Етістіктердің бұл тобына түбірге арнаулы
жұрнақтар жалғану арқылы жасалған сөздер жатады. Басқа сөз
таптарындағы сияқты сөз жасаушы жұрнақтың префикс түрі
қолданылмайды. Аффикстер постпозитивті жағдайда жалғамалы
тәртіппен тіркеседі.
Туынды етістіктер есімдерден де, етістіктен де жасала береді.
Сондықтан, тіліміздегі туынды етістік жасайтын жұрнақтарды екі
топқа бөліп қарастырамыз: есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар
және етістіктерден етістіктер жасайтын жұрнақтар. Осыған сәйкес
туынды етістіктер де екі топқа бөлінеді. А) Есім негізді етістіктер;
Ә) Етістік негізді етістіктер
I. Есімдерден етістік тудыратын қосымшалар:
-ла, -ле, -да, -де, -та, -те жұрнақтары. (Қысқаша –ла жұрнағы,
қалғаны варианттары). Етістік тудыратын жұрнақтардың ішіндегі ең
өнімді, өрісі кең қосымша болып табылады. Тек есімдерден ғана
етістік тудырмай, сондай-ақ етістіктерден де, басқа сөз таптарынан да
етістікті мол жасай алатын форма. Бұл қосымша көне тілімізде де
кездеседі.
Етістік жасау процесінде байқалатын кейбір ерекшеліктер де бар:
а) ұйқы, қозы, ұры, жетек секілді есімдерге жалғанғанда соңғы
дыбысына барып қосылады: ұйық-та, қоз-да (қозы-ла), ұр-ла, жете-ле
(жетек-те).
ә) сөз, саз, жаз, бау сиқты –з, -у фонемаларына аяқталатын
сөздерге жалғанғанда, соңғы фонемалар –й дыбысына айналып
кететін түрі де кездеседі: бау - бай-ла, сөз - сөй-ле, жаз - жай-ла, сөз -
сай-ра.
б) керісінше, кейде бұл жұрнақтар түбірге дәнекер дыбыс арқылы
жалғанатын кезі де кездеседі. Мысалы, ер-т-те, зер-т-те, акт-і-ле т.б.
-Ла жұрнағы өнімді жұрнақ деп айтқанымызға қарамастан, ол
жұрнақтың да белгілі бір қолданылу орны мен шегі бар. Олар зат
есімге жалғанған кезде мынадай мағыналар бере алады:
а) уақыт атауларынан, мерзім атауларынан қалыптасқан
етістіктер: жыл-да-п, сағат-та-п, ай-ла-п.
ә) Адамның дене мүшелері атауларынан жасалған етістіктер: аяқ-
та-й, қол-да, арқа-ла, өкпе-ле, жұдырық-та, уыс-та (ұс-та), шынтақ-та,
жамбас-та, білек-те, езу-ле, иық-та, қолтық-та. Бұл етістіктер
87
көбінесе, өзінің тура мағынасынан гөрі ауыспалы мағынада жиі
беріледі.
б) Мекен, орын атауларынан қалыптасқан етістіктер: базар-ла, өр-
ле, аспан-да, мекен-де, тұрақ-та.
г) Өлшем атауларынан қалыптасқан етістіктер: тонна-ла, метр-ле,
литр-ле, адым-да, құлаш-та, аршын-да.
ғ) Мал, жан-жануар балаларының атауларынан, өнім атауларынан
қалыптасқан етістіктер: қозы-ла, құлын-да, бұзау-ла, лақ-та, гүл-де,
жапырақ-та.
д) Іс-әрекетті жүзеге асыруға объект болатын зат, мағына, бұйым,
материал атауларынан пайда болған етістіктер: тұз-да, бұрыш-та,
үңгір-ле, мая-ла, шыны-ла, сабын-да т.б.
ж) Қаратпа сөз қызметін атқарып тұрған зат есімдерден: апа-ла,
мама-ла-п, көке-ле-п.
з) Дыбыс атауларынан: мияу-ла, шәуіл-де, шиқыл-да, шіңкіл-де,
ысыл-да, шу-ла, гүрсіл-де.
Осы атап көрсеткен топтан басқа да зат есімдерден қалыптасқан
етістіктердің тобы көп. Олардың мағыналары да әр түрлі болып келе
береді. –Ла жұрнағы арқылы қазіргі қазақ тілінде зат есімнен
етістіктер мол туындайды.
Сын есімнен қалыптасқан етістіктер: әдемі-ле, уақ-та, қара-ла, ақ-
та, арық-та, көңілсіз-де-н, т.б.
Сан есімнен қалыптасқан етістіктер: мың-да-п, жүз-де-п, он-да-
ған, екі-ле-н-іп, жетеу-ле, т.б.
Үстеулерден қалыптасқан етістіктер: жоғары-ла, төмен-де, ілгері-
ле, жылдам-да-п, жай-ла, орысша-ла.
-Ла жұрнағы еліктеу сөздерден де (елп-іл-де, емпең-де, жалтақ-
та), одағай сөздерден де (ойбай-ла, аһ-ла, үһ-ле), модаль сөздерден де
(бар-ла, жоқ-та) етістік тудыра алады.
2. –А, -е жұрнақтары. Көне қосымшаның бірі. Бұл жұрнақ арқылы
сабақты да, салт та етістіктер туындай береді. Бүгінгі таңда сөз
тудыру қызметі самарқауланған аффикс: ат-а, ас-а, жас-а, сан-а, мін-е,
дем-е, ойн-а, сын-а т.б.
3. –Ы, -і аффиксі. Бұл қосымшалар кей жағдайда түбірден бөліп
алуға болмайтындай болып кірігіп кететіндей жері де болады.
Мысалы, қалқы (қалық-та сөзімен түбірлес). Түбірі қалық болуы
керек. Ренжі (түбірі-реніш). Ш дыбысы Ж дыбысына айналған.
Ғалымдар аффикстің обастағы төркіні –а, -е болуы керек деп
топшылайды. Мысалы, бай-ы, жуас-ы, кем-і, кең-і т.б.
4. –Ра, -ре аффиксі. Күй-ре, жай-ра, түй-ре, сай-ра. Бұл жұрнақ
күрделіленіп –ыра, -іре түрінде жалғанады: барқ-ыра, бұрқ-ыра.
88
5. –Лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен жұрнағы. –ла және –н
қосымшаларының бірігуі арқылы пайда болған құранды қосымша.
Сондықтан –ла жұрнағы және ырықсыз етістің –н жұрнағы жалғанған
туынды етістіктермен түрлес болып келеді: ой-ла-н, таза-ла-н, арқа-
ла-н. Кейбір сөздерге бұл жұрнақ бөлшектенбей жалғанады: ашу-лан
(ашу-ла-н емес), ар-лан (ар-ла-н емес), борыш-тан, ие-лен, күдік-тен,
мал-дан.
6. –Лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес жұрнағы. Бұл жұрнақ та о баста
–ла жұрнағы мен –с жұрнағының бірігуінен қалыптасқан. Сондықтан
сөй-ле-с, сыбыр-ла-с сияқты екі жұрнақ арқылы жасалған туынды
формалармен түрлес болып келеді. Тек бір форма есебінде қызмет
атқарып, бөлшектенбейтіндері ғана құранды жұрнақ болады: бір-лес,
көмек-тес, бәс-тес т.б.
7. –Лат, -лет, -дат, -дет жұрнағы. Бұл да –ла және –т формасынан
біріккен өнімсіз жұрнақ. Мысалы, тез-дет, дауыл-дат, боран-дат, сел-
дет.
8. –Ай, -ей, -й жұрнағы. Мысалы, күш-ей, мұң-ай, қарт-ай,
көр(і)к-ей т.б.
9. –Қар, -кер,-ғар, -гер жұрнағы. Аса көне өнімсіз жұрнақ: бас-
қар, ес-кер, аң-ғар, оң-ғар, тең-гер т.б.
10. –Ар, -ер, -р жұрнағы. Көне мардымсыз жұрнақ: жаңа-р, жақс-
ар, ескі-р т.б.
11. –Ал, -ел, -ыл, -іл, -л жұрнағы. Аз ғана сөзде ұшырасатын көне
қосымша: жоғ-ал, су-ал, сұй-ыл, ұя-л, тең-ел.
12. –Ық, -ік жұрнағы. Көне жұрнақ: аш-тық, бір-лік, жол-ық, зар-
ық, дем-ік, кез-ік, мол-ық, құн-ық, өш-ік т.б.
13. –Шы, -ші жұрнағы. Бұл да өнімсіз жұрнақ: тер-ші, тықыр-шы,
шап-шы.
14. –Сы, -сі, -ымсы, -імсі жұрнағы. Бұл көне жұрнақтар, бірақ әлі
де өнімді қызмет атқарып жүрген жұрнақтар: пысық-сы, ширақ-сы,
қамқор-сы, мықт-ымсы т.б.
15. –Сын, -сін жұрнағы. –сы және –н жұрнағынан құралған өнімді
жұрнақ: өзіс-сін, жат-сын, көп-сін, аз-сын, кәрі-сін, мықты-сын т.б.
16. –Сыра, -сіре қосымшасы. –сы және –ра жұрнақтарының
бірігуі арқылы құралған қосымша: әл-сі-ре, жетім-сіре, ой-сыра т.б.
17. –Са, -се жұрнағы. Өнімсіз жұрнақ: бу-са, су-са.
18. –Сан, -сен жұрнағы. –са және –н жұрнағынан құралған
құранды, өнімсіз жұрнақ. Тек кейбір сөздерде ғана кездеседі: құр-сан,
бұр-сан. Мысалы, буырқанды, бұрсанды, мұздай темір құрсанды.
19. –Ырай, -ірей жұрнағы. –ыр және –ай формаларынан құрылған
көне қосымша. Бұл аффикс сын есімдер мен еліктеуіш сөздерге
жалғанады: кіші-рей, тік-ірей, тыс-ырай, аж-ырай, бад-ырай т.б.
89
20. –Ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы. Өнімсіз жұрнақ: ор-ғы, көл-кі, сор-
ғы.
21. –Т, -ыт, -іт жұрнағы. Бұл аффикс өзгелік етістің –т
жұрнағымен омонимдес. Оларды тек сөз жасам процесінде айыра
аламыз: құнар-т, Тұман-ыт, шаң-ыт, күрең-іт т.б.
22. –Пы, -пі жұрнағы. Өнімсіз жұрнақ: жел-пі, шар-пы т.б.
23. –Си, -жи, -ши, -ди, -ти, -би, -ми, -пи, -ки, -қи жұрнақтары. Бұл
аффикстер тіліміздегі санаулы ғана сөздермен тіркесіп етістік
жасайтын көне, өнімсіз жұрнақтар. Бұлардың кейбірін бүгінгі
түбірден ажыратудың өзі қиын: ақ-си, түк-си, бүк-ши, бағ-жи, қаз-ди,
бат-ти, ар-би, іл-ми, тым-пи, дөң-ки, тың-қи т.б.
24. –Қа, -ке, -ға, -ге жұрнақтары. Бұл да өнімсіз жұрнақ: иіс-ке,
шыр-қа т.б.
25. –Қан, -кен, -ан, -ен жұрнақтары. Соңғысынан алғашқылары
пайда болған, олар құранды аффикстер. Есімшенің формасымен
сәйкес: сес-кен, тітір-кен, күш-ен, емір-ен т.б.
26. –Ырқа, -ірке, -ырқан, -іркен жұрнақтары. Соңғы варианттары
құранды түрі: ес-ірке, мүс-ірке, тос-ырқа, аз-ырқан, аш-ырқан, шөл-
іркен. Бұл форма біздің тілімізде өнімсіз форма болса, туыстас хакас
тілінде –рха, -ырха, -рке, -арха, -орха, -орке түрінде өте өнімді форма.
27. –Қыр, -кір, -ғыр, -гір: ө-кір, а-қыр, шыңғ-ыр (шыңқ), бақ-ыр
(бақ ету)
II Етістіктен етістік тудыратын қосымшалар:
-ла, -ле, -да, -де, -та, -те жұрнағы. Бұл жұрнақтың актив қызметі
туралы біз жоғарыда айтып кеткенбіз. Бұл жұрнақ етістіктерге
жалғанып, жаңа сөз жасаған кезде оған қимылдың жиілену, үсті-
үстіне еселену мағынасын береді: саба-ла, төпе-ле, түйре-ле, қама-ла,
тісте-ле, тырна-ла.
Жоғары оқу орындарына арналған Қазіргі қазақ тілінің
оқулығында осы жұрнақтардан құралған бірнеше жұрнақтар берілген.
Кейбір еңбектерде ол құранды жұрнақтар бөлек түрде беріледі:
–қыла, -кіле, -ғыла, -гіле жұрнағы: ат-қыла, кес-кіле, соз-ғыла, үр-
гіле, түрт-кіле т.б.
-мала, -меле, -бала, -беле, -пала, -пеле жұрнағы. Бұл да құранды
жұрнақ: қаз-бала, бастыр-мала, тіз-беле, қақ-пала т.б.
–қышта, -кіште, -ғышта, -гіште жұрнағы: ал-ғышта, бар-ғыш-та,
кел-гіште, айт-қышта т.б.
Бұл құранды жұрнақтар да етістіктің түбіріне жалғанғанда –да
жұрнағы
секілді үстемелеу мағынасын береді.
–ыңқыра, -іңкіре, -ңқыра, -ңкіре жұрнақтары. Күрделі, құранды
жұрнақ, құрамында –ың. –ің, -ң көрсеткіштері бар. Осы көрсеткіштер
90
туралы Ы.А.Мамановтың құнды пікірлері бар. Көптеген ғалымдар
етістіктің негізі мен бұйрық райдың ІІ жағының жекеше түрінде
қосымша көрсеткіш болмайды деп есептейді. Сондықтан, етістіктің
негізі - бұйрық райдың жекеше түрінің ІІ жағы деген көзқарасты
қолдайды. Ы.Маманов бұл пікірді қолдамайды. Бұл категорияның
көне формсы бар. Тек қазақ тілінде қазір қолданыста қалған, алайда
басқа туыс түркі тілінде әлі де бар деп санап, ол формаға өзбек
тіліндегі –ың, -ң жұрнағының бұйрық райдың ІІ жағының жекеше
түрінде келуін айтады: кел-ің, ал-ың т.с.
Бұл құранды жұрнақ қазақ тілінде қимылдың үдей түскенін
аңғартады:
бар-ыңқыра, көр-іңкіре, байқа-ңқыра, бер-іңкіре.
–ымсыра, -імсіре, -мсыра, -мсіре жұрнағы, қимыл мен амалдың
толымсыз екенін білдіретін форма: жыла-мсыра, күл-імсіре т.б.
–лық, -лік, -дық, -дік жұрнағы: и-лік, шай-лық, бу-лық т.б.
–ғы, -гі, -ғыт, -гіт жұрнағы: кер-гі, ат-қы, құй-ғыт, ора-ғыт т.б.
–ыс, -іс, -і жұрнағы: таны-с, айт-ыс, көр-іс, арала-с т.б.
–ырай, -ірей жұрнағы: бүк-ірей, сығ-ырай, бақ-ырай т.б.
–сын, -сін жұрнағы: сүй-сін, түй-сін т.б.
–шы, -ші жұрнағы: көн-ші, шап-шы, көпір-ші т.б.
Етістіктердің жасалуын тіл білімінде екіге бөледі:
А) морфологиялық тәсіл арқылы жасалған етістіктер.
Ә) синтаксистік тәсіл арқылы жасалған етістіктер.
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған етістіктер:
1. Қос сөзді етістіктер: екі етістіктің қосарлануы арқылы бір
мағынаны білдіретін етістіктер. Қос сөзді етістіктердің бірнеше түрі
бар:
а) алғашқы сыңарына көсемшенің –ып, -іп, -п жұрнағы жалғанып,
екіншісі басқа грамматикалық формалармен түрленетін етістіктер:
қарғап-сілеу, алдап-сулау, сылап-сипау, сасып-пысу, бөліп-жару т.б.
ә) бір етістіктің қайталануы арқылы жасалған етістіктер: жүре-
жүре, келе-келе, сұрай-сұрай т.б. Етістіктің бұл түрі қайталама
етістіктер деп аталады. Қайталама етістіктер қимылдың дүркіндік,
созылыңқы түрде өтетінін сипаттайды.
б) бірінші сыңарына болымсыздық қосымшасы жалғанбай, тек
соңғы компонентіне болымсыздық жұрнағы жалғанған етістіктер:
ішіп-жемей, ұрып-соқпай, асып-саспай т.б.
г) екі компонентіне де болымсыздық жұрнағы жалғанған
етістіктер: ішпей-жемей, ұрмай-соқпай, аспай-саспай т.б.
д) Кейбір етістіктен жасалған қос сөздердің үстеуге жататыны да
бар: жүре-келе, ырғап-жырғап, кеуіп-семіп, өйтіп-бүйтіп т.б. Бұл
91
сөздердің
құрамындағы
компоненттері
бастапқы
сөздік
мағыналарынан ауытқып, біртұтас жаңа мағынаға ие болған.
2. Кіріккен түбірлі етістіктер: Құрамындағы сөздердің жігі
білінбей, бір-бірімен жымдасып, кірігіп кеткен сөздер кіріккен түбір
деп аталады. Кіріккен түбірлі етістіктердің саны тілімізде аса көп
емес, жиырма шақты. Мысалы: әкел-алып кел, апар-алып бар, бүйт-
былай ет, сүйт – солай ет, өйт-олай ет т.б.
3.Күрделі етістіктер. Күрделі етістіктерге кемі екі не одан да
көп компоненттерден құралатын етістік тіркестері мен етістікті
тіркестер жатады. Мысалы: көмек бер, құлақ сал, қол ұшын бер, келе
жатыр, лақтырып тастай салғысы келді т.б. Күрделі етістіктер –
қазақ тіліндегі өте көп қолданылатын етістік формаларының бірі.
Күрделі етістіктердің классификациясы мәселесі де қазақ тіліндегі
ортақ пікірге келмеген сала болып табылады. Ы.Маманов күрделі
етістіктерді құрамындағы негізгі етістіктердің (жетекші) мағынасына
қарай төртке бөледі:
1. Кесімді күрделі етістік.
2. Босаң күрделі етістік.
3. Бейімдік күрделі етістік.
4. Қалау мәнді күрделі етістік
Сондай-ақ Ы.Маманов тіркесті түбір етістік пен еді көмекші
етістігі арқылы жасалған өткен шақ формалы күрделі форманы
күрделі етістіктер қатарына жатқызбайды. Себебі, бұл күрделі форма
тек өткен шақ формасында ғана қолданылады. Ал күрделі етістіктер
барлық шақ формасында түрлене алуы керек деп санайды.
Шынында да, күрделі етістіктерді саралау мәселесінде
қиындықтар да жоқ емес. Құрамындағы компоненттерінің қай сөз
табына сәйкес келуіне және тіркесу ерекшелігіне қарай қазіргі қазақ
тіліндегі күрделі етістіктерді мынадай топтарға бөлеміз:
1. Күрделі етістіктің негізгі компонеті есім болып, ал екінші
компоненті сол есімді етістікке айналдыратын дәнекер көмекші
етістік есебінде келетін түрін құранды күрделі етістіктер деп
атайды: жәрдем бер, үлгі қыл, бас и жанжал шығар, серуен құр т.б.
2. Әр компоненті дербес мағынаға ие және сол мағыналар бір-
бірінен кем емес болып келетін, екі сыңары да етістіктерден
құралатын түрі жай күрделі етістіктер деп белгіленеді. Мысалы:
алып кел, барып кел, келіп кет, жинай сал, ала кет т.б.
3. Аналитикалық күрделі етістіктер. Бұл форма бойынша
жасалатын күрделі етістіктің лексикалық мағынасына алғашқы етістік
негіз болады да (оны жетекші етістік деп атайды), оған қосылатын
көсемшенің жұрнағы (-а, -е, -й, -п, -ып, -іп) мен көмекші етістік
92
селбесіп алғашқы етістіктің мағынасын саралай түседі: айта сал,
жаза түс, қарай көр т.б.
4. Суреттемелі күрделі етістіктер. Мысалы: түсінуші едік, кешігіп
қалған екенмін, жас екен, бармақ болды т.б. Бұл формада көмекшілер
жетекшілерді етістік сипатына түсіріп, оларға шақ, жақ ұғымына
байланысты таза грамматикалық мағына жамап, қызмет атқарады.
Бұл форма белгілі бір амал әрекетті суреттеу үшін баяндау қызметін
атқарады.
5. Тұрақты күрделі етістік. Мысалы: бетке шіркеу түсіре көрме,
бойын аулақ салды, жұмған аузын ашпады, жігері құм бола жаздады
т.б. Бұл күрделі етістіктер – тұрақты тіркестер, яғни идиомалық
тіркестер.
Енді
Ы.Мамановтың
күрделі
етістіктерге
берген
классификациясы бойынша әр етістікке түсінік беріп көрелік.
1. Кесімді күрделі етістік. (ККЕ) ККЕ-тің алдыңғы сыңары өткен
шақ көсемшенің формасында жұмсалады. Бұл форма іс-әрекеттің
тиянақты, кесімді түрде өтетінін білдіреді. Өткен шақ көсемшенің
жұрнағы –ып, -іп, -п түрінде келеді. Мысалы: алып кел, қуып кел, жеп
қой, айтып жүр т.б.
2. Босаң күрделі етістік. Алдыңғы сыңары келер шақ көсемшенің
–а, -е, -й формасында қоладынылады: ала кел, бара кел, көре кел, кіре
шық, отыра кет т.б.
Қазіргі қазақ тілінде күрделі етістіктің бұл түрлері жарысып, кең
түрде қолданылады. Бір-бірінен лексикалық жағынан айырмашылығы
жоқ, тек семантикалық жағынан ерекшелігі бар. Мысалы:
ККЕ
БКЕ
Оқып отыр
Оқи отыр
Алып кел
Ала кел
Айтып кел
Айта кел
Тыңдап жат
Тыңдай жат
Біріншісінде сөйлеуші орындаушыға кесімді түрде бұйрық берсе,
екіншісінде сөйлеуші бұл іске немқұрайлы, босаң қарайтының
білдіреді.
Міне,
осындай
үстеме
грамматикалық
мағына
ерекшеліктеріне қарай оларды кесімді және босаң күрделі етістіктер
деп бөлінеді.
Күрделі етістіктердің құрамында қолданылатын кейбір етістіктер
кейде мағынасын сақтап, кейде мағынасын жоғалтып отырса, бар,
кел, кір етістіктері өзінің лексикалық мағынасын жоймайды.
3.Бейімдік күрделі етістіктер. Күрделі етістіктердің бұл түрі
мақсатты көсемшенің –ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы мен қалып
етістіктерінің (отыр, тұр, жатыр, жүр) тіркесі арқылы жасалады.
Бейімдік күрделі етістік қимылдың, іс-әрекеттің басталар кезеңін
93
және соған қимыл иесінің бейімделуін білдіреді: жазғалы отыр,
қайтқалы жатыр, кеткелі жүр т.б.
4.Қалау мәнді күрделі етістіктер. Алдыңғы сыңары –ғы, -гі, -қы, -
кі формалы қимыл есімі тәуелді формада келіп, соңғы сыңары кел
көмекші етістігінен тұрады: барғым келеді, барғың келеді, барғысы
келеді т.б.
Алғашқы басылымдағы академиялық грамматикада да күрделі
етістіктерді түрге бөледі. Онда көсемше формасының түріне
байланысты үшке бөледі де, соңғы форманы мүлде бермейді.
Шынында да, күрделі етістіктердің түрі құрамына қарай және
грамматикалық мағынасына қарай бөлінеді. Құрамына қарай күрделі
етістіктер үшке бөлінеді:
1. Есімдердің, еліктеуіш сөздердің көмекші етістіктермен тіркесуі
арқылы жасалған тіркесті түбір етістіктер.
2. Еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған күрделі
формалар.
3.Көсемше формалы етістіктер мен көмекші етістіктердің тіркесуі
арқылы
жасалған
күрделі
формалар.
Ы.Мамановтың
классификациясы осы соңғы күрделі формаларғар сәйкес берілген.
Демек, көсемше формалы емес күрделі форманы осы түрге саю дұрыс
емес. Күрделі етістіктің құрамындағы алғашқы сөзді жетекші етістік
деп, соңғы сыңарын көмекші етістік деп атайды.
Негізгі және көмекші етістіктер. Күрделі етістіктердің
компоненттерінің ара салмақтары бірдей емес. Күрделі етістіктің
құрамына жетекші етістік және көмекші етістік деп аталатын
сыңарлар болады.
Орын жағынан бұрын тұрып, дәнекер форманы өзіне тіркеп,
күрделі етістіктердің негізгі мағынасына ие болатын сыңарын
жетекші деп атайды. Жетекшіден кейін тұрып, оған үстеме мағына
жамап, грамматикалық формаларға түсіріп тұратын соңғы етістік
үнемі көмекші деп аталады.
Тіліміздегі көмекші етістіктердің саны негізгі етістіктерге
қарағанда аз болып келеді. Алайда, атқаратын қызметі зор болып
келеді. Етістіктердің бір-бірінен ерекшеленетін болмашы, нәзік реңкін
осы көмекші етістік ғана бере алады. Мысалы, шөлдеп кеттім –
шөлдеп қалдым, бере салдым – бере қойдым, жығылып кете
жаздадым – жығылып қала жаздадым т.б.
Қазіргі қазақ тіліндегі әр көмекші етістіктің өзіндік қызметі,
түрлені жүйесі, қолданылу шеңбрі болады. Бірақ олардың ортақ
сипаттарына сай көмекші етістіктерді үлкен екі топқа бөледі:
А) Толымды немесе мәнді көмекші етістіктер.
Ә) Толымсыз немесе мәнсіз көмекші етістіктер.
94
Толымсыз көмекші етістіктер. Бұл топқа енетін көмекші
етістіктердің саны өте аз: е, ет, де, жазда. Бұл көмекші етістіктердің
жеке лексикалық мағынасы жоқ, өз алдына дербес мүшесі бола
алмайды. Бұлардың кейбіреуінде жартылай лексикалық мағына
болады да, енді бірінде мүлде мағына жартылай болмайды. Сондақтан
оларды мәнсіз көмекші етістік деп атайды.
1. Е көмекші етістігі. Бұл көмекшінің лексикалық мағынасы
бүтіндей жоқ. Е көмекші етістігі жедел өткен шақтың (едім, едің, еді)
формасымен, өткен шақ есімшенің (екен) формасымен, болымсыздық
формасымен (емес) ғана түрлене алады. Ал етістіктің басқа
формаларымен
түрлене
алмайды.
Түркітануда
е
көмекші
формаларының әрқайсысын жеке деп алып қарастырады. Е көмекші
етістігі қазіргі қазақ тіліндегі актив қолданылатын морфологиялық
единица. Бұл көмекші және күрделі есімдерге де, етістіктің көптеген
категорияларына да, соның ішінде құранды етістіктерге де талғамай
тіркесе береді. Мысалы, бала еді, ұстаз екен, отыздар шамасында
еді, тап-таза екен, келіп жетіп еді, ақылға салып көріп едім т.б.
2. Ет көмекші етістігі істе, қыл етістіктерімен синонимдес.
Жартылай мағыналы, бірақ дербес сөйлем мүшесі бола алмайды. Ет
көмекші есім және еліктеуіш сөздермен тіркесіп күрделі етістік жасай
алады. Мысалы, әсер етті, қылт етті, сылқ етті, сарт етті. Яғни,
көмекші етістігі құранды етістік жасауда үлкен роль атқарады.
Де көмекші етістігі айт, сөйле етістіктерінің синонимі. Бірақ
семантикасы мен функциясының жан-жақты қолданылу қабілеті
жағынан болсын, сөйлеу етістігінің бірде-бірі де етістігіне бара-бар
бола алмайды. Сөйлеуші бөгде адамның сөзін не ойын екінші біреуге
осы де көмекші етістігі арқылы жеткізе алады. Де етістігі кейде (өте
сирек) өзінің лексикалық мағынасында да қолданыла алады: білеміз
де – білеміз деп айт, сәлем де – сәлем деп айт. Де көмекші етістігі
көбіне өткен шақтың көсемше (деп) формасында сөз бен сөзді, сөйлем
мен сөйлемді байланыстыру үшін дәнекер қызмет атқарады.
Жазда етістігінің тілімізде о баста, көне дәуірде толық
лексикалық мағынасы болған деп топшылайды. Оған жаздым-
жаңылдым, жазығым не, не жаздым деген сияқты формалар дәлел
бола алады. Қазір тілімізге тек жартылай мағыналы жазда түрінде
ғана қолданылады. Жеке-дара қолданылмайтын нағыз көмекші
етістіктердің бірі. Жазда көмекші етістігінің өзге мәнсіз
көмекшілерден айырмашылығы бар. Бұл көмекші істің біркелкі
істелгенімен, әлі бір себеппен аяқталмағанын білдіретін мағына
үстейді. Жазда көмекші етістігі көсемшенің –а, -е, -й формасына ғана
біткен етістікпен тіркесіп, күрделі етістік құрайды. Мысалы, жығыла
жаздадым, құлай жаздадым, құлап кете жаздадым т.б.
95
Сонымен, қазіргі қазақ тілінде мәнсіз көмекші етістіктер
қатарына 4 етістік жатады: е, ет, де, жазда. Олар бір-бірінен өзара
ерекшеленеді, тек олардың барлығы да жеке-дара қолданылмай, өзге
сөздермен тіркесіп келіп, күрделі етістік жасауға себепші болады.
Толымды көмекші етістіктер. Көмекші етістіктерден бұл тобына
жататын етістіктердің толық лексикалық мағынасы бар.
Мәнді көмекші етістіктер бір жағынан өзінің толық лексикалық
мағынасын сақтап, өз алдына жеке тұрып амалдың (қимылдың)
мағынасын бере алады. Екінші жағынан, күрделі етістіктің құрамында
жетекші етістікпен белгілі грамматикалық формалар арқылы тіркесіп,
оған қосымша семантикалық мән үстейді. Толымды көмекші
етістіктерден саны – тілімізде 30 шақты. Мысалы, ал, бер, баста, бақ,
бол, жатыр, тұр т.б.
Толық мағыналы етістіктердің мәнді көмекші етістіктерге
айналып қалыптасуы қазақ тілінің тарихымен тығыз байланысты.
Қазіргі қазақ тіліндегі барлық етістіктер көмекшілік қызмет атқара
бермейді.
Толымды көмекші етістіктердің бірде-береуі егер жетекші
етістікке дәнекер қосымша (-а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -кейде, -ған, -ген, -
тын, -тін, -р) жалғанбаса, онда көмекшілік қасиетке ие бола алмайды.
Егер осы дәнекер қосымша жалғанбаса, екінші етістік (көмекші)
біріншімен (жетекші) байланыса алмайды, яғни оған семантикалық
мән үстей алмайды. Мысалы, айта сал деген тіркесті жұрнақсыз
айтып көрсек, олар қиылыспайды: айт сал. Сондай-ақ, күрделі
етістіктің құрамында көмекші етістікті де алып тастасақ, айта деген
көсемше формасы қалады.
Міне, осындай негізгі етістіктің көсемше формасында келіп, оған
көмекші етістіктің тіркесуін аналитикалық форма деп атайды.
Етістіктің аналитикалық формасы сыртқы жағынан да, мазмұны
жағынан да аса бай, қызметі жағынан да төтенше өрісті, ерекше
категория. Аналитикалық форманың грамматикалық семантикасын
білдіріп, оның көрсеткіші ретінде қызмет ететін соңғы екі бөлшегі –
көсемшенің жұрнағы мен көмекші етістік -мағына жағынан да,
қызметі жағынан да дәйім берлікте болады. Олар бір ғана
грамматикалық форма ретінде қызмет етеді. Осы грамматикалық
форма аналитикалық қосымша немесе аналитикалық формант деп
аталады.
Әрбір аналитикалық форманттың әзіне ғана тән мағынасы бар.
Яғни, әр форманттың семантикасы бір-бірінен өзгеше болып келеді.
Мысалы, көріп қой - көре қой деген екі аналитикалық етістіктің
лексикалық мағынасы бір, бірақ грамматикалық семантикасы бір
емес.
96
Қалып етістіктері (тұр, жүр, отыр, жатыр). Адамзат, ғаламат
атаулының амал-әрекеті, күйі я тұрған, я жүрген, я отырған, я жатқан
жағдайда болып келеді және олардың амал-әрекеті осы аталған
қалыптың бірінде жүзеге асып отырады.
Осындай жағдайды сипаттау мақсатында жұмсалатын етістіктің
түрін қазіргі қазақ тілінде қалып етістіктері деп атайды. Олардың
саны қазақ тілінде көп емес, барлығы төртеу. Олар: жатыр, жүр,
тұр, отыр.
Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері туралы профессор
М.Оразовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері» деген еңбегі
бар.
Қалып етістіктері де тілімізде көмекшілік қызмет атқарады.
Алайда,
бұл
етістіктің
қызмет
атқаруында,
мағынасында,
грамматикалық семантикасында байқалатын кейбір ерекшеліктер бар:
Біріншіден, осы төрт етістік тек көмеші етістік қызметін атқарып қана
қоймай, өзінің тура лексикалық мағынасында да жұмсалынады.
Мысалы, І. Ат қорада тұр; Күн жауып тұр. 1. Сәби бесікте жатыр;
Жолаушы ауылға келе жатыр. т.б.
Толымды көмекші етістіктер де бірде жетекші, бірде көмекші
етістік қызметін атқара береді. Алайда, осы жерде қалып етістіктері
мен толымды көмекші етістіктер арасында айырмашылық бар екені
байқалады. Қалып етістіктері көмекші етістік қызметін атқарғанда да
өзінің қалып мағынасын сақтап отырады. Ал толымды көмекші
етістіктер олай емес. Ол көмекшілік қызметін атқарған кезде жетекші
етістік қызметіндегі мағынасынан қол үзеді. Мысалы, оқып отыр,
оқып жүр, оқып жатыр, оқып тұр – айтып салды, өтіп барады,
көріп келеді т.б.
Екіншіден, осы төрт етістік екі лексикалық мағынада
қолданылады: қалып етістік мағынасында және қозғалу не амал-
әрекет мағынасында да. Мысалы, Жатыс септікті сөздермен тіркесіп
келіп қалып мағынасын білдіреді: үстелде отыр, жерде жатыр,
ауылда жүр. Барыс септікті сөздермен тіркесіп келіп «жүр» етістігі
қозғалу мағынасын, «жатыр, отыр» етістіктері амал-әрекет
мағынасын бере алады: ауылға жүр, жерге отыр, төсекке жат, т.б.
Сондай-ақ, «тұр» етістігі шығыс септікті сөздермен тіркесіп келіп,
амал-әрекетті сипаттайды: орныңнан тұр.
Қалып етістіктің осы екі мағынасы да олардың номинативті
мағыналары болып есептеледі.
Үшіншіден, басқа етістіктер негізі жіктік жалғауларын қабылдай
алмайды да, ал қалып етістіктері жіктік жалғауларын тікелей
қабылдай алады: отыр-мын, отыр-сың, жатыр-мын, жатыр-сың,
тұр-мын, тұр-сың т.б.
97
Сондай-ақ, еді, екен көмекші етістіктері де қалып етістіктеріне
түбір тұлғасында тұрған күйінде тіркесе алады. Мысалы: отыр еді,
отыр екен, тұр еді, тұр екен, жатыр еді, жатыр екен т.б.
Төртіншіден, тұлғалық құрамы жағынан да қалып етістіктері
басқалардан оқшауланады. Басқа толымды көмекші етістіктер және
негізгі етістіктер түбір тұлғалы күйінде тек екінші жақ бұйрық рай
формасымен сәйкес келеді. Ал қалып етістіктері әрі ІІ жақ бұйрық рай
формасымен, әрі ІІІ жақ ашық рай формасымен сәйкес келеді.
Мысалы, сен отыр, сен жүр, сен тұр, ол отыр, ол жүр, ол тұр. Тек
жат формасы ғана –ыр қосымшасын қабылдамай, бұйрық райдың ІІ
жағында сен жат түрінде келеді.
Бесіншіден, қалып етістіктері өзгелік етіс көрсеткішінен басқа
етіс формаларын қабылдамайды. Ал жатыр қалып етістігі етіс
формаларын мүлде қабылдамайды.
Алтыншыдан, қалып етістіктері жетекші қызмет атқарғанда да
көмекші қызмет атқарғанда да осы шақтың мағынасын білдіреді. Ал
басқа етістіктер осы шақ мағынасын тек арнаулы қосымшалар қосу
арқылы бере алады. Мысалы, жерде отыр, жазып отыр, үйде жүр,
оқып жүр т.б.
Осы келтірген ерекшеліктер – қалып етістіктерінің семантикалық
және морфологиялық сипаттарына қатысты жалпы және жалқы
қағидалар.
Салт етістік және сабақты етістік. Қимылдың объектіге
қатысты болып келуіне қарай етітіктің түбірлері сабақты және салт
етістіктер болып екі топқа бөлінеді. Етістіктердің барлығы субъекті
жасайтын амал-әрекетті немесе процесті білдіреді. Осы процесте амал
не іс-қимыл объектіге тікелей тіреліп, яғни сабақталып, немесе іс-
қимыл объектіге тірелмей, жанай жүзеге асырылады. Достарыңызбен бөлісу: |