейнесі, қарапайым
мүйізбен
безендірілген бас
киім оның беделін асқақ-
татып, құдайлардың жеңім-
пазға іш тартатынын біл-
дірсе керек...
Достарыңызбен бөлісу: