Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


 тарау.  АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАР



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата02.03.2017
өлшемі0,93 Mb.
#5090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

11 тарау.  АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАР 
ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
 
11.1 Арнайы мектептегі ұжымға жағдай жасау 
Өтпелі  кезеңнен  жастық  шаққа  өту  кезінде  әрбір  тәрбиеленушіде 
жастық  өзгерістер  қалыптасады.  Бұл  өзгеріс  әртүрлі  жағдайда  болып 
келеді. Кей жағдайда оқушылар көбінесе зерделі, жаңалыққа құмар болып 
өз  бетімен  шешім  қабылдаса,  ол  басқа  жағдайда  кейбіреулер  жауапсыз 
енжар  болып  келеді.  Бұл  көрсетілімдер  әртүрлі  жағдайға  байланысты 
пайда  болады,  олардың  көпшілігі  немесе  керісінше  азы  тұйықтау  болып 
келеді, ол ұзаққа созылады немесе қысқа уақыт ішінде өтеді. Қатысушы өз-
өзіне сенімсіз, тұйық болады немесе басқа біреудің көмегіне жүгінеді. 
Отбасы және мектеп – тәрбиенің маңызды ошағы. Мектептегі тәрбие 
басқаларға  өзінің  жалғасушылығымен,  әртүрлі  бейнелілігімен,  мақсат 
қоюшылығымен  болашаққа  бүгіннен  дайын  болу  және  соған  қатысты 
тоқталу. 

 
69 
Оқушы бейнесі рухани тұғыдан  бай болуы  ол ата-ана мен мектепке 
байланысты.  Сонымен  қатар  оқушыға  өзінің  дұрыс  жасай  алу,  өзін-өзі 
анықтауға көмек беру. 
Балалық немесе мектепішілік шақта  – бұл жай ғана әлеуметтік орта 
емес,  ол  арнайы  әрбір  оқушыға  әсер  етеді.  Өйткені  бұл  –  әрбір  жеке 
тұлғаның  байлығы.  Ұжым  бірлестігі  білімімен,  жасай  алу  қабілетімен, 
әрбір  ұжымдағы  жеке  тұлғаның  іс-әрекетін  анықтайды.  Баланың  өмірде 
қалыптасуы, соған орай оның ақыл-ойының бұзылуы ұжымға байланысты 
болып келеді. 
Соның ішінде осы ұжымда алғашқы тәжірибе қоғамдық – әлеуметтік, 
қоршаған орта маңызды болады. 
Балалар  ұжымын  қалыптастыру  оның  іс-әрекетін  жүйелі  және 
жоспарлы  түрде  орындау  тәрбиешімен,  тәрбиеленушімен  және  оның  ата-
аналарымен қарым-қатынасқа байланысты. 
Олар бір қалыпты жағдайда да қиындықпен үйренеді, олардың ойлау 
қабілеті төмен, олар өз пікірін толық жеткізе алмайды. Сондықтан оларға 
ұжымдық  іс-әрекетті  үйренуді  ұйымдастыру  қажет,  себебі  оларда 
эмоционалды  ойлау  қабілеті  қалыптасады.  Сонда  ғана  олардың  ойлау 
қабілеті мен іс-әрекетін түсінуге болады. 
Ескертпе:  мектептегі  тәрбие  іс-шаралары  түзету  бағытында  өтімді 
міндет және жеке басына ықпал етеді. 
 
11.2 Ұжымның негізгі белгілері 
Арнайы (түзету) мектептегі ұжымды ұйымдастыру келесі жағдайлар-
ды іске асыруды талап етеді: 
– әр оқушының тұлғалық мүмкіндіктерін зерттеу; 
– балалар  ұжымының  құрылымындағы  нақты  тұлғаның  орнын 
анықтау; 
– қолжетімді ұжымдық іс-әрекетті анықтау; 
– әрбір  тәрбиеленушіге  жақсы  эмоционалдық  көңіл-күй,  жетістікте-
рінің жағдайларын жасау;  
– тәрбиеленушіні  өзінің  құрдастарымен,  тәрбиешілерімен  өзара 
қарым – қатынасқа енгізу, ол үшін:  
– өзара қарым-қатынас құрылымдарын зерттеу; 
– тәрбиеленушінің  тәрбиеші  таластарына  қатынасының  қалыпты-
лығы; 
– ұжым талаптарының мазмұнын түсіндіру; 
– коммуникациялық  байланыстардың  қалыптасуы  үшін  жағдайлар 
жасау; 
– тәрбиеленушілерді практикалық іс-әрекетке қосу, ол үшін: 
– іс-әрекеттің адекватты түрін анықтау; 
– топ  (сынып)  өміріндегі  іс-әрекеттің  нақты  түрінің  маңыздылығын 
анықтау; 

 
70 
– іс-әрекетке деген қызығушылықты дамыту, ұжымның әрбір мүше-
сінің іс-әрекетке қатысуын ұйымдастыру; 
– оқушылардың  даму  деңгейн  ескере  отырып,  тапсырмаларды 
көрсету. 
Балалар  ұжымы  қандай  да  болмасын  ұжымда,  құрылымда  іске  асса 
да, бойынша сипатталады: 
– балалардың ұзақ және күнделікті бірге, бір топта болуы; 
– ұжымдық іс – әрекеттің мақсаттары мен міндеттерінің болуы; 
– орындалып отырған іс – әрекетімен (оқу, еңбек, ойын, қоғамдық); 
– өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың белгілі бір құрылымымен; 
– бәріне міндетті тәртіппен, достық қатынастардың болуымен. 
Арнайы  түзету  мекемелерінде  оқушылардың  құрамы  клиникалық 
көріністері мен интеллектуалдық деңгейлері бойынща әртүрлі. 
Балалар  ұжымында  түрлі  клиникалық  сипаттағы  интеллектісі 
бұзылған  балалар,  деменциямен  және  шизофренияның  түрлі  формалары-
мен  ауыратын  балалар,  аса  күрделі  емес  ақыл-ой  кемістігі  бар  балалар 
болуы  мүмкін.  Осылардың  бәрі  интеллектісі  бұзылған  оқушылардың 
контингентін құрайды.  
Отандық  олигофренопедагогикада  интеллектісі  бұзылған  балалар-
дың  танымдық  процестерінің  ерекшеліктері  ескеріледі,  бірақ  олармен 
жұмыстың  негізі  ретінде  ұжымның  жалпы  педагогикалық  концепциясы 
алынады.  
Түзетушілік  білім  берудің  нормативтік  құжаттарымен  сынып  – 
тәрбиелік  топ  сияқты  анықталады.  Тәрбиеленушілер  саны  12-ден  көп 
болмауы керек. 
Педагогикалық  тәжірибеде  ұжымның  басты  белгісі  болып 
ұйымшылдық  саналады  (Я.Л. Коломинский,  В.П. Сергеева).  Ұжымның 
ұйымшыл болуы үшін мыналар қажет: 
– оқушыларға кімнің ықпал жасайтынын анықтау; 
– топ  ішіндегі  қатынастардың  өзін  демократизациялау,  ол  өз 
кезегінде сенімді қарым – қатынастарды құруға септігін тигізеді.  
Көптеген  зерттеушілер  ұжымды  құрастыру  жолындағы  қадамдарды 
саты  ретінде  қарастырды  (А.С. Макаренко,  В.П. Сергеева,  М.И. Скаткин, 
З.М. Шилина; арнайы тәрбиелеу жүйесінде – И.Г. Еременко) немесе кезең-
дер  ретінде  (Л.Я. Коломинкский,  В.А. Кароковский,  Е.Н. Степанова; 
олигофренапедагогикада – А.С. Белкин, Г.М. Дульнев, Т.И. Пороцкая). 
Арнайы (түзету) мектептегі ұжымның даму кезеңі (сатысы) тым ұзақ, 
ал бір кезеңнен  екінші кезеңге өту жалпы білім беру  мектебіне қарағанда 
күрделірек екендігін білу керек. 
Арнайы  мектеп  оқушыларының  ұжымының  түзету  –  тәжірибелік 
мүмкіндіктері  зор,  олар  берілген  ұжым  мүшелерінің  тұлғалық  қасиеттері-
мен  шартталған.  Бұл  мәселені  тәрбиеленушілермен  жұмыс  жасаған  кезде 
ескеру қажет. 

 
71 
Баланың  тұлғасына  еңбек  және  ойын  іскерлігі  әрекеттік  әсер  етеді. 
Ойын  және  еңбек  әрекетінде  интеллектісі  бұзылған  балаларда  достық, 
өзара  көмек  көрсете  алу  сезімдерінің  қалыптасуына  жағдай  жасалады, 
комуникативтік мүмкіндіктері дамиды. 
Арнайы  (түзету)  мектептің  оқушылар  ұжымының  құрылымы  өте 
күрделі. Ол екі себеппен анықталған: 
– сыныптық ұжымдағы түрлі жастағы оқушалар құрамымен; 
– кемістіктерінің бірдей емес кеһүрделілігімен және құрылымымен. 
Арнайы мектептегі оқушылар ұжымының негізгі формасы болып оқу 
немесе тәрбиелік топ – балалардың аз көлеміндегі сынып болып табылады.  
Ақыл  –  ой  аздығы  бар  балалар  арасында  микротоптар  сирек 
кездеседі,  негізінде  жоғары  сыныптарда,  тұрмыстық,  әлеуметтік  бірлесу 
негізінде  (бір  үйде  тұрады,  бір  үйірмеге  қатынасады,  ата-аналары  бір 
кәсіпорында  жұмыс  істейді,  ал  кейбір  кездерде  қазіргі  кезде  балалары 
оқып жүрген мектепті бітірген). Коррекциондық мектеп жағдайларындағы 
микротоптардың  пайда  болуының  ешқандай  маңызды  мазмұны  жоқ,  тек 
қана  эмоционалдық  факторлармен  негізделген.  Микротоптың  әрекеттері 
сыныптық  –  топтық  ұжымның  әрекеттерімен  ылғи  сәйкес  келе  бермейді. 
Тәрбиешінің  міндеті  –  ертерек  осы  әсіресе  жоғары  сыныптардағы  пайда 
болатын  микротоптарды  анықтап  алу,  бірігудің  себептерін  ашу  және 
сыныптың, топтың ұжымдық әрекетіне ұл – қыздарды қосу, сонымен қатар 
ата-аналардан  нақты  микротоптың  ұйымдастырылуының  мотивтерін, 
бірігудің себептерін анықтау. 
Арнайы  білім  беру  жағдайларында  белгілі  бір  себептерге 
байланысты  кейбір  балалар  (бала  –  жалғызбас)  ұжымында  мүше  бола 
алмайды (И.Г. Еременко). Негізінде бұлар күрделі құрылымды кемістіктері 
бар,  мінездерінің,  эмоционалдық  –  ерік  сфераларының  өткір  бұзылыс-
тарымен  ерекшеленетін  балалар.  Бірақ  бұл  балалар  ұжымының  мүшесі 
бола  алмайды  деген  сөз  емес.  Тәрбиеші  балалар  үшін  ұжым  ішінде  бала 
өзін  сенімді,  жайлы  сезінуі  үшін,  құрдастарымен  қарым  –  қатынас  жасай 
алуы  үшін,  өзінің  және  достарының  жетістіктеріне  қуана  алуына  жағдай 
жасауы керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
72 
Жалпы білім беру мектебіндегі тәрбие 
жүйесі 
Түзете тәрбиелеудің жүйесі 
Кезең-
дер 
Мазмұны 
Кезең-
дер 
Мазмұны 
1.
 
Н
ақ
ты 
(В.
П

ер
ге
ев
а 
бой
ын
ш
а)
 
Тәрбиешінің  жұмысы  ұйымды 
біртұтас  жүйеде  қалыптас-
тыру.  Педагогтің  іс-әрекеті 
беделді, 
бұйрықты 
және 
нұсқауды 
береді. 
Ұжым 
алдындағы  мақсат  тапсырма-
ларды  таныстыру.  Ұжымның 
іс-әрекеті 
оқушылардың 
еңбексүй-гіштігін, жауапкерш-
лігін  қамтиды.  Ол  ұжымның 
белсеңділігін құрайды. 
1. Б
ас
та
п
қ
ы (Г.М

ул
ьн
ев

И
.Г.Е
ре
ме
н
к
о бо
й
ы
н
ш
а)
 
Оқушының 
кеше 
топтағы 
іс-
әрекетінің 
мүмкіндігі 
үйретімді 
(еңбек  тобы,  тазалық  пен  тәртіптің 
тобы,  санитарлық  топ),  тәрбиеші 
оқушылардың  арақатынасын  пайда-
ланады,  ол  ықпалын  анықтайды, 
жауапкершілікті  ерекшелейді,  орын-
дауды тексереді, іс-әрекетінің дұрыс-
тығын  белгілейді,  өзі  көрсетеді, 
қалай  жүзеге  асуын  және  қарым-
қатынасын  қабылдайды.  7  жылдағы 
сену  атмосферасын  қалыптастырады 
және 
оны 
ұйымдастырады, 
әрқайсысына жұмысының нәтижесін 
жауап беріп өтінеді. 
2. Қ
ауым
дас
ты
қ
тар
 
Барлық  ұжым  қалыптасады, 
арқа  сүйеулерін  талап  етеді 
және  белсеңді,  тәрбиешісі 
арқылы  іске  асады  және 
белсеңді.  Қоғамдық  ойлар 
өндіріледі,  ол  әдепті  іс-
әрекетті реттеуші болады. 
2. Ұ
ж
ым
н
ың
 н
ег
ізг
і б
ел
гі
ле
рі
н
 
қ
ал
ып
тас
тыр
у 
Мұғалім  іс-әрекетті  ұйымдастыру 
ретінде 
сөйлейді, 
белсеңділікті 
реттейді,  іс-әрекетті  біледі;  кіші  топ 
ақырындап  өзінің  рөлін  жоғалтады. 
Мықты 
оқушылардың 
тобы 
қалыптасады,  олардың  арасындағы 
санын  айыруға  болады,  кейін  топ 
басшысын 
сайлайды. 
Ұжымның 
ішіндегі  бір-біріне  деген  қарым-
қатынас 
біртіндеп 
өзгереді. 
Тәрбиеші  бастапқыдай  ұжымның 
мүшесін 
бөлуді 
насихаттайды, 
белсеңдіге 
көмектеседі, 
өзін-өзі 
бекітуді қалыптастырады. 
3. Б
ір
л
ес
ті
к
те
р
 
Ұжымның  қоғамдық  пікірі 
жүргізуші болады. Бұл кезеңде 
күнделікті стандартқа сай емес 
жағдай 
ұйымдастырылады, 
еркін 
таңдау, 
моральды 
еңбеккерлік  сынып  жетекшісі, 
тәрбиеші  белсеңді  арқылы 
әрекеттерді  атқарады,  бөлек 
оқушылармен  жеке  жұмыс 
жүргізеді. 
Топтың 
ішінен 
шағын 
топтар 
құрылуы 
мүмкін. 
3. Ж
ек
е ұ
ж
ы
мн
ан
 қ
оғ
амд
ық
 
ұж
ым
ға өт
у 
Бұл  кезенің  мазмұны  тәрбиешінің 
үйренушіге 
белсеңді 
іс-әрекеті 
болып  табылады,  оның  себебі 
ұжымдағы  оқушылардың  психика-
лық тәртібі, қайтадан сыныпқа енеді. 
Ұжымның  іс-әрекетінің  формасы 
тәжірибеленеді  (күн  тәртібі,  таза-
лығы,  жайлылығы,  денсаулығы), 
жоғарғы 
сыныптағылар 
төменгі 
сыныптағыларға 
көмектеседі. 
Тәрбиешінің 
рөлі 
төмендейді. 
Күнделікті 
қолдауды 
және 
педагогикалық  басқаруды  белсеңді 
оқушы атқарады. 

 
73 
4. А
вт
омат
тыл
ығы
 
Ұжымның  әрекеті  өзіндік  іс-
әрекетінің  шекарасына  кіреді. 
Басқа  ұжымдармен  кездесу 
болады,  іс-шаралар  өткізіледі. 
Педагог 
белсеңді 
оқушы 
арқылы  байланысты  жүзеге 
асырады.  Топтың  оқушылары 
ұжым  болып  қалыптасады. 
әрбір  ұжым  мүшесінің  рухани 
өсуі  қалыптасады,  ұжымның 
іс-әрекетіне 
және 
өмірдің 
жауапкершілігіне ұжымдық ой 
өседі. 
4. Қ
ар
ама

ар
сы  і
с-
әр
ек
ет
те
р 



ак
ар
ен
к
о бой
ын
ш
а); ұ
ж
ым
н
ы
ң
 ой
-
п
ік
ір
і (Г.М

ул
ьн
ев
 бой
ын
ш
а)
 
Мұғалім  ұжыммен  әртүрлі  іс-
әрекетті  қалыптастырады,  белсеңді 
оқушымен  ақылдасады,  тәртіптің 
ескертуін  және  ұжымның  заңын 
бірге 
ақылдасады. 
Іс-әрекеттің 
нәтижесін 
оқушылар 
мектеп 
ұжымының 
алдында 
жиналыста 
жауап береді. Тәрбиеші есеп берудің 
тақырыбын  ұсынады:  «Бізде  тәртіп 
қатал»  (оқу  және  еңбек  тәртібі). 
«Әлемдегі  таңғажайып  сөз»  (қарым-
қатынастың 
мәдениеті, 
тәртібі), 
«Денсаулық, 
тазалық 
және 
қозғалыс»  (тазалық  конкурсындағы 
нәтижесі,  спорттық  жарыстардың 
бағыты).  Тәрбиеші  қайырымдылық 
жұмысты 
ұйымдастырудың 
белсеңдісімен тіркеуді өткізеді. 
 
11.3. Арнайы мектепте өзін-өзі басқару (түзету) құрылымы 
Интеллектісі бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайында, 
жалпы  білім  беру  мектептерінде  сияқты  оқушылық  ұжымның  ұйымшыл-
дықтың жақсы құралы болып мектептік өзін-өзі басқару болып табылады. 
Мұнда  әрекет  оқушылардың  көмегімен  жүзеге  асады,  ал  мұғалім 
(тәрбиеші) өзіне педагогикалық басқаруды алады. Коррекциондық мектеп-
тегі  өзін-өзі  басқару  құрылымы  2  жүйені  енгізеді:  сыныпішілік  және 
жалпымектептік.  Сыныпішілік  басқару  оқушылық  ұжыммен  немесе 
мұғаліммен бекітілген (сынып) топ старостасының жетекшелігімен жүзеге 
асады.  
Сәйкес  орынға  таңдалған  оқушыға  белгілі  міндеттер  анықталады. 
Олар барлық оқушылармен, мұғалімдермен, тәрбиешілермен келісіледі де, 
сыныптық (топтық) бұрышта ілінеді. Бастауыш сыныптардағы белгілі бір 
міндеттемелерге  жауапты  әрекеттерін  мүғалім  (тәрбиеші)  басқарады. 
Жоғары  сыныптарда  оқушылық  комитет  пайда  болады,  оны  сынып 
жетекшісі  басқарады.  Оқушылық  комитет  –  жалпымектептік  өзін-өзі 
басқарудың коллегиялық  органы болып табылады. Оқушылық комитеттің 
құрамына 5-10 (11)-сынып оқушылары кіреді. Ол оқу жылының басындағы 
жиналыста  сайланады.  Оқушылар  комитетінде  төраға  мен  оның 
2 орынбасары тағайындалады. Олар – интеллектісі сақталған (коррекцион-
дық  мектептің  негізгі  контингенті),  оқушылар  арасында  беделі  бар, 
мектептегі  ұжымды  басқаруға  көмектесетін  балалар.  Оқушылық 
комитеттің  әрекетін  оқу-тәрбие  жұмысы  жөніндегі  орынбасар  регламент-
тейді.  Оқушылық  комитет  отырыстарында  жұмыстық  топтар  (комиссия) 
пайда болады. Олардың саны мен іс-әрекеттерінің атаулары оқу-тәрбиелік 
процестің шарттарымен анықталады және мектеп директорымен келісіледі. 

 
74 
Комиссияның  дәстүрлі  тізімі:  оқу,  еңбек,  санитарлық,  денешынық-
тыру  және  спорт,  шаруашылық,  тәртіп  пен  рет,  шығармашылық  – 
музыкалық, абаттандыру. 
 
 
Арнайы (түзету) мектептегі оқушылық өзін-өзі басқарудың 
құрылымы 
 
 
1-нұсқа 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Педагогикалық басқарушылық 
(директор, орынбасар) 
 
Комиссиялар 
Орынбасарлар
ы 
Төрағасы 
Оқушылық 
комитет 
оқу
 
тә
рт
іп ж
әне
 ре
т 
де
не
ш
ы
ны
қт
ы
ру ж
әне
 
спорт
 
еңб
ек
 
аб
ат
та
нд
ы
ру
 
ш
ы
ға
рма
ш
ы
лы
қ
 -
 
муз
ы
ка
лы
қ
 
са
ни
та
рлы
қ 
ш
аруа
ш
ы
лы
қ 

 
75 
Арнайы (түзету) мектептегі оқушылық өзін-өзі басқарудың 
құрылымы 
2-нұсқа 
 
Педагогикалық басқарушылық 
(директор, директордың орынбасары) 
 
 
Жалпы мектептік 
жиналыс 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
12-тарау. АҚЫЛ-ОЙЫ КЕМ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ 
 
12.1  Дене  тәрбиесін  жүйелі  дамытуда  денешынықтырудың 
тәсілдерін пайдалану. 
Балалар  денсаулығын  қорғау  –  бұл  мемлекеттің  мәселесі.  Сау 
балалар – сау қоғам. 
Өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың  дене  тәрбиесі  –  бұл  жасөспірімде  дене 
шынықтыру мен спорт білімін, біліктілігін және дағдысын қалыптастыру, 
денешынықтыру  мен  спорт  сабақтарының  жүйелілігіне  үйрету, 
денсаулықтың,  ақыл-ой  мен  физикалық  жұмысқа  қабілеттіліктің  жоғарғы 
деңгейін  қамтамасыз  ету  мақсатымен  санитарлық-гигиеналық  біліктілік 
пен әдеттерін баулу, дағдыландыру. 
Әрбір  нақты  бір  мекеме  түрінің  денешынықтыру  сабақтарында 
түзете-орын толтыратын арнайы да, ортақ та міндеттері шешіледі. 
Арнайы  (түзету)  білім  беру  мектебінде,  мектеп-интернатта  ақыл-ой 
кемістігінің  әртүрлі  ауыр  дәрежесі  бар  балалар  оқытылады:  болмашы 
ақыл-ой  кемістігімен  –  дебилдылық  және  шамалы  (орташа)  ақыл-ой 
Қызық істер 
комитеті 
Оқу комитеті 
Өзін-өзі басқару кеңесі 
Санитарлық 
комитет 
Табиғатты қорғау 
комитеті 
Төраға 
Орынбасар  
Еңбексүйгіштер 
комитеті 
Оқушы-сыныптық 
ұжым 
Тәртіп және рет 
комитеті 
Қызық істер 
комитеті 
Оқушылар  
Тұрмыстық-
шаруашылық комитет 
Дене шынықтыру 
және спорт комитеті 

 
76 
кемістігі  имбецилдылықпен. Олардың барлығы денешынықтыру  сабағына 
қатысады, қала, мектеп спорттық іс-шараларға да қатысады. 
Ақыл-ойы  кем  көптеген  балалар  топтарының  түрлі  дене  тәрбиесіне 
арналған  мерекелік  іс-шараларға  қатыспауы  моториканың  бұзылысына 
және дене бітімдерінің дамымауына байланысты болады. 
Дамуында  кедергілері  бар  балаларға  арналған  арнайы  түзету 
мектептерінің оқушыларына дене тәрбиесімен айналысу арнайы бағдарла-
малармен  енгізілген.  Дене  тәрбиесімен  айналысу  қазіргі  таңда 
психомоторика  мен  сенсорлық  үдерістердің,  сауықтыру  мен  реабилита-
цияның, бейiмделу мен терапияның даму құралы ретінде қолданылады. 
Дене  бітімінің  дамуында  психикалық  ауытқулары  бар  адамдарға, 
мүгедек  адамдарға  жан-жақты  көмек  көрсету  үшін  дене  жаттығуларын 
кешенді түрде жасау көмектеседі. 
Ақыл-ойы  кемдік  этиология,  патогонез,  психикалық  және  клиника-
лық  белгілер  бойынша,  ауру  кезеңінен,  аурудың  ағымына  байланысты 
болады.  Барлық  жағдайларда  жалпылама  психикалық  нерв  жүйесінің 
дамымауынан  және  ОЖЖ  зақымдануынан  болады.  (Г.Е. Сухарева, 
М.С. Певзнер, В.В. Лебединский). Дене бітімінің кемшілігі  және  психика-
лық  дамымау  кемістігінен  және  жүре  пайда  болған  болып  бөлінеді. 
Қорытындысында  соматикалық  қызметтері  пайда  болады  (жүрек  ауруы, 
эндокриндік  бездің  қызметінің  бұзылуы,  қуық  жүйесі,  асқазан). 
Интеллектуалдық  жетіспеушілік  мүгедектікті  анықтауға  негіз  болады 
(Е.М. Мастюкова,Л.М. Шипицына). 
Ақыл-ойы  кем  клиникалық  градациясы  бар  балалардың  дене 
бітіміндегі  кемістігі  мен  психикалық  даму  ерекшелігінде  кемістік  бар 
балалардың  моторикалары  мен  дене  дамуларында  түрлі  кемшіліктер 
болады.  Олигофрен  балалардың  қарапайым  қозғалыс  қызметтерінің 
қалыптаспауы  ми  қабаттарының  зақымдануынан  болады;  моториканың 
күрделі бұзылуы қозғалу анализаторының зақымдануынан, сонымен бірге 
сөйлеу қызметінің зақымдануынан болады. 
Денешынықтыру бұл жерде емдік модуль ретінде қарастырылуы керек. 
Оқу-педагогикалық және медициналық құжаттарды талдау нәтижесі 
көптеген  ақыл-ойы  кем  барлық  жастағы  оқушылардың  дамуында  түрлі 
кемшіліктер  бар  екенін  көрсетті,  бұл  жағдай  екінші  кемістікті  күшейтеді, 
балалардың танымдық қызметіне үлкен кедергі жасайды. 
Бақыланады: 
– сөйлеу қызметінің бұзылуы (бастауыш сыныптарда – 22%, жоғары 
сыныптарда  –  14%).  Көп  жағдайда  бұл  тілдік  қызметтің  бұзылуы  алалия, 
дислалия түрлері, жалпы сөйлеу дамымауы (ЖСД); 
– есту кедергісі бар (2-3% балалар);  
– көру кедергілері бар (14-18% тексерілген балалар. 
Жоғары  сыныпта  жоғарыда  көрсетілген  көрсеткіштер  орташа 
жоғарылайтыны дәлелденген. 
Анализ  қорытындысы  бойынша  дамымау  кемшіліктері  және 
соматикалық  денсаулығы  бойынша,  ақыл-ойы  кем  балалардың  қозғалыс 

 
77 
дайындықтары  бойынша  денешынықтыру  топтарына  бөлінеді:  медици-
налық классификация бойынша олар үшеу: негізгі, дайындық және арнайы. 
Жасөспірім  ағзасының  физикалық  және  моторлық  даму  деңгейі 
морфологиялық көрсеткіштермен анықталады. Морфологиялық көрсеткіш-
терге жатады:  
*дене салмағы (кг); 
*бойы (см); 
*кеуде тұсының тыныш және дем шығару кезіндегі көлемі (см);  
*дененiң массасына қолдардың күшiнiң қатынасы (кг);  
*дене бітімінің пропорционалдығы. 
Антропометриялық  мәліметтер  моторлық  тестілерді  орындау 
нәтижелерімен  толықтырылып  отырады:  екі  аяқтың  итеруімен  қашық-
тыққа  секіру  (см);  жүгіру  30  м  (с)  (1-4-сыныптар  оқушылары),  60  м  (с) 
(5-10-сыныптар  оқушылары);  допты  алысқа  лақтыру  (см);  допты  көздеп 
лақтыру  (тигізу  саны);  жатып  жаттығу  жасау  (көлемі).  Алынған  мәлімет-
терді балалардың өсу ерекшеліктерінен ауытқуларына байланысты орташа 
арифметикалық  есеппен  түзету  мектептерінің  оқушыларын  дене  бітімде-
рінің  дамуларына  байланысты  топтарға  бөлінеді,  олар  жоғары,  жақсы, 
ортадан жоғары, орта, ортадан төмен, төмен деп бөлінеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет