Суретте: Өсиет салынған
қобди [114]
262
идея болды, өйткені басқа халықтардың ешбірі сол уақытқа дейін де-
малыс күні дегенді білмейтін еді.
Құдайдың еврейлерге беруге уәде еткен жеріне жақындағанмен,
сол жердің тұрғылықты халқы өз жерін оңайлықпен бермесі белгілі.
Оны жаулап алуға өз күштеріне сенімсіз болып, батылдығы жет-
пеген Моисей, халқын шөлейт далаға алып кетіп, қырық жыл
кезбелікке ұшырайды. Торо босқыншылыққа ұшыраған еврейлердің
ізінен қалмаған аштық, толып жатқан қиыншылық, шөл даланың
жауыққан тайпаларының күндіз-түні жасаған тонаушылық
шапқыншылығы туралы жазады. Осы кезде «Он парыз» заңдар
жинағы ретінде ақиқат өмірге сай келмейтіндей көрінеді. Дегенмен,
осы кодекске сай тіршілік еткен, мүмкін еместей болып көрінетін
жағдайға, қиындықтарға қарамай өмір сүрген еврейлер, ғасырлар
бойы өз зерттеушілерін таңдандырады. Ханаанға барар жолда үлкен
шыдамдылық пен жетекшілік дарынын көрсеткен Моисей, ұлы іске
деген сеніммен небір ауыр жағдайда халық үмітін ақтай біледі, жаңа
заң мазмұнын түсіндіріп, оның сақталуын қадағалайды.
Осы қиындықтар еврей халқының мүддесіне қызмет етіп, оларды
шынықтырып, бастарын біріктіріп кеткендей әсер қалдырады. Олар
қолөнерді, киім тігуді, сыртқы шапқыншылықтарға қарсы тұруды
және т.б. үйренді. Жоғарыда айтылған қырық жылдың соңына қарай
Мысырдағы құлдық өмірден бейхабар жаңа ұрпақ өсіп жетіледі.
Жаңа ұрпақ шөл даладағы өмірден басқа өмір барын білген жоқ. Бір
Құдайдан басқа құдай жоқ деген сенім олардың бойына терең ұялап,
Торо кітабындағы «Он парыздан» басқа нәрседен бейхабар болады.
Жасы жетіп, қарттық келген кезде Моисей өзінің орнын басатын
адамды қарастырады. Таңдау халықтың сүйіспеншілігіне бөленген,
сыйлы, Синай тауында алынған заңдарға адал, әскербасы болуға да
қабілеті жететін Йехошуаға түседі. Моисей оған Ханаанды жаулап
алу міндетін жүктейді.
Моисей еврей халқының оқытушысы, рухани әкесі, пайғамбары
еді. Кейінгі тарихи дәуірлерде де еврейлердің қаншама құрметті
көсемдері болғанымен, Моисей туралы, сол өмір сүрген уақыт тура-
лы естеліктер ғасырлар бойы халқтың жүрегінде сақталды. Торо деп
атайтын Моисейдің бес кітабы оның өлімімен аяқталады.
Арман болған жерге жорық жасайтын уақыт келгенде,
Йехошуаның қол астына еврейлердің барлық он екі руы бірігіп,
263
бірегей, күшті ұйымдасқан жасаққа айналады. Арнайы әдебиеттерде
жабайыларға тән өте қарапайым қарулармен жарақтанған
еврейлердің өздерінен әлдеқайда жетік қаруланған, сол тарихи дәуір
үшін сирек кездесетін темір істіктен жасалған найзалары бар, қала
қорғандарының ішіне орналасқан ханаандықтарды, хеттерді және
басқа да Ханаан тұрғындарын жаулап алғандары айтылады.
Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі еврейлердің
қан төгіп, жеңіп алған еркіндіктерін бағалағандарын, екі жүз жыл
бойына демократиялық өмір салтын ұстанғандарын көрсетеді. Си-
най тауында алған өсиеттерді ұстанғандардың құлдары да, қатал
мырзалары да болмай, заң халықтың қорғанышына айналады.
Заң бойынша өз қарыздары үшін құлдыққа түскен еврейдің алты
жылға жетпейтін уақыт ішінде босатылуы керектігі айтылады.
Әрбір жетінші жыл сенбілік (шмитта) деп жарияланып, сол жылы
жер өңделмей, оған шыққан өнімдердің бәрі кедейлерге берілді.
Қарыздарды кешіру міндеттері қойылды. Жарты ғасырда бір рет
мерейтой (йовель) аталған жыл жарияланды. Осы ерекше жылда
барлық қарыз ретке келтіріліп, кешіріліп қана қоймай, қожасы қандай
да бір қиындыққа, ауруына немесе егіннің шықпай қалуына байла-
нысты сатуға мәжбүр болған әрбір жер өз иесіне немесе оның заңды
мұрагерлеріне қайтарылды. Осылайша, Синайдың қасиетті заңдары
әрбір еврейдің еркіндігі мен лайықты өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Еврей халқына басшылық жасаған алғашқы билік иелері су-
дьялар деп аталды. Олардың арасында жауынгерлер, абыздар және
көріпкелдер де болды. Көрші қоныстанған жауынгер тайпалардың
шапқыншылықтарына көп ұшыраған, халқының мұқтаждығына
сай, алғашқы судьялар, сонымен бірге әскербасылары да болды.
Лаппидоттың әйелі Двора, Офра жерінен шыққан ержүрек жау-
ынгерлер Гидон (Гедеон), Ифтах (Йеффай), Бет-Лехемадан (Виф-
леема) шыққан Ивцан, Звулун руынан шыққан Элон, Эфраим руы-
нан шыққан Авдон әртүрлі тарихи кезеңдерде қаншама жыл бойы
қасірет шегіп, қол жеткен еркіндік пен еврей халқының бостандығы
үшін күрес жүргізді.
Крит аралынан шығып, Эгей теңізі арқылы кемелермен Кіші
Азияға келген филистимиялықтар Ханаан жеріне қауіп төндіреді.
Тарихи деректерде олар «жүріп өткен жерін қанға бояғандар» деп
көрсетіледі. Еврейлердің Судьялар кітабының соңғы кейіпкері
264
Самсон батырдың жаулап алушылар қыспағына қарсы шыққаны,
сатқындық кесірінен қолға түсіп, қаза болғаны жазылған. Еврейлерді
жаулап, қасиетті Өсиет салынған қобдиды тартып алғандарымен,
ырымшыл филистимиялықтар оның құпия қасиеттерінен қорқып,
бақытсыздық алып келеді деп, өздеріне қайтарады. Жат жерліктер
езгісінен құтылу үшін үгіт жүргізіп, халықты біріктіруге ұмтылған
данышпан судья және абыз Самуил елдің бар аймағын аралап, өз
сенімдерін сақтауға, өз жерін қорғауға шақырады. Торо заңдарын
оқытып, түсіндірме берген ол, уақыты келгенде еврейлердің
бостандық аларына сенім білдіреді.
Самуилдің сөзімен рухтанғандар, ізіне ергендер көп бола-
ды. Олар халыққа құдай мен үміт туралы сөз қозғап, арфада ой-
нап, өлеңдер айтып, бұрынғы жасампаз ерлік істерді жырлаудың
қажеттігін түсінеді. Самуилдің сөзімен шабыттанған, халыққа
айтарлықтай ықпал тигізген жандар уақыт өте келе пайғамбар деп
аталады.
Қартайған Самуилге ру ақсақалдары келіп, өздерінің көсемін
халық өз ортасынан сайлап алатын ерікті қоғам қажеттігі тура-
лы талап қояды. Патшаны сайлау халық еркіндігін айтарлықтай
шектейтінін білетін данышпан қария қанша қарсылық білдіргенімен,
халықтың талабымен санасып, ақсақалдарға амалсыз өз келісімін
береді.
Мықты рулардың бір-біріне деген бақталастығын қоздырмау
үшін, Самуил өткен соғыстар салдарынан саны азайып, әлсіреген
Биньямин тайпасынан көпке сыйлы Саул (Шаул) деген жауынгерді
патша етіп сайлайды. Інжілде бұл: «Бірде әкесінің үйінен есектерін
іздеп шыққан Саул Цуф жерінде халықпен сөйлесіп тұрған Самуилді
көреді. Қарттың көріпкел екенін білетін Саул одан өзінің өмір жолын
көрсетуін сұрайды. Самуил Саулмен бірге қыр басына көтеріліп,
жас жігітке оның «жоғалып кеткен есектерінің орнына патша тәжін
тапқанын хабарлады» деп айтылады. Самуилдің еркімен Саул
патша сайланады, Гивада қоныстанған ол көп ұзамай-ақ өзінің
қолбасшылық талантын, тұлғалық дара қасиеттерін көрсетеді.
Еврейлердің
алғаш
қоныстанған
жеріне
жүргізілген
археологиялық қазба жұмысы кезінде патша тұрған үй болуы мүмкін
деген құрылыс орны табылды. Ол еврейлердің бірінші патшасының
тұрмыс-тіршілігінің қарапайым болғанын, жалпы халықтан
265
ерекшеленбегенін көрсетеді. Саул соғыс ісіне келгенде парасатты
шешімдер қабылдап, еврейлерді жеңіске жеткізіп отырғанымен,
оның рухани жан-дүниесі Торо заңдарының жоғары талаптарына
сай келе бермей, Самуилдің ойынан шықпайды. Самуил өмірінің
соңғы жылдарында оны патша ретінде көруден бас тартып, Израиль-
де жаны жайсаң басқа адамның таққа отыратынын болжайды.
Самуилдің таңдауы Иехуда руының жерінде орналасқан Бет-
Лехем қаласының егіншісі Ишаяның (Иссея) кіші ұлы Давидқа
түсіп, оған құпия түрде болашақта патшаның тағын алып беруді
уәде етіп, қасиетті маймен сылау рәсімін жасайды. Осы маймен сы-
лау рәсімінен кейін көп ұзамай-ақ Саул сарайына келіп, арфада ой-
нап, өлең айтқан Давидтің даусын естіген халық оны «Израильдің
бұлбұл дауысты әншісі» атандырады. Дауысы патшаға ұнағаны сон-
ша, уақыт өте келе, Саул оған қызы Михалды береді. Саулдың бала-
сы Ионатан мен Давидтің достығы әлемдік әдебиеттің классикалық
тақырыбының біріне айналады.
Филистимиялықтармен болған соғыстардың бірінде еврейлер
жеңіліске ұшырайды. Осы соғыста ержүрек Ионатан өзінің бауырла-
рымен бірге қаза табады, ал жау қолына түскісі келмеген Саул патша
өзіне-өзі қол жұмсайды. Саул қайтыс болғаннан кейін Израильдің
барлық руы Давидті патша деп мойындайды.
Еврейлердің
бірігуіне
кедергі
жасауға
тырысқан
филистимиялықтар Иехуда руының жеріне жорық жасайды.
Бұрынғы әскерлерін асығыс жинаған Давид өзіне таныс Иудей
тауының ішінде жауына тыныштық бермей, титықтатып барып
жеңіске жетеді. Ендігі жердегі Израильдің қауіпсіздігін ойлаған,
оны біріктіріп, күшейтпек болған патша, бұрынғы замандардан ев-
рейлер үшін алынбас қамал сияқты есептелген иевуситтер қаласы
Иерусалимді жаулап алудың жоспарын құра бастайды. Давид
әскерінің қолбасшысы Иоав қала қорғанынан құпия өтудің жолын
табады. Оған тау ішінен қаланың ортасына шығаратын табиғи жер
асты жолының бар екені белгілі болады. Иоав осы жол арқылы Из-
раиль әскерлерін ертіп жүріп, иевуситтерге күтпеген жерден соққы
береді. Осылайша, Иерусалим еврейлер қаласына айналды, қасиетті
Өсиет салынған қобдиша ғибадатханада сақталды.
Осыдан кейінгі бірнеше жыл ішінде басшысы көреген, астанасы
Иерусалим болған еврейлер елі көрші мемлекеттер есептесетін күшке
266
айналады. Давид билік құрған кезде олар барлық рудың бірлігіне,
көптен күткен бейбіт өмірге қол жеткізеді, мемлекет гүлденіп, Ие-
русалим жалпы халықтық билік жүзеге асатын орталыққа ай-
налды. Давид көрші орналасқан мемлекеттермен, соның ішінде
финикиялықтармен дұрыс қарым-қатынас орнатады.
Саулдың қызы Михалдан басқа, Давидтің бірнеше әйелі болған.
Солардың ішінде Давидтің бұрынғы әскербасы Урияның әйелі Бет-
Шева (Вирсавия) да болды. Әйелдің сұлулығына қызыққан пат-
ша Урияны соғыстың аласапыран қызған жеріне жұмсап, оның
өліміне себепкер болады да, сұлу жесірге үйленеді. Натан пайғамбар
Давидтің патша атына сай емес әрекетін бетіне басады. Әлеуметтік
әділеттілік қағидаларының нығаюына қызмет еткен пайғамбарлар
халықтың ар-ұяты болды, шындық туын көтеріп, қоғамдық
қарадүрсін күшпен күресті, Израиль заңдарының жоғары этикалық
нормаларын сақтады, оған сәйкес келмейтін әрекеттерді сынға алды.
Деректерде Давид өз ісінің дұрыс еместігін түсінгені, Бет-Шева
әрқашан оның сүйікті әйелі болғаны, екеуінің ортақ перзенті Соло-
монды (Сүлеймен, Шломо) өзінің басқа балаларынан артық көргені
жазылады.
Давид патшалық құрған уақытта Израиль бытыраңқы руаралық
өзара қырқыстарын тоқтатып, бір орталыққа бағынған, гүлденген
мемлекетке, күшті ұлтқа айналып, мақсатына жетеді. Оның
соңғы жұмысы – өзінің орнын басатын, мемлекет басқарудың
қиындықтарын меңгере алатын мұрагер тағайындау да сәтті жүзеге
асады. Билік еврейлер табысын ыждаһатты қамқорлыққа алып,
әкесінің ісін жалғастырған Соломонның қолына көшеді. Бейбітшілік
сүйгіш Соломон патшаның парасаты мен байлығы ғасырлар бойы
жыр боп айтылады... Сол кезде Израиль гүлденген, бейбітшілікпен
дәуірлеп дамыған аты танымал елге айналды. Тарихи дәуірде ев-
рейлер Қызыл теңізде айлақты қала салып, өздерінің негізгі байлы-
ғы – мысты Финикия керуеншілерімен бірге алыс елдерге саудаға
шығара бастайды. Археологтар Хеврон, Кирьят-Сефер қалаларының
орындарын қазғанда, мата бояйтын күбілер де тапқан.
Соломон патша дәуіріндегі еврейлер діни рәсімдерін
қасиетті Өсиет салынған қобдиы бар қарапайым ғибадатханада
өткізетін. Сондықтан ол Құдайға арнап Израиль еліне әйгілі
құрылыс тұрғызуды ойлайды. Барлық елден қала, қорған, сарай
267
сәулетшілерін, шеберлерді жинап, Мория тауында Бет хамикдаш
шіркеуін тұрғызуды қолға алады. Шіркеу тастар мен Ливаннан
алынған самырсын бөренелерінен салынды. Онда үлкен залдар мен
кең ішкі аула, әртүрлі діни рәсімдер жүргізуге арналған ерекше
орындар да болады. Әртүрлі елдерден мысқа айырбасталып алынған
алтын шіркеудің ішкі бөліктерін безендіруге, қол жуатын орындар,
ыдыстар мен үлкен жеті шырақ – менора жасауға пайдаланылады.
Шіркеу құрылысын салуға темір қолданылмағаны туралы деректер
жеткілікті. Өйткені, ежелгі еврейлер сенімі бойынша темір – зорлық-
зомбылық пен соғыстың нышандық белгісі, ал шіркеу – барлық
адамның бейбіт өмір сүруін қалайтын Құдай үйі.
Өндіріс құралдарының жетілуімен бірге, тіршілік негізінде
өзгерістер пайда бола бастайды. Мыс кен орындары мен құрылыс
жұмыстарында көптеген жұмыс күші пайдаланылады. Осы тарихи
дәуір деректері халықтың басым бөлігінің ең төменгі жалақымен
қара жұмыс істегенінен, саудагерлер, шеберлер, сәулетшілер, жыл-
намашылар, билік иелері мен әскербасыларының байи түскенінен,
алғашқы таптық қоғамның пайда бола бастағанынан хабардар
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |