Кендебай сал мұнда ма?
Керқұла аты қолда ма?
Бауда нұры балқи ма?
Балақ жүні шалқи ма?
Кендебай да жауапты өлең формасында қайтарады. Алай
да, ертегілердегі өлеңдік мәтіндер жырға қарағанда әлдеқайда
қарапайым келеді, бірақ солай бола тұрса да ертегі текстіне
өлең жолдарының енгізілуі, оның жыр арқылы баяндалатын
қаһармандық эпоспен туыстығын тағы бір дәлелдемек.
ҒИБРАТТЫҚ (НОВЕЛЛАЛЫҚ) ЕРТЕГІ
Қазақтың ертегілік прозасында өзінің сюжеттік құрамы
мен мазмұны, композициялық құрылымы мен стилі жағынан
оқшауланып тұратын бірталай ертегі бар. Алайда, ұлттық
фольклортану ғылымымызда олар жеке зерттелмей, «тұрмыс
салт ертегілердің» тобында қарастырылып жүр. Ал бұл
[
207
]
ертегілер өзінің сипатты белгілері бойынша таза «тұрмыс салт
ертегі» емес. Біріншіден, онда тұрмыссалт ертегідей емес қиял
ғажайыптық элементтер көп, оқиғалар өте таңғажайыпты,
шытырман болып келеді; екіншіден, мұнда ертегі сюжеті өте
күрделі, ол бірбірінен асқан қымқиғаш оқиғалар тізбегінен
тұрады. Үшіншіден, кейіпкерлер тұрмыссалт ертегідегі қа
һармандардан басқа, олар өз мұратына қулықпен емес, ақылмен
жетеді, дұшпандарын да ақылмен жеңеді.
Әрине, бұл ертегілердің тұрмыссалт ертегілерден айырма
шылығы осымен ғана шектелмейді. Оның өзіндік бітімін біз
талдау барысында толық сипаттап шығамыз. Ал қазір әңгіме
осы ертегілік жанрды қалай атау жайлы. Қолдағы материал
ды саралап, зерттеп қарағанда, бұл топтағы текстер – қиял
ғажайып пен тұрмыссалт ертегілердің аралығында тұрған
шығармалар екені байқалады. Біздіңше, оларды «ғибраттық
ертегі» деп атаған жөн сияқты. Өйткені мұнда новеллаға тән
хикаялық, яғни шытырман оқиғалық сипат басым. Рас, бұл
ертегілер көлемі жағынан новелла сияқты шағын емес, бірақ
бұл жерде біз әдеби емес фольклорлық жанрды атап отырмыз
және бұл атауымыз шартты түрде алынып отыр. Қоғамның
дамыған кезінде, саудасаттықтың, қолөнер мен өндірістің
өскен шағында қиялғажайып ертегі тыңдаушысын баурап
әкететін өзінің бұрынғы қасиетінен айырыла бастайды. Енді
оның негізінде әрі онымен таласа, күресе отырып, басқа
ертегілік жанрлар пайда болып, қалыптаса бастайды. Сөйтіп,
бұл дәуірде ғибраттық, ал кейінірек сықақ ертегілер өмірге
келеді. Әрине, бұл бір ғана дәуірде пайда болған жоқ. Профессор
Мәлік Ғабдуллин дұрыс айтады:
«Халықтың тұрмыстіршілігіне, салтына байланысты туған
ертегілері бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол – талай ғасырдың
жемісі. Бұл ертегілердің ішінде көне заманда, феодалдық
қарымқатынастар кезінде және соңғы дәуірде туғандары
бар. Олардың бәрі ауызша айтылып, ауызша тарағандықтан
көптеген тарихи кезеңдер, талай таптық, қоғамдық орта
тудырған әр түрлі көзқарастарды, сан алуан ұғым түсініктерді
бойына жинастыра келгендері де белгілі. Бірақ солай бола
тұрса да, халықтық ортада туған ертегілер өзінің халықтық
сипатын жойған жоқ. Қайта, оны әрбір жаңа дәуір, жаңа кезең
[
208
]
жағдайларына қарай өзгертіп, шындап, жетілдіріп отырғанын,
өткірлеп мәнерлегенін да байқаймыз»
29
.
Сырттай қарағанда ғибраттық ертегілерде әдеттегіден тыс
құбылыстар, яғни ертегіге тән ғажайыптық белгілер жоқ
сияқты. Бірақ шындығында олай емес: мұнда айрықша өмір
ағымы, шындық, өмірде болмайтын жағдайлар бар. Ғибрат
тық ертегілердегі нәрсенің көбі тосын, ерекше, мұнда фантас
тика да (ғажайып) бар, бірақ оның сапасы қиялғажайып
ертегіден басқаша. Мұндағы қиял (вымысел) өте көркемделіп
кеткендіктен көне мифтік ұғымдармен, діни нанымдармен тек
тік байланысын үзген. Сол себепті бұл ертегілердегі сиқырлық,
құбылушылық сияқты нәрселер кейіпкерлердің тек өз басының
ғана қасиеттері деп саналады.
Мұндағы баяндаулардың барысы үнемі әділдік пен ақылдың
жеңісіне бағытталып отырады, ал күнделікті тұрмыста кез
десетін қарапайым шындық моральдық уағыз арқылы емес,
уақиғаның табиғи дамытылуы арқылы дәлелденеді. Рас, кей
де ертекші баяндауды афоризммен түйеді. Бірақ ертегіде айты
лып отырған шындық былай да көрініп тұратындықтан үнемі
мұндай әдіс қолданыла бермейді.
Ғтбраттық ертегіде өте қызғылықты, қорқынышты са
парлар, шымшытырық жағдаяттар, адамның қымқиғаш
тағдыры, семья өмірі, ерлізайыптылардың басынан кешкен
оқиғалар, тағы да басқа небір керемет те сұмдық оқиғалар
туралы баяндалады. Тақырыбы жағынан бұл жанрдағы шы
ғармалар әр алуан. Бір топ ертегі, мысалы, қарапайым қыздың
өзінің тапқырлығы арқасында ханға, яғни хан баласына
тұрмысқа шыққаны жайында әңгімелейді. Ал енді бірқанша
ертегіде ерлізайыптылардың тағдыр тәлкегіне түсіп, өмірдің
небір тауқыметін тартқаны, әйелдің ақылдылығы мен сабырлы
лығы арқасында ері таққа отырып, бақытқа кенелгені туралы
айтылады. Көптеген ертегілерде ақымақ еркекті ақылды әйел
дің адам қылғаны жайлы баяндалады.
Көлемі жағынан ұзақ сонар, мазмұны шытырман оқиға
лы көп
теген ғибраттық ертегілерді «фольклорлық» немесе
«халықтық роман» десе де болады. Олардың сюжеттері тек
қазақта ғана емес, сондайақ бүкіл шығыс елдерінде кең тараған
ондаған мотивтерді қамтиды. Мәселен, мұндай шығармаларға
[
209
]
сотты билептөстеген және бидің берген жұмбақтарын лезде
қағып тастайтын ақылды ағайындылардың хикаясы, патшаны
ғажайып дәу улы жыланнан құтқарған уәзір туралы әңгіме,
өлім жазасына кесілсе де, сабырлылық сақтаған уәзірдің та
рихы, патшаның қолындағы уға толы тостағанды тарпып
тү сірген бүркіт туралы және тағы басқа көптеген ертегілер
жатады.
Ғибраттық ертегілердің ішінде жеке топ құрайтындары –
семья туралылары, ерлізайыптылардың бірбіріне адалдығы
я болмаса бірінбірі алдайтындығы жайында баяндалатын
ертегілер. Осылардың ішінде әйелдің күйеуінің көзіне шөп
салып, оны ақымақ қылатынын әңгімелейтін ертегілер де
бар. Сонымен бірге басқа әйелге көңілі ауып, неше түрлі
қолайсыз жағдайларға түсіп, әлек болатын еркектер жайлы
да ертектер бар. Ертегі адам бойындағы қызғаныш пен күдік
сияқты қасиеттерді әшкерелеп, болашақтан күдіктенушілік
пен қорқытушылық негізсіз екенін де көрсетеді. Мысалы,
әйелдердің көзге шөп салу туралы әңгімені естіген хан өзінің
жаңа ғана үйленген жас жұбайын сынамақ мақсатында үйінен
аттанып, өзі келгенше әйеліне ұл тауып қоюды бұйырады.
Әйелі еркекше киініп, ханның соңынан барады да, біресе хан
ның жақын жолдасы, біресе оның қарындасы болып, екі жеп
биге шығады. Сөйтіп, ханның арампиғылды тапсырмасы
орындалып, шынайы махаббат пен тазалық күдік пен сенім
сіздікті жеңіп шығады («Уәзірдің қызы»).
Отбасы жайын баяндайтын ғибраттық ертегілер сан жағы
нан бірталай. Олардың басты ерекшелігі – қиялғажайып
ертегі
лер байланысын үзбегендігі
30
. Осындай ертегінің бір
үлгісін тал дап көрейік. Оның фабуласы мынадай:
Ертеде Жүніс деген кісі қажыға кетеді, үйінде сұлулығы
елден асқан Мархұма деген әйелі қалады. Бірақ күйеуі кеткен
соң Мархұмаға қайнысы сөз салып, мазасын алады. Жеңгесі
көнбеген соң қайнысы оған жала жауып, қазыға барып:
«Жеңгем бұзылды. Ағам кеткелі үйінде күндізтүні ойнақ!» –
деп өтірік айтады. Қазы шариғат бойынша Мархұманы таспен
атқылап өлтіруге үкім қылады. Жендеттер таспен ұрып, әбден
мыжғылап, Мархұманы ит пен құсқа жем болсын деп далаға
тастап кетеді.
14278
[
210
]
Ыңырсып жатқан Мархұманың дауысын Ағраби деген
жолаушы естіп, оны үйіне әкеліп емдейді. Мархұмаға Ағ
рабидің құлы ғашық болады, әйелді көндіре алмаған соң ол
иесінің баласын Мархұманың бөлмесіне әкеп өлтіріп, қанын
Мархұманың киіміне жағып кетеді. Ағраби баласының өлгенін
Мархұмадан көрмейді, бірақ әйелін зияндық қылар деп, 400 дир
хем беріп Мархұманы шығарып салады.
Мархұма басқа шаһарға келеді. Келсе, бір жігітті алаңда
патшаға қарыз 400 дирхемін төлемегені үшін дарға аспақ
болып жатыр екен. Мархұма жаны ашып кетіп, әлгі жігіттің
қарызын төлеп, босатып алады. Бірақ жігіт Мархұмаға ғашық
болып, соңынан қалмайды. Мархұма қашып береді, анау
қуып береді. Мархұма қашқан бойда бір дарияның жағасында
тұрған кемеге келеді, жігіт артынан қуып жетіп, Мархұманы
саудагерге сатып жібереді.
Енді оған керуен басы ғашық болып, маған ти дейді. Осы
кезде Мархұма дәрет алып, намаз оқып, Аллаға сиынып: «Мені
қияметте қаражүзді қыла көрме! Я, Алла, бұл залымдардан
құтылатын бір керемет көрсет!» – деп жалбарынады. Осы сәтте
дауыл тұрып, бүкіл кеменің бәрі суға кетеді, тек Мархұма
отырған кеме аманесен жағаға келіп тоқтайды. Мархұма кеме
толы алтын мен күмісті көріп, еркекше киініп, көрініп тұрған
шаһарға барады.
Шаһардың патшасына өзінің басынан өткен істің бәрін
айтып береді. Патша оған сарай салдырып береді. Мархұма
дария жағасында тұрып, тәуіптік жасайды, дұғагөйлікпен елді
емдейді.
Мархұма мұнда жүргенде, күйеуі Жүніс қажылықтан үйі
не келеді. Әйелі туралы інісінің айтқанына сенеді. Арада
біраз уақыт өткен соң, інісі айықпайтын ауру болады. Да
рия жағасында тұратын әулие әйел туралы естіп, інісін соған
апаруға алып шығады.
Жол бойы баяғы Мархұманы аман алып қалған Ағрабидің
үйіне соғады, оның (Мархұмаға қастандық істеген) құлы да
ауруға шалдыққан екен. Соны да Ағрабимен ертіп жүреді.
Жолаушылар баяғы Мархұма босатқан, бірақ оны сатып
жіберген жігіттің үйіне қонады, ол да ауру екен, оны да ертіп
жүреді.
[
211
]
Бәрі тәуіп әйелге келеді. Оларды таныған Мархұма өзінің
шаһарының патшысына елді жинатып, қалың жұрттың
алдында үш ауруға өзіне жасаған қылмыстарын айтқызады.
Оларды кешіріп, күйеуіне қосылады
31
.
Осындай жарына адал әйелдер туралы ғибраттық ертегі
лердің өзі бір топ. Әйелдер жаланың кесірінен қаншалықты
азап шегіп, адам айтқысыз қорлық көрсе де, адамгершілік,
имандылық қасиеттерін жоғалтпайды, барлық ауыртпалыққа
төзе біледі, ақыл мен сабырлылық арқасында қиыншылықтың
бәрін жеңіп, мұратына жетеді.
Ал олардың қастары нағыз зұлым, екіжүзді болып көр
сетіледі, алайда жағымсыз кейіпкерлердің қылықтары ашық
мінелмейді, ащы сынға алынбайды. Оларды ғибраттық ертегі
өзінің бас кейіпкерінің байыптылық, кеңпейілділік сияқты
қасиеттері, өнегелі өмірі арқылы әшкерлейді. Сондықтан да
ертегіде жәбірленген кейіпкер ол жауыздардан кек алмайды,
оларды аяп, мүсіркейді, кешірім қылады. Мұның бәрі ғиб
раттық ертегіні жанрлық тұрғыдан сипаттайды.
Ғибраттық ертегілердің қаһармандары батыр да, мерген
де емес. Ол – хан мен қолөнерші, уәзір мен кедей, би мен
ұста. Өздерінің әлеуметтік тегіне қарамастан қаһармандар
қайырымдылық пен әділеттілік идеясын қорғайды. Кей
жағ дайларда қаһарман қателесіп те жүреді, бірақ ертегінің
соңында ол өзінің аяғын шалыс басқанын түсініп, ақырында
адалдық пен әділеттілік жолына түседі. Бақыт әдетте ақылды
да тапқыр, адал әрі өзінің кемшілігін мойындап, одан арыла
алатын адамның қолына ғана қонады. Мұратқа ұмтылу – қазақ
ғибраттық ертегілерінің көпшілігіне тән қасиет. Мұнда не
туралы айтылсын – кездейсоқ, я ақыл күшімен бақыт болсын,
дана би туралы немесе әдеттен тыс қаһармандық болсын –
жеңіп шығатын білгір де байыпты, әділ де ақылды адам болып
келеді. Оның басты қасиеті – тапқырлық, ақылдылық және
сабырлық. Сондықтан да бұл жанрдағы шығармаларда ылғи
ақыл мен адамгершілік жеңеді, ал арамзалық арқылы өзіне
бақыт әкелгісі келгендер үнемі жеңіліске душар болған.
Бұл жанрдың функциялық нысанасы – ғибрат айту, тәрбие
беру. Өмірде тек ақылмен, еңбекпен ғана бәріне жетуге болады
деген идея – негізгі айтар ойы. Тіршіліктің көлеңкелі жағын
[
212
]
ащы мысқылмен емес, өнегелі өмірмен көрсетеді. Ол өмір – бас
кейіпкердің ғұмыры.
Қазақ ғибраттық ертегілерінің енді бір тобы пайдалы кеңес,
данышпан адам, ақылды қыз жайлы болып келеді. Ертегінің
айтуынша, қиындықтарды жеңуге көмектесетін ақылды да,
қайырымды кеңестерден бас тартуға болмайды. Пайдалы кеңес
туралы бір топ ертегілерде («Үш өсиет», «Әке өсиеті», «Ақылды
кеңес», т.б.) тапқырлық пен алғырлық сияқты қасиет айрықша
дәріптеледі. Әділ патша базардан: «Бір нәрсені жасау үшін
әуелі ойланып ал, ойланбай жасасаң күйесің», – деген ақыл
сатып алады. Жауыздыққа тартылған шаштараз қабырғада
жазулы тұрған кеңесті оқып, патшаға уәзірінің сатқындық
әрекеті туралы айтады. Сатқын олардың құрған торына түсіп,
мерт болады («Әділ патша туралы ертегі»).
Қазақтардың аса қастерлейтін ауыз әдебиеті үлгілерінің
бірі – даналық пен алғырлықты дәріптейтін ғибраттық ерте
гілер болып келеді. Дүниедегі құстың, шөптің, адамның ең
жаманын тауып әкеліңдер деп уәзірлеріне берілген хан жар
лығына дұрыс жауап табатын адам – сіңірі шыққан кедей
мен біреудің босағасында жүрген жалшы болып шығады. Да
налығына дән риза болған хан тапқыр жарлыны өзінің басты
уәзірі етіп тағайындап, оның ақылдылығын сынау үшін басқа
уәзірлері жауап бере алмайтындай сұрақтар беріп оты рады.
Қастарының жасаған қысасына шыдамаған дана уәзірдің кей
жағдайларда ханға қызмет етуден бас тартатын кездері де
болады, бірақ кейіннен оның адамдығы анықталып, өз ханына
қайтадан абыроймен қызмет ететін болады
32
.
Тапқырлық пен алғырлық тақырыбы әділ де дана қазылар
туралы ертегілердің («Балтекей бидің соты», «Әділ сот», т.б.)
өзегі болып келеді. Асқан ақылымен де, әділдігімен де айна
ласына аты шыққан төрешіби шытырман шатаққа толы дау
ды, ақша мен ботаның кімге тиістілігін дәлелдеп шешіп, ұры
ларды тауып береді. Ақылы асқан ағайынды жігіттер түйе
ұрладың деген жалған айыпты жоққа шығарып, хан мен бидің
өздерінің тексіздер тұқымынан шыққанын тайсалмай айтып
береді («Аяз би», «Балтекей бидің соты»).
Әділ қазылар туралы ертегілерде ертекші көбінесе шындық
өмірде болған, бірақ өте ертеде өткен өзінің сөз етіп отырған
[
213
]
мәселесін баса көрсетуге ұмтылып отырады. Оқиғаның шын
дыққа жанасымдығы қаһармандардың хан Мәден, Аяз би,
би Балтекей болып аталып, олардың қай руға жататындығы
және қай жерлерде көшіпқонып, өмір кешетіндіктері туралы
нақтылы детальдардың енгізілуі арқылы дәлелденбек. Бұл
қаһармандардың барлығы да ертегілік қаһармандарға тән
қасиеттерді бойына дарытқан. Олардың сюжеті де баршаға
белгілі болып келеді, ал нақтылау нақышы тыңдаушысын
сен
діруге бағытталады. Мұндай иллюзияның бой көрсетуі
өткен өмірді әсірелеп көрсету тенденциясынан туған. Дана
төрешілер туралы ертегілер дүниесі – елдің бәрі ақыл мен
алғырлыққа бас иетін, даналық пен әділдік салтанат құрып,
данышпанның дәйім халық құрметіне бөленетін қоғам,
сондай заман туралы қиял дүниесі, халық утопиясы. Ал
патриархалдыфеодалдық қоғамда туған бұл утопия бойынша
ол қоғамның қаһармандық жағы жырда, тұрмыстық жағы
ғибраттық ерте гіде дәріптеледі.
Өткен өмірді асыра дәріптеу ғибраттық ертегіні әп санахи
каят жанрымен жақындастырады. Бұл асыра дәріп теу шілік
тің дәйексіздігі ертекшінің де және оның тыңдау шы ларының
да сыңайынан айқын сезіліп отырады. Аты аңызға айналған
Асан Қайғының ел кезуі де осындай халден туған. Асылында,
Асан Қайғы туралы әпсанахикаяттар әділетсіздіктің алдамшы
дүниесіне үкім іспеттес.
Ендігі бір ескерту мынадай: ғибраттық ертегілердегі өткен
өмірді асыра дәріптеп көрсету бұқара халықтың қоғамдық
санасы мен ойының даму деңгейімен де байланысты.
Халық ойының саяси жағынан саябыр дамуы болашақ
өмір мен қоғамдық дамудың перспективасы туралы айқын
көзқарастардың қалыптасуына кедергі келтірген. Сондықтан
да әділеттілік дүниесі мен алға ұмтылушылық туралы арман
мен өткен өмірді дәріптеп көрсетушілік ертегіде спецификалық
түрде өзінше көрініс тапқан.
Қазақтың ғибраттық ертегілерінің құрамында бүкіл Шы
ғысқа тараған сюжеттер де кездеседі. Олар қазақ өмірінің
шындығы мен ерекшеліктерін бейнелейді. Сан ғасыр қазақ
фольклорының жанрларымен аралас өмір сүрген бұл сю жеттер
қазақ ертегілерінің айырылмас бөліктерінің біріне ай налып
[
214
]
кеткен. Оның үстіне ондағы дәріптелетін адамдық қасиеттер
қазақ халқының мораліне өте жақынтын.
Қазақ топырағына түскен бұл сюжеттер өзгерістерге ұшы
раған. Мысалы, ертегілердегі қала тұрмысының көптеген
сырлары мен детальдары жойылып, шығармалар барынша
шымыр әрі жинақы баяндалады. Шығыстағы көптеген
ғибраттық ертегілер белгілі бір қала мен байланысты болса,
мұнда ол міндетті деп саналмайды, қаланың аты аталмауы да
мүмкін. Ертекші оқиғаны көбіне қазақ елінде, қазақ даласында
өрбітеді, оны көрнекілей түседі. Мұның өзі – қазақ ертегілеріне
тән сипатты белгілердің бірі.
Ойымыз дәлелді болу үшін «Мың бір түн» мен «Тотынама»
жинақтарынан тараған бір сюжеттің қазақ арасында айтылуын
байқайық. Г.Н. Потанин жариялаған «Уәзір» атты ертегінің
сюжеті
33
«Мың бір түндегі» «Күйеуден жеріген қыздың күйеу
ге ынтыққаны»
34
және «Тотынамадағы» қырқыншы түнде
айтылатын «Қытай патшасының үйленгені туралы» әңгіме
нің
35
сюжеті бір: патшаның қызы түсінде ұрғашы аңның
(құстың) баласы үшін өлгенін көріп, еркек заты болады деп
түйіп, күйеуге тимеуге серт қылады. Бірақ ақылды уәзірдің
арқасында екінші бір елдің патшасы сол қызға үйленеді.
Осы сюжетке құрылған үш ертегіні салыстырғанда, қазақ
арасында тарағаны «Тотынамадан» екені анықталады.
Көлемі жағынан «Тотынама» әңгімесіне қарағанда қазақ
ертегісі кішірек. Кейбір шағын өзгерістер болмаса ертегінің
сюжеті барлық жағынан да шыққан төркінімен дәл келеді.
Рас, «Тотынамадағы» кейбір әсемдеу мен қайталаулар қазақ
ертегісінде қысқартылған: мұнда Рум сұлуы мен Қытай пат
шасы да жоқ, олардың аттары да аталмаған, диалогтар мен
монологтар да бірсыпыра қысқартылған. Ертегінің кейіп
керлері – хан және екінші бір ханның қызы. Сол сияқты
ертегінің идеялық мәні де біршама өзгерген. Ханның қызы
үшін еркекке тән эгоизм мен екіжүзділік қаншалықты
құбыжық болып көрінсе, күйеуге шығу мен ана болу да
соншалықты қорқынышты. Өрт кезіндегі ұрғашы құстың
қазасына тап болған ол: «Сайсүйегіңді сықырлатып бала
табу үшін тұрмысқа шығу бекершілік екен» деген ой түйеді.
Бірақ бұл – мәселенің бір жағы ғана. Жалпы алғанда, қазақ
[
215
]
ғибраттық ертегілерінде ауысып келген сю
жеттер өзінің
спецификалық бояуын жоғалтып, қазақ халқының талғамы
мен көзқарасына сай қолданылады. Олар әдеби шығармалар
ға тән оқиғаны нақтылай түсу үшін қасиетінен айырылып
(көптеген шығыстық сюжеттердің Қазақстанға әдеби өңдеуден
өтіп, жинақтар құрамында келгенін де ұмытпаған жөн), қай
тадан фольклор шығармасына айналады. Ғибраттық ертегі
де композициялық құрылым өте күрделі болып келеді, бір
эпизодтың үстіне екінші эпизод тіркеледі. Ол эпизодтың
әрқайсысы кейіпкердің басынан кешкен бір оқиға болады.
Оқиғаның көбісі шаһарда, хан сарайында өтеді, оған сырттан
ешбір керемет күш араласпайды. Ал кейіпкер қайырымды,
сөзі мен ісіне берік, сүйгеніне адал болып суреттеледі. Кейде
кейіпкер бейнесінде ғашықтық дастанның қаһармандарына
тән мінезқұлық кездеседі. Сол себепті кейбір жағдайларда
кітаби стиль көрініс беріп қалады. Кейіпкерлер жұмсақ мінезді
болып көрінеді. Олардың сөйлесу мәнері де өзгеше, ойын
әрлеп, әсемдеп айтады. Міне, мұның бәрі ертегінің жанрлық
белгілеріне жатады.
Композициялық құрылысы бірнеше бөлшектен тұратын бір
ертегіні қарастырайық.
Ханның баласы аңда жүріп, суда жүзіп кетіп бара жатқан
қызды көреді де: «Перізатсыз ба? Адамзатсыз ба? Іздесем
қайдан табамын?» – деп сұрайды. Қыз жұмбақтап ишарат
білдіреді, бірақ хан баласы оны түсінбейді. Содан сол қызға
ғашық болып, ауруға шалдығады, ешқандай балгербақсы оны
жаза алмайды. Бірде өзімен бір күнде туған малшының (кейде
уәзірдің) баласы келеді ханның баласына. Ханзада болған
жағдайды баян етеді. Сұлу қыздың жұмбағын шешіп, жаңағы
досы ханзаданы тұрғызып, жолға қамдатып, қызды іздеуге
алып шығады.
Айдан ай, жылдан жыл өткенде дарияның жағасымен
жүріп отырып, бұлар бір шаһарға келеді. Сөйтсе ханзаданың
досы айтқандай, бұлар іздеген қыз осы шаһардағы ханның
келіні екен. Бұл екеуі ретін тауып, хан келінінің бауына
кіреді; сонда гүл теріп жүрген қызметші кемпірге алтын беріп,
гүлін қоса терісіп, хан келініне: «Гүлді өзің көрген жігіт беріп
жіберді деп айт», – дейді. Кемпір солай істейді, келіншек
[
216
]
кемпірді ұрады. Осылай үш рет болады. Үшінші ретінде
келіншек кемпірді ұрмай, жұмбақ түрінде бір қап көмірді есік
алдындағы шұңқырға тастатады. Бұл жұмбақты досы түсініп,
ханның баласын түнде сол шұңқырға жатқызып кетеді, бірақ
ол ұйықтап қалып, келіншектің келгенін көрмейді. Осылай үш
рет болады. Үшінші ретте олар шұңқырда кездесіп отырғанда
ханның күзетшісі екеуін де ұстап алып зынданға салып тас
тайды. Ұсталған кезде келіншектің айтуымен ханның баласы
досына жұмбақтап айқайлайды да ұсталғандығын білдіреді.
Досы дереу базарға барып әйел киімін сатып алады да, оны өзі
киіп зынданның қарауылшысына келеді. Оны алдап, зынданға
түсіп үстіндегі киімін келіншекке кигізеді. Қарауылшы
қателесіп, оны шығарып жібереді де, оның орнында жігіт
қалады. Сөйтіп, зынданда ханзада мен досы отыра береді.
Таңертең күзетшілер ханға: «Ұсталған келініңіз», – деп әлгі
екеуін алып келеді. Хан қараса екі бөтен кісі. Ашуланған хан
күзетшілерді дарға асуға бұйрық қылады. Күзетшілер зар
еңіреп, аққарамызды біліп өлтір дейді. Олардың айтуымен
хан елді жинап, қазанда қайнап тұрған быламықтан алтынды
ал деп келініне бұйырады. Егер қолың қарайса кінәлісің дейді.
Осы кезде ханзада мен досы қайыршы боп келіп, ханның
келінінің қолынан ұстайды. Келіні алтынды алады, бірақ қолы
күймейді. Күзетшілер жазаланады.
Сол хан бір күні елді жинап, аңға шықпақ болады да, бала
сына бір қолды басқартып, өзі басқа қолмен жүрмек болады.
Осы кезде баяғы ханзаданың досы келіп: «Өзім сізбен жорыққа
шығам, ал жалғыз қарындасым мен келгенше сіздің үйде
тұра тұрсын!» – деп өтініш қылады. Хан келіседі. Сөйтіп досы
ханзаданы қызша киіндіріп ханның үйіне қалдырып кетеді.
Жорықтан қайтып келе жатып жаңағы ханзаданың досы
ханның баласын өлтіреді де, шаһарға келген соң ханза
даны еркекше киіндіріп өзі ханға келіп: «Үйіңде қалған
қарын дасымды балаң алып кетіпті, оның күйеуі келіп тұр,
қарындасымды тауып бер!» – деп әлек салады. Сасқанынан хан
келінін қарындасының орнына, өз қызын мына жігітке береді.
Сөйтіп, ханзада ғашығын алады, оның досы ханның қызын
алады
36
.
[
217
]
Міне, бұл – қазақ ғибраттық ертегісінің бір нұсқасы. Мұн
да осы жанрға хас біраз белгілер бар: басты кейіпкердің
тапқырлығы мен ақылдылығы. Ол қыздың жұмбақтап айтқан
сөздерін қызды көрмейақ шешеді. Мұнда ол данышпан,
көріпкел адам ретінде көрінеді, алайда, қиялғажайып ерте
гі
дегі сияқты оның бұл қасиеті көне магиялық сеніммен
байланыста көрсетілмейді. Егер бұрын кейіпкер көріпкелдікті
керемет көмекшіден я болмаса магиялық қабілеті зор бақ
сышаманнан алатын болса, мұндағы оның көріпкелдігі
тапқырлықтан, даналықтан туған қасиет деп түсініледі, мұнда
ешқандай сиқырлық, тылсымдық күш, сыр жоқ, бірақ қиял
бар. Оқиға су бойында, шаһарда, хан сарайында өтеді. Хан
сарайы, ондағы адамдардың өмірі біршама суреттеледі. Хан
зынданы, баубағы, шаһардың базары, дарға асатын алаңы,
ханның күзетшілері мен жазалау үшін алаңға ел жинауы,
әйелдердің үстіне шапан, бетіне пәренже жабуы, базарда нан
пісіріліп, сатылуы, ханның нөкерлерімен аңға шығуы, хан
келінінің қызметші кемпірінің алтын алып, жолаушылардың
тілегін орындауы – осының бәрі орта ғасырлық шығыс
қаласының, хандық қоғамның өмірі.
Ғибраттық ертегінің басқа ертегіден басты айырмасы осын
да, яғни оқиғалардың қазақтың кең даласында емес, шаһарда,
хан ордасында өтуінде.
Композициялық құрылысы жағынан қарағанда бұл ертекте
бірталай сюжет бар, ал әр сюжеттің өзі бірнеше эпизодтан тұ
рады.
Достарыңызбен бөлісу: |