Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет85/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

ҚалаларыПарсы сәулет өнерінің ұлы жетістігі Пасаргад, Пер-
сеполь және Суздағы сарайлар кешендерінен көрініс табады. Ежелгі 
материалдық мәдениет көрінісі болатын қала ғимараттары биік жа-
санды көтермелерге (террасаларға) тұрғызылып, саябақ арасына 
орналастырылған. 
Пасаргад ескерткішінің тамаша үлгісі – осы кезге дейін сақталған 
ІІ Кирдің кесенесі. Ұзындығы 3 метр, ені 2 метр жеті үлкен баспалдақ 
сатысы мәйіттің жатқан жеріне алып келеді. Оның тастан қашалған 
бейнесі де – Пасаргад ескерткішінің тамаша үлгісі. 
Персепольдің іргесін қалау б.д.д. 520 жылдар шамасында ба-
сталып, б.д.д. 450 жылдар шамасына дейін жалғасқан. Ол 12 мың 
шаршы метр болатын жартасты жерде, тегістелген тау етегінде 
тұрғызылған. Қала үш жағынан қам кесекпен өрілген екі қабат 
қабырғамен қоршалса, шығыс жағында адам өтуі мүмкін емес жар-
тас тау орналасқан. Персепольға 110 сатыдан тұратын ені үлкен 
баспалдақпен көтерілген.
Қазіргі кезде Персопольде парсылар «Жемш-ид-тахтасы», 
Жемшид патша тағы деп атайтын ахеменидтер дәуірінің ең бір 
көрнекті ескерткіші сақталған. Рахмет тауының етегінен үлкен та-
стармен қаланған жасанды алаң жасалып, оның үстіне ахеменид 


233
патшаларының бірнеше сарайы тұрғызылған. Атпен де жүруге бо-
латын кең баспалдақ сарайлар кешеніне әкеледі. 72 ұстыны болған, 
қазіргі кезге дейін оның тек 13-і жеткен. Соның ішінде Ксеркстің тақ 
залы – таңқаларлық құрылыс. 
Суретте: І Дарийдің Персопольдегі сарайының 
сақталған бөлігі [105]
Осында І Дарий сарайы да, салыстырмалы түрде, жақсы 
сақталған. Оның жылтыраған есіктері мен терезелері осы кез-
ге дейін саяхатшыларды таңырқатады. Артаксеркс және Ксеркс 
сарайларының орны бар. Сонымен қатар, І Дарий немесе ІІІ Артак-
серкске таңылатын 100 ұстынды үлкен тақ залының қираған қалдығы 
да сақталған. Осы залдың төбесін жапқан балқарағай ағашының 
өртенген қалың күл қалдығы табылды. Ішкілікке салынған А. Маке-
донский қолбасшыларының бірі мастықпен өртеп кеткен сарай осы 
болар деп болжанады. 
Деректер І Дарий сарайы залының (ападан) ауданы 3600 шар-
шы метр болғанын көрсетеді. Зал портиктермен (портик – архитек-
тура тілінде діңмаңдайша, ғимаратқа жапсарлас жабық галерея) 
қоршалған. Бұлардың төбесін биіктігі 20 метр болатын 72 жіңішке, 
нәзік орындалған тас ұстындар көтеріп тұрған. Ападанға барар 
жолдағы баспалдақтың екі қапталында, есіктерде, терезелерде және 
т.б. көптеген мүсін мен барельефтік бейне, сақшылар, атты әскерлер, 
әскери күймелер және адам бейнелері бедерленген. 
Сарай барельефтерінің мазмұнын тек патшаның өзі мен са-
рай өмірі құрайды. Тақта отырған, арыстандар, құбыжықтармен 


234
арпалысқан, қол астындағы халық өкілдерінің сыйын қабылдаған 
патша тақ залына алып келетін кең баспалдақ үстінде бейнелен-
ген. Зерттеушілер ғимарат қабырғаларының түрлі-түсті бояулар-
мен сырланғаны жайлы болжам жасайды. Суздан табылған патша 
әскерлері мен арыстандардың рельефтік бейнелерінде негізінен: көк, 
сары, қоңыр, қызғылт сары, көгілдір бояулардың басым болғаны 
көрсетіледі.
Ахеменид патшаларының жартастан ойып жасалған аса ірі, 
күрделі жеті мазары бар. Олар үлкен биіктікте орналасқан және 
әрқайсысы жартасқа терең ойып жасалған крест боп көрінеді. Крестің 
төменгі бөлігі бос, ортаңғы бөлігі бұқалар бейнесінде өңделген төрт 
ұстынды портик түрінде аяқталған. Портик ортасында жартасқа 
терең ойылып жасалған қабірге апаратын есік орналасқан, онда 
қақпағы сынған үлкен тас табыттар тұр. Крест түріндегі қасбеттің 
жоғарғы жағында бас киімді, садаққа сүйеніп тұрған патша берілген. 
Оның алдында от жағылған құрбандық орны, ал жоғарыда күн және 
ауада қалықтаған, қолында садағы бар, сақалды ер адам түрінде 
Ахура-Мазда бейнеленген.
Б.д.д. 31 жылы Персепольді Александр Македонский жаулап ала-
ды, әлемдік сәулет өнерінің жетістігі болған сарайлар қиратылады, 
өртке оранады. Плутархтың мәліметі бойынша, қаладан тонаған 
байлығын алып кету үшін А. Македонскийге 10 мың жұп қашыр мен 
5 мың түйе керек болған көрінеді. 
І Дарий кезінде Суз қаласында үлкен құрылыс жұмыстары 
жүргізілген. Көптеген елден қажетті материалдар әкелінген. Шебер-
лер құрылыс және әрлеу жұмыстарымен айналысқан. Қалада грек, 
мидия, мысыр, вавилон қолөнер шеберлері мен сәулетшілері еңбек 
еткен. 
Ішкі қарсылықтар, азаттық күрестері Кир мен Камбиз орнатқан 
билік негізінде мемлекеттің өмір сүре алмайтынын көрсетеді. 
Басқару жүйесін қайта құру керектігін түсінген І Дарий бәрінен 
бұрын әкімшілік реформасын жүргізіп, елді сатраптарға бөледі және 
олардан жиналатын салық көлемін де анықтайды. Аумағы өте үлкен 
империя шекарасындағы байланысты жетілдіру үшін, қалалардың 
арасын жалғастыратын жол қатынастары пайда болады. Әртүрлі 
аймақтардан жылдап жететін ақпараттар ағымының жылдамдық 
қарқыны артып, ел билігіндегі тиімділігін көрсетті.


235
Мемлекет шекарасын ұлғайту тарихи дәуір басшыларының 
бәріне тән еді. І Дарий де көптеген соғысты басынан өткізген. 
Солтүстік-Батыс Үндістанға жасаған жорықта жеңіске жеткенімен, 
ол көшпенділерден, сақтардан жеңілді. І Дарий кезінде басталған 
парсы-грек соғыстары оның орнын басқан Ксеркс кезінде сәтсіз 
аяқталады. І Дарийдің мүсіні, парсы киімін киген тас тұлғасы Суз-
дан табылды.
Александр Македонскийдің жаулап алу соғыстары кезінде 
жойылған және ол қайтыс болғаннан кейін қайта жаңғырған ахе-
менидтер мәдениетінің белгілері Селевкидтер (б.д.д. ІV-І ғғ.) 
мемлекетінде, Парфиян патшалығында (б.д.д. ІІІ ғ.-б.з. ІІІ ғ.) және Са-
санидтер әулеті кезінде кездеседі. Сәулет және мүсіндеу өнерлерінен 
Қосөзен елдерінің, әсіресе Ассирия мәдениетінің үлгілері көрініс та-
бады. Суз бен Персепольдегі керемет сарайлар кешенін әлемнің әр 
түкпірінен әкелінген шеберлер тұрғызған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет