ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақ грамматикасы . - Астана, 2002, 442- 495-бб.
2. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі зат есім категориясы. - А., 1971.
3. Нұрғалиев М. Көптік жалғау туралы. – А., 1973.
4. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. - А ., 1996, 158-181-
бб.
5. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. - А., 2007, 79-196-
бб.
6. Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова А және т.б.
Қазіргі қазақ тілі. – А., 2005, 216-301-бб.
7. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары.–А., 1951.
8. Мұсабекова Ф. Сын есім, оның қолданылуы. // Қазақ
филологиясы.4-кітап.– А., 1977. 44-51 б.
9. Шакенов Ж.Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы.–А., 1961.
10. Исаев С. И тұлғалы қатыстық сын есімдер және сөз тіркесін
құраудағы оның рөлі туралы. // ҚазССР ҒА-ның хабарлары, 1965, 1-
шығуы.
11. Шаһарман Г. Бір, жалғыз, екі, егіз сөздерінің семантикалық
ерекшеліктері. //Қазақ тілі және лингводидактика мәселелері. – А.:
АлМУ, 1997. – 108-112 б.
12. Сайранбаев Т. Сын, сан есімдердің етістікпен тіркесі. Дисс.
автореф. – А., 1966.
13. Хасенов А. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. – А., 1958.
14. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер тарихынан. – А., 1966.
15. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер. – А., 1961. 3-62бб.
16. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993, 344-348бб.
17. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық спаты,
1998, 64-69бб.
18. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі.
А., 1988, 19-37бб.
19. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. - А., 1991, 194-320-бб
77
Бекіту тапсырмалары:
1-тапсырма. Мәтіндегі зат есім, сын есім, сан есім, есімдік сөз
таптарын ажыратып, мағыналық, құрамдық түрлерін айқындаңыз.
Ол кеткен соң жирен орыс та құшырланып, күңкілдеп, боқтаған
іспетті болды. Өзге қостар да тұрса керек: далада шүлдірлеген сөздер
молайып шыңылдай бастады. Кейбір орыстар Ақбілек отырған қосқа
келіп: «Ә, кізімке...» деп, мойындарын қисайта, шағыр, шегір,
көздерімен тесіп жібергендей, Ақбілекке үңіле қарасып, ыржиысып,
бірдеме десіп кетіп қалды. Ақбілек олардың бетіне тура қарай
алмады, кіріп келгенде ғана немесе түртекенде ғана көзінің құйрығы
түсті. Қасындағы біреуі Ақбілекке қаңылтыр тостағанмен шай
ұсынып еді - алмады. Шайларын ішіп, шылымдарын тартысып болған
соң, өзгелері тысқа шықты. Жирен орыс беліндегі алтыатарын алып,
құлағын қайырып, бірдемесін басып, бұрап, шыртылдатып,
айналдыра бастағанда, Ақбілек өзімді атып тастар ма екен деп жүрегі
сескенейін деді. Қызды алып бұлар шыққанын көріп, өзгелер де
қозғалып, лек-лек болып тал жаққа қарай аяңдады. « Енді ажалым
жетті ғой, -деп Ақбілекте зәре жоқ. – Бәрі жиылып атып, қалай
өлгенімді тамаша қылғалы жүр ме? Әлде бұлардың басқа заңы бар
ма? Япырым-ай, мынаның бәрі жабылып...нетсе не жаным қалады?
Әлгі өзінің жирен орысы мен манағы қара мұрт біріне-бірі таянып
бірдеңе десті де, аяқтарын нығырлай басып, екеуі екі жаққа қарай
жөнелді: сүзісетін қошқарларша екеуі біріне-бірі қарама-қарсы тұра
қалды. Ақбілек енді не болар екен деп, ар жағында тұрғанда, мына
жағынан қара мұрт орыс жүгіріп келіп құшақтай алды. Өзіне таласып,
екі орыс бірін-бірі өлтіргенін Ақбілек сонда білді. (Ж.Аймауытов)
Мың сан жұлдыз тұңғиықтанған түн аспанында алыстағы оттай
таласып жылтылдап тұр. Июль жұлдызының аяғы болғандықтан,
жайлаудағы шеткі қоныстарға өрістеп барған ел енді күзекке таман
қайта көшуге айналып бір-бір қоныс кейін шегініп келіп отырған.
Қайтқан елдің бес-алты аулы Кеңөзекке кешелер қонған болатын.
Теріс аққанның елі жиылып көшкенде, кей кездерде Кеңөзекте он бес-
жиырма ауылдан ел сыйып кететін қоныс бар еді. Екі елдің руы да екі
басқа, бір-біріне алыс болатын. Екеуі де малды, кісілі, жуансыған,
соқтыққыш ел болатын. Кеңөзекте отырған бес-алты ауылдың
ортадағысы сол Досболдың ауылы еді. (М.Әуезов)
2-тапсырма.Мәтіндегі зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктерді
салыстырып, айырмасын атаңыздар.
...Бірақ бұл күндерде Сейттің де қайғысы бір басына жетіп жатыр
еді. Қазір ол жапа-жалғыз мидай далада атын ілбітіп аяңдатып,
осылай қарай келе жатыр. Неге келе жатқанын, не істерін өзі де
білмейді. Назыкеш оған жылан арбап алдына түсіргелі жатқан
78
бозторғайдай қөрінеді. Шырылын естіп, аяп келеді. Арашалар еш
дәрмені де жоқ. Түсінде бастырылыққандай қай бір үні шығар емес.
Алды-артын ойланса, бұған болысар да бір жан жоқ екен. Міне, жетім
де жалғыз, панасыз да қорғансыз. (Ғ.Мүсірепов.)
Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің
тірлігім- сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер
түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана
тілімнің сөздері жүрегімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі.Өз
күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған құлақ тігем, сонда маған
бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан таудың асау өзені елестейді.
Мен судың бүлкіл қаққан дыбысын сүйем. Осының бәрін ешқайдан
тапқан жоқпын, мұның бәрі тілімде бар.
Уа, менің ана тілім, сені де жұртқа білгізу маған өте қиын, сенің
алуан түрлі үнің неткен әсем еді, авар боп тумаған кісіге үйрену де
қиын оларды, егер біле қалсаң, оларды айту дүниенің рақаты емес пе,
шіркін! (Р.Ғамзатов.)
3-тапсырма. Бекіту сұрақтары
1. Зат есім және оның лексика–грамматикалық топтары мен
ерекшеліктері қандай?
2. Зат есімнің құрылымы дегеніміз не?
3. Көмекші есімдер дегеніміз не?
4. Сын есім және оның семантикалық топтары қандай?
5. Сын есімнің морфологиялық құрылымы дегеніміз не?
6. Сын есімнің шырай категориясы дегеніміз не?
7. Сан есімнің лексика-семантикалық, морфологиялық сипаты
қандай?
8. Сан есімнің мағыналық топтарын ата?
9. Сан есімнің синтаксистік қызметі қандай?
10. Есімдіктің жалпы сипатын ата.
11. Есімдіктің мағыналық түрлерін ата.
12. Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері қандай?
4-тапсырма. Бекіту тестісі
1. Зат есім ілік септікте немесе түбір тұлғада тұрып, қай
сөйлем мүшесі болады ?
А) Анықтауыш. Ә) Толықтауыш. Б) Пысықтауыш. Г) Баяндауыш.
2. Әскери тұтқындар лагері Днепр маңындағы Хоцко селосында
болатын. Сөйлемнен көмекші есімді табыңыз ?
А) Маңындағы. Ә) Лагері. Б) Әскери. Г) Селосында
3. Болымсыздық есімдігі дегеніміз ...
А) Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдік түрі
Ә) Затты сындық белгіні жорамалдап көрсететін есімдіктің түрі
Б) Жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі
79
С) Меңзеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіретін есімдіктің
түрі
4. Ойбай, көке, осынша жерді тегіс қоршайсыз ба? Жалпылау
есімдігін табыңыз? А) Тегіс. Ә) Ойбай. Б) Осыншама. Г) Көке
5. Күшейткіш буындар сын есімнің алғашқы буыны қай дыбысқа
бітеді?
А) П. Ә) Б. Б) Т. Г) Қ
6. Сын есім сөйлемде ненің қызметін атқарады (әдетте,
негізінде)?
А) анықтауыштың. Ә) бастауыш. Б) толықтауыш. Г) пысықтауыш
7. Сын есімнің шырай формасына енуі оның несі деп аталады?
А) Сын есімнің түрленуі. Ә) Сын есімнің заттануы. Б) Сын
есімнің даралануы. Г) Сын есімнің күрделенуі
8. Есептік сан есімі бар сөйлемді тап?
А) Алты жердегі алты-отыз алты.
Ә) Берерменде бесеусің, Аларманда және алтау.
Б) Сен-алтының бірісің.
Г) Бір отардағы қой алпыс шақты.
9. «Екеуі бірінші қатарда отырып алып,жұрттың бәріне
аждарадай әсер етті» Сөйлемдегі сан есімдерді тап?
А) Жинақтық,реттік
Ә) Болжалдық, бөлшектік
Б) Топтау, есептік
Г) Реттік, топтау
10. Есім сөздердің орнына жүретін сөз табы?
А) Есімдік. Ә) Етістік. Б) Еліктеуіш сөздер. Г) Одағай
4.5 Етістік
Етістік – тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және
функциясы өте кең грамматикалық категория. Есімдерге қарағанда,
етістіктердің
лексикалық-грамматикалық
мағыналары
да,
грамматикалық тұлғалары да әр алуан, сөйлемдегі атқаратын қызметі
де ерекше. Сондықтан, әдетте, етістікті күрделі сөз табы деп
түсіндіретін факторлар мыналар: 1) мағынасының жан-жақтылығы, 2)
категорияларының көптігі, 3)синтаксистік қызметінің аясының орасан
кеңдігі.
Етістік-қимылдың немесе қимыл түрінде өтетін түрлі
процестердің атын білдіретін сөз табы. Етістіктің мағынасының жан-
жақты, өрісті болатын себебі - оның мағынасы тек субъектінің іс-
әрекетін ғана емес, табиғат пен қоғамда кездесетін, адамның
абстракты ойы мен санасында туатын неше түрлі амал-әрекет, іс-
80
қимыл, қозғалыс, жай-күй секілді процестерге қатысты ұғымдарды
түгел қамтиды. Етістіктің осы кең мағынасы үнемі мезгіл не шақ
ұғымымен ұштас болып келеді. Етістіктер сан-салалы динамикалық
процестерді жүйелі материалдар негізінде жеткізеді. Етістік –
динамиканы сипаттай алатын сөздердің жиынтығы. Өз алдына жеке
сөз табы ретінде етістік лексикалық, семантикалық және
грамматикалық жағынан белгілі бір ерекшеліктерге ие болады.
Етістіктің лексикалық құрамында қанша сөз болса, солардың
әрқайсысының өзіне ғана тән лексикалық мағынасы болады. Бірақ,
олар әрқайсысы тек өзіндік жеке ерекшелікке ие болғанымен,
мазмұнындағы ортақ сипатына қарай белгілі бір сөздердің тобына
телінеді. Яғни, іштей мағына жағынан жақындықтарына, қызмет
жағынан орайлас болып келуіне қарай етістіктерді қазіргі қазақ
тілінде бірнеше топтарға бөледі: амал-әрекет етістіктері (босат, көтер,
күрес, ки, сыз, өлше т.б.), қимыл-қозғалыс етістіктері: (ауна, аудар,
домала, жылжы, қаш т.б.), қалып етістіктері (жүр, отыр, тұр жатыр),
ойлау, сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, ескер, жатта), өсу-өну етістіктері
(өс, өн), бағыт-бағдар етістіктері (бар, кел, әпер, әкет), көңіл-күй
етістіктері (жыла, өкін, күл, қуан), бейнелеу-еліктеу етістіктері
(жарқыра, күркіре, дүркіре, сырқыра), дыбыс-сес етістіктері, көру-
есту етістіктері, мінез-құлық етістіктері және басқа.
Етістіктерді сыртқы түр-тұрпатының ұқсастығына сәйкес немесе
мағына-мазмұн алшақтықтарына қарай омоним етістіктер, синоним
етістіктер, антоним етістіктер деп те жікке айыруға болады.
Етістікті мағынасына сәйкес топтау белгілі бір мақсатқа
негізделіп жүргізіледі. Етістіктерді жоғарыдағыдай саралау– тіл
білімінің лексикология, лексикография, семасиология, стилистика, тіл
тарихы ғылымдары үшін қонымды болғанымен, грамматиканың
талап-талғамы үшін ұтымды бола қоймайды. Сондықтан, етістіктің
грамматикалық формалар мен функцияларын дұрыс анықтау үшін
етістік сөздерді түбір форма мен туынды формаға, туынды форманы
аналитикалық және синтетикалық түрге орай жіктеу керек болады.
Бұлай жіктеу тиімді әрі қонымды болады. Себебі, грамматикалық
семантика сөздің құрылысы мен құрамына байланысты болады.
Қазақ тіліндегі байырғы түбір етістіктерді грамматикалық
семантикасына және негізгі функциясына қарай үш салаға бөлеміз:
Бірінші сала. Негізгі функциялы етістіктер. Бұл салаға өзінің
негізгі лексикалық мағынасын толық сақтаған, соған сәйкес
грамматикалық қызмет атқаратын түбір етістіктер жатады. Бұл
етістіктер өзінің негізгі мағынасын үнемі сақтап отырады. Және үнемі
жетекшілік қызмет атқарады. Қазіргі қазақ тіліндегі түбір
81
етістіктердің басым көпшілігі осы топқа жатады. Мысалы, айт, ас,
аш, байла, ем, илан, күл, көн, кір т.б.
Екінші сала. Қос функциялы. Бұл топқа лексикалық мағыналарын
толық сақтап, сөйлемде дербес мүше бола да алатын, сондай-ақ
жетекші етістікпен тіркескенде өзінің мағынасын жартылай не
бүтіндей жоғалтып, көмекші қызмет атқаратын түбір етістіктер
жатады. Яғни, бірде негізгі, бірде көмекші қызмет атқаратын мұндай
етістіктердің саны тілімізде отыз шақты. Мысалы, ал, бар, баста, бақ,
бер, бұл, біл, жүр, жат т.б.
Үшінші сала. Көмекші функциялар. Бұл топқа енетін етістіктің
саны аз. Ол сөздер - өзінің алғашқы мағынасын жартылай, не толық
жоғалтып, қазір тек бірыңғай көмекші қызметін атқаратын сөздер.
Мысалы, е, ет, жазда, де.
Бұлардың барлығы жалаң негізгі етістіктер. Басқа сөз табынан
жұрнақ арқылы жасалатын немесе екі сөзден құралатын күрделі,
туынды етістіктер осы негізгі етістіктердің семантикалық жүйесіне,
морфологиялық формасына және синтаксистік функциясына қарай
құрылып, негізгі етістіктердің заңдарына лайық қалыптасып отырады.
Қазіргі қазақ тіліндегі етістік сөз табы грамматикалық
категорияларға өте бай болып келеді. Әр категорияның өзіне тән
формалары бар. Ол формалар өзге түркі тілдеріндегі сияқты
жалғамалық принципке сәйкес арнайы қосымшалар арқылы
белгіленеді. Әр қосымшаның сөз құрамында өзінің тиянақты орны,
мағынасы және атқаратын қызметі жүйелі түрде қалыптасқан. Бір
формадан екінші форма, екінші формадан үшінші форма сатыланып
жасалу – қазақ тіліне тән қасиет. Мысалы, жаз – түбір етістік, жазыс
– ортақ етіс, жазыспа – етістіктің болымсыз түрі, жазыспадың –
жедел өткен шақ, жазыспадыңдар – жедел өткен шақтың көпше түрі.
Міне, осы сөзге жалғанған әр қосымша белгілі бір грамматикалық
категорияның көрсеткіші болып табылады.
Етістіктің категориялары деген түсінікке етіс категориясы, шақ
категориясы, көсемше категориясы, есімше категориясы, рай
категориясы, көрініс немесе вид категориясы, жақ категориясы, салт
және сабақты етістіктер кіреді. Бұл категориялардың ішінде көп
жылдар даулы таластар туғызған категориялар да бар. Ол - көрініс
категориясы.
Етістік категорияларсы формаларының түбірге тіркесуі, әдетте,
біркелкі болып келмейді. Оны біз сөйлем не сөз тіркесінен, яғни
нақты контекстте анықтай аламыз. Етістік – категориялары көп сөз
табы. Олар сөз құрамында бірімен-бірі сыйыса береді. Сондықтан
етістіктің формаларының түбірге тәртіппен жалғанатынын анықтай
білу керек.
82
Етістік сөйлем құрылысына не сөз тіркесіне түскенде өзінің
категорияларының формаларын қабылдайды. Етістік тек бір ғана
категорияны қабылдап тұрмайды. Категорияларға бай болғандықтан,
бұл сөз табы бірнеше категориялардың формасында тұрып, олардың
әрқайсысының
мағынасын
да
білдіруі
жиі
кездеседі.
Категориялардың көрсеткіштері түбірге тікелей жалғана береді. Бұл
қағидаға қайшы келетін тек жақ категориясының көрсеткіштері. Түркі
тілдерінде жақ категориясының көрсеткіштері түбір етістікке тікелей
тіркесе алмайды, себебі ол раймен байлаулы. Рай қимыл-әрекеттің
шындық өмірге қатысын білдірсе, сол қимылдың иесін жақ білдіреді.
Рай мен жақ көрсеткіштері етістікке үнемі қатарласа жалғанады.
Мәселен, бұйрық райда (келсін, кел-ің-дер, кел-іңіз), нақ осы шақта
(отыр-мын, отыр-сың, отыр-сыз).
Түбір етістікке бірінші болып етіс формасы жалғанады. Мысалы,
ал-дыр-ма, әкел-дір-мек, ет-кіз-е-ді. Етістен кейін түбірге көрініс
немесе сипат категориясы жалғанады. Сипат категориясы
тюркологияда біраз даулы талас тудырған категория. Ғалымдардың
бірсыпырасы, тіпті басым көпшілігі бұл категория қазақ тілінде жоқ
деп есептейді. Бірақ, профессор Н.Оралбаев 1971 жылы осы сипат
категориясы
бойынша
докторлық
диссертация
қорғап,
ол
категорияның қазақ тілінде бар екендігін дәлелдеді. Бұл категория
бойынша етіс жұрнағынан кейін қимылдың өту сипаты көрінеді.
Яғни, етістікте алдымен қимылдың объектісі мен субъектісі
көрсетіліп, содан кейін ол қимылдың қалай жасалғанын білдіреді.
Мысалы, айтқыза сал, оқыта бер деген етістіктерді алып қарайық.
Негізгі қимыл айту және оқыту. Оны біреуге жасату мағынасы және
бар. Бірінші етістікте сол қимылды жасауды немқұрайлы формада
жасау мағынасы болса, екіншісінде ол қимылды жасауды әрі қарай
жалғастыру мағынасы жатыр. Осыдан көрініп отырғандай әрбір
етістікте екі категорияның көрсеткіші бар. Оның алғашқысы етіс
категориясы, ал соңғысы қимылдың өту сипаты, сипат категориясы.
Сипат категориясын тіл білімінде акционсарт деген терминмен
белгілеп жүр. Орыс тіл білімінде оны «категория характера
протекания действия» деген ұғыммен түсіндіреді. Сипат категориясы
түркі тілдерінде өте дамыған. Оның өзіндік мағынасы бар және сол
мағынаны білдіретін көрсеткіштері бар. Сипат категориясының
жалпы мағынасы – қимылдың қалай жасалғанын суреттеп, сипаттап
беру және қимылдың қалай қандай сатыда екенін білдіру. Мысалы,
келіп қалды, келе қалды, келе қойды, келе берді, келіп жүрді, келе
салды, келе түсті, келіп алды, келіп бақты, келе жатыр, келе
бастады, келіп отыр, келіңкіре деген етістіктерді алып қарайық.
83
Осы мысалдардағы негізгі қимыл кел, ол түрлі формада тұр, әр
формада етістік сол қимылдың түрлі жасалу тәсілін білдіріп тұр.
Мәселен, келе салды – қимыл немқұрайлы жасалған; келіп қалды –
қимыл жедел, кенеттен жасалған; келе қалды, келе қойды – қимыл
ойда жоқта жасалған; келіп қойды – қимыл жасалып біткен; келе
берді, келіп жүрді – қимылдың қайталанғанын; келіңкіре, келе түсті
– қимылдың жасалуы үдегенін; келіп алды – қимыл субъектінің өзі
үшін жасалған; келе жатыр, келіп отыр – қимыл жасалу үстінде;
келіп бақты – қимыл бар ынтамен жасалған; келе бастады – қимыл
жасалуының І этапы деген мағынаны білдіреді.
Тек кел сөзі ғана емес, қимыл атаулының бәрі де өмірде түрлі
жағдайда, түрлі кезеңде түрліше жасалады. Біз жоғарыдағы мысалмен
бір қимылдың түрлі тәсілмен жасалатынын көрсетіп өттік. Бір
тәсілмен де түрлі қимылдарды жасауға болады: Мысалы, айта сал,
келе сал, бере сал, жаза сал, оқи сал, бара сал, қайта сал, көре сал,
сұрай сал, тыңдай сал. Осы мысалдағы айт, кел, бер, жаз, оқы, бар,
қайт, көр сұра, тыңда қимылдар бір-ақ тәсілмен жасалып тұр.
Бәрінде де қимылдың сипатында немқұрайлылық бар.
Міне, осындай дәлелдерді келтіре отырып, сипат категориясының
қазақ тіліндегі көптеген етістіктерге ортақ екендігін ескере отырып,
профессор Н.Оралбаева сипат категориясын қазақ тіліне тән құбылыс
деп санайды.
Көрініс не сипат категориясы негізінен славян тілдері
грамматикалық құрылысының бір ерекшелігі. Алайда орыс тілінде
бұл категория мүлде басқаша түсіндіріледі.
Көрініс категориясы туралы пікірді белгілі совет тюркологы
А.Н.Кононов та қолдайды. Ол – оны бірінші зеттеген және таныған
ғалым.
Сипат категориясынан кейін етістіктің құрамында орын алатын
формалар – рай көрсеткіштері. Рай категориясынан кейін етістікті
аяқтайтын формалар болады. Сөйлемде етістікті аяқтайтын формалар
санаулы ғана. Олар: жіктік жалғаулары, көсемше, есімше және тұйық
етістік формалары.
Осы формалардан басқа болымсыздық категориясы деген бар.
Тілімізде болымды мағынаны білдіретін арнайы көрсеткіш жоқ. Ал
болымсыздық мағынасын арнайы көрсеткіш бар екенін бәріміз
білеміз. Осы жағдай тілімізде болымсыздық категориясының
танылуына себепші болды. Алайда, болымдылық пен болымсыздық
мағыналары бір категорияның құрамына қарастырылып жүр.
Академик А.Н.Кононов оны етістіктің болымды, болымсыз аспектісі
деп бірлікте алып қарайды.
84
Етістіктің болымды мағынасының арнайы көрсеткіші жоқ дедік.
Сондықтан оның орны туралы да сөз болуы мүмкін емес. Ал
болымсыз форманың орны көрсетілуі керек. Болымсыздық
формалары рай, шақ, көсемше, есімше, тұйық етістік формаларының
алдында, етіс формасынан кейін орын алады.
Енді етістіктің есім сөздерден айырмашылығы. Етістіктер мен
есімдердің бір–бірінен түбегейлі айырмашылығы бар екендігі жеке-
дара тұрғандығынан гөрі сөйлем ішінде, сөз тіркесі құрамында анық
көрінеді.
1.Сөз
жоқ, есім сөздер мен етістіктердің арасындағы
айырмашылық – біріншіден, лексикалық мағынасынан көрінеді.
Етістік – қимылды динамикалық тұрғыдан беретін сөз табы.
Етістіктер тек іс-әрекетті көрсетіп қана қоймай, оның мезгілін,
жекеше-көпшесін, объектінің субъектіге қарым-қатынасын т.б.
көптеген мағыналарды береді.
2. Етістікке тән ерекшеліктердің бірі – категорияларының көптігі.
Атап айтатын болсақ, сабақтылық және салт етістілік формасы, етіс,
сипат категориялары, болымды-болымсыздық категориясы, тұйық
етістік формасы, әсіресе, шақ, рай, жақ категориясы. Сабақты және
салт етістік, етіс, жақ, шақ, рай категориялары етістікті есімдерден
көрсететін бірден–бір белгі.
Етістік есімдердің категорияларын да қабылдай алады. Септік,
көптік, тәуелдік категориялары (зат есімнің) етістікке де аса жат емес.
Зат есімге қарағанда етістікте байқалатын бір ерекшелік – олар жіктік
жалғауын түбір күйінде тұрып қабылдай алмайды. (Бұл жерде тұр,
жүр, отыр, жатыр секілді қалып етістіктері ғана қабылдай алады деп
айтуға болады).
3. Бұл айырмашылық тек мағыналық не грамматикалық
ерекшелігінен көрініп қоймайды. Синтаксистік қызметінде де елеулі
айырмашылық бар. Етістік баяндауыш пен пысықтауыш жасауға аса
ыңғайлы келеді. Ал есімдер бастауыш, анықтауыш, толықтауыш,
пысықтауыш болуға бейім.
Міне, осындай ара алшақтықтарын айта отырып, біз, есімдер мен
етістіктердің арасындағы тығыз байланысты жоққа шығара алмаймыз.
Мысалы, сөз тудыру процесі. Белгілі бір тәсілдер арқылы есім сөздер
етістікке, керісінше, етістіктер есім сөздерге айналып жатады. Бұл
процесс – негізгі сөздік құрамның молаюына, толығуына, содан тілдің
қызметінің жан-жақты кеңеюіне себепші болады.
Етістіктің морфологиялық сипаты және жасалу жолдары.
Етістік басқа сөз таптарынан, соның ішінде есімдерден тек өзіндік
категориялармен ғана емес, сондай-ақ жасалу жолдары арқылы
ерекшеленеді.
85
Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер жалаң және
күрделі етістіктер деп аталатын екі топқа бөлінеді.
Жалаң етістіктерге бір буынды және екі буынды түбір етістіктер
мен жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер жатады. Мысалы,
кел, жу, ой, көр, қоры, оян, қолда, сабала, үймеле.
Жалаң етістіктер құрылысына қарай түбір етістіктер және туынды
етістіктер болып бөлінеді.
Түбір етістіктер қатарына арнаулы морфологиялық бөлшектері
жоқ, жеке тұрған күйінде түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге
келмейтін сөздер кіреді. Мысалы, аз, ал, алда, бер, бол, байла, же,
жыла, илан, шаш т.б.
Түбір етістіктердің құрамына қарай бөлінуі әр түрлі болып келеді.
Бір буындысы да, екі буындысы да, бірнеше буындысы да бар.
Бұндай әркелкілік – тарихи дамудың жемісі. Етістіктердің ішінде
жылдар бойы туынды етістік ретінде жұмсалып келіп, бірте-бірте
түбір мен жұрнаққа ажыратылмайтын сөздер де бар. Мысалы, қоры,
қорға деген етістіктер бар. Екеуі екі етістік. Мағыналары жақын. Көне
ескерткіштерде қоруғ-ла түрінде беріледі. Оян, оят, ояу етістіктері
туралы да осыны айтуға болады. Тарихи даму процесіне түскен
етістіктерге мысалды көптеп келтіруге болады: ай-т, ал-да, бай-ла,
бау-ла, қақ-ырай, жыла(йығ-ла), баста, сөй-ле (сез-ле), шегін (шек-
ін), шегер (шек-ер) т.б.
Міне, осы келтіріліп отырған етістіктердің құрамындағы
жұрнақтардың кейбірі деформаланып, кейбірі деформаланбай
бөлшектенбейтін түбірге айналып кеткен.
Тілдегі болатын осындай әр алуан өзгерістердің нәтижесінде
омоним етістіктер қалыптасқан. Мысалы: 1.Су жылы-ды. Жылы су.
2.Бала тоң-ды. Тоң қатты.
Осындай ерекшеліктерін ескере отырып, ғалымдар түбір
етістіктерді негізгі түбір немесе етістіктің негізі және көнеленген
түбір деп шартты түрде екіге бөледі.
Енді етістіктің негізі деген түсінікке тоқтала кетейік. Бұл түсінік
төңірегінде көптеген бері талас мәселе болып келе жатыр. Талас
доцент Ы.Е.Маманов пен профессор А.Ысқақов арасында болуда.
Көптеген тюрколог ғалымдар, соның ішінде А.Ысқақов та бар,
етістіктің негізгі дегенді былай түсіндіреді: «Неизменимая часть
любого глагола, наличествующая во всех его грамматических формах,
считается глагольной основой. В чистом виде глагольную основу
представляет форма второго лица единственного числа будущего
времени повелительного наклонения при обращении на ты, Мысалы,
айт/сен айт, кел-сен кел, ойла-сен ойла/».
86
Бұл теорема бойынша етістіктің өзгермейтін бөлігін негіз дейміз.
Егер ол өзгермейтін бөлік болса, онда бұйрық рай формасында қалай
тұрады? Сондықтан, Ы.Маманов негіз бен бұйрық райдың жекеше
екінші жағында тұрған етістік бір емес деп тұжырымдайды. Қандай
болмасын сөз форманы қабылдағаннан кейін негіз болудан қалады,
себебі грамматикалы мағынаға ие болады.
Туынды етістіктер.Достарыңызбен бөлісу: |