Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет42/60
Дата06.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#55473
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60
СЫҚАҚ (САТИРАЛЫҚ) ЕРТЕГІ
Егер ғибраттық ертегілер адамның басынан кешкен шы­
тырман, қызғылықты да әдеттен тыс уақиғалармен бай ланы­
сты болса, ал сықақ ертегілер қанаушылар мен арам 
тамақ 
құзғындарды әшкерелеп, әдеттегі ауыл өмірін бейнелейді. 
Новеллалық ертегілер белгілі бір тұрмыстық шындықты 
жақтауды, қандай да болсын кеселді келісті үлгі күшімен 
аластауды, әлдеқандай бір мораль уағыздауды мақсат тұт са, 
сықақ ертегілер қоғамдық дертті кекесінді де, кесіп тү сетін 
күлкі арқылы әшкерелеуді көздейді. Ғибраттық ертегілердегі 
уақиға хан сарайлары мен қалаларда өтеді. Ал сатиралық 
ертегілердегі уақиға орны – кәдімгі ауыл, кейіпкерлері – 
ауылдағы малшы мен бай, молда... Сықақ ертегілер – әлеумет­
тік мазмұны жағынан ширыға түскен, кемелденген сананың 
жемісі. Бай мен кедей бірімен­бірі тату тұрған ба? Сондықтан 
халық ертекте қанаушы тапты қатал әшкерелеп, қарапайым 
кедейдің байдан моральдық артықшылығын баса көрсетеді. 
Халықтың мәңгілік арман – қанаушыларын тізе бүктіру 
сатиралық ертегілерде көрініс табады. Әмбе бұл арман қой 
үстіне бозторғай жұмыртқалаған өмір аясында немесе құрғақ 
қиялда емес, күнделікті шындық өмірді бейнелейтін ертегіде 
жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, ертегі кедейдің өз күшіне 
деген сенімін арттыра түседі. Бұдан біз сықақ ертегілер­
дің халық прозасының басқа жанрларынан кешірек, таптық 
қоғамның кеселді дерттері барынша айқындалған дәуір 
де 
дүниеге келгенін байқаймыз. Қазақ сықақ ертегілері нің бізге 
жеткен сипаты, негізінен, XV–XVIII ғасырларда патриархалды­
феодалдық қоғам тұ сында қалыптасқан болу керек.
Сықақ ертегіде ақымақтар мен қу тазша, Алдар көсе
Қожанасыр бейнелерінің болуы – ертегілік прозаның жаңа 
көркем сапаға көшкенінің белгісі, өйткені бұл кейіпкерлер 
қоғамның дамуына сәйкес өзгерген халық дүниетанымына 
байланысты пайда болған. Басқаша айтқанда, ел енді ежелгі 


[
220
]
нанымдар мен салттарға сын көзбен қарап, оларды ұстанған 
кісілерді мазақ қылатын болған. Сол себепті ертегі кейіпкерінің 
бұрынғы жақсы қасиеттері (тектілігі, адамгершілігі, адалдығы, 
т.б.) басқаша бағаланып, кейіпкер өзгеше, тіпті бұрынғыға 
кереғар сипатталатын болған. Дүние өзгеріп кетті, ал ертегі 
кейіпкері сол қалпында қалған, сондықтан оның ескі салт пен 
түсінік­пайымға адалдығы елдің күлкісін келтіреді.
Ертегі кейіпкерінің өмір жағдайына бейімделе алмауы оны 
елге ақымақ қылып көрсетеді. Ол маңайындағы адамдарға 
ұқсамайды. Басқа жұрт есеппен өмір сүріп, өзіне қажетті ша­
руа істесе, ол керісінше істейді: қақпанға түскен аңдарды 
босатып жібереді, іші араға толы қапты сатып ала ды, өлген 
кісіні тірілтемін деп таяқпен сабайды
37
.
Алайда, бұл ертегілердің кейіпкері қаншалықты ақымақ 
болғанымен, ол – жаны таза, қайырымды, ешкімді жәбірлемей­
ді. Осы қасиеттері оны ертегідегі басқа кейіпкерлерден 
әлдеқайда артық етіп көрсетеді. Ертегі де, халық та сол жақта, 
оны ба қытқа кенелтеді. Ол – халық өте жоғары бағалайтын 
қасиет тердің иесі, сондықтан басқа адамдардың қадір­қасиеті 
сол арқылы бағаланады. Соның қасиеттері арқылы ертегішілер 
қайырымдылық пен әділеттіліктің идеалы осындай болса деген 
өз ойларын айтады.
Мұндай ертегілерде кейіпкерлердің іс­әрекеттері күл­
кілі етіп суреттеледі, олардың ақымақтығы ғажайыпты 
(фан 
тастикалы) емес, тұрмыстық (бытовой) қиял арқылы 
әшке 
реленеді. Ерте 
гілерде көрсетілген жағдайлар (күйеуін 
шешесіне тамаққа қанша тұз салу керек екенін біліп келуге 
жұмсау, күйеуінің өз есімін ұмытып қалуы, өзіне келген еркекті 
әйелдің сандыққа тығуы, т.т.) өмірде болуы мүмкін емес, ертегі 
сынға алып отырған нәрсе – осы «логикаға сыйымсыздық». 
Болмыстағы реалды нәрсені әдейі логикаға сыйымсыз етіп 
көрсету – тұрмыстық қиялдың көркем тәсілі.
Ақымақтар туралы ертегілерде тұрмыстық қиялдың ең 
басты шарты нығаяды: оның істері мен сөздерінде әдеттегіден 
тыс сипат (эксцентричность) басым болады, сөйтіп кейіпкер 
аңқау (чудаковатый) болып көрінеді. Бұл әсіресе, Қожанасыр 


[
221
]
туралы ертегілерге тән (қазақтар өте аңқау кісіні Қожанасыр 
деп атауы тегін емес).
Бірақ көркем жанр ретінде атқаратын функциясына бай­
ланысты сықақ ертегі ақымақтықты да, аңқаулықты да өз 
мақсатына пайдаланып, оларға басқа мағына береді. Ақымақ 
болып көрінетін кейіпкер шын мәнінде өте ақылды да, оның 
дұшпандары – нағыз ақымақ болып шығады. Бұл – ертегі 
эстетикасының заңдылығы.
Ақымақ бала туралы ертегілер өте кең тараған. Сараң, ақы­
мақ та тасжүрек ағайындылар семьядағы еті тірі, еңбексүйгіш 
біреуін (ол көбінесе кенже бала болып келеді) қызғанышпен 
күндеп, қуғынға ұшыратады. Олар кенже баланың үйін өртеп, 
шешесін өлтіреді, өзін де құртпақ болып, құдыққа лақтыруға 
әрекеттер жасайды. Бірақ осының бәрінде жағымды кейіпкер 
өзін қуғындаушыларды қатырып алдап, қазаға ұшыратады 
(«Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек», «Кейқуат»). Ол топас, 
қысқа ақылды жеті қарақшыдан да кегін қайтарады («Мо­
мынбай мен жеті қарақшы»). Әділетсіз то 
пас жан ақымақ 
баланың табылған алтынды қайда жібергенін де аңғара ал­
майды («Ақымақ бала»).
Ақымақ бала туралы ертегілердегі негізгі назар сараңдық 
пен әділетсіздікті әшкерелеуге аударылады. Адамның таби­
ғатынан ақылды я ақылсыз болып тууы заңды нәрсе, оған талас 
жоқ, ал әділетсіздік пен тасбауырлық арқылы өз бақытын 
талап ету – әлеуметтік мәнді мәселе. Міне, осындай жолға 
түскен адамдармен күресте ақымақ бала да үнемі жеңіске 
жетіп жүреді.
Ақымақ бала мен тазша туралы ертегілер циклінің жігі 
аса нақты ажыратылмайды. Мұнда әлеуметтік сатира онша 
күшті емес. Ертегі жалқаулық, сараңдық, дөрекілік сияқты 
тұрмыс та кездесетін кемшіліктерді сынайды. Тазша сықақ 
ертегілер дің қаһарманы ретінде шығыс халықтарының көбіне 
мәлім. Таз 
ша – кедейдің кедейі. Оның жалғыз байлығы – 
ақылы мен айласы, тапқырлығы мен табандылығы, қайраты 
мен қажырлылығы. Тазшаға кез келген қалың қалталыны 
алдау мен қалаған затын қағып алу сөз емес. Ол тіпті керек 
болған жағдайда ханды да ұрлап әкеткен, ал екінші бір ханды 
өз еркімен тұзаққа асылдырған.


[
222
]
Көптеген ертегілер халық арасына кең тараған қаһарман­
дардың аттарымен байланысты айтылады. Орта Азияның басқа 
халықтары сияқты қазақтарда да Жиренше шешен, Алдар 
көсе, Қожанасыр есімдері мен образдары төңірегіне топ­
тасқан сықақ ертегілер циклі бар. Сол сияқты бұл қаһарман дар 
(Қожанасыр, Алдар көсе, Жирен ше) қырғыздарға да, түрік­
мендерге де, өзбек, әзірбайжан, түріктерге де жақсы таныс.
Қазақ халқының сүйікті қаһармандарының бірі Алдар көсе 
туралы кейініректі қалыптасқан ертегілер циклі әлеуметтік маз­
мұны жағынан әлдеқайда өткір. Бұл цикл шығу тегі жағы нан 
ерте заманда пайда болған біраз сюжеттерді бойына сіңірген
38

Сондай сюжеттердің бірі Ал 
дар көсенің шайтанды жеңуі 
туралы ертегілер – ақылды, алды­артын болжағыш адамдарды 
дәріптейді, ақымақтық пен сараңдықты ашық әшкерелейді. 
Алдар көсе шайтанды ұста дүкеніне айдап кіргізіп, тең бөлеміз 
деген астықтан өзіне артық алады, дүниедегі қорқатын нәрсем 
деп қазы­қарта жейді, ақырында шайтанның мойнына мініп, 
серуен құрады, т.т. Алдар көсе мен шайтан туралы ертегілерде 
әлеуметтік арна жоқ, онда жалпы адамзатқа тән жағымсыз 
қылықтар келекеленеді. Демек, мұның өзі осы сюжеттің өте 
көне екенін көрсетеді.
Ал Алдар көсе мен Шығайбай және мазмұны жағынан 
да онымен үндес ертегілер тобы басқаша. Мұнда Алдар көсе 
байды табан астында алдап, аузындағы майлы етті қорқытып 
алады, оның сараңдығын келекелейді, ақыры алдап соғып, 
әлпештеп отырған сұлу қызын алып кетеді. Бұл ертегілер 
тобындағы күлкі объектісі – жай ғана ақымақ, сараң адам 
емес, бір тамшы су сұрасаң бермейтін, дүниенің үстінде ді­
рілдеп­қалшылдап отырған дүниеқор бай. Алдар көсе мен бай 
туралы ертегілер әлеуметтік мәні жағынан өте өткір. Ертегі 
қанаушылар мен олардың қолшоқпарларының бойындағы ең 
жағымсыз қасиеттерді ашып береді. Байға тән қасиеттің бірі – 
шектен шыққан сараңдық. Олар өзіне қызмет қылушыларды 
аштықпен азаптайды, еңбек ақысын төлемей, оларды әр түрлі 
айла­тәсілдермен алдауға тырысады («Бай мен жалшы» және 
Алдар көсе туралы көптеген ертегілер). Мұндай озбырлыққа 


[
223
]
келгенде молда да байдан қалыспайды: сары молда Өтежанның 
ала жазғы еңбегіне қауынның дәнін ғана төлейді.
Жәбірлегіштердің шектен шыққан сараңдығы олардың 
көзін тұмандандырады, сол себепті олар пайда түседі деп, 
ақылға сыйымсыз алдауға сеніп, аһ ұрады. Тұлпар басып 
шығарады дегеніне сеніп, ақымақ бай кедейден қауын са­
тып алады. Жарып көргенде одан тұлпардың орнына қоян 
шығып қаша жөнеледі. Сараңдықтан зығырданы қайнаған бай 
қашқан қояны адамға айналып кетті ме деп молдаға ұмтылады 
(«Тұлпар»).
Сықақ ертегілер бүкіл зорлықшылардың қызмет ететін 
бірден­бір құдайы байлық екенін көрсетеді. Олар ақша үшін 
қандай қылмысқа болсын даяр тұратын жандар. Алла әмірін 
уағыздаушылар үшін қасиетті ештеңе жоқ: кезі келсе (ақша 
төлесе), олар есектің қаңқасы көмілген көмбеге де құран оқып, 
мінәжат ете береді («Қасиетті есек»).
Сатиралық ертегілердің өзіндік бір түрі – анекдот. Оның 
басты ерекшелігі мынада: анекдот белгілі бір ұзақ сонар 
уақиға туралы әңгіме емес, қысқа ғана аса елене бермейтін, 
қалт еткен бір құбылысты күлкі арқылы көркем өрнектеп, 
маңызды қорытынды жасайды. Анекдотқа кіргізілетін құ­
былыс қаһарманның өміріне ерекше өзгерістер енгізбейді, тек 
оның кейбір сапалық қасиеттерін аша түсу үшін иллюстра ция 
ретінде қолданылады.
Фольклорлық анекдоттар қала өмірімен немесе белгілі 
бір жер аттарымен және Ахмат Ахай, Қожанасыр, Жалайыр 
Тұрлымбет сияқты кейіпкерлермен байланысты болып ке­
леді. Қазақ анекдоттарының көпшілігі аты шығысқа мәш­
һүр әрі сүйікті тұлға Қожанасыр атымен байланысты. Қа­
зақ Қожанасыры – сырт қарағанда ақыл­ойы шамалы ға на 
қарапайым жан. Ал сәл еңкіш тартқан иегінің арғыны көре 
алмайтын оның сырт тұлғасына арырақ бойлап, терең үңілсеңіз, 
Қожанасырдың бейне бір бетперденің артында жасырынып 
тұрған жылы да жұмсақ, күлкілі де жабырқау жүзін көресіз. Ол 
адамдарға біршама сенімділікпен қарайды («Мен сізге сенемін 
ғой», «Қожа қалай сот болды?»), жаманатты жағдайларға 
мысқыл білдіреді («Менің шапаным үшін шу шықты»), дін 
тәртібін ұстайтын адамдарды және молданың уағыздарын 


[
224
]
қалжыңға айналдырудан да бас тартпайды («Қожа қалай қой 
сойды?», «Егер перінің қызын сүйгің келсе», «Қожанасыр мен 
молда»).
Тұрмыс ауыртпалықтарын жеңіп, дүлей де құбылмалы 
өмірден жанына сая табуда Қожансырға қызмет ететін тапқыр­
лығы мен әзіл­қалжыңы болады. Қожанасырды халықтың 
сүйікті қаһарманы еткен де осы ішкі еркіндік пен сабырлы рух.
Сықақ ертегілердің қаһармандары өздерінің әлеуметтік 
жағдайын, өмірдегі әділетсіздікті түсіне де, сезіне де білетін 
және оған қарсы күресе де алатын жандар болып келеді. 
Сөйтіп, ертегі әрбір қаһарманға нақтылы әлеуметтік сипаттама 
береді. Сықақ ертегілердің қаһарманы – барынша жалпылай 
қорытылған әлеуметтік тип.
Әлеуметтік өмірде және тұрмыста кездесетін кемшілік­
терді сынау сияқты негізгі міндетіне сай сықақ ертегілердің 
формасы жасалған. Ертекші әңгіменің кейіпкері арқылы және 
тікелей өз атынан қаһарманның адамгершілігі, оның жаулары, 
кейіпкелердің қоғамдық және әлеуметтік жағдайлары туралы 
баяндайды. Олардың мінездемелерінен сөз етіп отырған 
мәселесіне байланысты ертекшінің шын тілегі немесе тәлкегі 
айқын аңғарылып отырады.
Кәдімгі тұрмыстық ахуалдар сықақ ертегілерде танту, 
сандыраққа дейін жеткізіледі. Ертегілік қаһармандар үшін 
логика сақталмай, сықақ ертегілердегі өмір шындығының өңі 
айналдырылып баяндау қалыпты шекарадан шығып кетеді. 
Уақиғаның табиғи желісінің бұлайша бұзылуы – сықақ 
ертегілерге тән нәрсе, өйткені соның арқасында ғана қаһарман 
қоғамның күштілерімен күресте жеңіске жетеді. Ал өмірде 
мұндай жеңіс мүмкін емес. Әдетте, айтыс пен тартыста күш­
тінің жеңетіні белгілі ғой!
Адам мінезінің қасиеттері де сықақ ертегілерде шегіне 
жеткізіліп, қаһарманның сараңдық, ақымақтық, тапқырлық 
сияқты басты бір қасиеті ғана бөлініп алынады.
Сықақ ертегі жанры өзінің кемшілікке көңілшектік жа­
самай, шебер сөзбен сойып салу сияқты құнды қасиеті 
арқасында бүгінде де ел арасында өмір сүріп отыр. Кезінде 
ертегілер әшкерелеген кеселдер мен кемшіліктер әлдеқашан 
келмеске кеткенімен, ертегілер өзінің моральдық тазалығымен, 


[
225
]
ақжарқын көңілділігімен, ал олардың қаһармандары қызықты 
да тартымды қылықтарымен әлі де болса тыңдаушысы мен 
оқушысын сұлу сезім мен тәтті қиялға бөлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет