261
лер өздерінің көсемінің таудан түсіп келе жатқанын көреді, Синай
тауының етегіне жиналып, оның келуін күтеді. Моисей екі тас
тақтаға жазылған «Он парызды» алып келеді. Бұл парыздар барлық
заң жинағының, еврейлер мәдениетінің моральдық негізі болды.
Синай тауының биік тас шатқалдарында Жалғыз Құдаймен
жасалған келісім – «Он парыз», Израиль халқы мен Құдай арасындағы
одақты нығайтады. Синай тауынан бастап еврейлер «Он парыз»
бен Торо діни дәстүрлері міндеттерін орындай бастайды. Мұндай
әділетті, адамгершілікті заңдар жинағы басқа халықтарда ешқашан
болмағаны тарихи әдебиеттерде жазылған.
Інжіл және оның алғашқы бес кітабы Торо қасиетті Өсиет
салынған қобди, сандықтың толық сипатын береді. Онда екі қасиетті
Скрижали (Скрижаль – діни мазмұнды мәтін жазылған тас тақта)
сақталған. Тұтастай ұстайтын тұтқасымен акация ағашынан жасалған
қобди бір жерден екінші жерге жеңіл
көшірілген. Қақпағында мүсінделген
херувима аталатын екі періште және
құдайға құлшылық үшін керек, барлық
қасиетті аспаптар қолы шебер, тақуа
Бецалелдің қолынан шыққан деп айтыла-
ды. Олар сапарға шыққан кезде бірге алып
жүруге қолайлы, жеңіл бөлшектенетін
және құрастырылатын болған.
Моисей халыққа Бецалел мен Охолиаваның басшылығымен
Өсиет Скиниясын тұрғызуды бұйырады. Скиния – еврейлердің дін
қызметшісімен бірге құдайға құлшылық ететін ғибадатханасы.
Моисей ерекше салтанатпен алғашқы абыз Ааронды және
оның балаларын бастарына елей (қасиетті май) құйып, қасиеттілік
мәртебесіне көтереді. Осыдан бастап Израиль абыздарына айналған
Аарон ұрпақтары осы күнге дейін синагогалық қызметке қатысады.
Абыздар көптеген, әртүрлі міндеттер атқарады. Олар халық атынан
құрбандықтар шалды, құдайға құлшылық дұғаларын оқыды. Ұлы
абыз Аарон үшін Бецалел мен Охолиава киім-кешек, он екі түрлі
қымбат тастан тұратын кеудеше жасайды. Он екі тас Израильдің он
екі рудан тұратынының нышаны болды.
Аптаның жеті күнінің бірін, атап айтқанда, сенбіні еврейлер де-
малыс және құлшылық етуге арнайды. Бұл бүкіл әлем үшін жаңа
Достарыңызбен бөлісу: