240
Фравартиштің әскерлерін талқандады. Адуканиш айының 25 күні (7
мамыр, б.д.д. 521 ж.) біз шайқас жүргіздік.
70-78. Дарий патша айтады: Бұдан Фравартиш аздаған әскерімен
қашып, Мидияның Рада өңіріне барды. Мен Фравартишке қақпан
ұйымдастыру үшін сол жаққа әскер жібердім. Фравартишті ұстап,
маған әкелді. Мен оның мұрнын, құлағын, тілін кесіп, бір көзін
ағызып жібердім. Оны қақпамның алдында байлаған күйінде
ұстадым. Бар халық оны көрді. Кейін Экбатанда мен оны қазыққа
отырғыздым. Ал оған беріліп қызмет еткен адамдардың терісін сы-
пырып, бекініске іліп қойдым.
78-91. Дарий патша айтады: Сағарт ұлтынан Чиссатахм атты
бір адам маған қарсы шығып, халыққа: «Мен Увахштры әулетінен
шыққан Сағарттың патшасымын», – деді. Осыдан кейін мен пар-
сы және мидия әскерлерін жібердім. Мидиялық Тахмаспад атты
құлыма әскерді басқарттым да, оларға: «Барыңдар да, мені мойында-
майтын әскерлерді талқандаңдар», – дедім. Тахмаспад әскері Чисса-
тахмамен ұрыс жүргізді. Ахура-Мазда маған көмек көрсетті. Ахура-
Мазданың рахымымен менің әскерлерім Чиссатахманың әскерлерін
талқандап, оның өзін байлап-матап маған әкелді. Мен оның мұрнын
кесіп, құлағын, тілін кесіп, бір көзін ағызып жібердім. Оны менің
қақпамның алдында байлаған күйінде ұстадым. Бар халық оны
көрді. Кейін Арбелахта мен оны қазыққа отырғыздым.
91-92. Дарий патша айтады: Мен Мидийде не істедім?
92-98. Дарий патша айтады: Парфия мен Гиркания маған қарсы
көтеріліп, Фравартиш жағына шығып кетті. Менің әкем Виштаспа
Парфиде болатын. Халық оны тастап, көтерілісшілер жағына өтіп
кетті. Виштаспа өзіне беріліп қызмет етіп жүрген әскерлерімен қарсы
шықты. Парфидің Вишпаузатиш қаласында ол парфияндықтармен
шайқасқа шықты. Ахура-Мазда маған көмек көрсетті. Ахура-
Мазданың рахымымен Виштаспа көтерілісшілерді талқандады. Ви-
яхна айының 22 күні (8 наурыз, б.д.д. 521 ж.) шайқас болды.
Достарыңызбен бөлісу: