Тіршіліктің тынысы. жаңа жылдың келуі
Таңғы көрініс үркер мен айдың тоғайғаны көрсетіледі.
Борсық, күзен, аю, суыр тектес аңдардың қысқы ұйқыдан оянып,
іннің аузында шоқайғаны, құстардың ұясында бас көтеріп,
жым-жырт ояу қонақтап отырғаны, қорадағы қой, сиырлар
күйісін тоқтата қойған сәттегі көріністер тізбектеліп көрсетіледі.
Күн мен түн теңелген шақтағы аңдардың өз әуеніне салғаны,
балықтардың бір аунап жүзе жөнелгені, өсімдіктердің қауызынан
бөріте қалғаны, өзен бойынан бу көтерілгені көрсетіледі.
Үркермен ай айқасып өтеді.
Сахнада жарық күшейіп, қыз-жігіттер қол алысып,
кейбіреулері төс қағыстырып, амандасады, бөріктерін аспанға ата
алақайлайды. Аңшының әйелі ағаш шырағданның екі шетіне, екі
білте тамызып, тай қазанның қасына апарып қояды. Қыз-жігіттер
аңшы мен әйеліне арнайы сәлем жасайды. Аңшы өзін қоршап
отырған қыз-жігіттерге «Он екі мүшел» күйін қыл қобызбен
тартып, жігіттер көмей күйімен сәйкестіре қоштап орындайды.
Көмеймен орындалатын күй ырғағымен 12 жыл нысандары
айлана биге басып, ортаға шыға бастайды. Соңында шыққан
жыл нысаны - жолбарыс қоштасып кетеді, кірген жыл мүшесі -
қоян билеген күйі көпшіліктің арасында қалады. Осыдан кейінгі
көріністерде қоян араласып жүреді. Таң атады. Байғазы жиюға
кеткен балалар асау тайды титықтата жуасытып, бірі шылбырынан
тартып, бір-екеуі артынан итеріп, тайға өңгерген қоржынның екі
басын байғазыға толтырып келе жатады. Жүгірістен шаршаса
да мәз-мәйрам балаларды көріп қыз-жігіттер алтыбақаннан түсе
сала жүгіріп, қоржыннан қолдарына ілінгенді алып шығып, бірі
біріне тарту етеді. Қыздар қоржыннан бөрік, тақия алып шығып,
жігіттерге, ал олар жаулық, үкілі кепеш, айна – тарақ, иіс сабын
алып шығып қыздарға ұсынып қарық боп күліседі. Балаларға ере
кеткен иттер біздің сыбағамыз қайда дегендей, анда-санда бір
60
шәуеленіп дауыс шығарып, тілдері салақтап әр жерде шоқайып
отырады. Ендігі көрініс алтыбақандағы әнге жалғасады.
күнге тағзым
Күн шығады. Сай-саладан аталар мен әжелер бала-шағасын
ертіп астауына, қоржындарына қыстан қалған сүрленген
жіліктері мен ақ дәндерін салып, ауыл адамдары жан-жақтан
келіп жатады. Араларында жерге таласып ренжіскен бағанағы
қойшы екі жігіт те бар, келе төс қағыстырып амандасады, одан
кейін жылдағыдай бірлікте тасаттық беретін тас қамалды
төбеге бет алады. Алтындалып, асыл тастармен көмкеріліп
жасалған тақта отырған ханға сәлем береді, ханның астында аю,
жолбарыс терілері төселген, оң-солында ақсақалдар, тақтың арт
жағында үлкен бүркіт қалтқы, маңайында тас мүсін, босағада
ойма суреттер мен от қазандар тізілген. Сол жағындағы алып
тайқазанда бұрқылдап көже қайнап жатады. Ханмен бірге
барлығы алғашқы шыққан күнге сәлем етеді. Әйелдер күнге
сәлем етіп, тізелері тиген жерден бір-бір уыс топырақ алып,
шыттарына түйіп алады.
Жастар аңшының көрсетуінде би көрінісі арқылы ағаш егеді.
Бастаудың көздерін аршиды. «Бір тал кессең, он тал ек!» -деген,
аталар сөзін орындаудың көріністерін бейнелейді. Әжелер
жолшыбай бұрылып, шыттарына түйген әлгі топырақтарын
дақыл еккен жерге шашады. Сүт – айран тектес ақ сеуіп, тәңіріден
молшылық тілейді.
Наурыз – теңдік күні
Тақта отырған ханды қарттар қаумаласа, оңды-солды
жайғасады. Ортада «Ортеке» күйі шертіліп, жігіттер «Аю биін»
билейді. Би аяқталсымен аңшы бастаған еңбекшілер келеді.
Құрал-саймандарын ретімен қойып, қолдарын жуып, топқа
қосылады. Қолдарына аңшының баласы су құйып жүреді.
Бірнеше әжелер шашу шашып, бірнеше әжелер сынған ыдстарды
жұрттың бастарынан айналдырып ұшықтап, ошақтағы отқа
тастап жүреді. Әр жерден астау-астау ет қойылып, кей жерде
үлкен шараларға құйылған наурыз көжені әкеп, жігіттер де,
тіпті қариялар да бәстесу бейнесінде жарыса ішіп жатады.
Жалпы көпшілкке хан жақтан дабыл қағылып, көптің назарын
шоғырландырады. Хан аңшының көрсетуімен тақтан түседі, жыл
белгісі - қоян жайылымға таласып ренжіскен екеуін жерге тастап
қойған арқанның екі басына отырғызады. Ауыл адамдары да екі
жііттің екі жағына отыра бастайды. Хан әлгі екеуіне алдарындағы
тостағандарын алып береді. Ол екеуі тостағандарын ауыстыра
ұсынып, төс қағысады да бір-
бір ұрттап татуласу белгісін
жасасып, қайта отырады. Хан
араларындағы қыл арқанға
май құйып өртеп жібереді де,
абыз қариядан бата тілейді.
Көпшілік тегіс қол жаяды.
Абыз қария:
Әр үйдің тілеу көжесі
дәмді болсын!
Даламыз сәнді болсын!
Жеті дәмнен құралған
асымыз,
Шарадан асып,
аяққа толсын!
Ұлыс мұратты болсын,
Мекен тұрақты болсын!
Малға құрақты болсын,
Ұрпақтарымыз
бағалы болсын,
Мәртебеміз жоғары болсын!
Өрісіміз көкті болсын,
Ұлдарымыз отты болсын,
Қыздарымыз текті болсын!
Беделді бетті болсын!.
Тілек сөзі айтылып, жұрт
бет сыйпайды. Хан жұртты
шола
қарап
күлімсіреп
тұрып, бір жұтаңқы қарашаны нұсқайды, қоян тартынғанына
қарамастан, қарашаны ханның тағына апарып отырғызады. Хан
өз алтын кесесіндегі көжені қос қолдап тақта отырған қарашаға
ұсынады да, өзі ақсақалдардың қатарына келіп отырады. Сөйтіп,
«Наурыз күні қараша да бір күн хан болады» дейтін халық
қағидасы орындалады.
Қыдырдың шапағаты
Аспан кеңістігінен аққудың бейнесіндей Қыдыр бабаның
сағымы елес береді де, тақта отырған қарашаға қабағын көтеріп,
көзін ашып қарағанда, қарашаның үстіндегі ескі киімі ғайып
болып, шыт жаңа бейнеге енеді, Қыдырдың киесі дарып, еккен
ағаштар қаулап бүр жарып, дақылдары жайқала өсіп, бұлақтан
сулар атқылап, жағасында гүлдер жайнап, бұлбұл сайрап, дүние
өзгеріске кенеліп, бар әлем жаңа түске енеді. Содан кейін балуан
салу, қол аударысу, қайыс тарту, бақсылардың от бүркуі сияқты
әртүрлі ұлттық ойындар ойналады.
Айнала жыл құстарының көрінісіне толып кетеді. Іле-шала
ойнақтаған төрт түлік төлдерінің секектеген биіне ұласып, бірте-
бірте аққу күйі шығандайды. Барлық адам аққуға айналып, хан
бастап, өзгелері қостап, аспан көгінде айнала ұшып, Алтайдың
жасыл жайлауына барып қонады да, бір-бір ақшаңқан киіз
үйлерге айналады.
Эпилог. Балапан аққудың анасымен қауышуы
Науырыздың алғашқы күні. Аңшы бұрынғы үйінде бала-
шағаларымен бірге шай ішіп отырады, аққудың балапаны,
қанаты қатайып әдемі құсқа айналған. Оралған жыл құстарының
үнін естіп қанатымен жер сабалана, шаңыраққа қарайды, үйдің
төбесінен айнала сұңқылдай ұшып жүрген аққулар көрінеді.
Аңшының балалары үйдегі аққуды құшақтай көтеріп сыртқа
шығады. Аңшы аққудың қанатындағы таңылған орауды шешеді,
әйелі үйге жүгіріп кіріп шелекпен сүт алып шығады, аңшы аққуды
демеп ұшырады, аққу ұша жөнеліп, қалықтаған беті айналып
келіп шаңыраққа қонады. Қимаған бейнеде қоштасқандай
сұңқылдайды да, айналып жүрген аққулар тізбегіне қосылып
алыстап кете барады. Аңшының әйелі ұшып бара жатқан
аққудың соңынан ақ шашады, аңшының үй-іші ұзап кетіп бара
жатқан құстарға көздерін күннен қалқалап ұзақ қарайды. Жыл
құстарының тізбегінің аржағынан Алтай тауларының сілемдері
жарқырап көрінеді...
соңы
61
Өзбекстандағы ең ұлы, ең ғазиз мереке қарсаңында
Орташыршық ауданындағы №28 Абай атындағы мектепте
Отанымыз тәуелсіздігінің 24 жылдығына, сондай-ақ Абай
Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған шара өтті. Оған
Республикалық Қазақ Ұлттық Мәдени орталығының (РҚМО),
Өзбекстан Жазушылар одағының, аудан әкімдігінің, аудандық
ұлтаралық орталықтың өкілдері, сондай-ақ жергілікті белсенді
азаматтар мен журналистер қатысты. Олардың арасында
филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қалдыбек
Сейданов, Өзбекстан Жазушылар одағының Қазақ әдебиеті
кеңесінің төрағасы Мекембай Омаров, аталмыш кеңестің
хатшысы Музаффар Ахмад, ақын Боран Қыдыров, РҚМО
төрағасының орынбасары Шералы Садықов, Ташкент облысы
ҚМО-ның төрағасы Артықбай Құрбанбаев, Орташыршық ауданы
ҚМО-ның төрағасы, бүгінгі «Абай кешін» ұйымдастырушы
әрі жүргізуші Қарахан Жораев болды. Бірінші сөзге шыққан
Қалдыбек Сейданов ел Президентінің сындарлы саясатының
арқасында Отанымыздың тәуелсіздікке қол жеткізгені, тарихи
қысқа мерзімде дамудың даңғыл жолына түсіп, халықаралық
қауымдастықта өз орнына ие егеменді ел болғаны жайлы айта
келіп:
– Өзбекстанда 130 дан артық ұлт өкілдері жасайтын болса,
солардың бірі қазақ қандастарымыз, – деді сөзін одан ары
жалғастырып. – Біздер осы республикада туылдық, өстік, өндік.
Аллаға мың рет шүкіршілік етіп айтар болсақ, ешқандай жаман
тұрғанымыз жоқ. Өзбекстанның нанын жедік, суын іштік. Бір
атаның баласындай өзбек халқымен бірге қоян-қолтық араласып,
тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Екі халық бір-бірімізден қыз алып,
қыз беріп туысқан болып кеткенбіз. Жарты бидайды жарып жеген
түбі бірге туысқан халықпыз. Сондықтан Тәуелсіздігіміздің 24
жылдығы құтты болсын! Барлығыңыздың босағаңыздан бақыт,
бірлік, дәулет кетпесін. Алла тағала әманда халқымыздың
бірлігін, достығын, туысқандығына кең өріс алдырсын.
Бүгінгі шара, негізінен, Абайдың 170 жылдығына арналған
өлең-жыр бәйгесі болғандықтан мен жасөспірімдер алдында
Абай жайлы біраз шолу жасап кетпекшімін.
Абайдың 170 жылдығына орай жас ақын-шайырлардың
поэзия жарысын өткізуді өте орынды деп білемін. Әрине, біздің
болашағымыз – жастар. Абайдың өзі де 12-13 жасынан бастап
қолына қалам алған. 1858 жылдың өзінде 14 жасар Абай:
Физули, Шәмси, Сайхали,
Науаи, Сағди, Фирдауси,
Хожа Хафиз – бу һаммаси,
Медет бер, я шағири Фәрияд, –
деп, Шығыстың ұлы шайырларын ерекше құрметтеп өлең
жазған. Яғни, шығыс әдебиетшілерінен, классиктерінен тәлім-
тәрбие алған. Сол шығыс әдебиеті ұлы тұлғаларының бірі –
Әлішер Науаи.
Мұхтар Әуезовтың айтуынша шығыс әдебиетшілерінің
тілі түсінікті болғандықтан Әлішер Науаидың, Физулидің
және Фирдаусидің шығармалары Абайға ерекше әсер еткен.
Абай ақындық биік дәрежеге жетіп биіктеуде үш мектептің
бал бұлағынан нәр алған. Біріншісі – өзінің туған тілі мен
әдебиетінің бал бұлағы болса, екіншісі – шығыс классиктері.
Үшіншісі – орыс және батыс европа классиктерінің әдебиеті,
ұлы тұлғалары. Міне, осындай тұлғалардан сусындаған адам екі
дүниеде де қор болмайды. Сондықтан, айналайын қарақтарым,
әсіресе шығыс әдебиетіне ерекше мән берсеңдер, содан нәр
алсаңдар нұр үстіне нұр болары анық. Айта кеткен жөн, Абай
көзінің тірісінде бір де бір өлеңін өзінің атымен жариялаған
емес. Оның үш-төрт өлеңдері ғана, өз тұстасы Көкбай ақын
мен Жүсіпбек Шайхисламов атынан «Дала уәлияты» газетінде
жарық көрген. Тек, 1909 жылы ғана Кәкітай Ысқақұлының қолға
алуымен Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы, дүние салғанына 5
МЕкТЕПТЕ ӨТкЕН «АБАй кЕШІ»
62
жыл толуына орай, Петербургте басылып шығады. Соңынан 1916
жылы Орынборда Самат Әбішұлы «Абай термесі» деген атпен
кітап бастырып шығарған болса, 1922 жылы Абайдың өлеңдер
жинағы Қазан қаласы мен Ташкентте жарық көреді.
1945 жылы ұлы ақынның жүз жылдығына орай, оның
өлеңдер жинағы өзбек тілінде тұңғыш рет жарық көрген болса,
1960 жылы Өзбекстанда қазақ әдебиеті мен өнерінің 10 күндігіне
орай Абайдың өлеңдер жинағы екінші рет басылып шығады.
Сондай-ақ 1995 жылы Абайдың 150 жылдығына орай белгілі
аудармашы Насыр Фазыловтың алғы сөзімен үшінші рет Абай
шығармалары өзбек тілінде жарық көрген болса, үстіміздегі
жылы ұлы ақынның 170 жылдығына байланысты таңдамалы
шығармалар жинағы менің алғы сөзіммен төртінші рет өзбек
оқырмандарының рухани игілігіне, мәдени байлығына айналады.
Абайдың ұлылығы, Абайдың кемеңгерлігі жайлы әр 10
жылда бір рет оқысаңыз, сонда Абайды мүлде басқа қырынан
тани бастайсыздар. Сондықтан Абайды сүю керек, Абайды
оқу керек, іздену керек. Абай деген ұлы тұлға, кемеңгер ақын.
Абай - қазақ поэзиясының ұйқасын, мазмұнын жаңашалаған
реформатор. Сондықтан Абайдың ұлылығын, кеменгерлігін
толық оқып үйрену бүгінгі жастарға ауадай қажет. Осы жерде
Марат Арыновтың бір шумақ өлеңін айта кеткім келіп отыр:
Ұлы Абай – асыл сөздің айбыны,
Абай – ой мен сөз бостандық символы.
Оның қара сөздері, өлеңдері,
Қазақтың бетке тұтар идеалы.
Абайды қайта оқып үйренейік,
Абайша «Бес дұшпаннан» жиренейік.
Ақиқат пен шындыққа арқа сүйеп,
Рухани, жан дүниені түзетейік.
Қорыта келгенде, тұғыры биік тұлға, данышпан Абай
– жылдар, ғасырлар өткен сайын ұрпақтан-ұрпаққа өте беретін,
аса талантты сөз зергері, кемеңгер, философ ақын екендігімен де
биіктей бермек.
Келесі сөз кезегі Мекембай Омаровқа берілді.
–
Құрметті ағайындар! – деп бастады сөзін ол. – Сіздерді
алда келе жатқан
Өзбекстан тәуелсіздігінің 24 жылдығымен құттықтаймын!
Дендеріңіз сау болсын!.. Абай туралы менің алдымда сөйлеген
профессор Қалдыбек Сейданов ағамыз толық мәлімет берді.
Абай туралы біздің кітабымыз тек қана мектептегі 3-4 өлеңмен
шектеліп қалып отырмыз, ағайындар. Бар білетін өлеңіміз:
«Ғылым таппай мақтанба!». Шын мәнінде біз әлі Абайдың көп
өлеңдерін білмейді екенбіз. Абайды танымай жатырмыз. Неге
дегенде біздің қолымызда Абайдың үлкен кітабы жоқ. Мәселен
«Абай жолы» кітабы менде жоқ, оқушыларыма беріп қойғанмын.
Қалған екі кітабым аудармашы Музаффардың үйінде жатыр.
Абай шын мәнінде әулие адам. Өйткені Өзбекстан халық
жазушысы Уткир Хошимовтың «Абай әулие адам» деген сөзін
есіткенмін. Оның олай деуінің себебі, ол Абайдың қара сөздерін
оқып шыққан. Соған сүйеніп айтты. Болмаса әлем әдебиетінде
Абай сияқты жазатын азаматтар көп болған. Абай басымырақ
келді олардан. Бүгінде тілімізде - Науаи мен Абай. Бұларды бір-
бірімен салыстыруға болмайды. Екеуі екі үлкен тұлға. Науаи
дүниежүзі деңгейіне шыққан тұлға. Ал Абай – Мұхтар Әуезовтың
еңбегінің арқасында әлемге танымал болды.
Бұдан кейін халқымыздың ұлы ойшылы, ардақты ақыны
Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған өлең-жыр
бәйгесі өз кезегін алды.
Жыр бәйгесіне аудандағы оқу қазақ тілінде жүргізілетін
жеті мектеп ұжымы қатысты. Бәйгеге ұлы ақынның өлеңдерін
мәнерлеп оқумен қоса, оның шығармаларына негізделген
шағын көріністер, әдеби-музыкалық композициялар қою шарты
қосылған. Сондықтан ұжымдық және жекелік жеңімпаздар
анықталды. Ұжымдық сайыста бірінші орынға №64 мектеп,
екінші орынға №41 мектеп ие болса, ал үшінші орынға №31
мектеп лайық деп табылды – дейді шараның ұйытқысы әрі
жүргізушісі болған Орташыршық ауданы КМО-ның төрағасы
Қарахан Жораев. – Бірінші орынды иеленіп жыр бәйгенің
жеңімпазы атану №41 мектептің оқушысы А.Адыровқа бұйырса,
екінші орынды №31 мектептің оқушысы Д.Әшірбаева мен №64
мектептің оқушысы Д.Ілесбаевалар тең бөлісті. Дәл осылай
үшінші орынды да №64 мектептің оқушысы Г.Қараханова мен
№70 мектептің оқушысы П.Амановалар бірдей иеленді.
Шараның жоғары деңгейде өтуіне жергілікті азаматтар
С.Шуратаев, Т.Нұрматова, фермер Ғ. Қалбаев, ардақты
ақсақалдардан М.Райымбеков, Т.Жолдасов, тағы басқалардың
атсалысқанын да атап өтсек артық болмас. «Елім десе ер
азбайды, ерім десе ел тозбайды» деген нақылды ескеріп,
ынтымақ-берекеміз нығая берсе, мұндай мәнді шаралардың
көбейе беретіні сөзсіз.
Марат АРЫНОВ
Суреттерді түсірген автор
63
Баспагер-аудармамашы
сағат
жайпақұлымен сұхбат
Үрімжіге
барған
сапарымызда
Бейжіңдегі
Орталық
халық
радиостанциясы жанынан құрылған
Қазақ радиосының шаңырағын көтеріп,
уығын шаншыған дарындылардың бірі
және осы радиоға 15 жыл басшылық
еткен аудармашы, баспагер Сағат
Жайпақұлына жолығып әңгімеге тартқан
едік.
–
Сағат Жайпақұлы, әңгімені
өзіңіз туып-өскен өлкеден бастасаңыз...
–
Мен 1935 жылы маусым айында
Іле қазақ автономиялы облысына қарасты
Күнес ауданының Шақпы жайлауында
туылдым. Шақпыдан басталып, шап-
қылаған өмір жолым да сол сайын сахара
секілді өрлі-қырлы болды. Үш аймақ
(Іле, Алтай, Тарбағатай) азат болған 1946
жылдан кейін, Іле аймағының Күнес
ауданында орталау мектеп ашылды.
Осы мектепке әл-ауқаты төмен кедей
балаларынан қырық неше баланы үкімет
қаржысымен жатақта жатқызып оқытты.
1946 жылдан 1951 жылға дейін толықсыз
орта мектепті осыарадан үздік бітірдім
де, сол жылы өлкелік бюро мекемесіне
емтиханмен қабылдандым. Үрімжіде бір
жылдан артық бюро мекемесінде оқып, 17
жасымда ақпарат кәсібінің табалдырығын
аттап, газетке жаңа келгендер өтетін
алғашқы сынақта көшірмеші, корректор,
қаламақы есептеу, хабар-мақала тіркеу
сияқты жұмыстармен айналыстым.
–
Дейтұрғанмен,
он
жеті
жастағы бозбалаға бұл жұмыс қиын
болған шығар?
–
Әрине, қиын болды. Бірақ,
өзіме тиесілі міндеттерді орындай жүріп
редакторларға еліктеп мақала өңдеуге,
мақала жазуға талпындым. Талпынысым
табысқа жеткізді. Сол кезде қаламы
төселген журналист, «Қазақ тілі»
газетінің бас редакторы Қали Ысқақұлы,
редакция бөлімінің меңгерушісі Бұлантай
Досжанин, бір беттің жауапты редакторы
Рақыметолла Әпшеұлы сияқты ағалардың
назарына іліндім. Бір жолы бас редактор
Қ.Ысқақұлы мен өңдеген бір мақаланы
редакция (ханзу, ұйғыр, моңғол тіліндегі)
бойынша ашылған жиналыста үлгі
ретінде оқып, мадақтады. Осыдан
шабыт алсам керек, мен журналистика
мамандығын игеруге барған сайын
ұмтыла бердім. Бос уақытымда ханзу тілі
мен фотосурет түсіруді үйренетінмін.
Ол кезде редакцияда адам аз, газет
редакторларға мұқтаж еді. Небәрі екі жыл
ішінде корректорлықты игеріп, редакция
бөліміне ауыстым. Содан көп өтпей
газеттің бір бетінің жауапты редакторы
болып шыға келдім. 1962 жылға дейін
«Шыңжаң газеті» қазақ редакциясында
редактор, тілші, фототілші болып жұмыс
жасадым.
–
Кейін қандай жұмыс істедіңіз?
–
1962 жылы Шыңжаң партия
комитеті қазақ тілінде партия тұрмысын
көрсететін арнайы журнал шығаруды
белгіледі. Мен осы журналда сегіз жыл
бойы жауапты редактор болдым.
–
Сіз Бейжіңдегі Орталық халық
радиостанцясының қазақ бөліміне
қалай бардыңыз?
– «Мәдениет зор төңкерісінің»
аласапыраны арнаға түсе бастаған кезде
«VII мамыр кадрлар мектебіне» барып
шынығу деген науқан басталды. Бұған
әуелі автономиялы райондық партия-
үкімет саласындағы кадрлар баратын
болды. Мен де солармен бірге «VII мамыр
кадрлар мектебіне» бардым. Бір күні там
сылауға бір қырман лай жасап болып,
кешкі тамаққа бара жатқан жолымда
біреу мені алыстан қол бұлғап шақырып:
«Сағат, қайда жүрсің, мектеп директоры
сені көп іздеп кетті, шұғыл шаруасы бар
көрінеді», – деп менің қол-аяғымды жерге
тигізбей ертіп кетті. Мен сол кісінің
айтқаны бойынша «VII мамыр кадрлар
мектебінің» директоры болып тұрған
автономиялы райондық партия комитеті
үгіт бөлімінің бастығы Фууын мырзаның
кеңсесіне бардым. Ол көрген жерден
маған жігі-жапар болып:
–
Сен дереу сүт фермасының
кеңсесіне бар, сол жерде Орталықтан
келген екі адам сені тосып отыр, –
деді.
Үсті-басым ылай-батпақ, киім
ауыстыруға үлгірмеген мен желе
жортып сүт фермасының кеңсесіне
барсам, онда шынымен екі адам
отыр екен. Бірі – әскери адам, енді
бірі – жай кадр. Олар мені көрген
жерден аты-жөнімді сұрап, отбасы
жағдайымды ұғысты. Одан соң
баспаханада өшкіндеу басылған
бір мақаланы сумкасынан алып
шығып: «Осында отырып мына
мақаланы аудар», – деп менің
ӨМІР, сАғАН РАхМЕТ!
қолыма ұстатты.
Мен мақаланы қолыма алдым да,
бас-аяғын бір шолып өттім. Байқасам,
Шыңжаң әскери бөлімінің дала жаттығуын
өткізгендігі туралы әдеби хабар екен.
Ұзын ырғағы белгілі болғанымен,
ішінара әріптері маған жат сезілді. Басқа
түссе баспақшыл демекші, тәржімалауға
кірістім. Менің әдетім жазу жазғанда
қаламды ұзындау ұстап, тез жазамын. Бұл
жолы, тіпті, кідірмей барынша жылдам
аударуға ұмтылдым. Мақаланың аяғына
таяп қалғанда әлгі кісілер: «Болды, осы
араға дейін аударсаң жетеді, – деді.
Сосын аударған мақаланы жиыстырып
алып жатып: «Хабар бізден болсын,
Үрімжіде арнаулы емтихан тексеретін
комиссия бар, мына қағазды соларға
береміз, төрелік солардан болады. Егер
емтиханнан өтіп жатсаң, Бейжіңге барып
Орталық халық радиостанциясының
қазақ тілінде ашылатын радиосында
істейсің. Ал емтиханнан өтпесең, өз
орныңда боласың», – деп маған мән-жәйді
түсіндірді.
–
Кейін олардан қандай хабар
алдыңыз?
–
Арада екі ай өткен соң бір күні
тағы біреу маған келіп: «Батальон бастығы
сені шақырып жатыр», – деді. Мен
алып ұшып жетіп, әскери салт бойынша
батальон бастығына сәлем бердім. Ол
кісі қабылдау ишаратын білдіргеннен
кейін: «Сен Бейжіңге ауысатын болдың,
шақыртуың келді, тез дайындал.
Машинамен Үрімжіге апарып қояды.
Үш күннен қалмай Бейжіңге жол тартасың,
пойыз билетін де алып қойыпты», – деп
сөзін келте қайырды.
–
Сіз бұл бұйрыққа бірден келісім
бердіңіз бе?
–
Мен де «мақұлдан» басқа бөтен
пікір болсын ба?! Дереу жүгімді арқалап
жолға шықтым. Үйге келе салып Бейжіңге
ауысатын мән-жайды баяндадым, тіпті,
тездетіп жолға шығатынымды айттым.
Бастабында мақұл болғаныммен үйге
келген соң ойланатын бірталай шаруалар
бар еді. Балалар жас, әйелім қайсысына
үлгіреді. Бұл тұрғыдан ойланғанда, жылы
орнымнан қозғалмағаным абзал еді. Бірақ,
амал жоқ, енді толғануға, бекімді өзгертуге
келмейді, тым кеш. Ақыры, ұйымның
|