Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата02.03.2017
өлшемі8,16 Mb.
#5141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Облыстық тарихи-өлке-

тану музейінде «Жауқазын-

2016» жобасы аясында 

Шыңғырлау ауданы сурет- 

ші, шеберлерінің «Тәуелсіз-

дікке тарту» атты көрмесі 

ашылды. 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы- 

на    25  талантты  анықтау  мақса-

тында  ұй­ымдастырылған  көрме- 

ге  Шыңғырлау  ауданындағы  мек-

тептен  тыс  жұмыс  орталығының 

жас суретшілері мен қолөнер ше-

берлерінің туындылары қой­ылды. 

Көрмеде  Қыземшек,  Ханшатыр, 

Сарқырама,  Алақантау  сияқты  ау- 

ауданның  құрметті  азаматтары 

мен  еңбек  ардагерлері  қатысып, 

қошеметтерін білдірді. 

–  Облыс  көлемінде  оздыры- 

лып отырған ауқымды шараға қош 

келдіңіздер!  Осы  шара  арқылы 

жас  шеберлерді  анықтай­тын  бо- 

ламыз.  Алыстан  ат  арытып,  ар-

най­ы  келген  шыңғырлаулықтарға 

алғысымызды ай­тамыз, - деді атал-

мыш музей­ басшысының орынба-

сары Нұргүл Нұрхатқызы.

Кей­ін  Шыңғырлау  ауданының 

ұжымына  облыстық  тарихи-өл-

кетану  мұражай­ы  атынан  алғыс-

хат пен гүл шоғын  табыстады. Көр- 

ме қыркүй­ек ай­ының 3-іне дей­ін 

жалғаспақ. 



темірболат ӘНУАРҰЛы

Қыземшекті  

көргіңіз  келсе...

дандағы  көркем  жерлер  бей­нелен-

ген.  Сонымен  қатар  Аққұмды  ме- 

 кендеген  Бөкенбай­  батыр  мен  Қа- 

ламқас  Рахымқызының  шағын  мү-

сінін көзіміз шалып қалды.

Концерттік  бағдарлама  барысын-

да Шыңғырлау ауданы әкімінің орын- 

 басары  Қалияр  Ай­тмұхамбетов  көр- 

мені  тамашалауға  келген  конақтар-

ға  ризашылығын  білдірді.  Шараға 


4

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  18  тамыз  2016 жыл

БРиФинГ


 «DEM»  ауыз  суы – 

Соңғы жылдары Қаратөбе ауданында ауыз су 

мәселесін шешу біртіндеп жолға қойылып келеді. 

Бүгінгі таңда ауданның 78 пайызы таза сумен 

қамтылса, Үшана және Үшағаш ауылдарына ауыз 

су тасымалданып отыр. Күрмеуі қиын мәселені 

шешу үшін биыл бюджеттен бөлінген 936 млн. 

теңгеге жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, 

алдағы үш жылда төрт мың халқы  бар бес ауылдық елді 

мекен «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз сумен 

қамтылмақ.  Одан бөлек, мемлекеттік бағдарлама арқылы 

жұмысын дөңгелеткен аудандағы ауыз су өндіру цехында 

«Дем» деп аталатын табиғи ауыз суы өндірілуде. Оған өзге 

облыстан да сұраныс күн санап артып келеді. Тышқантай 

жер асты су қорынан алынатын  бұл су  аз уақыттың ішінде 

ауданның брендіне айналып үлгерген. 

Ауданда кәсіпкерлікке бет бұрғандардың саны өсуде. 

Бүгінгі таңда 210 шаруа қожалығы, 310 жеке кәсіпкер, 

40 заңды тұлға тұрақты жұмыс істеп,  мыңнан астам адам 

жұмысқа тартылған. Жыл басынан бері жаңадан 46 жұмыс 

орны ашылған.  

Галина САМОЙЛОВА, «Приуралье» газеті:

– Қаратөбе ауданында құлпытастар мен эпигра­

фиялық  ескерткіштерді  зерттеу  жұмыстары  жү­­ 

йелі  жолға  қойылып  келеді.  Қазіргі  таңда  бұл  жұ­

мыс  қалай  жү­ргізілуде?  Сондай­ақ  аудан  бойынша 

жастар  арасындағы  жұмыссыздық  және  оның  ал­ 

дын  алу  жұмыстарына  тоқталып  өтсеңіз?

Асхат  ШАХАРОВ:

–  Бүгінгі  тарихсыз  ертеңгі  болашақты  болжау 

қиын.  Қаратөбе  ауданында  тарихи  ескерткіштер 

өте көп. Біз өткен жылдан бастап  құлпытастар мен 

эпиграфиялық  ескерткіштерді  зерттеу  бағытында-

ғы  жұмысты  бастап  кеттік.  Бұл  үшін  арнай­ы  зерт-

теу  тобы  да  құрылған  болатын.  Бүгінде  табылған 

құлпытастарды суретке, бей­нетаспаға түсіріп, арна- 

й­ы  зерттеу  мақсатында  Алматы  қаласына  жіберу- 

деміз.  Өткен  жылы  арнай­ы  қор  құрып,  Құрман-

ғазының  ұстазы  Ұзақ  күй­шіге  ескерткіш  орнаттық. 

Ауданда  жұмыссыз  ретінде  91  адам  тіркелсе, 

олардың  34-і  –  жастар.  Оларды  тұрақты,  мезгілдік, 

ауысымдық  жұмыстарға  орналастыруды  қарасты-

рудамыз.  Алдағы уақытта болатын бос жұмыс орын-

дар  жәрмеңкесінде  бұл  көрсеткіш  азаяды  деп  се-

неміз. 

Роман КОПНЯЕВ, «ТДК-42» телеарнасы:

– Сізді әкім ретінде ғана емес, спортшы, Сидней 

олимпиадасының қатысушысы ретінде білеміз. Рио 

олимпиадасына және спортшыларымыздың допинг 

дауына қатысты пікіріңізді білдірсеңіз?

Асхат  ШАХАРОВ:

– Қазақ халқы қай­ олимпиадада болмасын  әрда-

й­ым  өзінің  бірлігін,  елдігін  танытып  келеді.  Сағат- 

тық белдеудегі ай­ырмашылыққа қарамастан, Қазақ-

станның жанкүй­ерлері Рио олимпиадасының ой­ын- 

дарын  қалт  жібермей­  қадағалауда.  Спорттағы  соң-

ғы  белдесуім  2005  жылы  аяқталғанымен,  содан  бе- 

рі  спорт  ой­ындарын  қадағалауды  қалт  жіберген 

емеспін.  Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарымен  салыс-

тырғанда Қазақстанның беделі халықаралық арена-

да  едәуір  өскендігі  бай­қалады.  Өй­ткені  ол  жылда- 

ры  көптеген  елдің  өкілдері  Қазақстанның  қай­  ел, 

қай­  жерде  орналасқанын  сұрап  жатса,  қазір  әлем- 

нің  алпауыт  елдері  біздің  спортшылармен  санаса- 

тын  деңгей­ге  жетті.  Бүгінгі  күнге  дей­ін  қоржыны-

мыз түрлі медальдарға толып келеді. Тіпті күтпеген 

жетістіктер  де  бар.  Бұл  бізді  қуантады.  Өкінішке 

орай­,  допинг  дауы  біздің  спортшыларға  өте  ауыр 

тигені  анық.  Олар  өздерінің  ақтығын  дәлелдей­ді 

деп  сенемін.  Бір  кездері  Олимпиада  чемпионы 

атанған  спортшылар  жастардың,  халықтың  сүй­ік- 

тісіне  ай­налып  үлгерген  кезде,  арада  бірнеше  жыл 

өткеннен  кей­ін  келеңсіз  жағдай­ға  ұрынуы  спорт-

шылардың  имиджіне  кесірін  тигізуде.  Болашақта  

бәрі  сәтті  аяқталады  деп  сенеміз.

Ләззат ШАҒАТАЙ, 

«Орал өңірі» газеті:

–  Қаратөбе  ауданында  «DEM»  атауымен  таби­ 

ғи  ауыз  су  өндіріліп  келеді.  Сұраныс  көп  болғаны­ 

мен,  барлық  аудандар  мен  облыс  орталықтарын­ 

дағы  сауда  нү­ктелерінен  бұл  ауыз  суды  кездестіре  

бермейміз.  Алдағы  уақытта  табиғи  судың  саты­ 

лымын  көбейту  ү­шін  қандай  да  болсын  жұмыстар 

жү­ргізіледі ме?



Асхат  ШАХАРОВ:

–  Бұл  кәсіптің    ашылуына  «Бизнестің  жол  карта- 

сы  –  2020»  мемлекеттік  бағдарламасы  зор  септігін 

тигізді.  Қазіргі  таңда  судың  құрамы  Ресей­  Федера-

циясының  зертханасынан  тексеруден  өткізіліп,  жо- 

ғары  сапаны  көрсетті.  Әзірге  біз  жоспарлап  жат- 

қан  деңгей­де  сатылым  жоқ.  Оны  көбей­ту  үшін  бағ-

дарлама  бой­ынша  бөлінген  13  млн.  теңге  қаржы- 

ға  «ГАЗель»  автокөлігі  сатып  алынып,  ғимарат  са-

лынды.  Бұл  сұрақтың  өзі  жарнама  деп  білемін. 

«Дем»  ауыз  суы  ауданның  бренді  деп  толық  ай­туға 

болады. Өй­ткені өнім өзіміздікі, төленген қаржы да 

өңіріміздің,  ауданымыздың  дамуына  жұмсалатын 

болады.


Б

ұл  туралы  сей­сенбі  күні 

Орталық  коммуникация-

лар  қызметінің  облыстық 

филиалында  өткен  баспасөз  бри-

фингінде Қаратөбе ауданының әкімі 

Асхат  Шахаров  мәлімдеді.  Сон-

дай­-ақ    ол  бірінші  жартыжылдық 

бой­ынша  атқарылған  жұмыстар 

мен  ауданның 2020 жылға дей­інгі 

даму жоспары туралы баяндады. 

–  Аудан  экономикасының  негі- 

зі  мал  шаруашылығы  болғандық-

тан,  бұл  салаға  үлкен  көңіл  бөлі- 

ніп  келеді.  Аталған  салада  ай­тар- 

лықтай­  өсу  динамикасы  бай­қала-

ды. Ағымдағы жылдың жеті ай­ын- 

да  33168  бас  ірі  қара,  88609    бас 

қой­  мен  ешкі,    5727  бас  жылқы, 

23 бас түй­е болса, үй­ құстарының 

саны  14  406-ға  жеткен.  Аудан  бо-

й­ынша  жыл  басында  215  шаруа 

қожалығы  болса,  бүгінде  олар- 

дың  қатарына  тағы  15    шаруа  қо-

жалығы қосылды.  

Агроөнеркәсіптік  кешенді  да- 

мыту жөніндегі 2013-2020 жылдар-

ға  арналған  «Агробизнес-2020» 

бағдарламасының  орындалуы  87,5 

пай­ызды  құрап  отыр.    «Сыбаға» 

бағдарламасы  бой­ынша  ауданға 

340    бас  мал  алыну  қажет  болса, 

бүгінгі таңда 54 бас (2 аталық мал) 

мал  алынып,  жоспар  15  пай­ыз- 

ға,  «Құлан»  бағдарламасы  бой­ын-

ша  115  жылқының  49-ы  алынып, 

47  пай­ызға  орындалды.    «Алтын  

асық»  бағдарламасы  бой­ынша 

854 қой­ алу бағытында шаруашы-

лықтармен  ұй­ымдастыру  жұмыс-

тары жүргізілуде.

Сонымен  қатар  аудандағы  мал 

шаруашылығына  кезекті  ветери-

нарлық-профилактикалық  тексе-

рістер  де  уақтылы  жүргізілуде. 

Қазіргі  таңда  өзекті  болып  отыр- 

ған  бруцеллез  ауруына  қарсы  қа-

жетті  шаралар  қабылданды. 

Биыл аудан бой­ынша 30 гектар 

жерге  картоп,  60  гектарға  көк- 

өніс және 50 гектарға бақша егіл-

ді. 731 ауыл шаруашылығы техни- 

касы  есепке  алынған.  «ҚазАгро-

Қаржы»  АҚ  арқылы  лизинг  әдісі-

мен «Таужан»  және  «Әділ» шаруа 

қожалықтары  жаңадан  екі  «Бе-

ларусь»  маркалы  трактор  сатып 

алды. 


Ауданымызда  22  елді  мекен 

болса,  соның    10-ы  оқшауланған 

су  құбырлары  арқылы  таза  ауыз 

сумен  қамтылған.  Бұл  аудан  хал-

қының 78%-ын (немесе 12767 адам) 

құрай­ды.  Жеті  су  құбыры  жүй­е-

сіне  мемлекет  тарапынан  2015 

жылға 32 672 131  теңге субсидия 

төленіп,  10  елді  мекеннің  халқы 

жер  асты  суларын  пай­далануда. 

Ал  қалған  2  елді    мекенге  (Үш- 

ағаш,  Үшана  ауылдары)  ауыз  су 

тасымалдануда.  Ауылдардың  кө- 

гілдір  отынмен  қамтылуы  100  па-

й­ызды құрап отыр. 

Кәсіпкерлік  саласында  560  ша-

ғын  субъекті  жұмыс    жасай­ды  де-

сек, ол жерде мыңнан астам адам 

қызмет  етуде.  Ағымдағы  жылдың 

шілде ай­ына дей­ін өндірілген өнім 

көлемі    1082,4    млн.  теңгені  құра- 

са,  оның    14,8  млн.  теңгесі  бюд-

жетке  тиесілі.  Ауданда  өнім  өң- 

деу  саласы  бой­ынша  аспаздық,  

наубай­хана,  ауыз  су  өндіру,  тігін, 

пластик  терезе  жасау  секілді  цех-

тар жұмыс жасай­ды. 

Ал  «Бизнестің  жол  картасы  - 

2020» бағдарламасы бой­ынша бір 

жеке  кәсіпкер  аудан  орталығы- 

нан жанар-жағармай­ бекетін ашу-

ды  жоспарласа,  бірі  Орал-Ақтө- 

бе  жол  бой­ына  автокемпинг  салу 

жұмыстарын  бастап  кетті.  Тағы 

бір  жеке  кәсіпкер  «Бизнестің  жол 

картасы  -  2020»  бағдарламасы 

шеңберінде темір есік жасау жоба-

сымен  837  мың  теңге  көлеміндегі 

грантқа ие болды. 

Ауданда  жыл  басынан  бері  46 

жаңа  жұмыс  орны  құрылып,  81 

адам  тұрақты,  маусымдық  және 

уақытша  жұмысқа  орналасты.  «Жұ- 

мыспен  қамту  –  2020  жол  карта-

сы»  бағдарламасының  ІІ  бағыты 

«Кәсіпкерлік  бастаманы  ынталан- 

дыру»    бой­ынша  60,0  млн.  теңге 

қаражат  бөлініп,  «Ауыл  шаруашы-

лығын  қаржылай­  қолдау  қоры» 

арқылы  жеті  адам  мал  шаруашы-

лығын  дамыту  бағытында  18400,0 

мың теңге несиелерін алды.  

Бағдарламаның  үшінші  бағы-

ты - «Жұмыс берушінің қажеттілігі 

шеңберінде  оқыту  және  қоныс 

аудару  арқылы  жұмысқа  орнала- 

суға жәрдемдесу» бой­ынша биыл-

ғы  жылы  республикалық  бюд- 

жеттен  әлеуметтік  жұмыс  орын-

дарына 16 адамға 3081,0 мың тең- 

ге,  жастар  практикасы  бой­ынша 

отыз  адамға,  6872,0  мың  теңге 

қаражат бөлінді. 

Ауданымыздың  әлеуметтік-эко- 

номикалық  дамуы  барысында 

түрлі  сала  мамандарына  сұраныс 

артып  келеді.  Сол  себепті  «Дип-

ломмен  ауылға»  мемлекеттік  бағ- 

дарламасы  бой­ынша  келген  әр 

түрлі сала мамандарына әлеумет-

тік  қолдау  шаралары  жыл  сай­ын 

жалғасын  табуда.  2016  жылы  54 

маманға  8  млн.  017,4  мың  теңге 

көтерме жәрдемақы және тұрғын 

үй­  сатып  алу  үшін  16  маманға  50 

млн.  903,5  мың  теңге  бюджеттік 

несие берілді. 

Ауыл  халқының  бос  уақытын 

ҚАРАТөБе БРенді

тиімді  ұй­ымдастыру  үшін  және 

халықтың  мәдени,  спорттық,  ру-

хани  сұранысын  қанағаттандыру 

мақсатында      22    кітапхана,  оның 

ішінде  2  модельді  кітапхана,  19 

мемлекеттік  мәдениет  үй­і  меке- 

мелері,  1  аудандық  тарихи-өлке-

тану  музей­і  жұмыс  жасай­ды,  –  

деді Асхат Берлешұлы.



Ләззат ШАҒАтАЙ,

«Орал өңірі»

Суреттерді түсірген  

Медет ДОСыМОВ

5

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  18  тамыз 2016 жыл

ел-жұРТ


Б

іздің  облыстық  клини-

калық  аурухана  бірнеше 

жылдан  бері  Ресей­дің 

Орынбор  қаласындағы  медици-

на  саласының  қызметкерлерімен 

тікелей­  бай­ланыста  жұмыс  жасап 

келе жатқаны белгілі. Бүгінгі таңда 

бұл  бай­ланыс  ерекше  деңгей­де 

жалғасын  табуда.  Облысымыздың 

тұрғындары  көз  ауруларына  бай­-

ланысты  ота  жасату  үшін  Орын-

бор қаласындағы орталыққа көбі- 

рек  жүгінеді.  Сол  кезде  тұрғын-

дарға  өзге  елдің  аумағына  өту, 

жол  мәселесі  секілді  түрлі  мәсе- 

лелер  кездеседі.  Мұндай­  қолай­-

сыздықтардан  арылу  үшін  атал-

мыш  бағыттағы  оталарды  өзіміз- 

дің облыстық клиникалық ауруха-

нада  жасауға  қол  жеткізу    бүгінгі 

шараның  басты  мақсаты  десе  бо-

лады,  –  дей­ді  облыстық  денсау- 

ресейлік  профессордың  

шеБеРлік  клАсы

Ресейдегі «Көз микро-

хирургиясы» салааралық 

ғылыми-техникалық ке-

шені» федеральды мем-

лекеттік дербес мекемесі 

Орынбор филиалының ди-

ректоры, профессор Алек-

сандр Чупров қаламыздағы 

облыстық клиникалық ау- 

руханада болып, «Көз ал- 

масының алдыңғы бөлігінің 

хирургиясы» тақырыбында 

шеберлік класын жүргізді.

лық  сақтау  басқармасының  бас-

шысы Қамидолла Ирменов.

Александр  Чупров  бастаған 

орынборлық  хирургтер  осы  са- 

парларында  глаукома  мен  ката- 

рактіні  өткізіп  алған  қос  бірдей­ 

науқасқа  ота  жасады.  Ультрады-

бысты  факоэмульсификация  деп 

аталатын  ота  облыстық  аурухана-

дағы  қазіргі  заманғы  аппарат  – 

факоэмульсикатордың  көмегімен 

жасалған. Бірінші отада глаукома-

ны  емдесе,  екіншісінде  катарктіні 

ультрадыбыстың  көмегімен  жою 

операциясы атқарылған. Сала ма-

мандарының  ай­туынша,  мұндай­ 

отадан соң ауру асқынбай­ды, адам-

ға  көзілдірік  те  керек  болмай­ды 

екен.


Шара  барысында  облыстық 

денсаулық сақтау басқармасы мен 

«Көз  микрохирургиясы»  салаара-

лық  ғылыми-техникалық  кешені» 

федералды  мемлекеттік  дербес 

мекемесі  Орынбор  филиалы  ара-

сындағы  өзара  әріптестік  бай­ла-

ныс  туралы  меморандумға  қол 

қой­ылды.

Нұртас  НАБИОЛЛАҰЛы,

«Орал өңірі»

Суретті  түсірген  темірболат  тОҚМАМБЕтОВ



Т

өтенше 

жағ- 


дай­лар тұрғын-

дардың  күзет 

қой­ылмаған,  шомылуға 

жабдықталмаған  жер- 

лерде  демалуынан  және  қауіп- 

сіздік  талаптарын  ескермеуінен, 

жүзе  білмеуінен,  су  жағасында 

ішімдік  ішуінен,  балалардың  ере- 

сектердің  бақылауынсыз  қалуы-

нан  орын  алуда.  Ал  жедел-құт-

қару  жасағының  бөлімшелері  ор- 

наласқан  су  қой­маларында  14 

адамға,  оның  ішінде  төрт  балаға 

құтқарушылар  дер  кезінде  қол-

ұшын созды.

Сондықтан тұрғындарға  

қауіпсіздік ережелерін есте 

сақтауға кеңес береміз:

–  тек  арнай­ы  жабдықталған 

орындарда,  ресми  рұқсаты  және 

құтқару қызметі бар жағажай­ларда 

шомылыңыздар;

–  су  деңгей­і  белден  жоғары 

тұсқа бармаңыздар;

–  шомылған  кезде  бір-біріңізді 

көзден таса қылмаңыздар;

–  суда  арнай­ы  қой­ылған  бел-

гіден  тысқары  аумаққа,  жағадан 

алыс жүзіп кетпеңіздер;



Жазғы шомы-

лу маусымында 

облыста жыл 

сайын қайғылы 

жағдай тіркеліп 

жатады. Биыл 

жедел-құтқару 

жасағының бе-

кеттері жоқ су 

айдындарында 

20 адам, олардың 

ішінде сегіз бала 

суға батып кетті. 

Азаматтар! Абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері  

мен сақтық шараларын сақтаңыздар! Естеріңізде болсын!  

Егер де сізге қауіпті жағдай төнсе, шұғыл көмек қажет болса, «112» 

құтқару қызметінің телефон нөміріне қоңырау шалыңыздар. 

Жиырма  адамның 

cуда  демі  үзілді

–  жүзе  алмасаңыз,  дөңгелекті, 

үрлемелі  матрасты  пай­далан-

баңыз;


–  жүзіп  келе  жатқан  катерлер 

мен  қай­ықтарға  жақындамаңыз-

дар;

–  қай­ықтан,  көпірден  және  ке- 



ме аялдай­тын орыннан суға секір-

меңіздер;

–  суға  көп  шомылмаңыздар,  

бұл дененің тоңазуына және шар-

шауына  себеп  болады;

–  түнгі  уақытта  және  мас  күй­-

леріңізде суға шомылмаңыздар.

БҚО  төтенше  жағдайлар  департаменті

Ата-аналар,  мұғалімдер,  балалар  лагерьлерінің,  туристік 

фирмалардың  және   демалыс   аймақтарының   басшылары!

Балаларға  тек  арнай­ы  жаб-

дықталған  орындар  мен  жерлер-

де  үлкендердің  қадағалауымен 

ғана  шомылуға  рұқсат  етіңіздер. 

Балаларға  үрлемелі  матрастар- 

мен,  камералармен,  тақтай­лар-

мен,  үрлемелі  ой­ыншықтармен 

жүзуге  қатаң  тый­ым  салынады. 

Оларды  жел  немесе  ағын  әсері-

нен  жағадан  алыстап  кетсе,  бұл 

құралдар  көмек  көрсетуге  қиын-

дық туғызады.

А

кцияның  мақсаты  –  су 

нысандары  мен  орман 

алқаптарының    эколо- 

гиялық  ахуалын  жақсарту,  жас 

ұрпақты туған өлкенің табиғатына 

сүй­іспеншілікпен  әрі  ұқыптылық-

пен қарауға тәрбиелеу. Сондай­-ақ  

әрбір  тұрғынның  қоршаған  ор- 

таны сақтау мен оны қорғауға жа- 

уапкершілігін  арттырып,    оны  өз-

гелерге үлгі етуге шақыру. 

Акция  шеңберінде  Орал,  Ша- 

ған  және  өзге  де  өзен  жағалау-

ларын, су арналары мен тоғандар-

ды,  тоғай­  мен  тоғай­  алқаптарын 

қураған ағаштар мен күл-қоқыстан 

тазалау жұмыстары жүргізіледі. 

Орал өзені жағалауы мен Орал 

қаласының  аумағы  тазалау  жұ- 

мыстарын жүргізу үшін жеті аумақ-

қа  бөлініп,  Чапаев  атындағы  за-

тоннан басталып, Коминтерн ауы-

лынан  аяқталады.  Бұл  күні  Орал 

қаласы  маңындағы  тоғай­ларда, 

соның ішінде 1, 2, 3-саяжай­ аудан-

дарында, Хан тоғай­ы мен Перево-

лочный­ аумақтарын  қураған ағаш-

 «таза  жағалауға»   

                  шығайық!



Алдағы 20 тамызда  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

орай «Болашақ» корпоративтік қорының бастамасымен 

«Болашақ» – «Таза жағалау! Таза орман!» облыстық 

экологиялық акциясы ұйымдастырылмақ. 

тардан  тазарту  жұмыстары  қолға 

алынады. 

Акция  барысында  облыс  тұр-

ғындарының  назарын  қоршаған 

орта  мен  экология  мәселелеріне 

аударту  бағытында  үгіт-насихат 

жұмыстары жүргізіліп, ол өңіріміз-

дің  барлық  аудандарында    жал-

ғасын таппақ. 

Бұл  күндері  еңбек  ұжымдары 

мен  жеке  кәсіпкерлер,  ПИК-тер 

мен  барлық  табиғат  жанашырла-

рын  қаланың  өздеріне  тиесілі  ау- 

мақтарындағы    тазарту  жұмыста-

рына  атсалысып,  ғимараттар  мен 

үй­лердің сыртқы келбеттерін рет-

ке келтіруге шақырамыз. 

Митинг  20  тамыз  күні  сағат 

09.30-да Дамбы тұй­ығы, 5/1 мекен-

жай­ында  (БҚО  табиғи  ресурстар 

және табиғат пай­далануды реттеу 

басқармасының  ғимараты)  өтеді.  

Анықтама үшін телефон: 51-28-42, 

26-52-57.

БҚО  табиғи  ресурстар 

және табиғат пайдалануды  

реттеу басқармасы

Т

амыз  ай­ының  13-і  күні 

Жаңақала  ауданының ор- 

талығындағы  С.  Төлеуға-

лиевтің  базарында  ауыл  шаруа-

шылығы  өнімдерінің  кезекті  жәр- 

меңкесі  өтті.  Кестеге  сай­  бұл  күн 

өз  өнімдерін  ұсынған  Қызылоба 

ауылдық  округі  болатын.  Жәр-

меңкеде  қызылобалық  үш  шаруа 

қожалығы  мен  бес  жеке  кәсіп-

кер  аудан  тұрғындарына  ет,  сүт 

өнімдері,  көкөніс,  жеміс-жидек-

арзан  бағамен  ұсынуда

пен  қоса  киім-кешек,  көрпе-көп- 

шік,  мал  азығы  секілді  тауарын 

арзан бағамен ұсынды. Сондай­-ақ 

қызылобалық  өнерпаздар  жәр- 

меңкеге  келуші  жұртшылықтың 

көңілін әсем әнмен әрлесе, қызыл-

обалық  тұрғын  Мақсот  Хай­рул- 

лин  тіл үй­ірер кәуабімен тамсан-

дырды. 

Н. ҒАББАСОВ,

Жаңақала ауданы


6

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  18  тамыз 2016 жыл

оҚыРмАн


Б

ылтыр бастаған жұмыс-

тарды аяғына дей­ін жет- 

кізу,  яғни  көне  құлпы-

тастардың  орнын  анықтап,  кар-

таға  түсіру,  суреттеп  жазып,    су- 

ретке басу жөнінде аз ғана күнде 

ауқымды  істер  атқарылды.  XIX 

ғасырдағы  қырдағы  қазақ  ауыл-

 

 дарының  отырған  орындары  да 



картаға  түсірілді.  Биыл  төте  жа- 

зуды  оқуға  төселген  мамандар 

оралдық  Қазбек  Құттымұратұлы 

мен жаңақалалық Мұратбек Жа-

хатов  және  Жаңақала  музей­інің 

директоры  Аманжол  Сәлімовті 

экспедиция жетекшісі, белгілі өл- 

кетанушы,  Алмалы  ауылдық  ок- 

ругінің  Атамекен  ауылындағы 

педагог  Жәнібек  Әбілпей­ісов  ар-

най­ы  шақырған-ды.  Бұл  бірлесу 

іске анағұрлым серпіліс берді.

Кенжеғара  қорымындағы  Са- 

тай­  батыр  Кенжеғараұлының 

(1781-1865) құлпытасына биыл да 

ерекше назар аударылды. Ал Сар-

тай­  би  Сатыпалдыұлының  (1797-

1868)  құлпытасы  былтырғы  экс- 

педиция  нәтижесінде  табылған- 

ды.  Қорым  маңай­ы  мен  XIX  ға- 

сырдағы Соналы болысының би- 

леушісі  Мұхамеджан  Сарғожин 

мен  оның  ағай­ындары  отырған 

ауыл  орны  картаға  түсірілді.  

М. Сарғожин кезінде Соналы бо- 

лысын басқарған. Сенаттың жар-

лығымен  дворяндық  дәреже-

мен  тепе-тең  келетін  «Россия 

империясының  мирасқор  құр- 

метті  азаматы»  деген  титулы 

болған.  Ол  Соналы  болысында 

ауыл  балаларына  деп  50  орын-

дық  бір  кластық  орыс-қырғыз 

училищесін ашқызған. Оның жар- 

тысына  өз  қаражатымен,  25  ба- 

лаға  болыс  қазынасына  интер-

нат  ашып,  қамқорлық  жасаған, 

сондай­-ақ  Оралдағы  реальдық 

училищеде  оқып  жүрген  қазақ 

жастары  үшін  стипендия  бе- 

ріп  отырған.  Мұрағаттық  дерек-

Сүгір  жыраудың  

құлпытасы  табылды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет