№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
160
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ
ЖҰМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН
ЖҰМЫСТАР
СӘРСЕНБАЕВА Аяжан Нұрланқызы,
«№6 орта мектебі» ММ 11 сынып оқушысы, Шалқар қаласы,
Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ДОСМАЛОВА Гүлжанар Алпамысқызы,
«№6 орта мектебі» ММ «Информатика» пәнінің мұғалімі, Шалқар қаласы,
Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы
CROSOF EXCE РЕДАКТОРЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Болжам. M c osof Exc редакторын тестілеу моделі ретінде қабылдауға
болады және де бағдарламаның басқа да мүмкіндіктерін қолдана отырып, түрлі
есептік жұмыстарды жүргізу арқылы нәтижеге жетуге болады.
Зерттеу нысаны. Оқушыларды компьютер арқылы тестілеу, сөзжұмбақ
жасалу жолдарымен бірге сынып жетекшілерінің оқушылар қозғалысы, сабаққа
қатысы, сабақ үлгерімі, ҰБТ қорытындысы барысында қолданылу жолдары
қарастырылған.
Зерттелді: M c osof Exc редакторымен бірге оның қосымшасы VBA
бағдарламалау тілі және редактордың қосымша мүмкіндіктері.
Зерттеу мақсаты: M c osof Exc редакторын тестілеу моделі ретінде
қабылдауға болады және де редактордың басқа да мүмкіндіктерін пайдалана
отырып, нәтижеге жете білу.
Кіріспе. icrosoft Еxcel. 1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және
Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты
үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте
бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған V s C c
(Көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан барлық электрондық кестелер
бағдарламасы, оның ішінде Exc бағдарламасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге
асты.
IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала
отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кесте құрастыратын
қолданбалы бағдарлама. Exc -дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі
функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар
жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды
құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі – Microsoft
Exc . Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.
Негізгі бөлім. WINDOWS жүйесіндегі EXCEL бағдарламасы. Математикалық
функцияларды қолдану. M c osof Exc – бұл құжаттарды тез арада таблица түрінде
дайындауға арналған программа. Ол математикалық амалдарды, күрделі
есептеулерді жеңілдету үшін қолданылады.
Осы кестедегі мәліметтер негізінде әртүрлі диаграммалар тұрғызып,
мәліметтер базасын даярлауға болады. Exc -де құжатымызды сақтау, жаңа құжат
ашу, қағазға басып шығару, қате тексеру т.б. операциялар үшін стандартты аспаптар
тақтасы, ал құжатымызды өндеуге және көрнекті етіп көрсету үшін форматтау
аспаптар тақтасы қолданылады немесе меню командалары қолданылады.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
161
4-формула жолында біріншісі – төртбұрышты көрсеткіш тұрған ұяшықтың
адресін көрсетеді. = белгісі бар жол формула жолы деп аталады да, көрсеткіш тұрған
ұяшықтағы текст, формула, яғни ұяшықтағы т.б. мәндерді көрсетеді. Егер
ұяшықтағы текст қате жазылса, тышқанмен осы жолға түртіп, қате жөндеуге болады.
Одан төмен Exc жұмыс парағы орналасқан. Жұмыс парағының төменгі
жағында Exc жұмыс режимінің көрсеткіші орналасқан. Exc мәлімет енгізуді
күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторы Дайын сөзін
көрсетеді.
Exc де мәлімет енгізу және қорғау. Exc де мәлімет енгізудің 4 түрі бар: 1.
Сан. 2. Текст 3. Дата (мерзім). 4. Формула.
1. Exc де сан (цифр) жазғанда арасында бос орын болмау керек. Енгізілген сан
автоматты түрде ұяшықтың оң жағына тұрады.
2. Текст – Exc санға не формулаға ұқсамаған кез келген символды, әріпті
текст ретінде санайды да, автоматты түрде ұяшықтың сол жағына орналастырады.
Текст клеткаға сыймаса, жанындағы бос клеткаларды жауып жазыла береді.
3. Дата – Exc дата енгізгенді тез түсінеді. Мысалы, мен А2 клеткасына 1
мамыр 1995 деп жазсам, ол автоматты түрде 1.мамыр.95 деп өзгертіледі ден, оң
жаққа қойылады. Ал формула жолында А2 клеткасында 1.05.1995 көрсетіледі.
4. Формула – Exc де мәліметті автоматты түрде есептеуге арналған формула =
белгісінен басталады да, клетка адресі мен математикалық операция жазылады.
Арифметикалық операция белгілері: + (қосу), - (алу), / (бөлу), * (көбейту), т.б.
Формулада ұяшық адресін тышқан курсорымен түртіп көрсетіп, не болмаса адресін
клавиатура арқылы енгізуге болады. Клеткадағы формулада не т.б. мәліметте қате
кетсе, түзету үшін көрсеткішпен ерекшелеп, F2 клавишасын басамыз не формула
жолына түртіп, курсорды қойып түзейміз. Қате жөндеген соң En басып шығамыз.
Бірнеше ұяшықтағы мәліметті, яғни сандардың барлығын қосу үшін
ерекшелеп, аспаптар тақтасындағы «автосумма» кнопкасын қолданасыз. СУММ
(С1:С100) – С1 клеткасынан С100 клеткасына дейінгі сандар қосындысы. : белгісі
ерекшеленген диапазон, яғни С1 ұяшығынан С100 ұяшығына дейінгі клеткадағы
мәліметтер жиыны. СУММ (С1, С4, С6) бұл осы нақты көрсетілген клеткалардағы
сандардың ғана қосындысы.
Exc де курсорды бір клеткадан басқа клеткаға жылжытып отыру үшін
курсорды басқару клавишалары қолданылады немесе Sh f +En клавишасын
басса, курсор жоғарғы клеткаға, T b+En клавишасын басса, төмен қарай, T b
клавишасын басса, оң жақ клеткаға жылжып отырады. Таблица арқылы мәлімет
енгізу қолайсыз болса, таблицаны ерекшелеп алып, «Данные»
«Форма»
командасы арқылы Форма жасап, мәліметтерді таблицаға содан енгізіңіз. Егер Қосу
нүктесін басып, формада жаңа мәлімет енгізсеңіз, ол мәлімет таблицаның астыңғы
жағына автоматты түрде пайда болады.
Мәліметтерді бөгде адамдар бүлдірмес үшін «Сервис»
«защита» командасы
арқылы парақты не толық кітаптың өзін пароль қойып қорғауға болады.
Ұяшықтардың абсалюттік және салыстырмалы адресі Клетканың адресін түсіндіру
үшін, мына таблицаны келтіремін: Мекемеден қызметкерлер 1 айға 5% өсімімен
қайтаруға қарыз алған. «На месяц» бағанасында өсімі есептелген. Яғни қарыз
сомасын В6 клеткасына (5%) көбейткен. Егер мен Е9 клеткасына = D9*B6 деп
жазып, басқа төмендегі клеткаға толтыру маркері арқылы көшіре бастасам, В6 адресі
В7, одан төмен В8 болып өзгертіле бастайды. Ал бұл клеткалар өздеріңіз байқап
отырғандай, бос тұр.
Формула жазғанда клетка адресі өзгермеу үшін жоғарыдағы суреттің формула
жолында көрсетілгендей, $ символын қолдану қажет. Клеткалардың адресін (атын)
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
162
өзгертуге болады. Мысалы, В6 клетка адресін өзгерту үшін оны түртіп, «Вставка»
«Имя»
«присвоить» командасын орындаңыз да, процент атын беріңіз. Енді
жоғарыдағы формуланы = D9*процент деп жазып, ешқандай $ символын қолданбай
толтыру маркерімен басқа клеткаға көшіре аласыз.
Excel-де функция қолдану. Таблицамен жұмыс жасағанда мәліметтерді
есептеуде функция өте көп көмек береді. «Математические», «статистические»,
«логические», «финансовые» бөлімдерінде әртүрлі функциялар бар. Функция
қолдану үшін аспаптар тақтасындағы «мастер функций» кнопкасын басыңыз немесе
«Вставка»
«Функция» командасын таңдаңыз. «Мастер функций» – «шаг 1 из 2»
сұхбат терезесі ашылады. Қажетті категорияны таңдап, ондағы функция бойынша
қай ұяшықтағы мәліметті есептеу қажеттігін көрсетесіз.
Математикалық функциялар да өте көп. Төменде солардың кейбірін қолданып,
есептеулер жүргізілген. Мысал ретінде 16 саны алынған. Бұл функциялар
математикалық есептеулер жүргізгенде өте қолайлы.
Бұл программада басқа да математикалық функциялар бар. Олар: ACOS, ABS,
ASIN, ATAN, ATANH, TAN, TANH, MOБP, МУМНОЖ, НЕЧЁТ және т.б.
Анықтама алу. Exc -дегі көмекшіңіз. Exc -де кейбір сұрақтарыңызға жауап
алу үшін аспаптар тақтасындағы «помощник» кнопкасын басыңыз немесе F1
клавишасын басыңыз. Анықтама бөлімінің бүкіл бөлімін қарап шығуыңызға
мүмкіндік бар. Төменде көрсетілгендей, анықтама бөлімі ашылады. Қажетті бөлімді
ерекшелеп алып, En клавишасын басыңыз.
Қазіргі кезде компьютерді пайдаланып, оқушыларды тоқсан ішінде бірнеше рет
тестілеу – олардың ағымдық білімін бағалаудың негізгі әдістерінің бірі. MS Off c
өнімінің Pow Po n және Exc электрондық кестесі – мұғалімге оқушы білімін
тексеруге және оқушының өзбетімен жұмыстануына тест бағдарламасын құруда ең
қажетті әрі жеңіл бағдарламалар деп санаймын. Сондықтан да Pow Point-та V s
B s c программалау тілінің мүмкіндіктерін және Exc электрондық кестесінде
формулаларды қолданып, бірнеше сұрақтан тұратын тест бағдарламасын
құрастырып шықтым.
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында W ndows
операциялық жүйелері жанұясы танымал және бағдарлама жасауға қызыққандар,
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
163
осы жүйеде жұмыс жасайтын бағдарламалар жазуға ынталанады. Бұл күнделікті
өмірге ақпараттық технологиялардың енуімен және дамуымен байланысты. Егер де
адам компьютермен жұмыс жасаса, онда ол адамда ерте ме, кеш пе, ынта, кейбір
кездері бағдарламаларды үйрену қажеттілігі туындайды.
Есептеуіш техниканың дамуы, бағдарламаны қамтамасыз жасау құралдарына
деген тиімді қажеттілік, бағдарламалау тілдерінің пайда болуына әкелді, олардың
ішінде келесілерді Borland Delphi және Microsoft V s B s c көрсетуге болады. Тез
жасау жүйесінің негізіне көрнекі жобалау технологиясы және оқиғалы
бағдарламалау жатады. M c osof V s B s c W ndows-қа кәсіби деңгейлі
интерфейсі бар қолданбалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді. Осы жобада
программаларды тестілеу V s B s c бағдарламалау ортасының мүмкіндіктері
арқылы жүзеге асады.
Мақсатым – V s B s c визуалды жобалау ортасында мектепте программаны
тестілеу бағдарламасын құру болып табылады. Тест оқушы білімінің деңгейін ғана
анықтап қана қоймайды, оның ойын жүйелеп, жылдам есептеуіне, логикалық ойлау,
есептеу дағдыларының қалыптасуына, тез шешім қабылдау қасиетінің дамуына
тиімді әсер етеді. Тест оқушының білім дәрежесін қандай екендігін анықтайтын
және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді
жол.
Exc электрондық кестесінде формулаларды қолданып, тест құраймыз.
Үлгі бойынша тапсырма мәтінін тереміз. А бағанына тест сұрақтары мен
жауаптарын енгіземіз.
В29 ұяшығына барлық жауаптарды санайтын формула енгіземіз.
=СУММ(B6:B24).
С29
ұяшығына
дұрыс
жауаптарды
санайтын
формула
енгіземіз.
=B8+B14+B17+B22.
D29 ұяшығы «Формат», «Число», «Процентный» =ЕСЛИ(B29=4; C29/B29;).
Бағаларды көру үшін В32 ұяшығына =ЕСЛИ(D29>=80%; "5";" ") формуласын,
С32 ұяшығына =ЕСЛИ(И(D29<80%;D29>=60%);"4";" ") формуласын, D32 ұяшығына
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
164
=ЕСЛИ(И(D29<60%;D29>=40%);"3";"
")
формуласын,
Е32
ұяшығына
=ЕСЛИ(И(D29<40%; D29>=0%); "2";" ") формуласын енгіземіз.
Бағалау шкаласы (әркім өз қалауымен өзгерте алады): «5» – 80-100%, «4» – 60-
79%, «3» – 40-59%, «2» – 0-39%.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
165
Тестті қолдану: В бағанына дұрыс жауаптардың тұсына 1 санын енгіземіз.
Бағдарламалық
өнімдерді
құрастырудағы
мақсатым
– мұғалімдерге
жүргізілетін пәндері бойынша тексеру тестін жүргізуде көмек көрсету. Әр түрлі
пәндер бойынша оқушыларға тест жұмыстарын тез әрі өз бетінше құруға
көмектеседі. Тест қорытындысы оқушының берген жауабына қарай ұпай және
бағамен көрсетіліп отырады. Сонымен қатар пән мұғалімдері мен сынып
жетекшілерінің жүргізетін жұмыстары негізінде Exc электрондық кестесінде
жасалынған түрлі есепке алу, жүргізу журналының электронды нұсқасын ұсынып
отырмын.
Сынып жетекшілерге арналған «Оқушының сабаққа қатысын есепке алу»
электронды қолданбасы – бір ай бойғы оқушының сабақ босатуын есепке алуға
арналған. Бұл сіздің уақытыңызды үнемдеп, оқушылардың сабақ босату жай-күйін
жүргізуге қажет. Сізге ауырған оқушыға «а» белгісін, себепсіз қалған оқушыға «ж»
белгісін енгізуіңіз жеткілікті.
Нұсқаулық:
0. Ағымдағы айдағы оқу күндерін енгіз /C6:AF6 диапазоны/.
1. Оқушы аты-жөнін енгізіп, қалған күндеріне сырқаттанған оқушыға «а»,
себепсіз келмегендерге «ж» белгісін қою.
2. Сыныпта сол күні отырған оқушыға ешқандай белгі қойылмайды.
3. Әр ай сайын толтырып, оқушының ай сайын, тоқсан сайынғы қатысымын
автоматты түрде есептей аласыз.
Сонымен қатар ҰБТ қорытындысы, мектептегі сабақ кестесі, оқушылар
қозғалысы, оқу сапасы секілді жұмыстарды да электронды кестеде жүргізу мұғалім
жұмыстарын тиімді жүргізілуі мен уақытын үнемдеуге көмектеседі деп ойлаймын.
Қорытынды. Сонымен сөз соңында, қазіргі заманғы мұғалім оқушылардың
басты құқықтарының бірі – сапалы білім алуын қамтамыссыз ету үшін оқытудың
қазіргі заманға сай құралдарын пайдалану қажет деген талап қойылып отыр.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
166
Қазіргі уақытта бізге оқушылармен бірге ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың ресурстарын пайдалана отырып, білімнің қызықты әлеміне енуге
мүмкіндік туды, өйткені олар оқытудың қосымша құралдарынан біртіндеп негізгі
қатарға ауысып жатыр. Заман ағымына қарай жұмыс жасау – ол біздің өскелең ұрпақ
үшін жасаған мүмкіндігіміз және де электронды журналды пайдалану мұғалімнің
уақыты мен жұмыс жасау тиімділігін арттырады.
Әдебиеттер
1 «Информатика негіздері» журналы.
2 «Информатика и образование» журналы.
3 «Первая сентября» газетінің «Информатика» қосымшасы.
4 Иманбекова Б.И. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс. – Алматы, 2003.
5 Оқушыларды ақпараттық-компьютерлік білім беру орталықтарында
бағдарлап оқыту. – Алматы, 2009.
СУЯРОВА Сайда,
Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы,
Павлодар қаласы, Павлодар облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ЗИЛЬКЕНОВА Рымтай Оразбаевна,
Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебі «Математика» пәнінің мұғалімі,
Павлодар қаласы, Павлодар облысы, Қазақстан Республикасы
ЖЕТІСУ ӨҢІРІНІҢ 1855 ЖЫЛҒА ДЕЙІН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ БОЛҒАН
ҚАПАЛ СТАНИЦАСЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
Жоңғар шапқыншылығына соққы беруде қазақ жүздерінің Ресейге қосылуы да
елеулі рөл атқарды. Жоңғардан басқа да қазақ даласына көз тіккен жаулары аз емес
заман еді. Хиуалықтар, Қоқан хандықтары мен Цинь империясы аш қасқырдай
жалақтады.
Шекарыны нығайту мақсатымен Алатау округы құрылған соң, шекара бойында
казак бекеттері бой көрсете бастады. Аталған округте XIX ғасырдың I-ші ширегінде
63400-дей тұрғыны болған. Жетісу өңірінің отарлануы Ресей империясы үшін
Қытай, Қашқария, Үндістанмен сауда жасаудың төте жолына айнала бастады. Осы
стратегиялық маңызды жол үстіне 1846-1847 жылдары бой көтерген Қапал
станицасы еді. Қапалдың салынуы Сарқан, Софьиская (Талғар), Верный, Луговая
сияқты станицалардың қалануына тікелей әсер етті.
1846 жылы көктемде харунжий атағына ие болған С.М. Абакумовтың
басқаруымен Сергиополь (Аягөз) станицасынан отряд жолға шығады. Алға қойған
мақсаты Жетісу өңірінде шекара бойына әскери бекініс орнатуға ыңғайлы жер
таңдау.
Талай қиыншылықтарды бастан кешіріп, Лепсі, Басқан, Ақсу өзендерін жалдап
өтіп, Қызылағаш өзенінен жоғары өрлеген отряд, Қапал өзенінің «Жөңке жазығын»
қыстап шығуды таңдады. Қыс бойы солдаттар палаткада тұрды. Жергілікті жұрт
солдаттар қыстаған жерді әлі күнге дейін «Солдат сай» деп атайды. Келер жылы
Қапал өзенінің сол жақ бойы бекініс салуға таңдап алынды. Бекіністің салынуы 1846
жылы басталып, 1851 жылы аяқталды. Негізгі басшылық пен ауыртпашылық С.М.
Абакумовқа түсті. Ол 20 жылдай өмірін осы Қапал бекінісін нығайту, көркейтуге
жұмсады [1].
1854 жылы Қапал бекінісіне округтік қала дәрежесі атағы берілді.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
167
Петербургтен саяси көзқарасы үшін жер аударылып келген маман инженер,
құрылысшы М. Никитиннің басшылық етуімен құрылыс жедел қарқынмен дами
бастады. Үйлердің ірге тасы инженердің жобасымен жер сілкінісіне қарсы мықты
етіліп құйылды.
Сол жылдары сотник Ивтевтің жазып кеткен жазбаларынан: «Екі жылдан кейін
мұнда 550 отбасы көшіп келді, қосымша Қапал бекінісін салу үшін 200 қазақ-
түземдер келді», - дегенді оқимыз.
С.М. Абакумовтың бұйрығымен мұнда кірпіш зауыты салынған. Ш. Уәлиханов
жазбаларында мынадай жолдар кездеседі: «Абакумов кірпіш күйдіріп және шатыр
жабатын черепицаларды әзірлеу үшін «Қисық ауыздан» ерекше қасиетті топырақ
ардырған. Диірмен тасын өткірлеу үшін қажетті тасты да ол тапты, ал ондай заттар
бұрын Ресейдің Еуропа бөлігінен ғана тасылатын». Сонымен қатар С. Абакумов
«Желді сай» аңғарындағы Қапал-Арасан минералды суын зерттеуде де ерекше рөл
атқарған [2].
Арасан жерінде үйлер мен емдеу ванналары салынып, кейіннен оны офицерлер
жалға пайдаланған. С. Абакумов есімі ағылшын этнограф ғалымы Т. Аткинсонның
еңбектерінде де кездеседі. Шамасы олар Қапалда 1847-1848 жылдары кездессе
керек. 1848 жылы жанына әйелін ерткен ағылшын саяхатшысы Томас Уильям
Аткинсон Қапал бекетінде бір жыл қыстаған. Ол Қапалда туған ұлының атын
Алатау-Тамшыбұлақ қойған [3].
1848 жылы Қапалдағы оныншы Сібір полкының қарамағына қосымша 500
казак отбасыларымен келіп қоныстанады. 1850 жылы қалашықта 630-ға жуық жеке
меншік тұрғын үй бой көтерген. Қапалда осы уақыттарда тері өңдейтін екі зауыт,
ұста дүкендері, 80-нен аса ірілі-ұсақты дүкен, татар мұғалімі Фатих Садықов
ұйымдастырған кітап дүкені, ұн тартатын диірмен, асхана, наубайханалар жұмыс
істеген. Бақ өсіру, жеміс ағаштарын отырғызу, қаланы гүлдендіруге ерекше назар
аударылған. Қытайға қатынайтын сауда жолдарымен Құлжаға, Шәуешекке керуен
жолдары жүретін болған. Қалада үш мешіт пен екі шіркеу халыққа қызмет еткен.
Орталықтағы мешітті Құнанбай қажының құдасы, Семейдің Уақ руынан шыққан ірі
байы Тыныбай салдырған. Қаланың шығыс жағында қызыл кірпіштен қаланып,
сырты жасыл түсті бояумен әсемделген татар мешіті бой көтерген. Сонымен қатар
Қадырбай, Сәлімбай қажылар, Шаяхмет, Садақбай т.б. байлардың көше бойлары
салған еңселі екі қабатты әсем үйлері әлі күнге дейін адам назарын өзіне еріксіз
аудартады. Қала халқына арналған, офицерлер үшін салынған жеке клубтар жұмыс
істеген. Тұрғындар саны 6500-дей шамасында болған.
Қапалмен атақты шығыс зерттеушісі, этнограф-ғалым, әрі саяхатшы Ш.
Уәлиханов өмірі де тығыз байланысты. 1857 жылы патша бұйрығымен генерал
Черняев басқарған полк қазақ даласына аттанғаны тарихтан мәлім. Патша
зеңбірегінің кереметін көрсетіп, жергілікті халықты ықтырып алу мақсатын түсінген
Шоқан кейістік білдіріп, бейбіт елге оқ атуға қарсы шығады. Черняев сауатты
Шоқаннан бойын аулақ ұстағысы келді. Алайда, онымен ақылдасуға мәжбүр болады.
Қарусыз болса да, жау жүрек халық әр жерден қарсылық білдіре бастайды.
Жалданған жолбасшы Аягөзден Балқаш арқылы төте жүруге қарсылық білдіреді.
Өйткені, жол құмдауыт, ауыр зеңбірек сүйреген арбалар батып кетеді. Жалғыз амал
– Алакөлді жағалап, Ақсу арқылы жүруді ұсынады. Себебі, Жоңғар Қаратауынан
асатын жалғыз асу – «Қисық ауыз» сол жол арқылы өтетін болған.
Өзінің атақты «Қашқарға саяхаты» жорығы жабдығының бастамасы да осында
басталады. 1858 жылы 22 шілдеде Қапал уезінің «Қара мола» деген жерінде,
Сарыбас байдың ауылында Қашқарияға аттануға сауда керуені құрылып, құрамында
65 ат, сауда тауарының жалпы мөлшері 19 мың сомға тиеліп, бүркеншік есіммен
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
168
Шоқан Қашқарияға аттанған. Шоқан Омбыға қайтар алдында ауруға шалдығып,
біраз уақыт Қапалда дәрігер Соболевскийдің емдеуінде болғанын осы өңірді
зерттеуші М. Алыбаев еңбектерінен көруге болады [4].
Шоқан,
П.П
Семенов
Тянь-Шаньский,
Н.А.
Северцов,
Геннс,
Соболевскийлердің өмір жолдары осы Қапалда тоғысты.
Сол заманда Ресейде көптеген оқыған жастар үшін Орта Азия, Кавказда қызмет
ету романтикаға толы дүние болатын. Олардың көпшілігі өздерімен бірге мәдениет
ала келді.
Жердің Қопалы болуына байланысты станция Қапал атанған. 1848 жылы С.
Абакумовтың генерал-губернатордан Қапалда орысша мектеп ашуды сұраған
өтініші мақұлданады. Сұраныс құжатына станция ауқаттылары Абакумов,
Құдаймендин, Марқабаевтар қол қойған. 1850 жылы мектеп құрылысы аяқталып,
оқу басталған. Осы жылы мұсылманша оқытатын жергілікті ұлтқа арналған татар
мектебі ашылған. Мектептің демеушісі Барлыбек Сырттанов болған. Мектепте
Семей жақтан революциялық көзқарастары үшін жер аударылған Көлбай Тоғысов
зайыбы Марияммен сабақ берген. Аталған екі мектепте жалпы ұзын саны 110 бала
білім алған. Орыс мектебінде 60, татар мектебінде 50 бала оқыған. Орыс мектебі
«Приходская школа» деп аталған.
1855 жылы жазда Ұлы жүз приставы Верныйға орын ауыстырды.
1867-1868 жылғы реформалардан кейін Қазақстанға, әсіресе Жетісу өңіріне
орыс шаруаларының жаппай қоныс аудару толқыны күшейгені белгілі. Бұл
құбылыстан Қапал да шет қала алмады. Қаланың адам саны артып, ұлғайып,
кеңеюіне әкелді.
С. Абакумов өз қаржысына почта үйін салдырып, жиһаздарын әзірлеген. Орыс
географиялық қоғамына бұрын тек Швейцарияның Альпы тауында ғана өседі
делінген пікірді жоққа шығарып, Алатаудан жиналған сондай өсімдік түрлерінен
«гербарий» жіберіп отырған.
Ол осыншама прогресшіл болғанымен жеке басының шовинистік
отаршылдығы басым еді. Жергілікті халыққа зорлық-зомбылық көрсету, жерін,
малын тартып алып отыру, қара жұмысқа арзан ақы төлеп, пайдалану сияқты
өктемдігі жиі кездесіп отырады. Оған Шоқанның Достоевскийге жазған хаты дәлел
бола алады. «Абакумовтың жергілікті халыққа көрсеткен қысымы сондай, олар
өгізге мініп жүруге мәжбүр болды», - деп жазады.
Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Г.Х. Госфорттың Сырдария және Сібір
әскери шептерін ұштастыру туралы ұсынысы Петербургте қабылданды. Сондықтан
Қапал, Аягөз, Семей арқылы Сібірге қатынас пошта жолын жақсарту мақсатында
полковник шеніндегі С. Абакумов Арасан мен Тасбекет аралығындағы Қаратау
асуын зерттеп, пошта жолын жақсартып, тау етегіне пошта конторын, тұтқындарды
қамауға арналған тасбекет салдырды. Жаңа жол «Қисық ауыз» деген саймен
Қапалдан Тасбекетке тартылған. Жаңа жолды тексеру үшін Батыс Сібір соғыс
округының командармы, генерал-губернатор Г.Х. Госфорт келіп аралап, мақұлдаған.
Генерал-губернатордың келу құрметіне жаңа асуды «Госфорт асуы» деп атаған.
«Қисық ауыз» жайлы Шоқан жазбаларында: «Түнде Басқан өзені арқылы өтіп, тауға
жақын Ақсуға келдік. Ақсуда да Лепсі сияқты көпір салыныпты. Өзеннің ағыны
қатты, жағалауы жайдақ. Кең де жазық дала Лепсіге дейін созылыпты. «Қисық ауыз»
Алатауға иек артады. Алатаудың көгілдір сілемдері бұлттармен ұштасып жатыр.
Кейбір жерлері бұлттан асқан күнмен шағылысып тұр, таңғажайып сурет. «Қисық
ауыз» Алатаумен салыстырғанда жүз жылдық еменнің түбіндегі шөпке ұқсас», -
деген сөздер бар [2].
Шекаралық барлық әскери басқару жұмыстарын үлгілі басқарып
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
169
ұйымдастырғанының құрметіне Г.Х. Госфорттың нұсқауы бойынша Тасбекет
пунктіне С. Абакумов есімін беріп, «Казачья станция» деп атаған.
1905 жылы Қапалда орыс балаларына арналған «Высшая начальная школа»
бірігіп оқитын «Русско-Туземская школа» өмірге келді.
Бұл мектепте алғашында Ташкенттен мұғалімдер шақырылған. Уақыт өте татар
мектебінің түлектері М. Ермектасов, К. Тлеужанов, кейіннен Қапал педогогикалық
техникумының директоры қызметін атқарған М. Еркінбековтер ұстаздық еткен.
Аталған азаматтар – халқының қалаулылары, ұрпақ есінде қалған жандар.
Ресей отарлауынан шұрайлы жерлердің келімсектердің қарауына өтуі, бұрынғы
көшпенді қазақ өмірін құрдымға жіберді. Жаңа әкімшіліктен келген өмір талабы
өңірде ауылшаруашылығын жаңаша жүргізуге итермеледі.
1915 жылы 12 желтоқсанда, Верный қаласынан, облыстың генерал-
губернаторы
М.
Фольбаумның
қолы
қойылған:
«Создать
Капальскую
селькохозяйственную школу. Директором назначить Рычкова», - делінген бұйрық
қағазы келеді.
Осы кезден бастап ауылшаруашылық мектебі жұмыс атқара бастады. Тұңғыш
түлегінің бірі – 1891 жылы өмірге келген, Аягөздің тумасы Кудерин Жұмақан. 1917
жылы СХШ-ны бітіріп, №5 «Өте жақсы» делінген дипломын алған. Қазақтағы
тұңғыш ғалым-биолог. Революциялық толқуларға байланысты СХШ жабылған. Тек
1927 жылы бұрынғы солдаттар казармасына Алматыдан педагогикалық техникум
көшіп келіп орналасқан. Тұңғыш директоры И. Жанақов, оқу меңгерушісі қызметін
Н. Светков атқарды. Алғаш атауы Алматы қазақ округының педагогикалық
техникумы. Педагогикалық техникум деген әр түрлі атпен 1944 жылға дейін жұмыс
істеді. Жетісу жастарының көпшілігі осы техникумда оқып, білім алып, мұғалім
болып, ағарту ісінде жемісті еңбек етті.
1855 жылға дейін Ұлы жүз приставы резиденциясы болған Қапалдың сол
жылдардағы әлеуметтік, саяси, мәдени-экономикалық өткен қысқаша тарихи жолы
осындай.
Достарыңызбен бөлісу: |