Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



Pdf көрінісі
бет11/33
Дата03.03.2017
өлшемі16,22 Mb.
#5524
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33

45
Қазақстан    аумағында  1930  жылы    көптеген    шаруалар  
көтерілісі  бой көтерді.  Ал, Сыр  өңірінде үш ірі  көтеріліс болды: 
Қарақұм, Ақмырза ишан, және «Асан»  көтерілістері.
1929-30  жылдардағы  колхозға  біріктіру,  байлардың 
малдарын    тәркілеу  сияқты  кеңес  өкіметінің    солақай  саясаты 
Сыр шаруаларының наразылығына  әкеліп соқтырды.  Әсіресе, 
Қазақстан  үкіметінің  1928  жылдың  27  тамызындағы  «Аса    ірі  
байларды тәркілеу» туралы  қаулысына орай  байлардың  малдарын  
санау  басталып, тартып алу, қудалау жалғасты. Сонымен  қазіргі  
Қызылорда  облысы  аумағындағы  көптеген  байлар  тәркілеуге 
ілініп, олар Қарқаралы, Семей, Адай округтеріне жер аударылды. 
Олардың  белгіленген  жерге жетуі  де қатаң  бақыланған.
1930 жылдың 30 қаңтарында  шыққан БК(б)п ОК бюросының  
«Жаппай  ұжымдастыру»  туралы    қаулысы    бұрыннан    кеңес  
өкіметіне  үрке  қарап  жүрген    шаруалардың  сеніміне    селкеу 
туғызып, олардың  Қарақұм, Қызылқұм  бойына  қарай   үдере  
көшуіне  әкеп  соқты.
1930  жылғы    шаруалар    көтерілісінің    негізгі  сипатын  
тарих    ғылымдарының    докторы  Талас    Омарбеков  былайша  
тұжырымдайды: 
«Біріншіден,  1929-31  жылдардағы    қазақ    шаруаларының 
қарсылықтары мен  көтерілістері Кеңес империясы өктемдігіне 
қарсы  ұлт-азаттық сипаттағы  қозғалыс болды деуге негіз  бар;  
екіншіден, бұл  көтерілістердің  бастаушы, жетекші күші – ауқатты  
қазақ  шаруалары және халыққа ықпалды дін басшылары  болды; 
үшіншіден,  1929-1931  жылдардағы  қазақ  шаруалары  сталиндік  
коммунистік  империяның қатал  саясатына, қазақ  ауылын оның  
дәстүрлі даму  жолынан  тайдыру әрекетіне  белсенді  қарсылық 
танытты, бұл күресті кезінде  патшалық  Ресей  империясының  
өктемдігіне  қарсы  жүргізген  қазақ  шаруаларының  жанкешті  
күресі секілді ұлт-азаттық қозғалысы деп бағалау жөн».
  Сыр  өңіріндегі    шаруалар    көтерілістерінің  мәні    мен  
мазмұнын сөз етпей,  осы  ұлт-азаттық  көтерілістегі тұлғалар, 
ұйымдастырушылары мен  оған  қатысты  кейбір кісілер  туралы  
нақтырақ  тоқталмақпын.
ҚАРАҚҰМ  кӨТЕРІЛІсІ
Сыр  өңіріндегі  ірі  көтерілістің бірі  – Қарақұм көтерілісі. 
Қатысқан  адамдар  саны,    көтерілістің  аумағы    тым  үлкен. 
Қарақұм    көтерілісіне    қатысқандар    Қармақшы,  Қазалы, 
Аламесек, бұрынғы Тереңөзек, қазіргі  Жалағаш аудандарының  
тұрғындары болатын. 1930 жылдың  наурыз  айында  Қармақшы 
ауданындағы    №1,  №3  ауылдың    адамдары  Қарақұмға    бет 
алып, сонда  паналайды.  Алайда кеңес әскерлерінің Қарақұмға  
шыққанын  естіп, 1930 жылдың  17 наурызында 700-дей шаруа  
діни  сауатты    Жұмағазы  Бәйімбетовті  хан  етіп  сайлайды.  Осы  
мезгілде  Қарақұмдағы «Қараүңгір-тұздақ», «Сырманқожа» бейіті 
маңында  топтасқандар  Пірмағамбет  Лаубаевты  басшылыққа  
бекітеді. П.Лаубаевпен  бірге Досжан, Қосжан Қараев (Темірбек 
Жүргеновтің  туған  ағалары), Жұмаш  Қабыланов  басшылық  
құрамда  болады.  Олардағы сарбаздар  саны  2000-ға жеткен.
Қарақұмдағы    көтерісшілермен  келіссөз    жүргізу    үшін 
Қызылорда округтік кеңесінің  басшысы Жүнісов Сыр бойына  
есімі    белгілі  Тұрмахан  Алтыруов  пен    Серікбай  Бедебековты 
жіберіп, келіссөздер жүргізіле  бастағанда Алматыдан  үкіметтік 
комиссия  (бастығы  Әліби    Жанкелдин)  келіп,  Қарақұм  
көтерісшілерінің  басшыларымен   келіссөздер  жүргізуді қолға 
алады.  Олардың    берген    уәделеріне  дінбасы  Ж.Бәйімбетов 
сенбегенмен    басқа    басшылары    келіскен.  Көтерісшілердің  
қаруларын  тастауы    сол    екен,  әскерилер    комиссияның  
төрағасы  Ә.Жанкелдинге    де    бағынбай,  қарсы  болғандарды  
түрмеге  жөнелткен.  Олар  ұсталып кеткеннен кейін  Қарақұм 
көтерілісінің  тізгінін    Қожбан  Жұбанов  өз  қолына  алады.    Бұл 
көтеріліс те   жеңіліс  тауып, көбі ұсталып, біразы  қашып, тоз-тоз 
болып кетеді.
 
жҰМАғАЗЫ  БәйІМБЕТОВ
Жұмағазы    Бәйімбетовтің  туған    жері  мен  жылы    әртүрлі 
жазылып  жүр.    Бірде  Қостанай,  енді    бірінде  Қармақшыны 
айтады.  Ж.Бәйімбетов  1890 жылы  Қостанайдың Жітіқарасында 
туған.  1914  жылы  Троицкіде  медреседе  оқыған,  діни  сауатты.  
Кейіннен  Қармақшы  ауданында тұрған.  Ел арасында  беделді,  
сыйлы  имам болыпты.
1929-30  жылдары    кеңестік    тәртіптен  қашып    барған  
жұртшылық өздеріне  басшы, тіпті «хан»  етіп  сайлаған.
Көтерісшілермен  келісуге  келген    Қазақстан    үкімет 
комиссиясына  Жұмағазы    Бәйімбетов  дін  бостандығын  беру, 
мешіттерді  қайтару, діни шаралар мен салттарға  кедергі жасамау, 
орташаларға    тимеу,  колхоздарға    зорлап    кіргізуді    тоқтату, 
Қарақұмға    жиналғандар  есебінен    жеке  аудан    құру  сияқты  
жеті  талап  қояды.  Үкімет    комиссиясы  мұнымен    келіссе  де, 
әскерилер   комиссия мүшелеріне  бағынбай, қаруын тапсырған   
көтерісшілердің    біразын    түрмелерге    қамап,  басшыларының 
көзін  жояды.    Жұмағазы    Бәйімбетов  8  сарбазымен  Алматыға  
барғанында  тұтқынға  алынады.  Шаруалар    көтерілісін 
насихаттаған  ақын-жыраулар  Орынбай  Қарынбаев пен Тәуекел  
Боранбаев  та атылған.
1930 жылдың  15 шілдесінде  біріккен Саяси Бас басқарманың  
«үштігінің»  шешімімен    ату    жазасына    кесілген  Жұмағазы 
Бәйімбетов  1931 жылдың 16 сәуірінде атылады. 
ПІРМАғАМБЕТ  ЛАУБАЕВ
Пірмағамбет  Лаубаев  1892  жылы    Қармақшы    ауданының  
қазіргі  Ақжар ауылы  жерінде туып өскен.  Қарақұмға жиналған 
жерлестеріне  басшылық  жасаушылардың  бірі.  Ол  бастаған  
сарбаздар    қызыләскерлердің  шабуылдарына    қарсы  шығып, 
сЫР  ӨҢІРІНДЕгІ  
ШАРУАЛАР  кӨТЕРІЛІсІ
Тынышбек ДАйРАБАй, зерттеуші

46
кезекті  бір    ұрыста,    1930  жылдың  7  сәуірінде  қаза  табады. 
Пірмағамбет Лаубаевтың арғы тегі  атақты  Қашқынбай батырдан  
тарайды.  Қарақұмдағы  ұлт-азаттық күрестегі  басты тұлғалардың 
бірі  болды.  Осы  ұрыста  Пірмағамбет  ғана  емес,  оның    туған  
бауырлары  Тілеуқабыл, Жәмке қызыл әскерлер  қолынан  қаза   
тауып, кейбірі  түрмеге қамалады, Сібірге жер аударылады, қолға 
түспегендер  Қарақұм мен Қызылқұмда қашып жүрген.
                     жҰМАШ  ҚАБЫЛАНҰЛЫ
Жұмаш    Қабыланұлы    (архивтерде    Қабыланов    болып 
жазылған  –  Т.Д.)    ауылдағы  молдадан    оқып,  білім  алады.  
Кейіннен    4-сыныпты  Қармақшыдағы  орыс  мектебінде    оқып, 
белгілі  дәрежеде    ой-пікір  қалыптастырған  азамат.  1928-1929 
жылдардағы  байларды  тәркілеу  кезінде    малы  да  тәркіленген.  
Өзі ғана емес, туысы Қази Қабылановтың малдары   да тартып 
алынады.
Кеңестік    бағыттың    қайда    апара    жатқанын  түсінген  ол  
Қарақұмға  жиналғандарға    қосылып,  көп  ұзамай  500  сарбазды  
басқарады.  Жұмаш    Қабыланұлы  қолдарына  түскен  60-тай  
кеңес    қызметкерлерінің    ешбіріне    зиян  жасамай  жібергенін 
көзкөргендер  естеліктерінде  жазып қалдырған. 
Қарақұмдағы  ұрыстарда  81  жазалаушы  қаза  тауып, 
талайы  жараланған.  1930  жылдың    7  сәуіріндегі  ұрыста 
Жұмаш  Қабыланұлы,  інісі  Досқали  да    қаза  табады.  Жұмаш 
пен  Досқалидың  атасы атақты  Қашқынбай батыр Кемелұлы. 
Қашқынбай  батырдан – Алқаубай, Ниязымбет, Лаубай, Қабылан  
өмірге  келген.  Қабылан  Қашқынбайұлы  Қазалы мен  Қармақшы 
өңірінде билігін  жүргізген  айтулы тұлға. 1916 жылы  Аманкелді  
Иманов    бастаған    көтеріліске  мініс  аттарын,  сарбаздар  беріп 
көмектескен.  Сондай-ақ,  1917  жылы    Қармақшыда  құрылған  
«Тығыз істерді тексеретін» ұйымның  басшысы  болған. Демек, 
әділдікті    ту  еткен  Қашқынбай    батырдың    ұрпақтары  да 
тәуелсіздік жолында  құрбан  болғандардың  бірі.
  ҚОжБАН жҰБАНҰЛЫ
Қожбан    Жұбанұлы    ХІХ  ғасырдың  аяғына  таман    Қармақшы  
болысының №3 ауылында  туған. Жұмағазы Бәйімбетов ұсталғаннан  
кейін  Қарақұмда    жиналғандар    Жұбанов    Қожбанды    (архивтік  
құжаттарда    Көпжан.  –  Т.Д.)  хан  сайлайды.  Қожбан    басқарған  
көтерісшілермен      ұрыста    9  қызыләскер    өліп,  4-5-і    жараланған. 
1930 жылдың  8 желтоқсанында Көжебай  (Қожабай) сайында қызыл 
әскермен   ұрыста  жеңіліп, Ж.Қожбанов  аз ғана  адаммен  қашып,  
Сарысу  ауданында  қолға  түскен. Тергеліп, тексеріліп, «үштіктің» 
шешімімен   Жұбанов  Қожбан, баласы  Мұса да  атылған.
ҚОсжАН  ҚАРАҰЛЫ
Қара Жүргеновтің  ұлдары Қосжан, Досжан Қарақұмға  көшіп 
барып, сарбаздар жасақтап, бүгінде «Қарақұм  көтерілісі» деген  
атпен тарихқа енген  көтеріліс  басшылары  болған тұлғалар. 
Қосжан Қараұлы (Қараев) 1893 жылдар  Қаракөл-Қуаңдария 
болысының    №3  ауылында    бай    әрі  би  Қара  Жүргеновтың  
отбасында    дүниеге  келген.    Көтеріліске    дейін  қазіргі 
Жалағаш    ауданының    №16  ауылында  –    Жаңаталапта  тұрған. 
Ескіше  сауатты  болған.  Қ.Қараев  та    Қарақұмды    паналап, 
Кеңес  өкіметінің  саясатына    наразы  жұртты  ұйымдастырушы, 
көтеріліске басшылық  жасағандардың  бірі.
Үкіметтік  комиссияның  жалған    сөздеріне  сеніп,  жалпы 
басшылық жасаған Жұмағазы Бәйімбетовты  берілуге  көндірген 
де Қосжан Қараев екен. Сөйткен  Қ.Қараев 1931 жылдың  шілде 
айында  тұтқындалып, Шымкентте түрмеге қамалған, «үштіктің» 
1932 жылдың 19 қаңтарындағы  қаулысымен  атуға кесіледі, 1933 
жылдың 21 маусымындағы  қаулымен 10 жылға  ауыстырылған, 
кейіннен    босатылғаны  архив    құжаттарында  анық    жазылған. 
Алайда  сол  ұсталғаннан  елге  оралмаған. Демек, атып  жіберген.
Қ.Қараевтың  ұлы,  белгілі    ұстаз  Қиназар    Қосжанов 
«Жұлдыз» және «Егемен  Қазақстан» газетінде  «Құдайға  шүкір, 
біз  бармыз» – деп  Жүргеновтер  әулетін толық  құрта  алмағанын  
ашына жазған-ды.
ДОсжАН  ҚАРАҰЛЫ
Досжан    Қараев  1896  жылы    Перовскі    уезіне  қарасты  
Қаракөл-Қуаңдария  болысының  №  3  ауылында  туған.    Ескіше  
өте  сауатты    ол  1929-1930  жылдардағы    дүрбелең  тұсында  
Қарақұм  жайлауына  жиналған  жұртшылықты  кеңес  өкіметіне  
қарсы    қарулы  көтеріліске    бастап,    ту  ұстаушы  имам  болған. 
ОГПУ    алқасының  1932  жылдың    19  қаңтарындағы    қаулысы 
бойынша ату  жазасына кесіліп, үкім 1932 жылдың  3 сәуірінде  
Шымкент  қаласында  орындалған. 
Қазақстан  халық  ағарту  комиссары Темірбек  Жүргенов өз 
өмірбаянында әкесі Қара  мен  ағалары Қосжан, Досжан жайында 
жазған.
сәкІБАй  БЕДЕкОВ  
Сәкібай  Бедеков  1912 жылы  дәулетті отбасында,  Аққыр 
болысында    туған.  1928-1929  жылдарда  ағасы  Мүсілім  мен 
Сәкібайдың мал-мүлкі тәркіленеді. Сәкібай  Бедековтың  келіні  
Тұрсынкүл  атасынан  қалған  бірсыпыра    әңгімелердің    шет-
пұшпағын    шығарып:  «Мал-мүлкімізді  тартып  алған    кеңес 
өкіметін кім жақсы  көрер дейсіз», – дейді. Қарақұмға  жиналған  
көтерісшілердің  қатарына    барып  қосылған  Сәкібай  Бедеков  
отбасын аң аулап, құс салып  асырағанын айтады.
Көтерілісшілер  ұрысқа  қатысып,  сол  ұрыстардың  бірінде 
басшылары  қаза  болып,  біразы  тұтқындалады.  Ал    Сәкібай 
сияқты  көтерісшілер қарсылықтарын  тоқтатпай қарсы  тұрады.  
Бұл тұста  мерген Сәкібай ерекше  көзге түсіпті. Көтерілісшілер 
жеңілген  соң  Қарақұмның    сай-саласын    паналап,  1940 
жылдардың ортасына  дейін, «қашақ» аталады. Ақыры  ұсталып, 
қамалады.
Сәкібай    ұсталар    алдындағы    ұрыста  бір  офицердің 
фуражкасын  атып    түсіреді.    Бұл  оған  ескертуі    болатын.  
Сәкібайларға    қарсы  сотқа    қатысқандардың    бірі  сол    офицер  
екен.  Ол сотта  сөз алып, Сәкібай Бедековты өлім жазасына емес, 
25 жыл  бас бостандығынан айыруға ауыстыруға  ықпал еткен 
көрінеді. 
Теміртауда  айдауда болып,  шахтаның  ауыр  жұмыстарына  
тартылған. И.В.Сталин қайтыс  болғаннан  кейін кешірім  жасалып, 
елге  оралды.    Сөйтіп  туған    ауылында    ауылшарушалылық 
саласында  еңбек  етеді. «Ұлын ұяға, қызын қияға» қондырып, 75 
жасында  балаларының алдында  өмірден  өтті.   
жалпы, ғалымдардың  зерттеуі бойынша  тұтқындалған  
376    адамның  175-і  атуға,  175  адам    2  жылдан  10  жыл 
арасында  сотталып, еңбекпен түзеу  лагеріне  тоғытылады.  
Шығыс  сібірге  10  адам  айдалған.  Ендігі  бір  деректе  118  
адамның  ату жазасына кесілген жазылыпты. Ал көтеріліске 
тікелей  қатыспаған,  бірақ  көмек  жасағандардың    бірі    Сәмбет 
Тілегеновты  «қарулы  көтеріліске    қатысты,  кеңестік  өкіметке 
қарсы саясат  жүргізді» –  деп  РСФСР Қылмыстық  Заңының  
58-бабының  4 тармағымен  атуға үкім шығарған. Ол үкім  1930 
жылдың 19 қарашасында  орындалған.  
     
АҚМЫРЗА  иШАН  БАсҚАРғАН кӨТЕРІЛІс
Ақмырза    Төсұлы  1881  жылы    Қуаңдария    өзені    бойында  
«Қарақ» деген  жерде  туған.  Әкесі елге  сыйлы  кісі  болыпты.  
Ақмырза  ауылдағы  молдадан  тіл  сындырып,  діни  оқуға  бет 
бұрады.  Алғашында    Бұхарадағы  «Көкілташ»  (11  жаста), 
кейіннен Стамбұлдағы медреселердің  бірінде оқып, 1897-1898 
жылдарда    елге    оралып,  туған    жерінде    ауқатты    кісілердің   
көмегімен мешіт салып, бала оқытады.  Оның  алдынан  ондаған  
шәкірт тәрбиеленген.
Ақмырза    ел  ішінде    «Ақмырза  ишан»    деп    аталған.  
Сондықтан мешіті де ишан  атымен  аталады.  Бүгінде  жартылай  
бұзылған.    Ишанның  «Түрік    ишан»  аты  қолжазба    кітабы  да  
болған көрінеді. 
Қазақстанды  тұтастай  қамтыған 1928-1929 жылдардағы  дін 
орындарын    жабу,  молда,  ишандарды  қудалау  басталған    тұста 
кеңестік саясатқа қарсы шығып,  айналасына наразы  адамдарды 
жинай бастайды.

47
1930 жылдың  наурыз айында  «Қарақ жалы»  маңында кеңес 
әскерлерімен ұрысқа түседі. Бірде жеңіп, бірде   жеңіліс табады.  
Сондай бір ұрыста сарбаздары  жеңіліс тауып, ол өз мешітінде 
құран   оқып  отырып  шейіт болыпты деседі. Ақмырза  ишанның  
қаза болуы жайлы 3-4 түрлі  болжамдар айтылып жүр. Жеңіліс 
тапқаннан  кейін  Ақмырзаның  сарбаздары    Қызылқұм,  кейбірі  
Ауған  жеріне  асып, тоз-тозы  шыққан.  
Ақмырза  ишан көтерілісіне  Қармақшы, Қазалы, Аламесек 
аудандарының    шаруалары    қатысқан.  Ишанның    арғы  атасы 
Арғынбай  батыр  туралы  белгілі    жырау    Алмас    Алматовтың  
шығарған  толғауы да бар.
Ишан  сарбаздары:  Төлеген,  Абат,  Абай  Жекебатыров, 
Алпысбай  Абатов,  Әлмәмбет,  Әбсейіт  Масақбаев,  Әли  
Тұрақбаев, Науан, Наурызбай Таңатаров, Рай  Оспанов, Тоғызбай 
Жұбанов, Әбубәкір Алдашбаев, Құйрықбай Сәрсенбаев, Құлжан  
Базаров, Жайлыбай Керуенбаев, Кәрібаев, Қостанбай, Қосыбай 
Берсүгірұлдары тағы басқалар.
Ақмырза  ишан  көтерілісін    тоқтату  немесе  жалпы    санын  
анықтау    мақсатында    біраз    тыңшы    жіберілген.  Соның    бірі  
Хамза  Жомартов Ақмырза  сарбаздарының  оғынан  қаза  табады. 
Ү.Аяпов, М.Құлман, Костиндер аман  қайтқан екен.
Ақмырза    ишан    көтерілісіне    қатысқан  мерген  Жайлыбай  
Керуенбаев  (1902-1970)  жөнінде  ұрпағы  Тұрсынкүл  Жайлыбай 
қызы  былайша жазыпты.  «...Әкем Жайлыбай  ишан  көтерілісі 
жеңіліс    тапқаннан    кейін    ауылға    келіп,  колхоз  жұмысына  
араласты. Бірнеше рет   тергеп, тексеріп, адам өлтірмегені белгілі  
болғасын босатып жіберсе де  еңбек колониясында еңбек етеді».
Ж.Керуенбаев    тазы    жүгіртіп,  құс  салған    аңшы,  
палуандығымен де аты шыққан.  1941-1945 жылдардағы  соғысқа  
алынып, майданда жараланып, елге оралады.  Соғыстан  кейінгі 
жылдарда    колхоздың    өркендеп-өсуіне  өзіндік    үлес    қосқан 
сарбаз, майдангер. 1970 жылы  Тұрмағамбет  ауылында  қайтыс  
болған.
Жаңаталаптық  Науан  Таңатаров    соғыс  біткеннен    кейін  де 
«қашақ»    аталып,  Қызылқұмда  жүріп,  туған  жеріне  1957-1958 
жылдары    оралғанын    және    оның  Ақмырза  ишан  көтерілісіне  
қатысқанын естігенім бар-ды.
1905 жылы  туған, 1930 жылдан  большевиктер  партиясының  
мүшелігіне  кандидат  болған  Ахмет Мықтыбаев  Ақмырза  ишан  
көтерілісіне  қатысқаны  үшін  1938  жылы    2  қазанда  партиядан  
шығарылған, қысымға алынғандығы жайлы  «Ленинский  путь» 
газеті  жазған.
Ақмырза  ишан  бастаған  көтерілістегі басты  тұлға  Төлеген  
мерген  жайлы  ел аузында, архив құжаттарында  да айтылады.  
Қармақшы  ауданының жерінде  орын алған  көтерілісті  тергеу 
туралы  №539-шы  санды    іс  «Төлеген    Жекебатыров    және 
басқалар»  делінген.  Архивтік  деректерде  Төлеген    мергенмен  
бірге    Рай  Оспанов,  Ермахан  Аманбаев,  Ешан  Жұрқымбаев 
РСФСР қылмыстық істер кодексінің 59-3 бабымен  ату жазасына 
кесілсе,  10  жыл  түрмеге    айдалғандар:  Жұбатқан  Құйрықбаев 
(Сәрсембаев),  Абет,  Жабет,  Әлмұханбет  Масақбаев,  Тоғызбай 
Аяп, Жұбанов. Бес жылға  сотталғандар: Алпысбай Жекебатыров, 
Шәкен    Бесбаев,  Тәжібек    Есбаев,  Әбубәкір  Алдашбаев,  үш 
жылға    дейін    сотталғандар:  Берден    Самұрзаев,  Құйрықбай 
Сәрсембаев,  Құлжан  Базаров.  Осы    сотталған  азаматтардың  
көбі  Қармақшы    ауданына  қарасты  №4,  №9,  №12,  №15,  №16 
ауылдардың тұрғындары. 
ТӨЛЕгЕН жЕкЕБАТЫРОВ
Ақмырза  ишан    көтерілісінде  асқан  мергендігімен  көзге 
түскен Төлеген Жекебатыров  пен  оның  бауырларына  тоқталып 
өту  керек.    Төлеген  –  1904    жылы  Қармақшы  ауданының  №16 
ауылында    туған,  бай    баласы.  Әкесі  Жекебатыр      Мұрынбаев  
ауылнай  болған.  Төлеген    Жекебатыров  Қызылқұмдағы  сай-
сала,    сексеуіл  арасын  паналап,  отбасыларымен  көшіп  жүреді.  
Әкесі Жекебатыр, ағасы  Абай  және  ұлы Алпысбай, басқа  да 
туысқандарымен  кездескендерін тергеуде  айтыпты.
Ақмырза    ишан  көтерілісінде    ерекше    рөл    атқарғанын: 
«Көтеріліс  жеңіліс  тапқаннан    кейін  колхозға  өткізілген 
малдарымызды    інім  Абай  екеуміз    ұрладық.  Олардың  
жазалайтынын  білгендіктен  Қызылқұм  ішіне    тереңдей  ендік. 
1931  жылы    Қызылқұмдағы  Қарақұмдықта  болдық.  Құлымбет 
аша,  Ақпаналы  құдығын  сағаладық.    Ақпаналы    құдығында  
қызыләскермен қақтығысып» қалдық.  
Төлеген  жасынан  мылтық атқан. Мылтық  атуды әкесінен  
үйренген    екен.  Ол  құралайды  көзге  атқан  мерген    болыпты.  
Оның  екі мылтық, револьвер, бір балта, бір  дүрбісі болыпты. 
Колхозда қалған  туыс-ағайындары оны «мерген», – деп  атаған.  
Оны қолға түсірісімен  Қызылорда  түрмесіне,  кейіннен Алматы  
түрмесіне   қамайды.  Алпысбай  Абатов  ұсталғанында  16 жаста 
болған.
Төлеген    Жекебатыров    оның    ағайындары  да    байларды  
тәркілеуді  бастан  кешіп,  малдарын  тартып  алуға  қарсылық 
ретінде  Ақмырза ишан басқарған  көтеріліске  қатысқанын, онда  
мерген болғанын және кеңес өкіметіне қарсы  үгіт жүргізбегенін  
тергеушілерге де  айтқан. Колхоздағы  өздерінің  малдарын ұрлап  
алып,  қарақалпақ    жеріне    бас  сауғалағанын  айтады.    Берген 
жауаптары  осыған  саяды.  Қалай  дегенде №539-шы  қылмыстық  
іс бойынша  18 адам әртүрлі  айыппен  жазаланғанын  жоғарыда 
атап  өттік.
Төлеген  мергенді  көргендердің  айтуынша: ол мергендігімен 
қатар  жершіл және  ауа-райы құбылысын жетік білгенге ұқсайды. 
Және    тасалау  жер  болмаса  окоп  қазып,    айналаны    дүрбімен  
бақылайтын  болған, аса сақ  кісі  деседі.  Алайда  өзінің  жақын  
ағайындарының   іздеп келуі  т.б.  жағдайлар, отбасымен  көшіп 
жүруі де  қашып құтылуына мүмкіндік  жасамаған  сияқты.
Зерттеушілердің деректерінде  Ақмырза ишан  бастаған  
көтеріліске  қатысқандардың    81-і  қылмыстық  жауапқа  
тартылып, оның 10-ы атуға кесіледі, 46 адам  түрлі мерзімге 
түрмелерде  қамалып, еріксіз жұмысқа  салынған.  
ҚАЗАЛЫ НЕМЕсЕ  АсАН  кӨТЕРІЛІсІ
Қазалы  ауданында  болған  көтеріліс  елдегі  белсенділердің  
дін  адамдарын  қудалау, колхозға күштеп тарту, астық салығын  
салу  сияқты   озбырлықтарынан туындаған қарсылығы.
Қасқа  елді    мекеніндегі  №22  ауылдың    тұрғындары  Ақжан 
Ақмамбетов,  Әбдіхалық  Иімбетовтердің    басшылығымен 
өкілдерге астық  бермеуге  уағдаласады.  Бұл хабарды  естіген  
№21,  №22,    №23,  №24,  №25,  тағы  басқа  ауылдардан    адамдар 
жиналып,  қолына    түскен    қарулармен    қаруланып,  келген 
уәкілдер  мен кеңес  қызметкерлерін  қамап  тастайды.  Кейінгі  
келіссөздер арқылы  оларды босатады.
Бұл    аталған    көтеріліске  Асан  руының  адамдары  көбірек 
қатысқандықтан    ел  ішінде    «Асан»    көтерілісі    деп    аталған.  
Тіпті    Арал    ауданында    тұратын    Тоғыс    руының    100  жігітін 
басқарып  келген  Медетбай Қалетов  көтерісшілерге қосылған.
Кеңестік    әскерлермен    1930  жылдың    тамыз,  қыркүйек 
айларында    қақтығыс  болып,  көтерісшілер  жеңіліс    табады.  6 
қыркүйектегі шайқаста хан сайланған имам Мақсұм Орымбетов  
40 шақты  жасағымен бірге қаза  тауып,  оннан астамы  жараланып, 
шегінген жасақ мүшелері Қызылқұм, Қарақұм ішіне  қашып, сай-
саланы, төбелерді паналап, кейбірі  елден  кетеді.
Асан  көтерілісін басқарған тұлғалар: Әбдіхалық  Иімбетов, 
Мұстафа    Өмірбеков,  Әбдірахман  Қарақұлов.  Бірнеше    адам 
1931 жылдың 4 мамырында  атылса, 6 маусымда Тоғыс  руының  
басшысы  Медетбай Қалетов  «үштіктің» шешімімен атылған.
Жалпы    Сыр  өңіріндегі    Қарақұм,  Ақмырза  ишан    Қазалы 
немесе  Асан  көтерілістеріне  қатысқан  жасақтардың басшылары 
мен  ұйымдастырушылары  түгелдей    ұсталып,  талайы  атылды,  
көбі  10  жылға    сотталып,  түрмеге    қамалып,  жер  аударылып, 
қаншама    отбасының  ошағы    бұзылды.  Сондықтан    осы    үш 
көтеріліс жайлы  ғалымдар мен  зерттеушілердің басын  қосып,  
Сыр   бойында ғылыми-тәжірибелік  конференция өткізіліп, әділ  
бағасы берілсе орынды болар еді.

48
Көптеген елдердегі этносаралық және дінаралық қатынастар, 
жалпы  саяси  жүйе  жаңа  құндылықтық  жүйелердің  орныға 
бастауына  байланысты  күрделене  түсуде.  Сондықтан  заманауи 
өзекті  мәселелердің  қатарына  «диаспора»  құбылысының  өзіндік 
көрінісін жатқызуға болады және ол практикалық тұрғыда ғылыми 
пайымдауды қажет ететін ерекше мәдени феномен. Жалпы, біздің 
еліміз өзінің мәдени және көші-қон саясатында бұл мәселеге тек 
теориялық  мағынада  ғана  емес,  сонымен  қатар  соңғы  уақытта 
проблеманың әлеуметтік-мәдени, рухани-практикалық қырларына, 
қоғамдық өмірдегі іс-шараларына да үлкен мән бере бастауда. 
Қазіргі  тарихи  кезеңде  барлық  елдерде  жаһандану 
құбылыстарының ауқымы мен әлеуметтік дүниенің жаңғыру мен 
жаңару үрдістері пәрменді түрде кеңейіп  келеді. Әлемде жаңару 
процестері  ұлт  мәселесіне  де  қатысты  көрініс  беруде.  Жалпы 
этникалық  болмыста  қордаланған  күрделі  мәселелерді  шешумен 
әлемдегі  және  еуразиялық  кеңістіктегі  мәдениетаралық  өзара 
қатынастардың тағдыры астасып жатады. Кейбір елдерде көрініс 
беріп жатқан экстремистік және террористік актілердің астарында 
этникалық  қауымдастықтар  мәселесі  мен  дүниетанымдық 
қайшылықтар жатқаны белгілі.
Жалпы,  кез  келген  халықтың  өзінің  адамзат  тарихында 
толыққанды тарихи субъект ретінде әлеуметтік-мәдени мағынадағы 
іштейгі ықпалдасу және ынтымақтасу проблемаларын зерделеуі - 
этникалық дүниетанымдық көкжиекті кеңейту тұрғысынан алғанда 
маңызды қадам. Бұл мәселе қазіргі тарихи кезеңде тек теориялық 
жағынан ғана емес, ол сонымен қатар практикалық жағынан да 
үлкен  маңызға  ие  болып  отыр,  яғни  қазақ  этносы  өкілдерінің 
қандай  мемлекеттік  территорияда  өмір  сүргеніне  қарамастан  
этникалық өзіндік санасының сапасын төмендетпеуге тырысуы, 
тарихи бірлігін, күрделі жағдайларда әртүрліліктің біртұтастығын 
сақтауға талаптануының маңыздылығы артуда. 
Шағын  этникалық  қауымдастықтар  өзінің  мәдениетін, 
өркениеттік  құндылықтарын  өзі  өмір  сүретін  ортада 
этномәдени доминанталық рөл атқаратын тарихи субъектілердің 
ресми  кеңістіктік  заңдарына  сәйкес  қалыптастырады.  Осы  
қатынастардан  туындайтын  ерекше  заңдылықтар  барлық 
диаспоралық қауымдастықтар үшін өмір сүру салтының ерекше 
сипатын анықтайды, ал қазақ диаспорасы осы өзара байланыстар 
қисынынан    шеттеп  қалмайды.  Соңғы  уақытта  біздің  елімізде 
этностардың  құндылықтар  жүйесін  зерттеудің  әртүрлі  ғылыми 
парадигмалары  пайда  болды.  Аксиологиялық  мәселелер  енді 
пәрменді  түрде  қарастырылуда.  Бұл  уақыт  пен  заманауилық 
ғылыми инновациялық дамудың талабы болып табылады.
  Көптеген  ғалымдар  жалпы  қоғамдағы  ұлт  мәселесіне 
ерекше назар аударатын мамандармен біріге отырып, этникалық 
қауымдастықтардың әлеуметтік практикасын теориялық тұрғыда 
қарастырғанмен,  нақты  аксиологиялық  сипаттамалар  беруге 
кейде  жете  назар  аудармайды.  Осыған  орай,  шығармашылық 
топтың  шетел  қазақтарының  өмірін,  ондаған  жылдар  бойы 
қалыптасқан  мәдени  келбетін,  құндылықтар  әлемінің 
ерекшеліктерін    ғылыми  қолданбалы  зерттеу  тұрғысынан 
қарастырудың мол екені де белгілі және оның қазіргі замандағы 
ғылыми-зерттеу басымдылығына күмән келтіруге болмайды.   
Шетелдегі  отандастарымыздың  құндылықтық  әлемінің 
ерекшеліктерін  ұлттық  бірігу,  бірегейлену  тұрғысынан  зерделеп, 
диаспоралық  этникалық  өзіндік  сананың  аксиологиялық 
ерекшеліктерін  зерттеудің  теориялық-методологиялық  қырлары 
анықталуы  -  ғылыми  жобалар  үшін  негізгі  шарт.  Шет  елдердегі 
қазақ  диаспорасының  құндылықтық  әлемінің  қалыптасуы  мен 
дамуына, олардың өзіндік өзгерістеріне авторлар тарапынан шынайы, 
толыққанды, нақты аксиологиялық сипаттама берілгені жөн. 
Жалпы  қазіргі  диаспоралық  әлеуметтің  әлемді  рухани 
игеруінің  сабақтастығын  және  құндылықтық  өзгерулерін 
ашып  берудің  маңызы  зор.  Әрине,  жақын  елдердегі  этникалық 
қазақтардың  мәселелерінің  практикалық  қырларын  анықтау 
бойынша  біршама  эмпириялық  материалдар  жинақталғаны 
белгілі  (әсіресе,  Ресей  және  Моңғолия  қазақтары  туралы 
мәліметтер  еркін  түрде  және  толыққанды  жинақталады), 
бірақ  дегенмен  алыстағы  елдердгі  қазақ  қандастарымыздың 
құндылықтық  әлемі  туралы  мағлұматтар  кейде  толық  болмай 
жатады және сондықтан олардың жеке тұлғаларының этникалық 
бірегейленуін  анықтау  бойынша  ғылыми  талдаулардың 
қажеттілігі молайып отыр. 
Қазіргі  заман  шынайы  құндылықтарының  дамуы 
ауқымындағы  Ресейдегі  қазақ  диаспорасының  этикалық 
әлеміне талдау жасалып, диаспоралогия ілімінің заманауи мәні 
мен  мазмұнын  ғылыми  мағынада  ұғыну,  шетел  қазақтарының 
құндылықтық  әлемінің  жаңғыруы  ауқымындағы  мәселелерді 
қарастырумен  қатар  ғылыми-зерттеу  жұмысында  оның 
философиялық аспектілері бар екені белгілі. Кез келген мәселеге 
инновациялық  тұрғыда  тұжырымдар  жасауға  болатындығы 
анық.  Дегенмен,  кез  келген  мәселенің  түпкі  мәнін  жан-жақты 
ашып  қана,  оның  болашағына  байланысты  қисынды,  ғылыми 
тұжырымдар жасалады.
  Шетелдегі  қазақтардың  елге  бет  қоюы  заңды  құбылыс,  ол 
негізінен  ұрпағының  болашағына  алаңдаудан,  ұрпағының  елге 
жат  болып  қалуынан  сақтанудан,  ұлттық  тамырынан  ажырап 
қалу қаупін сезінгесін көппен көрген ұлы тойға тобымен араласу 
ниетіннен, ұлттық бірегейленуге, Атамекенде ұлттық топтасуға 
ұмтылыстан туындап отыр. Замана көшіне жаһанданудың қауіп-
қатерлеріне төтеп беріп, іргелі ел болып ілесу үшін шет жердегі 
де  Қазақстандағы  да  қазақтарды  тұтастай  жұмылдыратын 
осындай ұлттық идеяның жандануы, күш алып дамуы керек. 
Ұлттық бірегейлік – ел басына күн туған шақтарда өзектілігі 
арта  түсетін  ұлттың  және  жеке  тұлғаның  төлсаналылығының 
шарықтауымен  сипатталатын,  ұлттың  өміршеңдігінің  кепілі 
болып табылады.Туған жер, тарихи Отан, Атамекен ұғымдары – 
кез келген этностың тәуелсіз, егеменді тұрмыс-тіршілігінің кепілі 
ғана емес, оның тамырын тереңнен тартқан таным-түсінігіндегі 
ең  қадірлі,  қастерлі  ұғымдардың  ұйытқысы  болып  табылады. 
Ұлттық  бірегейлену  түсінігінің  эволюциясын  халықтың 
атақонысқа  көзқарасынан  да  бағамдауға  болады.  Қазақтардың 
дәстүрлі  дүниетанымындағы  Атамекенді  ардақтау,  аялау  сезімі 
көне түркілік кезеңде көшпенділердің мифтік-поэтикалық ойлау 
жүйесінен  бастау  алып,  қазақтың  жыраулық  поэзиясында  – 
құтты  қоныс  Жерұйық,  Жиделібайсын,  қой  үстіне  бозторғай 
жұмыртқалайтын  заман  нышандары  арқылы  бейнеленді.  Бұл 
тарихи санамыздың ерекше көріністері анық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет