2-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі граматикалық мағынаның
қандай тәсілдер арқылы берілгенін тауып, соған қарай
грамматикалық форманың түрлерін ажыратыңыздар.
...Адам баласы жаны сірі, көнтерлі екен ғой, қанша күйреп, тұра
алмастай жер боп, сенері де, сүйенері де жоқ, тауы шағылып, меселі
қайтып, сағы сынғанмен, қандай күш, қандай құдіреттің күш
беретінін кім білсін, бұралқы иттей қыңсылап, жарасын жалап,
итжандылықпен орнынан тұрып, бойын көтереді. (Б.Тілегенов «Өмір
өзен»). ...О бастан қанағатшыл Гүлбаршын белі талып, білегі сыздаса
да, денесінен қару – қайраты қайтса да, тәубесіне қайта түсіп, аштан
өліп, көштен қалған жері жоқ, еңсесін көтеріп, басын тік ұстап,
жұртқа басын бұрды, күнделікті күйбең тіршіліктің қамына кірісті.
(Б.Тілеген.«Өмір өзен»). Халық мәдениеті қаншалықты көне болса,
оның зерттелуінің тарихы да соншалықты тереңге тамыр
12
созады.(Газеттен.) Таныған жерде бой сыйлы, Танымаған жерде тон
сыйлы. (Мақал.) Арқаға ауыр жүк батса, Нар да қашар жауырдан.
Жайылымды жерге бақпаса, Аруана қашар сауыннан. (А.Өтегенов.)
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға!
(М.Шаханов.)
3-тапсырма. Бекіту сұрақтары
1. Грамматика дегеніміз не?
2. Сөздің ішкі мағыналық және сыртқы дыбыстық жағы деген не?
3.Грамматиканың
лексикология,
фонетика,
стилистикамен
байланысы қандай?
4.Грамматиканың салалары: морфология мен синтаксистің
зерттеу нысандары қандай?
5. Грамматикалық бірліктерге нелер жатады?
6. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның айырмасы,
байланысы қандай?
7. Грамматикалық ұғымдарға нелер жатады?
8. Грамматикалық мағына және грамматикалық форма деген не?
9.Лексика-семантикалық,
синтетикалық,
аналитикалық
тәсілдердің жасалу жолдары қандай?
10. Грамматикалық категория дегеніміз не?
2. СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
2.1 Сөздің морфологиялық құрамы
Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе грамматика
теориясының өте-мөте маңызды проблемаларының бірі болып
саналады. Дүние жүзі тілдерін жіктеу тілдік құрылымының, ең
алдымен, ондағы сөздердің морфологиялық құрылымының әр басқа
болу фактісіне негізделген. Әр түрлі тілдердің морфологиялық
құрылысын анықтап және салыстыра отырып әр тілдік топтардың
өзіндік ерекшеліктерін, белгілерін анықтауға болады.
Әр сөздің өзіне тән мағынасы болатыны секілді, грамматикалық
құрылысы да болады. Мысалы: Ғашықтың тілі – тілсіз тіл деген
сөйлемді алып көрелік. Осы сөйлемде үш тіл деген сөз бар. Олардың
бір ғана лексикалық мағынасы бар. Ал осы тіл сөзі қажетіне қарай
өзгертіліп қолданылған.
1. Тіл – заттың атын білдіретін негіз.
13
2. Тілі – осы сөздегі –і бөлшегі осы сөзді бөгде адамға телу үшін
қолданылып тұр.
3.
Тіл - сіз бұл бөлшек тіл сөзін жоқ тіл деген мағынаны
білдіріп тұр.
Бұл бөлшектер, сонымен бірге, сөзге азды-көпті өзгеріс енгізіп,
оның құрамын өзгертіп тұр. Тіліміздегі сөздердің мағынасы
лексикалық жағынан немесе грамматикалық жағынан өзгеруі, сөздің
бөлшек-бөлшек болып бөлінуі – тіліміздің табиғатына тән заңды
құбылыс.
Сөздің лексикалық не грамматикалық мағыналарын білдіретін
осындай жеке бөлшегін морфемалар деп атайды.
Жеке сөздер сияқты, морфемалардың да өзіне тән ішкі мазмұны
(мағынасы) мен сыртқы формасы (дыбыстық жамылғышы) болады.
Әдеттте, грамматикалық оқулықтарда морфемаға сөздің
мағыналы ең ұсақ бөлшегі деп анықтама беріледі. Сөздің
құрамындағы морфемаларды түбір морфема және қосымша морфема
деп екіге бөледі.
Түбір морфема да, қосымша морфема да одан әрі бөлшектенуге
келмейді деп түсіндіріледі.
Түбір морфема – сөздің әрі қарай бөлшектенуге келмейтін ең
түпкі негізі. Түбір морфема сөздің негізгі лексикалық мағынасын
білдіреді. Түбір морфема болмаса, қосымша морфеманың бірде-бірі
немесе бірнешесі қосылып келсе де мағыналы сөзді жасай алмайды.
Түбір морфема жеке тұрып та семантикалық жағынан да, қызметі
жағынан да дербес сөз бола алады. Мұндайда түбір морфема мен
сөздің мағынасы бірдей болып шығады. Мысалы: бас, тіл, жол, кел
деген сөздер осындай сипатқа ие. Ал бастық, тілші, жолаушы,
келісім түрінде келетін болса, онда құрамында түбір морфемасы да,
қосымша морфемасы да бар сөздер болып шығады. Бұл сөздерде
түбір морфема мен сөздердің мағынасы бірдей емес.
Түбір морфема дара түрде де (жол, көр, ал...), қосымшалы түрде
(басшы, қолтық, баспа), қайталанып та (тау-тау...), басқа түбір
морфемалармен бірігіп келіп те (белбау, басқұр...), тіркесіп келіп те
(қара сұр, он екі), жұмсала береді. Сондай-ақ, қайталанып,
қосарланып, бірігіп, тіркесіп келген морфемаларға қажетінше
қосымша морфемалар да жалғана алады. Мысалы: қап-қаптан, қора-
қопсыдан, он екісін т.б.
Қосымша морфемалар деп түбір морфемаларға қосылып, оған
қосымша мағыналар үстейтін морфемаларды айтамыз. Мысалы: аш -
түбір морфема, ал ашты деп айтсақ, оған өткен шақ мағынасы
үстемеленіп тұр, аштық десек, өткен шақтық мағынамен қатар,
қимылды бірнеше субьекті істегені туралы көптік, I жақтан
14
істелінгені туралы жақтық мағына үстемеленіп тұр. Бұлар қосымша
морфемалар.
Қосымша морфемаларда мағыналық дербестік те, тұлғалық
дербестік те болмайды. Сондықтан, олар түбір морфемасыз, өз
алдына, дербес жұмсала алмайды. Бірақ, түбір морфемаға үстеме
мағына жамайды.
Қосымша
морфеманың
өз
алдына
дербес
қолданыла
алмайтындығы, тек түбірге тіркестіріліп жұмсалатындығы қосымша
морфеманың дыбыстық жағынан тұрақсыз екендігін, яғни өзі
жалғанатын
түбірдің
ыңғайына
қарай
өзгеріп,
үндесіп
отыратындығын да көрсетеді. Мысалы: -ты, -ті, -ды, -ді, -лы, -лі
жұрнақтары айналып келгенде бір-ақ қосымша морфема – лы–ның
варианттары ғана.
Қосымша морфема мен түбір морфеманы бір-бірінен ажырататын
мынадай белгілер бар: 1. Түбір морфема мен қосымша морфема бір-
бірімен байланыссыз емес. Түбір морфемаға кез-келген қосымша
морфема жалғана бермейді. Мысалы: -ған, -ген морфемасы зат есім,
сын есім секілді сөз таптарына жалғанбайды. 2. Түбір морфемаға
өзгермей, өзінің бастапқы формасын сақтап отырады да, қосымша
морфема түбір морфемамен дыбыстық жағынан үйлесіп, үндесіп
отырады. 3. Бір түбір морфемаға керегінше бірнеше қосымша
морфема жалғай беруге болады. Алайда, олар қалай болса солай
тіркесе бермейді, белгілі бір жүйе бойынша, заңдылық негізінде
жалғанады. 4. Бір түрлі қосымша морфема түрлі түбірге қосылса да,
оларға түрлі-түрлі мағына үстемейді, тек бір ғана жалпы мағына
үстейді. Мысалы: көр-іп, кел-іп, ал-ып, айт-ып т.б. сөздердегі –ып
морфемасы бір ғана көсемшілік мағына үстеп тұр.
Сонымен бірге, түбір морфема мен қосымша морфеманың
арасында айырмашылықтар бар:
- түбір морфемада дербес лексикалық мағына болады да,
қосымша морфемада ондай мағына болмайды, тек жалпы мағына
болады;
- қосымша морфеманың абстракталы (жалпы) мағынасы түбір
морфемамен тіркескенде ғана анықталады;
- түбір морфеманың саны қосымша морфемаға қарағанда
әлдеқайда көп болады.
15
2.2 Қосымшалар
Қосымша морфемалар (екінші сөзбен айтатын болсақ, аффикстер.
Бұл термин латынның ‘‘affuxus’’ – «жалғанған», «қосылған» деген
сөзінен қалыптасқан). Өзіне тән тиісті жүйесі болады.
Қосымша морфемаларды, әдетте, қосымшалар деп атайды.
Қазақ тілі грамматикаларында, оқулықтарында қосымшаларды
жалғау және жұрнақ деп екіге бөліп жүр. Ал жұрнақтарды сөз
тудыратын және сөз түрлендіретін (форма тудыратын) деп бөліп
жүр.
Проф. А.Қалыбаева қазақ тіліндегі қосымшаларды үшке бөледі
және өзінің «Қазіргі қазақ тілінің морфемалық жүйесі» деген
еңбегінде қосымшаларды төмендегідей етіп бөледі:
1)
Сөз тудыратын жұрнақтар.
2)
Форма тудыратын жұрнақша.
3)
Сөздерді байланыстыратын жалғау.
Қосымшаларды бұлай бөлу мәселесіне келген кезде тіл
ғылымдарының бәрі бір келісімге келе бермейді. Белгілі лингвист
Ы.Е.Маманов қосымшаларды тек екі түрге ғана бөлуге болады деп
тұжырымдайды: а) сөз тудыратын жұрнақтар; ә) форма тудыратын
қосымшалар. Соңғысының құрамына жұрнақ та, жалғау да кіреді деп
есептейді. Себебі, жалғау да түбір морфемаға жалғанған кезде, сөздің
тек формасын ғана өзгерте алады. Сондықтан, оларды осылай атаған
дұрыс деп санайды.
Сондай-ақ, Ы.Маманов жалғаудың берілген анықтамасына да
күмән келтіреді. «Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаның түрін
жалғау деп атаймыз» деген анықтама берілген оқулықтарда. Бұл
анықтама бойынша, жалғау сөз бен сөзді жалғастырып тұрады.
Мысалы: Мен көше-ге бардым. Мен көше-ге әке-м-мен бардым. Осы
сөйлемдерде жалғау шын мәнінде сөз бен сөзді байланыстырып тұр.
Ал, мынандай сөйлемдерді алып көрелік: 1.Оқушылар мектепке кірді.
2. Оқушы мектепке кірді. Бұл мысалдардан көрініп тұрғандай, көптік
жалғауы сөз бен сөзді байланыстыра алмайды екен. Яғни, көптік
жалғауын жалғамасақ та, оқушы деген сөз өзінен кейінгі сөздермен
байланыса алады екен. Осыдан көрініп тұрғандай, жалғауларға
берілген анықтамада да шарттылық сипат бар.
Сонымен, қазақ тіліндегі қосымшалар екі үлкен салаға бөлінеді
екен, жұрнақтар және жалғаулар.
Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған мағынаны
деривациялық мағына деп атайды да, ал форма тудыратын жұрнақтар
арқылы жасалған грамматикалық мағынаны реляциялық мағына деп
атайды.
16
Жұрнақтар лингвистикада «суффикс» деген терминмен
белгіленеді. Латынның ‘‘suf’’ - «соң» және ‘‘fux’’- «жалғанған» деген
сөздерінің негізінде қалыптасқан.
Қызметі жағынан жұрнақтар екіге бөлінеді: сөз тудыратын
жұрнақтар және форма тудыратын жұрнақтар.
А) Сөз тудыратын жұрнақтар белгілі бір сөздерге жалғанып,
басқа лексикалық мағыналы сөз туғызады. Мыс, қой-шы, қойма-шы,
тік-ін, тік-іс, тік-ін-ші т.б. Сөз тудыратын қосымшалар, әдетте,
лексикалық категория болып есептеледі. Бұл – заңды құбылыс. Сөз
тудыратын жұрнақ сөздің мағынасымен тығыз байланысты болып
келеді. Ал сөздің өзіне тән мағынасын тіл ғылымының лексика саласы
қарастырады. Ендеше, лексикалық категорияның қатарына қосылатын
осы жұрнақты неге морфологияда қарастырып отырмыз деген сұрақ
тууы мүмкін.
Сөз тудыратын қосымшалар түбірге қосылғанда сөздің тек
лексикалық мағынасын ғана өзгертіп қоймайды, сонымен қатар
грамматикалық мағынасын да өзгертеді. Мысалы, құр - етістік. Осы
сөзге сөз тудыратын жұрнақ жалғасақ құр-ыл-ыс түрінде болып
келеді. Міне, осы сөзде тек лексикалық мағына ғана өзгермей, сондай-
ақ грамматикалық мағына да өзгеріп тұр. Яғни, бұрын етістік болған
сөз енді жұрнақтың қосылуы нәтижесінде зат есімге айналып отыр.
Сондықтан қашан да болсын әрбір жұрнақ белгілі бір грамматикалық
категорияның көрсеткіші болып қызмет етеді.
Қазақ тілі жалғамалы (аглютантивті) тіл болғандықтан, сөз
тудыратын жұрнақтар да, форма тудыратын қосымшалар да түбір
морфемаға бірнеше болып келіп жалғана алады. Мысалы, тіг-ін-ші-
лік, оқы-у-шы-лар-мыз-дай т.б.
Ә) Форма тудыратын жұрнақтар бұл жұрнақтардың сөз
тудырушы жұрнақтарға қарағанда мағынасы, табиғаты басқаша
болып келеді. Сөз тудырушы жұрнақ жалғанған сөзге сәл ғана
қосымша мағына үстейді. Мысалы, қой - төрт түлік малдың бірі, ал
қойшы осы малды бағатын адам. Ал егер қойлы десек қойы бар, қой-
дай десек қойға ұқсаған деген түсінік туады. Соңғы сөздерде жаңа
мағына туып тұрған жоқ. Тек сол қой сөзіне байланысты сәл ғана
өзгеріс бар деп айтуға болады.
Форма тудыратын жұрнақтарды мағыналары мен қызметтері
жағынан сөз тудыратын жұрнақтар мен сөзді байланыстыратын
жалғаудың арасындағы категория деп қарастыруға болады. Осылай
деп айта отырып, форма тудыратын жұрнақтар жалғаулардан гөрі сөз
тудыратын қосымшаларға жақынырақ деп айта аламыз. Себебі, форма
тудыратын қосымша түбір морфемаға сәл де болса жаңа мағына
үстейді.
17
Қосымшалардың суффикс пен жалғаудан басқа өзге тілдерде
кездесетін (мысалы, орыс тілінде, латын тілінде, индонезия
тілдерінде) префикс, инфикс деген түрлері де бар.
Префикс – түбірдің алдынан келетін қосымша. Бұл орыс тілінде
көп кездеседі. Мыс, ходить-приходить, сходить, уходить, входить,
выходить т.б. Қазақ тілінде префикстер жоқ. Тек кейбір иран тілінен
енген сөздерде кездесетін -бей, -би префиксі кездеседі. Мыс, таныс-
бейтаныс, саясат-бисаясат т.б.
Инфикс – түбірдің ішінде қойылатын қосымша. Инфикс латын,
тагаль (индонезия тілдеріне енетін тіл.) тілдерінде кездеседі.
Құрылымның ерекшелігіне, құрамына қарай жұрнақтар жалаң
және құранды болып бөлінеді.
Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да
бөлшектенбейтін, бір бүтін жұрнақты айтамыз. Мыс, -шы,-ші, -ым, -
ім, -қыш, -кіш, -шық, -шік сияқты жұрнақтардың қай-қайсысы да
мағынасы мен тұлғасы жағынан бір тұтас жұрнақтар.
Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемі
екі не одан да көп жалаң жұрнақтардан құралып жасалған
жұрнақтарды құранды жұрнақтар деп атайды. Мысалы, -шылық, -
шілік, -ыңқы, -іңкі, -сыра, -сіре т.б.
Жұрнақтардың ішінде айтылуы бірдей, таңбалануы бірдей, бірақ
мағынасы мен қызметі басқа, яғни туынды мағыналары бір-бірімен
байланыспайтын жұрнақтар да бар. Мыс, қатына деген сөзге – с
жұрнағын жалғаған кезде екі мағыналы сөз туындайды. 1) Айтыс –
зат есім; 2) айтыс – етістік. Міне, бұл жұрнақ – омоним жұрнақ.
Қазақ тіліндегі омоним жұрнақтар о баста бір негізден тараса
керек. Бұл қосымшалардың конверсиялану құбылысы. Енді –шы, -ші
жұрнағы туралы да бірер сөз айта кетелік.
Ат-шы, етік-ші, мал-шы, жазу-шы – зат есімдер
Аунақ-шы, тықыр-шы, тыпыр-шы – етістіктер
Қой-шы, байқа-шы, көр-ші, кел-ші – қалау райлы етістіктер. Бұл
жұрнақтар – омоним жұрнақтар.
Мағынасы мен қызметі жағынан бір-біріне ұқсас, өзара мәндес
жұрнақтар да бар. Оларды синонимдес жұрнақтар деп атайды. Мыс, -
қыш, кіш, ғыш, гіш; -шақ, шек, қақ, кек, ғақ, гек; -қыр, -кір, -ғыр, -гір.
Мәселен, Жасқаншақ-жасқанғыш, қызғаншақ-қызғанғыш, ұрыншақ-
ұрынғыш, ұялшақ-ұялғыш деп айтуға болады. Сондай-ақ, білгір – біл-
гіш, ұшқыр-ұшқыш деп айтуға болады. –Ша, -ше жұрнағы мен -шік,
шық жұрнағы да синонимдес болып келеді. Мыс, төбе-шік, көл-шік,
үй-шік, деп те, қобди-ша, өзен-ше, күрек-ше деп те айтуға болады. Екі
жұрнақта кішірейту мағынасын беріп тұр.
18
-Кер, -гер, -кеш, -шы, -ші жұрнақтары да синонимдес бола алады:
жұмыскер-жұмысшы,
қызметкер-қызметші,
арбакеш–арбашы,
суреткер–суретші т.б.
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы жұрнақтар да бар. Оларды
антонимдес жұрнақтар деп атайды. Мыс, -лы, -лі, -ты, -ті, -ды, -ді
белгілі бір заттың не құбылыстың барлығын білдірсе, -сыз, -сіз
жұрнағы керісінше, сол заттың жоқтығын білдіреді: сулы –сусыз,
малды-малсыз, көрікті-көріксіз, қарлы-қарсыз.
Жұрнақтар жоғарыдағы топтардан басқа шығу тегіне қарай төл
жұрнақтар және кірме жұрнақтар болып та бөлінеді.
Қалыптасу уақытына қарай көне жұрнақтар және жаңа жұрнақтар
болып бөлінеді. Сөз тудыру қабілетінің сақталу-сақталмауына қарай
тірі жұрнақтар және өлі жұрнақтар болып саналады. Сөз тудырудағы
және форма тудырудағы қызметіне қарай өнімді және өнімсіз
жұрнақтар болып дараланады.
Сөйтіп, жұрнақтардың шығу төркіндеріне де даму және
қалыптасу тарихында да, беретін мағыналары мен атқаратын
қызметтерінде де қаншалықты ерекшеліктері мен өзгешеліктері бола
тұрса да, олар без берекет, бытыраңқы қосымшалар емес, бір үлкен
жүйеге сарқылатын және сол жүйеден ұя-ұя болып тарайтын
категория болып табылады.
Қосымшалардың бір түрі – жалғаулар. Жалғаулар жұрнақтарға
қарағанда бірнеше ерекшеліктерімен дараланады.
1. Жалғаулар өзі тіркесетін сөзге лексикалық мағына үстей
алмайды, тек оларға грамматикалық мағына үстей алады.
2. Жалғаулар жалғанған сөзге мағына үстей алмайды, олар тек сөз
бен сөзді байланыстыратын қызмет қана атқарады.
3. Жұрнақтармен салыстырғанда, жалғаулардың қолданылу өрісі
мен шеңбері анағұрлым кең. Жалғаулар белгілі бір сөз табына енетін
сөздердің бәріне бірдей, талғамай жалғана береді. Қазақ тілінде
септік, көптік, тәуелдік жалғаулары зат есім сөздердің бәріне дерлік
жалғана береді. Сондықтан, оның қолданылу өрісі, аясы әлдеқайда
кең деп айта аламыз.
4. Жұрнақ жалғанған сөзге қиюласып кірігіп кетеді де, ал
жалғаулар жалғанған сөзбен кірігіп, жымдасып кетпейді. Жалғау
аффикстік морфеманың сөзге жалғанып, соған ілесіп жүрген қосалқы
элементі екені аңғарылып тұр.
5. Жалғаулар тұлға жағынан байыпсыз болады. Яғни, олар
жалғанатын сөздің дыбыстарының әуеніне сәйкес не жуан, не
жіңішке, сондай-ақ, құрамындағы дауыссыздары да қатаң, ұяң, үнді
болып келіп отырады. Мыс, - лар, -лер, -дар, -дер, -тар,-тер, немесе -
дың, -дің, -тың, -тің, -ның, -нің т.б. Мұндай өзгеру жұрнақтарда да
19
кездеседі. Алайда, жұрнақтардың бәрі бірдей олай өзгере бермейді.
Сингоманизм заңына бағынбайтын –хана, -кеш, -пар, -қой сияқты
жұрнақтарда тілімізде кездеседі. Ал жалғаудардың түрі біреу-ақ, ол
көмектес септік жалғауы -мен, -менен, -пен, -пенен, -бен, -бенен.
Қазіргі қазақ тілінде жалғаулардың төрт түрі бар. Олар: к.ж.,
т.ж., с.ж., ж.ж. Осы төрт жалғаудың әр қайсысына тән өзіндік
грамматикалық формалары және сол мағыналары мен формаларына
сай, олардың өзіндік қызметтері бар.
Көптік категориясы және көптік жалғаулар
Қазақ тілінде көптік категориясы және көптік жалғау
категориясы деген ұғымдар бар. Ол ұғымдар бір-бірімен тең емес.
Көптік категориясы деген жалпы да, көптік жалғау категориясы деген
ұғым жалқы болып келеді.
Қазақ тілінде көптік категориясы үш түрлі тәсіл арқылы беріледі.
Ал көптік жалғау категориясы осы көптік категориясының берілуінің
бір жолы ғана. Яғни, көптік жалғау категориясы көптік
категориясының құрамына кіреді.
Көптік категориясы үш түрлі тәсілмен беріледі: лексикалық тәсіл
арқылы,
синтетикалық
тәсіл
арқылы
(морфологиялық),
аналитикалық тәсіл арқылы (синтаксистік).
1. Лексикалық тәсіл. Кейбір сөздер ешқандай қосымшасыз, жеке
тұрып-ақ, өзінің мағынасымен көптік ұғымды білдіре алады. Мысалы:
тұз, ұн, сүт, шөп, арпа, бидай, алданыш, ізгілік, тары, ақыл, достық,
қуаныш, жалқаулық т.б. Яғни, сөздің лексикалық мағынасы арқылы
көптік ұғымның берілуін лексикалық тәсіл деп атайды.
2. Аналитикалық тәсіл. Зат есімдер сан есімдердің есептік,
болжалдық түрімен, сондай-ақ көп, аз, әлденеше, бірнеше, бірталай,
қыруар секілді сөздермен тіркесіп келіп те көптік ұғымда беріле
алады. Мысалы: көп адам, екі адам, бірнеше адам, қыруар адам т.б.
Көптік ұғым сөздердің қосарлануы арқылы да беріледі. Мысалы:
бала-шаға, кемпір-шал, жігіт-желең т.б. Бұл тәсіл көптік ұғымнан гөрі
жинақтау, жалпылау, топтау ұғымдарын береді.
3.Синтетикалық тәсіл. Көптік ұғым қазіргі қазақ тілінде
морфологиялық тәсіл арқылы жиі беріледі. Көптік мағынасын беретін
қосымшалардың қазақ тілінде үш түрі кездеседі:
1) –ыз, -із, -з формасы.
2) –к,-қ формасы.
3) -дар, -дер, -тар, -тер, -лар, -лер формасы.
1. –ыз, -із, -з формасы туралы. Бұл форма тілімізде көне заманнан
қалған сарқыншақ форма ретінде бірен-саран сөздерде ғана
ұшырасады. Мысалы: біз, сіз деген жіктеу есімдіктерінің
құрамындағы, -з формасы көптік мағынаны беріп тұрған форма. Ол
20
форма көнеленіп, түбірдің бөлінбейтін бөлшегіне айналған. Бұл
форма - қазақ тілінде біз, сіз көз, егіз деген жіктеу есімдіктерінің
құрамындағы -з формасы көптік мағынаны беріп тұрған форма. Ол
форма көнеленіп, түбірдің бөлінбейтін бөлшегіне айналған. Бұл
форма қазақ тілінде біз, сіз, көз, егіз деген сөздердің құрамында ғана
кездеседі. Ғалымдар бұл қосымшаны екеу, жұп деген түсінікті беруде
пайдаланатын форма деп есептейді. Көбінесе, екеу болып келетін
заттардың (дене мүшелерінің) аттарына қосылып берілген деп
топшылайды.
Қазақ тілінде бұл формаға омонимдес, тәуелдік жалғаудың
сыпайы түрінің II жағы болып келетін форма да бар: -ің, -із, -ың, -ыз, -
ң-із, -ң-ыз. Алайда, бұл қосымшаның мағынасы да, қызметі де басқа.
2. –К, -қ формасы туралы. Етістіктің ашық райының жедел өткен
шағынан кейін, бұйрық райынан кейін, шартты райынан кейін I
жақтың көпше түрінде –к,-қ деген формалар жалғанады. Мысалы:
айт-ты-қ, айт-ай-ық, айт-са-қ; кел-ді-к, кел-ейі-к, кел-се-к т.б. Бұл
форма да ерте заманда көптік мағынаны білдірсе керек.
3. –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер формасы туралы. Қазақ тіл
білімінде бұл форманы заңды түрде көптік жалғаулары деп атайды.
Бұл форма тілімізде, негізінен зат есімдерге, есімдіктерге және
субстантивтенген басқа да сөз таптарына, етістіктің жіктелетін
формасының II жақтарына жалғанып, көптік мағынаны білдіреді.
Көптік жалғауларының беретін семантикалық мағынасы да,
атқаратын стилистикалық қызметі де сан алуан. Солардың кейбіріне
тоқталайық:
1. Зат есімдерге жалғанып көптік мағынасын білдіреді. Көптік
мағына сандық ұғымды білдірмейді, әрі нақты болмайды. Тек жалпы
түрде ғана көптік ұғымды білдіреді.
2. Сын есімдерге, есімшелерге жалғанған кезде сол сөз таптарын
зат есімге айналдырады, әрі көптік мағынасын үстейді. Мыс:
жақсылар, келгендер т.б.
3. Сан есімдерге жалғанған кезде мөлшер не болжал мағынасын
береді. Мыс: Мен сағат бестерде ораламын.
4. Көптік жалғаулары зат есімдерге жалғанып, көптік мағынасын
емес, топтау, жинақтау мағынасын да бере алады.
5. Көптік жалғаулары сан жағынан бөлшектеп көрсетуге
келмейтін бір текті нәрселердің жиынтығын білдіретін атауларға
жалғанғанда олар заттың көптігін ғана емес, оның түрінің, сортының
да әр түрлі екенін білдіреді. Мыс: нандар, тәттілер т.б. Көптік
жалғаулары көп адамға ортақ бола алатын заттардың атауларына
жалғанып, сол сөздің бірнеше адамға ортақтығын білдіреді. Мыс:
Әкелерін қатты сағынды.
21
6. Көптік жалғаулары орын, мекен атауларына жалғанып, сол
сөзге «сол жақ», «сол маңдай» деген сияқты тұспалдау реңін
жамайды. Мыс: Абай өз пәтерлерінен екі-үш көше ұзап кетіп еді.
7. Мезгіл атауларына жалғанып та тұспалдау, шамалау
мағынасын береді. Мыс: Кешелер, ертеңдер, қыстың орталарында,
марттың бастарында т.б.
8. Көптік жалғауларын керек етпейтін зат есімдер тобы жалқы
есімдер. Бірақ, көптік жалғаулары жалқы есімдерге де жалғанып келе
алады. Ондайда көптік жалғауы «сол кісі» және «басқалар» деген
түсінікті береді. Мыс: Әкемдер үйге кірді.
9. Көптік жалғаулары көмекші сөздер мен модаль сөздерге де
жалғанып келе алады. Ондай кезде көптік жалғаулары бүтін тіркестің
ең соңғы сөзіне ғана жалғанады. Мыс: Нұржан мен Еркін сияқтылар
көбейіп келеді. Көлігі барлар көше бастады.
10. Көптік жалғаулары даралап санауға болмайтын, көптік
формада жұмсалмайтын сөздерге жалғанған кезде, ол сөздер өз
мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылады. Мыс: сақалдар,
мұрттар, ішіктер, шаштар т.с.с.
Көптік жалғауларының қолданылуының да өзіндік кейбір
ерекшеліктері бар. Мыс: сөйлемнің біріңғай мүшелеріне көптік
жалғаулары екі түрлі сипатта жалған алады.
1. а) көптік жалғаулары бірыңғай мүшелердің әрқайсысына
түсірілмей жалғанады. Ол соңғы күндері көбінесе домбыра алып,
мөлдір күйлер, сұлу әндер тартушы еді. (М.Ә)
ә) көптік жалғаулары бірыңғай мүшелердің тек ең соңғысына ғана
жалғанып, алдыңғыларына жалғанбайды. Мыс: Тымақбайдың
артынан Жүсіп, Қадырберген, Жақыптар сөз алып сөйледі. (Б.М.)
2. Бастауыш жіктеу есімдігінің II жағының анайы, сыпайы түрінің
көптік формасында тұрса, онда баяндауыштар да көптік формасын
қабылдап қиысып тұрады. Мыс: Сендер бүгін келіңдер т.б.
3. Бір сөзге бірнеше жалғау қабаттасып жалғанған кезде түбірге
көптік жалғаулары бірінші болып жалғанады. Бірақ кейбір
стилистикалық мақсатта қолдануда көптік жалғауы бірде тәуелдік
жалғауынан кейін, бірде алдында келуі мүмкін. Ондайда әр
қолданыстың өзіндік ерекшеліктері болады. Мыс: апаларым көптік
мағынасын беріп тұр да, апамдар-апам және басқалар деген ұғымды
беріп тұр.
Тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғау. Зат есімге тән
категориялардың бірі – тәуелділік. Тәуелділік категориясы деп белгілі
бір заттың тәуелділігін білдіретін грамматикалық категорияны
айтамыз.
22
Қазақ тілінде тәуелдік категориясы үш түрлі тәсіл арқылы
беріледі:
1.
Аналитикалық тәсіл арқылы,
2.
Аралас тәсіл арқылы (морфология-синтаксис)
3.
Синтетикалық тәсіл арқылы.
Синтаксистік, яғни аналитикалық тәсіл сөздердің тіркесінен біз,
сіз ілік септігіндегі есімдіктер мен түбір күйінде тіркескен, яғни
анықтауыш пен анықталушы мүшелер тізбегі арқылы жүзеге асқан
амалдың түрі. Мысалы, біздің көше, сіздің аудан (сіздің аудан биыл
өзгеріпті).
Ал тек есімдік қана емес, басқа да сөз таптарының ілік септігінде
келіп (анықтауыштың), анықталушы сөз тәуелдік жалғауда келсе,
яғни әрі морфологиялық, әрі синтаксистік тәсілдердің қабаттаса келуі
аралас (морфосинтаксистік) тәсілге жатады: ауылдың малы, көлдің
балығы т.б.
Морфологиялық тәсіл нәтижесінде жасалынатын тәуелдеу
категориясы екі түрлі қосымша арқылы: -нікі, -дікі, -тікі жұрнағы мен
Достарыңызбен бөлісу: |