Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС


Ассархаддон патшаның жеңіс стеласы



Pdf көрінісі
бет39/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Суретте: Ассархаддон
патшаның жеңіс стеласы [52]


114
Арнайы әдебиеттер Ассирияның ежелгі дәуір мәдениетіне 
қосқан үлесі айта қоярлықтай болмағанын, негізінен жеңімпаз пат-
шалары жүргізген соғыс жетістіктерін әсерлі бейнелеген жылнама-
лар қалдырғанын көрсетеді.
Тонау, салық салу, қолға түскен тұтқындарды пайдалану Асси-
рия патшаларына үлкен құрылыс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік 
берді. Маңызды ғимараттар, бас құдайға арналған ғибадатхана, са-
тылы зиккураттар арнайы көтерме үстіне қам кесектен тұрғызылып, 
әрекідік сыртынан қыш кесекпен немесе таспен қапталған. Ежелгі 
Ашшур қаласында тұрғызылған сарайлар көз тартатындай көрікті 
болған. Кальху (Нимруд) қаласына ерекше назар аударыла-
ды. Өйткені, ІІ Ашшурнацирапал сарайының қираған орнында 
жүргізілген қазба жұмыстары салтанат залдарының қабырғалары 
соғыс көріністерімен, діни рәсімдермен, әртүрлі өрнекпен, жазумен, 
бедерлі суреттермен (барельеф) безендірілгенін көрсетті. «Ботани-
ка» бағы, ағаштың сирек кездесетін түрлері, хайуантхана орнының 
қалдықтары табылды. Сонымен қоса, ғибадатханалар және басқа да 
мықты қамалмен қоршалған сарай құрылыстарының орны қоймалар, 
әскерилерге арналған қару-жарақ бөлмелері, сап түзейтін алаң орын-
дары анықталды.
Сарайға құдайлар қамқоршы болады. Доға секілді иілген 
(арка) кіреберісті адам бетті, екі метрлік, үлкен қанатты бұқа 
және арыстанның тас мүсіндері «қорғаған». Сарайды сақтаушы 
рухтар «күзеткен». Ғимарат қабырғаларының сырты қарапайым 
болғанымен, оның ішкі бөліктері көркем бейнеленген. Әсіресе, 
сарайдың салтанат залдарына салынған оймышты, бедерлі су-
реттер түрлі-түсті изразецтермен безендірілген. Ассирия сарайы 
қабырғаларының төменгі бөліктері тас тақташалармен қапталған. 
Олар қашалған, өрнектелген бедерлі суреттерімен танымал. Әсіресе, 
жануарлар бейнесі, аңшылық көріністері әсем берілген. 
Ассирия әскері бірнеше жауынгерлік түрге бөлінді. Саны көп 
жаяу әскерлер жеңіл және ауыр қару-жарақтылар боп ажыратылды. 
Ауыр қарулы жауынгерлер – найза, семсермен, ал жеңіл қарулылар 
садақ, сақпанмен тас атқылап соғысты. Деректер атты әскерлердің 
б.д.д. ІХ ғасыр соңынан пайдаланыла бастағанын көрсетеді. Бұл 
да ауыр және жеңіл қаруланған деп бөлінген. Жаяу әскерлер мен 
соғыс күймелерін пайдалану тиімсіз болған кезде (жау қатарын 


115
бұзуға, қашқан жауды қууға, құмды жерде, кең жазықта) бұлар 
пайдаланылған.
Соғыс күймесі соққы беруші негізгі күш болды. Оған, әдетте, 
төрт немесе екі ат жеккен. Күйме жауынгерлері ат айдаушы мен 
садақшыдан, кейде екі қалқан ұстаған жауынгер қосылып, төрт адам-
нан да тұрған. Әскер темірден жасалған өте сапалы қарулармен және 
қоладан жасалған дулығалармен жарақтанған. Соғыс кезінде жауын-
герлерге ағаштан, теріден, металдан жасалған қалқандар қорғаныш 
болған. Қысқа және ұзын құрақтан немесе былғарыдан жасалған са-
уыт киген. Қала қорғандарын қирату үшін үшкір тұмсықты тастан 
жасалған соғыс қаруларын қолданған. Қорған қабырғамен бірдей құм 
үйіліп, қорған астымен өту үшін үңгірлер қазылған, қорғанды суға 
кетіру үшін немесе сусыз қалдыру үшін өзен арналары бұзылған.
Ассирия ұсталарының, қару-жарақ жасаушылардың атағы 
шыққан. Патша сарайларындағы бедерлі суреттерде садақ, жебе 
ұшы, найзаны сынап тұрған шеберлер бейнеленген. Қорғандарда 
қару-жарақтар, күймелер, күйме қамыттары және т.б. сақталатын ар-
найы орындар болған.
Ассирияда барлаушылар қызметі жолға қойылды. Көрші мем-
лекеттермен шекараларда, жаулап алынған елдерде арнайы мәлімет, 
хабар беретін тыңшылар жіберілген. Сонымен қоса, жау елі туралы 
жан-жақты мәліметтер жиналып, ол тыңғылықты тексерілмейінше, 
әскери әрекеттер ешқашан басталмаған. Ниневия сарайының 
мұрағаты ІІ Саргон патшамен қатарлас өмір сүрген Урарту мемлекеті 
туралы осындай барлау нәтижесінен мәлімет береді.
Ондық, елулік, жүздік, мыңдыққа бөлінген әскерді бас қолбасшы 
басқарды. Оларда Ассирияның бас құдайы Ашшурмен байланысты 
рәміздер бейнеленген тулар (штандарт) және ант беру рәсімдері 
болған.
Б.д.д. ХІІІ ғасыр шамасында Қосөзен аңғары мемлекеттерінің 
ешқайсысы ассириялықтарға бақталас бола алмады. Соғыс 
ғылымын ерекше шыңдап, жетілдірген оларға бұл өңірде тең келетін 
ешкім болмағаны жайлы тарихи деректер жеткілікті. Басқа елдердің 
әскерлері екі дөңгелекті соғыс күймелерін өгіз, есектерге жексе, 
ассириялықтардың атқа жегілген соғыс күймелері жылдам қозғалған. 
Олардың жеке атты әскерлері, қорғандарды атқылап қирататын 
инженерлік техникалары болған. ІІІ Салманасар кезінде Ассирия, 


116
аяусыз жүргізілген соғыстар нәтижесінде, барлық Қосөзен аймағын 
иеленеді. Мазасыз Қосөзен бойын, Синай түбегінен Арменияға, 
Кіші Азиядан Мысырға дейінгі аралықты күшпен бағындырды. Аз 
уақытта Мысырды да жаулап алады. 
Б.д.д. 1241 жылы тұрғызылған сарай қабырғасына Ассирия пат-
шасы Тукультининурта бұйрығымен: «Мен әскерлерімнің алдында 
жүріп отыратын Ұлы құдайларға, менің әміршілеріме және аспан мен 
жер патшайымы Иштарға сеніп, вавилондық Каштилиашты өзіммен 
соғысуға мәжбүр еттім. Мен оның әскерін талқандап, адамдарын 
құрттым. Соғыс барысында мен Вавилон патшасы Каштилиашты 
тұтқынға алдым. Мен оның желкесін аяғыммен басып тұрдым, ол 
менің табанымның астындағы басқыш болды. Мен оны, тұтқынды, 
менің әміршім – Ашшур құдайға алып келіп, оның алдына байла-
дым. Мен барлық Шумер мен Аккадты өз басқаруыма алдым»,-деп 
жазылған. Демек, Вавилон Ассирия мемлекетінің құрамына жаулап 
алу соғыстарының нәтижесінде кірген. 
Кезекті жеңістен кейін: «Мен олардың қаласын тонадым, өртке 
орадым, оны қираған үйіндіге, шөл далаға айналдырдым»,-дегеніне 
қарағанда, жүргізілген соғыстардың мақсаты тек тонау, байлыққа 
кенелу емес, қаланы толық құртып жіберу болған тәрізді. Салма-
насар патша дерегіне көңіл аударсақ, онда жау жақтың тұрғызған 
ғимараттарын қиратып, ер адамдарын өлтіріп, әйелдерін зорлағаннан 
кейін, балаларымен қоса отқа өртегені, жеміс ағаштарын тамыры-
мен қопарып, малын айдап кеткені айтылады. Жеңілген қала бас-
шыларын Ниневия көшелерімен өгіз тәрізді мұрындарына немесе 
еріндеріне шығыршық тағып, жетелеп жүрген; маймыл тәрізді торға 
қамаған, ақыр соңында аяқ-қолын шауып, мұрнын кесіп, көздерін 
ойған. Қарапайым тұтқындар мыңдап өлтіріліп, бас сүйектері пира-
мида тәрізді үйіліп қойылған... [43. 177 б.] 
Соғыстың қалай жүргізілгенін Лэйярдтың Ниневиядағы Ним-
руд сарайынан тапқан рельефтерінен де көруге болады. Синах-
хериб патшаның Оңтүстік-батыс сарайындағы бедерлі суреттер-
де Лахис қаласын қорғаушыларды қоршауы бейнеленген. Сарай 
қабырғасындағы рельеф қаланы тұрғындардың жан сала қорғағанын 
көрсетеді. Інжілде бұл соғыс иудей патшасы Езекия кезіндегі 
еврейлердің бастан кешірген апаты ретінде еске алынады. Синаххе-
риб иудейлердің қорған қалаларының барлығын жаулап алады. Ци-


117
линдр түріндегі жазба деректердің бірінде ол өзінің қаланы қоршап, 
жер астынан қазылған жолдардың, қабырғаларға өрмелеп шығатын 
сатылар мен қорған бұзатын қарулардың көмегімен қабырғаларды 
тескенін; сол арқылы жаяу әскерлер кіргізіп, жеңіске жеткенін; 
жас-кәрісі аралас көптеген ер адамдар мен әйел адамдарды, соны-
мен бірге, сансыз жылқы, түйе, сиыр, бұқалар мен қойларды олжа 
ретінде қолға түсіргенін жазады. Еврейлер басшысы Езекия Ассирия 
патшасына ғибадатханалар мен сарайларындағы барлық байлығын, 
алтын, күмістерін беруге мәжбүр болады.
Синаххериб Вавилонды: «Мен қаланы және оның үйлерін 
іргетасынан бастап шатырына дейін шайқалтып, ойрандап, отқа 
өртедім. Мен сыртқы және ішкі қорғанды, барлық қыш кесектен 
тұрғызылған зиккуратты қиратып, қалдықтарын Аратху арығына 
тастадым. Вавилонды, оның қабырғаларын бұзып, құдайларының 
мүсіндерін сындырып, адамдарын қырдым, қаланың іргетасын 
жұлып алып, Евфрат өзені мұхитқа әкетсін деп, ағызып жібердім»,- 
деп мақтанады. Тарихи дәуірде Вавилонмен салыстырғанда
даму деңгейі әлдеқайда артта қалған Ассирия Вавилонның дінін, 
мәдениеті мен өнерін пайдаланды және құдіретке сенімін, құдайлар 
пантеонын жаңа түрлермен толықтырды. 
Ассирия патшаларының шексіз билігі діни, әскери және 
ақсүйектік салалардан көрініс берді. Ол билікті құдайлар бер-
ген және солардың желеп-жебеуімен жүзеге асырылатын қасиет 
деп есептеді. Бұл билік иесінің өзін-өзі асыра дәріптеуіне әкеп 
соқтырды, патшалардың жеңістерін сипаттаған мәтіндер тарихи 
дәуір қаталдығын айғақтады. 
Осы келтірілген мәліметтерден бейнелеу өнері мен жазба дерек 
мәтіндерінде кездесетін ассириялықтарға деген ашу-ызаның себебін 
пайымдауға болады.
Тарихи замандағы халық тағдыры, зар-мұңы заң жинақтарында 
көрініс тапқан. Ассирия заңдарында жеке меншіктің қасиетті 
екендігі, оған ешкімнің қол сұғуға құқы жоқтығы нақты көрсетілген. 
Мысалы, барлық еркек пен әйел біреудің меншігі болды. Патшаның 
өзі де, балалары да бұдан құр қалмаған, олар – жергілікті Құдай 
меншігінде деп есептелген. Арнайы әдебиеттерде заңдардың басты 
мақсаты кедейлерден күштілерді – байларды қорғау. Өйткені заңда 
кедейлер мен әлсіздер үстем тап өкілдері үшін үлкен қатер болғаны 


118
жазылады. Ассирия құлдары – барлық құқығынан айырылған ең 
төменгі тап өкілдері. Тұрмыстағы әйелдердің жағдайы да құлдардан 
айтарлықтай артық болмады, өйткені олар да ешбір құқығы жоқ 
әлеуметтік күш деп есептелді. Әйелдер құқығының жоқтығы 
қоғамдық орындарда міндетті түрде бетперде киіп жүруі арқылы 
көрсетіледі. Ал жезөкшелерге, керісінше, бетперде киюге тыйым са-
лынды. Бұл көзқарас: басы бос емес әйелді сырт көзден қорғаштаған 
дұрыс, ал зинақорлар – ешкімге керексіз, сондықтан оларды нарық 
тауарындай әркімнің көргені жөн. Егер жас әйелді біреулер көргісі 
келіп, талпынса, күйеуі алдында оның құны түсетін, ал жезөкшелер 
көшеде бетін орамалмен жауып жүрсе, жазаға тартылатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет