[
226
]
Қазақ ертегісінің құрылысы өзге халықтар ертегілерінің
композициясымен ұқсас: кейіпкерді таныстыратын бастама,
оқиғаны эпикалық пафоста баяндау және бақытты аяқталу,
міне, бұлар көптеген халықтың классикалық ертегілеріне
тән элементтер. Мұндай ұқсастық жалпы ертегі жанрының
типологиялық табиғатынан және халық идеялын мадақтау
мақсатынан туған. Әрине, көп ел ертегісінің композиция
лық ұқсастығы мүлде бірдей деуге болмайды.
Ұқсастық
жалпы құрылыста, оның бөлшектерінде. Ал бөлшектің ішкі
құрылысы мен мазмұны әр халық ертегісінде әр басқа. Міне, осы
ерекшелік пен ұқсастықты бірнеше тегі бір халықтар мен орыс
халқының ертегісін салыстыра зерттеп, анықтауға болады.
Ол үшін біз бірнеше түркі тектес халықтардың (әзірбайжан,
татар, башқұрт, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, түрік, түрікмен,
өзбек) ертегілерін композициялық тұрғыдан талдап көрелік.
Бұл халықтар қадымда бір ел болғанымен тарихиобъективті
жағдайларға байланысты әрқайсысы жеке жұрт болып, өз
бетінше өмір сүріп, XX ғасырдың басында қоғамдық дамудың
әр сатысында болды және көшпенді,
отырықшы болып, екі
түрлі ғұмыр кешті. Сондықтан бұлардың фольклорында
да, дәлірек айтсақ, ертегісінде әрі ұқсастық, әрі алшақтық
бар. Міне, осыларды орыс халқының ертегісімен салыстыра
талдасақ, жалпы ертегі композициясының табиғаты ашылмақ.
Қай халықтың болсын классикалық ертегісі қаһарманның
үйден шығуымен (отлучка из дому) басталып, үйге қайтып
келуімен аяқталады. Әдетте, мұны рамалық құрылыс (рамочное
построение) дейді. Мұндай құрылыс тағы бір формада көрінеді:
ертегінің басталу, аяқталу сөздері оқиғаға қатыссыз болады.
Осының бәрінде кейіпкердің өмір жолы бейнеленеді. Демек,
бізге жеткен көркем ертегінің композициясы халық сүйген
қаһарманды дәріптеу мақсатына сәйкес құрылған.
Кейіпкерді
мадақтау үшін ертегі оның алдына неше түрлі қиыншылықтар
мен бөгеттер қояды, соларды аманесен жеңген қаһарман
мұратына жетіп, халық құрметіне бөленеді. Сондықтан ерте
гінің бастамасы кейіпкердің жолға шығу формасында болып
келеді. Бұл – бүкіл ертегі оқиғасының өзегі, ал сайып келгенде,
кейіпкердің өтуге тиісті бірінші сынақ: үйден шыққан кейіпкер
[
227
]
енді бейтаныс дүниеде жалғыз өзі сапар шегеді, алуан түрлі
оқиғаны басынан кешіреді.
Кейіпкер үйден шығысыменақ ертегінің оқиғасы күрде
леніп, қоюлана түседі: оның орындайтын істері мен ететін
бөгеттері қиындай береді, бірақ ертегіге қосымша кейіпкерлер
көп
енгізілмейді, ал енгізілген күннің өзінде (айталық, керемет
көмекші немесе қаскүнем) олар қаһарманның ерекше күшін,
тағы басқа қасиетін аша түсуге қызмет етеді.
Ертегінің эпикалық, яғни оқиғалық бөлшегі түгелімен дер
лік кейіпкердің әр түрлі мақұлықтар, құбыжықтармен кез
десіп, олармен шайқасуынан тұрады. Неше түрлі жауыз дармен
қақтығысып, оларды жеңуі – ертегінің нағыз шарықтау шегі.
Ал барлық жауын жеңген қаһарманның адал жарымен аман
есен еліне оралуы – көркем ертегінің шешімі (развязка).
Міне, бұл – қарастырып отырған түркі және орыс халықтары
ертегісіне тән құрылыс. Ал енді олардың өзіндік ерекшеліктері
қандай, осы мәселені зерттеп көрелік.
Орыс халқының классикалық ертегісінің басы мен соңында
ертектің
мазмұнына еш қатысы жоқ, ұйқасты сөйлемдерден
тұратын бастама (присказка) мен аяқтамалар (кон цовка) бар
41
.
Бұл сөйлемдер ертегіде баяндалатын оқиғалардың ерекше елде,
ғажайыпты жерде болатынын ескертіп, ертегіні алдынан да,
артынан да тектеп тұрады
42
. Олардың мазмұны күлкілі болып
келеді. Ойымыз дәлелді болу үшін бірекі мысал келтірейік.
Орыстардың «Звериное молоко» атты ертегісінің бір варианты
былай басталады:
Достарыңызбен бөлісу: