Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТОҚСАНДАР БОЙЫНША



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата02.03.2017
өлшемі0,93 Mb.
#5090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТОҚСАНДАР БОЙЫНША 
НАҚТЫЛЫ ЖОСПАРЛАУ ЕСЕБІНЕН КЕҢЕЙТІЛЕДІ 
Тәрбие үрдісін тоқсандар бойынша жоспарлау 
Жеке бастың дамуы 
 
1-тоқсан 
1. Әдептілік, төзімділік, тәрбиелік әлемінде. 
2. Ержету әліппесі. 
3. Басқаларды тыңда, сонда сен назар аудартуға лайық боласың. 
4. Әдiлдiк және ниет бiлдiру. 
5. Сенімді құрметтей білу керек. 
 
2-тоқсан 
1. Мұнда қызықты, көңілді. 
2. Қажетті, пайдалы істер. 
3. Ақыл-кеңесті тыңдай біл. 
4. Сен не нәрседен күдіктенесің? 
5. Ақылдас, сұра. 
 

 
49 
3-тоқсан 
1. Сенің  табыстарың  мен  сәтсіздіктерің.  Оларды  қалай  нығайтуға  және 
жеңіп шығуға болады? 
2. Кімге және қалай көмектесуге болады? 
3. Сені қаңдай кітаптар қызықтырады? Сенің жеке кітапханаң бар ма? 
4. Жақындарыңмен, достарыңмен ақылдас. 
5. Барлық істе сен өзіңді мақұлдай аласың ба? 
 
4-тоқсан 
Қорытынды әңгімелер, кеңестер, жиындар. 
 
 
Адам және қоршаған әлем 
Өмір мен шындық 
 
1-тоқсан 
1. Бақыт, үміт және үрей әлемі. 
2. Күшті және әлсіз, шаршауға үйрен. 
3. Адамның қоршаған ортамен өзара байланысы. 
4. Өзіңді таны. 
5. Сенің күнің, оның мазмұны. 
 
2-тоқсан 
1. Мектеп, сенің ісің. 
2. Сені не қызықтырады (таңдау бойынша). 
3. Нені жоғалтсаң, соны таба алмайсың. 
4. Азғыруға қарсы тұра біл. 
 
3-тоқсан 
1. Өзіңді тексер. Табиғатқа қаңдай пайдаң бар? 
2. Сен көлікте, кинода, жорықта. 
3. Табиғатта бәрі өзара байланыста. 
4. Адамның өмірі, оның табиғатқа, жануарларға, құстарға көзқарасы. 
5. Адам – әлемді жаратушы. 
 
4-тоқсан 
1. Әртүрлі жағдайларда сенің тәртібің. 
2. Адам  жаратады,  жасайды,  көбейтеді  (экономикалық  мерекелер, 
викториналар). 
3. Табиғатпен бір күн. 
 
 
 
 

 
50 
Денсаулықты нығайту және сақтау, денені дамыту 
 
1-тоқсан 
1. Ойындар, спорт, жеңістер әлемінде. 
2. Жастық пен денсаулықтың құпиясы неде? 
3. Тазалық – спорт пен денешынықтыру сабығында маңызды жағдай. 
4. Гимнастика – өмір және табыс. 
5. Ақылдас, өзің таңда. 
 
2-тоқсан 
1. Денсаулық мерекесі, сенің қатысуың. 
2. Айнаға жиі қара. 
3. Аяқ киім – сымбат, денсаулық, жайлылық. 
4. Өзіңді ұсына біл. 
5. Ойындар әлемінде. 
 
3-тоқсан 
1. Ауа райы әлсіздерді қаламайды. 
2. Қыс қызықтары (ақша қар мерекесі). 
3. Сен ер жеттің. Жеке басыңның тазалық заттары. 
4. Жазға дайындал. 
5. Даму үндестігі, оның қосылғышы. 
 
4-тоқсан 
1. Біздің достарымыз – күн, ауа және су. 
2. Көктем, жаз жағдайындағы тазалық талаптары. 
3. Әртүрлі ауа райы жағдайындағы дененің күтімі. 
4. Жазғы спартакиада. Сенің қатысуың. 
 
Еңбекке үйрету және тәрбиелеу 
 
1-тоқсан 
1. Еңбек нәтижесінің байқауы. Өткен оқу жылында шеберханадағы үйрету 
қорытындысы. 
2. Мамандық таңдауда сен қателескен жоқсың ба? 
3. Сен өзіңнің ержеткеніңді, жұмысшы болғаныңды қалай елестетесің? 
4. Еңбек жазын сен қалай өткіздің? 
 
2-тоқсан 
1. Сенің мектепке көмегің. 
2. Еңбек – өмірдің негізі. 
3. Тұрмыстық еңбекке, қызмет  көрсетушіге сенің қарым-қатынасың. 
4. Оқыту еңбегінің табыстары, қуаныштары мен реніштері. 
 

 
51 
3-тоқсан 
1. Біздің жексенбілік және оған қатысу. 
2. Еңбек мерекесіне қатысу. 
3. Мамандық – маңызды таңдау. 
4. Таяу кәсіпорындар туралы не білесің? Экскурсиялар. 
 
4-тоқсан  
1. Физикалық және интеллектуалды еңбек. 
2. Әйел және ер адам еңбегі. 
3. Мектепке көмек берейік. 
 
 
ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ – АДАМ ӨМІРІНІҢ НЕГІЗІ 
АДАМ ҚОҒАМДЫҚ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ 
Адамның қызметі мен өмірінің шарты 
 
1-тоқсан 
1. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз. 
2. Менің алғашқы тапсырмам. Уайым. Бұл қолымнан келе ме? 
3. Өткен күннің мазмұны. 
4. Адамның абыройы және кемшіліктері. 
5. Біздің ортақ ісіміз. 
 
2-тоқсан 
1. Ол қандай адам болған? (Ю. Гагарин туралы) 
2. Адаммен қалай танысуға болады? 
3. Еңбек жұмысы әлемінде. 
4. Біздің азаматтық борышымыз. 
 
3-тоқсан 
1. Бізбің ұқсастықтарымыз бен айырмашылығымыз. 
2. «Кедей», «бай», «қамтамасыз етілген», «бақытты» түсініктері. 
3. Адам сұлулығы неде? 
4. Еңбек мерекесі. 
 
4-тоқсан 
1. Адамға адам дос. Достық, қолғабыс, көмек. 
2. Ер адам қоғамда, оның еңбек істері. 
3. Әйел адам қоғамда, оның негізгі міндеттері. 
4. Кәсіби еңбек өмір мен жасампаздықтың құралы ретінде. 
 
 
 
 

 
52 
Атамекен – Отан. Сенің ата-анаң 
Адам бақытты неде болады? 
 
1-тоқсан 
1. Менің отбасым. Отбасындағы қарым-қатынас. 
2. Туысқандар. Шежіре. 
3. Сенің туып – өскен үйің. 
 
2-тоқсан 
1. Айналамыздағының бәрі – ортақ. 
2. Сен өз еліңнің азаматысың. 
3. Отанға деген сүйіспеншілік. 
4. Отан даңқын арттыру. 
5. Отан неден басталады? 
 
3-тоқсан 
1. Адам, оның қоғамдағы орны. 
2. Қоғамдағы құқықтық қатынастар. 
3. Адам өз Отанының патриоты ретінде. 
4. Өлке, қала, ауыл, үй, көше – менің Отаным. 
5. Батырлық, оның көрінуі. 
 
4-тоқсан 
1. Бірге уайымдап, қам жесіп және мақтан тұта біл. 
2. Адамдар, олардың тарихы. 
3. Жер ғаламшарындағы сен үшін ең қымбат орын. 
4. Мемлекет, атамекен – Отан. 
5. «Достық пен теңдік отбасындағы» мереке. 
 
9.3  Арнайы  (түзету)  мектепте  жоғары  сыныптардағы  тәрбие 
үдерісінің бағыттары мен мазмұны. 
Арнайы  тәрбие  жағдайында  жоғарғы  жасөсіпірімдік  жас  шамасы 
критикалық  түрде  болады.  Себебі,  бүкіл  организм  жүйесінде  даму 
қарқынды  жүреді,  ал  интеллектуалдық  потенциалы  ең  төменгі  деңгейде 
болады.  Балаларда  оқуға  деген  қызығушылығы  төмендейді,  жаңа  бір 
құштарлықтары  пайда  болады,  теріс  мотивациясы  көрінеді.  Тұлғалық 
көріністері бірден байқалады немесе жасырын сипатта келеді. 
Еліктеуге  жаңа  мұраттар  пайда  болады,  мысалы:  мектептің  бір 
жасөспірімі,  отбасы  мүшелерінің  бірі,  ұстаз,  тәрбиеші  болуы  мүмкін. 
Қарқынды жыныстық жетілуі түр әлпетінде, дауысында, жүріс-тұрысында 
өзгерістерге  алып  келеді.  Сонымен  қатар  тұлғалық  көрінісі  қатты 
байқалады.  Ұлдарда  қарама-қарсы  жынысқа  деген  қызығушылығы  пайда 
болады, қыздар болса өздерін әдейі дөрекі ұстайды, бірақ ұнағысы келеді. 
Ұлдар  өздерінің  эмоциялық  сезімдеріне  иелік  ете  алмай,  өте  сыншыл, 

 
53 
тұйық  келеді;  қыздар  аса  белсенді  және  мазасыз  болып  келеді.  Осындай 
жағдайда  үлкендердің  жасөспірімдерге  деген  ынтасыз  қатынасы,  оларда 
жаман әдеттердің қалыптасуына әсерін тигізеді.  
Осы  аралықта  ұлдар  мен  қыздардың  гигиенасына  аса  талапты  болу 
керек;  бейберекет  отбасынан  шыққан  жасөспірімдерді  тұрақты  қатаң 
бақылауда  ұстау,  оларға  ақыл-кеңеспен  көмектесу;  мектеп  дәрігері, 
психологынан ұдайы кеңес алып отыру маңызды. 
Оқумен  қиындықтар  туындайды.  Балалар  үй  тапсырмасын  орын-
дағысы келмейді, оларды баға қызықтырмайды, күнделікті іс-әрекеттердің 
орындауын  талап  ететін  мұғалімдер  мен  тәрбиешілерге  деген  теріс 
қатынасы  қалыптасады.  Жасөспірімнің  өзін  тұлға  ретінде  көрсете  алатын 
жалғыз құралы, бұл – еңбекке оқыту мен еркін іскерлік. 
Түзету мектебінің 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 
мазасыз,  үрейлі  күйдегі  оқушылар  кездеседі.  Біреулерде  бұл  қорғаныс 
реакциясы  болса,  басқаларында  аурудың  белгілері.  Мұндай  оқушыларды 
топ, сыныптың барлық істеріне абайлап қатыстыру керек. 
Жасөспірімнің тұлғасын зерттеуде келесі: бақылау, әңгіме, қызметтiң 
өнiмдерiн талдау, мінездемелерді құруда медициналық құжаттарды зерттеу 
әдістерінің көмегі арқылы іске асыруға болады. 
Әрбір жасөспірімге керек құжаттарды жинаған соң, көрсеткіштердің 
индивидуальды  жалпылауы  мен  айырмашылықтарын  ескере  отырып, 
тәрбие бағдарламасын құруға болады. 
 
7-сынып оқушысына арналған диагностикалық картаны толтыру 
үлгісі (аты-жөні, жас шамасы, жынысы). 
 
Т
олты
ру күн
і 
Де
нс
аулы
қ ж
ағ
да
йы
 
Ү
лг
ері
мі
  
Тұлғалық көріністері 
М
іне
з-
құлы
қ 
мә
де
ни
ет
і  
Е
ңб
ек б
елс
енд
іл
іг
і 
О
ң 
 
Т
ері
с 
 
Қы
зы
ғуш
ы
лы
қт
ары
  
17.11 
Негізгі 
топ 
Қанағатта-
нарлық  
Белсенді, қарым-
қатынасқа түседі, 
көркемдік 
қолөнер мен 
жарыстарға 
қатысуды жақсы 
көреді 
Сабақты 
босатады 
Сурет 
салуды 
ұнатады 
Сы-
пайы  
Жақ-
сы  
 
Ескеретін  жайт,  топтық  зерттеу  мәліметтері  көбінесе  объективті 
түрде  болмайды.  Бұл  барлық  емес  жасөспірімдердің  ұжымдық  сезімдерін 
білдіре  алмайтындығымен  көрінеді.  Тәрбиеші  баланың  бөлек  тұлғалар 

 
54 
ұжымында  қандай  рөлде  екенін,  сынып,  мектеп  жұмыстарындағы  оның 
нақты  атсалысуын,  тәрбие  деңгейін  ескере  отырып,  балалармен  қарым-
қатынасты құрастыру керек. 
Нақты 
жастағы 
балалардың 
қатысуымен 
болатын 
әрбір 
жоспарланған  тәрбиелік  бағдарлама  шартталған  сипатта  болады  және 
бүкіл педагогикалық ұжымның қатысуымен іске асырылады. 
Бағдарламаға  азаматтық,  адамгершіліктік,  еңбек,  эстетикалық, 
физикалық тәрбиенің негіздері кірген. 
 
Арнайы (түзету) мектептің жоғары сыныптарыындағы 
тәрбие жұмысының бағыттары мен мазмұны 
 
Тәрбие жұмысының бағыттары 
Тәрбие жұмысының мазмұны 
Ағзаны шынықтыру, денсаулықты 
сақтау, физикалық кемел 
1. Түрлі шынықтыру амалдарын қолдану. 
2. Ауруды алдын алу, емдеу. 
3. Ер адам әдеттері, үлкендерге еліктеу, пайдасы – зияны. 
4. Әйел адамның жүріс-тұрысы, оның оң және теріс сәттері. 
5. Физикалық  кемелге  жету  мақсатында  спорттық 
жаттығулардың әртүрлі түрлерін қолдану. 
Интеллектуалды және тұлғалық 
шыңдалу 
1. Бұл маған қызықты. 
2. Іскерлік тұлғаны шыңдау құралы ретінде. 
3. Сәтсіздік,  жетістік.  Олардың  нәтижесіне  қалай 
дұрыс жауап қайтару керек? 
4. Менің достарым, олардан көпті үйренуге болады. 
Еңбек қызметі кәсіби кемелдену 
және даму құралы ретінде 
1. Еңбек тәрбиесі тіршілік әрекетінің құралы ретінде. 
2. Кәсіби білім. 
3. Кәсіп таңдау, менің мүмкіндіктерім. 
4. Адамның еңбек қызметі. 
5. Еңбек абыройының заңдары. 
Азаматтық борыштың, саналы 
тәртіптің қалыптасуы 
1. Қоғамдық нормалар мен түсініктер. 
2. Қоғам, ел, мемлекет. 
3. Өмірмен  қызмет  үрдісіндегі  адамдардың  қарым-
қатынастары.  
Құлықтық дәрежелері мен 
түсініктері. Құлықтық жетілу 
1. Құлықтық кемелденудің негізгі көрсеткіштері. 
2. Құқықтық тәрбиенің негіздері. 
3. Ар құлықтық қатынасты, жүріс-тұрысты реттеуші ретінде. 
4. Тұлғалық көріністер: махаббат, қамқорлық, достық. 
«Ғажайып – өмірдің өзі...» 
Н.Г. Чернышевский 
1. Біз  қалай  өмір  сүреміз?  Адамның  бақытты  өмірі 
туралы  түсінігі.  Бізді  кім  және  не  қоршайды?  «Вальс 
королі».  (И.Штраус).  «Егер  сен  өз  денсаулығына  жау 
болсаң» (маскүнемдік пен нашақорлық). Ұлы суретші. 
(Левитан). Еңбекте адам бақытты.  
2. Табиғат – сақтандар оны! 
3. Тыңдай, көре және жасай біл. 
 
Жасөспірімдерде  тапсырылған  жұмысқа  жауапкершілікпен  қарау, 
бастаған істі аяғына дейін аяқтауды қалыптастыру маңызды рөл атқарады. 

 
55 
Жасөспірімдердің қызығушылықтары объектінің өзінің тартымдылы-
ғына  немесе  нақты  осы  объектінің  сол  сәтте  болу  қажеттілігіне  байла-
нысты.  Атақты  психиатр  Е.А. Личко  қызығушылықтардың  бірнеше  түрін 
бөлді: интеллектуалды-эстетикалық, денелі-сипау, жинақтық, эгоцентрлік, 
көшбасшылық, құмарлық және т.б. 
Ақыл-ой кемістігі бар жасөспірімдерде осы аралықта көбінесе дене-
мануальды  құмарлық  түрі,яғни  нақты  бір  қозғалыс  қасиеті  нәсіресе  күш, 
төзімділікті  дамытуға,  сонымен  қатар  эгоцентрлік  түрде  (оңашалануға 
немесе керісінше, өз жолдастарының ішінен бірден айырықша көрінуге)  – 
талпыну көрініс береді. 
Алғашқы  әуестік  танымдық  қызметінің  жетілмеуімен  анықталса, 
екіншісі – өзін-өзі бағалау төмендігімен анықталады. 
Арнайы  оқыту  мен  тәрбиелеу  жағдайында  жасөспірімдердің  тәртібі 
оның жүріс-тұрыс реакциясының ерекшелігіне байланысты, оларға қарсы-
лық  реакциясы  тән.  Жасөспірім  пассивті  өмір  салтын  ұстанып,  еңбекпен, 
спортпен шұғылданғысы, сынып жұмыстарына қатысқысы келмейді. 
Жиі  үлкендердің  біреуіне  немесе  үлгерімі  төмен,  бірақ  физикалық 
түрде  мықты  бір  құрдасына  еліктеу  –  алдамшы  реакцияның  көрінісі 
байқалады. 
Таным саласында едәуір өзгерістер байқалады. Оқу қызметі кенеттен 
өзгереді.  Кейбір  жасөспірімдер  өздерін  тұлға  ретінде  көрсете  алатын  – 
еңбекке  оқыту,  денешынықтыру,  бейнелеу  өнері  сияқты  оқу  пәндерін 
қалайды.  Зейін,  қабылдау,  есте  сақтау,  ойлаудың  дамуында  өзгерістер 
байқалады. Мұғалім, тәрбиешінің міндеті – осы өзгерістерде ұзақ уақытқа 
дейін ұстап қалу, жасөспірімдердің зейіндерін оң нәтижеде жинақтау. 
Жасөспірімнің  мінез-құлқы  кілт  өзгереді.  Қырсықтық  –  ақ  ниетті-
лікке, қатыгездік  – бауырмалдылыққа, сараңдық болса жақсы қасиеттерге 
ауысады. Жанжалды жағдайлар азаяды. Біртіндеп жасөспірім ұжымға ене 
бастайды,  барлық  ескертулерді  қабылдайды,  өзара  қарым-қатынас 
жүйесінде өзін саналы бағалайды. Бірақ кейбір оқушылар, керісінше өзінің 
Менін  жоғалтады,  белсенділік,  тапқырлық,  өжеттілік  танытпайды.  Осы 
жағдайларды  түзету  мақсатында  тәрбиешіге  жасөспірім  өзін  басқа 
қырынан көрсететіндей педагогикалық жағымды жағдай жасау қажет.   
 
 
10 тарау. АРНАЙЫ (ТҮЗЕТУ) МЕКТЕПТIҢ ОҚЫТУ-ТӘРБИЕЛЕУ 
ҮДЕРІСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТҮРЛЕРІ 
 
10.1 Оқыту-тәрбиелеу үдерісінің ұйымдастыру түрлерін жіктеу 
Тәрбие  формалары  нақты  тәрбиелiк  процестiң  ұйымдастыру 
нұсқаулары деп атауға болады.
 
Тәрбие  формаларының  жіктелуі  туралы  қазіргі  кезге  дейiн  айқын 
пiкiрлер жоқ.
 

 
56 
Кейбір теоретиктер (А.А. Елизаров, 1989) жаппай, топтық және жеке 
формаларды  ерекшелейдi,  басқалары,  ұжымның  әсерiнiң  ұйымдастыру 
әдiсi – нақты мақсатқа бағытталған шаралар (Г.Н. Волков 1993 ж., т.б).
 
Парасатты  бұзылысы  бар  балалардың  (Г.М. Дульнев,  И.Г. Ерменко, 
А.Н. Граборов,  Х.С. Замский,  тағы  басқалары)  тәрбиесiнiң  теорияларында 
формалардың  таңдауы  және  шаралардың  байланысы  ретiнде  анықталуы 
керек:
 
– ортақ және түзетілген есептердiң тәрбиелiк шешiммен;
 
– тәрбиеленушiнiң нейродинамикалары ерекшелiгімен;
 
– оның жеке мүмкiндiктерi және әдептiлiктiң деңгейiмен;
 
– әрбiр нақтылы шараның жаттығу бағыттылығымен.
 
Шаралар тәрбиеленушi және тәрбиешiнiң нысананы көздейтiн өзара 
әрекеттесуi сияқты жүзеге асырылуы керек. Шара өзi тәрбиелiк қызметтiң 
формасы  сияқты  жұмыс  атқара  алады.  Тәрбие  процесінде  мұндай 
тәрбиелiк процестiң құрама бөлiктерi сияқты ахуалдар құруға керек. 
Түзететін  мектепте  тәрбиеленушiлердiң  құрамының  түрлiлiгiмен 
байланысты  тәрбиенiң  жаппай,  топтық  және  жеке  формаларын  өзгертуге 
керек.  Олар  (тақырыптық  сипаттағы  денсаулық  күндері,  ертеңгi  жиын-
дары,  демалыс  кештері,  жорықтар,  жарыс,  викторина)  сыныптан  тыс 
жұмыста  да  және  қосымша  білім  жүйесінде  (қуыршақ  театры,  спорт 
секциясы,  жұмсақ  ойыншық  жасау)  жүзеге  асырылады.  Өкінішке  орай, 
қосымша  бiлiмнiң  жүйесiне  күштi  оқушыларды  қамтыған,  бірақ  та 
мектептен  тыс  жұмыс  қоғамға  зияткерлiк  дамуының  бұзушылығы  бар 
оқушылардың кiрiгуiн жақсы құралы болып табылады. Қосымша бiлiм бұл 
тәрбиенiң  жаппай  формасы  секілді  мешеу  балалардың  шығармашылық 
мүмкiндiктерiн iске асыруға мүмкiндiк туғызады. 
 
10.2 Оқыту-тәрбиелеу үдерісін жаппай ұйымдастыру түрлері 
Жаппай формаларының тәрбиесі мектеп оқушыларының тәрбиелену-
шiлердiң  үлкен  санының  қатысуларын  болжайды.  Оқушыларды  түзететін 
мектептер үшiн тиiстi тәрбиелiк  есептер,  оқушыларың жас  шамасы, олар-
дың әдептілік деңгейі, үлкен ұжымда араласуы, тәрбиешiнiң кәсiби дайын-
дығының деңгейiне лайық форма таңдалады.
 
Оқушылардың  қызметi  арнайы  тәрбие  шарттарында  олардың 
ниеттерi  және  түрткілерін  барынша  мақұлдап,  алдын  ала  алдағы  шараға 
дайындалып,  балалардың  үлкен  санын  даярлайтын  жұмысқа  қызықтыра 
дайындау  керек.  Балалардың  жас  шамасы  үлкен  мағына  алады,  шара  бiр 
тiптi  бастауыш  мектепте  қол  жетпестiк  және  түсiнiксiз  болуы  мүмкін,  ал 
бас  мектептiң  тәрбиеленушiлерiне  жеңіл  көрінетін  болады,  олардың 
мүддесін төмендетеді, еңжарлықты арандатады.
 
Мерекенiң  сценарийі  әзірленеді,  5-9-сынып  оқушылары  10-12 адам 
бойынша  топтарда  жiктеледi  және  тапсырмалар  алады.  Жауапты  және 
мерекенің  бастаушысы  (әсіресе  8-9-сыныптардың  тәрбиеленушiлерi) 
тағайындалады.
 

 
57 
Мереке  қызметтiң  жаппай  формасы  болып  қалыптасады.  Қызметтің 
жаппай формасына фестивальдар, спорттық жарыстар, туристiк серуендер, 
жиындар мысал бола алады.
 
Тәрбиелiк  жұмыстың  жаппай  формаларын  ұйымдастыру  барысында 
балалардың  сол  мерекеде,  конференцияда,  сайыстарда  тiкелей  қатысуға 
көңіл  бөлінедi.  Ең  бастысы,  ұжымдық  қызметтердегі  барлық  қатысушы-
лардың қызуалды көңіл алу үшiн бас шараның қатысушыларының алдында 
өз  жауапкершiлiктерiн  түсiнуі,  көмектесу  және  өзара  көмек  көрсетулерiн 
сезiнуі  керек.  Топтық  жұмыстардың  үдерісiнде  балаларда  танымдық 
қызметке  жақсы  қатынас  қалыптасады,  ой  өрiсi  кеңидi,  бiлік  және  дағды 
қалыптасады,  топтағы,  сыныптағы  ұжым  мүшелері  арасында  сенiмдi 
қатынас пайда болады.
 
Шара,  жұмыстар  тәрбиеленушiлердiң  жас  шамасының  есепке  алуы 
түрiнде жүргiзiледi. 1-4-сыныптарда олардың ұзақтығы 20-25 минут және 
5-9-сыныптарда  40-45  минут  бола  алады.  Мектептiң  есебi  –  осы  форма 
қызметіне  әрбiр  нақты  адамның,  топтың  әлеуетті  мүмкiндiктерiн  есепке 
алуы.
 
 
10.3 Оқыту-тәрбиелеу үдерісінің топтық ұйымдастыру түрі 
Арнайы  мекемелерде  тәрбиелік  жұмысының  тиімділігі,  тәрбиеле-
нуші  бала.  Ұжымның  әлеуметті  мүмкіндіктерінің  айқындамаларына 
тәуелді  болады.  Егер  тәрбиеленушілерге  бүтіндік  ұжымға  бірігіп,  қандай 
да  бір  қызметке  өзін  тағайындау  қиын  болса,  тәрбиелік  топты  уақытша 
топтарға  бөлу  керек.  Тәрбиеші  педагогикалық  басқаруды  жүзеге  асырып, 
топтың  мүшелеріне  құрылымды  және  композициялық  шараны  өңдеп, 
топтық  қызметтегі  мүшелерге  өз  рөлін  анықтауға  көмектесіп,  олардың 
әрекетін және жауапты қатынасын қолдайды.
 
Топтық  тапсырмаларда  тәрбиешi  физикалық  берiк  балалар  мен 
жұмысты  баяулатқан  балаларды  бiрiктiріп  жұмыс  жасау  үшін  бөледі. 
Тәрбиелену  нәтижесінде  «мансұқ»  оқушылар  топтық  қызметте  өздерiн 
табады.  Егер  кiшi  сыныптарда  тәрбиеленушiлерді  ұжымдық-топтық 
қызметтi  ұйымдастыру  оңай  болса,  ал  жоғары  сыныптарда  бұл  қиындау 
болады. Бiрнеше себептер:
 
– оқушылар күрделi әрекет, нақтылы дағдыларды көрсету керек;
 
– оқушылар бiр-бiрiнiң мүмкiндiгiн тура анықтай алмайды;
 
– тәрбиешi  шығармашылық  топтың  не  үшін  керегін  түсiндiрмейдi; 
тәрбиеленушiлер  жеке  адам  сияқты  өзiн  көрсете  алмайды,  көпшiлiгi 
тәрбиешiнiң көмегiн керек етеді;
 
– топтық әсердiң арқасында тәжiрибесiнiң әрекетi болмайды.
 
Оқушылар топтық тапсырмаларды орындай алмайды, бір-бірлерінен 
көшіруді  де,  топтық  жұмыстарға  қатысудан  да  бас  тартады.  Өз 
жауапкершілігіне  жетекшілік  рөлді  алу,  топқа  тапсырманы  түсінікті  етіп 
түсіндіру,  оң  нәтиже  болжау,  бұл  –  тәрбиелеушінің  міндеті  болып 
табылады.
 

 
58 
Қызметтiң ең көп таралған формасы жеке тұлғалық болып табылады. 
Арнайы  мектептiң  түгелдей  дерлiк  оқушылары  шығармашылық  қабiлет-
тiлiктерге  ие  болады.  Бiр  оқушы  қанағат  етерлік  өлең  айтады,  басқасы 
жақсы  тiгедi,  үшiншi  жақсы  сурет  салады.  Тәрбиешi  жеке  тіл  табуды 
пайдалана,  оқушыларға  нақты  қызмет  тәсілін  қолданады.  Бiреуi  хордың 
студиясына қатысады, екiншi баянда ойнайды, үшiншi көркем кесте тiгуге 
үйренеді. Мұндай жеке сабақ түрлері адамдарға ықпал  етуге көмектеседi, 
үлкен түзету мағына алады. 
Түзету  педагогикасында  интегративті  жеке  сапалар  тәжірибелік 
мінездемелік, мінез-құлықтық (сыпайылық, адамгершілік еңбек-сүйгіштік, 
ұжымдық  белсенділік),  интелектуалдық  танымдық  (ұғымшылдық, 
тапқырлық),  синтезделген  (мінез-құлық-ерік,  дербестік,  батылдық, 
меншікті позициялар) белгіленеді. Жүйеде де, мектепте де қызметтiң жеке 
формалары қосымша бiлiм ұйымдастыруға болады.
 
Қызметтiң жеке формалары тәрбиеленушiлерге көмектеседi:
 
– өзінің МЕНін сезiну;
 
– өз мiнез-құлығын реттеу;
 
– бар болмысымен ұғымдардың қатарын сезiну;
 
– қызметтiң әлi жететiн түрлерiнде қатысу;
 
– басқа тәрбиеленушiлермен даусыз қатынасу;
 
– ұжым мүшелерiмен бiрге болатын мәселенiң талқылауына қатысу;
 
– өз көңіл күйін баяулатуға үйрену.
 
Жеке  қызметте  жеке  сапалар  және  парасатты  бұзылыстары  бар 
тәрбиеленушiлердiң мүмкiндiгi жақсы ашылады.
 
Түзеткен педагогикада (шамамен жаттығу, мiнездемелiк) интегратия 
жеке. Іс-әрекеттің жеке формаларының қолданылу сипаты оқушының жеке 
бас бұзылушылығымен анықталуы мүмкін.
 
Психопаталогиялық  бұзылулары  бар  балалардың  жүріс-тұрысын 
музыкалық сабақтарда бақылауға болады, сурет  сабақтарында, сурет салу 
барысында оң мативацияны қалыптастыруға болады.
 
Жоғарыда  аталған  парасатты  бұзылысы  бар  тәрбиеленушiнiң 
сапалары  тәрбиелiк  әсердiң  формаларының  әрбiр  жеке  адамның  дұрыс 
таңдауға кешендi жолдары жағдайда ғана ұйымдастыра алады.
 
Әрбiр мешеу оқушы – бұл өз оң және терiс сипаттары бар тұлға.
 
Тәрбиеленушiлер  қызметiнiң  жеке  формалары  –  әрбiр  жеке  адам 
туралы  объективтi  деректердiң  алуын  нақты  базасы.  Бұл  педагогикалық 
әсердiң  коррекциясы  үшiн  негiзгi  жолдар  оқу  жыл  iшiнде  анықтауға 
көмектеседi.
 
Жұмыстың  формасы  –  бұл  табысына  бағытталған  мақсаттар  және 
нақты есеп.
 
Сынып  сағаты  –  тәрбиелiк  шарттардың  түзету  жұмысының  ең  көп 
таралған формаларының бiрi. Сынып сағатының формаларының бiрi – әдеп 
әңгiмесi.  Тәрбиешi  әңгiме  арқылы  зияткерлiк  дамуында  бұзылысы  бар 

 
59 
оқушыға  жағдайдан  шығуға,  ұжымда  бейiмделiп,  адамгершілік  іс-
әрекеттерін сезiнуге көмектеседi. 
Сынып сағаты апта сайын белгілі бір уақытта жүргiзiледі, бiрақ бұл 
сабақ  емес,  оның  ұзақтықтығы  әртүрлi  бола  алады:  кiшi  мектепте 
(3-сыныптан)  –  20-25  минут,  орташа  және  бас  –  35-45  минут.  Оның 
сабақтан қарым-қатынастық еркiн формасы ажыратады. Сынып сағаттары 
арнайы  тәлiм-тәрбиелер  шарттардағы  бар  болмысымен  сипаттың  нақты 
тақырыбын  алуы  керек,  оқушылар  мектептiң  iстеріне  араласуын,  тексерiс 
нәтижесінде мерекелерге және оқушылардың тағы басқалар дайындығы. 
Мектептегi  сынып  сағаттарын  мұғалiм  әзiрлейдi,  бұл  мiндеттi 
интернатта  тәрбиешiге  тапсыруға  болады.  Мұғалiмге  (тәрбиешiге)  класс 
сағатының өткiзуi үшін: 
– тақырыпты анықтау;
 
– өткiзудiң формасын таңдау;
 
– тәрбиеленушiлердiң мүмкiндiгiн ескеру;
 
– мақсаттар және міндеттерiн анықтау;
 
– сынып сағатын өткiзудiң жоспарын белгiлеу;
 
– оқушылардың арасындағы тапсырманы бөлiп беру;
 
– тәрбиеленушiлердің  тәжiрибесін,  олардың  жеке-психологиялық 
ерекшелiктерiн ескеру.
 
Сынып  сағатын  өткiзуiндегi  басты  талап  –  барлық  тәрбиеленушi-
лердiң қатысуы.
 
Әдеп әңгiмелерiнiң мазмұны әртүрлі болып келеді, олар дедукциялы 
жолдармен де, индукциялы да болуы мүмкiн.
 
Әңгімені  өткізудің  индукциялық  жолы  оқушылардың  этикалық 
сипаттағы  жинақтауын  болжайды.  Дедедукциялық  жол  –  бұл 
тәрбиелеушіге деген жанама әсер, оның істеріне немесе балалар тобының 
іс-әрекетіне , мәдени тәтібіне баға беріледі.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет