Әдебиеттер:
1 Ғаламдық проблемалар. АҚШ Мемлекеттік
департаментінің электронды журналы, 2003
жылдың ақпаны, 8-том. - № 1.
2 Фредерик Шик «ДЕМОКРАТИЯ ҚҮРУДАҒЫ
ТӘУЕЛСІЗ БАҚ-ТЫҢ РӨЛІ»
3 Аспен гуманитарлық зерттеулер институты
http://www.aspeninst.org/cfcs/index nx.html
4 Журналистика және бұрақалық коммуникация
саласында білім беруді қолдау ассоциациясы
http://www.aejmc.org/
5 Журналистерді қорғау жөніндегі коммитет
http://www.cpj.org/
6 «Фридом-Хаус» әр жылғы баспасөз бостан-
дығын зерттеу http://www.freedomhouse.org/
pfs2002/pfs2002.pdf
7 Журналистика дамуын қолдау институты
http://www.ia.org.za/
8
Журналистердің
халықаралық
орталығы
http://www.icfj.org/
9
Халықаралық ақпарат алмасу орталығы
http://www.ifex.org/
А. Садуақасов
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
60
ISSN 1563-0242
В статье автор проводит исследование и делает выводы о роли и значении СМИ в построении демократического
государства. Опираясь на мировой опыт построения демократического государства, автор проводит сравнительный анализ
СМИ США и других государств.
In this article the author made the search and conclusions about the role and the meaning of Mass Media in forming the
democratic country. Relying on the practice of USA and other countries in the creating of democratic country, the author made
comparative analysis of Mass Media of these countries.
3 - б ө л і м
Р а з д е л 3
S e c t i o n 3
Замансөз әлемі
Мир публицистики
The world of journalism
С. Медеубек
Қазақ шешенсөзінің бір түрі - қазіргі айтыстағы ақпараттар ақиқаты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
УДК 070
Аңдатпа. Ауызша публицистиканың, яғни шешенсөздің төл жанры - айтыстың ақпараттық тұғыры және
ақпараттардың шындығы жөнінде және олардың жанр табиғатын айқындауындағы орны туралы ғылыми
тұжырымдар айтылады.
Айтыс. Ақпарат. Ақиқат
Қазіргі қазақ тілінің қолданысында «айт»
түбірінен шығатын біршама туынды зат есім бар:
айтын, айтым, айтылым, айтаман, айташы, айтқыш,
айтымпаз, айтар, айтарман, айтушы, айтынды,
айтыс, айтыскер. Осылардың ішінде бізге тиесілі
тақырып болып тұрғаны - «айтыс». Әуелі «айт»
дегеннің өзі не мағына береді деген сауалға қадари
халімізше жауап іздеп көрелік.
«Айт» деген бұйрық райлы етістіктің мағы-насы
«сөйле» деген бұйрық райлы етістіктің мағынасымен
бірдей емес. Айт - көкейіңдегі рас пікірді, санаңдағы
шындықты, ақылыңдағы ақиқатты сыртқа шығар,
сөзбен (бейнесөзбен, қимылсөзбен, дыбыссөзбен,
шешенсөзбен, көсемсөзбен) жеткіз деген мағына
береді. Шын-дық дәйекті, деректі, дәлелді, фактіні,
айғақты талап етеді. Онсыз ақиқат ашылмай қалады.
Бізге қажеті әркімнің қара басының қамына айтыла-
тын шындық емес, көптің мүддесіне, халықтың
мұратына, елдің мақсатына, бұқараның игілігіне
қажетті ақиқат. Сонымен бірге жұрттың бәрі көксеп
жүрген, елдің есінде бұғып жатқан, әркімнің
көңілінде тұншыққан шындық сыртқа шықса, ақыл
дөңгелегі сол шындық арқылы алға бір мысқал
жылжып отырады. Баршаға ортақ бұқаралық ақиқат
ашық айтылғанда ғана қоғамдық сана даму сатысына
көтеріледі. Демек, ақиқатты айтып отыру - өмірдің
өз қажеттілігі, уақыттың төл сұранысы. Ақиқат
айтылмаса, өтірік өре түрегеледі, өтірікке жол беру-
шындықтың жолына тосқауыл қоюмен бірдей.
Әйтсе де шын ақпараттың орнын өтірік ақпарат
ешқашан жаба алмайды. Жалған ақпарат жарға
жығады. Шындық қаншалықты жалаңаш, жалқы,
қорғансыз, нәзік болғанмен, өшпейді, өлмейді. Сол
қалпында қалады. Ақындар сол шындықты әсерлі
оймен әдіптеп, кестелеп, өрнектеп жеткізеді.
Тыңдаушы да неғұрлым шынайы, ықпалды ақиқатқа
құштар болады да, естіген сайын жаны рақаттанады,
өйткені оның да көкейінде сол шындық бұлқынып
сыртқа шыға алмай жатқан болатын.
© 2012 al-Farabi Kazakh National University
Қазақ халқы демократиялық құндылықтарды
барынша бағалау, сақтау, дамыту, сол дамыған
үрдісті ұрпаққа сабақтастырып отыру мәдение-тінің
биік сатысына көтерілген әрі сана мен тұрмыс
өркениетінің жоғары деңгейіне шыққан ұлт ретінде
ақиқатты айтып отырудың әдебі мен әдетін
қалыптастырған. Сондай әдемі әдеп пен әдет
көркемдік деңгейге көтеріліп, өнер болып орныққан.
Яғни ақиқатты жұрт алдында көркем сөзбен жеткізу,
өзгеге, яғни тыңдаушыға әсем тілмен айту өнерін
өмірдің бөлінбес бір бөлшегіне айналдырған.
Көркем тілдің қарасөз үлгісінен де күрделендіріп,
өлең, жыр тілімен жеткізу машығын жетілдірген. Ол
өнер айтыс деп аталады. Айтыстың өзегі -
шындықпен суарылған өлең.
Өлең - жалаң буын, жайдақ бунақ, жалаңаш
ырғақ, құрғақ ұйқас емес, әуезбен әдіптелген,
домбыра үнімен көмкерілген, ақынның айту
мәнерімен жымдастырылған, халықтың қолпаш-
тауымен желпіндірілген, бір емес бірнеше шеберлік
қосындысынан қорытылған тоғыспалы (синкретті)
өнер туындысы. Айтыстағы бас-ты құрал, негізгі
қару - осы өлең. Ақиқатты өлеңмен айту үшін адам
дүниеге әу баста ақын болып жаралуы керек.
«Сөздің патша-сы - өлеңді» қадірлейтін қазақ деген
халық шындықты қара сөзбен жеткізуге шебер. Ал
енді дәл сол шындық өлеңмен өрілсе, қуана
қабылдаған, шымбайына бататын ащы шындық
бетіне айтылса, ашуланбаған, айтушыға өлең үшін
кешіріммен қараған. Өлеңмен айтылған ақиқат
халық жадына тез ұялап, жатталып қалатын болған.
Шындықты өлеңмен айту әдеті мен әдебі қалыптаса
келе нәтижесінде айтыс өнері өмірге келген. Жеке
адам айтқан ақиқат бір басқа да, екі адам жұрт
алдында қарама-қарсы отырып, өлеңмен бәйгелесіп,
бәсекелесіп, тар-тысып жеткізген шындықтың
салмағы мүлдем бөлек. Кім шындықты орынды
айтады, шебер жеткізеді, ақиқатты тура айта алады,
сол жеңіске жеткен. Ақиқатты кезекпе-кезек айту,
бірінен бірі шебер, бірінен-бірі асырып айту, сөйтіп,
халықтың рухани сұранысын, ақиқатқа деген шөлін
басып жеңіске жету - басты мұрат. Ай-тыс өнерінің
негізгі идеясы осы. Бұл - ақынның ғана емес,
шындықтың жеңіске жеткені, соны-мен бірге
ақынын ардақтаған, өнерді бағалаған, ақиқатты
қадірлеген халықтың жеңіске жеткені. Осы жеңіс
жолында ақын қарсыласына ай-тар шындықты
іздейді, табады, көңіліне тоқып жүреді. Орайы
келгенде айтып салады. Айтыс-кер ел алдында екі
түрлі шындықты айту үшін шығады. Екі түрлі
шындықтың бірі - санадағы шындық. Санадағы
шындық тарихтың, уақыттың сан ғасырлық
тағдырлы тәжірибелерінен сүзіліп, сұрыпталып
барып қорытылған, барлық жұртқа белгілі, әділдік
пен қараулық, махаббат пен ғадауат, бар мен жоқ, аз
бен көп, өмір мен өлім, өтірік пен шындық, адам мен
табиғат, Алла мен жаратылыс, өткен мен бүгін,
бодандық пен азаттық т.б. арасындағы қарым-
қатынастарға, байланыстарға қатысты туындаған рас
нәрселер. Екінші шындық - болмыстағы, яғни өмірде
бар, бұқара «көзімен көріп, қолымен ұстап» жүрген,
жалпыға ортақ мәні бар шындықтар, қоғамдағы
болып жатқан оқиғаларға қатысты ақиқаттар. Бұл екі
шындықтан
тайса,
ақынның
сөзін
жұрт
қабылдамайды. Әйтеуір ойдан өлең құрастырып
айта алатын қабілетін көрсету үшін шыққан ақынды
ел мойындамайды. Сондықтан да ақын халықтың
алдына ақиқаттарды айту үшін шығады.
Айтыста бүкіл халықтың көкейінде жатқан,
баршаның назарын аударып отырған мемлекеттік
мәні, әлеуметтік маңызы жоғары шындықтар
айтылса, ел ақынды сүйсіне тыңдайды. Мыса-лы,
Қазақстандағы биік билікте болған Рахат Әлиев
елден қудаланып, қазір шетелде қашып жүр. Оның
Отанына жасаған опасыздығы үшін сол Отанда өмір
сүріп жатқан халықтың көзінше жазасын тартуы -
әділеттілік болар еді. Осы әділеттілікті жұрт асыға
күтеді. Мұны ақындар да тілейді. Ақын мен
халықтың көкейі бір жер-де тоғысқанда айтыстың
да, айтыста айтылған шындықтың да мәртебесі
көтеріледі. Мұны біз жас ақындар - Жандарбек
Бұлғақов пен Айбек Қалиевтың айтысы кезінде
көрдік.
Жандарбек айтады:
Жалынды жас баладан төзім ізде, Ақыры жұп
қылыпты сені бізге. Сараның сен күйеуін
шығардың ғой, Жерде қалып жатқан жоқ сөзіңіз
де. Күміскүлдің күйеуін шығарғанда, Риза боп
қалыпты өзіңізге. Енді сізге айтайын бір ұсыныс,
Шаппа-шап айтысатын кезімізде. Күйеулерді
көрсеткіш Қалиев-оу, Әлиевті көрсетші
көзімізге...
Жандарбек айтып отырған Сара мен Кү-міскүл -
айтыста бәйге алып жүрген, Айбекпен осы айтыс
кезінде жұп болған ақындар. Ай-бек әзіл үшін сол
ақын қыздардың күйеулерін халыққа таныстырған.
Әрине, халық үшін бұл шындықтар да керек еді.
Ақын қыздардың ар-тында отағалары жанкүйер
болып
жүргені,
шындығында,
құрметтеуге
тұрарлық. Ал енді айтыс үстінде қыз бен жігіт болып
айтысып жатқан кезде қыз басы бос адамша еркінсіп
кеткенде, қарсыласы оның күйеуі бар екенін ел
алдында әшкерелеп тастау арқылы сүріндірмек
болады. Мұнда да шындықты жасырған мен сол
шындықты ашып жария еткен екі ақынның
арасалмағы бағаланады, таразыға түседі. Халық
қанша шешен, ділмар, айтқыш болса да, ақи-қатты
© 2012 al-Farabi Kazakh National University
жасырған ақынды кешіре алмайды. Айбектің бұл
тапқырлығын Жандарбек әрі қарай іліп әкетіп,
айтыстың саяси мәнін үстемелемек болады. Яғни
«сен күйеулерді ел алдына шығарғыш екенсің,
мықты болсаң елге ойран
сап, Отанын тастап, шетелде ойқастап жүрген Рахат
Әлиевті алып келіп, ел алдына шығаршы» дейді.
Жандарбектің бұл ойы Қазақстан Респуб-ликасы
билігінің де көкейінде тұрған өзекті мәселе. Өйткені
билік те халықтың алдында шындықтың салтанат
құрғанына мүдделі.
Айбек оған былай деп жауап айтып, ойын басқа
шындыққа қарай бұрады:
- Мен түгіл сол күйеуге қолы жетпей Елбасы да
бармағын тістеп отыр. Сен жаңа Ренатқа «дат
айт» деп ең, Сол датты үкіметке өзің айтшы...
Айтыстың үкіметке сесі болсын... »
Көрдіңіз бе, ақиқатты айтуға келгенде ақын-дар
ешкімнен именбейді. Өйткені баршаға ортақ
шындық, көпшілікке қажетті шындық айтыл-са, кім
де болса сөзге тоқтайды. Осыны дұрыс түсінетін
сұңғыла ақындар билікке қандай шындық айтар
екен, назар аударалық. Жандар-бек сонда сөйлейді:
Абылайхан не деген ақылды адам, Бұқардың
сөзін тыңдап мақұлдаған. Тезектерге тепсініп тік
сөйлеген, Сүйінбайдың таңдайы тақылдаған.
Баймағамбетке дат айтқан Шернияз да Кәдімгі
алау от ед лапылдаған. Ай-ағаң «дат айтшы» деп
қолқа салды, Мен болайын ол сөзді мақұлдаған.
«Нұр-ағаңның жетер, - деп құлағына»,
Ендеше датын айтсын ақын балаң:
- Айналайын, Нұр аға, Еліміздің ағасы, алтын
тонның жағасы, танисыз ба Сіз бізді? Мұңын
айтқан Алаштың біз қазақтың баласы.
«Ақындар айтып жатыр» деп, бізге де бір
қарашы. Айналайын, Нұр-аға, Шапыраштыдан
шыққан Сүйінбай Арғы атаңнан болмап па ед?
Қатағанмен айтысып, Қырғызға да бармап па
ед? Жамбыл да сіздің атаңыз, Ел бата берген
«саңлақ» деп. Ұрпағы болсаң солардың,
Айтарым сізге мол, аға, Өлтірмейік өнерді.
Басыңнан ұшқан бақ құсы, қайта
айналып қона ма? Өзіңіз назар
салыңыз, Мұқият назар салыңыз,
Өзіңіз қолға алыңыз, Әзірге
серік боп жүрген уәзірге сеніп
бола ма? Сүйінбай сүрлеу сап
кеткен Жамбылдардан қап
кеткен Атаңнан қалған айтысты
апарып тықпа молаға...
Әдебиеттану теориясымен айтсақ, ақын бұл
жерде шендестіру, яғни бір шындық пен екінші
шындықты қатар қойып, салыстыра отырып ой айту
тәсілін қолданған. Кешегі та-рихта болған Хандар
мен билік иелеріне ақиқат айтқан ақындардың үлгі-
өнегесін көлденең тар-та отырып, айтар ойын ашық,
нақты айтады. Рас өз елі тұрмақ, сырт ел патшалары
айбынынан қаймыққан Абылайға «Ей, Абылай, мен
айтпа-сам білмейсің» деп тепсіне сөйлеген Бұқар
жы-рау Қалқаманұлының ханға қасқая қарап тұрып
ақиқат айтқаны да тарихи шындық; кешегі Сүйінбай
сынды ақиық ақынның да хан тұқымы Тезек төреге
«Ассалаумағалайкум, Тезек төре, елден жылқы
ұрлаған кезеп төре» деп шындықты шыжғырып
бетіне басқаны да тарихи хақ оқиға; Баймағамбет
сұлтанды көзінше мақтап та, жа-мандап та тура
айтқан Шернияз ақиқаты да та-лай ұрпақтың
көкейінен орын алғанын да ешкім жоққа шығара
алмайды. Ақиқатты ашық айтқаны үшін солардың
ешқайсысы да билік тарапынан жазаланбаған. Қайта
биліктегілер солардың сөзіне құлақ түрген, ден
қойған,
қорытынды
шығарған.
Міне,
сол
ақындардың ақиқатын алға тарта отырып, бүгінгі
Жандарбек ақын да ақындық дәстүр бойынша
солардың үлгісімен өз заманының Патшасына, ең
биік лауазым иесіне, яғни сүйікті Президентіне
халықтың алдына шығып ақиқатты айтып отыр. Ол
ақиқат не ту-ралы еді?
Осы айтыс болып жатқан уақытқа дейін жарты
жылға жуық айтыс өткізу билік тарапы-нан нажария
тоқтатылған болатын. Бұл шындық еді. Не сахнадан,
не экраннан жаңа айтысты ел көре алмай, «неге
тоқтатылды?» деп елеңдеген. Сол ақиқатты алға
тарта отырып, ақын тағы бір шындықты ел құлағына
сала кетеді. Ол ақиқат - кешегі «айтыс өнерінің
алтын діңгегі - Сүйінбайдың» (М.О. Әуезов) да, жүз
жыл жырлаған жүрек иесі Жамбылдың да Нұрсұлтан
Назарбаев шыққан Шапырашты руынан екендігі.
Сондықтан да ақын «Атаңнан қалған айтысты
апарып тықпа молаға» деп отыр. Бұл айтындағы
«атаңнан қалған айтыс» деген тіркесті «қазақтан
мұра боп қалған айтыс» деп те; «шапырашты-дан
мирас боп қалған айтыс» деп те, «Сүйінбай мен
Жамбылдан қалған айтыс» деп те түсінуге болады.
Қалай түсінсең де айтылған сөз атылған оқтай
нысанаға дәл барып тұр. Ақын сөзінің қуаты артып
тұр. Қуатын арттырған нәрсе айтылған ақиқатта
жатыр.
Қазақстандағы айтыстың бұрынғыға қарағанда жаңа
буындар тарапынан толығып, одан сай-ын алға
жылжып отырғанының үлкен ақиқаты бар. Ол -
тәуелсіз Қазақстанда демократиялық
С. Медеубек
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
63
ISSN 1563-0242
құндылықтардың құрметтелуі. Халықтық баста-
машылдықтың билік тарапынан қолдау тауып
отыратындығы. Кім, қашан, қай жерде, қалай ай-там
десе де ешбір тосқауылдың қойылмауы. Бұл қазақ
халқының дәстүрлі өнері - айтыстың даму-ына,
басқаша айтқанда, астарында тек ақиқат ай-тылатын
айтыстың да, айтыс арқылы жария бола-тын
ақиқаттың да салтанат құруына мүмкіндіктің берілуі
- замансөздің бір тармағы - шешенсөздің
жасампаздығына даңғыл жол ашып отыр.
Статья посвящена исследованию феномена айтыса как жанра устной казахской публицистики. Автор рассматривает
фактическую основу данного вида фольклорного и публицистического творчества, описывает, как через песенные
состязания пишется жизнь народа. К айтыскерам всегда прислушивались сильные мира сего, потому что именно в словах
акына озвучивались все новости степи. Также автор оценивает уровень истины и импровизации как главные особенности
айтыса.
The article is devoted to research of the phenomenon of aitys as a genre of oral Kazakh journalism. The author examines the
factual basis of this type of folklore and journalistic creativity, passes through both the song contest are written the life of the people.
Aitys always listened to the mighty of this world, because in the words of poets voiced all the news of the steppe. The author also
evaluates the level of truth and improvisation as the main features of aitys.
А. Құрманбаева
«Дала уалаяты газеті» - экология мәселесі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
УДК 070(091)
Аңдатпа. Кең байтақ Қазақстанның біраз аумақтары әскери полигондар және ғарыштық техника-ны сынау кезінде
зақымданды. Бұрынғы Семей ядролық полигон аумағында ауыл шаруашылық жайылымдардың 2 миллион гектарға
жуығы радиоактивті болып есептеледі. Арал және Семей өлкелері экологиялық апат аймағы деп танылды. Табиғи
экологиялық жүйе бұзылғандығы, флора және фауналардың азып-тозуы, тұрғындардың денсаулығына маңызды зиян
әкелгендігін айтады.
Экология. Сынақ. Қоғам.
Экология - әлемдік, күллі планетаны шарпып
келе жатқан індет. Оның үлкен ошақтары
Қазақстанда
да
жетерлік.
Мысалы:
Семей
полигонының тастап кеткен, әлі талай жылдарға
созылатын «індет көздері, 70-80 жылдың ішінде
ұшан теңізді сарқылтқан Арал апаты, әлі күнге дейін
Ресей үкіметі, тірі жанды қырып-жоюға бағытталған
қару-жарақтарды сынау алаңы -Нарын құмы.
Бұларға Солтүстік көршілеріміз, бетон алаңдарынан
көтерілгенде, Қызылорда ғана емес, Қарағанды,
Ақтөбе облыстарын бір «қопаңдатып» қоятын,
айғайлап жар салып отырған Байқоңыр кешенін
қосыңыз.
Халық даналығы: «Ақылды адам қолайсыз
жағдайдан әр уақытта құтылып шыға алады, ал дана
адам мұндай жағдайға түспейді» - деген сөз бар.
Өкінішке орай, адамзат даналығы жетпей, экология
қиын дағдарысқа түсті. Ендігі амалымыз, бүкіл
ақыл-ойымызды
пайдаланып,
осы
қиыншылықтардан кешігіп қалмай, шыға білуіміз
керек.
Президентіміздің
«Ұзақ
мерзімді
басым
мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиясы»
санатына «барлық қазақстандықтардың өмір сүру
жағдайларын, денсаулығын, экологиялық ортаны
жақсарту проблемаларын қосқаны белгілі.
Ал кейбіреулердің ұйғарымынша, аталмыш
мәселе таяу арада ғана көтеріліп отырғандай
көрінер. Сонау 1892 жылдың өзінде «Дала
уалаятының газеті» он бірдей санында «Қазақ-
тардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» тақырыпты
проблемалық очерк жариялаған.
«Экология» терминін жұрттар біліп жарыт-паса
да сол очеркте аталмыш табиғатқа жанашырлық
білдірген пікірлер кеңінен қозғал-ған.
«Шалдардың сөздерінің жарымына нанған
мезгілде де, бұрынғы уақытта қыс мұндай емес, күн
жақсы, жер-су мол, шөп көп, халық әділетті, қулық-
сұмдық жоқ екен. Осы күнгі қазақтардың тұрған
А. Құрманбаева
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
64
ISSN 1563-0242
жерлерінің жер-суы жақсы болған соң қазақтар неше
мәрте қалмақтармен ұрысып, соғысып, қалмақты
күшімен айдап шығарған екен.
Енді бұрынғыны айтып отыратын қарттар
байқай ма екен бұрын күннің жылы болатыны сол
замандағы орман ағаштың көптігінен екенін, осы
күнде сондағы ағаш, таулар да аз, қырып бітірісіпті.
Бұрынғы заманда тауларда орман көп болып,
орманда қар көп болып, қардың себебінен су көп
болып,
ала
жаздай
тау-таудан
өзен-сулар
тартылмайды екен. Сол себепті жердің шөбі жақсы
болып, мал да артық болады екен. Бұ күнде ондай
емес.
Қазақтар барша орманды қырып, қалғанын осы
күнге шейін тауысып жүр. Қазақтарға көп ағаштың
керегі жоқ дегеннің зиянды екенін ойламай, тек
малға кең болса, болды, һәм өткір көздерімен қарап,
қарауылдап жүруге дала болса болады. Сол себептен
бұрынғы өзен-бұлақтар тартылған соң, бірдене
қылып құдық қазатын болысты, көбінесе сулары
ащы болады.
...Осы күнде қырда сондай жақсы еш нәрсе
қалмаса да, бұрыннан қалған сым тастарға,
қорғандарға қарағанда, баяғыда бұ далаларда тұру
жаман
болмағаны»[1],
-
деген
пікірлерді
ұшырастырамыз одан.
Демек, біздің қазіргі кезде аузымыздан тастамай,
күделікті айтып жүген экологиялық мәселелерімізге
қазақ халқы ертеден-ақ ерекше мән беріп, тіршілік
әрекетін соған сәйкес жүргізе білгенінің айқын бір
дәлелі - аталмыш очерк. Күнделікті тұрмыс-
тіршілігімізде табиғаттың барлық жанды, жансыз
туындыларына қиянат жасауға үнемі қарсы тұрып,
«обал», «сауап» деген ұғымдарды кейінгі ұрпағына
ұлағат етіп қалдырған. Халықтың бұл тұрғыдағы
экологиялық тағылымы осы күнге дейін толық
мәнінде зерделеніп, зерттелемей келеді.
Әрбір жеке табиғат байлықтарына және оның
дара
туындыларына
да
арнайы
айтылған
экологиялық тыйым сөздер де халық арасында
кеңінен таралған. Мысалы: күнделікті өзіміздің
мұқтажымызды өтеп жүрген ауыз судың тазалығын
сақтауға арналған тыйым сөздер -«суға түкірме»,
«суды ылайлама», «өзің ішетін суға өлген ит
тастама», «су ішкен құдығыңа түкірме», «бұлақты
былғама», т.б.
Жер бетінің сән берер сәулеті мен бағалы
байлық дәулеті деп есептелінер жасыл желекке,
орман-тоғайға қатысы бар тыйым сөздер қаншама!
«Көкті жұлма!», «көкті таптама», «құрыққа орақ
салма», «жас көшетті сындырма», «орманды
өртеме», «орманды отама», «жалғыз ағашты кеспе»,
«бауға балта шаппа», т.б.
Жан-жануарларды аялау, қорғау, мейірімділік
көрсету жайы да тыйым сөздер көптеп кездеседі.
«Құмырсқаның илеуін бұзба», «өрмекшіні өлтірме»,
«аққуды атпа», «құндызды аулама», «ұларды
шулатпа», «жаралы аңға оқ атпа», «ұяны бұзба»,
«үйге кірген жыланның да басына ақ құйып шығар»,
т.б.
Қазақ ұғымында «табиғат» деген ұғым «туған
жер» деген сөзбен мағыналас, мазмұндас айтылады.
Мысалы: «Туған жерге туыңды тік», «Туған жердің
топырағы да киелі», «Жері байдың - елі бай», «Қара
жер қарыз арқаламайды», «Жер - ана, ел - бала»,
«Тозған жерде тоқшылық болмайды», «Күте білсең -
жер жомарт», «Туған жердің түйе аунайтын
топырағы да киелі, түйе жейтін жантағы да киелі».
Осылай кете береді.
Қазақ халқының туған жерге деген ыстық
ықыласы мен аялы алақанын, жүрек жылуын сөз
еткенде, даламыздың данышпан абызы әрі ақылгөйі
Асан қайғы бабамыз асқар таудай алыстан көрінеді.
Сондықтан да қазіргі кезде Асан қайғы бабамызды
қазақтан шыққан тұңғыш эколог деп мақтан
етуімізге болады. Оның Желмаяға мініп алып,
Жерұйықты іздеуі, қазақ жерінің әрбір өзен-суына,
кең-байтақ даласына берген бағасы осы күнге дейін
өз құнын жойған жоқ.
Күллі түркі халқының данышпаны саналатын
Қорқыт атаның қалдырған мұраларында да «асқар
тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын,
қанаттарың қырқылмасын» деген ұғымдар - туған
жеріңнің табиғатын аялай біліңдер деген аталы
сөздер!
Шығыс халықтарында имандылықтан келетін
үш сауап бар: шөлге құдық қазған, өзенге көпір
салған, жолға ағаш еккен. Шөлді жерде құдық
қазып, халық шөлін қандырса, малын суарып,
айналасына жасыл желек отырғызса - табиғаттың
көркі емес пе! Бұл - адамдарды жақсылық істерге
жұмылдырудағы өнегелі өсиет.
«Бабалар еккен шынарды балалары саялайды»,
«Бағбан болсаң - бақ өсір, балама деп тағы өсір»,
«Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын», - деген
нақылдарда қаншама ұғым бар!
Сыр бойының жыр сүлейлерінің бірі -Нұртуған
Кенжеғұлұлы: «Байладым басты өлімге, мақпалдай
А. Құрманбаева
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
65
ISSN 1563-0242
шөбі түрленген атамекен жер үшін!», - деп жырлап
өткен.
Бекет ата туралы айтылатын аңыз-әңгімеде
ұстазының: «Келер жылға жетерлік отын жинап
келіңдер»,- деген өтінішін орындау кезінде, басқа
шәкірттер көбірек отын әкелсе, Бекет ата аздаған
қураған ағаш әкеледі. Оның мән-жайын сұраған
ұстазына: «Жас ағашқа жаным ашып, кесуге
батпадым, сондықтан қурағандарын ғана алдым», -
деп жауап берген. Оған әбден разы болған ұстазы
Бекет шәкіртіне ақ батасын берген көрінеді.
Қазіргі таңда да, ақын-жазушыларымыз табиғат,
экология мәселесіне үлкен көңіл бөліп келеді.
Мысалы, ақын Қадыр Мырза Әлі ағамыздың «Заман-
ай» экологиялық поэмасының «Табиғат пен
тасырлық»
тарауында:
«Безендіріп
құмдағы,
//Саздағы аңды, //Жер соқтарды, // Жылатты мәз
даламды. //Қоғам азған, //Ел азған, // Заман азған...
//Бірақ жер дәл бұлай азбаған-ды! //...Сайқал заман
түсті де ер ізіне, //Салды ауызын шалқар мен
теңізіме... //Мың бұлақтан қалмады жүз бұлақ та,
//Сексен көлден қалмады сегізі де!//Полигондар -
құрық та, //Аралдар да! //Өстіп жүріп адамзат
арандар ма! //Таба тұрып ақы-адал еңбегіңмен,
//Күдікпенен қарайсың тағамдарға!»[2] - деп қазіргі
хал-күйімізді
әсем
поэзия
тілімен
әспеттеп
бергенінің куәгеріміз.
Қазіргі
таңда
қай-қайсымызды
болсын
планетаның алмағайып халі алаңдата береді. «Соңғы
300 жыл беделіндегі қиялды қамшылай-тын
адамзаттың ғылыми жетістіктері кісі қылығының
даналығы және көрегендігімен үзеңгілес жүре
алмағанына»
автордың
көңілі
құлазиды.
Алаңдаушылық білдіреді. Оқырман-дарын да сондай
халге итермелейді.
Қазақстанда соңғы бес жылда түрлі өн-діріс
орындары мен өнеркәсіптер саны көбейіп, олар жыл
өткен сайын қарқынды дамып келеді. Дегенмен
бұлардың барлығы ауаның ластануына, Қазақстан
экологиясының бұзылуына әкеп соғатыны белгілі.
Осының салдарынан республика өңірінде жиырма
миллиард тоннадан артық қалдықтар пайда болған,
оның үштен бір бөлігі токсидті болып табылады.
Бұлардың дені - қара металлургия, мұнай химиясы,
құрылыс
материалдарын
шығаратын
өнеркәсіпорындарынан шыққан қалдықтар. Өз
кезегінде мұндай алып кәсіп-орындар мемлекеттік
тапсырма бойынша ар-найы жобаларды қолға
алғанымен, Қазақстан экологиясы әлі де жақсы
нәтижелерді күтуде.
Осы экология проблемасына қатысты тек қана
қазақ экологиятану ғылымында теориялық қисындар
келтіріп
жатқан
ізденушілер
бай-қалмайды.
Аталмыш тақырып жөнінде жалпы-лама жазып
жүргендер баршылық. Олардың ішінде Жазушылар
Одағының мүшесі Энгельс Ғаббасовқа тоқталатын
болсақ. Оның негізгі қозғап жүрген мәселесі -
Қазақстанның батыс аймағындағы қару-жарақ және
биологиялық зиянды заттарды сынаудың қатерлі де
кеселді әрекеттерін жария ету. Ал өзі өнертапқыш,
бірақ табиғат тағдыры үнемі мазалаған журналист-
инженер Сейілбек Қышқашев республика төңірегіне
атом электр станцияларын салу мен Байқоңыр
ғарыш айлағынан ұшатын ғарыш кемелерінің
зымыран-жеткізгіштерінің айнала қоршаған ортаға
тигізер қыруар залалдарын жазумен келді. Үшінші
бір автор - Арал тұрғыны, гидроинженер Хамза
Суханбердин - өзінің «туған теңізінің» тағдырын,
оның қазіргі мүшкіл халін әлемге танытуды алдына
мақсат етіп алған. Ал республикалық экологиялық
«Атамекен» газеті болса, экологияның кез келген
көрінісі жөнінде проблемалық мәселелерді көтеріп
келеді.
Бір жағынан, аталмыш авторлардың экология
проблемасын баспасөз беттерінде қалың оқырман
қауымға түсінікті тілде, жүйелі түрде жеткізе
алатындығы сөзімізге дәлел болса, екінші жағынан,
олардағы ортақ бір кемшілік - барлық уақытта
дерлік тек қана болған уақиғаны, көз алдындағы
фактіні қаз-қалпында келтірумен ғана шектеледі.
Оларды теориялық тұрғыдан дәйектеу байқалмайды.
Бүгінгі таңда маңдайалды тақырыпқа айналған
экологияның
баспасөзде
жазылу
шарттарын
саралайтын теориялық еңбектер мүлде жоқ екенін
қынжыла мойындауға тура келеді.
Бүгінге
дейін
экопублицистикатану
сала-
сындағы ғылыми-зерттеу жұмыстардың арасы-нан
«экология тақырыбының теориялық ерек-шеліктері»
дегендей мәселе көтерілмеген. Әсіресе экология
тақырыбын түбегейлі зерттеу мүмкіндігі туғаны;
көтерілген
мәселелерге
сәйкес
ғылыми
негіздемелерге қоса, публицис-тикаға қатысты
мақалаларды, соңғы деректерді салыстыра талдау;
проблемалық не публицистік жарияланымдар мен
ғылыми-танымдық эколо-гиялық материалдардың
ара жігін ашып көрсету мәселесі қолға алынбай
отыр.
А. Құрманбаева
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
66
ISSN 1563-0242
Осы жағдай тұрғысында америкалық оқымысты-
жазушы-эколог Р. Риклефс өзінің «Жалпы экология
негіздері» атты кітабында: «Экологияның танымал
сөзге айналғаны соншалық, оны не болса, соған
тазарту ғима-раттарын салуға, жерді пайдалануды
аймақ-тық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта
өңдеуге және көкөністерді тек органикалық
тыңайтқыштарды қолдана отырып, өсіруге айдар
етіп таға салатын болды, - деп налиды. Сосын өзінің
тоқетер дәйектемесін былай түйіндейді. -Егер біз
табиғатпен қандай да бір пәтуаға келгіміз келсе,
онда
көбіне-көп
ол
ұсынған
шарттарды
қабылдауымызға тура келеді» [3] .
Автор осы дәйексөзінде қарастырылып отырған
проблеманың сан салалы екендігіне жұртшылық
назарын аударумен қатар, соңғы сөйлемінде күллі
Табиғат, Жаратылысқа өктем-шілік көрсетіп, оның
бұлжымас заңдылық-тарынан адамзат талаптарын,
қомағайлығын, жалпы эгоизм танытпауын қайта-
қайта еске салады.
Қазақстан экологиясы - өзектілігін жой-майтын
күрделі мәселелердің бірі. Бүгінде бұл мәселеге
еліміздің тұрғындары ғана емес, күллі әлемнің
жұртшылығы оның шешілу жолдарына атсалысып,
назарларын аударып отыр. Ал отандық бұқаралық
ақпарат
құралдары
экология
тақырыбын
қаншалықты қозғап жүр? Ол жарияланымдар
халыққа жетіп жүр ме? Ауаны ластанудан қалай
сақтау керек және оның қандай жолдары бар деген
сұрақтарға жауап бере алып жүр ме? Осы мәселеге
тоқталайық.
Бүгінде ең жылдам әрі тиімді ақпарат түрлерінің
бірі интернет желілері арқылы оқыр-ман кез келген
ақпарат алуға құштар. Ақпарат агенттіктері өзге
тақырыптарды қозғағандай экология мәселесінде
жиі көтеріп жүр.
«Жазиралы жеріңнің емес, көгілдір суыңның
қанша екендігін айт» деген шығыс мәтелі бар. Ол
бүгін де өз маңызын жойған жоқ. Су мәселесі
экологиялық
маңызынан
бөлек
халықаралық
қатынасты қалыптастырушы тіпті, кез келген табиғи
ресурс ретінде тауарға айналып, сауда нысаны бола
алатындығына көзіміз жетіп отыр. Алайда еліміздегі
судың жағдайы көңіл құлазытады. Одан өзге
Қазақстан
жағдайында
экологиялық
бірнеше
мәселелерді топтастырып көрсетуге болады. Олар:
су-экологиялық мәселесі, шөлейттену мәселесі,
қоршаған ортаның ластануы, генофондты сақтау
мәселесі, әскери қызметтің экологиялық мәселелері,
табиғи
ресурстарды
рационалды
пайдалану
мәселелері.
Осы аталғандардың ішінде Арал мәселесі
өзектілігі артқан күрделі күйде екендігі баршамызға
аян. Арал теңізінің тартылуы ауаға зиянды заттар
бөлетін негізгі аймақ болып отыр. Бұл зиянды
бөлшектер оңтүстіктен батысқа Үстірт арқылы
Каспийге түсіп жатыр. Нәтижесінде тұзды тозаң
қабаттар пайда болып, биікке әрі алыс аймақтарға
тарауда. Аралдың суы күннен-күнге тартылып
барады дегеніміз, улы тұздар бұрынғысынан да
толыға түседі дегенді білдіреді.
Біз «экология» терминін тек қана табиғатқа
қаратып, бұрып алып жүрміз. Бұлар, әлгінде
айтқандай, адамзат қауымының өткен тарихи-
биологиялық өмір жолынан қалған жағымсыз
зардаптар болса керек. Бірақ бір байқайтын нәрсе -
сол зардаптар, әсіресе өткен ғасырда, күллі
планетаға терең де көлемді залалын тигізіп, зор
қауіп төндіре алатын қатерге айнала бергенін
байқаймыз.
Аталмыш пікірді академик С. Тілеубергенов:
«Табиғат күштерін адамзат игілігіне пайдалану үшін
игеруге күмән келтіруге болмас. Ол -қайта қажетті.
Алайда бұл жерде «игеру» сөзі «коэволюция»
(«әлемдік эволюциялық процесс» мағынасының
термині)
атауымен
алмастырылуы
тиіс.
Коэволюцияның ұлы принципі - адам мен
табиғаттың бірлесіп, үндестікпен даму принципі.
Табиғат
стратегиясы
мен
қоғам
дамуы
стратегиясының үйлесімділік принципі» [4] -деп
қолдайды.
Ғалымдардың құпия да тиісті орындарға
мәлімдеулеріне, ашық дабыл қағуларына қарағанда,
Жер бетіндегі электр қуатын өндіру мен тұтыну,
шамамен алғанда, енді 100 есе артатын болса (ал
мұның өзі таяудағы келешекте әбден мүмкін), онда
климаттың келеңсіз өзгерісін тоқтатуға мүмкіндік
болмайды.
Бұл адамға, жерге жасалған жантүршігерлік
эксперименттің басқа да түрлерін өзінің пуб-
лицистикалық мақаласында академик С. Тілеу-
бергенов одан әрі тізіп көрсетеді. Мысалы,
Қазақстанның кең-байтақ даласы қырық жыл бойы
тек сынақ полигоны және уран кенін өндіретін
орталықтар болып қана қойған жоқ, сонымен қатар
ядролық технологияның алуан түрлі зиянды
қалдықтары
көмілген
сұмдық
зиратқа
да
айналғанын, сөйтіп, республика аумағы бірте-бірте
А. Құрманбаева
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
67
ISSN 1563-0242
баяу жарылатын ядролық бомбаның ең барып тұрған
зұлымдыққа толы көмбесі қызметін атқарғанынан да
мағұлмат аламыз. Автордың айтуынша, бұл жағдай,
тұтас бір аймақтың биосферасы мен ноосферасын
толық жойып жіберуге әбден жеткілікті және ол
республикадан тыс, басқа аумақтарға да зардабын
тигізетіні ақиқат көрінеді.
Экология
мәселелерін
қазақ
газеттерінің
барлығы да қозғаған болады. Алайда олардың көбісі
аталмыш проблемаға жиі, сапалы түрде үлес қоса
қоймаған.
Алайда
күллі планетаға қатысты
экологиялық
публицистиканың
жан-жақты
қарастырып, дәйектеу уақыт күттірмейтін жай деп
білеміз. Бұл - экопублицистиканың мұңы.
Әдебиеттер:
1 Қазақтың естерінен кетпей жүрген бір сөз//
Дала уалаятының газеті. Әдеби нұсқалар. 1888-
1894. Құрастырушы Ү. Суханбердина. -Алматы:
Ғылым, 1989. - 392-401 беттер
2 Мырзалиев Қ. Заман-ай // Жалын. - 1991. -№3. -
11-бет.
3Риклефс Р. Основы общей экологии. - Москва:
Высшая школа, 1979. - С. 6-7.
4 Тлеубергенов С. Нооэкология. - Алматы: Ғы-
лым, 1996. - С. 96.
Огромные территории Казахстана пострадали от деятельности военных полигонов и запусков космической техники.
На территории бывшего Семипалатинского ядерного полигона около 2 млн. га сельскохозяйственных угодий подвержено
радиоактивному заражению. Аральский и Семипалатинский регионы объявлены зонами экологического бедствия, где
произошли разрушение естественных экологических систем, деградация флоры и фауны и вследствие неблагополучной
экологической обстановки нанесен существенный вред здоровью населения.
The vast territory of Kazakhstan suffered from the activities of military sites and thelaunch of space technology. In the former
Semipalatinsk nuclear test site of about 2million hectares of agricultural land subject to radioactive contamination. The Aral Seaand
Semipalatinsk regions declared zones of ecological disaster, which occurred the destruction of natural ecosystems, degradation of
flora and fauna due to unfavorableenvironmental conditions caused substantial harm to public health.
О. Ошанова
Камал Смайылов публицистикасы мәтіндерінің идеясы,
эстетикасы мен этикасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
УДК 070 (091)
Аңдатпа. Бұл мақалада көрнекті жазушы, публицист, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ киносы мен
телевизиясының талантты ұйымдаст^ірушысы Камал Смайыловтың шығармашылық өмірі, публицистикалық
шеберлігі жан-жақты сөз болады. Автор қазақ журналистикасында ерек-ше қолтаңба қалдырған әрі қазақ
мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосқан публицист-жазушының ұлттық мүддеге қызмет етудің, қоғамның
көкейтесті мәселелерін көтерудің үлгісін көрсеткен журналистік қырын талдап, өзіндік тұжырымдар жасаған.
Публицистика. Ғалым. Жазушы.
Қазақ журналистикасының ХХ ғасырдағы
шынайы бет-бейнесін сомдар болсаңыз, өткен
ғасырдағы зіл батпан салмақты арқалаған ру-хани
қайраткерлердің қатарынан, журналистикада өзіндік
қолтаңба қалдырған бірегей та-ланттар шоғырынан
Камал Смайылов есімін кездестіретініңіз хақ.
Камал Смайыловтың публицистикасы жай-лы ой
қозғамай тұрып, ең алдымен, ол кісі ту-ралы
жазылған
естеліктерді
бір
парақтап
алдық.
Естеліктердің құндылығы көкейіне көп нәрсе
тоқыған жандардың көзбен көргенін, көңілге
түйгендерін ой сүзгісінен екшелеп алып барып,
О. Ошанова
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
68
ISSN 1563-0242
кейіпкер жайлы тебіреністі ой термелеп, қалам
тербеуінде жатса керек!
Ал Камал Смайылов ағамыз жайлы естелік-
тердің бір арнаға тоғысып, кейіпкер жайлы барлық
көзкөрген
жандардың
ерекше
ықыласпен,
мейірімділікпен қалам тербегендері ойлантады. Біз
де
естеліктер
ішінен
Камал
Смайыловтың
азаматтық, қайраткерлік, публицистік қырларын
жан-жақты ашатын ой-пікірлерді сұрыптап алуға
тырыстық.
Камал Смайыловтың балалық шақтан зерек
болып әрі тектілігін танытар азамат болуды, қалам
тербеп елдің жоғын жоқтар қаламгер бо-луды мақсат
тұтқаны жайлы академик Төрегелді Шарманов
ағамыз былайша жазады: «Біз Камал екеуміз -
Ұлытаудың қиясындағы бір ауылдың ұясынан, бір
мектептің класынан тәлім алып шыққан түлектерміз.
Камал мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ
егілген елдің, қайғырған халықтың тағдырына
толғаныспен ой жүгірте білетін жігіт болып
қалыптасты. Оның бастапқы мақалалары сол кездің
өзінде
аудандық,
облыстық,
респуб-ликалық
газеттерде жарық көре бастады.
Кеңес үкіметі кезінде тегіңді талдап, тектілігіңді
айтып бабаларыңның атын атасаң басыңа бұлт
үйірілетін. Әкеден балаға жалғасып жеткен
шежіредегі белгілі болыс болған, үлкен атасы
Бабырдың қасиетті Ахмет Йассауи мов-золейінің
қабырғасында
жерленгенін
естігенде
Камал
бабасының рухына сай болуға бел буғандай
шаттануын жасыра алмаған-тын. Әлі күнге дейін ол
өзінің майданнан оралмаған немере ағасы, әскери
журналист, жазушы Бау-бек Бұлқышевтың Ұлы отан
соғысының алғы шебінен газеттерге жіберіп тұрған
жалынды
жазбаларынан,
хаттарындағы
ақыл
кеңесінен нәр алып қалыптасқанын мақтан тұтады».
Камал Смайылов С. М. Киров атындағы Қазақ
мемлекеттік
университетін
журналистика
мамандығы бойынша тамамдағаннан кейін қоғам
өміріне белсене араласты. Камал ағамыз баспасөз,
радио, телевизия, кино саласында ғана еңбек етпей,
саясаттың да тізгінін ұстап көрді. Шығармашылық
жолын «Лениншіл жас» газетінің Қарағанды
облысындағы меншікті тілшісінен бастады, одан
кейінгі жылдары «Білім және еңбек», «Парасат»,
«Ақиқат» журналдарын басқарды.
1962-1964 жылдары республика комсомолы-ның
идеология жөніндегі хатшысы қызметін атқарды.
Осы жылдардағы атап өтерлік еңбегі - 1964 жылы
әдебиет әлемінің табалдырығын жаңа аттаған талай
жастардың қалам қарым-дарын таныту мақсатында,
өзі алғысөз жазып, алғашқы әдеби жинақ шығартуы.
Ал ол кітапқа шығармалары жарияланған жастар,
шын мәнінде, таланттар шоғыры болатын. Олардың
қатарында қазақ әдебиетінің танымал өкілдері
кешегі өмірден өткен Мұқағали Мақатаев, Жұмекен
Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов, Оспанхан
Әубәкіровтерден бастап, бүгінде орта-мызда жүрген
классик жазушыларымыз Шерхан Мұртаза мен
Мұхтар Мағауиндер болатын. Бұл, шын мәнінде,
Камал ағамыздың әдебиетке деген шынайы
жанашырлығының дәлелі емес пе?!
Камал ағамыздың 60 және 70-жылдардағы өмірі
қазақ киносымен тығыз байланысты. Ол бұл
жылдары
«Қазақфильм»
киностудия-сын,
Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетті
басқарды. Осы жылдары ол соғыс кезінде жазылса
да талай уақыттан бері киностудия мұрағатында шаң
басып жатқан Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібектің»
желісімен жазылған «Гәкку» киносценарийін тауып
алып, оны автордың рұқсатын алмастан Мәскеуге
ба-рып бекіттіріп әкеледі де, фильм түсіру ісіне қызу
кірісіп кетеді. Бұл фильмге сценарийді жазушы Ғ.
Мүсіреповке бастан аяқ қайта жазғызып, режиссер
С. Қожықов, композитор Н. Тілендиев, редактор А.
Сүлейменов, суретші Г. Исмайыло-ва, ақын Қ.
Мырзалиев сияқты өз ісінің білгірлері болып
танылған кәсіби мамандардың басын қосып, қазақ
киносын әлемге танытқан тамаша туындының
өмірге келуіне басты себепкер бо-лады. Жалғыз
«Қыз Жібек» фильмі емес, «Қилы кезең», «Қан мен
тер», «Алты жасар Алпамыс» т. б. қазақ
мәдениетінің атақ абыройын танытқан фильмдер
қазақ киносының тізгінін К.Смайылов ағамыз ұстап
отырған жылдары түсірілген бола-тын. Камал
Смайыловтың осы еңбектеріне ғана қарап, қазақ
өнерінің шынайы қамқоршысы бол-ды деп ой түюге
болады.
Тағы бір атап өтерлігі, осы кезеңде ол «Қазақ-
фильм» деп аталған кино ордасының төңірегіне
жоғарыда аталған азаматтармен қатар Олжас
Сүлейменов, Әкім Тарази, Сайын Мұратбеков,
Қалихан Ысқақов сияқты қазақ мәдениетінің бет-ке
ұстарларын топтастыра білді, осы арқылы ұлт
мүддесі үшін бірлесе қалтқысыз қызмет етудің
жемісті болатындығын көрсетіп қана қоймай, оның
дайын үлгісін ұсынып та кетті.
Орта Азия елдерінің ішінде жаңа өнер
саласының тұсауын алғаш кесіп, оның дамуына
орасан зор үлес қосқан да ағамыз болатын, яғни
қазақтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
О. Ошанова
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
69
ISSN 1563-0242
алғашқы мультфильмі де К. Смайыловтың тұсында
дүниеге келген.
Бұл туралы кинорежиссер Әмен Қайдаров
«Жолың болсын десең, жолыңда азамат кездес-сін»
деген естелігінде толық баяндаған, яғни 1966 жылы
«Қазақфильм» киностудиясына журналист Камал
Смайылов
басшы
болып
келгенін,
өзінің
Бүкілодақтық
Мемлекеттік
кинематография
институтын бітіріп, қазақ мәдениетіне жетпейтін
өнер саласы мультипликацияның іргетасын қалауды
армандап жүрген жас ма-ман екенін, сол кезде жаңа
басшының мәселені табан асты шешіп, үлкен
өнердің тууына бас-тамашы болғанын тебірене
әңгімелей
келіп,
«әрине,
«Қазақфильм»
киностудиясына ұялаған «Қарлығаш» Камалдың
талай сәтті еңбектерінің бірі ғана еді» деп көрсетеді.
Жоғарыда айтқан ойларымызға Қазақстан-ның
халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың ағамыз туралы
тұжырымды пікірі тұздық болмақ: «Ұлттық мүдде
мен ресми саясат аты-мен қабыспайтын кереғар
жағдайда
мәдениет
майданында
басшылық
еткендердің айдарлары-нан жел есе қоймайтындығы
айтпаса да түсінікті. Алайда соған қарамастан
ұлттық руханиятқа қалтқысыз қызмет ете алған
азаматтар ол кезде аз болмады. Олар екі оттың
ортасында жүріп, қарлығаштың қанатымен су
сепкендей болса да, өз халқына пайда тигізіп бақты.
Бұл оңай шаруа емес еді. Мен сондай жанкешті
еңбектің иегерлері қатарына Камал Сейтжанұлы
Смайы-ловты жатқызар едім.
Ресми билікпен арадағы шытырмандар әлгіндей
болғанда, өнердің өз ішіндегі шыр-ғалаңдар да оңай
тимейтін. Таңқылардың та-ланттарды көре алмай
жасап бағатын айла-шарғыларын былай қойғанда, әр
таудың арқары болып қалған атақтылардың
өздерінің тарт-тырар тауқыметі аз болмайтын. Жер
бетіне өздері сыйғанымен, шаңырақтай-шаңырақтай
мүйіздері сыймай, қаралай қақтығысып, шатақ
салатын. Ондай ортада ұйымдастырушы болып,
ортақ істі алға бастыру қиынның қиыны еді.
Бір қызығы осының бәрін Камал Смайы-лов
соның бәрін ләззат санамаса, азап сана-майтын
сыңайлы. Осы ғұмырында екі бірдей журнал
шығарыпты.
Киностудия
басқарыпты.
Кинематографияға бір емес, екі рет бастық бо-
лыпты. Телевизия мен радиокомитетті де екі рет
басқарыпты. Үкіметтің осындай қиын са-ланы
үйлестіретін бөліміне екі рет, Орталық Комитеттегі
бөлімге үш рет барыпты.
Бұл тек мәртебе қуғандыққа ұқсамайды. Өзі
сүйетін іске шексіз берілгендік шығар. Бір кез-де өзі
бастап берген істің ендігі тағдырына да қабырғасы
қайысқандық шығар. Мыңның біреуі емес, мыңнан
біреу... Жаратқанның айрықша мейірімі түскен
нысаналы перзенті...».
Камал Смайылов ағамыз Телевизия мен
радиокомитетті де екі рет басқарған, осы-лайша, ол
мәдениеттің кез келген саласының шығармашылық
жұмыстарын үйіріп әкете ала-тын шеберлігімен
танылды. Бұл туралы академик Т. Шарманов: «Ең
бір таңдандыратыны - Смайылов қай салаға салсаң
да жаңа кәсіптің иірімдерін тез арада игеріп алып,
істі жүргізіп ала жөнеледі. Өйткені ол туа бітті,
табиғатынан жан-жақты публицист-жазушы. Кино
өнерінің айыл тартпасын мығымдап ретке келтіріп
ба-рып, мемлекеттік телерадиоға төраға болып
келісімен-ақ, қолына тізгінді еркін ұстап иіріп әкетті.
Ол кезде телевизия саласы даму үстінде болатын.
Әрине, мұндай кезеңдерде іске бүкіл болмысымен
білек сыбанып кірісіп кететін жаңашылдар керек.
Смайылов келісімен қазақ телевизиясы «өгей
шешедей болған мәскеулік телевизияның» айтқанын
бұлжытпай орындай-тын күйінен біртіндеп өзгере
бастады».
Камал ағамыз әдебиеттің үлкен ордасының
тізгінін де қолына ұстап, бұл жерде де рухани
саланың ізгілікті істерінің бастамашысы болып қана
қоймай, біраз істердің басын қайырып кет-кен. Бұл
туралы белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Құл-
Мұхаммед: «Әрдайым үлкен саясаттың қан
базарында жүретін Кәмекең балапан ба-сына,
тұрымтай тұсына кеткен 90-жылдардың басында
Қазақстан Журналистер Одағының тізгінін қолына
ұстады. Берекесі кеткен одақтың басын қосып, біраз
игілікті шаруалардың ба-сын қайырды. Әкесі
Сейітжан 37-нің тұзағына түсіп, жазықсыз жаза
шеккен буынның өкілі болғандықтан да болар,
еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ақталған арыстар
есімін ел жадын-да қалдыру үшін де аянбай еңбек
етті. Кәмекең басқарған жылдары «Ақиқаттың»
бетінде Едіге, Тәуке, Абылай, Кенесарылардан
бастап, Б. Қаратаев, М. Тынышпаев, С. Сәдуақасов,
С. Қожанов т.б. дейінгі ұлт ұлыларын ұлықтаған
көлдей-көлдей
материалдар
жарияланды.
Ол
мұнымен де шектелмей «Атамұра» корпора-
циясымен бірге Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев, Ә.
Ермеков
атындағы
Қазақстан
Журналистер
одағының сыйлығы белгіленіп, оны жыл сайын
республиканың таңдаулы журналистеріне тап-
сыруды дәстүрге айналдырды».
О. Ошанова
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
70
ISSN 1563-0242
Ал енді Камал ағамыздың публицистикалық
шеберлігінің қыр-сырына үңіліп көрсек. Бұл орайда
жазушы, профессор Шерияздан Елеуке-нов өзі
«Қазақ публицистикасының ақбөкені» деп айдар
таққан жанға былайша баға береді: «Жұмсақ тілмен
сыйпай қамшылай отырып, қайдағы келеңсіз
жайттарды тауып жазып, жағаңды ұстатады.
Қазақстан өзіне керекті азық-түлікті өндіре алмай,
жетпіс процентін шет ел-ден тасымалдайды дейді.
Миллиардтаған пұт астық сатып өткізетін, ондаған
миллион қой баққан Қазақстан азық-түліктен
кіріптарлыққа түскені адам нанғысыз нәрсе, төбе
құйқаңды шымырлатады. Сенгің келмейді, бірақ
Камалдай бедел айтып тұрған соң сенбесіңе амалың
жоқ.
Ол, міне осындай жұртшылық көзінен таса
фактілерді, ел дамуына кедергі кесел-кінәраттарды
тапқыштығымен көзге түсіп жүрді.
Камал сөздерінің соншама әсер ететіні, циф-
рларды ойната білетін. Ол құрғақ ақылды жек
көретін, айтқанын жандандырып суреттеуге ты-
рысатын».
«Ізгіліктің насихатталуы ғана идеология» деп
мойындаған Камал Смайылов публицисти-када «өз
жан дүниесінде сезінген жақсылықты өзге жан да
сезінсін дейтін пиғылды» алға ұстанады, бұл туралы
Қазақстанның халық жа-зушысы Шерхан Мұртаза:
«Сен тым ақкөңіл адал едің ғой, Камал! Қоғамда
болып жатқан то-лайым кемшіліктерді мен ашына
жазғанда,
сен
сол
қоғамдағы
зәрудей
жақсылықтарды тізбелеп, маған басу айтушы едің.
Заманның,
қоғамның
алдағы
күндерінде
жақсылыққа,
ақжарқын
күндерге
жететінін
дәлелдеп, ұдайы да үміт отын жандыратынсың» деп
толғанады. Шынында да, өмірдің көлеңкелі
жақтарын көруден гөрі оның әр сәтінің жасудай
жақсылығын ұшқынынан тану әлдеқайда қиынырақ,
оны таныр көңіл қырағылығымен қоса бар жан
тәніңмен қуана білу сияқты ерекше қабілет те қажет
сияқты. Бұл орайда, Камал ағамыз бізге өзінің сара
жолын са-лып кетті.
Академик Төрегелді Шарманов «Камалдың
қаламы бүгінгі жас журналистердің шамадан тыс
шамшылдығы мен әсіре сәншілдігіне қарсы бәс тіге
алады» дей келіп, публицистің бүгінгі ұрпақ үлгі
тұтар тұстарын былайша көрсетеді: «Қазіргі кездегі
қаражат қаржылық мүддені көздеп, біреуді жақтап,
екіншісін таптап, жік-жік болып бөлініп алып жазып
жатқан журналистерден дара жазатын Камалдың
дарабоз-дығы ойландырады. Ешкімнің сағын сын-
дырып, тауын шақпай, бәтуасыз ақпараттық
шайқастардың отына май шашпай, журналистік
әдепті аяққа баспай жүретін Камалдың рухани
бостандықта болғысы келетіні ойландырады. Ұшқын
шашатын
ойларының
ауқымдылығымен,
мақалаларының ішіндегі сөйлемі түгіл, үтірінен
күпірлік
байқалмайтын
тартымдылығымен
таңдандырады».
Камал Смайылов ағамыздың көзі тірісінде
журналистикаға қатысты айтқан ойларын көңіл
көзінен өткізе отырып, бүгінгі межеге салып
салмақтар
болсаңыз,
олардың
мәні
мен
мазмұнының қазіргі таңда да өз өзектілігін
жоймағанына көз жеткізесіз. Мәселен, ағамыз
журналист қандай болуы керек деген сұрақтың
жауабын былайша түйіндейді: «Журналист өмір-дің,
қоғамның кез келген құбылысы болса, соны қалт
жібермей ұғатын, оның бағытын анықтай білетін
және қаламды нық ұстап жазып, оны халыққа
жеткізе алатын маман иесі болуы тиіс.
Журналистер бәрінен де аулақ, жоғары, биік
тұруға тиісті. Олар үшін ең басты саясат шындық,
әділдік, халықтың қамы болуға керек. Ендігі күш
басқарушы,
бағыттаушы
орындарда
емес,
журналистердің қолында».
Ал «Әлемдік интеграция, глобализация кезінде
қазақ өзін қалай ұстауы керек?» - деген сауалға:
«Бұл өмірдің бізге алып келген үлкен ағымы,
толқыны. Бұл адамзат дамуының жаңа са-тысы,
бұған қарсы шығып, мүлдем тоқтату мүмкін емес.
Кейде бұл аз ұлттарды, әлсіз мәдениеттерді жойып
жіберуі
мүмкін.
Бірақ,
соған
қарамастан,
ұлтымызды, тілімізді, әдет ғұрпымызды сақтай
отырып, жаңа заман ағымына қосылуымыз керек. Ол
үшін бізде соның бәрінің басын қосатындай өндіріс,
еңбек, білім, рух болуы тиіс», - деген тұжырым
айтады.
«ХХІ ғасырдың қазағы қандай болуы тиіс?»
деген сұраққа «ХХІ ғасыр қазағы ұлтын сүйетін,
әлемдік деңгейде білімі бар, рухы биік тұлға болуға
міндетті» деп жауап берген.
Өз әріптестерінің қалам тербестері жайлы:
«Біріншіден, біздің қазақ тіліндегі басылым-дарда
«анау жоқ, мынау жоқ» деп жыланып, күңіреніп,
қара аспанды төндіріп жазатын жур-налистер
жоқтың қасы. Тек жылау болса, оны ешкім оқымас
та, тыңдамас еді ғой. Жылау үшін де экономиканың
жағдайын білдіретіндей тілге тиек деректер келтіру
керек. Көбісі осы-дан жасқанады, жағдайды білмейді
де, білмеген соң талдай, бағалай алмайды. Дерек-
дәйектер келтіре отырып, талдап, сараламаған сөзді
ешкім тыңдамайды, тыңдаса да «осы рас» деп
О. Ошанова
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
71
ISSN 1563-0242
иланбайды, «бұл қалай?», - деп ойланбайды» дей
келіп, «ал енді сынап, талдап, кемшіліктерді
көрсетіп жазатын, айтатындар болса, оларды жаппай
айыптауға болмайды. Олар соны табалап жазып
отыр ма, әлде жүрегі ауырып, жаны ашып жазып
отыр ма? Алдымен, осыны ажыратып алу керек»
деген тәлім алар пікір айтады.
Камал ағамыз айтып отырған осы мәсе-ленің
мәні бүгінгі күнде тіптен өзекті болып отыр, өйткені
қазіргі таңда қалам ұстаушы көптеген ағайындар
«түймедейді түйедей қылып» көрсетуді, өздеріне
ұнамаған адамды қаралауды әдетке айналдырып
отырғаны жа-сырын емес. Сонымен қатар көп
жағдайларда «сын түзелмей мін түзелмейді» деген
қағиданы ұстанып, жанашырлықпен қалам тартып
жүрген әріптестерімізге де қырғи қабақ танытып
жататындардың қатары да көбейгені шындық.
Сондықтан да бізге ақ пен қараның арасын ажы-
ратар зеректік пен қырағылық қасиеттер керек
болар.
Камал Смайылов қаламының қарымы
дегенде, ең алдымен, ағамыздың өткен ғасыр
өткелінде жүріп, ел болашағын болжап жазған «ХХІ
ғасырға саяхат» кітабы бірден еске түседі.
«ХХІ ғасырға саяхат» еңбегіне академик Ев-ней
Букетов:
«Камал
болжауларының
ғылыми
негізділігін, өрісінің ұлан-ғайыр көлемділігімен
оқырманын таңдандырмай, тебірентпей қоймай-
тынын, жастарға бұдан былай да осындай еңбектерді
молынан жазу қажет», - деп пікір білдіріп, жоғары
бағасын берген болатын.
Шынында да адамзат дамуының алдағы
кезеңдеріне негізді болжамдар жасау журналис-тің
білім тереңділігін, ізденгіштігін әрі әр дәйекті жан-
жақты талдай отырып, нақты тұжырымдар жасай
білу қабілетін танытса керек. Ағамыз болашаққа
төмендегідей бол-жам жасайды: «Адам табиғаттың
құлы емес, қожасы. Әрине, бір кезде айтқандай,
табиғаттың заңымен, жағдайымен санаспайтын,
мойын ұсынбайтын ұр да жық, сотқар, тентек
қожасы емес, табиғаттың заңын біліп, түсіне
отырып, соның ыңғайына қарай өз құдіретін
жүргізіп, өз ырқын орындататын ақылды қожа
болады». Бүгінгі таңда бұл қағидамен келіспеске
ама-лымыз жоқ. Қазіргі күні ағамыз өзі айтып кет-
кендей «ғылым өсімдіктер мен дақылдарға керекті
ауаны да, қоректі де, сәулені де «жасанды табиғи»
ортада жасап қамтамасыз етіп», жер бетінде тіршілік
етіп
жатқан
тұрғындардың бәріне
жетерлік
мөлшерде сапалы әрі құнарлы өнім өндіру үрдісін
жолға қойды.
Камал Смайылов: «Жер бетінде өңделетін, егін
себілетін қазіргі жердің көлемі дұрыс, оңтайлы
пайдалана білсе, 10 миллиард адам-ды асырай
алады», - дей келіп, елімізде бұл бағытта қыруар
шаруалар атқару қажеттігін әрі бос жатқан жерлерді
кәдеге жарату жайлы ұсыныстарын айтады.
Мәселен, суландыруға оңтайлы да пайдалы аймақтар
қатарына Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия
далаларын жатқыза келіп, «ғалымдардың айтуынша,
күннің
сәулесі
мен
жылуының
молдығы,
топырақтың құнарлылығы, жерінің суаруға, егін
егуге қолайлылығы жағынан бұл аймақ басқа суар-
малы аудандарға қарағанда, әлдеқайда қолайлы әрі
биологиялық өнімділігі 50-70 пайыз артық та
жоғары екен» - десе, сонымен қатар Арал теңізі
аймағында суландыруға жарайтын, мол өнім алуға
болатын 50 миллион гектар шұрайлы да құнарлы
жер бар екенін, қазіргі күнде оның он-нан бір бөлігі
ғана игерілгенін баса айтады.
Аталған еңбекті оқи отырып, автордың бір
қарағанда миға қонымсыз, бірақ мәніне тереңдей
үңілсеңіз қисынды ойларын бас шайқай отырып
оқисыз, бір сөзінде «Мұнайдан белок, белоктан ет
алармыз сонау алыс болашақта. Бірақ көп уақытқа
дейін өте қажет ет пен сүтті біз малдан ғана алатын
боламыз. Бұлар барған сайын ба-рынша қажет
болатын тағамдар.
Биологияның кереметі мен химияның құдіреті
бара бара мұнайдан - май, көмірден - ет, ағаштан -
нан жасайтын да болады!» - десе, енді бірде
«Қазірдің өзінде әдетте мал өнімдерінен алынатын
көптеген тағамдар қолдан жасалады. Мысалы,
өсімдік майынан кәдімгі «қаймақ» шығады. Сояның
бұршақтарын үгітіп, жұмыртқа ұнтағын алуға
болады. Сондай ақ сол соядан кәдімгі малдың етінен
түрі де, дәмі де еш ау-майтын, жасанды ет алынады»
деген нанымды мәліметтер айтады. Болашақта адам
баласының ағзасына қажет белоктар «теңіздер мен
мұхиттар суынан көптеп алына бастайды, қазірдің
өзінде теңізден 52 миллион тонна белоктық өнім
өндіріледі, осынша белок алу үшін жылына 200
миллион бас ірі қара малды союға тура келер еді», -
деген болжамдар жасайды.
Журналист, осылайша, адамзаттың алдағы өмірі,
тіршілік ету бағыты туралы толғана келіп, қисынды
тұжырымдар жасайды, оқырманын таң қалдырып,
бас шайқатады.
Ел мүддесіне адалдықпен қызмет етуді
ойлаған азамат өз ұлтының өткені жайлы да ет
жүрегі елжірей отырып, қалам тер-беп, тарихтың
О. Ошанова
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
72
ISSN 1563-0242
сабақ алар тұстарын санама-лап көрсетіп,
халықтың жадынан өшірмеу бағытында да
өнімді еңбек етуі керек деген ойды Камал
Смайылов ағамыздың «ХХ ғасыр қазаққа не
әкелді?»
деген
мақаласын
оқи
отырып,
жадымызға түйгендей болдық.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі ел
еңсесін көтерудің қарапайым қағидасын бы-лайша
көрсетеді: «Кеудесін соққан пысықтар өмірдің
тіршіліктен, тіршіліктің тұрмыстан, тұрмыстың
экономикадан,
шаруашылықтан
бас-талатынын
ұмытады, ұмытады емес білмейді, білмейді емес,
түсінбейді. Кеуде ұрып, ұран салғанға шебер.
Тәуелсіздік үшін шаруашылық істеу керек». Осы
айтылған пікірді оқығанда осы қағиданы қоғам
мүшелері бүгінде ұмытпай, жа-дымызда ұстасақ
ұтар едік-ау деген ой көңілді мазалағандай болды.
Публицист ХХ ғасырдың драмалық көрінісі деп
даладан, ауылдан қоныс аударған қазаққа қалада
жұмыс пен пәтердің берілмеу саясаты деп көрсете
келіп, бұл жайлы былайша ой түйеді: «өндіріс
ошақтарын сырттан келген адамдар салды да, сонда
тұрақтап қалды. Құрылысшы, жұмысшыға айналып,
өз астанасының өзінде орын тимей, азшылық болып
қалған қазақ, сол қаптаған қалалардың төріне еркін
шыға алмай, босағасында отырып қалып жүрді».
Өткен ғасырдың бізге тартқан тағы бір «сыйы»
жайлы
журналист
былайша
ой
толғайды:
«Заманымыздың екі ұлы оқиғасы - космосты игеру
мен тыңды көтеру Қазақстан еншісіне тиді,
Қазақстан
жерінде
болды
деп
мақтандық,
масаттандық. Бірақ Қазақстан жері дедік, «қазақ
жері, қазақ елі» дей алмадық».
Ал Семей даласындағы ядролық полигон жайлы
публицист былайша тұжырым жасайды: «Екі ғана
бомбаның зардабын көрген, осы уақытқа дейін
қасіреттен арылмаған жапондықтардан басқа атом
алапатының отына, өртіне әбден шарпылған осы
әлемдегі жалғыз халық қазақтар ғана. Бүкіл
адамзатты қорғау үшін құрбан боп шалынған қазақ
халқы. Бұл да ХХ ғасырдың қазақтарға тартқан
сыбағасы».
«Осы заманғы техникасы бар қорғаныс за-
уыттарында қазақ кадрлары болған жоқ. Бұл
саясатта да қазақтардың сондай жауапты күрделі
салаларда істеуге қабілет білімдері жете ме деген
күдік әрі осындай елдің тағдыры үшін маңызы бар
аса құпия істерді тапсыруға деген сенімсіздік
байқалған. Кемсітушілік осы сала-да айқын көрінді.
Дүниежүзілік мәні - маңызы бар әлемдік деңгейге
шығуда талап қажет ететін жұмыстарда өзінің
дарынын көрсететін, дербес әрекет жасай алатын
шешуші салаларда қазақтар аз болды. Оның орнына
ұлттық кәсіп, психоло-гиясына жақын деп, қазақ
жастарын өне бойы шопан болып, қой бағуға,
сауыншы болып, сиыр саууға шақырумен болған.
Талай дарынды жас-тар сондай жұмыстарға кеткен.
Шамалап есептегенде, 50-60 жылдар ара-
лығында Қазақстанның халқы 1939 жылға қарағанда
5 миллион адамға көбейді. 1959 жылы 10 миллионға
жетті. Бірақ мұның қазақтар үшін қуанышы
болмады. Қазақтар үлесі 58,7 пайыз-дан 29,8-ге
дейін кеміді. Сөйтіп, Республикаға атын берген, осы
жердің түпкілікті иесі, қазақ ұлты аз халыққа
айналып, үштен біріне (2,9 млн) жетпей қалды. Бұл
тек демографиялық ұғым ғана болмады. Саяси мән
берілді бұған. «Егер қазақтар бар халықтың үштен
бірі ғана болса, онда ол халық осындағы байлық
игіліктердің де үштен біріне ғана ие болуы, қол
созуы тиіс. Одан көпке қақысы жоқ» деген ұран
шықты. Оның қосқан үлесі үштен бірі болса,
сіңірген еңбегіне, атқарған жұмысына қарай
әлеуметтік үлес сыбағасын да сонша алатын болсын.
Содан өрбіп «саяси басшы кадрлар, студенттер мен
ғалымдар құрамында да қазақтар үштің бірінен
аспауға тиіс» деген шарт, талап, міндет қойылды».
Ұлт тарихындағы осынау әділетсіздіктерді оқи келе
әрі сана талқысынан өткізе отырып, «Тәуелсіздік
алмағанда қазақтың тағдыры не болар еді, Құдай өзі
қолдаған екен!» демеске шараң қалмайды екен.
«Соншама қазына байлықтың иесі қазақ елі
соның не екенін, қайда кетіп жатқанын көрген де,
білген де жоқ. Тазарған күмісі мен мысы, алтыны
мен қалайысы басқа жаққа кетті де, шаңы мен түтіні
бізде қалып жатты. Сол қазынаның елге бергенін
басқалардан жасырмағаны (негізінен соны өндірген
де, игерген де сол өздері болды ғой), сонда дұрыс
болған шығар-ау. Орталық министрліктер қазына
қарымына біраз қаржы бөлетін, қайтарымынан
көргені сол болатын. Бар зардап зиянын жер мен ел
көрді ғой. Егер өз қажеті үшін ғана алса, соншама
жер қопарылып, астан-кестен болар ма еді? Қазір
Қазақстанда алты миллиард тонна қоқыс қалдықтар
жа-тыр. Бұрынғы табиғи қазақ даласының түр мен
тұрпатын өзгерткен, көлін шөлге, топырағын құмға
айналдырған осы ғасыр».
Камал ағамыз жаны шырқырай қазақтың жоғын
жоқтап, шындықтың бетін ашқанымен, зардабы
жергілікті халық үшін зіл батпан мәселелердің
шешімі бүгінгі күнде табылды ма, әлде «баяғы
жартас бір жартас» күйінде қалып отыр ма деген
сауал тіл ұшына орала береді.
О. Ошанова
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
73
ISSN 1563-0242
Өз ұлтының өткені мен бүгіні жайлы ет жүрегі
елжірей отырып қалам тербеп, «жұмсақ тілмен
сыйпай қамшылай отырып», «ешкімнің сағын
сындырып, тауын шақпай, бәтуасыз ақпараттық
шайқастардың отына май шаш-пай, журналистік
әдепті аяққа баспай жүрген, ұшқын шашатын
ойларының
ауқымдылығымен,
мақалаларының
ішіндегі
сөйлемі
түгіл,
үтірінен
күпірлік
байқалмайтын тартымдылығымен таңдандырған»
Камал Смайыловтың шығарма-шылық өмірі бүгінгі
ұрпаққа үлгі болып қалмақ.
В статье автор рассказывает о творческой жизни писателя-публициста, ученого, государственного и общественного дея-
теля и профессионального организатора казахского кино и телевидения Камала Смаилова, подробно говорится о творческой
жизни и публицистическом мастерстве автора.
Автор анализирует особенности творческого вклада писателя-публициста в казахскую журналистику и его роль в разви-
тии казахской культуры. В заключение статьи делает выводы о том, что Камал Смаилов всегда поднимал злободневные
вопросы общества, ставил национальный интерес во главу творчества, был примером для нового поколения.
In this article the author talks about the creative life of the writer, essayist, statesman and public figure and a good organizer of
the Kazakh film and television Kamal Smaylov, elaborates on the creative life of the author and journalistic skill.
The author analyzes the characteristics of the creative contribution of the writer and publicist in the Kazakh journalism and its
role in the development of Kazakh culture. At the end of making conclusions about what he's always raising urgent questions of
society and always put national interest above was an example for a new generation.
Ш. Нуржанова
Публицистика древнейших времен
Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
УДК 070(091)
Аннотация. Публицистика казахского народа с древнейших времен и до наших дней представляет собой важнейшую
Достарыңызбен бөлісу: |