Конфуций ілімінен:
Данышпан төрт нәрсені: «барлығын алдын ала шешіп қойған
зердені, қалай болса солай жасалған тұжырымдарды, дегенінен
қайтпайтын өңмеңдеуді және өз-өзіне ғашық адамдарды» құртқысы
келеді.
«Шындықты білетіндер оны сүйетіндерге жеткен жоқ,
шындықты сүйетіндер одан ләззат алатындарға жеткен жоқ».
Ізет туралы: «Бұл күндері ізетті бала деп тек ата-анасын асырап
отырған адамды айтады. Бірақ, тіпті, ит пен жылқыны да асырайды
ғой. Егер ізет жоқ болса, оның айырмасы неде?»
Өлім деген не деген сұраққа: «Біз осы уақытқа дейін өмір туралы
білмейміз, өлім туралы не айта аламыз?» – дейді.
Дао ілімінен:
«Дао мәңгі және атаусыз. Ол тым елеусіз болса да, әлемде
ешкім оны өзіне бағындыра алмайды. Төрелер мен билеушілер
оны ұстанса, барлық жан өз-өзінен сабырлы болады. Сонда көк пен
жер үйлесімділікте құрылып, бақыт пен береке келеді, ал халық
бұйрықсыз тынышталады. Тәртіп орнатылған шақта атаулар пайда
болады. Атаулар пайда болғасын, [оларды қолданудың] шегін білу
керек. Шекті білу қауіптен құтылуға мүмкіндік береді. Дао әлемде
болғанда, тау өзендері дария теңізге құйылғандай [барлық тірлік
оған құйылады].
Ұлы Дао барлық жерге тарайды. Ол оңнан да, солдан да табы-
лады. Соның арқасында барлық тірлік дүниеге келеді және өз өсуін
тоқтатпайды. Ол ерлік жасайды, бірақ даңққа талпынбайды. Барлық
205
жанды сүйіспеншілікпен тәрбиелеп, өзін олардың билеушісі сана-
майды... Барлық тірлік оған қайта оралады, бірақ ол өзін олардың
билеушісі санамайды. Оны Ұлы деп атауға болады. Оның Ұлы бола-
тыны ол өзін ешқашан да сондаймын деп санамайды.
Дао – бірді туады, бір – екіні туады, екі – үшті туады, ал үш –
жан атаулыны туады. Ал жан атаулы инь менен янға, һәм циге толы,
сөйтіп олар үйлесімділік құрайды.
Не жақын: даңқ па, өмір ме? Не қымбат: өмір, әлде байлық? Не
ауыр: олжа, әлде шығын? Көп нәрсені сақтаған көп-көп нәрседен
айырылады. Көп нәрсені жинаған көп шығынға ұшырайды. Кім
өлшемді білсе, сонда сәтсіздік болмайды. Шекті білген қауіп-қатерге
ұшырамайды...» [71. 6-7 б.]
Конфyций Лао-цзыдан салт, жора туралы мәліметтер алу
үшін Чжоуға келеді. Сонда Лао-цзы: «Сіздің сұрап тұрғаныңыздан
ешнәрсе қалған жоқ. Сондай-ақ, адамның тек шіріген мәйіті мен
қашан да болса айтқан сөзі қалады. Бұған тек, қолайлы, жақсы
уақытта кемел данышпанның күймемен жүретінін, қолайсыз
уақытта – жаяу, қолында ауыр жүгі болатынын қосуға болады.
Мен жақсы саудагердің өз тауарларын ешнәрсесі жоқтай жақсылап
тығатынын, ал көптеген ізгілікті бойына сіңірген данышпанның
сырттай ақымақ сияқты көрінетінін есіттім. Сіз асқақ асылығыңыз,
бейбастақ тілегіңіз, өзіңізді тәкаппар ұстаған мінезіңіз, ұятсыз
құмарлықтарыңыздан бас тартыңыз, мұның бәрі пайда әкелмейді.
Міне осы еді менің айтқым келгені» – дейді. Өзінің оқушыларына
келген Конфyций: «Мен құстың ұша алатынын,балықтың жүзетінін,
жабайы аңның жүкіре алатынын білемін. Жүкіргенді қақпанмен,
жүзгенді аумен ұстауға, ұшқанды жебемен атып түсіруге болады.
Ал айдаһардың желді ерттеп мініп, бұлттарды көктей өтіп, аспанға
қалай асқақтайтынын түсіне алмай қойдым. Бүгін мен айдаһар
тәрізді Лао-цзымен кездестім» дегенді айтады...
206
Достарыңызбен бөлісу: |