МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ көлденең жолақ ет тінінен түзілген. Ет қабығының арасында БТҚДТ мен
нерв тармақтары (Ауэрбах талшықтары), қан тамырлары орын алады. Ет
тіндерінің жиырылғыштық қасиетіне байланысты мүшелердің қабырғасы
қозғалысқа келіп отырады. Мұнымен қатар, химустың без секреттерімен
қосылып, ішектің каудальді бөлігіне жылжуы жүзеге асады.
Сыртқы серозді қабық- екі қабаттан тұрады. Ішкісі- БТҚДТ-ді қабат,
құрамында нервтер мен қан тамырлары болады. Сыртқысы - серозді қабаты-
мезотелий, яғни бір қабатты жалпақ эпителий. Серозді қабықтың қызметі
секрет бөліп, мүшелердің серозді сұйықты кері соруын қалыптастырып,
мүшелердің
сыртын
ылғалдандырып
бір-біріне
жабыстырмайды.
Мезотелидің бұзылуы ( деэпителизациясы), кейде қабыну процестеріне алып
келеді, бұл кезде өте сезімтал ауру шақырып, мүшелер сыртымен жабысып
(спаек), əсіресе ішек байламдарында ( ілмекетеніп, бүктелген жерлерінде)
тағамның өтпей қалуы да мүмкін (заворот кишечника).
Адвентициалді қабық БТҚДТ-нен түзілген. Бұл қабық көбінесе
қозғалысы нашар мүшелердің сыртын тыстайды.
Асқорыту жолдарындағы бездердің орналасуы Асқорыту жолдарындағы бездердің топографиясы əртүрлі.
• Интраэпителиалді бездер (жасушалары бокал тəрізді, асқазанның кілегейлі
қабығының эпителиінде орналасады).
• Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасында орналасқан бездер (қарапайым
бездер).
• Кілегей астындағы негізінде қабықта секреторлы бөлігі орналасатын бездер (
күрделі бездер).
• Асқорыту жолынан тыс орналасқан, бірақ секреторлы өзектері келіп
асқортуға қатысатын мүшелердің қуысына ашылатын бездер ( ірі сілекей
бездері, бауыр мен ұйқы безі).
Ауыз қуысындағы мүшелер Ауыз қуысында орналасқан мүшелерге: ерін, ұрт, қызыл иек, тістер,
тіл, қатты жəне жұмсақ таңдай мен миндалиналар жатады. Ауыз қуысына ірі
сілекей бездерінің өзектері келіп ашылады. Асқорыту жүйесінің алдыңғы
бөлігінің қызметі: механикалық, аздаған химиялық процестеде жүреді,
тағамның дəмін сезіну, жұту, жұтылған тағамның өңештен асқазанға өтуі
жүзеге асады.
Құрылыс ерекшеліктері. Ауыз қуысында орналасқан біраз мүшелерді
құрылысына қарай қабатты мүшелерге жатқызуға болады. Кілегейлі қабығы
көп қабатты, жалпақ, мүйізделмеген эпителий мен меншікті пластинкадан
тұрады.
Эпителиінде
-
эпителиоциттер,
меланоциттер,
Лангерганс
жасушалары, Меркель жасушалары орналасады, мүйізделетін қасиетке де ие.