Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


 Интеллектуалдық бұзылыстары бар балалар мен жасөспірім-



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата02.03.2017
өлшемі0,93 Mb.
#5090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3.2 Интеллектуалдық бұзылыстары бар балалар мен жасөспірім-
дерді оқыту қағидалары 
Қағида  –  бұл  жалпылау  және  абстракциялау  жолымен  құбылыстар 
шығарылған саладағы барлық құбылыстарға қолданылатын негізгі ереже. 
Дидактикалық қағидалар өскелең ұрпақты оқыту ісіне және оларды 
қоғам  өміріне  қатысуларына  дайындауда  басшылыққа  алынатын  негізгі 
ережелер  деп  түсіндіріледі.  Педагогикалық  тәжірибеде  қағидалар  бағдар 
рөлін атқарады және барлық оқу пәндері үшін әмбебап болып табылады. 
Ақыл-ой  бұзылыстары  бар  балаларды  оқыту  қағидаларын  жасауға 
Э. Сеген,  В.П. Кащенко,  Л.С. Выготский,  А.Н. Граборов,  Г.М. Дульнев, 
И.Г. Еременко және басқалар үлес қосты. 
Қалыпты  дамушы  балалар  мен  жасөспірімдер  сияқты  интеллек-
туалдық  дамуының  бұзылыстары  бар  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу 
негізіндегі қағидалар бірдей, олар екі жағдайда әртүрлі жүзеге асырылады. 
Бұл – тәрбиелік және дамытушылық оқытудың, өмір арқылы оқыту байла-
нысының,  ғылымилық  пен  қол  жетімділіктің,  жүйелілік  пен  реттіліктің, 
саналылық  пен  белсеңділіктің,  көрнекіліктің,  оқыту  нәтижелері  берікті-
гінің,  оқытудың  ұжымдық  сипаты  мен  оқушылардың  жеке  ерекшелік-
терінің қағидалары. 
Сонымен қатар, тек интеллектуалдық бұзылыстары бар балалар мен 
жасөспірімдерді  оқытуда  ғана  пайдаланылатын  арнайы  дидактикалық 
қағидалар  бөлініп  көрсетіледі.  Оларға  оқытудың  түзетушілік  бағыттылы-
ғының,  еңбектік  оқытудың  кәсіби  сипатының,  жалпы  білім  беру  және 
еңбек  дайындығының  өзара  байланысының,  сақталған  анализаторларға 
негізделіп жасалған қағидаларын жатқызуға болады. 
Оқытудың жалпы қағидалары 
Тәрбиелік  және  дамытушылық  оқытудың  қағидасы  оқушыларда 
мақсатты түрде дүниетанымдық және адамгершілік негіздерін қалыптасты-
рудың,  әрбір  баланың  тұлғасын  дамытуға  ықпал  етудің  қажеттілігін 
білдіреді.  
Арнайы (түзету) мектепте оқушыларды дұрыс міңез-құлық дағдыла-
рына  тәрбиелейді,  олардың  бойына  адамгершілік  түсінігін,  адамгершілік 

 
13 
сезімдерін  қалыптастырады.  Интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  оқушы-
лардың  болашақ  өмірі  үшін  олардың  еңбекке  деген  дұрыс  қарым-қатына-
сын,  еңбек  және  оқу  ұжымдарында  жүріс-түріс  дағдыларын,  олардың 
қоғам  алдыңдағы  міндеттері  жайында  түсінік  қалыптастыру  олардың 
кәсіпті меңгеруі болып табылады. 
Тәрбиелік  және  дамытушылық  оқытудың  қағидасы  бағдарламалар 
мен оқулықтарда көрініс тапқан оқу материалдарының мазмұнында жүзеге 
асырылады. Мысалы, достық, адалдық, әділдік жайында бастапқы адамгер-
шіліктің  түсініктері  арнайы  (түзету)  мектептің  2-3-сыныптары  үшін  ана 
тілі  оқулықтарында  әңгімелер  мен  әдеби  шығармалар  үзінділері  материа-
лында  қалыптастырулары  мүмкін.  Еліне  деген  мақтаныш  сезімі  жоғары 
сыныптарда  тарих  сабақтарында,  мұнда  оқушылар  өз  Отанын  қорғаған 
батырлардың  ерліктері  жайлы  біледі,  география  сабақтарында  оларды 
Қазақстанның  табиғи  байлықтарымен  таныстырады  және  басқа  да 
сабақтарда қалыптастырылуы мүмкін. 
Оқытудың  дамытушылық  қағидасы  оқушылар  бойында  танымдық 
қабілеттер, эмоционалдық-жігер және мінез-құлық салаларын қалыптасты-
руда жүзеге асырылады. 
Өмір  мен  оқытуды  байланыстыру  қағидасы  оқушылардың  дүние-
танымын  қалыптастыруға  септігін  тигізеді,  оларға  оқу  әрекетінің  мәнін 
арттырады, бұл қызметке түсініктік сипат береді және осылайша оқу үшін 
балалардың  жігерлі  түрде  күш  салуын  жұмылдырады,  олардың  бойында 
алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білулерін қалыптастыруға септігін 
тигізеді.  Интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  балалар  үшін  қандай  да  бір 
білім  не  үшін  қажет  екенін  және  оларға  мұны  өмірде  қалай  пайдалана 
алатындарын  дәлелдеу,  олардың  оны  түсінуі  өте  маңызды  болып  табы-
лады. Арнайы (түзету) мектеп оқушыларының ойлауы нақты болып келеді 
және  олардың  жеке  тәжірибесімен  еш  байланысы  жоқ  оқу  материалдары 
олардың бойында қызығушылық тудырмайды, ал күнделікті өмірлеріндегі 
әрекеттерді  олар  айтарлықтай  жақсы  меңгереді.  Осыған  байланысты 
интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  оқушыларға  жаңа  тақырыпты  үйрету 
кезінде оларға алған білімдерін өмірде қалай қолдана алатындарын мақсат-
ты  түрде  түсіндіру  керек.  Мысалы,  9-сыныптың  математика  курсында 
«пайыздар»  тақырыбын  оқытудың  алдында  оқушыларға  саннан  пайызды 
есептеп  шығару  оларға  жалақыны  есептеу  үшін,  банкте  есепшотта 
жинақталған соманың 1 жылдан кейінгі ақшалай сомасын білу үшін және 
т.б. қажет болатының көрсету маңызды болып табылады. Мектепте алған 
білімдері мен ептіліктері жаңа жағдайда тәжірибе жүзінде бекітілуі, нақты 
өмірге көшірілуі қажет.  
Оқытудағы ғылымилық және қолжетімділік қағидасы оқушылар-
ды  ғылыми  білімдерге  тарту  үдерісінде  олардың  жас  ерекшеліктік  және 
психофизикалық  ерекшеліктерін  есепке  алуды  талап  етеді.  Сонымен, 
қолжетімділік ауыр қиындықтар өлшемі деп қабылданады.  

 
14 
Арнайы  (түзету)  мектептерде  оқыту  мазмұны  қарастырлып  отырған 
санаттағы  балалардың  мүмкіндіктерін  есепке  ала  отырып  бейімделген. 
Көпшілік  мектептің  бағдарламасымен  салыстырғанда  оқытылатын  мате-
риалдың  көлемі  мен  тереңдігі  айтарлықтай  төмендетілген.  Интеллек-
туалдық  бұзылыстары  бар  оқушыларға  білім  мен  ептіліктің  едәуір  тар 
жүйесі  беріледі,  бірқатар  ұғымдар  оқытылмайды.  Мысалы,  математика 
курсында  «Алгебра»  деген  тарау  жоқ.  «Геометрия»  деген  үлкен  курстың 
орнына  геометрия  элементтері  ғана  оқытылады.  Дегенмен,  оқушылар 
бойында қалыптастырылатын білім, ептілік және дағдылар оларды қоғамда 
өздіктерінен өмір сүруге және кәсіп меңгеруге дайындауға әбден жетерлік. 
Интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  оқушылардың  оқу  материалын 
меңгерулері  уақыт  бойынша  созыңқы  және  төмен  қарқынмен  жүреді, 
сондықтан  біршама  үлкен  емес  көлемді  материалды  олар  тоғыз  –  он  бір 
жыл  ішінде  меңгереді.  Қарастырылып  отырған  санаттағы  балаларды 
оқытуда  көпшілік  және  арнайы  (түзету)  мектептерге  арналған  бағдарла-
малық  материалды  меңгеруді  жеңілдететін  сияқты  жалпы  арнайы  әдістер 
мен тәсілдер пайдаланылады. Мысалы, күрделі ұғымдар оларды құрамын-
дағыларға  бөлу  жолымен  оқытылады  және  әрбір  құрамы  жеке-жеке 
кішкентай мөлшер әдісімен оқытылады. Күрделі әрекеттер жеке операция-
лар ретімен жүргізіледі.  
Арнайы  (түзету)  мектепте  оқу  материалының  мазмұны  оқушылар-
дың танымдық мүмкіндіктеріне бейімделгеніне қарамастан, оларға беріле-
тін білім ғылыми сипатын сақтап қалады. 
Арнайы  (түзету)  мектеп  оқушылары  бастауыш  сыныптарда,  әдетте-
гідей,  пән  бойынша  ғылыми  білім  жүйесін  меңгеруге  дайын  болмайды. 
Оларда  түйсік  жеткіліксіз  қалыптасқандықтан,  талдау,  синтез  және  басқа 
да  ойлау  операцияларының  әлсіздігі  себебінен  оларда  обьектілер  мен 
төңірек шындығындағы құбылыстар жайында түсінік көп жағдайда жеткі-
ліксіз, бұрмаланған және теріс болады. Интеллектуалдық бұзылыстары бар 
балаларда түсінік өрісі өте шектеулі.  
Түсінік  өрісін  қалыптастыру,  нақтылау  және  кеңейту  және  оқушы-
ларды оқу материалын қабылдауға дайындау үшін бірқатар оқу пәндерінің 
жүйелі  курсын  оқытудың  алдында  пропедевтикалық  (дайындық)  кезеңі 
белгіленген.  
Оқу  пәндерін  оқыту  үдерісінде  оқушылар  логикамен,  тиісті 
ғылымның идеяларымен танысады. 
Оқытудағы жүйелік және реттілік қағидасы оқушыларда әлемнің 
тұтастай көрінісін қалыптастыру үшін қажетті болып табылады. 
Интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  оқушыларды  оқыту  кезінде  бұл 
қағида  ерекше  мәнге  ие,  бұл  санаттағы  балалардың  түсінігі  мен  білімі 
бытыраңқы,  жүйесіз  болып  келетіні  белгілі,  оқушылар  оларды  бір 
жағдайдан  екіншісіне,  жаңа  жағдайға  көшіруде  қиналады,  бұл  оларды 
қолдануды  іске  асырылмайтындай  етеді.  Сол  себепті  арнайы  мектептің 
негізгі  міндеттерінің  бірі  балаларда  қолжетімді  білім,  ептілік  және  дағды 

 
15 
жүйесін  қалыптастыру  болып  табылады.  Оқушыларға  берілетін  материал 
әрбір  оқу  пәнінің  ішінде  қарапайым  түсініктердің  белгілі  бір  жүйесіне 
ілестіріледі.  Мәселен,  «биология»  курсында  келесі  тараулар  бөлініп 
көрсетіледі: өсімдіктер, жануарлар, адам. 
Мектеп  пәндерін  бөлшектеп,  шашыраңқы  оқыту  оқушылардың 
санасында  әлемнің  тұтастай  көрінісін  қалыптастыруды  қамтамасыз  ете 
алмайды.  Мұндай  шашыраңқылықты  жеңу  үшін  бағдарламалар  мен 
оқулықтардың  мазмұнында  пәнішілік  және  пәнаралық  байланыстар 
қарастырылады, ал оқу жоспарына интегративтік сипаттағы пән енгізіледі. 
Мысалы,  математика  сабақтарында  мазмұны  еңбектік  оқыту,  география, 
биология сабақтармен байланысқан есептердің шешімін табады. Орыс тілі 
сабақтарында  оқушылар  іскерлік  қағаздарды  толтыруды  үйренеді,  еңбек, 
математика,  география  және  т.б.  сабақтарында  үйренген  сөздердің 
жазылуын осы орыс тілі сабағында бекітеді. Бір сабақта алынған білімдер 
мен  ептіліктері  пайдаланылады.  Мысалы,  оқушылар  математика  сабақта-
рында  геометриялық  фигураларды  сызуды  үйренгеннен  кейін  бұл  ептілік 
қол еңбегі сабақтарында бекітіледі, мұнда оқушылар дайын шаблондарды 
пайдаланбайды,  оларды  өздіктерінен  дайындайды.  Сондықтан  әрбір 
олигофренопедагог үшін интеллектуалдық бұзылыстары бар оқушылардың 
мүмкіндіктеріне  сәйкес  оқу  материалын  өз  пәні  бойынша  ғана  емес, 
сондай-ақ басқа пәндер бойынша да білуі тиіс маңызды. 
Арнайы  мектептің  оқу  жоспарына  «Қоршаған  әлеммен  танысу 
негізінде  сөйлеу  қабілетін  дамыту»,  «Әлеуметтік-тұрмыстық  бағдар» 
сияқты  интегративтік  пәндер  енгізген.  Кәсіптік  еңбекке  оқыту  да  әртүрлі 
аралас оқу пәндерінің интергративтік сипатының білімін талап етеді. 
Оқыту  жүйелік  және  реттілік  принципі  сабақтарында  мұғалім  мен 
оқушылардың өзара байланысты әрекеттерінде жүзеге асырылады. Төменгі 
сыныптардан  бастап  мұғалім  оқушыларды  сұрақтарға  ретті  түрде  ауызша 
және  жазбаша  жауап  беруге,  тапсырмаларды  жоспар  бойынша  атқаруға 
үйретеді.  Қалыпты  дамушы  балалар  үшін  едәуір  қарапайым  болып 
табылатын  әрекеттерді  интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  оқушылар 
қиындықпен меңгеретіндіктен арнайы мектепте операциялардың реттілігін 
белгілейтін  жаднамалар,  алгоритмдер,  сызба  нұсқалар,  технологиялық 
карталар  кеңінен  пайланылады.  Мұғалім  ең  алдымен  оларды  қалай 
пайдалану  керектігін  көрсетеді,  сонан  соң  ол  оқушыларды  аталғандарды 
пайдалануға тартады. 
Интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  оқушыларды  оқытудағы  жүйе-
лілік және реттілік қағидасы мектепке қабылдау кезінде балаларға міндетті 
түрде  тексеру  жүргізілуі  кезінде  жүзеге  асырылады,  бұл  үдеріс  кезінде 
балаларда  бар  білім,  ептілік  пен  дағдылар  анықталады.  Бұл  өте  қажетті 
болып  табылады,  себебі  мектепке  түсетін  балаларда  ұйымдастырылған 
оқытудың  (арнайы  және  көпшілік  балабақшалар,  жалпы  білім  беру 
мектебі, отбасы) әртүрлі тәжірибесі болады.  

 
16 
Оқытудағы  саналық  және  белсенділік  қағидасы  оқушылардың 
оқуға  деген  саналы  қатынасын,  білім,  ептілік  пен  дағдыларды  олардың 
саналы  түрде  меңгеруін,  бұл  білім,  ептілік  пен  дағдыларды  басқа  оқу 
пәндерін  үйрену  кезінде  және  өмірде  пайдалануды,  сондай-ақ  танымдық 
белсеңділікті талап етеді. 
Бұл  қағида  интеллекуалдық  бұызылтары  бар  балалар  мен  жасөспі-
рімдерді  оқытуда  маңызды  мәнге  ие.  Зерттеулер  көрсеткендей,  ақыл-есі 
дамымаған  балалар  мектепке  қалыптасқан  танымдық  қызығушылықтар-
мен,  өз  оқу  еңбегінің  мәнін  түсінбей  түсіп  жатады.  Сондықтан  дамуы 
қалыпты қатарластарына қарағанда олардың оқу материалын саналы түрде 
меңгеруіне қол жеткізу айтарлықтай қиындау. 
Мектептегі  оқытудың  алғашқы  кезеңдерінде,  ең  алдымен,  оқушы-
ларда  оқу  материалына  деген  қызығушылық  қалыптастыру  қажет.  Осы 
мақсатпен  әртүрлі  көрнекіліктер,  дидактикалық  ойындар,  тосын-сый 
сәттері,  ынталандыру  сияқты  дүниелер  пайдаланылады.  Оқушалар  өзде-
ріне  тұлғалық  мәні  бар  материалды  жақсырақ  меңгеруде,  сондықтан 
оқытылатын  материалды  оқушының  жеке  тәжірибесімен  байланыстыру 
қажет.  Мысалы,  математика  сабағында  жаңа  сан  мен  цифрды  таныстыру 
кезінде  балалар  бұларды  бұрындары  қайда  көргендерін  мақсатты  түрде 
анықтау қажет. 
Оқушыларда  пәнге  деген  қызығушылық  және  жақсы  оқуға  деген 
талпыныс қалыптастыруда педагогтің рөлі зор. Сүйікті мұғаліміне жағуға 
деген  тілегі,  оның  мақтануына  лайық  болу  оқушыларды  жаңа  баға  алуға, 
пән бойынша білімін кеңейтуге түрткі болады. 
Арнайы  (түзету)  мектепте  мұғалім  оқушыларды  байқай  білуге, 
байқау  үдерісінде  салыстыра  білуге,  елеулі  және  маңызсыз  белгілерді 
бөліп көрсетуге, қорытындылар мен жалпылаулар жасауға үйретуі тиіс. 
Интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  балаларды  оқытуда  танымдық 
сияқты,  тәжірибелік  белсеңділік  те  пайдаланылады:  жаңа  материалды 
үйрену  үшін  тәжірибелік  материалмен  жұмыс  істеу  және  өткен  білімді 
бекіту және жалпылау. 
Білім мен ептілікті саналы түрде жемісті меңгерудің талабы олардың 
жаңа жағдайда пайдалана білулері болып табылады. 
Оқытудағы көрнекілік қағидасы. Көрнекілік қоршаған әлемді тану-
дың  маңызды  құралы  ретінде  қолданылады,  көрнекіліктер  пайдалану 
балалардың  нақтыдан  абстракті  ойлауға  қарай  дамитын  ойлау  ерекшелік-
теріне  негізделген,  көрнекілік  оқушылардың  білімге  деген  қызығушылы-
ғын арттырады және оқыту үдерісін анағұрылым қызықтырақ етеді. 
Интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  балалр  мен  жасөспірімдерді 
оқытуда  көрнекілік  қағиданы  өзгеше  жүзеге  асырылады.  Бұл  олардың 
псхиофизикалық  ерекшеліктерімен,  бәрінен  бұрын  түйсік  ерекшеліктер-
мен,  нақты  ойлау  басымдылығымен  және  абстракт  ойлауды  дамытуға 
деген шектеулі қабілетімен түсіндіріледі. 

 
17 
Ғалымдардың  зерттеулері  көрсеткендей,  арнайы  (түзету)  мектеп 
оқушыларында көру және есту түйсіктерінің баяулығы, тарлығы, жеткілік-
сіз  дифференциалдығы  байқалады,  бұл  өз  кезегінде  қоршаған  әлеммен 
танысады,  сондай-ақ  бірқатар  дағдыларды,  мысалы,  хаттар,  оқу,  шоттар 
қалыптастыруды  қиындатады.  Қарастыру  кезінде  интеллектуалдық  бұзы-
лыстары  бар  оқушылар  детальдар  мен  заттардың  ірілерін  бөліп  көрсетеді 
және  ұсақтарын  қалдырып  кетеді,  елеулі  бөлшектері  мен  детальдарын 
атамайды.  Олар  заттарды  жиі  қате  атайды,  оларда  жалпыны,  ерекшені, 
жеке дараны тану әлсіз болып келеді. Интеллектуалдық бұзылыстары бар 
балаларда  суреттер  көрінісін  қабылдау  аса  қиындық  туғызады.  Олар 
суреттегі  заттардың,  бейнелердің  арасындағы  өзара  байланысты  түсін-
бейді,  ымдау  мен  пантомимиканы  түсіндіруде  өте  үлкен  қателіктер  жібе-
реді.  Бұл  өз  кезегінде  суреттің  сюжетімен  байланысты  негізгі  жағдайды 
анық атап көрсетуге кедергі жасайды. Сонымен қатар, зерттеулерде оқыту 
ықпалымен интеллектуалдық бұзылыстары бар балалардың түйсігі дамиды 
деп көрсетіледі.  
Арнайы  (түзету)  мектепте  көрнекілікті  таңдау  маңызды  мәнге  ие. 
Мектепте балаларды оқытудың алғашқы жылдарында нақты заттар, ойын-
шықтар, ашық суреттер, иллюстрациялар қызықтыратын. Жоғары жастағы 
оқытуда  көрнекіліктің  сипаттамасы  өзгереді:  ол  сызба-нұсқалық,  жалпы-
ланған  бола  бастайды.  Арнайы  (түзету)  мектептің  білім  беру  үдерісінде 
оқытудың техникалық құралдарды қолдану үлкен орын алады. 
Интеллект бұзылулары бар балаларды оқытуда көрнекілікті қолдану 
барысында  көрнекілік  пен  сөздік  әдістердің  дұрыс  ұйымдастырылуын 
ескеру  қажет.  «Егер  бастауыш  сыныптарда  білім  алу  үдерісінде  басты 
орында  сезімдік,  тікелей  тәжірибе  болса,  жоғары  сыныптарда  оқу  мате-
риалын  меңгеру  жолы  бірте-бірте  тереңдетілген  жанама,  сөз-логикалық 
болуы қажет».  
Білім  берудің  ұжымдық  сипаты  және  оқушылардың  жеке-дара 
ерекшеліктерін  ескеру  принципі  сыныпты  тұтас  оқу  ұжым  ретінде 
тәрбиелеу,  барлық  оқушылардың  белсенді,  ұйымдастырылған  жұмысқа 
қажетті  жағдай  жасау  және  сол  уақытта  әрбір  оқушыға  индивидуалды 
жолды табуды көздейді. Арнайы (түзету) мектептің оқушылары бағдарла-
малық  материалды  меңгерудегі  мүмкіндіктері  бойынша  біркелкі  емес. 
Осындай  біркелкі  еместігінің  басты  себептері  болып  негізгі  дефектің 
полиформдылығы  және  оларға  байланысты  бұзылулар,  сақтау  қасиет-
терінің  бірдей  еместігі,  сонымен  қатар  мектепке  дейінгі  және  отбасылық 
тәрбиелеу шарттары.  
Сонымен  қоса  интеллект  бұзылулары  бар  оқушыларға  ұжым  өте 
маңызды болып келеді, себебі ұжымда бола тұра олар ұжымдық іс-әрекет 
тәжірибесін  игереді,  өздерінің  ынталары  мен  әрекеттерін  ұжым  мүддесі 
үшін басқаруға және реттеуге, бір-біріне көмек көрсетуге үйренеді. Ұжым 
оқу іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жетуге талпындырады, жауапкерші-
лік сезімін тәрбиелейді.  

 
18 
Интеллект  бұзылулары  бар  оқушылардың  бағдарламалық  мате-
риалды  меңгеруде  әртүрлі  мүмкіншіліктерін  ескере  отырып,  оқытуда 
дифференциалды амалды жүзеге асыру қажет. Арнайы (түзету) мектепте 
дифференциалды амалдың негізінде бағдарламалық материалды меңгеруде 
оқушылардың  әртүрлі  мүмкіншіліктері  жатыр.  Орыс  тілінен,  математи-
кадан,  еңбектен  бағдарламалық  материалды  меңгеру  мүмкіншіліктері 
бойынша  оқушылар  шартты  түрде  төрт  топқа  бөлінеді  (В.В. Воронкова, 
В.В. Эк, Е.А. Ковалева және т.б.). 
Бірінші  топты  фронталды  білім  беру  үдерісінде  бағдарламалық 
материалды  сәтті  меңгерген  оқушылар  құрайды.  Барлық  тапсырмаларды, 
әдетте  өз  бетінше  орындайды.  Бағдарламалық  материал  саналы  меңгері-
леді.  Алынған  білімдер  мен  икемдерді  мұндай  оқушылар  тәжірибеде 
басқаларға қарағанда ұтымды пайдаланады. Қиын тапсырмаларды орындау 
барысында ересек адамның болмашы белсендіретін көмегі қажет. 
Екінші топқа сыныпта жақсы оқитын оқушылар кіреді. Олар әдетте 
мұғалімнің  жалпы  түсіндірулерді  ұғады,  зерттеген  материалды  есте 
сақтайды,  бірақ  қарапайым  қорытынды  және  жалпылауды  жасауға  қина-
лады. Оларды барлық жұмыс түрлерінде аз өзбеттілік ажыратады. 
Үшінші  топқа  бағдарламалық  материалды  қиындықпен  игеретін 
және мұғалімнің көмегіне мұқтаж оқушылар кіреді. Оқушыларға жаңадан 
игерілуге берілген материалды жеткіліксіз түсінушілік тән. Олар қосымша 
түсініктерді  қажетсінеді.  Оларды  төмен  өзбеттілік  ажыратады.  Материал-
ды игеру темпі екінші топтағы оқушыларға қарағанда төмен. Осы топтағы 
оқушылардың жалпылауға қабілеті айтарлықтай төмен. 
Төртінші  топты  арнайы  (түзету)  мектептің  бағдарламалық  мате-
риалды  ең  төмен  деңгейде  меңгеретін  оқушылар  құрайды.  Мәлімет  меха-
никалық  түрде  есте  сақталады,  тез  ұмытылады.  Басқа  оқушыларға 
қарағанда білім мен икемдерді аз көлемде ғана меңгере алады. 
Ажыратылған  топтардың  барлық  оқушылары  әртүрлі  топтардағы 
оқушыларға  түрлі  көмек  көрсету,  оқыту  әдістемелердің  және  әдіс-тәсіл-
дердің модификациясын көздейтін дифференциалданған амалға мұқтаж. 
Әртүрлі  топтағы  оқушыларға  түрлі  көмек  көрсетуді,  оқыту  әдісте-
мелердің және әдіс-тәсілдердің модификациясын көздейтін үйлесім. 
Дифференцияланған амалдың принципі арнайы (түзету) баға мектеп-
тердің бағдарламаларында бірқатар пәндер бойынша, бағдарламалық мате-
риалды ажыратылған деңгейлерінде шағылысқан. 
Жеке-дара  амал  әрбір  оқушының  жеке  дара  қасиеттірін  ескеру 
немесе оның оқыту және дамытуда оптималды жолды тандауға негізделеді. 
Осы  топтағы  оқушылардың  жалпылау  қабілеті  айтарлықтай  төмен. 
Оларда  өз  бетімен  тапсырманы  орындау  қиынға  түседі.  Жеке  жақындау-
шылық  әрбір  оқушының  жеке  ерекшеліктерін  және  оларды  оққытумен 
тәрбиелеудің  оптималды  жолдарын  таңдаудағы  есептеуде  жатыр.  Ол 
медициналық  (медикалық  карта)  және  психологиялық-педагогикалық 
құжаттарды  (сипаттамалар,  бақылау  күнделіктері,  мектеп  журналы,  жеке 

 
19 
ісі)  талдау,  оқушылардың  жазбаша  жұмыстарын  оқушылармен, 
педагогтермен,  ата-аналармен  әңгімелесуін,  оқушыларды  бақылауын 
зерттеу  негізінде  жүргізіледі.  Арнайы  (түзету)  мектепке  түскен  баланың 
әрбіреуіне  бақылау  күнделігі  жүргізіледі,  онда  оқушының  жетістігі  мен 
сәтсіздіктері,  тәсілдері  тіркеледі.  Күнделік  бірнеше  жылдар  бойы 
жүргізілгеннен кейін, оның көмегімен баланың даму динамикасын анықтау 
жеңіл,  оңай  болады.  Бақылау  күнделігінде  түзету  міндеттері  қойылып, 
оларға  жету  амалдары  мен  міндеттері  көрсетілді.  Оқытудағы  беріктік 
принціпінің  негізінде,  ең  алдымен  естің  обьективті  заңдылықтары,  оның 
адамның психикалық өміріндегі рөлі жатыр. 
Оқытуда  беріктік  принцип  негізінде,  ең  алдымен,  есте  сақтаудың 
объективті заңдылықтары, адамның психикалық өмірінде оның рөлі. 
Интеллект бұзылулары бар оқушыларда есте сақтаудың айтарлықтай 
бұзылары  кездеседі,бірақ  бұл  бұзылулардың  көріну  деңгейлері  әртүрлі 
болуы  мүмкін.  Оқушылардың  көп  бөлігінде  мәліметті  есте  сақтаудың 
көлемі  төмен,  соған  қатысты  есте  сақтау  көлемі  мен  материалдық 
абстрактысы арасындағы байланыс анықталды: неғұрлым мәлімет абстрак-
тылы, айырмашылық болса, соғұрлым мәлімет есте нашар сақталады. Есте 
сақтаудың  нақтылығы  мен  беріктігі  төмен  деңгейде.  Қайта  жаңғырту 
барысында  олар  көбін  қалдырады,  логикаларын  бұзып  толық  орындарын 
ауыстырады,  жиі  айтқанын  қайталайды,  әртүрлі  кездейсоқ  ассоциацияға 
негізделіп  жаңа  элементтерді  қосады.  Интеллект  бұзылулары  бар  балалар 
ырықсыз есте сақтауды қолданады.  
Арнайы  (түзету)  мектеп  оқушыларының  мұндай  ерекшеліктері 
салдарының  білім  мен  икемдерін  қалыптастыру  аса  маңызды  мәнге  ие 
болады.  
Л.В. Занкованың,  Х.С. Замскийдің,  Г.В. Муратованың,  Ж.И. Шифтің 
зерттеулері  интеллект  бұзылулары  бар  оқушыларда  есте  сақтаудың 
мәнділігін түсіну амалына үйрету  – мәтінді бөлімдерге бөлу, негізгі ойды 
ажырату, тірек сөздер мен сөйлемдерді анықтауға, мәтін бөлімдер арасын-
дағы  байланыстарды  анықтауға,  мәтін  бөлімдері  арасындағы  мағыналық 
байланысты  анықтауға-айтарлықтай  жетістіктерге  жетуге  болады.  Яғни 
оқушылармен  рационалды  есте  сақтаудың  меңгерілуі  берік  білім  мен 
икемдерді меңгерудің маңызды шарттардың бірі болып табылады. Арнайы 
мектепте қайталау жүйелі түрде жүргізілуі тиіс және ол шоғырланған емес 
(бір сабаққа), бөліп жайғасқанмен,яғни сабақтар қатарында жалғасуы тиіс. 
Әрбір  оқу  жылының  басында  қайталау  жоспарланады,  оның  басты 
міндеті алдыңғы оқу жылдарындағы алынған білімдер мен икемдерді қал-
пына келтіру  және жүйелеу болып табылады. Әрбір тоқсан, жыл аяғында 
қайталау  жоспарланады,  оның  басты  мақсаты  алынған  білімдер  мен 
икемдерді  жүйелеу,  жалпылау  және  бекіту  болып  табылады.  Арнайы 
(түзету)  мектептің  қайталау  кезеңі  жүргізіледі,  мұнда  алдындағы  сабақ-
тарда өткен материал бекітіледі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет