№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015


Өрнектердің  түстері  мен  бояулары



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата03.03.2017
өлшемі2,83 Mb.
#5435
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Өрнектердің  түстері  мен  бояулары.  Қолөнерде  пайдаланылатын  бояуларды 
шеберлер  өздері  қолдан  жасап  алатын.  Оларға  әр  түрлі  қоспаларды  қосып,  бұрын 
табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ, сары, көк, 
қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар (сары, көк, қызыл) ағашты, теріні, 
қайысты бояуға жұмсалған. 
Сол  сияқты  малдың  қанын,  қара  бауырын,  көк  бауырын  да  бояу  ретінде 
пайдаланған.  Көк  тікеннің  бүрі,  мойыл,  долана,  қарақат,  бүлдірген,  итмұрын  және 
тағы  басқа  да  осылар  тәрізді  түрлі  жемістердің  шырыны  да  даяр  тұрған  бояу  десе 
болғандай  еді.  Халық  шеберлері  шие  жемістерін,  әр  түрлі  өсімдіктерді,  олардың 
қабықтары  мен  тамырларын  қайнатып  бояу  жасау  әдісін  көп  қолданған.  Мысалы, 
талдың,  теректің,  қарағайдың,  еменнің,  алма,  анар,  жүзім  және  өрік  ағаштарының 
қабықтарынан қызыл, сары, күрең, қошқыл түсті бояулар қайнатқан. 
Қына  (жер  қынасы,  тас  бетінің  қынасы)  «томарбояу»  дейтін  қурай  мен 
тобылғының  тамырларын  қайнатып  та  бояу  жасаған.  Қабықтарды  күздігүні  жинап, 
қол диірменге тартып, не келіге түйіп, ұнтақтап қайнатады. 
Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап, 
қалған  сұйықты  одан  әрі  қайната  беру  арқылы  оны  қоюландырған,  кейде  порошок 
түріне  келтірген.  Мұндай  қайнатынды  бояуға  ашудас,  мұсатыр,  тотияйын,  тұз, 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
154 
қарағайдың  шайырын қосатын.  Сол  сияқты  қара  күйе,  ыс,  құрым,  өріктің,  жаңғағы 
тағы басқалары. 
Қазақ халқының дәстүрлі ою-өрнегінің шығу тарихы. Қазақ халқының көне 
заманнан бері  қарай дәстүрінде өмір  сүріп келе жатқан ою-өрнегі,  олардың тыныс-
тіршілігімен тығыз байланысты. Ою-өрнектер елдің тарихымен, мәдениетімен және 
ұлттық ерекшеліктерімен айқын танылуда. 
Қазақтың  «оюы»  мен  «өрнегі»  бірігіп,  латынша  «орнамент»  деген  ұғымды 
түсіндіреді, ал бұл сөздің мағынасы «сәндеу, әсемдеу» дегенді білдіреді. 
Қазақ  ою-өрнегінің  өзіне  тән  даму  жолы  мен  тарихы  бар.  Ол  тарих  сонау 
алғашқы  көне  заман  –  тас,  мыс,  қола  және  темір  дәуірлерінен  бастау  алады. 
Тарихымызға  жүгінсек,  онда  «палеолит»  кезеңінде  адамдар  өнерге  бейімделе 
бастаған  болатын.  Палеолит  кезеңіндегі  өнердің  алғаш  туындысын  1879  жылы 
көркемдеуші  М.  Саутуолой  Испанияның  Альтамир  үңгірінен  аң  мен  малдың 
бейнелерінен  тапқан.  Сонымен  бірге  ағаштан  және  сүйектен  жасалған  «ана» 
бейнелері  Еуразияның  бірнеше  аймағынан  археологиялық  зерттеулер  кезінде 
табылған болса, соның бірі Мальтадан да табылған. 
Неолит  және  қола  дәуірін  зерттеуден  белгілі  болған  «ұлу»  өрнегі  сол 
уақыттағы қоғамның таптық құрылысқа бөліне бастаған тұсында пайда болған деген 
тұжырым  бар.  Тарих  зерттеушілерінің  бірі  Х.  Арғынбаев  анықтаған  «ұлу»  өрнек 
элементтерінің  өзі  көптеген  қазақ  ру  тайпаларынан  белгілі  болып  келген.  Қола 
дәуіріндегі  «Андронов  мәдениетінің»  космогониялық,  геометриялық  және 
зооморфтық, мифтік өрнектерін қазақ ою-өрнек туындыларынан көруге болады. 
Қола  дәуірінде  өмір  сүрген  адамдардың  табиғи  күштерге  сенімінен  туған 
өрнектерін  орта  ғасыр  сәулетшілері  туындыларында  кең  қолданған.  Энеолит 
дәуіріндегі  безендіру  ісінде  жай  және  күрделі  геометриялық  өрнектерді  –  ромб, 
торкөз, аралас түзу сызықтар қүні бүгінге дейін жеткен, ол «Таңбалы» мәдениетінен 
аян  екендігін  ғалымдарымыз  (Қ.  Ақышев,  Ә.  Марғұлан,  т.б.)  мәлімдеп  айтқан 
болатын. 
Қола дәуіріне жататын Үнді ескерткіштеріндегі ою-өрнек үлгісі геометриялық 
–  ирек, торкөз, ірі түзу жолақтар, сынық  сызықтар мен жіңішке тік сызықтар және 
биологиялық  тіршілік  дүниелері,  кейінгі  қазақ  өнерінде  көрініс  тапқан.  Ою-өрнек 
ғылымын  жан-жақты  зерттеуші  ғалымдарымыз  олардың  құрылымы  бойынша 
былайша  жіктегендігі  белгілі,  олар  –  космогониялық,  геометриялық,  зооморфтық 
және өсімдіктік болып келеді. 
Ежелгі  адамдар  өмірінің  қоршаған  ортасының,  өздеріне  беймәлім  күштерінен 
туған  наным-сенім  түрлері:  анимизм,  тотемизм,  шаманизм,  фетишизм  сияқты 
қарапайым  сенімдері  бүгінгі  күні  әлемге  кең  тараған  буддизм,  христиан,  ислам, 
индуизм сияқты ірі діни ағымдардың пайда болуына алып келді. 
Адам өмірінде әрбір затқа киелі наным-сеніммен қарап, онда магиялық немесе 
қасиетті күш-қуаты бар деп түсінгендіктен, осыған орайлас өздері салған оюларына 
оны  белгілеген.  Магия  кезінде  әлем  кеңістігінде  кең  таралғандықтан,  олардың 
тұрмыс-тіршілігінде  қолданылатын  барлық  заттарға  космогониялық,  геометриялық, 
зооморфтық,  өсімдік  түріндегі  ою  мен  олардың  қосындысынан  пайда  болған  және 
киелі  деп  танылған  өрнектердің  түрлі  нұсқалары  адамдар  арасында  туындаған 
болатын. 
Күн  мен  ғарыш  денелеріне  қатысты  туған  ойдан  ою-өрнектер  түрлерінде 
көшпелілердің  қолөнер  бұйымдарындағы  негізгі  элементтері  «күн»  өрнегі  алынған 
және  бұл  өрнек  заттың  дәл  орта  тұсына  орналастырылған.  «Жарты  шеңбер  оюы» 
күннің шығысы мен батысын білдірген. Сонымен бірге көшпелі ел өмірінде «крест» 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
155 
оюы  да  ежелгі  адам-дардың  екі  таяқты  бірінің  үстіне  бірін  крест  сияқты  қойып, 
оларды үйкегенде от шығарып жағуына байланысты пайда болғанын білуге болады. 
Дөңгелек,  шеңбер  оюлардың  символдары  күнге  қатысты  көп  оюлардың 
түрлеріне  жатады,  ал  солардың  бірі  «күн  көзі»,  «күн  сәулесі»,  «шыққан  күн».  Күн 
типтес  оюлар  қатарына  халық  көне  оюлардың  бірі  «тоғыз  төбені»  жатқызады. 
Қазақтың ең көп тараған космонологиялық ою-өрнектерін кебеже мен әбдіренің дәл 
орта  тұсынан,  көбінесе  күн  бейнесінде  орналастырылғанын  көруге  болса,  ал 
айналасындағы  ұсақ  жұлдыздарды,  бұлттарды  көбінесе  нүкте  немесе  толқын 
сызықтары түрінде бейнелеген. 
Қазақтың үй жиһаздарында кең тараған тағы бір ою-өрнектердің бірі – өсімдік 
тектес оюлар. Мысалы,  «төртқұлақ» өрнегіндегі өсімдік тәріздес ою б.з.б. VІІ-V ғғ. 
сақ,  үйсін,  қаңлы  тайпаларының  қолөнерінде  жиі  қолданылғандығы  туралы  дерек 
көздері  де  бар.  Осыған  орай,  түрік  кезеңінде  Тараз  қаласынан  табылған  (Х-ХІ  ғғ.) 
бұйымдардан  «үш  жапырақты»  ою  жалғыз  қазақ  жерінде  ғана  емес,  сонымен  бірге 
Орта Азия, Византия, Батыс Еуропа мен Кавказ және көшпелі түркі тобына жататын 
халықтарда кеңінен қолданыс тапқан. 
«Өсімдік  ою-өрнектері»  ежелгі  дәуірлерде  өмір  сүрген  адамдардың 
терімшілдікпен,  егіншілдікпен  айналысуынан,  олардың  наным-сенімдері  кейін 
өнерге айналуы өмір өзгерісін көрсетеді. 
Зоомотфтық  ою-өрнектер  төрт  түлік  малдың  бейнесінде  болуы,  осы 
жануарлардың  түршілік  қасиеттеріне  байланысты  туындаған.  Тарих зерттеуші  С.И. 
Руденконың  пайымдауынша,  зооморфтық  стиль  аңның,  жануар  мен  құстардың 
кішірейтілген  басын  (абстрактілі),  бейнесін  қола  дәуірінің  шеберлері  дәл  беруге 
тырысқан,  ал  сақ  өнершілері  көбіне  аңның,  құстың,  жан-жануарлардың  мүйіздерін 
спираль тәрізді дөңгелетіп, ою-өрнекке айналдырып отырған. 
Мал  шаруашылығымен  айналысқан  көшпелі  халық  қойды  пірі  санауынан,  ал 
кейіннен  «Қошқар  ата»  қой  иесі  деп  танып,  олардың  наным  мен  сенімдері 
қошқармүйіз  оюның  тууына  себеп  болды.  Қазіргі  кезде  қошқармүйіз  оюлар: 
қырықмүйіз, сыңармүйіз, арқармүйіз т.б. түрлерде түрленіп қолданылуда. Қолөнерге 
ерекше  нақыш  беретін  бұл  ою,  әр  түкпірдегі  елдерде  өзіндік  әсемдігімен  әртүрлі 
әрленіп дамуда. 
«Есің  кетсе  ешкі  бақ,  есеге  сенде  жетерсің»  демекші,  осы  «Сексек  ата» 
тұқымының қарағайдай басы, желбіреген құйрығы мен сақалы ел ішінде орын алған 
«айшық-мүйіз»  оюды  ажарлай  түседі.  Оюдың  әркездегі  дамуында  осы  зооморфтық 
оюлардың  дара  қасиеттеріне  байланысты,  оның  мағынасы,  композициясы, 
симметриясы, ассиметриясы, колориті мен ритмін тарихи-философиялық мәні дами 
түсуде. 
Көршілес  Қытай  өнерінде  де  жиі  кездесетін  «канатты  ат  пен  айдаһар» 
образдары  «аң»  стильдік  өрнектердің  кейбір  туындыларында  өзіндік  орын  алады. 
Ежелгі адамдар геометриялық ою-өрнектің магиялық және символдық мәні бар деп 
есептеген.  Магиялық  сол  кездегі  наным-сенім  бойынша  киелілік,ол  өліге  де,  тірі 
табиғатқа  да  тән  деп  есептелген.  Сондықтан  ою-өрнектің  магиялық  күші  бар  деп 
сенген  ежелгі  адамдар  тұрмыс-тіршіліктерінде  қолданытын  барлық  заттарға 
геометриялық оюлардың түрлі нұсқаларын берген. 
Геометриялық «меандр» ою-өрнегін дүние жүзі халықтары бүгінгі күнге дейін 
бейнелеу  өнерінде  қолданады.  Бұл  оюдың  символдық  мәні  «бақыт  жібі»  дегенді 
түсіндіреді,  ал  екінші  мәні  «жүріп  өткен  жол  мен  өткен  тарихты»  білдіреді.  Араб 
мәдениетінен енген екі түрлі  геометриялық оюдың элементтері, олар  «гирих» және 
өсімдік іспеттес ою түрі «ислими» қазақ оюларының арасында кездеседі. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
156 
Түрік  қағанаты  кезіндегі  көптеген  ою-өрнектердің  геометриялық  символдары 
сақ  дәстүрін  өзгертпей,  сол  қалпын  сақтап  қалған.  Ол  туралы  ғалым  Б.Н. 
Засыпкиннің пікірінше  «түрік  елдерінде  ою-өрнек  басқа  шығыс  елдеріне  қарағанда 
ерте  пайда  болған  және  алғашқы  оюлардың  элементі  тасқа  емес  ағашқа  салынған» 
дегенді  айтқан  болатын.  Ал  А.Н.  Бернштамның  тұжырымы  бойынша  «қазақ  ою 
үлгісіне ұқсайтын сәулет өнерінің өрнектері қарахандықтар әулеті кезінде Орта және 
Таяу Шығыс елдеріне тараған» деген. Сақ дәуірінен келе жатқан «құс» өрнегін араб 
және  ислам  өрнекшілері  түрлендіріп,  «құс  қанатының»  жаңа  нұсқасын  жасаған 
болатын. 
Археологиялық қазба кезінде Тараз қаласынан VІІ-ІХ ғғ. құмыра сияқты ыдыс-
аяқтарынан  қанаты  қайырылған  құсты  бейнелеген  геометриялық  сызбалары 
табылған.  Ою-өрнек  тарихын  зерттеген  М.В.  Рыдиннің  зерттемесінде  қазақ 
оюларының  көршілес  халықтар  арасында  да  кездесетіндігін  айтқан  болатын.  Оның 
еңбектерінде  –  «мүйіз,  жартылай  мүйіз,  текемүйіз,  бұғы,  жыланбас,  итқұйрық,  гүл, 
шынжыр» сияқты ою- өрнектер кездескен. Осыдан көршілес халықтардың ою-өрнек 
нұсқалары  бір-біріне  жақын  екендігін  және  басқа  халықтарға  қарағанда  қазақ 
оюында да өзіндік қайталанбас әсемдік логикалары барын, сонымен бірге оның жеке 
дара түрде де қолданыстар табатындығы анықталған.  
«Қазақ  оюы  әрбір  бұйымда  өзінің  тақырыптық  мазмұнын,  құрылымын,  тепе-
теңдігін, ырғағын және философиялық мәнін сақтайтындығын» зерттеуші Т. Бәсенов 
айтқан  болатын.  Оюдың  жай  және  күрделі  элементтері  өрнекте  бірнеше  рет 
қайталанса да, симметриялық заңдылығын сақтайтындығы анықталған. 
Көне дәуірдің өзінде қолөнершілер қос аң бейнесін салу арқылы тепе-теңдікті 
сақтау  ұғымын  көбіне  қалтқысыз  орындаған.  Археологиялық  қазбалар  кезінде 
табылған  заттардан  көне  замандарда  адамдардың  симметриялық  заңдылыққа  қатаң 
көңіл бөліп, оны сақтауларын байқауға болады. Осы заңдылық бүгінгі күні қазақ ою-
өрнегінде  берік  орын  алған  және  оны зооморфтық  өрнектерден  –  «қосмүйіз,  сыңар 
мүйіз, қырықмүйіз, өркеш, ботамойын, түйетабаннан» байқауға болады. 
Осыған  тағы  бір  айғақ  «Берел  қазыналы  қорғанынан»  табылған  аң  бейнелі 
стильде  жасалған,  көбінесе  ат  әбзелдеріндегі  аң-құстар  өрнектері  (грифондар), 
аяқтары  бүгіліп  бейнеленген  тұяқтылардың  тізбекті  символикасы  мен  ағашқа 
салынған  «қошқар  мүйіз»  өрнегі  өткен  ата-баба  өмірінен  дерек  береді.  Мұның  өзі 
келешекте  археологиялық  өлке  тану  мұражайларының  ауқымы  кеңеюіне  және  ел 
танымын  еселей  түсуіне  мүмкіндіктер  береді  деген  ойларды  оқырман  санасында 
қалыптастырады. 
Ою-өрнектердің  нақышы  мен  әсемдігін  арттыру  үшін  бояу  түрлерінің 
атқаратын  рөлі  үлкен  болған.  Себебі  бояу  әр  елдік  өзіндік  ерекшелігін,  дүние 
танымын байқатқан. 
Қазақ өнерінде қолданыста жүрген түстердің әсемдіктен басқа тағы символдық 
мағыналары болған. Қазақтарда көк түс өсудің, жақсы болудың, жастың, жастықтың 
мағынасын берген. Өмірі жақсы өтіп жатқан адамды «қарны тоқ, көйлегі көк» дейді. 
Түркі  халықтарында  «көк»  сөзі  шаңқан  көк  түстен  жасылға  дейін  бірнеше  түстер 
реңкін  қамтитын  рәсімдігін  айтуға  болады.  Ақ  түс  –  кіршіксіз  тазалықтың, 
адалдықтың,  пәктіктің,  ақиқаттың  символы.  Қызыл  түс  –  қашанда  қыздармен 
байланысты,  ол  гүлдің,  құмарлықтың,  махабаттың  түсі.  Өрнектегі  сары  түстер  – 
ақыл мен парасатты білдірген. 
Ою-өрнекке  осы  түстердің  реңкін  бергенде  ғана,  оның  мәні  болған. 
Көшпелілерді  ертеде  бұйымдарындағы  «күн»  өрнегіндегі  өрнекте  күннен  кейін 
алтын  түсті  бояу,  ал  содан  соң  сары  жасыл,  қызыл,  қара  түстер  орналасқан. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
157 
Түстердің  бұлайша  ретпен  орналасуы  көшпелі  халықтың  тұрмыс-тіршілігіндегі 
тұрақтылықты білдірген. 
Ал  кейіннен  түстерді  аралас  алма  кезек  пайдалану  дәстүрге  айналған.  Ою-
өрнектерде көбінесе түстер нақ ортадан бастап шетке қарай боялады. Әр заманда, әр 
халықта  өздері  жасаған  ою-өрнек  түстеріне  ат  беріп  отырған  және  қазақ  еліне  тән 
өзіндік  танымдылығын  көрсете  білген.  «Ою-өрнекте  бояулар  –  ой  мен  идеяны 
бейнелеудің,  күрделі  сюжеттер  жасаудың  құралы»  дейді  белгілі  зерттеуші  Т. 
Бәсенов. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінде қолданылатын бояу түстері, 
оның  эстетикалық  әсемдігін,  өмірдегі  танымдылығын  және  болмыс  шындығын 
танытады. 
Ою-өрнек композициялық құрылымын халқымыздың зерттеушілері, ағартушы 
этнографтары:  Ә.  Марғұлан,  Х.  Арғынбаев,  С.  Қасиманов,  Б.  Байжігітов  т.б.  үшке 
бөлген:  жиекті  (әдіптік,  кемерлік,  жолақ)  өрнектер;  гүлді  өрнектер  (шеңбер, 
шанышқы, табақша т.б.); торлама (бұйым бетін тұтас жауып тұратын) өрнектер. 
Этнографиялық  зерттеу  нәтижесінде  ою-өрнекте  эпиграфиялық  (құбылтып 
астарлап  жазу)  өрнегі,  сонымен  бірге  ру  мен  ел  таңбалары,  малға  салынатын  ен 
таңбаларының  элементтері  (айшық,  тұмар,  босаға,  абақ,  тарақ,  көз,  көсеу  шөміш, 
ашамай  т.б.)  мәнді  орын  алды.  Осы  ою-өрнектерді  тұрмыстық  заттарға  нақыштап, 
беттерін  әшекейлеп,  әрлеуде  қолданылатын  тәсілдерді:  бедерлеу,  оймыштау,  шеку, 
қашау, тісеу, қару, құрау, сыру, бояу сияқтыларды қолданған. 
Қазақ  ою-өрнегіндегі  кездесетін  әртүрлі  сазды  (мотив)  элементтер  көп 
ғасырлар  бойы  сұрыптаудан  өтіп,  әр  шебердің  өзінше  өзгерістер  енгізуінен  бір 
түрден екіншісіне ауысып отырғандықтан, бірнеше элементтерден бір-бірімен тұтаса 
біріккен  мыңдаған  түрлі  композициялық  варианттар  жасау  осының  айғағы  болса 
керек. Ою композициясының теориясын жақсы құра білген оюшы бір жазықтықтың 
бетіне  бірнеше  оюларды  қабаттап  салу  арқылы  өте  күрделі  біртұтас  ою  шығара 
алған.  Әр  оюды  өзіне  тән  түрге  бояп,  бір-бірінен  қалған  жазықтардаға  бос 
орындарды композицияның статикалық теңдігін сақтап өрнектеген. 
Мұндай оюларды халық арасында «шытырман» оюлар деген. Себебі, әр оюдың 
элементтері  өздерінің  орналасу  орындарына  қарай  бірде  біреуі  оның  астынан  өтсе, 
ал енді бірде керісінше, үстінен басып өтеді де, күрделі ою композициясын құрайды. 
Қазіргі  кезде  ою-өрнек  элементтері  өзіндік  құнын  жоймай,  қайта  керісінше 
жаңаша  бағыт  алған.  Ою-өрнектердің  қазіргі  өрісін  олардың  әдістемеліктерінен 
байқауға болады, ал ол әдістемелер топтамасы былайша аталады: 
1. Жай айналы симметрия әдісі бойынша жасалған оюлар. Бұл  топтағы оюлар 
тек  бір  ось  симметриясы  бойынша  жасалынады,  сондықтан  оны  композицияға 
кіретін ою элементтерін құрастырушы ось деп атайды. 
2.  Бұрыштық  айналы  симметрия  әдісі  бойынша  жасалған  оюлар.  Бұл  топтағы 
оюлардың  симметрия  осьтері  жазықтың  бір  нүктесінде  қиылысады  да,  әртүрлі 
мөлшерде  бір-бірімен  –  30,  45,  60,  90,  120  т.б.  градустарда  бұрыш  жасайды. 
Осьтердің саны бойынша оюлар да екі,  үш, төрт, бес, алты, т.с.с. ось симметриясы 
бойынша  жасалған  деп  танылады.  Бұл  әдіспен  орындалған  оюлар  сыртқы  пішініне 
байланысты  –  шаршы,  төртбұрышты),  ромб,  дөңгелек  (табақ),  бесжұлдыз,  алты 
бұрыш, сегіз бұрыш сияқты бөлінеді. 
3. Бұрыштық бұрылу симметрия әдісі бойынша жасалған оюлар тобы. 
4. Аралас симметрия бойынша жасалған оюлар. Бұл топтағы оюлар бұрыштық 
айналы және бұрыштық бұрылу заңдары негізінде үйлестіріліп жасалады. 
5. Жай, айналы және күрделі трансляция әдісі бойынша жасалған оюлар. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
158 
Қазақ  оюларының  әдістемеліктерін  ою-өрнекті  зерттеуші  Д.  Шоқпарұлының 
туындыларынанда  байқауға  болады.  Көркемдік  әдіс  өнерінің  барлық  осы  түрлері 
заманымыздың сәндік – қолтаңбалы өнері екендігін паш етеді. 
Ою-өрнек  саласын  зерттеп  жүрген  ағылшын  ғалымы  А.  Хелдона  қазақ  ою-
өрнегін физика-морфтық және био-морфтық топқа бөліп қарастырған, алайда оюдық 
мазмұнын, түрлерін және өзіндік ерекшеліктерін, мәнін аша түсу үшін оған қосымша 
гео-морфтық  жүйені  де  қосып  қарастырған  дұрыс  болар  еді.  Ою-өрнектің  түрін, 
түсін  және  оның  физикалық,  биологиялық  шығу  тегіндегі  қасиеттерін  қарастыруда 
қосымша  геологиялық  аймақтық  жағдайына  көңіл  бөліп,  оны  зерттеп  білуге 
мүмкіндіктер  береді.  Сондықтан  өнертану  ғылымында  мазмұны  мен  мәнін  білуде 
нақты  қатып  қалған  заңдылық  әлі  болған  емес.  Қайта  ою-өрнек  төңірегіндегі 
зерттеулер ою-өрнек туындыларының тақырыптық мазмұнын, бітімін, тепе-теңдігін, 
ырғағын және философиялық мәнін аша түседі. Қазақ қолөнеріне нақыш беретін ою-
өрнек өнері еліміздің әр түкпірінде, әр қилы дамығанмен, сонда да олардың қазақи 
үндестігі тоғысып жатады. 
Ою-өрнек  –  қайталанатын  ритмикалық  элементтерден  тұратын  нақыш. 
Қазақтың «ою» және «өрнек» деген екі сөзі біріге келіп, латынша «орнамент» деген 
ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы – сәндеу, әсемдеу. Ою-өрнек бір затты ою, 
кесу,  тілу,  қию  тәсілдері  арқылы  жүзеге  асады.  Ойылған,  кесілген,  қиылған  оюды 
екінші  бір  затқа  кіріктіріп,  жапсырып,  желімдеп  әшекейлейді,  әсемдейді, 
түрлендіреді. Ою күнделікті  тұрмыста үй жиһаздарын  – сырмақ, текемет, көрпеше, 
кілем,  сандық,  кебеже,  жүкаяқ  беттерін  киім-кешектерді,  ыдыс-аяқтарды,  қару-
жарақ,  зергерлік  бұйымдарды  т.б.  безендіруде,  сондай-ақ  сәулет  өнерінде  кеңінен 
қолданылады. 
Нүкте,  сызық,  ирек  түріндегі  қарапайым  өрнектер  ерте  кезден  пайда  болған. 
Ою-өрнектің  тарихын  зерттеумен  көптеген  ғалымдар  айналысқан.  Бұған  шетелдік 
(В. Куррер, Ф.Т. Куглер), кеңестік (С.В. Иванов, В.В. Стасов), қазақ ғалымдарының 
(Ә.  Марғұлан,  Т.  Бәсенов,  Е.  Масанов  және  т.б.)  зерттеу  материалдарын  айтсақ  та 
жеткілікті.  Бұлар ою-өрнектердің түрлері,  атаулары, шығу тарихы туралы көптеген 
құнды еңбектер жазып, деректер келтіреді. 
Ұлттық ою-өрнектер. Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлер екіге 
бөліп  қарайды.  Біріншісі,  қазақ  халқының  өзіне  тән  ертеден  келе  жатқан  ұлттық 
оюлары. Екіншісі, басқа халықтардан ауысқан және интернацоиналды ою-өрнектер. 
Ертедегі қазақ оюларын мазмұн жағынан іріктесек, негізінен үш түрлі ұғымды 
бейнелейді. Олар, біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-
қону  көріністерін,  үшіншіден,  күнделікті  өмірде  кездесетін  әртүрлі  заттардың 
сыртқы бейнесін береді. Қазақтың ұлттық ою-өрнегіндегі бір ерекшелік – осы түрлі 
ұғымның  қайсысын  бейнелегенде  де,  ұлттық  ою-өрнектің  негізі  болған  мүйіз  оюы 
үнемі араласып отырады. 
Ою-өрнектің  классификациясы  төңірегінде  арнайы  қабылданған  жүйе  жоқ. 
Әдетте  ою-өрнек  жануарлық  (зооморфтық),  өсімдіктік  (көкөрістік)  және 
геометриялық  деп  бөлінеді.  Бірақ  бұл  классификация  толық  емес.  Бұған 
космогониялық,  астральдық,  ғарыштық  деп  аталатын  төртінші  топты  қосу  жүйесі 
бар.  Келесі  бір  ғалымдар  тобы  барлық  ою-өрнектерді  физикоморфтық  және 
биоморфтық деп екі топқа бөліп қарастырады. 
Қазіргі  кезде  ою-өрнек  атаулары  мағынасына  қарай  мынадай  топтарға 
жіктелген:  Ай-күн,  жұлдыздарға  –  көк  әлеміне  байланысты  ою-өрнектер;  Малға, 
малдың  денесіне,  ізіне  байланысты  ою-өрнектер;  Аңға,  аңның  денесіне,  ізіне 
байланысты  ою-өрнектер;  Құрт-құмырсқаларға  байланысты  ою-өрнектер;  Құстарға 
байланысты  ою-өрнектер;  Жер,  су,  өсімдік  гүл,  топырақ,  жапырақ  бейнелі  ою-

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
159 
өрнектер;  Қару-құралдарға  байланысты  ою-өрнектер;  Геометриялық  фигуралар 
тектес ою-өрнектер. 
Қазақ ою-өрнегі дамып, өзгеріске ұшырады, жетілді. Қазір оның 200-ден астам 
түрі мен атауы бар. Солардың ішінде мүйіз тектес ою-өрнектер халық арасында көп 
тараған. Ою-өрнектердің бұл тобын, қазақ халқының ою-өрнектерінің төркіні деуге 
болады.  Өйткені  барлық  жаңа  өрнектер  осының  негізінде  жасалып,  тек  атаулары 
ғана өзгеріп отырған. Мысалы, қошқар мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйіз, 
қос  мүйіз,  сыңар  мүйіз,  сынық  мүйіз,  төртқұлақ,  түйе  табан,  құс  қанаты,  қаз  табан 
т.б.  ою-өрнектердің  негізгі  арқауы.  Осы  элементтерден  ою-өрнек  композициясы 
жасалады. 
Қазақтың  ұлттық  ою-өрнектерінің  басты  мәнері,  ең  көп  түрі  және  әр  түрлі 
мәнер  жасауда  жиі  қолданылатыны  «мүйіз»  тектес  ою-өрнектер.  Ғалымдардың 
анықтауынша,  ол  ежелгі  өрнек,  сондықтан  онда  көбінесе  мал  шаруашылығы  мен 
көшпенді өмір салты бейнеленген. 
Мүйіз  тектес  ою-өрнектер  кейде  өте  ұсақ,  кейде  өте  ірі  болып  келеді.  Ұсағы 
зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі 
кілем,  алаша,  терме  алаша,  текемет,  сырмақ,  ши  орау,  қоржын,  киім-кешек, 
құрылысқа қолданылады. 
Әрбір  ою-өрнектің  тақырыптық  мағынасы,  композициясы,  симметриясы  мен 
ассиметриясы, колориті мен ритмі болуы керек. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет