134
жаулары діни ғибадатханаларды қорлап, бас құдай мүсінін алып
кететін болған. Сонда ғана теократиялық мемлекеттің құрылымы
бұзылып, қоғамның өмірлік күштері қожырай бастайды. Деректер
осындай жағдайға тап келген Вавилонның табыну нысаны, рухани
желеп-жебеушісінен айырылған соң құлдырап, ақыр соңында та-
рих сахнасынан кеткенін мәлімдейді (сірә,
бас ғибадатханада бас
құдайдың бір ғана мүсіні боп, ол қайта жасап, жаңғыртылмаған
болса керек). Бұдан соң бір де бір вавилондық өз қолымен Мардук
құдайдың қолын ала алмайтыны, өзін елді басқаруға «құдайдың
рұқсатын» алған, «жердегі патшамын» деп жариялай алмайтыны
түсінікті...
Қала «жанының» кетуі оның бірден жойылуын білдірген жоқ.
Б.д.д. 450 жыл шамасында Геродот күші сарқылған Вавилонға келеді.
Б.д.д. 311 жылы ІІІ Дарийді жеңген А. Македонский Вавилонға
келіп, өзін патшамын деп жариялайды. Вавилон қаласының басшы-
сы Мазей әйгілі қолбасшының алдынан әйелі, балалары және т.б.
билік иелерімен бірге шығып қарсы алады. Көңілін табу үшін үйір-
үйір жылқысын, табын-табын
сиырын сыйға тартып, ІІІ Дарийдің
қазынасын көрсетеді. Мақсаты жаңа жерге ие болу емес, тонау,
дәулетке кенелу болған грек жалдамалы әскерінің көп байлыққа есі
кетеді. Вавилондар өздері «жабайылар» деп атаған гректерді осы-
лайша алдап, қаланы қиратуға ұшыратпай, аман алып қалады.
Тарихшы дерегіне сенер болсақ: «Александр әскерлерінің
жауынгерлік рухы Вавилондағыдай болып еш жерде түскен жоқ.
Осы қаланың салтындай адамды еш нәрсе бұзбайды,
жағымсыз
тілектерді оята және қоздыра да алмайды. Әкелері де, күйеулері де өз
қыздары мен әйелдерінің қонақтармен болуына рұқсат етті. Патша
мен сарай төңірегіндегілер ішіп-жемі мол ойын-сауық өткізуге қуана
келісті, вавилондықтар шарапқа, ішімдікке жақын болды. Осындай
сауық кештерге қатысқан әйелдер шарапқа қызып алып, киімдерін
біртіндеп шеше бастайтын, сыпайылықты ұмытатын. Ақыр соңында
ұятты жерін жабатын соңғы лыпасына дейін лақтыратын. Мұндай
ұятсыз әрекет тек бұзылған әйелдерге ғана тән емес, күйеуі, бала-
сы бар аналарға және қыздарға да тән, өйткені олар зинақорлықты
құрмет көрсету деп есептейтін» деп жазады [43. 236 б.].
Геродот осы қисынсыз әрекет туралы: «Вавилонның әрбір
әйелінің өмірінде бір рет Афродитаның киелі орнында бейтаныс
135
адамға берілуі керектігі – ең бір әдепсіз қылық. Ол тек бейтаныспен
түнді өткізіп, махаббат құдайына қызмет көрсеткеннен кейін ғана
үйіне қайта алатын еді... Бойшаң, сұлу әйелдер бұл міндетінен тез
құтылса, түрі келіспегендердің осы заңды жүзеге асыру үшін бей-
таныс біреуді ұзақ күтуіне тура келген, кейбіреулер бұған үш-төрт
жыл уақытын жіберген», – деп жазады.
Ханаан ғибадатханаларында әйелдердің тәнін сатып пайда
тапқаны мәлім. Дегенмен, еврейлердің мәліметінше,
Ұлы Вавилон
барлық халық үшін бұзықтықтың, «ұлы зинақорлыққа салынудың»
нышаны болды...
Бұл ақиқатқа қаншалықты сай келеді? Бұған бүгінгі күн
тұрғысынан жауап беру, әрине, қиын. Алайда, басқа елдермен
салыстырғанда, Александрдың мұнда ұзақ бөгелгенін көрсететін
деректер жеткілікті.
Аристотельден алған тәрбиесіне қарамай, Александр жасынан
шарапқа, көңілді сауық кештерге жақын болған. Осындай көңіл
көтеру кезінде әбден қызып алған Македон әскербасы Персепольдағы
парсы патшалары сарайының бірін өртеп жібереді. Ежелгі әлемнің
керемет құрылысының бірі осылай құрып кеткен.
Персепольдан Вавилонға қайта келген Александрдың ішімдікке
салынғаны,
содан бауыр циррозына шалдығып, б.д.д. 325 жылы
қайтыс болғаны туралы болжам
бар.
Жоғарыда
келтірілген
мәліметке байланысты, Эрих
Церен өзінің «Інжілдік төбелер»
(Библейские холмы) кітабында
келесі мәліметті береді: «Вави-
лон күнәһарлар қаласы болған
жоқ. Ол терең діншілдік,
Құдайға сенімнің қайнар көзі
болды. Жазба деректердің бірі
Вавилонда
ұлы құдайлардың
55 ғибадатханасы, Мардуктың
55 үйі, 300 жер және 600 аспан
құдайының ордасы, Иштардың
180 мехрабы (шіркеудің ба-
Достарыңызбен бөлісу: