58
ауызын ашады. Бозторғай ауызындағы құрт-құмырысқаны беріп
маңайына қарайды. Қасындағы тағы бір қой туып, қозысы
шарананы жарып шығады, енесі қайрылып келіп, мекірене
қозысын жалайды. Ал қозы тәлтіректеп келіп енесін еміп жатады.
Таудың таң рауандағандағы жазғы көрінісі ашық рең алады.
Таудың ақ қар, көк мұзға оранған құзар шыңы күнге шағылысады.
Бауырайындағы жасыл манат, гүлтекшелер шағылысқан күн
нұрмен ерекше бір көрініске толады. Төскейлерде ақшаңқан
киіз үйлерден будақтай шыққан түтін аққуға айналып, аспанға
көтеріліп кетеді. Биік шатқалдан құлап аққан сарқыраманың
көрінісі мен гүріліне, орман, табиғат, төрт түлік малдың шуылы
қабаттаса шығып, осынау таулы өлкенің тіршілік-тынысы,
өзіндік симфониялық
сазды әуеніндей әсерге бөлейді.
Малшылардың пейіші – киіз үйі
Қою реңге боялған қоңыр күз. Күндіз. Байырғы аңдардың
суреті мен жазулар ойылған биік жартас
, жартасқа тіреле тас
үйшік, қасында күрке, онымен бірге уығын толықтап жатқан
киіз үй. Үйдің сол жағында шаңырақ үлгісіндегі үлкен атағаш,
жан-жақтан көмекке келген малшылардың аттары атағашқа
тұс-тұсынан байланып, дөңгеленіп тұр. Экранда баған арқылы
көтерілген шаңырақ пайда болады да, қадалған уықтар, басқұр,
баулармен көмкерілген әсем киіз үйдің ішкі көрінісіне айналады.
Кинокамера үйден шыққан аңшының балаларымен ере шығып,
олардың есік алдындағы асық ойынағандарын бейнелейді.
Аңшы тастан қаланған қора ішінде бір бөлігі қырқылған
қойларды бөліп, қырқылмағандарын қорадан жігіттер кезекпен
сүйреп әкеліп, қырқа бастайды. Қырқылған жүнді биші қыздар
өзара әзілдесіп, би қимылдарымен қатқан тулаққа салып, сабай
бастайды. Сабаудың жуан-жіңішкелігіне сай ауаны осқанынан
шыққан әртүрлі үндер, тулақтың үлкен-кішілігіне, қалың-
жұқалығына сай шыққан әртүрлі үндер өзара үндесіп, сазды
әуенге айналады. Сабау сабаған қыздардың іс-әрекеттері топтық
би қимылына сай көріністегі бейнелі түрде болады. Сабаудан
ұшқан жүндер жоғары ұшып, көгілдір аспан аясынан қайтадан
жауған ұлпа қардай жапалақтап түсіп жатады. Сабалған жүнді
ісмер әйелдер шиге салып шыпталайды, орайды. Жігіттердің
бірі ошақтағы ыстық суды буын бұрқыратып оралған шыптаға
құяды. Қыз-жігіттер оралған шыптаны арқанмен екі жақтап
тартады. Арқанның екі басындағылар өзара «Киіз тарту»
әнін» айтады. Алыстан үлкен өзеннің гүрілі, аңшының ағаш
жонғандағы, уықтарды бірден тастағандағы, жүн сабағандағы,
кигіз басқандағы дыбыстар таумен жаңғырығып, ырғақты
шығады. Уықты толықтап, әлгі киізді үйге жабады. Үй сырты
жабдықталып, ақшаңқан отауға айналады. Жүн сабап, киіз
білектеген биші қыздар сыңғырлы күлкі, әдемі әзілдерін айтысып
үйге кіріп кетеді де, іле-шала шаңырақтан түтін көтеріледі.
ішіндегі қыз-жігіттердің домбыраға қосыла ән шырқағандары
естліп тұрады. Аңшы сырттағы қоламтаға су құйып сөндіреді.
Сосын ризашылық қалпымен көкке қарайды, қалықтап ұшқан
қыран бүркіт көрінеді. Енесін іздеген құлынның дауысы естіледі.
Аңшы және саятшылық
Күздің қою тұманы. Жаз бойы мекен еткен айдын көлдерін
қимай, айналып ұшып, жылы жаққа бет алған құстар біртіндеп
көкке көтеріледі. Сейіле бастаған тұман арасынан балапан аққу
бейнесіндегі биші қыз шығып, көлден ұшқан құстардан қалғысы
келмеген сыңайда қанатын сермеп әрекеттенегенімен ұша
алмайды. Аналық аққу неше айналып келіп балапанын ерте
алмай шарасыздана сұңқылдаумен бір көтеріліп, бір төмендеп,
ақыры амалсыз көздеп ғайып болады. Табиғат көрінісі біртіндеп
ақтүтек үскіркке айналады. Балапан құс мұз қатқан көлді арлы-
бері жағалап азық іздейді, жұқа мұз астындағы олай-былай жүзіп
жүрген балықтарды ауламақшы болады. Тұмсығы мұзды тесе
алмай, тайғанақтап әбден мысы құрып, меселі қайтады. Соңында
балапан құс қалжырайды да көл шетіндегі ши түбіне бұйыққан
бейнеде бұғып қалады. Осы көріністерге қабаттаса азық іздеген
түлкі көрінеді. Ызғырық желмен бірге бебеу қаққан ши мен
қияқтың ызыңы естіледі.
Түлкі бейнесіндегі биші баспалап келіп, балапан құсты
қауырсынынан бір жұлып қалады. Ауырсынған балапан құс
мамықтары дудырап жанталаса қашады, түлкі қалай қашса
да, алдын орап кес-кестеп қауырсындарын жұлып ермек етеді.
Жаралы балапан көлге қарай қашады, қуып келген түлкі мұздан
тайып сүрініп кетеді, балапан құс көл ортасына таман барып,
соңындағы түлкіге қарайды, мұзға ебі жоқ түлкі қайта-қайта
59
сүрінеді. Алыстан қолында бүркіті бар, тазы ерткен аңшы келе
жатады. Тазылар түлкіні көріп тұра жүгіреді, зәресі ұшқан
түлкі тайғанақтап қашады. Екі тазы соңынан қуып жетіп,
ұмар-жұмар басып алады. Аңшы бала құстың жараланған
тобығын таңып ат үстіндегі қоржынына құндақтап салып алады
да, түлкіні екі тазыдан айырып алып қанжығасына байлайды.
Жайланып отырып, қойнына салған етінен қынындағы мүйіз
сапты пышағымен кесіп, бір-екі жапырақ жейді, сосын кісесінен
насыбайын алып, ерініне салады. Сәлден кейін сұқ қолымен
ерініндегі насыбайын ақ қарға тастайды. Насыбай түскен жердегі
қар еріп кетеді. Мұны көрген аңшы қарап отырып, дорбадағы
құмалағын алып, уыстап ақ қарға шашып жіберіп, бір жорамалға
тоқтаған ол асыға атына мініп ауылына қарай желе жөнеледі.
Ерте көктемдегі қылтиып жаңа шыққан көкке екі жақтан
бірнеше үйір жылқы, бір қора қой жер шекарасы болып
белгіленген таңбалы балбал тастан айқаса өтіп жайылады. Мұны
көрген екі малшы бейнесіндегі биші жігіттер бір-біріне ентелей
келіп, шекараны көрсетіп төбелеседі. Бұл көрініске аңнан қайтып
келе жатып кездескен аңшы, екеуін әзер дегенде арашалайды да,
ұстаған бір-бір қоянын олжаға беріп татуластырады да, малдарын
қайыруға жібереді. Қоралы қойдың тұяқ дыбысы, жылқының
шабысы үскірік желден ши, қияқ, қоғалы шөптің уілі ырғақпен
естіліп тұрады.
халықтың берекесі - әз наурыз
Кешкі райда, бүркітін қолына қондырып, құндақтаған
жаралы құсы, алған түлкісі бар, аңшы келіп атын атағашқа
байлайды. Іргесін шыммен бастыра көмген кигіз үйден балалары
жүгіре шығады. Аңшы бала-шағаларымен қауышады. Түлкіні
шешіп әйеліне береді, келіншегі түлкіні қағып-сілки үйіне кіріп
кетеді. Балаларының ересек біреуі әкесіне атағаш көлеңкесінің,
күндіз ең қысқарып келген жеріне қойған белгісін көрсетеді.
Әкесі шарт қимылға көшіп, балаларына атын ұстата салады да,
атағаштың түбіндегі шаңырақ формасындағы күн тізбені бір
айнала мұқият қарайды, сосын, баласы көрсеткен белгіні көріп,
кісесіне байлаған, бір жағы қарадан тысталған, тері кітаптағы
жұлдыз сызбаларын ашып, салыстрады, наурыздың кірген
белгілерін біледі. Қуанғанын жасыра алмай әйелін шақырады.
Әйелі жүгіре шығып, күйеуінің қолындағы тері кітапқа қарайды
да, қуана көршілеріне қарай сүйіншілеп жүгіре жөнеледі.
Қыз-жігіттердің орындауындағы наурыздың дайындық
жұмыстары би арқылы басталып кетеді. Бағанағы дүркіреген
жылқы шабысы, қоралы қойдың тұяқ дыбысы әлдеқашан
басылған, үскірік желдің ызыңы да бәсеңдеген. Көрініс біртіндеп
сырттағы жігіттердің сабаумен сабап киіз, тулақ, сырмақ қаққан,
бидай желпіген, қимыл-тірліктеріне сай, үй ішіндегі қыздардың
бидай түптеп, тары түйген көне киімдердің құндыз жағасымен,
түймелерін үзіп алып, тоқым қаптап жатқан, үй сыртындағы тай
қазанды қырып жуған, дөңбек жарған қимылдарымен алма-кезек
алмасып бейнеленеді. Жігіттер қатарласа, ағаш тостағандарды,
қадыра шыныларды, бір-біріне лақтырып беріп тұрады. Кейбір
кетілгендерін шарт еткізіп сындырып тастап, ақаусыздарын
тайқазан маңындағы аңшының әйеліне «Шыны биінің»
әрекетімен кеселерді төбесіне, иығына, шынтағына қондырып
жеткізіп беріп тұрады. Бұл дайындық қимылдары бидің ырғақты
сазының тау қойнауын жаңғырта шығуымен ұласып жатады.
Қызара батып күн ұясына қонады да, жұлдыздар самсап, ай
туады. Аңшының үй іші. Жер ошақта лапылдап от жанып, әйелі
қазанға ас пісіріп жатады. Шаңырақтан төмен, екі жағынан
салбырап түсіп тұрған уық буғыштың ұшына бақанды байлап
жасалған әткеншекті ат қылып ойнап жүрген аңшының алты
жасар кіші ұлы, тепе-теңдігін ұстай алмай ауып түсе жаздағанда,
басындағы бөрігі жерге түсіп кетеді, мықтылғын көрсеткісі келген
бала жан – жағына масаттана қарап, жерден бөрігін ат үстінен
теңге алғандай қимылмен іліп алып басына киеді де, шаңырақтан
көрініп тұрған жұлдыздарға қарап, бір – екі жұлдыздың атын
атайды. Лапылдап жанып тұрған оттың жарығында, киіз қапты
кітапты көріп отырған он жасар ағасы, інісінен:
- Қазір жеті
қарақшы қай бағытта ? - деп сұрайды.
Інісі: - Солтүстікте - деп, жауап береді.
Ағасы: - Темір қазық қай бағытта тұр ?
Інісі:- Ол да солтүстікте.
Ағасы:- Үркер қай жақта?
Інісі:- Батыста.
Бір шетте қайыс тіліп отырған әкесі күлімсіреп, баласынан: -
Есекқырған қазір қайда? – деп, сұрайды,
Үлкен ұлы: - Таң бозарып атардан бір-екі сағат бұрын
шығады.
Әкесі: - Шолпан жұлдыз қазір қай жерде?
Үлкен ұлы:- Шолпан қазір туылған жоқ, ол таңата туады –
деп,
іліп алып, тез жауап береді.
Бағанадан бері отағасы мен балаларының сөздеріне құлақ
түре жүріп ас даярлаған шешесі, барлығын дастарханға
шақырады.
Ертесі таңертең, ішінде, аңшының ұлдары бар, үш-төрт ит
ерткен, жеті-сегіз үлкенді-кішісі аралас балалардың бір асау
таймен алысып, байғазы жиямыз деп шуылдап ойнап жүргені
көрінеді. Тайға үлкен тері қоржынды салып, үстіне қуыршақ
мінгізіп, тайдың мойынына қоңырау тағып, шылбырын сүйретіп,
мөңкітіп қоя береді. Олар басқа ауылдарды аралап байғазы жиюға
тай соңынан кетеді. Иттің үргені, балалардың шуылы, тайға
таққан қоңыраудың дыбысы олар алыстаған сайын біртіндеп
бәсеңси береді.
Ауылдағы қыз-жігттердің бір бөлігі аңшы мен әйеліне
көмектесіп, тай қазанды ошаққа орналастырады. Су құяды.
Ет, бидай, қатық, арпа, тары салады, соңында әйел тұз салады.
Қазанның төрт құлағына төрт жапырақ май қояды. Мұның бәрі
тұрмыс-салттық нақыштағы әсерлі, әрі сазды көріністер болады.
Соңында бірнеше қыздар жеңгелерінің құлағына сыбырлайды да,
арнайы бітеу шұжықтарды әкеп тағы бір қазанға салады. Жеңгесі
тағы бір жапырақ майды отқа салады да алақанын отқа қыздырып,
қыздардың бетін сыйпап тілек тілейді. Аңшы жігіттермен бірге
әлгі ат ағаштағы шаңырақ үлгісіндегі күн тізбені ортаға алып
шығады, бақанман жоғары көтереді, Шаңырақтың жақтауындағы
тесіктерден түскен нұр сәулесі жан-жаққа жарқырай тарайды.
Күлдіреуіш кірген тесіктен он екі айдың сағымы түседі де, оның
төрт бөлігі төрт маусымды бейнелейді. Көптен күткен күн мен
түннің теңеліп, бар әлем нұрға толып, жылықтың таралады.
Барлығы шаңырақтан түскен нұрға ерекше қуаныш сезмімен,
үмітпен қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: