Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата02.03.2017
өлшемі0,93 Mb.
#5090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бірінші топқа түзету мектептерінің дене бітімдері дамыған қозғалыс 
қабілеттері  ортадан  жоғары  нәтиже  көрсеткен  оқушылар,  жалпы  мектеп 
оқушыларының ішінде жақсы көрсеткіштер деңгейінде болады. 
Екінші  топқа  ортадан  жоғары  көрсеткіштері  бар  дене  бітімдері 
дамыған  және  қозғалыс  қызметі  ортадан  жоғары  арнайы  түзету  мектеп-
терінің  олигофрен  балалары  және  жалпы  мектеп  оқушыларының  орташа 
көрсеткіш нәтижелері бар балалар. 
Үшінші  топты  интеллект  бұзылыстары  бар,  екінші  топ  сияқты  өсу 
көрсеткіштері  де,  кеуде  тұсы  көлемі  мен  салмақ  көрсеткіштері  жоғары 
немесе осы көрсеткіштердің бірі жеткілікті шамада жоғары (үйлесiмсiздiк), 
ал  жаттығу  орындауының  көрсеткіштері  жалпы  мектеп  оқушыларының 
көрсеткіштерінің орташа деңгейінде болатын балалар құрайды. 
Төртінші топқа  (физикалық дамуы  орташа) дәл сондай өсу көрсет-
кіштерде  кеуде  тұсы  көлемі  мен  салмағы  аз  оқушыларды  жатқызады. 
Ұзындыққа  орнынан  екі  аяқпен  итеріп  секіруді  орындау  көрсеткіштері, 
қалыпты  оқушылардың  орташа  және  орташадан  төмен  нәтижелерімен 
теңеледі. 
Бесінші  топ  –  дене  бітімінің  даму  көрсеткіштері  орташадан  төмен, 
ал  жаттығуларды  орындау  нәтижелері,  жалпы  мектеп  оқушыларының 
нәтижелеріне  теңеле  алмайтын  оқушылар.  Интеллект  бұзылыстары  бар 
балалар ұзындыққа орнынан секіруді  орындап,  екпiннен секіруді  орында-
мауы мүмкін, сақинаға допты лақтырып, мақсатты лақтыруды орындамауы 
мүмкін. 
Алтыншы топты  нашар дене дамуы бар балалар құрайды.  Мұндай 
балаларда  өсу  көрсеткіштері  әртүрлі,  қолдар  күшінің  нәтижелері  төмен. 
Оларда  бірге  болатын  соматикалық  аурулар  көп.  Олардың  ұзындыққа 

 
78 
орнынан  екі  аяқпен  итеріп  секіру  нәтижелері  таза  жеке  тұлғалық  сипатта 
болады және ешқандай да нормативтерге сәйкес келмейдi. 
Ақыл-ой  кемістігінің  жеңіл  түрі  бар  балаларда  әлеуметтік, 
эмоционалдық, жүрiс-тұрыстық бұзылыстар түрлі координациялық күрделі 
жаттығуларды  орындағанда  көрінеді.  Он  жеті  жаста  болса  да,  олардың 
орындаған жаттығуларының сапасы осы жастағы мектепте оқитын оқушы-
ларға  қарағанда  өте  төмен  көрсеткішті  көрсетеді.  Бұған  себеп  көп. 
Олардың ішіндегі ең маңыздысы – олигофрен балалардың кинестетикалық 
сезімдерінің  дамуы  төмен.  Бір  орыннан  ұзындыққа  секіргенде,  көптеген 
жасөспірімдер  секіруді  жүгіріп  келіп  секірмейді;  аяғын  бүгіп  арнайы 
«аттан» дұрыс секіргенде, «ешкіден» секіруі де дұрыс орындалмайды. Бір-
біріне  допты  «Салки»  ойыны  кезінде  дұрыс  беріп  жүріп,  олар  баскетбол 
ойынын  ойнағанда  дәлдеп  допты  бере  алмайды.  Оқушылар  қажет  емес 
қимылдарды жасап, өз күштерін секіруі кезінде дұрыс пайдалана алмайды, 
сол секілді лақтыру кезінде де қателіктер жібереді. 
Олигофрендердің  дебилдік  деңгей  кезіндегі  қозғалыстары  нұсқау-
лықпен келіспейді, бірінші  орынға  уақытша қозғалыстың дифференциясы 
және кеңістіктегі қозғалыстары жатады. 
Арнайы  түзету  мектептерінде  түзету  гимнастикалары  пайдаланы-
лады  (ТГ).  Сабақ  өткізгенде  түзету  гимнастикасынын  кемшілік  жүйесін 
анықтап, соңынан кемшілігіне әсер ететін жаттығуды орындату қажет. 
Арнайы  түзету  мектептерінде  психомоториканы  түзету  үшін  және 
дене  бітімін  дамыту  үшін  дене  тәрбиесі  сабақтарының  маңызы  зор  және 
ритмика  сабақтарын  жүргізген  дұрыс.  Егер  мұғалім  сабақ  өткізуде  бір 
типті тәсілдерді пайдаланып, бір жатттығуды қайталай берсе, балалардың 
дамуы  кедергіге  ұшырайды.  Сабақ  өткізерде  тәжірибелі  ұстаз  педагоги-
калық тәсілдердің тиімдісін пайдаланып, балаларға ықпал етеді. 
Сабақтың  тиімділігін  жалпы  мектептерде  және  арнайы  мектептерде 
көрсететін көрсеткіштер: 
1)  оқушылардың  жұмысқа  қабілеттілік  динамикасы.  Жұмысқа 
қабілеттілігін  көрсететін  алғашқы  көрсеткіштері;  дем  алыс  шапшаңдығы, 
тер шығуы, тері түсі, жүрек соғуының жылдамдығы.  Бұл көрсеткіштердің 
үлкен кемшіліктері – дәл болмауында. Жүрек соғуының шапшаңдығы қан 
айналымының  жұмыс  жүйесін  және  жұмысқа  деген  қабілет  деңгейін 
көрсетеді; 
2)  сабақ  барысында  жаттығуларды  дұрыс  таңдап,  дайындық  және 
қорытынды жаттығуларды дұрыс пайдалану. 
12.2 Денешынықтыру сабағы 
Жалпы білім беретін мектепте денешынықтыру сабақтары үш бөлім-
нен  тұрады  –  дайындық,  негізгі  және  қорытынды,  ал  түзету  мектебінде  – 
төрт бөлімнен тұрады: кіріспе, дайындық, негізгі және қорытынды. 
Сабақтың  кіріспе  бөлімінде  балаларды  сабаққа  дайындау  қажет, 
сапқа тұрғызып, өтетін материалды таныстырып, сыртқы киімдерін бақы-
лап,  санатып,  содан  соң  сапқа  тұрған  жерінде  бірнеше  жаттығулар  өткізу 
қажет.  Содан  соң  сабақтың  дайындық  бөліміне  көшкен  дұрыс.  Сабақтың 
кіріспе  бөлімі  бастауыш  сыныптарда  үш  минуттан  бес  минутқа  дейін 

 
79 
созылады,  жоғары  сыныптарда  жеті  минутқа  дейін.  Бұл  жоғары  сынып-
тарда  теориялық  мәліметтердің  көптігіне  байланысты  болады.  Сабақтың 
дайындық  бөлімі  оқушының  организмін  сабақ  барысында  өткізілетін 
қозғалыс  жүктемесіне  дайындайды.  Дайындық  тәсілдеріне  түрлі  дене 
шынықтыруға арналған жаттығулар жатады – жүру, жүгіру, секірулер. 
Негізінен  көбінесе  балалардың  қозғалыс  дағдыларын  қалыптасты-
ратын жаттығулар жатады.  
Көрсетілген  жаттығулардан  қимыл-қозғалысты  дамытатын  үш-төрт 
жаттығу  таңдалып  алынады.  7-сыныпта  сабақтың  тақырыбы  «Төменгі 
старттан 60 м жүгіру». Мұғалім  шапшаңдықты дамытатын жаттығуларды 
таңдап алғаны дұрыс. 
Сабақтың дайындық бөліміне оқушының кемшілігін түзетуге арнал-
ған  жаттығуларды  енгізген  дұрыс.  Сабақтың  дайындық  бөлімінде 
8-12  жаттығулар  жүргізген  дұрыс,  ал  сабақтың  дайындық  бөлімі 
7-8 минутқа созылады, бірақ 14-16 минуттан аспауы қажет. 
Сабақтың  негізгі  бөлімінде  жалпы  білім  беретін  келесі  міндеттер 
шешілгені  дұрыс:  жаңа  материалды  оқу,  бұрыннан  оқығанды  қайталап, 
жетілдіру,  қимыл-қозғалыс  қабілеттерін  дамыту.  Осы  қойған  міндеттерді 
шешу  құралы  ретінде  ойындар,  негізгі  гимнастика  жаттығулары,  жеңіл 
атлетика, ырғақ жаттығуларын орындау болып табылады.  
Сабақтың  негізгі  бөлімі  20-30  минутқа  созылады.  Қимыл-қозғалыс 
қабілеттерін  дамытуға  арналған  жаттығуларды  мақсатты  түрде,  нақты 
ретпен орындау:  
– бастапқыда – ептiлікті; 
– содан соң –жылдамдықты;  
– бұдан әрi – шыдамдылық пен күшті; 
– сонан соң – басқа сапаларды дамытуға арналған. 
Сабақтың  қорытынды  бөлімінде  балалар  ағзасы  келесі  басқа  сабақ-
тардың  жүктемесiне  дайындалады,  сабақтың  қорытындысы  тұжырым-
далады, оқушылардың білімі мен дағдысы бағаланады. 
Қорытындылау  бөліміне  5-7  минут  бөлінеді.  Жаттығуларды  орын-
дауын  дамыту  құралдары  саптың,  жалпы  дамытушылығын  және  түзету 
жаттығулары,  зейінге  байланысты  ойындар  босаңсуға  байланысты 
жаттығулар болып табылады.  
Сабақ  құрылымын  өзгертуге  болады.  Бұл  оқыту  құралы  мен  нақты 
сынып  оқушылар құрамына байланысты. Бірақ іс жүзінде сабақ талабына 
жеке көзқарастың маңызы өте зор.  

 
80 
Арнайы (түзету) мектептің 2-сыныбындағы денешынықтыру бойынша сабақтың жоспар-конспекті үлгісі 
 
 
Сабақ 
бөлімдері 
Сабақ мазмұны 
Жаттығу 
көлемі 
Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар 
Ескерт
пе 
Кіріспе 5 мин  1. Мұғалiм қатысуымен оқушылардың 
киiм  шешетiн  бөлмесiндегi  киімдерін 
ауыстыруы. 
2.  Сапқа  бір-бірлеп  тұру,  залға  кіру, 
волейбол  алаңының  сызығы  бойынша 
сапқа тұру.  
3. Кезекшінің мәлімдемені тапсыруы 
 
Мәлімдеме  тапсыру  кезінде  «Тік  тұр!»  бұйрығын 
орындауына көңіл бөлу. 
 
Дайындық  
10 минут 
1. 1-2-ге саналу 
2 сапқа тұру 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2. 2 сапқа тұру 
 
3.  Жалпы  дамыту  және  түзету 
жаттығулары 
3-4 минут 
5-6 
рет 
қайталау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3-4 рет 
Оқушылар 
волейбол 
аланының 
сызығына 
тұрғызылады.  Алғашында  «Сап  түзел,  тік  тұр!» 
командалары  орындалады,  содан  кейін  «Бірінші, 
екіншіге»  санал  командасы  мен  басты  солға  бұру 
арқылы  бірінші  және  екінші  депанық  дауыспен 
саналады.  Үшінші  оқушы  қайтадан  «Бірінші»деп 
айтады.  Солайша  соңына  дейін  жалғасады. 
Оқушылар  өздерінің  сан  ретін  жақсырақ  есте 
сақтау  үшін  әр  екінші  санауда  оң  қолын  алға 
шығару керек. Сол жақ шеттегі бірінші адам өзінің 
сан ретін басын бұрмастан айтады. 
Қайта тұру  «Бірінші»нөмерлер екі қадам алға шық 
командасымен  орындалады  немесе  «Бірінші» 
нөмерлер  қадам  алға,  «Екінші»нөмерлер  қадам 
артқа!  деп  айтуға  да  болады.  Содан  кейін 
оқушылар ауысуына болады. 
 
 
 
 
 

 
81 
Негізгісі,  
25 минут 
1. Жүру мен жүгірудің кезекпен істеуі: 
10м 
Жүгіру – 20м 
Жүру – 10м 
Жүгіру – 20м 
Жүру, қолды кеуденің алдына созып  
4 қадам, содан төмен түсіріп 4 қадам. 
2.Әртүрлі  қарқында  жүгіру:  алаңның 
жақын  жақтарына  қадаммен  бару 
жақтарына  доппен  2  рет  секіре 
отырып 
жүгіру, 
олардың 
ара 
қашықтары 4-5 м. 
3. Қысқа жіппен секіру  
 
 
 
 
 
3
 
рет 
 
 
 
 
 
 
Әрқайсысын  
3 реттен 
секіру 
 
 
 
 
 
 
Жүгірудегі  үйлесімді  әрекет  ету  мен  деп  арқылы 
секіру үшін итеруге басты назар аудару керек. 
 
 
 
Оқушылар 2 сапқа тұрады жаттығу орындалу үшін, 
бір  бөлімі,  яғни,  6  адам  шақырылады.  «марш» 
командасы бойынша 1-бөлім, бір уақытта  
7-8  секіру  жасайды  да,  әркім  өз  орнына  тұрады. 
Келесі екінші бөлім жаттығуды орындауға келеді. 
Арман-
ға 
ерекше 
назар 
аудару 
Қорытын- 
дылау, 
5-7 минут 
1. «Көршіге доп» ойыны. 
2.  Жай  жүріп  келе  жатып  әр  екі 
қадамында қолмен шапалақтау. 
3. Сабақ қорытындысы, бағалау. 
4. Ұйымдасқан түрде сыныпқа бару. 
Екі  шеңбер 
жасау 
Сынып  екі  топқа  бөлінеді  және  екі  шеңберге 
тұрғызылады, доп бір оқушының аяқ ұшы алдында 
тұрады. Ол допты шеңбер бойынша беріп отырады. 
Допты аз түсіріп алған топқа ұпай беріледі. 
 
 

 
82 
Арнайы (түзету) мектептердің шарттары бойынша дене  шынықтыру 
сабақтарын  ұйымдастыру  кезінде  жылдық  және  сабақ  жоспары 
қолданылады. Жаттығулардың әр түрін зерттеу сабақтардың жалғасуы (3-4 
және одан да көп) арқылы жүргізіледі, себебі интеллект бұзылыстары бар 
балалар  үйреткен  жаттығуларды  тез  ұмытады.  9-10  сыныптарда  дене 
шынықтыру  сабағына  аптасына  3  сағат  бөлінеді.  Оқу  материалын 
тоқсандар  бойынша  бөлудің  жоспар  графигінен  басқа  мұғалім  әрбір 
тоқсанға сабақ жоспарын құрады.
 
Жылдық  жоспардың  мақсаты  сынып  оқушыларының  құрамын,  ауа 
райы жағдайын, материалдық базаны ескере отырып оқу бағдарламасының 
материалын тоқсандарға бөлу.  
Жаттығудың  әр  түрін  үйрену  сабақ  бойында  бірнеше  рет  жүргізілуі 
балалрдың ақыл-ойының кемістігіне байланысты үйретілетін жаттығулар-
ды  ұмытпауы  үшін,  9-10-сыныптарда  денешынықтыру  сабағы  аптасына 
3 сағат  бөлінген.  Сабақ  кестесі  бұл  сыныптарда  3-4  сағатқа  көбейді  және 
жылына 102 сағатты құрайды. 
Оқушының жоспар кестесі  оқу  материалдарын тоқсандарға бөлуден 
басқа, әр тоқсанның сабақ жоспар құрайды. 
Сабақ тапсырмалары: 
1. Сапқа тұру мен сап тізбекке бір-бірлеп екі сапқа тұруды бекіту. 
2. Жүгіру дағдыларын әртүрлі қарқында меңгеру. 
3. Қысқа жіппен секірудің қарапайым әдістерін үйрену. 
4. «Көршіге доп» ойынын жаттықтыру. 
Сөздік: сап, тізбек, жіп секіру, доп, көрші, секіру, жаттығу. 
Сабақ өту орны: спорт бөлімі. 
 
12.3 Дамуында  интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  балалардың 
қоғамға  бейімделу  мен  интеграциялаудың  құралы  ретінде  дене 
тәрбиесін қолдану 
Оқушылардың  дене  шынықтыру  сабағында  нәтижелі  жұмыс  істеуі 
үшін  әрбір  оқушының  максималды  жұмыспен  қамтылуын,  тапсырмалар-
дың  жүктілігін  саралауды  оқушылардың  сабақтағы  жағдайын  бақылауды 
жүзеге  асыру  уақытында  көмек  көрсету  және  сақтандыруды  қамтамасыз 
ету, тәртіпті қадағалау, оқушыларды ұйымдастырудың адекватты әдістерін 
қолданумен қамтамасыз ету қажет. 
 
Оқушылардың  арнайы  мектептердегі  талаптарының  қажетті  тәртіп-
тің  ережелерінің  ұғынуына  және  сабаққа  деген  ынта  ықыласпен  бараты-
нына  сенуге  болмайды.  Балаларды  барлығына  үйрету  қажет,  әсіресе, 
0-1-3-сыныптарда: уақытында киіну, киімдерді дұрыс жинау, қатармен оқу 
орнына  ауысу,  сабақ  жабдықтары  мен  мүліктерін  жинастыру,  мәлімдеме 
тапсыруға үйрету, бұйрықты орындау, өз-өзіне бұйрық беру. 
Қазіргі кезде арнайы мектептің педагогикалық ұжымның алдыңда ең 
басты мәселе – түлектерді қоғамға бейімдеу мен интеграциялау. 

 
83 
Бейімделу дегенде бейімделу  жағдайлар жасап, әрбір индивидумнің 
дербес әрі қиналмай икемделу мүмкіндігі. 
Көп  жағдайларда  интеллект  бұзылыстары  қозғалыс  сферасының 
бұзылыстарымен  қатар  келеді.  Сондықтан  бұл  бұзылыстарды  түзету 
мақсатымен дене тәрбиесінің адекватты құралдар мен тәсілдері таңдалады, 
яғни әлеуметтендірудің қажетті шарты. 
Бейімделгіш дене тәрбиесінің негізгі үш бағытын ерекшелеуге болады: 
Бейімделгіш физикалық тәрбие мен білім. Физикалық жаттығуларды 
арнайы  іс-әрекетте,  сонымен  қатар  еңбектік  жүйелер  ретінде  қолдануын 
көздейді.  Яғни  интеллектісі  бұзылған  жасөспірімдерді,  әсіресе  жетім 
балаларды  дербес  өмірге  қосылуы;  баланың  қозғалыстық  дағдыларды 
меңгеруі;  оларда  ұйымдастырушылық  икемділік  пен  дағдыларды  дамыту 
және  ойындар  мен  физикалық  жаттығулар  сабақтарына  жағымды 
қатынастарды тәрбиелеу. 
Интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  оқушыларда  бейімделгіш  дене 
тәрбиесі  денешынықтыру  сабақтарында,  сонымен  қатар  сыныптан  тыс 
және  мектептен  тыс  жұмыстарда  дамуын  және  белсеңді  қозғалуына 
белсеңді мүмкіндіктер туғызады, сондықтан қоршаған адамдармен қарым-
қатынас жасау қабілетін дамытады. 
Бейімделгіш спортты интеллектуалдық бұзылыстары бар балалардың 
түзету оқыту жүйесінде сайыстарға қатысу және оларға дайындалу ретінде 
емес,  ал  реабилитациялық  –  сауықтыру  және  түзету-дамытушылық  іс-
шаралар ретінде қарастыру. 
Спорттық  сабақтарды  ұйымдастыру  кезінде  мүгедек  –  спортшылар-
дың әрқайсысының нақты мүмкіндіктері ескерілуі қажет. 
Арнайы  олимпиаданың  басты  девизі  –  «Қатысу,  қатысқандықтан 
қуаныш». Мықты спортшылар (8 жастан үлкен) іріктеуден өткен команда-
лардың  мүшесі  бола  алады  (гимнастика,  жеңіл  аттлетика,  жүзу,  үстел 
теннисі,  ойындар  –  баскетбол,  волейбол,  хоккей  және  т.б.)  және  өзінің 
категориясы бойынша параолимпиадалық ойындарда (ақыл-ой кемістігінің 
жеңіл түрі-дебил – 50-60) немесе арнайы олимпиадаларда (ақыл ой кемісті-
гінің орташа дәрежесі-имбецил – 35-49) көрсете алады.  
Арнайы  түзету  оқыту  жүйесінде  физикалық  реабилитация  емдік-
сауықтыру  және  қайта  қалпына  келтіру  сипаттағы  бағыты  ретінде  кең 
қолданысқа ие болды. 
Физикалық  реабилитация  емдік  фактордың  рөлін  атқарады  және 
ауруларды ескертіп өткізіледі. 
Интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  балалардың  қозғалыс  сфера-
сында  екіншілік  бұзылыс  ретінде  физикалық  даму  бұзылыстары  болады. 
Сонымен  қатар  оқушылар  шеберханада  жұмыс  кезінде  немесе  дене 
тәрбиесі сабақтарында жарақат алулары мүмкін. 
Физикалық  реабилитация  бұзылған  функцияларды  қалпына 
келтіруге көмектеседі.  

 
84 
Физикалық реабилитацияның өзін ақтаған түрі – ЕФШ курсы. Бұл – 
арнайы сабақтар, олар емдік сипатты сабақ міндеттерімен және оларға сай 
құрылыммен ерекшеленеді.  
Арнайы  мектеп  тәрбиеленушілерінің  36%  шамасында  ЕФШ  курсын 
қажет етеді. 
 
 
13-тарау. ЫРҒАҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ 
 
13.1 Ырғақ және оның міндеттері 
Арнайы  мектепте  ырғақ  психологиялық  және  физикалық  дамуын-
дағы  ауытқушылықтарды  жеңілдететін  құрал  болғандықтан,  әрдайым  оқу 
жоспарына  қосылып  отырды.  1962  жылға  дейін  бастауыш  сынып  оқушы-
ларына  денешынықтыру  пәнін  алмастырып,  жұмасына  2  рет  өткізіліп 
отырды. Тек 1963-1964 оқу жылында (Р.Д. Бабенкова, 1961; Н.А. Козленка, 
1962) ғана 1-3-кластарда денешынықтыру пәні пайда болды, ал ырғақ жеке 
пән ретінде қалыптасады. 
Музыкалық-ырғақтық  іс-әрекет  ырғақ  сабақ  жұмысының  мазмұны 
болады  да,  оның  нәтижесінде  оқушылар  музыкаға  қосылып,  қозғалыс 
арқылы  өзін,  яғни  «мен»  дегенді  көрсетеді.  Күрделі  емес  музыкалық 
формаларды меңгеруі, музыкамен әртүрлі қозғалыстарды – жүгіру, секіру, 
би  және  гимнастикалық  жаттығуларды  орындау,  оқушылардың  қозғалыс 
дағдыларын,  кеңістік  бағдарын  және  қозғалыс  тепе-тендігін  жақсартуға 
көмектеседі. 
Ырғақ  –  оқушының  эмоционалдық  қалпын  және  тәртібін  қалпына 
келтірудің жақсы құралы болып келеді.  
Ырғақ сабағының бағдарламасы 4-ке бөлінеді: 
1) кеңістікте дұрыс қозғалу жаттығулар; 
ырғақтық-гимнастикалық жаттығулары; 
2) музыка ырғағымен ойналатын ойындар; 
3) би жаттығулары; 
4) Баланың физикалық дамуына ырғақ сабағының бастапқы 2 бағдар-
ламасы үлкен рөл атқарады. 
Ырғақтық-гимнастикалық  жаттығулар баланың қозғалыс коорди-
нациясының  дамуына  көмектеседі.  Оқушылар  қолдың,  бастың,  дененің 
және  аяқтың  қозғалыстарының  үндесуін  үйренуі  керек  және  оларды 
синхронды  орындауға  тырысуы  керек.  Музыка  ырғағымен  істелінетін 
жаттығулар  физикалық  дамуындағы  ауытқуларды  ғана  түзете  қоймай, 
сонымен қатар барлық психикалық процестердің жетілуіне көмектеседі. 
 
13.2 Ырғақ бойынша бағдарламаның негізгі бөлімдері 
Қазіргі таңда арнайы (түзету) мектептердің педагогикалық ұжымның 
алдыңда тұрған басты міндеттердің бірі түліктердің қоғамда бейімделу мен 
интеграциялау мәселесі болып келеді. 

 
85 
Бейімделу  дегенде  жеке  дара  тұлғаның  жеткілікті  бос,  қатты 
қиналмай бейімделу үшін арнайы жағдайларды жасауды дегенді білдіреді. 
Интеллекті  бұзылысы  көп  жағдайларда  қозғалыс  саласының 
бұзылысымен  үйлесімді  болып  келеді.  Сондықтан  осы  бұзылыстарды 
түзету  мақсатында  денешынықтырудың  адекватты  құралдарын  таңдау 
әлеуметтендірудің маңызды шарты болады. 
Бейімделгіш  денешынықтырудың  негізгі  үш  бағытын  ерекшелеуге 
болады. 
Бейімделгіш  физикалық  тәрбиелеу  мен  білім  беру  жиі  арнайы  іс-
әрекетте,  сонымен  қатар  еңбек  жүйесі  ретінде  физикалық  жаттығуларды 
қолдануды  көздейді;  интеллект  бұзылған  жасөспірімдер  мен  жетім 
балалардың дербес өмірге қосылуы; балалардың қозғалыс дағдылары мен 
икемдерді  меңгеруі;  оларда  ұйымдастыру  дағдылары  мен  икемдерді 
дамыту,  сонымен  қатар  физикалық  жаттығулар  мен  ойындарға  жағымды 
қатынасты тәрбиелеу. 
Бейімделгіш  денешынықтыру  интеллект  жетіспеушілігі  бар  оқушы-
ларда  қоршаған  адамдармен  қарым-қатынас  жасау  қасиетін  дамытады 
және  де  демалу  мен  белсеңді  қозғалыстарды  тек  қана  денешынықтыру 
сабақтарында  ғана  емес,  сонымен  сыныптан  және  мектептен  тыс 
жұмыстарында мүмкіндік береді (қосымша білім беру). 
Интеллект бұзылыстары бар балалар үшін бейімделгіш спорт түзету 
білім  беру  жүйесінде,  тек  қана  жарыстарға  қатысу  мен  дайындалу  ғана 
емес, ең алдымен, реабилитациялық-сауықтыру және түзете-дамытушылық 
шаралар ретінде қарастыру қажет. 
Спорт  сабақтарын  ұйымдастыру  кезінде  спортшы-мүгедектің  нақты 
әрбіреуінің мүмкіндіктерін ескеру қажет. 
Арнайы олимпиадалардың девизі: «қатысу, қатысудан қуаныш». 
Мықты  спортшылар  (сегіз  жастан  үлкен)  іріктеуден  өткен  және 
өзінің категориясы бойынша параолимпиадалық ойындарда немесе арнайы 
олимпиадаларда көрсете алады. 
Арнайы  түзету  оқыту  жүйесінде  физикалық  реабилитация  емдік-
сауықтыру  және  қайта  қалпына  келтіру  сипаттағы  бағыты  ретінде  кең 
қолданысқа ие болды. 
Физикалық  реабилитация  емдік  фактордың  рөлін  атқарады  және 
ауруларды ескертуімен өткізіледі. 
Интеллект  бұзылыстары  бар  балалардың  қозғалыс  саласына  екін-
шілік  бұзылыс  ретінде  физикалық  даму  бұзылыстары  болады.  Сонымен 
қатар  оқушылар  шеберханада  жұмыс  кезінде  немесе  денешынықтыру 
сабақтарында жарақат алулары мүмкін. 
Физикалық  реабилитация  бұзылған  функцияларды  қалпына 
келтіруге көмектеседі. 
Физикалық  реабилитацияның  өзін  ақтаған  түрі  –  ЕФШ  курсы.  Бұл 
арнайы  сабақтар,  олар  емдік  сипатты  сабақ  міндеттерін  және  оларға  сай 

 
86 
құрылымымен  ерекшеленеді  (Н.В.Астафьев,  1998).  Арнайы  (түзету) 
мектеп оқушыларының 36%-ы ЕФШ курсын қажет етеді. 
 
 
14-тарау. АЙҚЫН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРЫ  
БАР БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ 
 
14.1  Айқын  интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  балалардың 
психологиялық-педагогикалық мінездемесі 
Қазіргі  таңда  ауыр  интеллектуалдық  бұзылыстары  бар  балаларға 
түзетушілік – дамушылық көмек көрсету мәселесіне қызығушылық артты. 
Осы  топтағы  балалардың  потенциалдық  мүмкіндіктерінің  дамуы  мен 
олардың  қоғамдағы  реабилитация  сұрақтары  үлкен  әлеуметтік  маңызды-
лығына айналып жатыр. 
Интелектуалдық  бұзылыстары  тұлғаларды  оқыту  мен  тәрбиелу, 
зерттеу  мәселелері  қазіргі  таңда  үлкен  маңызға  ие.  Бұл  көптеген 
еңбектерге  байланысты:  осындай  балалар  тобының  көп  туылуы,  осындай 
балаларды тәрбиелеуде ата-ананың ниеті болмауы және т.б. жатады.
 
Жалпы  қабылданған  классификация  интеллектуалдық  жетіспеуші-
ліктің  дәрежесіне  байланысты  олигофренияның  әртүрлі  формалары 
жүйелену  негізінде  құрылған,  оның  үш  негізгі  тобы  анықталды:  идиотия, 
имбецил  және  дебил.  Кемістіктің  айқындалу  дәрежесіне  байланысты 
баланы оқыту үшін ұсынатын мекеме түрі туралы сұрақ шешіледі.  
Қазіргі уақытта осы бұзылыстардың классификациясы Халықаралық 
аурулардың  10  қарастыру  классификациясына  сәйкес  «жеңіл»,  «орташа», 
«ауыр» және «терең» кемақылдылық деп бөлінеді.  
Заманауи  даму  кезеңінде  дамуында  кемістігі  бар  тұлғаларда  осы 
мемлекеттің  басқа  азаматарында  сияқты  тең  мүмкіндіктер  бар  жаңа 
түсінікті  көрсететін  бірқатар  заңдарды  халықаралық  қоғам  сол  үшін 
қабылдады.  
Біздің  және  шетелдерде  орташа  және  ауыр  ақыл-ой  кемістігі  бар 
балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  мемлекеттік  жүйелер  маңызды 
өзгерістерден  өтіп  жатыр.  Ол  балалардың  бейімделу  мүмкіндіктерін  бөлу 
мен  «оқытылатын»  және  «оқытылмайтын»  топтарды  ерекшелеуден  бас 
тартудан  көрініс  табады,  яғни  әрбір  бала  мүмкіндігіне  байланысты  олар 
білім ала алады. 
Интеллект бұзылыстардың орташа және ауыр категориядағы балалар 
өз  алдына  әртүрлі  топты  көрсетеді.  Олар  барлығы  жалпы  сипатқа  ие, 
бастысы  орталық  жүйке  жүйесінің  ауыр  органикалық  бұзылыспен 
шартталған,  ауыр  психофизикалық  кемістігі  болады.  Терең  айқын 
интеллектуалдық бұзылысы кезінде, бас миының үлкен жарты шарлармен 
қатар, басқа да асты жатқан бөлімдері зақымдалады. 

 
87 
Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  мәліметтері  бойынша 
интеллектісі  бұзылған  балалардың  жалпы  санының  20%-н  осы  балалар 
құрайды. 
Осы  категориядағы  барлық  балаларға  интеллектуалдық  іс-әрекеттің 
төмендеуімен  қатар  психиканың  барлық  жақтарының  дөрекі  бұзылыс-
тармен  (ойлау,  сөйлеу,  есте  сақтау,  зейін,  моторика,  эмоционалдық-ерік 
саласы)  кеш  дами  бастауымен  сипатталды.  Оларда  белсеңділік  пен 
бағдарлау  іс-әрекеттері  тез  төмендейді  және  де  заттық  әрекеттерді 
меңгеруде  маңызды  бұзылыстарға  әкелетін,  физиологиялық,  примитивтік 
күшейту  жағына  деген  қажеттіліктер  жүйесі  араласып  кеткен.  Заттық 
әрекет  дамуының  толығымен  болмауы,  сезімдік  танымның  тым  кедей 
болуына әкеледі, ал ол ақыл-ой дамуының базасы болып келеді. 
Тәртіптік  реакцияларда  орташа  және  ауыр  интеллектуалдық  бұзы-
лыстары  бар  балалар  әртүрлі  реакцияларды  береді.  Ереже  бойынша 
полярлық сипатқа ие болған тәртіптік көріністердің екі тобын ерекшелейді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет