Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



Pdf көрінісі
бет18/33
Дата03.03.2017
өлшемі16,22 Mb.
#5524
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33

72
келгені  алашордашылармен байланыс орнатты, үкіметке қарсы 
ұйым құрды деген сылтаумен ақынды тұтқындауға жеткілікті еді. 
Дегенмен, бұл жалпылама жала болатын. Міне, осы бір тұстарға 
нақты  дерек,  жанды  штрих-деталь  керек  болды...  Қай  кезде  де 
заманның  құбылуына  қарап  өзгеріп  тұратын  адамдар  болған. 
Ондайлар өз қара бастарын ғана күйттеп, билікке жағымпазданып, 
сатқындыққа,  азғындыққа  дейін  барған.  Төңірегіндегілерді 
көре  алмау,  бойларын  қызғаншақтық,  іштарлық  жайлаған  қара 
ниеттілер  қандай  жамандық,  зұлымдықтан  да  тартынбаған. 
Құбылыңқы заманның құлы болған жарамсақтар Таңжарықтың 
айналасында да болған.  Ақынның сол тұстардағы мынадай өлең 
шумақтары осы айтқандарымызға дәлел болса керек: 
Біреу бар – біле тұрып теріс баққан,
Біреу бар – аңғалдықпен пәле тапқан.
Біреу бар – жанап кетсең мерт қылады,
Секілді құрылған бір темір қақпан.
Осы  орайда  кейіпкердің  жан-дүниесіне  үңіліп,  шындыққа 
жақындай түсу үшін, характер ашар ішкі тартысты күшейте түсу 
үшін біраз дүниені зерделеу керек болды.
Өлеңде  айтылғандай,  айналасындағылардың  әрекеті  ақын-
ның абақтыға жабылуын тездетіп жібергені анық еді. 
«Қырық 
жыл 
қырғын 
болса  да  ажалды  өледі». 
Таңжарықтың  ажалы  жоқ  екен. 
Абақты  азабынан  қаншама 
рет  өліп-тірілді  десеңізші! 
Әр  жолғы  тергеу  азабынан 
кейін  есі  кіресілі-шығасылы 
ақынды қызыл ала қанға бөккен 
қалпында  камераға  лақтырып 
кететін.  Өліп  жатқандарда 
есеп  жоқ.  Оларды  түнде 
апарып  қала  сыртындағы  орға 
тоғытатын.  Міне,  осындай 
жағдайда  Таңжарықтың  қалай 
тірі қалғанына қайранмын! Есін 
жиып алып қайта өлең жазатын. 
Ақынды сақтап қалған осы өлең 
құдіреті. Табиғатынан рухының 
мықтылығы. Ешнәрсеге мойып, 
жасымаған  қайсар  жаратылысы 
деп ойлаймын. Қанша азап көріп 
жүрсе  де  ойынан  туған  жері 
мен өскен елі еш шыққан емес. 
Ақын Алтайдағы, кейіндеп Ілеге 
ойысқан  Ұлт-азаттық  күрестен  
үнемі  хабардар  болып  тұрады.  Бұл  жайында  да  ақынның 
күрескерлік қырларын танытатын біраз суреттеулер жасадым.
Бүгінде бізде «түрме әдебиеті» деген ұғым пайда болды. Осы 
«түрме әдебиетін» жасаған Таңжарық Жолдыұлы мен Қажығұмар 
Шабданұлы деп білемін.
Таңжарық шығармаларының 80-90 пайызы түрмеде жазылды. 
Жалпы, ақын өз шығармашылығымен өмірбаянын толық жазып 
кеткен адам. Абақты азабы да біршама көрініс берген. Оның өзі 
маған үлкен көмек болды. 
Әрине, роман жазылуымен, конференция өткізумен Таңжарық 
туралы  әңгіме  аяқталды  деуге  болмайды.  Меніңше  Таңжарық 
зерттеу жұмысы енді басталды. Кеше ғана өмірден озған белгілі 
қаламгер,  әдебиетші  ғалым  Оразанбай  Егеубаев  Таңжарықты 
жарыққа  шығарған  бірден  бір  зерттеуші.  Ақын  мұрасын 
жинап,  жүйеге  түсірген  ғалым  Таңжарық  шығармаларының 
жарық  көріп,  қалың  жұртшылыққа  насихатталуына  көп  еңбек 
сіңірді.  Бірнеше  рет  көп  томдықтарын  шығарды.  Енді  осы 
істі  бүгінгі  ұрпақ  жалғастыруы  керек.  Ақынның  мол  мұрасы 
жүйелі  түрде  зерттеліп,  ғылыми  айналымға  енуі  керек.  Сөйтіп 
тәуелсіз еліміздің ұлттық мәдениеті мен әдебиетінен Таңжарық 
Жолдыұлы  өз  орнын  иеленіп,  лайықты  бағасын  алса  дейміз. 
Жалғыз Таңжарық қана емес,  жалпы Шыңжаң қазақ әдебиетін, 
оның  осындай  белгілі  тұлғаларын  бөліп-жармай,  тұтас  ұлттық 
әдебиетіміздің бір бұтағы ретінде қарастырған жөн. 
Кешегі кеңес кезіндегідей емес, бүгінде өз билігіміз өзімізде 
дербес  мемлекетпіз.  Сырттағы  бауырларымызды  қандай 
жағдайда  да  қолдап,  қамқорлық  жасап  отыруға  міндеттіміз. 
Қайта  оралған  қандастарымызды  бауырға  тартып,  тез  арада 
қалыптасып  кетуіне  барынша  ықылас  танытқан  жөн.  Ал 
келмегендеріне әсіресе, мәдени-рухани жағынан үздіксіз көмек 
көрсету  қажет.  Қара  шаңырақ  ретінде  әрдайым  қамқор  болып, 
ұдайы  көңіл  бөліп,  ұлттық  құндылықтардан  ажырап  қалмай, 
қазақтық қалпын сақтауына бар мүмкіндікті пайдаланып, барыс-
келіс қарым-қатынасты жүйелі түрде жолға қойса деген ойдамын. 
Ортақ  рухани  құндылықтарды  бір  арнаға  тоғыстырып,  екі  жақ 
бірлікте  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуді  қолға  алса.  Шыңжаң 
әдебиетін бірлікте зерттеу, басқа да рухани салаларда - ән-жыр, 
мәдениет пен өнерді жаңаша жандандыру мәселелеріне үкіметтік 
деңгейде  көңіл  бөлу  керек-ақ.  Қаламгерлер  мен  ғалымдардың, 
мәдениет,  өнер  қайраткерлерінің  Шыңжаңға  барып  қарапайым 
халықтармен, әсіресе қазақ халқы жиі шоғырланған өңірлермен 
кездесулерін ұйымдастыру өте бір келелі іс-шара болар еді. Айта 
берсек мәселе көп. Біз қалайда шеттегі қандастарымыздың Қазақ 
мемлекетіне деген сенімін күшейтіп, негізгі атбайлар қазығына 
айналуымыз керек.

73
Зерттеу  обьектісіне  өнердегі  ұлттылық  сынды  феномен 
алынғанда,  ғалымдардың  алдында  сол  ұлттың  тарихи-мәдени 
дамуы,  оның  діліндегі  ұлттық  констант,  мәдени  жады,  ұлттық 
дүниетанымының ерекшелігі, т.б. сынды бірнеше күрделі мәселе 
бірден  пайда  болады.  Мұндай  кешенді  жауапты  талап  ететін 
сұрақтар  бір  жағынан,  мәдени  дамудың  нақты  әрі  көпқырлы 
процесінің  қалыптасуына,  оның  теориялық  жинақтылығына 
алып келсе, екінші жағынан, тек осылай әртүрлі қырынан келіп, 
тіпті  өте  ұсақ  сұрақтардағы  ұлттылық  мәселені  жан-жақты 
талдағанда ғана біз шынайы ғылыми тұрғыдан ұлттылық туралы 
зерттеу жүргізудің негізін қалай аламыз.
Орыстың  атақты  мәдениет  тарихшысы,  академик 
Д.В.Сарабьянов өзінің бір сөзінде: «Ұлттық діл көбінесе тарихи 
субьекттің  позициясы  мен  қалауына  қатыссыз  ғасырлар  бойы 
қалыптасып,  күтпеген  жерден  шыға  келеді»  –  деп  жазады. 
Заманауи  кезеңдегі  ұлттық  мәдениет  шекарасының  жойылуы 
жаһандану  үдерісінің  дамуы  мен  әлемдік  интерграцияның 
жайылуына  әкеліп  отыр.  Бүгінде  қазақ  елінің  өзінің  мәдени 
ерекшелігін сақтап қалудағы тәжірибесі бұл мәселенің таптырмас 
шешімі  болып  табылады.  Сондықтан  да  белгілі  диаспораның 
мәдени  ерекшелігін  таныту  –  әрбір  этникалық  топтың  рухани 
дамуы  және  өз  халқының  құндылықтарын  бағалауы  сынды 
қасиеттерінің қалыптасуына үлкен ықпал жасайды.
Шетелде  өмір  сүріп,  еңбек  ететін  қазақ  суретшілерінің 
ерекшелігі ретіндегі мәдени әркелкілігі, өзге мәдениет дәстүрін 
белсенді  сіңіру  және  олардың  әрқайсысының  өз  этномәдени 
ерекшелігі  мен  қайталанбас  келбетін  сақтап  қалуға  деген 
талпынысы  олардың  шығармашылығын  өнердегі  ұлттылықты 
сезінудің бірден-бір құралына айналдырып отыр.
Қазақ  диаспорасының  өнері  өздігінен  пайда  болатын 
үйреншікті  құбылыс,  қызметінің  бір  бөлшегі  ғана  емес,  жеке 
шығармашылық даму мен өзіндік жетілудің жаңа сатысы болып 
табылатын  суретшілердің  нақты  шығармашылығы  негізінде 
ұлттық  дәстүрмен  таныстырудың  ерекше  мүмкіндігі  болып 
саналады.  Үлкен  істің  алыстан  көрініп  қана  қоймай,  әрқашан 
да  игіліктің  бастамасына  айналатынын,  сондықтан  да  жалпыға 
ортақ  ұлттық  құндылықтардың  көрінісіне  айнала  беретіндігін 
атап өткен жөн. 
Одан  бөлек,  ұлттық  құндылыққа  байланысты  мәселеге 
қатысты  сұрақтар  жиынын  оның  кіші  көрінісінен,  бұл 
құбылыстың жеке аспектілерінен бастаған да жөн болар. Біздің 
ойымызша, омбылық көркемөнер өкілдері Аманкелді Шәкенов 
пен геймран Баймұхановтың шығармашылық ізденістеріндегі 
ұлттық-романтикалық  немесе  «тынық»  пейзаж  мәселесінің 
ашылуын  жаһандық  мәселелерді  шешуге  жақындата  түсетін 
аспект деуге болады.  
Осыған  орай  ең  алдымен  Аманкелді  Шәкенов  туралы  сөз 
қозғайық.
Аманкелді  әбдірахманұлы  Шәкенов  1943  жылы  Омбы 
облысы Шербұлақ ауданының Чукут ауылында дүниеге келген. 
А.М.Горький  атындағы  Омбы  мемлекеттік  педагогикалық 
институтын  тәмамдағаннан  кейін  көркемөнер  кафедрасына 
қызметке  орналасады.  Бүгінде,  омбылық  бірқатар  дарынды 
суретшілерге  ұстаздық  еткен  академиялық  көркемсурет 
кафедрасының  профессоры  ретінде  ол  өз  оқытушылық 
қызметін  жалғастыруда.  Суретші  күллі  Ресейді  мойындатты. 
Оның  жұмыстары  түрлі  мемлекеттердің  мұражайларында 
сақталған.  Оның  суретшілік  ғұмырында  қырықтан  аса  жеке 
көрме  өткізілген.  Ол  Ресей  Суретшілер  Одағының  Омбы 
бөлімін  басқарған  және  әлі  қоғамдық  өмірге  белсене  араласып 
келеді. Сондай-ақ, Аманкелді Шәкенов Қазақстан Республикасы 
Көркемөнер  Академиясының  академигі  болып  табылады. 
Алматы мен Астанада да көрмелерін жиі ұйымдастырып тұрады. 
Қос  халықтың  мәдениетін  бойына  сіңіруі  –  оның  өмірінің 
заңдылығы. Көркемөнерінде әртүрлі көркемсурет мектептерінің 
дәстүрін біріктіруі – оның шығармашылығын зерттеушілер үшін 
маңызды бағыт. 
Ұлттық романтизм ұғымын кең ауқымда, 18-ғасырдың аяғы 
мен  19-ғасырдың  басындағы  оның  тарихи  нақты  көркемдік 
стиліне  байланыссыз  қолданатындығымызды  алдын  ала  айта 
кеткен жөн. 
  Орыс пейзажын зерттеуші В.С. Манин романтизмді стильдік 
сипаттама  емес,  тарихи-мәдени  құбылыс  ретінде  қарастыра 
келе  «романтикалық  образдылықта  жеке  тұлға  мен  қоғамның 
әлеуметтік-психологиялық  күйін  қабылдап  алатын  «сезінуші» 
сипаттамаға  ие  болатын  образ,  эмоционалды  доминанта 
басымдылыққа ие» екендігін атап өткен.
Ұлттық романтикалық пейзаж ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ 
ғасырдың басында Шығыс Еуропа мен Скандинавия елдеріндегі 
ұлттық еркіндік қозғалыстары туындатқан ерекше әлемді сезінуге 
айналды. Суретшілердің ұлттық тарихты, көне эпостарды, халық 
қолөнерін,  халықтық  сәулетшілік  дәстүрді  өз  туындыларына 
арқау етуі әлемдік көркемөнер тарихының жетістігіне айналған 
бейнелеу  өнерінің  ерекше  туындыларының  жарыққа  шығуына 
ықпал  етіп,  ХХ  ғасыр  сәулет  өнері,  көркемөнері  мен  дизайны 
мектептерінің қалыптасуының алғышартына айналды.
Аманкелді Шәкеновті С. Мәмбеев, М. Кенбаев, К. Телжанов 
сынды  шеберлердің  шығармашылығымен  тығыз  байланысқан 
өткен  ғасырдың  50-60  жылдарындағы  ұлттық-романтикалық 
бағыттың  салмақты  жалғастырушысы  деуге  болады.  Өткен 
ғасырдың  орта  шеніндегі  көркемөнер  туындыларындағы 
романтикалық  сарын  жеңімпаздардың  қуанышы,  жалпыға 
ортақ  ашықтық,  ойлаудағы  көңіл-күй  көтеріңкілігі  сияқты 
сол  дәуірдің  жалпы  ахуалын  көрсетеді.  Дәл  осы  кезеңде 
қолөнердегі  пленэрлікөркемөнер,  бояулардың  қанық  үйлесімі, 
соғыс тауқыметінен арылтарлық туған жердің ерекше тәнті етер 
сұлулығы қайта жандана түсті. 
Алайда  А.  Шәкеновтің  жұмыстарында  батырлық  келбет 
емес,  алыста  қалған  туған  жерге  деген  сағыныш  пен  жарқын 
жабығу  басым.  Бұл  жұмыстарда  ХХ  ғасыр  ортасындағы  қазақ 
классиктеріне  тән  көтеріңкі  сарын,  құштарлық  пен  асқан 
көлемділікке  деген  талпынысты  көре  алмайсыз.  Шәкенов 
картиналарынан  өзге  құбылыстарды  –  туған  жер  пейзаждарын 
асығыссыз, сүйіспеншілікпен бейнелеуді байқайсыз. Барлық еске 
алулар  секілді,  оның  картиналарында  да  нақтылық  көрінбейді, 
рЕсЕйдЕгІ қазақ сУрЕТШІлЕрІ

74
оны тіпті натуралық картиналарынан да байқауға болады. Табиғат 
пен  шынайылық  қашан  да  эмоциямен,  өз  туындысында  туған 
жердің  шынайы  бір  бөлшегін  бейнелеуге  деген  талпыныспен 
әрлене түседі. Сонымен қатар, Шәкенов туындыларында ұлттық 
қабылдау – туған жердің шексіздігі негізгі күш ретінде сақталып 
отырады. Шебердің қазақ көркемөнеріндегі қаламдастары үшін 
бұл қасиет көктен келген ерекше күшпен, өз-өзіне, өз ұлтының 
ұлы  тағдырына  сенімділіктен  туған  ұлттық  құндылықпен 
теңестірілді.  Мәселен,  Әубәкір  Смайылов  ғарыш  табиғаты 
аясындағы  тұрмыстық  бейнелер  салды.  Көшпелінің  онымен 
тікелей  байланысы  адамзатты  қоршаған  ортаны  туған  жер  деп 
қабылдауға,  ал  ландшафттың  романтикалық  тартымдылығы 
табиғатты қастерлеуге ықпал етті. Осылайша қазақтың күнделікті 
өмірі  қасиетті  ортада  өтіп,  тұрмыс  пен  ғарыш  бір-бірінен 
ажырамас  бөлшекке  айналды.  Тіршілік  пен  табиғаттың  өзара 
үндестігі мен құпиясын А. Шәкенов өзінің шығармашылығында 
көрсете  білді.  Лирикасы  мен    сағынышына  қарамастан,  қазақ 
даласы ол үшін асыл әлем болып қала бермек. 
1970  жылдарға  сәйкес  келген  шығармашылық  жолының 
басында  шеберліктің  нық  негізін  қалаған  орыс  реалистикалық 
мектебінің 
оқушысы 
Шәкенов 
өзінің 
Қазақстандағы 
замандастарына  қарағанда  декаративтілікке,  жеңілдік  пен 
жасандылыққа бой алдырған жоқ. Суретшінің айтуы бойынша, 
оның диплом жұмысы үлкен дау туғызып, оны түс декаративтілігі  
барлығын  жеңілдетудің  бірден  бір  жолы  екендігіне  және 
оның  кәсіби  біліксіздікті,  нағыз  көркемөнердің  қыр-сырын 
білмеушілікті  «нақыш»,  «шығыс»  келбетімен  жасыруға 
болатындығына сендіруге тырысқан. Шәкенов өз ұстаздарымен 
келісіп,  келесі  жұмыстарында  түстер  градациясына,  түстер 
арасындағы қиын үйлесімділікке бой ұрады. 
Ол 
постимпрессионизм 
мен 
Латын 
Америкасы 
көркемөнерінің  де  жанынан  айналып  өте  білді.  Шәкеновтің 
сәйкестік  ізденісі  Қазақстандағыдай  ұлттық  қолөнердің  батыс 
танымына  сәйкестігі  монументализм  тіліне  бой  алдырған  жоқ. 
Ол  үшін  басты  ұлттық  құндылық  сезімнен,  сезінудің  түрлі 
кезеңдерінен,  дала  көшпендісінің  туған  табиғатының  оған 
сыйлайтын  осындай  эмоциялық  сезімін  жеткізуге  арналған 
толқудан  табылды.  Шеберге  тән  озық  көркемөнер  мәдениеті 
басты құндылықты ұлттық нақышта, сондай-ақ толыққанды әрі 
шынайылықпен көрсетуге мүмкіндік берді. 
Шәкеновтің 1972 жылғы «Жайлау» атты диплом жұмысында 
француздардың таза түске беріктігі, ұлттық қолөнерге тән жарқын 
бейнелердің басымдылығы орын алған. Күн шуағы қазақ үйлерін 
жарқын түске бояп, аттарды жалынды қызыл түске орайды, ал 
адамдар  жайғасқан  текеметтерді  қызыл  түсті  гүлге  бөлейді.  
Осындай  жайқалған  гүл  ортасында  қымыз  құйылған  ыдыстар 
орналасқан. Табиғаттың өмірлік күші осы қымызға, ол арқылы 
оны  сусындаған  адамдарға,  олардың  қолынан  шыққан  әрбір 
бұйымға беріледі. Қызыл түсті, мықты реалистік ағым символы 
мен жазғы аптаптың сәнді келбеті ретінде, суретші метафоралық 
негіз деп қабылдайды, сонымен қатар бұл символика оның ой-
санасында атадан қалған естелік ретінде сақталады. 
Балалық  шақ,  аптап,  жарқын  түстердің  көзсіз  сұлулығы  – 
Шәкенов жұмақтың жаңа қырын аша түсетін осындай сарынды 
ұнатады.  Ол  мұның  арасынан  терең  эмоционалдық  мазмұнды 
аша  түсу  үшін  түстердің  өзара  қиысуын  таба  алады.  Балалар 
бейнеленген  жеңіл  әрі  тартымды  суреттен  –  «Қолшатыр 
астында»,  «Балалық  шақ  түстері»  -  шығармашылық  талпыныс 
арқасында  тыныштық  пен  қамқорлық  туралы  символикалық 
оқиғаға айналады.
Шәкенов ұлттық-романтикалық пейзажда біркелкі сарынды 
ұстанады. Ол ымыртты, демалыстағы аттарды немесе шопанның 
аты  мен  итін,  жалғыз  үйшіктерді  жиі  салады.  Бұл  сарын  түс 
қайталамасымен да байланыстырылады. Суретші өзінің балалық 
шағында түнгі серуендерге қалай қуанатынын еске алады. Бала 
кезінде  түнгі  жарыс  ұйымдастырғандарын  сағынышпен  еске 
алады.  Қазақстанның  солтүстігінде  тұратын  ағасының  аулында 
түрлі  суреттер  салғанын  айтады.  Әлбетте  оның  картиналары 
жаңашыл  әсерлердің  ізін  суытпай  салынып  отырғаны  белгілі. 
Алайда  Шәкенов  өз  туған  жерін  өзгеше,  тілсіз  құштарлықпен 
суреттейді.  Сондықтан  да  оның  суреттеріндегі  кеңістік 
нақтыланбаған,  өзгеше  әлем  сыңайлы.  Уақыт  нақтылығы  бұл 
жерде  бірден  жоғалып,  мәңгілік  сарын  бастау  алады,  жалғыз 
ат  пен  үйшіктің  суретінен    көнелік  мен  ескіліктің  көлеңкесін 
көруге  болады.  Оның  пейзаждарынан  әрқашан  да  тылсым  мен 
құпиялылықты аңғара аласыз. Олар көрерменге өзінің байсалды 
тұсымен  емес,  ойға  шоматын,  тылсым,  бейтаныс  тұсымен 
көрінеді.  
Біз атап отырған сарын қайталамасы Шәкенов-пейзажисттің 
ерекше  тұсы  болып  саналады.  Оның  шығармашылығының 
кеңінен таралған сарыны жазық даладағы аттың бейнесі болды. 
Автордың  белгілі  бір  композицияға  қайта-қайта  оралуы  оның 
шығармашылығындағы  осы  бағытты  толығырақ  қарастыруға 
итермелейді.  Мұндай  қайталама  жапон  көркемөнеріне, 
импрессионизмге,  яғни  өмір  өтпелілігін  негізге  алып,  ғажайып 
сәттерді  сақтап  қалуға  деген  талпынысты  негізге  алатын 
көркемөнер бағыттарына тән. Атап өткеніміздей, Шәкенов үшін 
өтпелілік пен шынайылық өзге шығармашылық тұжырымдармен 
байланысты. Суретшіні биік талғам мен шынайылықты өзгеше 
қалыпта көрсетуге жетелейтін романтизм фантазия мен шынайы 
өмір  арасындағы  шекараны  толығымен  жоққа  шығаратын 
шығармасын толығымен аяқтау үшін суретшінің сол бір сарынға 
қайта қайта оралуына ықпал етеді. Ол түрлі үндестікте жұмыс 
жасап, түстерді жарқынырақ етіп немесе керісінше тұншықтыра 
бояу  арқылы  жеңіл  ауысады  немесе  нағыз  қою  қарама-
қайшылықты таңдай отырып ауыл бейнесін шығарады. Суретші 
үшін  үйреншікті  сарын  барынша  күшті  әсер  етуге  жетелейтін 
тәжірибелер алаңына айналғандай.  
Мұндай сериялық жұмысқа туған үй мен балалық шақ туралы 
естеліктермен  байланысты  сезім  мен  тебіреністерді  жеткізуге 
деген  ұмтылыс  ықпал  етеді.  Суретші  үшін  көркемөнер  оның 
өзіндік  ерекшелігін  түсінудің,  өзін  әлемдегі  орнын  сезінудің 
бірден-бір жолы. 
Көрерменге құшақ жая ашылып, көрініп тұрған әрбір бөлшек 
өзіне қарай тартып тұратын орыс тақырыбына қарағанда, қазақы 
картиналарда  мұндай  байланыс  орнату,  оның  бір  бөлшегіне 
айналу  мүмкін  емес.  Бұл  -  жылдар  бойы  жинақталған  әсерлі 
сезім мен тың жұмыстардың арқасында дүниеге келген шынайы 
туындылар.  Алайда  тек  қана  дала  пейзаждарында  Шәкеновтің 
бойынан  естелік  пен  бақыт  кеңістігінің  тігісін  жатқызып, 
шынайылыққа  барынша  жағындата  түсетін  тылсым  күшті 
байқауға болады. Ол балалық шағының естеліктер әлемін өткен 
күндердің  жарқын  шырмауына  шырмалып  қалмай,  ақырындап, 
асығыссыз жаңартуға тырысатындай. 
А. Шәкеновтің қазақ пейзаждарында еркін тыныс пен кеңшілік 
бар.  Орыс  аулының  кішігірім  бөлшектенген  бейнелері  нағыз 
эпикалық туындылармен ауысып отырады. Эпикалық көрініс бұл 
жерде туындының көлемі мен құрылымына байланысты емес – 
олардың бойында суретшіге тән бөлшектер мен тұрмысқа назар 
аударушылықты,  баяндау  нақтылығын  көруге  болады.  Алайда 
Шәкенов  қазақ  ландшафттарына  жинақылық  сыйлап,  оларға 

75
метафоралық  әуез  береді.  Ол  үшін  жазық  дала  метафоралық 
шексіздікке  айналып  отырады.  Қазақстанның  таңдаулы 
ландшафттары адамзат пен ғаламдық айналымның арасындағы 
дәнекер іспеттес. Ұлы жазушылар секілді Шәкенов те болмашы 
дүниенің  шекарасынан  ұлылыққа  жеңіл  ауыса  алады.  Қазақ 
пейзаждарында ол ғарышпен теңесуге ұмтылады, ал қарапайым 
бақылау терең танымға айналады.
«Қырда»  картинасында  атты  әскерлер  тобының  белестің 
бойымен,  жер  мен  көк  арасындағы  шекара  бойымен  шауып 
бара  жатқаны  бейнеленген.  Суретші  аттарды  үлкен,  шексіз  ете 
отырып,  саналы  түрде  бұл  бөлшекті  ұлғайтып  көрсетеді.  Бұл 
бірден  адам  қиялын  бірден  алысқа  жетелей  түседі.  Кішігірім 
шарттылық, суретші тілінің кей жерлерде өткірленуі Шәкеновке 
ат  бейнесін  шынайы  өмірден  астарлы  ақиқатқа  бағыттауға, 
картинаны  жаулап  алған  өмір  толықтығының  басты  белгісі 
ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. 
Басты  көріністе  суретші  жылы  жосалы  түс  пайдаланады, 
соның көмегімен бұл аймақ көрерменге жақын тарты, адам көзінің 
алысқа қарауына ықпал етеді. Осы арқылы картина көк аспанның 
ғажайыбын бақылауға арналған көру алаңына айналады. Күлгін 
және көгілдір сырлар кейінгі көріністі терең сезініп, қабылдауға 
әсерін  тигізеді.  Жалпы,  Шәкеновтің  шығармашылығында 
аспан негізгі доминантаға айналып отырады. Ол оны қашан да 
жеңіл, нәзік етіп, кей кездері тіпті оны қолмен ұстағандай етіп 
бейнелейді.  Нәтижесінде  ол  көк  жарығы,  түрлі  ауысулар  мен 
түс  композициясының  байлығына  қол  жеткізеді.  Картинаның 
дәл  ортасындағы  шаңырақ  іспеттес  бұлт  қырдың  бойын  түгел 
өз  құшағына  алып,  оны  қорғап  тұрғандай.  Өзінің  романтизмді 
зерттеулерінде  В.С.  Манин  атап  өткендей,  «романтикалық 
өнерде  шынайылықты  асыра  бағалап,  оны  идеалға  жақындата 
түсу  басым  болады.  Романтизм  шынайы  өмірге  ұқсар-ұқсамас 
қандай да бір жаңа өмірді дүниеге алып келеді. Ол шынайылықты 
ойлап тұрғанмен, нәтижесі ойдан туындаған шынайылық болып 
шығып жатады.» Бұл сөздер Шәкенов шынайылығының шынайы 
өмірден  алшақ  болуын  түсіндіре  алады.  Қарапайым  пейзаж 
суретшінің қылқаламының арқасында ерекше салтанатты күйге 
бөленеді. 
Қарапайым  сюжет  үлкен  ойға  шомдыратын,  адам  өмірін 
адамзаттан  тыс  тылсым  жайға  бөлейтін  әлемдік  пантеистік 
қабылдау суретшінің шығармашылығынан орын тауып отырады. 
Табиғатты ұғыну мен сезінуде Шәкеновтің шығармашылығынан 
неміс  романтизмінің  элементтерін  байқауға  болады.  Шәкенов 
туындыларында  адам  бейнесінің  жиі  кездеспеуі  оның 
шығармашылығын  түсінудегі  маңызды  жайт  болып  саналады. 
Адам  әлемінің  табиғатпен  үйлесімділігі  соншалық,  тіпті 
екеуі  біртұтас  дүниеге  айналып  жатады.  Мұнда  адам  өмірінің 
субъективтілігі  жоқ,  табиғат  өздігінен,  өз  бетінше  адам 
жүрегіндегі  толғанысты  бейнелеп  бере  алады.  Табиғаттың 
эмоциялық  күшіне  тек  адамның  ұстамдылығы  ғана  төтеп  бере 
алады. 
Шәкенов туындыларындағы табиғат қыр мен көктің стихиясы 
секілді  уақыттан  тыс  субстанцияға  айналып  кетеді.  Суретші 
бейнелеген  жауын  кезіндегі  немесе  күншығыстағы  өмірлік  сәт 
өз бойына мәңгілікті, «үлкен тарих тұжырымын» сыйғыза алады 
(Гачев). Бұл туындылардың барлығын ғаламшарлар арасындағы 
тартылысты  оңай  өтіп  шыға  алатын  уақыт  кеңістігіндегі 
саяхатшы  салып  шыққандай.  Мұндай  ұстанымды  өз 
шығармашылығында Ш.Айтматов шебер қолдана білген. Жалпы 
алғанда Шәкеновтің ұлттылықты түйсінуі мен қабылдауы оның 
туындыларындағы қарапайым элементтерді жаһандық деңгейге 
ауыстыруға ықпал етеді. Картинаның кеңістіктік шешімін табуда 
ол үлкен аскетизмге бой алдырады, сол арқылы әрекет жинағын 
жұқалап  көрсетіп,  басты  элементке  еріксіз  назар  аудартады. 
Шексіз  жалғасымдылық  сезіміне  дәл  осы  көлденең  көріністің 
арқасында қол жеткізеді. Туған жердің әр бөлшегіне мән беріп 
зерттеп шыққан ол енді соның бәрін біріктіріп, реализмнен үлкен 
ассоциациялыққа, ой толықтығына қарай жылжиды.
Шәкенов  өзінің  кейінгі  жұмыстарында  жастық  шағының 
қызығушылықтарына  қайта  оралады,  ауыр  бағыныштылыққа 
толы  түстерден  декоративизмге,  күтпеген  композициялық 
ракурстерге  қарай  ауысуға  ұмтылады.  Ол  қырда  үлкен  бағаға 
ие  баяндау  стиліне  қарай  ауысып  отыратындай,  ал  бұл  жерде 
ғаламшардың  бір  бұрышында  ұмыт  қалған  дала  да  жарқын 
түстерге бояна алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет