Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет97/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

ЕЖЕЛГІ ЕУРАЗИЯ
Сайын Дала мәдениетінің әрқашан қоршаған орта заңдылық- 
тарына тәуелді болғаны белгілі. Ұзаққа созылған қуаңшылық, 
жұт жылдары халық басына түскен ауыртпалық қаншама үлкен 
болғанымен, көшпенділер өмірі «жауын-шашын өзінің қалыпты 
жағдайына келуімен, жер бетінің құлпырған жайылым-шалғынымен 
бірге адам тірлігі де қалпына түсіп, молшылыққа кенеледі» [185. 8 б.].
Айтулы табиғи апаттар әлеуметтік, мәдени дамуды, этногенезді 
өзгерте алған жоқ. Ол тек халықтың шаруашылығы арқылы көшпенді 
мемлекеттердің экономикалық, соғыс күші деңгейіне әлсірететін 
әсерін тигізеді. Дегенмен, тіршілікке қолайлы жағдай туындағанда, 
тұрмыс қалпына қайта түседі, жанданады. Бұл Ұлы Далада ешқандай 
мемлекеттік өзгерістер болған жоқ дегенді білдірмейді. Батыс пен 
Шығыстың отырықшы елдерімен салыстырғанда даму деңгейі кем 
де болған жоқ. Еуропалықтарға ұқсамаса да, бар әлемдегі тәрізді 
әлеуметтік алға басу болды. Көшпенділер адамзат тарихы мен 
мәдениетінде еуропалықтар мен қытайлар, мысырлықтар мен пар-
сылар т.б. кем рөл атқарған жоқ. Тек әрбір этнос тәрізді олар ерекше, 
өзіндік қайталанбауымен ерекшеленді [185. 8 б.].
Сайын Дала сырттан қарағанда ғана құнарсыз, жабайы, өзіндік 
мәдениетін қалыптастыруға қырсыз сияқты болып көрінетін. Ол 
шығыста ежелгі Қытаймен, батыста ежелгілігі бұдан кем соқпайтын 
Батыс Еуропа өркениетімен, солтүстігінде өткелсіз тайгамен шека-
ралас болды, шектелді. ...Осы әр түрлі халықтар қоныстанған, түрлі 
шаруашылық дағдылары, қалыптасқан 
діні, 
әлеуметтік 
құрылымдары, 
құлықтылық қалыптарымен халықтар 
қоныстанған географиялық бүтін 
аймақты өзге жұрт қандай да бір 
тұтастық ретінде сезінетін, – дейді 
Л. Гумилев. 
Жеке рулар мал-жанымен далалық 
кеңістікте өмірге қолайлы жерлерге 
орын ауыстырып отырады. Деген-
мен, көшпенді тірлік сайын даладағы 
бағытсыз кезбелікті білдірмейді. Ол 
Суретте: қолданыста


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет