Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет18/60
Дата06.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#55473
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60
Екінші тарау
ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНЫҢ ЕРТЕГІДЕН 
БАСҚА ЖАНРЛАРЫ
(Аңыздық проза)
АҢЫЗДЫҚ ПРОЗАНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Соңғы жылдарға дейін жанр мәселесіне фольклортану ғы­
лы мынан гөрі әдебиеттану ғылымы көбірек көңіл бөліп келгені 
мәлім. Әсіресе, кейінгі жылдары әдебиеттануда жанрдың 
табиғаты мен даму заңдылықтары әдебиет теориясы тұрғысы­
нан ғана емес, сонымен бірге әдебиет тарихы мәселелерімен де 
ұштастыра зерттеліп келеді. Мұндағы бас ты тенденция – әде­
биеттің даму кезеңдерін жанрлық тұрғыдан қарастыру, яғни 
әдебиет тарихын жанрлардың даму ерекшеліктерімен бай­
ланыстыра зерттеу.
Алайда, осы тенденция ұлттық фольклортануымызда әлі 
ауыз толтырып айтатындай болған жоқ. Бізде әлі күнге дейін 
фольклор жанрларының шығу тегіне, дамуына арналған ең­
бектер жазылмай жатыр. Рас, көңілге демеу болатын бір 
нәрсе – қазақ фольклорын типологиялық тұрғыдан зерттеу ісі 
бір шама жолға қойылғандығы
1
. Бірақ бұл жеткіліксіз, әсіресе, 
фольклордың әр жанрын зерттеу қажеттігін еске алсақ, ти­
пологиялық принцип басты әдіс болмақ.
Академик М.Б. Храпченко айтқандай, типологиялық зерт­
теу дегеніміз – тек ұқсас құбылыстар мен олардың өзара 
байланыстарын ғана қарастырып, олардың қайталанушылық 
қасиетін анықтап қана қою емес, ол белгілі бір әдеби­эсте ти­
калық тұтастық туралы айтуға мүмкіндік беретін принцип тер 
мен бастамаларды ашу, сондай­ақ бұл құбылыстың белгілі бір 
типке, текке қатысты екенін көрсету
2
.
Еңбегіміздің бірінші тарауында халық прозасын үлкен екі 
топқа бөлгенбіз. Ол – аңыздар (аңыздық проза) және ертегілер 
(ертегілік проза). Ал ендігі мақсатымыз: біріншіден, аталған 
екі топтың ортақ қасиеттерін ашу; екіншіден, екі топқа кіретін 
прозалық жанрларды анықтап, мүмкіндігінше олардың шы ғу 


[
68
]
тегі мен даму жолын шолу. Әр жанрды жан­жақты си паттау; 
үшіншіден, прозалық жанрлардың әрқайсысының өзін 
ді­
гімен қатар типологиялық қасиеттерін ашу. Әлбетте, бұдан 
басқа да қосымша міндет­мақсаттар болатыны айтпаса да тү­
сінікті, себебі ғылыми жұмыс қатып қал ған догма бойынша 
жүр гізілмейді. Сонымен, ендігі әңгіме аңыздық прозаға енетін 
жанрлар жайлы болмақ.
«Сахарада көшіп жүрген, күнделікті өмірі жазда, күзде, 
тіпті жыл бойы дерлік кең далада, төңкерілген ашық аспан 
ас 
тында, өзен­судың жағасында өтетін елдің өзін ұдайы 
табиғаттың аясында, құшағында отырғандай сезінуі таңға­
ларлық нәрсе емес. Даланың сайы, белі, тауы­тасы, өзен­көлі – 
қыр адамы кезінде бір көріп қызықтайтын ғана көрініс емес, 
оның ғұмыр кешетін, ұдайы малын бағып, орын теуіп отырған 
ортасы, мекен­жайы. Айналасындағы табиғаттың әр сипат 
белгісі оның ой­санасында ерекше орын алады»
3
. Олай болса, 
қазақ фольклорында жаратылыстың әр түрлі көріністері ту­
ралы, неше түрлі формадағы тастар мен шың­құздар жайлы, 
сондай­ақ сырт түрімен ерекшеленетін тау, шоқы, өзен­көлдер 
жайында ертегіден басқа небір әдемі аңыздар мен әңгімелердің 
болуы – табиғи нәрсе.
Халық прозасының ертегіге жатпайтын жанрлары (әсіре­
се, жай әңгіме, хикая және аңыз) өзінің табиғаты мен мүд­
десіне қарай баяндап отырған оқиғаларын барынша шын 
етіп көрсетуге тырысады, әрбір фактіні өмірде болған деп ха­
барлайды.
Аңыздағы, әпсанадағы, мифтегі, хикая мен әңгімедегі 
баян далатын оқиғалар айтушы мен тыңдаушыларға, жалпы 
көпшілікке шын болып көрінуге тиіс, өйтпеген күнде ол шы­
ғармалардың ел үшін құны болмайды. Бұл шығармаларда да 
қиял белгілі бір дәрежеде орын алады. Бірақ мұндағы қиял 
мен ертегідегі қиял бірдей емес. Ертегіде қиял болуға міндетті 
деп саналады және ол көркемдеу құралы болып есептеледі. 
Ал ертегіге жатпайтын прозалық жанрларда, яғни аңыздық 
прозада, қиял саналы түрде пайдаланылмайды. Оның себебі – 
мұнда қиял көркемдік қызмет атқармайды, ол өмірдің түсініксіз 
бір құбылысын немесе фактісін, түсіндіру мақсатынан пайда 


[
69
]
болады. Соның арқасында қиялдан туған нәрсе рас болған деп 
қабылданады және шындықтың өзі деп ұғынылады.
Халық прозасының әңгіме, хикая, аңыз, әпсана жанрла­
ры орындау кезінде күнделікті сұхбат­әңгімеден оншалықты 
дараланып, бөлектенбейді. Бұл жанрлардың шығармалары 
топ адамның өзара сұхбатында айтыла береді, себебі олар 
айтушы мен тыңдаушылар арасындағы әңгіме тақырыбына 
қатысты болып келеді. Сондықтан айтушы баяндап отырған 
аңыздың немесе хикаяның көркемдігін әрлендіріп жатпайды, 
оның міндеті – қажетті мәліметті, яғни оқиғаны хабарлау. 
Бұл жанрлардың ертегідей көркем болмайтыны осыған да 
байла нысты. Оның үстіне әр аңыз, хикая, әпсана, белгілі бір 
себепке, жиналған топтың сөз қылып отырған тақырыбына 
қатысты айтылады да, арнайы дайындықты қажет етпейді. 
Сол себепті бұларда көркемделген бастама мен аяқтама жоқ
уақыты бөлектеніп, тұйықталмайды. Демек, бұл жанрлардағы 
шығармалардың жалпы сапасы айтушы мен тыңдаушыларға, 
яғни орындалу жағдайына (ситуацияға) байланысты.
Егер тыңдаушыларға айтылатын аңыздың немесе хикаяның 
мазұнына қатысты, әйтпесе оған негіз болған түсінік­пайым 
беймәлім болса, онда айтушы алдымен әңгімесін сол түсінік­
пайымды ұғындыра баяндаудан бастауы мүмкін. Кейде осы 
түсіндірменің өзі бір әңгіме бола алады. Ол танымдық қызмет 
атқарады. Мұнда хабар формасы басым.
Ал егер тыңдаушы адамдар жиналған қауымға ортақ тү­
сінік­пайымдармен таныс болса, онда айтушы орындайтын 
шығармасын басқаша: не естелік түрінде, не әңгіме түрінде 
баяндайды.
Халық прозасының жай әңгіме, меморат, хикая сықылды 
жанрлары ылғи да дамыған, тұрақталған сюжетті пайдалана 
бермейді, онда сюжеттер кейде формасыз да бола береді, 
оқиғалар бейнеленіп отырған құбылыстың өзгеруіне байла­
нысты немесе сол құбылысты көрген әңгімешінің, айтушының 
көңіл күйіне байланысты бір­біріне жай ғана тізбектеліп қо­
сыла беруі мүмкін. Айтушы көрген немесе басынан кешкен 
оқиғаны жай ғана баяндап қоймайды, ол оны іштей өзінше 
салмақтайды, оның мәнісін арттырады және баяндап отырып, 
оған түсініктеме береді. Баяндағанда, ол жай салдыратып сөй­


[
70
]
лей бермейді. Баяндауын бір ізге түсіреді, бір сюжет құрайды. 
Кейін бұл сюжет тұрақталып, ел арасына жайылса, оны әркім 
айтып жүрсе, ол сюжет фольклорлық сипат қабылдап, белгілі 
бір жанрға кіреді. Сөйтіп, бір адамның басында болған жағдай 
немесе болды деп баяндалған оқиға әңгімеге немесе меморатқа, 
я болмаса хикаяға айналады.
Міне, біз аңыздық прозаға кіретін жанрлардың қайсысы 
бұрын және қалай пайда болған деген мәселеге келдік. Ал бұл 
сауалды бірден шеше қою мүмкін емес. Сонда да болса қой­
ылған мәселені мүмкін қадарымызша шешіп көруге тырысып 
көрейік.
Сонымен, аңыздар тобына кіретін жанрлардың басты ерек­
шелігі – олардың көркемдік жағынан қарапайымдылығы 
мен тыңдаушыларды барынша иландыратындығы. Бұл – 
біріншіден. Екіншіден, аңыздық проза жанрларының бас ны­
санасы – ғибрат, білім беру, яғни олар танымдық қызмет ат­
қарады.
Аталған ортақ қасиетімен бірге аңыздар тобындағы жанр­
лар шығу тегіне, яғни пайда болу жағдайына байланысты бір­
бірінен ерекшеленіп те тұрады. Кейбір жанрлар шындық пен 
қиялдың қосындысынан пайда болса, кейбіреулері өмірдің 
өзінен тууы мүмкін. Ал енді біреулері таза қиялға негізделуі 
ықтимал. Сонда бұл жанрларды шығуы мен даму жолына қарай 
қатарлағанда қай принципті ұстаған дұрыс: а) шығарманың 
мазмұнына қарау керек пе? ә) әлде шығармадағы шындықтың 
(болмыстың), я болмаса болған оқиғаның көрінісін ескеру 
қажет пе? б) немесе өмірде үзіліссіз күнде туып, күн өткен 
сайын фольклорға айналып жататын шығармаларды алға қою 
керек пе? (алғашқы қауымда да күнделікті ауызекі әңгіме 
туып отырған ғой және олар бірте­бірте фольклорға айналып 
отырған, т.т.).
Мұндай сұрақтар көп және ғылым оған әлі дәлелді жауап 
таба алған жоқ. Біз өз материалымыздың жай­күйі мен ерек­
шелігіне сүйене отырып, мынандай шартты ұстанғанды жөн 
көрдік. 
Аңыздар тобына кіретін жанрларды шығарманың мазмұ­
нына және онда қаншалықты нағыз шындыққа жанасатын 
оқиға баяндалатынына қарай топтауға болатын сияқты. 


[
71
]
Сонда атам заманда, адам жаңа адам болып келе жатқан кезде 
«болған оқиға» жайлы баяндайтын шығарма, әрине, бірінші 
қатарда қаралу керек. Ондай шығармалар миф пен хикая 
жанрларына кіреді. Мұнда өмір көріністері айқын болмайды, 
кейіпкерлердің іс­әрекеттері бұлыңғыр көрінеді.
Бұлардан кейінгі ретте жай әңгіме мен таза аңыздар тұрмақ. 
Олардың негізгі мазмұны – дені өмірден алынған, не өмірде 
болған жайттар болып келеді.
Содан кейін әпсана­хикаят болуға тиіс. Себебі алдында 
айтылған жай әңгіме мен аңыз бірте­бірте хикаятқа айналады, 
мұнда алғашқы реальді оқиға көмескіленіп, қиял араласып, 
шығарма көркемделе бастайды. Сонымен қатар әпсана­хикаят 
өз бетінше де туып жатады. Олардың оқиғасы көбінесе ойдан 
шығарылады.
Әрине, біздің бұл реттеуіміз даусыз емес. Мысалы, аңыздық 
прозаның шығып, даму жолын былай да қарастыруға болар 
еді. Алғашқы рулық замандағы бір адам (батыр, мерген) аңда 
немесе жорықта жүріп, өзінің басынан кешкен бір оқиғаны 
руластарына айтып беруі мүмкін. Бұл – жай әңгіме. Оны естіген 
адамдар енді басқа біреулерге айтады, айтқанда өз жанынан 
желі қосуы да мүмкін. Ал одан естіген кісі тағы біреуге айтады, 
ол да өзінше баяндайды. Сөйтіп, алғашқы жай әңгіме хикаяға, 
бірте­бірте аңызға айналады. Біраз уақыт өткен соң ол аңыз 
біршама көркемделіп әпсана­хикаятқа айналуы мүмкін. Міне, 
бұл – өмір шындығына тікелей қатысы бар жанрдың даму 
жо
лы. Және бұл жанрлар бір ғана дәуірде, бір ғана қоғамда 
тумайды. Олар адамзат тарихының барлық кезеңінде туып 
отырады.
Ал миф олай емес. Миф – тек алғашқы қауымның ғана 
жемісі, ол кейінгі замандарда тумайды, керісінше мифтік 
(яғни «киелілік») қасиетін жоғалтқан соң ертегіге айналып 
кетеді. Мифтің тағы бір ерекшелігі – өмірдегі нақты бір оқи­
ғадан алшақтығы. Бұл жағынан келгенде, мифте біршама 
абстрактілік бар деуге болады, бірақ ол абстрактілік алғашқы 
кезде қиял деп түсінілмеген...
Міне, аңыздық проза тобындағы жанрларды осылайша да 
қарастыруға болады. Ал, біздің ұстанып отырған шартымыз 


[
72
]
бұған қайшы келмейді, қайта халық прозасын басқа бір қы­
рынан тануға мүмкіндік береді.
МИФ
Осы күнге дейін біз қазақ фольклорында миф жанры бар 
деп айтпаппыз. Көбіне мифологиялық түсініктер, мотивтер, 
кейіпкерлер бар деп жалпылама түрде айтып, сырғып өтеді 
екенбіз. Оның басты себебі, біздің ойымызша, миф жанрын 
еуропалықтарша түсінгендіктен. Әдетте миф десе ойымызға 
ежелгі Грекия мен Римнің тамаша әңгімелері түседі (оның 
үстіне «миф» деген де грек сөзі ғой). Міне, сол өлшеммен 
келеміз де, қазақ фольклорында миф жоқ дейміз, тіпті бар ма 
екен деп іздемейміз де.
Соңғы ширек ғасыр ішінде әлем фольклортануында (әде ­
би 
ет пен әдебиеттануда да) мифке деген көзқарас, ынта 
күрт өзгерді. Азия, Африка, Америка, Австралия елдерінің 
отарлықтан құтылып, өз экономикасын, мәдениетін, тарихын, 
әдебиетін зерттеп, дамытуы арқасында мифке деген ықылас 
айрықша өсті. Осының нәтижесі ретінде миф жанрына арналған 
қомақты да мазмұнды зерттеулер әр тілде жарық көрді. Біраз 
еңбек Совет Одағында да баспадан шықты
4
.
Ғылымда мифке берілген анықтама өте көп. Анықтамалар­
дың көпшілігі антика дәуіріндегі дамыған мифологияға арнал­
ған және мифтің атқаратын қызметіне (түсіндірмелі, психо­
логиялық, социологиялық, т.т.), оның дінмен, өнермен, фило­
со фиямен, әр түрлі ырымдармен, ертегімен және әпсана­хи­
каятпен арақатынасына байланысты негізделген.
Егер барлық анықтаманы жиынтықтап айтсақ, үлкен екі 
топқа бөлінеді: біріншісі, миф дегеніміз – дүние туралы фан­
тастикалық түсінік, әлемде билік жүргізетін құдайлар мен 
рухтардың ғажайып образдарының жүйесі (системасы), екін­
шісі, миф дегеніміз – құдайлар мен алыптар жайындағы ауы­
зекі әңгіме.
Бірақ Австралия, Океания, Африка, Чукотка елдерінің 
мифтерін зерттеушілердің айтуына қарағанда, миф тек қана 
таза түсінік күйінде, я болмаса тек таза әңгіме түрінде кездесе 


[
73
]
бермейді. Демек, мифология дегеніміз мифтік әңгімелердің 
жиынтығы ғана емес. Кейбір мифологиялық түсініктер әң­
гімеде емес, ырымда ғана бой көрсетеді. Тіпті көп жерлерде 
миф пен басқа фольклорлық прозаны ашып айырмайды, себебі 
миф тарихи негізі бар аңыз, хикаят, тіпті ертегі сипатта да 
баян далады.
Міне, осының бәрі миф жанрының фольклортануда әлі де 
айтарлықтай зерттелмегенін дәлелдесе керек.
Біздің қазақ фольклоры тұрғысынан қарағандағы миф деп 
отырғанымыз – әлемдік мифология ауқымынан шықпайтын, 
тіпті типологиялық сипаты оған сәйкес келетін дүниенің, жа­
ратылыстың әр түрлі құбылыстары мен жердің жаратылуын, 
адамзаттың алғаш қалай пайда болғанын және аңдар мен 
құстардың шығу тегі мен мінез­құлқын, ерекшеліктерін 
түсіндіріп баяндайтын прозалық шығармалар. Типологиялық 
сипатына орай, қазақ мифі ежелгі (архаичный) классикалық 
мифтер түріне жақын. Мифтің поэтикасын зерттеген ғалым 
Е.М. Мелетинский ежелгі классикалық мифтердің мынандай 
белгілерін көрсетеді: «қандай да болмасын заттың мәнін оның 
пайда болуымен байланыстыру, яғни заттың жаратылысын 
түсіндіру деген сөз – оның қалай пайда болғанын әңгімелеу; 
айналаны қоршаған дүниені сипаттау деген сөз – сол дүниенің 
пайда болу тарихын баяндау»
5
.
Ежелгі классикалық мифтің белгілері мұнымен шектел­
мейді. Архаикалық мифті сипаттайтын тағы да біраз нәрселер 
бар. Олар мыналар: мифтік уақыт пен мифтік сана; мифтік 
ұғым мен мифологиялық ойлау; осылардан барып мифтік 
дәуірде аспан мен жер – бір, адам мен табиғат – бір деп түсіну. 
Сол себепті ежелгі классикалық мифтің мазмұны – әлемнің 
(космостың) жаратылуы, алғашқы адамның дүниеге келуі мен 
оның жасампаздығы бо лып келеді.
Архаикалық мифтің кейінгі адамзат қоғамы мен санасының 
ілгерілеген кезіндегі мазмұны – адамды қоршаған дүниенің 
пайда болуы мен ерекшелігін, аңдар мен жануарлардың мі­
нез­құлқын түсіндіру болып келеді. Бұл мифтік сананың 
кейінгі, дамыған сатысы. Мұнда алғашқы қоғам адамы өзін 
табиғаттан бөліп алып, оған қарсы қоя бастайды. Табиғаттан, 
маңайды қоршаған дүниеден, аңнан, құстан өзінің ерекше 


[
74
]
екенін түсінген адам енді соның себебін іздеген. Сөйтіп, ол өзі 
туралы, аңдар мен құстар туралы миф туғызған. Бұл кезде миф 
бұрынғы ізбен, яғни ескі наным­түсінікті пайдалана жасалған. 
Бірақ бұл уақыттағы миф түсіндірмелі сипатта болған.
Архаикалық мифтің жанр ретіндегі тағы бір сипаты – ат­
қаратын қызметінің танымдық және көркемдігі мен қиялының 
қарапайым болуы. Ежелгі көне мифті алғашқы қауым адамы 
қиял деп есептемеген, оған, оның оқиғасы мен мазмұнына 
кәміл сенген. Мифте қиял бар деген түсінік біздерде ғана, ал 
мифтік дәуірдегі, мифтік санадағы адам оны таза шындық деп 
қабылдаған. Мифтің бұл қасиеті ту ралы белгілі совет ғалы мы 
М.И. Стеблин­Каменский былай деп жазады: «Миф дегені­
міз – өзінің пайда болып, өмір сүрген ортасында, қаншалықты 
шындыққа ұқсамаса да, ақиқат деп қабылданған әңгіме...
...Бірақ та мифті зерттейтін адам, әрине, оған сенбейді. Сол 
себепті ол мифті қиял емес деп айта алмайды. Алайда, мұ­
нысымен ол миф мазмұнын шындық деп қабылдайтын сананың 
орнына өз санасын, яғни мифті тек қиял деп түсінетін сананы 
қойып отыр»
6
.
Расында да, қазіргі зерттеуші – біздің түсінігімізде миф – 
қиялдан туған әңгіме. Ал біздің бұрынғы бабаларымыз, тіпті 
революцияға дейінгі, ол аз болса одан бертінгі кезде өмір сүрген 
қариялар қазақ арасында айтылған аңыздар мен мифтерге 
иланған, ондағы оқиғаларды баяғыда болған деп ойлаған. Сәкен 
Сейфулиннің айтуынша, «адам ол заманда түрлі хайуандар 
туралы, жаратылыстың түрлі заттары, құбылыстары туралы 
әңгіме қылғанда, өздерінің түсінулеріне шындап нанып әңгі­
ме қылатын. Және оларды неше түрлі «керемет», «сиқыр» іс­
теуге, неше түрлі құбылуға қолдарынан келеді деп те сенген. 
Солардың бірін әңгіме қылған өзінің қиялын шын тәрізді 
қылып айтатын.
Сонымен бұрынғылар шын деген әңгімелер соңғыларға ер­
тек болып қала берген»
7
.
Демек, бұрын қазақтар өздері айтатын мифтер мен аңыз­
дарға сенген. Қазақтың мифтері өзінің барлық компоненті 
жағынан жоғарыда белгілерін сипаттаған көне классикалық 
мифпен жақын. Онда сол архаикалық таза күйінде болмаса да, 
көне заманғы мифке тән мифтік сана, уақыт, мифологиялық 


[
75
]
ұғымдардың іздері айқын көрінеді. Қазақ мифінен мифтік 
сананың дамуындағы екі сатыны да, космос моделін де, ілкі 
атаның жасампаздығын да, адам мен табиғаттың қарсы қоюын 
да, аң мен құстардың мінез­құлқын түсіндіріп әңгімелеудің де 
көріністерін табуға болады. Енді осы ойымызды дәлелдейік.
Дүниенің осы күнгі көрінісі – жер беті, аспан шырақтары, 
аңдар мен құстардың, өсімдіктердің түрлері, адамдардың өмір 
салты, әлеуметтік топтар, діни қағидалар, яғни өмірдегі барлық 
нәрсенің қазіргі күй­жайы – миф бойын ша атам заманда болған 
оқиғалар мен тіршілік еткен мифтік адамдардың іс­әрекетінің 
нәтижесі.
Мифтегі оқиғалардың болатын шағы – мифтік дәуір. Ол 
қа сиетті уақыт деп есептелген, себебі барлық заттың пайда 
болуы, осы күнгі түр­түсі, ерекшелігі сол заманда орныққан 
деп түсінілген. Мифтік сана бойынша, заттың мәнін ұғу үшін 
оның шығу тарихын білу керек, яғни заттың мәні мен тегі 
теңестіріле байланыстырылған. Қай заттың болса да шығу 
тегін білмейінше, оны пайдалануға болмайды. Міне, мифтің 
көбінесе этиологиялық болатыны осыдан.
Алғашқы қауым адамының ойлау қабілеті абстракті түсі­
ніктерді қабылдамаған, сол себепті ол дәуірде субъекті мен 
объектіні, зат пен оның атауын, көп пен азды, уақыт пен 
кеңістікті айыра алмаған. Соған қарамастан алғашқы қауым­
дық логика айтарлықтай абстрактілікке бара алған, әйтпесе 
мифологиялық түсінік пайда болмас еді. «Таза мифологиялық 
ойлау» дегеніміздің өзі – белгілі бір дәрежедегі абстрак­
ция», – деп жазады Е.М. Мелетинский. Мұның таңданарлық 
ештеңесі жоқ. Себебі көне қоғамдағы өндірістік практика мен 
техникалық тәжірибеден туындайтын әр түрлі импульстер 
болды. Сөйте тұра мифологиялық ойлаудың химиядағыдай 
таза күйінде анықталмайтындығының өзі оның адамзат 
мәдениеті тарихының, тіпті сананың өзінің ең көне «синкреттің 
фазасымен төркіндес екенін көрсетеді»
8
.
Мифтік санаға рух пен табиғаттың бірлігі тән. Осыдан барып 
оның негізі болып теңдік заңы (закон тождества) саналады. 
Өзінің даму жолында мифтік сана екі түрлі сатыдан өтеді деуге 
болады. Бірінші кезеңде рух пен табиғат (духовное и природное) 
толық тең, яғни бір болып көрінеді. Екінші кезеңде адамның 


[
76
]
табиғат қойнауынан алшақтауына байланысты жаңағы айтқан 
теңдік бұзыла бастайды.
Табиғаттағы дүниенің бәрі бірдей деген алғашқы мифтік 
сана әлемдегі жанды және жансыз, өлі мен тірі нәрсені анық 
жіктемеуден туған. Бұл түсінік мифтік санаға тән ани мизмді, 
яғни дүниедегі нәрсенің бәрінің жаны бар деген се 
німді 
туғызған. Сол себепті революциядан бұрын қазақтар «жа­
ратылыстың барлық түрлерін, барлық хайуанаттарын адамша 
ақылды, адамша тіршілік қылады деп білген»
9
.
Мифтік сананың алғашқы кезеңінде адам өзі мен жануардың 
арасына жік қоймаған. Сол себепті, мысалы, австралиялықтар 
мен океаниялықтардың көне мифінде адам мен жануар да­
раланбайды. «Бұл оқиға аңдар адам кезінде бол ған еді», – деп 
басталу ол мифтерде заңдылық.
Адам мен жануарды бөлмеу, адамды екі кейіпті болады деп 
түсіну ол замандағы миф кейіпкерін жартылай адам, жартылай 
жануар түрінде бейнелейді, яғни зооантропоморфтық образ 
жасайды. Бұл, әсіресе, тотемдік мифтерде кең етек алған, ал 
кейінгі дәуірлерде мифтің басқа да түрлерінде орын тепкен. 
Әдетте, көне тотемдік мифтерде бір рулы ел мен белгілі бір 
жануарлар тобының тотемдік атасы – бір аң деп баяндалады. 
Бұл мифтердегі кейіпкерлердің өзгеруі – әлі таза құбылу емес, 
бұл мақсатты құбылуға апаратын жол. Мақсатты құбылу ке­
й 
ін, мәселен, ертегі жанрының бір белгісіне айналады. Ал 
то темдік мифтегі қаһарман кейпінің өзгеруі шын мәніндегі 
құбылу деп саналмауы керек, себебі мұнда, сол кездегі сана 
бойынша, қаһарман адам кейпінде де, жануар түрінде де көріне 
береді. Бір­екі мысал келтіре кетейік.
Қиыр солтүстікте, Қола түбегінде тұратын лопар елінің миф­
тері былай деп баяндайды: «Бір Мяндаш­қыз деген әйел­бұғы 
болыпты. Бір күні ол бұзау­ұл туыпты. Біраз уақыт өткеннен 
кейін бұзау­ұл жап­жас бұғы Мяндаш­жігітке айналыпты. Әлгі 
бір айналып еді – кәдімгі адам кейпіне келді. Мяндаш­қыз да 
айналып еді – ол да адам түріне келді»
10
. Тағы бір мысал: «Өте 
ерте заманда бір сиқыршы кемпір болыпты. Ол адам түрінде 
жүруден әбден жалығыпты. Содан бір күні әлгі кемпір жабайы 
ұрғашы бұғыға айналып кетіпті. Тағы бұғылармен қанша 
жүргенін кім білсін, әйтеуір жаңағы ұрғашы бұғы буаз болып 


[
77
]
қапты. Туатын күні жақындаған кезде мен қалай бұғы туамын 
деп қорқып, ол қайтадан әйел қалпына келіпті»
11
.
Келтірілген екі мифте де адам мен жануарлардың арасында 
жік жоқ. Мұндағы кейіпкерлер біресе адамға, біресе аңға оп­
оңай айналып кетеді. Бірақ осы айналуда өзгешелік бар. Ал­
ғашқы мысалдағы бұғылардың адамға айналуы әлі жете мақ­
сатты емес.
Ал екінші мысалдағы құбылу басқаша сипатта: кәрі мыстан 
әйел еріккеннен ұрғашы бұғыға айналады, кейін корыққаннан 
ол қайтадан адам қалпына келеді.
«Мифтік дәуірде адам өзінің әр түрлі жанды­жансыз нәрсе­
нің кейпіне кіріп, өзгеріп кететіндігіне кәміл сенген... Бұл 
дәуірде адам өзін­өзі бірде аспандағы аққу кейпіне, бірде жор­
тып жүрген жолбарыс кейпіне ауыса алады деп сенген»
12
.
Мифологиялық ойлаудың кейбір ерекшеліктері көне за­
мандағы «жабайы» адамның өзін­өзі маңайдағы табиғаттан, 
әлемнен бөлмеуінің салдарынан пайда болған. Ол кездегі адам 
өз қасиетін табиғатқа, оның белгілі бір құбылысы мен объек­
тісіне теліген, олар да адам сияқты өмір сүреді деп ойлаған. 
Өзін қоршаған дүниені адам қалпында қабылдамаса, алғашқы 
қауым адамдары мифті де, ондағы кейіпкерлерді де, анимизм, 
фетишизм, тотемизм сияқты діни нанымдарды да шығармаған 
болар еді.
Дүниедегі нәрсенің бәрі бірдей деген түсінік мифтің негізгі 
функциясымен, яғни себепті­түсіндірмелік (этиологиялык) 
қызметімен тікелей байланысты. Соған қарамастан кейде миф­
тің түсіндірмелік қасиеті болмауы да мүмкін. Мысалы, қазақ 
ертегілерінде кездесетін мифтерде «өлі» «тірі» деген ұғымдар 
бөлектенбейді. Мифтік сананың алғашқы кезеңіне тән мұндай 
өлі мен тірінің бірлігі, толық теңдестігі (тождество) дүние өмір 
бақи болады деген түсінік туғызған. Із­түзсіз ештеңе жоғалып 
кетпейді. Өлім – алғашқы жағдайға қайтып келу. Қазақтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет