Литература:
1. Новиков А.А., Акопян А.О. Функциональная система управления
подготовкой спортсменов в различных видах единоборств. Теория и практика
физической культуры. – 1983. – № 11. – С. 20-22.
2. Телюк С.И. Контроль за совершенствованием технического мастерства и
физических качеств борцов вольного стиля высокой квалификации: Методические
рекомендации. – М., 1986. – 41 с.
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
131
3. Дахновский В.С., Венглярский Г.А. Велоэргометрическое тестирование
специальной работоспособности дзюдоистов // Спортивная борьба. Физкультура и
спорт, 1982. – Вып. 1. – С. 52-61.
4. Ашмарин В.А. Теория и методика педагогических исследований в
физическом воспитании. – М.: Физкультура и спорт, 1978. – 223 с.
5. Бубе X. Тесты в спортивной практике / Пер. с нем. – М.: физкультура и
спорт, 1988. – 239 с.
6. Малков О.Б. Основы тактики борьбы с позиции теории конфликтной
деятельности // Теория и практика физической культуры. – 1999. – №2. – С. 89-95.
***
Анарбаев А.К., Баймуханбетов Б.М.
Әр түрлі үлгілермен күрес жүргізетін балуандардың қайталама
шабуылдардың оңтайлы аралықтарын айқындау
Мақалада балуандардың техникалық түрінде шабуылдың тактикалық
әрекеттерді ұйымдастыру жөніндегі зерттеу материалдар, грек-римдік
балуандардың қайта шабуылы үшін күш және функционалдық стилі ұсынылған.
Қайталанатын шабуылдар тактикалық дайындық компоненттерінің бірі болып
табылады. Олардың негізгі іске асырушы техникалық іс-шаралары, немесе белгілі
бір ретпен уақыт аралығында нысанға әсердің сәйкестігін (іс-әрекеттер
арасындағы үзіліс) жүзеге асыруды білдіреді. Осыған байланысты, біз
мақсатты жоспарлау пайдалана отырып модельдеу (тренажерлық жабдықтар)
ұтымды
қадамдар
шабуыл
саны,
сондай-ақ
үзіліс
уақыты,
назарға
күрескерлердің жеке сипаттамаларын ескере отырып, бұл болжауда, ал
қарсылас туралы ақпарат (әдіс-тәсілдерінің іс-әрекетті) ӘTӘ сенімділігі мен
тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және күрескеркерлері халықаралық
аренада табысқа қол жеткізу үшін олардың жеке және ұтымды жетекші
сапасын пайдалануға мүмкіндік береді.
Тірек сөздер: Тактикалық шабуыл, іс-қимыл, қайталап шабуылдар,
тренажерлер, жеке қасиеттер.
Anarbaev A.K., Baimukhanbetov B.M.
Determine the optimal retry intervals attacks wrestlers with a different manner of
fighting
The article presents research materials on the organization of tactical attack in the
form of repeated attacks for technical fighters, power and functional style in Greco-Roman
wrestling. Repeated attacks are one of the components of the tactical training. They
yourself implementation of technical actions or effects on the target in a certain sequence
in compliance with the time interval (pause between actions) .In this connection, we
assumed that the target planning using simulations on TU (fitness equipment) rational
number of attackers action and pause time, taking into account the individual
characteristics of the fighters, and information about the enemy will increase the reliability
and efficiency of TTA (technical and tactical actions) and will allow the fighters to use their
individual rational and leading.
Keywords: Tactical offensive action, repeated attacks, fitness equipment,
individual qualities.
***
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
132
ӘОЖ 371.731
Құлмағамбетова С.С. – педагогика ғылымдарының кандидаты,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
E-mail: svetlana-sk-68@mail.ru
Иманалина Г.М. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
E-mail: gtasmagambetova@inbox.ru
Сапанова С.З. – экономика ғылымдарының магистры,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
E-mail: samalsapanova@mail.ru
ШЕТ ТІЛДІК КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
(«БИОЛОГИЯ» ПӘНІ НЕГІЗІНДЕ)
Аңдатпа. Мақалада шет тілін жетік меңгеру, еркін қарым-қатынас жасай
білу туралы қарастырылады. Шет тілін меңгеру әр білімді адамның, оған қойылған
қоғам талаптарына сәйкес, қажеттілігіне айналды. Шет тілі адамдардың мәдени
деңгейіне айтарлықтай әсер етеді, қарым-қатынас жасауының дамуына ықпал
жасайды. Қарым- қатынас жасау құзыреттілігін қалыптастыру шет тілін
оқытудың негізгі мақсаты болып табылады.. Шет тілінде қарым-қатынас жасау
үшін грамматикалық ережелерді білу шарт, лексикалық қорын ұдайы толықтырып
отыру, тілдің фонетикалық ерекшеліктері туралы білу, оқытылатын елдің
мәдениеті мен әдебиетін білу, әрине, сөйлеу дағдыларын дамыту керек.
Тірек
сөздер:
Құзыреттілік,
коммуникативтік
құзыреттілік,
коммуникативті технологиялар, шет тілін оқыту, көптілділік, көпмәдениеттілік.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры –
ұстаздың қолында» деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап өткендей бүгінгі таңда
заманына сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастырып тәрбиелеу мемлекеттің ең маңызды стратегиясы ретінде мұғалімдер
қауымына зор жауапкершілік жүктеп отыр [1].
Тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған,
үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген көптілді тұлғаны
қалыптастыру бәсекеге қабілетті қоғам құрудың бірден бір негізі болып табылады.
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзіреттілік
тәсілді қолдану ұсынылып жүр, білімге бағытталған мазмұнды құзіреттілікті дамыту,
яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігін көреміз.
Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті
өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу
қабілеттілігі. Заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді
қалыптастыру болып табылады.
Құзіретті адам – ол жеке тұлға. Ол туындаған проблеманы жеке және
топтарда (коммуникативтік) шеше алуға, өмірде және жұмыс орнында үнемі
жаңашылдыққа ұмтылуға, қабілетті болуға тиіс, өз бетімен және басқаның көмегімен
қажетті ақпаратты іздестіріп, қолдана алады. Осы аталған сапалар мен қасиеттер кез
келген іс – әрекеттерге қажет. Содан да олар негізгі құзіреттер деп аталады. Бұл
адамның бойында өзіндік, жауапкершілік, коммуникабельдік, жаңалықты жоғары
қабылдайтын, мәселені шеше алатын, адамгершілігі мол, білімі жоғары, жаңа
технологияларды меңгере алатын, ұжымда жұмыс жүргізе алатын, белсенділік қасиет
- қабілеттерінің болуы [2].
М.К. Кабардовтың пікірінше, қатысымдық құзыреттілік – бұл этно және
әлеуметтік-психологиялық үлгі-нұсқаның, стандарттың, стереотиптердің жүруі [3].
Ал И.А. Зимняяның айтуынша, қиын қатысымдық дағдылар мен іскерліктерді
меңгеру, жаңа әлеуметтік құрылымда теңбе-тең іскерлігін қалыптастыру және
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
133
сөйлесу кезінде шектелу, ырымдары, салт-дәстүрлер, сөйлесу әдебін білу,
сыпайылық таныту; ұлттық ділге тән қатысымдық әдісте бағдар ұстау [4].
А.В. Хуторскийдің айтуынша, оқу үдерісіне өту үшін құзыреттілікті іскерлік
формасында беру керек. Бұл жағдайда құзыреттілік өзі сәйкес келетін оқу әдісінің
мәнін анықтайтын болады. Ол қатысымдық құзыреттілік тұжырымдамасына келесі
мысалдарды ұсынады:
-
өзін ауызша және жазбаша елестете алу, сауалнама, өтініш, түйіндеме,
хат, құттықтау хат жазу;
-
өз сыныбын, мектебін, елін мәдениетаралық тілдесу жағдаятында
елестете алу, бұл үшін шетел тілі білімін қолдану;
-
айналадағы мен алыстағы адамдармен және оқиғалармен өзара
әрекеттесу тәсілдерін меңгеру;
-
ауызша хабарлама айту, сұрақ қоя білу, диалогты жақсы өткізу;
-
түрлі сөйлесу іскерліктерін (монолог, диалог, оқу, хат), лингвистикалық
және тілдік құзыреттіліктерді меңгеру;
-
топта бірлескен іскерлік тәсілдерін, тілдесу жағдаятында әрекет
негіздерін меңгеру; ымыраларды іздеу және таба білу;
-
көпмәдениеттік, көпэтникалық және көпконфессионалдық қоғамда
тарихи күретамыр және әртұрлі ұлттық жалпылық пен әлеуметтік топтардың дәстүрлерді
білудің негізінде құрылған позитивтік дағдылар тілдесуіне ие болу [5].
Білім беру жүйесінде оқушының бойында коммуникативтік құзыреттілікті
қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі ерекше. Бұл
технологияны қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс
істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз
жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс жасауға үйретеді. Оқушының қазіргі заман
талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер ететіндер – ақпараттық құралдар.
Қазіргі кезде оқушыларға ағылшын тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне
сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер
арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған.
Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешені –
оқушылардың ауызша және жазбаша аударудағы білімін жетілдіру, сөздік қорын
қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында
қолданылады. Сондай-ақ оқыту
процесінде мультимедия бағдарламасының
көмегімен,
ғаламтордан
алынған
әлемдік
жағдайлар,
педагогикалық
технологиялардың түрлі әдіс – тәсілдері, комуникативтік бағыттағы оқыту
элементтері кең қолданылады.
Компьютермен сабақ өткізу арқылы оның қолданылуын үйрене отырып
телесабақтарды тың, жаңа деңгейде өткізуге, оқытушы мен оқушының қарым-
қатынасының педагогикалық және әдістемелік тұрғыдан сараланып алынған алуан
түрлі қызмет түрлерінің қолданылуы жүзеге асады. Компьютерді қолдану барысында
өздерін қызықтыратын әр түрлі мәселелерді шешуге болады және талқылайды.
Компьютермен бала жазады, оқиды, түрлі тесттер орындайды. Техникалық
құралдарды пайдаланудың ең тиімді жағы уақытты ұтасың, дәл, тиянақты оқу-
материалдарын алдын-ала дайындап, оқушыға беріп отырсаң өзінен-өзі жасауға
тырысады, қызығады, жасамай, үлгермей отырған оқушы болмайды, себебі оның
алдында бәрі дайын тұр. Сонымен қатар мұғалім қазіргі мектептегі ақпараттық
құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Active Studio бағдарламаларымен жұмыс
жасап қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің
кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы
өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпыну керек. Соңғы кезде
уақыт көрсетіп отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат
болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбір мұғалім
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
134
өз қызметіне ақпараттық технологияны пайдалана білуі кажет. Бұл мәселе білім
беруді ақпаратттындырудың қажетті шартына айналып отыр.
Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және
танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр. Бүгінгі күні көкейкесті
болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде
педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны ерекше.
Әрекетке негізделген технологиялық оқыту танымдық белсенділігі жоғары, өмірде
әртүрлі мәселелерінен хабардар, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті,
қолынан іс келетін (құзырлы) азаматтарды қалыптастырады.
Бас тілдік құзыреттіліктерінің қалыптасуы мен тілдік білім беруді
дамытудың ең тиімді құралы – тілі оқытылатын елде болу. Алайда, тілден тыс
ортада шет тілін үйренуші оқушылардың кәсіби шеттілдік құзыреттілігін нақты
қоршаған ортаға негіздеп дамытудың неғұрлым тиімді құралдарын табу қажет. Яғни,
олар ағылшын тіліндегі негізгі және элективті курстар, шынайы виртуалды
интерактивті тіл ортасын пайдалану, яғни әр түрлі тілдерде әр түрлі ресурстардың
кең спектрін ұсынатын Интернет көздерін пайдалану.
Уақыт талабына байланысты ХХІ ғасырда Қазақстандықтар мемлекеттік
немесе жеке бас істер барысында халықаралық қатынастар жасайды (саяси,
экономикалық және техникалық байланыстар болуы мүмкін) [6]. Пәндерді ағылшын
тілінде оқытудағы мақсат – ғылым мен технология саласында жарысу, артта қалмау.
Сапалы аудармалар жасап, мемлекетке білім мен технология жаңалықтарын енгізу де
– шет тілін білудің жемісі. Демек, жартылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту –
дүниежүзілік қатынас тілін меңгерту – Қазақстан мемлекетінің болашағы мен
жастары үшін пайдалы.
Әртүрлі тақырыптардағы лексиканы қайталау мен бекітуді Wisc-Online
сайтында орналасқан ресурстар көмегімен біріктіруге болады.
Wisc-Online – «оқу объектілері» («learning objects») деп аталатын электронды
білім беру ресурстарының сандық кітапханасы. Сандық кітапхананы дайындауға
Висконсин Техникалық жүйелік колледжінің оқытушылары мен білім беру
ресурстарын дайындау бойынша мамандар қатысты.
1999 жылдан бері олар әртүрлі техникалық және гуманитарлық пәндер
бойынша білім беру объектілерін дайындады. Мобильді тиімді оқу объектілері
білімдерін арттыру, техникалық анимация көрсету, проблемалық шешу дағдыларын
арттыру, идеялар, және жұмыс күшінің оқытуын қамтамасыз етеді.
Сайтты пайдаланушылар оқыту объектілерін талқылап бағалай алады,
санаттары бойынша басқа да элементтерін таңдап және орындауға болады.
Денсаулық, ғылым, математика, технология, өнеркәсіп, білім беру
саласындағы сарапшылар және жалпы пайдаланушылар жоғары сынақ балл алуға
көмектесу үшін оқу-әдістемелік қамтамасыз етеді.
Мысалы, анатомиялық терминологияны, «Дене бөлшектері» тақырыбындағы
ағылшын лексикасын зерделеп, ресурсын пайдалануға болады.
1. Интерактивті Anatomical Terminology: Relative Position дененің ұстау
қалпын сипаттау үшін пайдаланылатын терминдерді үйренуіне көмектеседі.
Ресурсты пайдалану өзектілігі:
Биология. Адам анатомиясы – адам денесінің морфологиясын, оның
органдары мен жүйелерін зерттейтін биология саласы. Адам анатомиясының зерттеу
аспектілерінің бірі адам денесінің пішіні мен құрылымы болып табылады. Анатомия
саласындағы дене ұстау қалпы сипаттау арнайы терминологияны білуді талап етеді.
Оқу материалы аралық және қорытынды бақылау ресурстарымен қамтамасыз етілген.
Ағылшын тілі. «Дене бөлшектері» тақырыбындағы лексика бастауыш
мектептің бірінші сныбынан бастап оқытыла бастайды. Одан әрі қарай сөздік
қорлары «Сіздің денсаулығыңыз өзіңізге байланысты», «Дәрігерге қаралу» сияқты
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
135
тақырыптарды өткенде дами бастайды. Латын негізіндегі биологиялық және медициналық
терминология сияқты, жаңа арнайы лексиканы игеру көп қиындық тудырмайды.
Мақсаты:
- анатомияда дене ұстау қалпын сипаттау терминологиясын саналы түсінуге
мүмкіндік беру;
- «Дене мүшелері» (жалпы лексика), «анатомиялық терминдердегі жазықтық
түсінігі» (арнайы лексика) тақырыптары бойынша шеттілдік құзыреттілігін
қалыптастыруды жалғастыру.
Міндеттері:
- анатомияда дене ұстау қалпын сипаттау терминолгиясын оқыту: жоғары
(басжақ) – төменгі (құйрықтұс), алдыңғы (құрсақтұс) – артқы (сыртқы), ортаңғы
(орта тұс) – бүйірлік (латералдық); проксималды – дисталдыф;
- анатомия саласындағы дене мүшелері қалпын сипаттау терминологиясын
үйрету: superior (жоғары) – inferior (төменгі), anterior (алдыңғы) – posterior (артқы),
medialis (ортаңғы) – lateralis (бүйірлік), proximalis (проксималды) – distalis
(дисталды);
- «Анатомиялық терминдердегі жазықтық түсінігі» тақырыбында арнайы
лексиканы үйрету;
- «Дене мүшелері» тақырыбындағы жаңа лексиканы бекіту, жаңа жағдайда
лексиканы пайдалану (дене ұстау қалпына байланысты сипаттау);
- білім беру және өз білімін жетілдіру мақсатында шет тілді ақпарат
көздерінен ақпарат алу құралы ретінде ағылшын тілін пайдалануға үйрену;
- электрондық білім беру ресурстарымен жұмыс істеуге үйрену;
- оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру, топта,
ұжымда жұмыс жасауға үйрету.
Жабдықтар:
Интернет
желісіне
қолжетімді
оқытушы
компьютері,
мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, оқушылар компьютері; суреттер:
«Адам денесінің осі және кеңістіктері», «Ағылшын тілінде дене мүшелері»;
электронды ресурстар:
- Anatomical Terminology: Relative Position. Интерактивті құрал
- Directional Terms 1.
- Directional Terms 2. Интерактивті құрал
- Ағылшын тілінде дене мүшелері.
1 сурет – Адам денесінің негізгі жазықтықтары
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
136
2 сурет – Адам денесінің жазықтықтары және олардың бағыттары.
Кесте 1 - «Анатомиялық терминдердегі жазықтық түсінігі»
тақырыбындағы арнайы лексика
Сөз
Транскрипция
Аудармасы
superior
[s(j)u:'pɪәrɪә]
жоғары, жоғары орналасқан
inferior
[ɪn'fɪәrɪә]
төмен, төмен орналасқан
anterior, ventral [æn'tɪәrɪә]
['ventr(ә)l]
алдыңғы, құрсақ (құрсақтұс)
posterior, dorsal [pɔs’tɪәrɪә]
[‘dɔ:s(ә)l]
Артқы, арқалық (сыртқы)
medial
['mi:dɪәl]
Ортаңғы,орта тұс, ортасында
орналасқан
lateral
['læt(ә)r(ә)l]
бүйірлік
axial
['æksɪәl]
біліктік
axis
['æksɪs]
білік
appendicular
[æpәn'dɪkjulә]
соқырішектік
proximal
проксималды
distal
дисталды
Қазіргі таңда мектептерде шетел тілін оқыту жүйесі жан-жақты дамыған түрде
қарастырылуда. Мектеп тәжірибесі көрсеткендей шет тілі сабақтарында
интерактивті тәсілдер оқушылардың интеллектуалдық белсенділіктерін, танымдық
қасиеттерін,
логикалық
ой,
талдау,
салыстыру
қабілеттерін
жетілдіріп
еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Яғни түрлі тілдік ойындар , танымдық ойындар,
эстафеталар, түрлі жағдаяттарға құрылған рольдік ойын , диалогтар, дебаттар, білім
сайыстарын сабақта қолданудың маңызы зор. Топпен жұмыс істеу оқушылардың бірін
бірі тануына, тыңдау мен пікір алысу мәдениетінің қалыптасуына да өз әсерін тигізеді.
Құзыреттілік ұстанымын іске асыру қазіргі мектеп үшін төңкеріс сипатына
тән емес. Бүгінде оның элементтері, мысалға, оқушылардың дербес таным жұмысын
ұйымдастырумен байланысты ізденіске бағдарлайтыны қазіргі технологияларға
тәуелді, ал оның оқу үрдісіне енгізілуіне сәйкес кейбір элементтері кеңінен
қолданылып жүр.Бүгінгі таңда білім беру жүйесін дамытпалы оқу технологиясына
ыңғайлау қажеттілігі туды. Дамыта оқыту мен жеке тұлғаны қалыптастыру идеаясын
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
137
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін. Ж.Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік
әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы». Ағылшын тілін оқытуда бұл
технологияның басты тиімділігі:
- оқушыны үнемі әрекетке қосады;
- тілдік категориялардың лексика-грамматикалық құрылымын игертіп,
ауызша, жазбаша, тілді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
- оқушы әрі талдай, әрі салыстыра отырып, негізгі білімді өздігінен меңгеруге
әрекеттенеді.
Оқушыларға білім беруде, тілді оқытуда, тәрбие беруде олардың бойында
коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруда тіл үйретушінің алатын орны зор.
Тілді меңгертуде жоғарыда қарастырылғын мәселелер ескерілсе, ісімізден нәтиже
шығары сөзсіз.
Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді
меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл
оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен
ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол
жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы
азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-
пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа
серпіліс жасау қарсаңында (01.03.2006 ж.). – Астана, 2006.
2. Шүйіншина Ш. Мектептегі білім беру жүйесіне 12 жылдыққа көшу
мәселесінің енуі // 12 жылдық білім беру Республикалық ғылыми-әдістемелік және
ақпараттық- сараптамалық журналы. – 2008. – №3. – Б.18-19.
3. Кабардов М.К. Роль индивидуальных различий в успешности овладения
иностранным языком / Автореф. канд. дис. – М., 1983. – 211 с.
4. Зимняя И.А. Ключевые компетентности как результативно-целевая основа
компетентностного подхода в образовании. – М.: Московский исследовательский
центр подготовки специалистов, 2004. – 42 с.
5. Хуторский А.В. Дидактическая эвристика. Теория и технология креативного
обучения. – М.: Изд-во МГУ, 2003. – 416 с.
6. Жаңа заман ұрпағының ерекшілігі – көп тілде ойлау және сөйлеу.
http://oo.ssn.kz/kaz/print.php?type=N&item_id=23. Пайдаланған уақыты: 19.11.2016 ж.
***
Достарыңызбен бөлісу: |