Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет91/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

табылған бұйымдар [108], [109]
Финикия мануфактураларында металдан, піл сүйегінен, қара 
ағаштан озық үлгідегі бұйымдар жасалды; жүннен, жібектен қымбат 
маталар тоқылды. Әсіресе, тұқымы ерекше ұлудан алынған қызыл-
күрең бояумен боялған маталар аса жоғары бағаланады. 
Ежелгі заманның көптеген жаңалығы мен өнертапқыштық 
әрекеттері финикиялықтарға таңылады. Мысалы, алғашқы кезде 
өте қымбат бағаланған, үйдің бөлмелері мен киімдерді әшекейлеуге 
пайдаланылған шыны жасау өнері. Ауа-райы қолайлы, жылы 
аймақта өмір сүрген ежелгі адамдардың үйлерінің терезелері әйнек 
салынбай тек жапқыштардан ғана тұрған. Ал ыдыстар саз немесе 
металдан жасалған. 
Б.д.д. ІІ мыңжылдық соңында финикиялықтардың әріптік 
жазу өнерін өмірге әкелуі мәдениет дамуындағы ірі жетістік бол-
ды. Жоғарыда Қосөзен елдерінде жазу өнерінің эволюциясы сөздік-
буындықтан таза буындық жүйеге бірізді дамығанын көрсеткенбіз. 


250
Енді финикиялық алфавиттің тек дауыссыз дыбыстарды білдіретін 
24 таңбадан тұрғанын айтқан орынды. Бұл тіпті «әріптік жазу бол-
ды», өйткені дауыстыны болжауға болатын еді (зерттеушілер: дау-
ыссыз дыбыстар «нөлдік», демек қалайда дауысты болады дегенді 
айтады). 
Финикиялық 
әріптер 
жазудың 
буындық жүйесі мұрасын сақтады. 
Мұның пайда болуы мәдениет дамуының 
өте маңызды жетістігі еді.
Б.д.д. VІІІ ғ. гректер Финикия 
алфавиті негізіне дауыстылар үшін 
бірнеше таңбаны қосып, фонетикалық 
жазу өнерін өмірге алып келеді. Ол басқа 
жазу өнері жүйелерімен салыстырғанда 
өзінің қарапайымдылығымен үлкен 
артықшылыққа ие болады. 
Қол өнері шеберлері мен суретшілер 
арасында Финикияның сәулетшілері мен 
тас қалаушыларының атағы шығады. 
Ғалам туралы. Элдің жеңісі ғаламға 
ақтық түрді берді. Көзге көрінетін әлем 
үстіне аспан мұхиты орналасты. Осы 
жоғарғы мұхитта аспан құдайлары 
тіршілік етеді, солардың ішінде Баал-Хаммон және Тиннит бар. Ал 
осы мұхит астында күн, жұлдыздар және жарық шырақтарымен 
көзге көрінетін аспан орналасқан. Ең төменде астыңғы мұхит 
жайылып жатыр. Осы аспан және жер асты мұхиттары ортасын-
да өзендері, көлдері, теңіздерімен жер орналасқан. Бұлар әлемдік 
екі мұхитпен қосылатын тәрізді. Осы екі мұхит, бірегей ғарыштық 
ағымды құрайды. Оның белгісі өз құйрығын өзі жұтып жатқан, доға 
бойымен жиырылған жылан еді. Оның бейнесін ғибадатханалардан 
жиі көруге болады. 
Финикиялықтар діні негізінен аспан жарық жұлдыздарына табы-
нудан тұрады. Олар күнді Ваал немесе Молох құдай, ал айды Астар-
та немесе Танита құдай әйел деп таныған. Түсінік бойынша, Молох 
қатал және кекшіл. Жазғы жан төзгісіз ыстық, аңызақ – осы құдайдың 
әрекеті... Сондықтан оның көңілін аулау үшін үлкен құрбандықтар, 
Суретте: 3-бағана, б.д.д.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет