Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет1/27
Дата27.02.2017
өлшемі2,12 Mb.
#5011
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ 
 БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
            О.БҮРКІТ,  Ұ.ЕРЖАНОВА,  Б.ӨМІРЗАҚОВ 
 
 
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ 
ҚҰРЫЛЫМЫ: МОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ СИНТАКСИС   
(Оқу-әдістемелік құрал) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Орал, 2012 
 

 

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
М.Өтемісов атындағы 
 Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
О.Бүркіт,  Ұ.Ержанова,  Б.Өмірзақов 
 
 
 
 
Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылымы:  
морфология және синтаксис  
(Оқу-әдістемелік құрал) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Орал, 2012 
 

 

ӘӨЖ 811.512.122 
 
Пікір жазғандар: 
Филология ғылымдарының докторы, профессор Ғ.Қ.Хасанов 
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ә.Ниязғалиева
 
 
 
 
 
 
 
 
    Бүркіт О., Ержанова Ұ., Өмірзақов Б. 
    Қазақ  тілінің  грамматикалық  құрылымы:  морфология 
және  синтаксис:  Оқу-әдістемелік  құрал.  –  Орал:  М.Өтемісов 
атындағы БҚМУ Баспа орталығы, 2012. – 299 б.  
 
 
 
 
 
 
   
 
 
   
Оқу-әдістемелік 
құрал 
грамматиканың 
негізгі 
салалары 
морфология  мен  синтаксистің  ғылыми-теориялық  мәселелеріне 
арналған, 
сонымен 
қатар 
теориялық 
тақырыптармен 
қоса 
студенттердің білімін тексеруге арналған түрлі тапсырмалар берілген. 
Оқу-әдістемелік  құрал  филолог  мамандар  мен  ізденушілерге,  
студенттерге және жалпы тіл сүйер қауымға арналған. 
     
 
 
 
 
 
 
 
©Бүркіт О., Ержанова Ұ., Өмірзақов Б., 2012 
©М.Өтемісов атындағы БҚМУ, 2012 

 

1. ГРАММАТИКА 
 
1.1 Грамматика – тілдің бір саласы 
 
Қандай  болмасын  тіл  туралы  ғылым  бірнеше  салалардан  тұрады 
және ол салалар бір-бірімен өте тығыз байланыста болып келеді. Тілді 
терең  түсіну  үшін,  оны  зерттеу  үшін  тілдің  осы  салалары  өте  қажет 
болып келеді. Қазақ тілі де сондай тілдердің бірі. Оның да бір-бірімен 
тығыз  байланысты  бірнеше  салалары  бар:  фонетика,  фонология, 
лексика,  лексикология,  лексикография,  грамматика,  морфология, 
синтаксис, диалектология, ономастика, стилистика, т.б. 
Бұлардың  өздерін  екіге  бөліп  қарауға  болады:  тілдің  ішкі 
заңдылықтарын  зерттейтін  салалары  және  тілдің  сыртқы  салаларын 
зерттейтін салалары.  
Сөзде  лексикалық  мағынамен  қатар  грамматикалық  мағына  да 
болады.  Біз,  қала,  жеңіл,  көлік,  шық  деген  сөздерді  алсақ,  олардың 
әрқайсысы  жеке-жеке  ұғымдарды  білдіреді.  Бірақ  олардың  осы 
жиынтығынан ешқандай хабар берілмейді. 
Адам сөйлескен кезде жеке лексикалық сөздер арқылы білдіруге 
болмайтын неше түрлі мағыналардың бәрін тек грамматикалық амал-
тәсілдер арқылы ғана түсінікті етіп айтуға болады. Яғни, жоғарыдағы 
сөздерді  грамматикалық  тәсілдердің  көмегімен  «Біз  қалаға  жеңіл 
көлікпен шықтық» деп хабарлауға болады. 
Тілдегі 
грамматикалық 
амал-тәсілдердің 
барлығын 
грамматикалық  құрылыс  деп  атайды.  Оны  тілдің  грамматика  саласы 
зерттейді. 
Грамматика  –  сөздің  құрылысын,  сөз  тіркесінің,  сөйлем 
мүшелерінің  және  сөйлемнің  құрылысын  зерттейтін  тіл  ғылымының 
үлкен саласы. 
Тілдің грамматикалық құрылысы сөзге сүйенеді және сөз арқылы 
ғана  көрініп  отырады.  Грамматика  ғылымы,  тілдің  грамматикалық 
құрылысын зерттегенде, өзінің тексеретін нысанның негізгі өзегі етіп 
сөзді  және  сөйлемді  алады.  Зерттеу  объектісінің  осындай 
ерекшеліктеріне  қарай  грамматика  ғылымы  морфология  және 
синтаксис болып екі салаға бөлінеді. 
Морфология  –  сөз  бен  оның  формалары  туралы  ілім.  Сөйлеу 
кезінде  әр  сөз  сөйлем  құрамында  келіп,  өзге  сөздермен  белгілі  бір 
заңдар  бойынша  әр  түрлі  қарым-қатынасқа    түседі.  Әр  түрлі  қызмет 
атқарып,  соған  сәйкес  форма  жағынан  да  сан  алуан  өзгерістерге 
ұшырайды. Осы өзгерістердің бәрі де қалай болса солай, жүйесіз туа 
салмайды, тілдегі қалыптасқан белгілі жүйе бойынша жасалады. 

 

Морфология  тілдегі  сөздердің  түрлену,  өзгеру  жүйесін 
анықтайды.  Жалпы  сөз  атаулыны  топтарға  бөліп,  сол  топтардың 
әрқайсысына  тән  грамматикалық  сыр-сипатын  анықтайды.  Сөзді  сөз 
таптарына  ажыратады,  әр  сөз  табының  категорияларын  анықтайды. 
Осының  нәтижесінде  сөздің  жасалу,  түрлену,  өзгеру  жүйелерін, 
сөздің  бөлшектенуін,  қолдану  ерекшеліктерін,  грамматикалық 
мағыналарын анықтайды. 
Синтаксис  –  сөз  тіркесі  мен  сөйлем  құрылысын  қарастыратын 
ілім.  Сөйлеу  үрдісі  кезінде  сөздер  өз  ара  белгілі  бір  жүйе  бойынша 
тіркеседі.  Сол  сөз  тіркестерінің  де,  сөйлемдердің  де  өзіне  меншікті 
жүйесі болады. 
Морфология  сөздің  құрамын,  мағыналарын  және  қызметін 
талдаса,  синтаксис  сөйлемді,  оның  құрамындағы  сөз  тіркестері  мен 
сөздерді,  олардың  қарым-қатынастары  мен  грамматикалық  сыр-
сипатын талдайды. 
Грамматиканың  бұл  салалары  екі  сала  болып  бөлінгенімен,  бір-
бірімен тығыз байланысты болып келеді. 
Грамматика 
– 
тілдегі 
грамматикалық 
единицаларды 
ұйымдастыратын, байланыстыратын, оларды бір-бірінен ажырататын 
құралдарды  зерттейді.  Грамматикалық  негізгі  бірліктер  мыналар: 
Морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. 
Морфема  –  сөздің  әрі  қарай  бөлшектенуге  келмейтін,  ең  кіші 
мағыналық бөлшегі, грамматикалық бірлік. 
Сөз – морфемалардан құралып заттың атын, сынын, түсін, түрін, 
санын,  қимылын,  ісін,  т.б.  қасиеттерін  білдіретін,  түрлі  құрамда 
болып келетін, дыбысталу мен мағынадан тұратын бірлік. 
Сөз тіркесі – кемінде екі дербес сөздің еркін тіркесінен жасалып, 
құбылыстарды  бірімен-бірі  байланыста  атайтын  грамматикалық 
бірлік. 
Сөйлем  –  сөздерден  құралып,  аяқталған  ойды  білдіретін 
грамматикалық бірлік. 
Грамматикалық  бірліктердің  ара  қатысы  мен  байланысын 
анықтауға  және оларды тіркестіретін, жалғастыратын, сондай-ақ  бір-
бірінен  шегін  ажырататын  құралдарды  айқындауға  қатысты 
грамматикалық  ұғымдар  бар.  Олар:  грамматикалық  мағына, 
грамматикалық  форма,  грамматикалық  тәсіл,  грамматикалық 
категория.  
 
 
 
 
 

 

1.2 Негізгі грамматикалық ұғымдар 
 
Тіліміздегі  әрбір  сөз  айналамыздағы  зат  не  құбылыс  туралы 
ұғымның  атауы  болса,  онда  ол  сөздің  өзіне  телінген  мағынасы 
болады. 
Сөздердің  басқа  сөздермен  қарым-қатынасқа  түспей,  жеке  дара 
тұрған  күйіндегі  негізгі  мағынасын  лексикалық  мағынасы  деп 
атаймыз. 
Сөзде  лексикалық  мағынамен  қатар  бірнеше  грамматикалық 
мағына ұштасып, қатар өмір сүруі мүмкін. Мысалы: тас, ағаш, көмір 
деген  сөздерді  алып  қарайық.  Осы  үш  сөздің  үш  лексикалық 
мағынасы бар. Олар бір-біріне мүлде ұқсамайды. 
Бірақ,  осы  үш  сөзде  ортақ  белгілер  де  жоқ  емес.  Осы  үшеуі  де 
заттың  атауы,  сондықтан  грамматикалық  белгісіне  қарай  бөлсек  бір 
сөз  табына  (зат  есімдерге)  жатады.  Үш  сөзде  де  жалпы  затттың 
атауын білдіретін жалпылық қасиет бар. 
Сөздер  басқа  сөздермен  қарым-қатынасқа  түскен  кезде  өзінің 
лексикалық  мағынасынан  басқа  қосымша  грамматикалық  мағынаға 
да ие болады. Мысалы: Шөп ордық. Жер қаздық. 
Осы  мысалда  6  лексикалық  мағына  бар.  Осы  лексикалық 
мағыналардан басқа бірнеше грамматикалық мағыналар бар. 
Ордық,  қаздық  деген  сөздерге  ортақ  мынадай  грамматикалық 
мағыналар бар: 
1)
 
Іс-әрекет өткен мезгілге қатысты. (Бұл шақтық мағына). 
2)
 
Іс-әрекетті  бір  адам  емес,  бірнеше  адам  істеген.  (Бұл  көптік 
мағына). 
3)
 
Іс-әрекет 1 жаққа қатысты істелген. (Бұл – жақтық мағына). 
Белгілі бір грамматикалық мағына бір топқа (сөз табына) жататын 
сөздердің  барлығына  ортақ  болып  келеді.  Мысалы:  септік 
категориясының,  етіс  категориясының  мағынасы  барлық  етістік 
атаулыға ортақ болады. 
Сонымен,  лексикалық  мағына  әрбір  сөзге  ғана  меншікті  болса, 
грамматикалық  мағына  сөздердің  тобына  ортақ  болады.  Сөздің 
лексикалық  мағынасымен  жарыса  өмір  сүріп,  сол  лексикалық 
мағынаны  айқындай,  саралай  түсетін  не  сөйлемдегі  басқа  сөздермен 
қарым-қатынасқа  түсу  нәтижесінде  туатын  жалпы  мағынаны 
грамматикалық мағына деп атайды. 
Жығылсаң  нардан  жығыл  деген  сөйлемді  алайық.  Жығылсаң, 
жығыл деген сөздерде бір ортақ лексикалық мағына бар. Ол  – жық
Ол сөздердің грамматикалық мағыналары әр түрлі. 1.Жық – түбір, -лы 
–етіс  категориясының  жұрнағы,  -са  -  шартты  рай  категориясының 
жұрнағы, -ң – II жақтың жекеше түрін көрсетіп тұрған жіктік жалғау. 

 

Осы  талдауларға  сүйене  отырып,  мынандай  қағидалар  туғызуға 
болады. 1)Сөз тек мағынасы жағынан ғана емес, құрамы жағынан да 
аса  күрделі  категория.  2)Сөз  қолданылғанда,  әр  алуан  өзгеріске 
ұшырап  отырады.  Ондай  өзгеріс,  ең  алдымен,  сөздердің 
морфологиялық  құрамында  болады.  3)Сөздің  тұлғалық  өзгерісіне 
орай,  бірде  сөздің  лексикалық  мағынасы  өзгерсе,  енді  бірде 
семантикасы  басқа  реңкке  көшеді.  4)Осындай  ерекшеліктерге  орай, 
сөздің грамматикалық мағынасы да түрленеді. 
Грамматиканың  өте  маңызды,  әрі  күрделі  мәелелерінің  бірі  - 
грамматикалық  форма.  Әрбір  сөздің  лексикалық  мағынасы  да, 
грамматикалық мағынасы да оның тұлға–тұрпатына, яғни формасына 
байланысты болып келеді. 
Граммтикалық 
форма 
грамматикалық 
мағына 
және 
грамматикалық  тәсіл  ұғымымен  тығыз  байланысты  болады. 
Жоғарыда 
келтірілген 
жырттық, 
салдық 
сөздеріндегі 
грамматикалық  мағыналар  белгілі  бір  формалар  арқылы  беріліп  тұр: 
А) Өткен шақтық мағына –ты, -ды формасы арқылы; Ә) Көптік және 
жақтық мағына –қ формасы арқылы. 
Грамматикалық  мағына  грамматикалық  формамен  беріледі. 
Грамматикалық  формасыз  грамматикалық  мағына  болмайды.  Бірақ 
қазір  тілімізде  айтылып  жүрген  нольдік  форма  деген  түсінік  бар. 
Кейде  грамматикалық  мағына  ешбір  формасыз  да  берілетін  кезі 
болады. Оны нольдік форма деп атайды.Мысалы: ауыл баласы деген 
сөз  тіркесін  алайық.  Осы  тіркестегі  ауыл  сөзінде  ілік  септіктің 
меншіктік  мағынасы  бар.  Ол  мағына  форма  арқылы  көрініп  тұрған 
жоқ,  жасырын  беріліп  тұр.  Оны  ілік  септіктің  нольдік  формасы  деп 
атаймыз. 
Грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы берудің 
жолын грамматикалық тәсіл деп атайды. 
Грамматикалық  мағыналар  тіл-тілде  түрлі-түрлі  грамматикалық 
құралдар, амал-тәсілдер арқылы беріледі. 
Грамматикалық тәсілдердің үш түрі бар: 
а) семантикалық тәсіл, не лексика-грамматикалық тәсіл; 
ә) синтетикалық тәсіл, кейде морфологиялық тәсіл деп беріледі; 
б) аналитикалық тәсіл, кейде синтаксистік тәсіл деп беріледі. 
А)  Семантикалық  тәсіл  немесе  лексика-грамматикалық  тәсіл. 
Кейде грамматикалық мағына сөздің семантикасы арқылы да берілуі 
де мүмкін. Мысалы: шаш, сүт, су сияқты сөздер жеке-дара тұрып-ақ 
көптік ұғымды бере береді. 
Кейбір  сын  есімдер  қолданылу  ерекшелігіне,  контестегі 
семантикасына  сай  бірде  зат  есім,  бірде  үстеу  болып  келуі  мүмкін. 

 

Осындай  құбылыстарды  семантикалық  тәсіл  арқылы  болған 
өзгерістер деп айтуға болады. 
1.  Синтетикалық  тәсіл  немесе  морфологиялық  тәсіл.  Бұл 
тәсілдердің үш түрі бар: 
а) аффиксация тәсілі
ә) ішкі флекция тәсілі; 
б) екпін тәсілі. 
Әрқайсысын жеке-жеке қарастырып көрейік: 
А)  Аффиксация  тәсілі.  Сөздің  түбіріне  немесе  сөзге  аффикстер 
жалғану  арқылы  грамматикалық  мағыналарды  білдіруді  аффиксация 
тәсілі  деп  атайды.  Мысалы:  жолдастарыма  сөзінде  төрт    аффикс 
бар. Осының біреуі сөз тудырып, ал қалған үшеуі төрт грамматикалық 
мағына тудырып тұр. 
Аффикстер  префикс,  постфикс  (жұрнақ  және  жалғау),  инфикс 
болып бөлінеді. Қазақ  тіліне постфикс арқылы мағына тудыру тәсілі 
тән.  Префикс  арқылы  грамматикалық  мағынаны  беру  қазақ  тілінде 
мүлде кездеспейді. 
Ә)  Ішкі  флекция  тәсілі.  Түбірдің  дыбыстық  құрамы  өзгеруі 
арқылы  грамматикалық  мағыналардың  берілуін  ішкі  флекция  тәсілі 
деп  атайды.  Мысалы:  неміс  тілінде  mitter-шеше  –  (жекеше)  -  mitter 
деген  сөз  бар.  Егер  осы  сөздің  бір  дыбысын  өзгертсе,  шешелер 
(көпше)  мағына  пайда  болады.  Немесе  ағылшын  тілінде  foot-аяқ 
дегенді  білдірсе,  feet-аяқтар  деген  көптік  мағынаны  көрсетіп  тұр. 
Көптік  грамматикалық  мағынасы  екі  дыбыстың  өзгеруі  арқылы 
жасалып  тұр.  Ішкі  флекция  тәсілі  көбінесе  неміс  және  ағылшын 
тілдерінде, сондай-ақ орыс және араб тілдерінде кездеседі. 
Б)  Екпін  тәсілі.  Кейбір  тілдерде  екпін  сөздің  грамматикалық 
мағыналарын  ажырататын  тәсіл  ретінде  екпін  тек  соңғы  буынға 
түседі. 
Ал  кейбір  тілдерде  мысалы:  орыс  тілінде  екпін  жылжымалы, 
ауыспалы  болады.  Екпін  ол  тілде  кейде  сөздің  лексикалық 
мағынасына  әсер  ете  алатынын  бәріміз  білеміз.  Мысалы,  мынадай 
екпіні екі түрлі сөздерді алайық: 
Руки (атау септік, көпше), руки (ілік септік, жекеше) 
Ноги (атау септік, көпше), ноги (ілік септік, жекеше) 
Яғни,  алғашқы  сөздер  аяқтар,  қолдар  деген  грамматикалық 
мағынаны білдірсе, кейінгілері аяқтың, қолдың деген грамматикалық 
мағынаны білдіріп тұр. 
Ішкі флекция мен екпін тәсілі қазақ тіліне тән емес. 
3)  Аналитикалық  немесе  синтаксистік  тәсіл.  Бұл  тәсілдің 
мынадай түрлері бар: 
а) сөздердің қосарлану тәсілі

 

ә) көмекші сөздердің тіркесуі арқылы; 
б) сөздердің орын тәртібі арқылы; 
г) интонация тәсілі. 
А) Сөздердің қосарлану тәсілі. Грамматикалық мағына сөздердің 
қосарланып  айтылуы  арқылы  беріле  алады.  Мысалы:  қайықтар, 
шелектер сөздеріндегі көптік мағынаны, Затты қайық-қайық қылып 
тастадышелек-шелек сүт сауды деп те беруге болады. Бұл – көптік 
мағынаның  берілу  жолы.  Тағы  бір  мысал:  көре-көре,  сөйлей-сөйлей, 
бара-бара деген сөздер қайталану мағынасын беріп тұр. Яғни,  сипат 
категориясының  мағынасы.  Немесе  әп-әдемі,  қып-қызыл,  көп-көркем 
деген қайталаулар шырай мағынасын беру үшін қолданылып тұр. 
Сөздердің  қосарлану  тәсілі  түркі  тілдеріне,  соның  ішінде  қазақ 
тіліне де бірден–бір тән құбылыс. 
Ә)  Көмекші  сөздер  тәсілі.  Көмекші  сөздер  атауыш  сөздермен 
тіркесіп  келіп  сөз  бен  сөзді,  сөйлем  мен  сөйлемді,  сөздердің 
арасындағы  әр  түрлі  қатынастарды,  алуан  түрлі  грамматикалық 
мағыналарды  білдіреді.  Көмекші  сөздер  кейде  аффикстердің  орнына 
қолданыла алады. Мысалы, оқуға келдім – Оқу үшін келдім
Қазақ  тілінде  шылаулар  түрлі  қызмет  атқарады.  Орыс  тілінде 
көмекші сөздердің предлог деген түрі қолданылады. 
Етістікте  болатын  жекеше–көпше,  жақ,  шақ,  етіс  мағыналарын 
беруде көмекші етістіктер үлкен қызмет атқарады. Көмекші етістіктер 
арқылы  грамматикалық  мағыналардың  берілуі  де  қазақ  тілінде  жиі 
кездесетін құбылыс. 
Б)  Сөздердің  орын  тәртібі  тәсілі.  Кейбір  тілдерде  сөз 
түрлендіретін  формалар  аз  болып  келеді,  сондықтан,  түрлі 
грамматикалық  қатынастар  сөздердің  орын  тәртібі  арқылы  беріледі. 
Сөздердің  орын  тәртібі  тәсілі  қытай,  ағылшын,  француз  тілдерінде 
айрықша қызмет атқарады. Бұл тәсіл қазақ тіліне тән емес, тек кейбір 
бірен-саран жағдайда ұшырасуы мүмкін. 
Г)  Интонация  тәсілі.  Сөйлемнің  түрлері,  сондай-ақ  сөйлемдегі 
түрлі  мағыналар  (таңдану,  күдіктену,  қуану  т.б.)  интонация  арқылы 
ажыратылады. Мысалы, Сен кітапханаға барасың ғой деген сөйлемді 
екі түрлі  интонациямен  айтып, екі  түрлі  сөйлем қатарына жатқызуға 
болады.  Немесе  Әні  қандай  деген  сөйлемді  де  интонациясына  орай 
сұраулы-лепті сөйлемдердің біріне жатқызуға болады. 
Интонация  тек  сөйлемнің  түрлерін  ажырату  үшін  ғана 
қолданылмайды. Сондай-ақ, сөз тіркесі мен сөйлемнің жігін ажырату 
үшін  де  пайдаланылады.  Мысалы,  Ол  оқушы  -  Ол  оқушы,  Мынау 
дәптер - Мынау дәптер.  
Грамматикадағы  маңызды  ұғымдардың  бірі  –  грамматикалық 
категория  туралы  ұғым.  Грамматикалық  категория  туралы  ұғым 

 
10 
грамматикалық мағына мен грамматикалық форма ұғыммен ұштасып 
жатады,  олар  әрқашан  тығыз  байланыста  болады.  Оның  мынадай 
себептері бар:1) Грамматикалық мағына грамматикалық категориядан 
тыс,  оған  байланыссыз  өмір  сүрмейді.  Керісінше,  грамматикалық 
мағына категорияның элементі ретінде, оның құрамында өмір сүреді. 
2)  Грамматикалық  категория  грамматикалық  формамен  тығыз 
байланысты.  Қандай  грамматикалық  категория  болмасын,  тек 
грамматикалық мағыналар арқылы білініп, кемінде екі түрлі формада 
көрінуі қажет. Мысалы, салыстырмалы шырай тек жалғыз өзі шырай 
категориясы  бола  алмайды.  Ол  үшін  басқа  да  шырай  түрі  болуы 
қажет. 
Сонымен,  грамматикалық  категория  дегеніміз  не?  Тілдегі  өзіне 
тән  грамматикалық  формасы,  тәсілі  бар  грамматикалық  мағынаны 
грамматикалық категория деп атаймыз. 
Грамматикалық  категориялар  жалпы  сипатта  болады.  Олар 
морфологиялық  категориялар  және  синтаксистік  категориялар 
болып  екіге  бөлінеді.  Осыған  сәйкес,  морфология  саласы 
морфологиялық  категориялардың,  ал  синтаксис  саласы  синтаксистік 
категориялардың  ерекшеліктерін  тексереді.  Тілден  тыс  ешбір 
грамматикалық  құбылыс  болмайтыны  секілді,  тілдегі  сөздерден  тыс 
грамматикалық 
категориялар 
өмір 
сүрмейді. 
Сондықтан, 
грамматикалық  категориялар  тілде  топ-топқа  бөлініп,  белгілі  бір  сөз 
таптарына  тән,  телулі  болады.  Мысалы,  септік,  тәуелдік,  көптік 
категориялары  зат  есімге,  шырай  категориясы  сын  есімге,  шақ,  етіс, 
болымды-болымсыздық,  рай  есімше,  көсемше  категориялары 
етістікке тән болады. 
Грамматикалық  категориялардың  өресі  мен  өрісі  біркелкі 
болмайды.  Кейбір  категориялар  тым  жалпы  әрі  өрісті,  әрі  қарымды 
болып келсе, енді бірінің өрісі тым тайыз, қарымы аз, тіпті жалқы да 
болып  келуі  мүмкін.  Мысалы,  тым  жалпы  категорияға  сөз  таптары 
категориясы  жатса,  ол  бөлшектеніп  жалқы  категорияларға  (есімдер, 
етістер, көмекші сөздер категориясына) бөлшектенеді. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Аханов К.Грамматика теориясының негіздері. -А.,1972, 4-17-бб. 
2.Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің  грамматикалық сипаты. – 
А.,1998, 14-60-бб 
3. Қазақ грамматикасы. - Астана,  2002. 409-432-б 
4.Оралбай Н.Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. -А.,2007,3-40-бб. 
5.Оразбаева  Ф.Ш.,  Сағидолда  Г.,  Қасым  Б.,  Қобыланова  А  және  т.б. 
Қазіргі қазақ тілі. - А., 2005, 197-210-бб. 
6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. - А., 1991, 3-29-бб 
 

 
11 
Бекіту тапсырмалары: 
1-тапсырма. 
Мәтіндегі 
сөздерге 
категориялардың 
көрсеткіштері қандай тәртіппен жалғанып тұрғанын көрсетіңіз. 
...Ар  азығы  дегеніміз  -  әділдік.  Осы  соңғы  ар  азығы  -  әділдік 
табылмай  басқа  дене  азығы  өнерлердің  көбеюімен  жалпы  адам 
баласының  күн  көрісі  ауырламаса,  жеңілеймейді,  бақытсыздығы 
көбеймесе,  азаймайды.  (С.Т.)  Рухтың  қозғалуы  –  бітім-болмыстың 
қозғалуы, бітім-болмыстың қозғалуы – адам ата, хауа ана жаралғалы 
бергі  мұқым  дүниенің  бет  ажары  қайта  ашылып  келіп  осынау 
жаратқан иенің назары түскен адамға нұрын сеуіп, қолтығынан демеп, 
айтуы  жоқ  шабытқа  бөлеп  барша  құдіретімен  мінезін  ашуы  еді. 
(«Жұлдыз»  журналы.)  Тектіден  де  аямай,  тексізден  де,  Жақсылыққа 
жалғанда жеткізсең де, Жеті дүние байлығын ұсынсаң да, Жетеді деп 
айтпайды  бетсіз  пенде.  (С.Байбосын.)  ...Өмір  жаңағы  өздері  кешкен 
шар  өзеннің  суындай  қатты  тасып,  төңіректі  шайқап–сілкіп  өте 
шыққанмен,  қайтадан  сабасына  түсіп,  сабыр  тапқанмен,  әлі  де  алда 
ел–жұрттың  күнделікті  құла  төбел  тірлігі,  күйбең  өмірі  тұрған  жоқ 
па?  (Б.Тілегенов.    «Өмір  өзен»)  Құдайға  да,  адамға  да    айдан  анық:  
қулық  –  сұмдық  құрығын  пайдаланып,  кейде  жағып  сөйлейді,  кейде 
лағып...  құтыламыз  бұлардан  қайда  барып?!  (Ж.Әбдіраш.  «Санаға 
салмақ  түскенде».)  Әр  кезеңнің  өз  үні  болады  деген  қағиданы 
бірыңғай ұраншылдыққа айналдырып алдық па, әлде заманның небір 
соқтықпалы,  соқпақты  сан  тарау  сүрлеуінде  жүргенде  бабаларымыз 
қылышпен  қиып,  қамшымен  нұсқап  салған  қасқа  жолдан  көз  жазып 
қалдық па, қайдам, әйтеуір осы бір киелі өнеріміз соңғы бір ғасырдан 
астам  уақыт  бедерінде  асыраулы  кеміс  баладай  өз  төбешігінен  әрі 
асып  өзгелерге  көріне  алмай  қалғаны  -  тағы  да  шындық. 
(М.Кенжебай.)  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет