Литература:
1 Закон Республики Казахстан «О медиации»//
Вестник медиатора. - 2011. - № 1. - С. 54.
2 Профессия - миротворец. www. avestnik.kz
Романовская С. За медиацией - будущее! // BR -
«Безупречный обзор». - 2011. - № 12. - С. 58.
3 http://www.mediation.kz
4 Закон Республики Казахстан «О медиации» //
Вестник медиатора. 2011. - № 1. - С.56.
Медиация юриспруденция және конфликтологиядағы жаңа ғылыми және жаттығу бағытын қарайды. Медиация -
жаттығу конфликтологиясының бөлігі ретінде XX ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Медиаторлар адамдардың бір-
бірін естуі және даулы сұрақтары бойынша нақты шешімдерді табуына көмектеседі. Оның пайда болған мекені деп
құқықтың англосаксон жүйесінде біріккен АҚШ, Австралия және Ұлыбританияны атауға болады. Мұндай даудың шешілу
әдісі кейінірек Еуропаға да тарады, дәл қазір оны Жапония, Қытай, Корея, Үндістан елдері белсене қолдану үстінде.
Медиация бүгінгі таңда Қазақстанда да жедел дамуда.
The author examines new scientific and practical direction in the law and conflict resolution - «mediation.» Mediators help
people hear each other and find a definite decision on controversial legal issues. Mediation - Conflict of the practical - emerged in the
second half of the twentieth century. The place of her birth can be called the United States, Australia and the UK, united Anglo-Saxon
system of law. Later this method of conflict resolution, and spread in Europe and is now being actively used in Japan, China, Korea
and India. To date, mediation is actively developing in Kazakhstan.
А. Садуақасов
Демократиялық қоғам құрудағы БАҚ-тың рөлі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
УДК 316.77:001.12/.18; 070:001.12/.18
Аңдатпа. Автор бұл мақалада демократиялық қоғам құру жолындағы БАҚ-тың атқаратын қызметі мен маңыздылығы
тақырыбын зерттеп, бірқатар тұжырымдар жасайды. Демократиялық қоғам құруда әлемдік тәжірибеге сүйене
отырып, АҚШ және басқа елдердегі БАҚ-қа салыстырмалы талдау жа-сайды.
Демократиялық қоғам. Әлемдік БАҚ.
(Әлемдік БАҚ тәжірибесінің негізінде)
Демократияның
негіз
салушы
қағидасы
азаматтардың ақпаратты және білімді болуынан
тұрады. Өз елінің қоғамдық өмірінде қарқынды рөл
атқару үшін адамдар дер кезінде ақпаратпен
қамтамасыз етілуі қажет. Өз елінде үздік басшыны
таңдап алуға талпынған және жалпы мемлекеттік,
сондай-ақ жергілікті деңгейдегі мәселелер бойынша
жан-жақты негізделген шешім қабылдағысы келген
азаматтар үшін тәуелсіз және жауапты бұқаралық
ақпарат құралдары (БАҚ) өте маңызды ақпарат көзі
қызметін атқарады.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен тараты-латын
ақпарат экономикалық мәселелерді саналы түрде
шешуге, жеке шешім қабылдауда және дұрыс саяси
таңдау жасауда тең дәрежелі қажет. Ашық
бұқаралық ақпарат
құралдары мен тәуелсіз
экономикалық жүйелер арасында тығыз байланыста
өмір сүреді. Дүниежүзілік банктің жүргізген кейінгі
зерттеулері дамушы елдер үшін экономикалық
прогресс табысты болу үшін тәуелсіз БАҚ-тың
қажеттілігі дәлелденіп отыр.
АҚШ үкіметі шетелдердегі ашық және жауапты
бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуын
қолдау саясатын жүргізеді және еркін баспасөз
инфрақұрлымын
қолдайтын
заңшығарушылық
базасын нығайтуға, қаржы жағынан тәуелсіздігіне,
сондай-ақ мемлекеттік билік органдарындағы
анықтық пен оқиғаны объективті түрде жалтақтамай
бейнелейтін журналист мамандарын дамытуды
қолдайды.
Тәуелсіз
және
жауапты
БАҚ
қалыптастыру бұл - әрқашан тоқтаусыз қадағалауды
А. Садуақасов
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
56
ISSN 1563-0242
қажет ететін әрекет. Біз бұл салада тоқтаусыз жұмыс
істеуіміз керек, жаңа жағдайларға бейімделе
отырып, жаңа проблемаларды шешуіміз керек. Біз
бастапқы мақсатты назарда ұстауымыз қажет, ол
- өз өмірін анықтап дұрыс ақпараттанған шешім
қабылдай алатын азаматтық қоғам (1).
АҚШ Мемлекеттік департаментінің халық-
аралық
ақпараттық
бағдарламасының
кеңсесі
шетелдік аудиторияға АҚШ-тың саясаты мен
қоғамдық құндылықтарын түсіндіретін материалдар
ұсынады. Кеңсе бұл бағытта, өз саясатын жүргізу
мақсатында халықаралық қоғамдық бірлестіктердің
алдындағы негізгі проблемаларын зерттеуге қатысты
бес электронды журнал шығарады. Бұл журналдар
- «Экономикалық
перспективалар»,
«Ғаламдық
проблемалар», «Демократия сауалдары», «АҚШ-тың
сыртқы саясаты» және «АҚШ: қоғам мен
құндылықтар» өз беттерінде АҚШ саясатына
қатысты
құжаттар
мен
материал-дарды
орналастырады, сонымен қатар осы тақырыптардағы
қосымша
ақпараттармен,
сараптамалар,
комментарийлер береді.
Журналдардың барлық нөмірлері ағылшын
тілінде, испан, португал, француз тілдерінде, ал
жекелеген нөмірлері араб және орыс тілдерінде
басылады. Ағылшын тіліндегі нөмірлерінің шығуы
шамамен айына бір рет. Ағылшын тілін-дегі
журналдың аудармалары, әдетте екі-төрт аптадан
соң жарық көреді.
Бұл журналдардағы ойлар мен пікірлер әрқашан
да
Америка
Құрама
Штаттарының
саяси
көзқарастарын білдіре бермейді. АҚШ мемлекеттік
департаменті бұл журналдарға сілтеме жасаған
интернеттегі
сайттардың
мазмұны
үшін
жауапкершілікті етпейді; бұл жауапкершілік сол
сайтты жасаушылардың мойнында. Тек авторлық
құқықпен шектеулер қойылған материалдардан
басқа материалдарды журналдан аударып, АҚШ
территориясынан тыс жерлерде бейнелеуге болады.
Авторлық құқықпен қорғалған фото-суреттерді
қолдануға тырысқан адамдар арнайы рұқсат алулары
керек.
Журналдың жарық көрген және алдыңғы
нөмірлері туралы, жарыққа енді шығатын нөмірі
туралы
шолуларды
халықаралық
ақпараттық
бағдарламасының кеңсесі дайындаған отаулық
бетінен интернеттегі адресі бойынша оқи аласыздар
«http: //usinfo.state.gov/journals/jour-nals.htm». Бұл
нөмірлерді оңай қарап шығу үшін бірнеше
электронды форматтарда, тапсыру, енгізу және
бастыру онлайндық режимінде беріледі.
Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары Қырғыз
Республикасындағы тәуелсіз басылымдар жаңа
түрлі-түсті баспаханалардың құрал-жаб-дықтарын
орнатуға мүмкіндік алды. Тәуелсіз және қарқынды
бұқаралық ақпарат құралдарына көмек көрсету
бағдарламасы
төңірегінде
бұл
елге
АҚШ
Мемлекеттік департаменті құрал-жабдық алуға және
қырғыз журналистерін оқыту курсына қаржы бөлді.
Бұл жоба АҚШ-тың ашық бұқаралық ақпарат
құралдарын қолдау сыртқы саясатының басты
компоненті екендігін көрнекі түрде дәлелдей түседі.
Мақалаларды еркін бастыру, редакция тара-
пынан комментарийлер беру, ақпарат беру және
сынау құқы демократиясының негіз салушы
принципі.
АҚШ-та бүгінгі күні өмір сүретін заңдардың
пішіні Конституцияға енгізілген алғашқы оншақты
түзетулер, «құқық биллиясынсыз» мүмкін емес-ті.
Бірінші түзетуде былай делінген: «Конгресс сөз
бостандығын және баспасөз бостандығын шектейтін
заң шығармауы керек». Сөз бостандығы тек заң
жүзінде өмір сүрмейді. Ол бүгін гүлденіп өмір
сүреді, себебі Америка халқы оны қадір тұтады. Бұл
құбылыстың болуы, тәуелсіз баспасөз біздің ұлы
еліміздің құрылуында және дүниежүзілік жағдайда
демократия мен адам құқы жағынан лидер болуында
маңызды рөл атқарады.
Бүгінгі күні Америкада баспасөз бостандығы
дамып тұрғандығымен ол таза америкалық феномен
емес. Тәуелсіз және жауапты бұқаралық ақпарат
құралдары кез келген елде, соның ішінде
демократиясы енді қалыптасып келе жатқан елдер
үшін позитивті түрде ықпал етеді. Тәуелсіз баспасөз
АҚШ-тағыдай тұрақты демократиялық үкіметті
қалыптастыруға қажет.
Баспасөз
бостандығы
үшін
әрекет
ету,
анығында, адам бостандығы үшін қызмет ету дегенді
білдіреді. Адамдар өз елінің саяси өмірінде қызу-
қанды рөл атқару үшін олар ақпараттанып отыруы
қажет. Тіпті сайлау сияқты қарапайым құбылыс
жеткіліксіз ақпараттың нәтижесінде қиынға түсуі
мүмкін.
Тәуелсіз
баспасөз
адамдарды
басқарушылары туралы, басқа елдердің саясаты
туралы,
тіпті
бизнес
саласы
туралы
ақпараттандырып отырады. Америкадағы тәуелсіз
баспасөзді қолдау толыққанды елдегі және әлемдегі
жағдайды түсіністікпен қарауға негізделген, соның
А. Садуақасов
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
57
ISSN 1563-0242
арқасында азаматтар адам құқын қорғайтын және
негізсалушы азаматтық құқықты қорғауға қажетті
институттар мен тәжірибелік бағыттарды таңдайды.
Америка Құрама Штаты тәуелсіз және жауапты
бұқаралық ақпарат құралдарын қол-дайды, басқа
мемлекеттерді
осы
баспасөз
бостандығын
қорғаудағы
іс-тәжірибе
тәсілін
қабылдауға
шақырады және бұқаралық ақпарат құралдарын
дайындап қолдау, шетелдік журналистерге арналған
бағдарламаларды қаржыландырады.
Бұл бағдарламалардың көбі баспасөз еркіндігі
септігін
тигізетін
және
демократиясы
енді
қалыптасып келе жатқан елдерге бағытталған. Бірақ
баспасөз еркіндігі кез келген ел үшін пайдалы
нәтиже береді, Американың тәуелсіз және жауапты
БАҚ-қа көмегін төрт фактор жақсы түсіндіреді.
Біріншіден, Америка тәуелсіз және жауапты
БАҚ дамуын қолдайды, себебі сөз бостандығы мен
баспасөз еркіндігі негізсалушы және жалпы бүкіл
адам құқын көрсетеді, ол құқықты адамзат
қауымына жататын барлық адамдар иеленуі қажет.
Бұл сенім АҚШ Конституциясында және Жалпы
бүкіл адам құқы декларациясында бейнеленген.
Оған америка елінің тарихындағы цензурамен және
БАҚ қадағалауға қарсы елдегі және шетелдегі күресі
дәлел бола алады.
Екіншіден, баспасөз еркіндігі ақиқат және толық
демократияның құрылуы үшін қажет. Тек тәуелсіз
баспасөз ғана сайлаушыларға ең үздік басшыларды
таңдауына байланысты ақпарат бере алады.
Мемлекет бұрмаланған фактілермен ақпараттарын
беру үшін көбіне мемлекетік БАҚты пайдаланады.
Сондай-ақ үкімет жекеменшік басылымдардың
маңызды ақпаратты басуына немесе баспауына
ықпал жасай алады. Бір сөзбен айтқанда, тәуелсіз
БАҚ мемлекет өз азаматтарының мұң-мұқтажын
білдіретін, ал халық үкіметті қадағалап отыруын
қамтамасыз етеді.
Тәуелсіз баспасөз түрлі редакция пікір-лері мен
коммерциялық жарнаманы қоғамдық пікірдің
талқылауына ұсынады. Бұл тәсіл «ой базарын»
бейнелейді, азаматтар мен тұтыну-шылар басқа
ойлармен салыстыра отырып, ең үздік пікірді
таңдауына мүмкіндік туады. Осындай жүйе барлық
көзқарастарды қысымға ұшыратпай ең үздік
нәтижесін таңдап алуды қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, оқиғаны ашық бейнелеу мен
тәуелсіз, ашық тиімді экономика арасында тығыз
позитивті байланыс бар. Экономикалық өсім жалпы
өмірдің жақсару деңгейіне, білім беру мен
денсаулық сақтау деңгейінің көтерілуіне, - бірсөзбен
елдегі тәуелсіз өмірдің жақсы деңгейге көтерілуіне,
жалпы тұтас тұрақты бейбіт өмірге әкеледі.
Жақында
Дүниежүзілік
банктің
жариялаған
«Баяндау құқы» атты жариялымы БАҚ-тың
экономикалық өсімді қолдаудағы рөлін деректі
түрде дәлелдей түседі. Кітаптың алғы сөзінде
Дүниежүзілік банк тобының президенті Джеймс Д.
Вулфенсон былай деп жазады: «Кедейлікті азайту
үшін біз ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетуіміз керек
және ақпараттың сапасын жоғарылатуымыз қажет.
Үлкен ақпаратқа иелік еткен адамдар жақсы таңдау
жасауға мүмкіндік алады». Тәуелсіз БАҚ пайдалы
технологияны тарата отырып, бизнес саласында
тиімді тәсілдердің алмасып отыруына, сауда
әріптестерін
жасауға
және
экономикадағы
тиімділікті арттырады. Сондай-ақ оқиғаны ашық
бейнелеу елдегі және шетелдегі инвесторлардың
сенімі мен қолдауын сақтайды.
Төртіншіден,
Американың
тәуелсіз
және
жауапты БАҚ-ты қолдауы Американың нақты істері
мен мүддесін дәл бейнелейді. Америка Құрама
Штаты адам құқы мен демократияны, аштық пен
ауруды жоюды, әлемдегі қауіпсіздікті қолдауға
тырысады. Бірақ, өкінішке орай, көбіне мемлекеттік
бұқаралық ақпарат құралдары мен жекелеген топтар
АҚШ-тың осы саладағы саясаты мен мақсаттарын
бұрмалап, дұрыс бейнелемейді.
Антиамерикалық көңіл-күйлермен кү-ресу
үшін және бүкіл әлемді Америка туралы сапалы
ақпараттандыру үшін тәуелсіз және жауапты
БАҚ қажет.
Қырғызстан Республикасына баспахана құрал-
жабдықтары
ретінде
көрсетілген
қомақты
инвестицияға қосымша АҚШ-тың мемлекеттік
департаменті мен халықаралық даму агенттігі
баспасөз еркіндігін қолдай отырып, БАҚ-қа
байланысты оку және басқару бағдарламаларын
қаржыландырады. Мысалы, 2003 жылы мұндай
қаржыландыру Әзірбайжанда және Қазақстанда
журналистердің
халықаралық
орталығының
баспахана және редакция қызметкерлерін даярлау
бағдарламасына қаржы бөлінеді. Бағ-дарламаның
қатысушыларын
кәсіби
этикаға,
журналистік
зерттеулер жүргізу тәсілдеріне және мемлекеттік
қаржыландырушылар мен қызығушылық ниеттегі
топтардан қалай тәуелсіздік сақтап қалу керектігіне
оқытып үйретеді. АҚШ-тың мемлекеттік департа-
А. Садуақасов
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
58
ISSN 1563-0242
менті мен халықаралық даму агенттігі қар-
жыландыратын
бағдарлама
Оңтүстік-Шығыс
Еуропада жылдық циклде семинарлар өтеді, онда
журналистерге әйелдерді және қыздарды сату
проблемасын жақсы бейнелеуге мүмкіндік береді.
АҚШ-тың
халықаралық
даму
агенттігімен
қаржыландырылған және халықаралық коммер-
циялық емес «Интер ньюс» ұйымы іске асыратын
бағдарламалар, демократиясы дамып келе жатқан
елдердегі журналистер Камбоджа мен Индонезияда
тұрақты
және
тәуелсіз
бұқаралық
ақпарат
құралдарын құруға үйретеді.
Америка халқының есептеуінше, әрбір адам өз
үкіметі туралы, басқа мемлекеттер туралы жалпы
әлемдегі жағдайлар туралы толыққанды нақты
ақпарат алуға құқылы. Тәуелсіз БАҚ-тың басқа ірі
мемлекеттерге қатысты ұстамдылық рөлі де
маңызды, осыған байланысты ұлттық экономиканың
тұтастығын сақтап және АҚШ-тың шетелдегі
қызметін нақтылы бейнелеуі де ескерілуі керек.
Баспахана құрылғылары жай машина бол-
ғанымен, оның Қырғыз Республикасына берілуі сол
мемлекеттегі азаматтар үшін өз құқыларын жақсы
пайдалана отырып, сол үшін тәуелсіз және дамыған
мемлекет құруына септігін тигізеді.
Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары ел мен
қоғам өмірін жақсартуға септігін тигізе алады.
Алайда ол үшін олар өзін-өзі жетілдіріп отыруына
жеткілікті уақыт беліп отырулары қажет.
Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары бүкіл
әлемде жабық репрессивті режимдердің өрістеуі
үшін ашық және нәтижелі қоғам құруда басты
қуатты күш ретінде дүниеге келді. Тәуелсіз нарыққа
және демократияға жылжу қазіргі кезде, шын
мәнінде, дүниежүзі бойынша жүріп жатыр, әсіресе
бұл бағыт «суық соғыстан» кейін белең алды, бірақ
оның нәтижесін болжау мүмкін емес, себебі ондаған
жылдар бойы репрессия бет-пердесінің астында
тығылған қара ниетті күштер шыға бастады.
Тіпті көптеген елдерде қайтадан расистер,
лаңкестер, ұлтшылдар, қылмыстық синдикаттар,
есірткі мафиясы және саяси радикалдар шыға
бастады. Бұл бұрынғы Кеңес құрамындағы елдермен
Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріне,
олардың
демократиясына,
үкіметтік
ресми
органдарына, білім беру, денсаулық сақтау,
қауіпсіздік,
жаңа
экономика
саласындағы
мүмкіндіктер мен инвестиция келуіне жағдай жасау,
сауда-саттықты
дамыту
сияқты
пайдалы
құбылыстарына зиян келтіретін сын.
Осындай күрес белең алып тұрғанда Америка
Құрама Штаты бұл елдердің демократиялық бағытта
жылжуына көмек көрсетуге тырысады, еркін және
тәуелсіз басылымдар, радио мен теледидардың
қалыптасуы мен қорғануына оқытып, үйренуге
жәрдемдеседі. Біздің пайым-дауымызша, тәуелсіз
бұқаралық ақпарат құралдарының басты екі
функцияны атқаруына көмектесуге болады: өкіметті
қадағалап және адамдардың өміріне қатысты
проблемаларды баяндап отыру.
Екі жүз жыл бұрын ол туралы Президент Томас
Джефферсон жақсы айтып кеткен: «Барлығына
бірдей қауіпсіздік баспасөз бостан-дығында жатыр».
Ал 1823 жылы Джефферсон: «Сөз бостандығына
еркіндік берілгенде қоғамдық пікірдің күшіне
қарсыласу мүмкін емес, сондықтан ол тұрғыдан
толқулармен келісу қажет, себебі ол тынық судың
лайланбауы үшін қажет», - деген (2).
1990 жылдан 2001 жылдар аралығында АҚШ-
тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі бұрынғы
кеңестік кеңістіктегі дамушы елдердің тәуелсіз
бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға 270 млн
доллар қаржы жұмсады. Бұл жұмсалған қаржының
182 млн доллары Шығыс Еуропаға және бұрынғы
Кеңестік сателиттерге, ірі тәуелсіз бұқаралық
ақпарат компанияларына инвестиция ретінде Сербия
мен
Боснияға
бөлінді,
ол
2000
жылы
сайлаушылардан
жеңіліс
тапқан
Президент
Слободан Милошевичтің, Хорватиядағы, Босния
мен Косоводағы қанды соғысты басқару алдында
бөлінген еді.
Сондай-ақ
Америкалық
журналистер
мен
оқытушылар АҚШ-тың ақпарат агенттіктеріне
(ЮСИА) бағытталды, кейіннен бұл Нигерияда,
Гвинеяда, Код д'Ивуарада басқа да біржақты басқару
бұғауынан көтерілген ондаған ел-дерде тілшілерді
даярлайтын,
редакторлар
мен
дикторларды
даярлайтын мемлекеттік департаменттің құрамына
енді.
АҚШ өкіметінің тәуелсіз БАҚ-қа арналған
бағдарламасы
АҚШ мемлекеттік департаменті қаржылан-
дыратын Халықаралық даму жөніндегі агент-тігінің
бұқаралық
ақпарат
құралдарын
қолдау
бағдарламасы төрт негізгі бағытты қамтиды.
А. Садуақасов
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
59
ISSN 1563-0242
Соның біріншісі - журналистерге білім беру.
Америкалық
журналистер
мен
оқытушылар
шетелдерге жіберіледі, олар жұмыс істеп жүрген
журналистермен материалды беру пішіні жайында,
дәлдігіне, сыртқы пішіні, объективтілігі жөнінде,
ақпарат жинау, баяндау түсініктілігі, баяндайтын
фактіден коммен-тарийді бөліп алу туралы және
оның шығу көзін қорғау сияқты мәселелер
төңірегінде әңгіме өткізеді. Мұндай әңгімелесу
барысында жергілікті мамандар да қатысады.
Сондай-ақ журналистерге ұлтаралық конфликтіге
байланысты тақырыптарды қалай ашу керек-тігін,
әйел адамдардың құқы, ВИЧ/СПИД сияқты
тақырыптарды
жан-жақты
ашу
жөнінде
әңгімеленеді. Бұдан басқа сол журналистерді
Америка Құрама Штатына шақырып, сондағы
америкалық газет, радиостанция және телестанция
жұмысымен жақынырақ таныс-тырады. Америка
жағдайындағы тәуелсіз баспасөздің жұмыс істеуін
байқайды. Алыстан келген журналистер, сонымен
қатар «Америка дауысы» радиостанциясындағы,
жоғары оқу орындарындағы арнаулы семинарлар
мен курстарға қатыса алады.
Американың журналистері мен редакторлары
шетелге Американың сыртқы саясатын қорғау үшін
бағытталмайды, олар тәуелсіз журналистика-ның
негізгі принциптері - объективтілік, дәлдік және
құмарсыз баспасөз құру принциптерін оқыту үшін
бағытталады. Олар оқытатын сабақтардың бастысы
тәуелсіз
басылымдарда
жұмыс
істейтін
журналистерді үкіметтің саясатын сынауға үйрету
болып табылады, тіпті ондай сынаулардан АҚШ
Президенті де тәуелсіз баспасөз тарапынан
қорғалмаған.
Екінші қыры тәуелсіз БАҚ-ты қолдау медиа-
бизнестің дамуына жатады. Мемлекет тарапынан
бақылаудан арылу үшін бұқаралық ақпарат
құралдары өз бетінше табыс таба білуі керек,
лайықты төлемақы төлеп баспаханада бастыру,
тарату шығындарын толтыруы қажет. Кейбір кедей
елдерде тілшілерге өте аз төлемақы төленеді, соның
нәтижесінде олар басқа ақпарат көздерінен немесе
пресс-конференцияларда
конвертке
салынған
ақшалай көмек алады. Америкалық бағдарламалар
БАҚ иелері мен басшыларын тәуелсіз болуы үшін
жарнамамен жұмыс істеуге, маркетингке, қаржы
менеджментіне
үйретеді.
Бұл
бағдарламалар,
сондай-ақ техника-экономикалық негіздеме жасауға,
бизнес-жоспар, таралымын белгілі жарнамалық
бағалауға байланысты аудиторлық бюро құруға
көмектеседі.
Американың тәуелсіз БАҚ-ты қолдануын-дағы
үшінші қыры - жергілікті журналистердің тобы мен
баспагерлер, құқық қорғаушы немесе үкіметтің
жұмысын бейнелейтін және т.б. тақырыптарды
қорықпай
көрсетуге
мүмкіндік
беретін
заң
шығарушыларға көмек көрсету болып табылады.
Сонымен қатар Американың қаржысы БАҚ-пен
жұмыс істейтін, құқықтық жағынан қорғауға алатын
заңгерлерді оқыту үшін де бөлінеді.
Төртінші қыры - журналистердің, редакторлардың,
БАҚ иелерінің кәсіби бірлестігін құруға әрекет етеді.
Мұндай ұйымдар жеке тұлғаларын қорғайтын, бірігу
функциясының орындалуын алға тарта отырып,
стандарттарды анықтау, сапаны жоғарылатып
жұмыстың берік болуына ұйытқы болатын,
мемлекеттік құжаттарға қолжеткізуді кеңейту,
мәжілістермен мемлекеттік шенеуніктерден сұхбат
алу мәсе-лесін жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |