ЕЖЕЛГІ ПАЛЕСТИНА
Тарихи дәуірде Шығыс Жерорта теңізінің оңтүстік бөлігінде
орналасқан Палестина да ерекше назар аударуды керек етеді. Мұнда
әлемдік мәдениет дамуына үлкен әсерін тигізген маңызды оқиғалар
орын алды.
254
Еуропалықтардың «қасиетті жерге» саяхаты ерте заманнан
басталған. Бірақ, оның шынайы зерттелуінің қолға алынғанына,
бар-жоғы 100 жылдай уақыт болды (бұл жерде француз семитологі
Э. Ренан еңбектерін атап айтуға болады). Библ қаласындағы
қазба жұмыстар ХХ ғасырдың 20-жылдары басталған, 30-жыл-
дары ежелгі Финикияның Угарит қаласы табылған, Алалахтың
зерттелуі 30-40 жылдарға жатады. Ең ірі жаңалықтар соңғы елу
жыл ауқымына кіреді. 60-70 жылдары Эблде Италия археологтары
нәтижелі жұмыстар жүргізді. Археологиялық және жазба дерек-
тер ежелгі замандағы осы аймақ тарихын тыңғылықты зерттеуге
мүмкіндік береді.
Ханаанның оңтүстік бөлігі немесе еврейлер Отаны – Палести-
на атауымен танымал. Оны бойлай Иордан өзені ағады. Ол балық
та, өсімдіктер де өмір сүре алмайтын суы тұзды, Өлі теңіз аталатын
көлге құяды.
Ежелгі заманда Палестинаның төбелері мен жазық даласы
айтарлықтай құнарлы болып, шоқ тоғайлар, қалың шөптер мен
жүзімдіктер мол өскен. Осыған байланысты ел де арман болған жер,
жерұйық деген атауды иеленген.
Еврейлер тарихының бастауы болатын – Інжілдің Көне На-
ным кітаптары. Ол өзінің мазмұны жағынан тарихи, поэтикалық,
пайғамбарлық бөліктерден тұрады.
Шығыс Жерорта теңізі аймағы халықтарының тарихы мен
мәдениеті туралы маңызды мәліметтерді Інжілдің құрамына кіретін
ежелгі еврейлер әдебиетінен табуға болады. «Библия» сөзінің өзі
ежелгі грек тілінен аударғанда, «кітаптар» деген мағынаны білдіреді.
Демек, сөз иуда және христиан діндерінің қасиетті кітаптары жайлы
болып тұр. Иудей Інжілі христиандық Інжілдің Ескі наным атала-
тын бірінші бөліміне сәйкес келеді. Христиандық Інжілдің екінші
бөлімі – Жаңа наным Иисус Христос пен оның шәкірттерінің (апо-
стол) өмір тарихы туралы мәліметтер беретін христиандық кітаптар
боп есептеледі.
Ескі нанымдық ережелер біздің дәуіріміздің басында
толық қалыптасқан. Ол үш тараудан: Заң немесе Ілімнен (Тора),
Пайғамбарлар және Кітаптан тұрады. Бұлардың әрқайсысының
мазмұны бөлек және мәтіндерінің құрастырылған уақыты да әртүрлі.
255
Моисей атына таңылатын Інжілдің алғашқы бес кітабы (де-
мек, Заңдар) үлкен діни беделге ие. Атап айтқанда, осы «Моисейдің
бес кітабында» әлемнің және адамның жаратылғаны, Адам ата мен
Хауа ананың жұмақтан қуылғаны, топан су туралы, сонымен қатар
ата-бабалар және еврейлерді Мысыр перғауыны құлдығынан алып
шыққан Моисейдің өзі туралы да белгілі аңыздар айтылады.
«Бес кітаптың» басым бөлігін абыздық белгілеулер және діни-
моральдық ұйғарымдар (мысалы, Моисейдің «он парызы») құрайды.
Кітап б.д.д. І мыңжылдық ортасында толық қалыптасқан, бірақ
оның жеке бөліктері ежелгі, айтарлықтай ерте, ауызша таралған
аңыздардың жазбаша түрі болады.
Екінші, ежелгі нанымдық шығармаларға б.д.д. VІІІ-VІ ғғ. Из-
раил мен Иудейде өмір сүрген пайғамбарлардың (Исайя, Иере-
мия, Иезекииль және т.б.) саяси-діни уағыздау кітаптары кіреді.
Бұған тағы, Палестинада еврейлердің көрші елдермен арасындағы
соғыстары, Саул, Давид, Соломон сияқты алғашқы патшалары және
олардың ізбасарлары туралы мәліметтер беретін «тарихи кітаптар»
да қосылады. Осы кітаптарда байырғы дәуірлер ежелгі эпикалық
жырларға сүйене сипатталса, соңғы уақыттарда патшалар жылна-
малары, шежірелері пайдаланылатыны болжанады. Інжілде тарихи
оқиғаларға көп аса біржақты түсіндірме беріледі. Саяси оқиғалардың
баяндалуы Яхве құдайдың өзінің таңдаулы халқымен ерекше байла-
нысы туралы жалпы идеяға бағынады.
Соңғы тарау – Кітап – жанрлары мен пайда болған уақыты
әртүрлі әдеби жәдігерлердің алабажақ жинағы боп көрінеді. Мұнда
үйлену тойының ән-жырлары («Песнь песней») және философиялық
толғаныстар («Экклезиаст», «Книга Иова»), көне әнұрандар, діни
жырлар және абыздар, патшалардың хабар-ошарлары, сонымен бірге
құлдықтан кейінгі дәуірлер кіреді. Кітап мазмұнының үлкен бөлігі
б.д.д. І мыңжылдықтың екінші жартысына жатады.
Ежелгі Мысыр, Вавилон және т.б. елдер әдебиетімен
салыстырғанда, дінмен (христиан, иудаизм) тікелей байланысты
ежелгі еврейлер әдебиеті айтарлықтай толық жеткен. Дін басыла-
ры көптеген ғасыр бойы өз уақытының түсінігі, идеясы тұрғысынан
жәдігерлерді таңдау, түсіндірме беруде үлкен жұмыстар атқарған.
Атап айтқанда, бүгінгі заманның зерттеушілерін Інжілде бар
мәліметтерді тарихи бастау ретінде байқап пайдалануға итермелейді.
256
Өйткені, бұл ежелгі наным аңыздарына (предания) деген соқыр
сенімнен арылуды талап етеді.
Еврейлер семит тілді тайпалардан б.д.д. ХVІІ ғасырда бөлініп
шыққан. Бұл туралы Інжілде арабтар мен еврейлердің түпкі бабасы
болатын Авраам туралы аңыз мәлімет береді. Аңыз бойынша, Авра-
ам халдей болған. Арман болатын жер Ханаанды іздеп, ұзақ сапар
шеккенге дейін халдейлердің Ур қаласында тұрған.
Інжілде б.д.д. 1900 жылдар шамасында Авраамның отбасымен
бірге туған қаласы Урды тастап, жаңа жер іздеп, батысқа аттанғаны
жазылды. Бұл Інжілде: «...халдей Урынан шықты, солармен бірге Ха-
наан жеріне бару үшін», – деп көрсетіледі. Осы мәліметте еврейлер
ата-бабасының қайдан шыққаны туралы тарих айтылған.
Б.д.д. ХVІІ ғасырда ежелгі шумерлер қаласы Урды Вавилон пат-
шасы Хаммурапи жаулап алып, қиратқан. Зерттеушілер еңбектерінде
еврейлер ата-бабасының Урдан көшуіне бір себеп осы болуы мүмкін
деген де болжам жасалады. Олардың Евфрат өзенінен өтуіне орай, ев-
рейлер (эвер сөзінен иврим – «бөтен жақ») деп аталғаны көрсетіледі.
Міне, осы, Авраамнан басталған еврейлер тарихы кейін әлемдік
өркениет тарихымен ұштасып, оған үлкен әсерін тигізеді.
Авраам ғаламды көрінбей басқаратын жалғыз, бір құдайдың бар
екендігіне сенді. Халдейлердің Ур қаласынан батысқа ұзаған сай-
ын, бұл ой айқындалып, оған деген сенімі арта түседі. Авраамның
жүрген жолы көрсетілетін деректерден оның Мари патшалығындағы
Харан қаласына келгені, осы жерде әкесі мен аға-інілері қалып,
өзі жолын жалғастырғаны белгілі. Інжілде Авраам сенген, көзге
көрінбейтін құдайдың оған және оның ұрпақтарына Ханаан елін бе-
руге уәдесі жазылады. Әйелі Сарра, үй жиһаздарын алып жүретін
қызметшілері, табын-табын малдарымен арман болған жерге бет
бұрып, 900 шақырымнан астам жол жүреді. Авраам Ханаанның
жергілікті халықты қызықтырмайтын, шапқыншылардың қолы жете
бермейтін қыратты жеріне келіп, ешкі терісінен тігілген шатырларға
орналасады. Осы жерде оның мұрагері Исаак дүниеге келеді. Хетт
Эфроннан Махпела үңгірін сатып алған ол, қайтыс болған әйелі Сар-
раны сонда жерлейді.
Байырғы Ханаан халқы, негізінен, жазық жерде арпа, құрма паль-
малары және ірі қара мен ұсақ мал өсірген ел еді. Қалалардың көбі
мықты мұнаралары бар қорғандармен қоршалды. Бұған, салыстыр-
257
малы түрде, таяуда археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген
Шхем (Сихем) қаласының мықты қорған қабырғалары мен биіктігі
20 метрге жақын мұнаралары мысал бола алады. Інжілде «Жасы
жетіп қартайған» Авраамның Исаакты үйлендіру үшін Харанға адам
жібергені, өзінің туыстары арасынан оған қалыңдық таңдағаны,
кейін уақыты келгенде Исаактың ұлы Иаковтың да өзінің туысы –
немере ағасы Лаванға ұзақ жыл қызмет көрсетіп, оның екі қызы Ра-
хила мен Лиске үйленгені, олардың Иаковқа он екі ұл тауып бергені
жайлы айтылады.
Сонымен, еврейлердің арғы аталары – Авраам, Исаак, Иаков
Ханаан жерінде тұрғылықты өмір сүреді. Иаков Ханаанға келе жа-
тып, Яббок өзенінен өткеннен кейін, бейтаныс біреуді кездестіріп,
сонымен күреседі. Содан соң бейтаныс өзінің Құдай жіберген
періште екенін айтып, Иаковқа Израиль (Исраэль) – яғни, «құдаймен
күрескен» деген ат қояды. Інжілде Иаковтың балалары Израиль
ұрпағы деп аталғаны көрсетіледі.
Ханаанға құрғақшылық, жұт келгенде Иаков Нил өзені
бойының құнарлы жерін есіне түсіреді. Бұл кезде Иаковтың әуелі
құл болған, кейін перғауын жанындағы жоғары мәртебелі адам
дәрежесіне көтерілген баласы Иосиф Мысырда тұратын. Соның
шақыруымен, Иаков отбасы және мал-мүлкімен Мысыр шекарасы-
на жақын келіп, жауапты адамдардан уақытша өмір сүруге рұқсат
сұрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |