Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



Pdf көрінісі
бет33/33
Дата03.03.2017
өлшемі16,22 Mb.
#5524
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

124
АЛТЫН БЕСІК – 
А
қ 
Бо
ТА
біреуі «Мен – Ордабаевпын» деп айтпайды. Себебі, осы айрандай 
ұйыған ауыл балаларының  бір ғана кемшілігі бар-ды. Ойынға 
қанша құмар болса да, қақпаға тұруға келгенде, бәрі ат-тондарын 
ала  қашады.  Кімнің  қарсы  жақтың  қақпасын  қақырата  доп 
соққысы, кімнің жақсы ойыншы атанғысы келмейді дейсің? Ал 
қақпашы болсаң, атың да шықпайды, доп та соқпайсың. Құралбек 
Ордабаевқа ұқсап ұстай алмаған соң, қақпаға тұрып керегі не?  
Тіпті нашар ойнасаң да бір орында сарылмай, балалармен бірге 
алашапқын  боп  жүгіргенге  не  жетсін.  Бәрін  былай  қойғанда, 
доп қақпаға зу етіп кіріп кеткенде, сол үшін кім кінәлі болғысы 
келеді. Міне, бәрінен де осы қинайтын.
Ал қақпаға кім тұрады? Әдетте мұндайда кім нашар ойнаса, 
кім балардың ішіндегі ең кішкентайы болса, сол қақпашы болуы 
керек.
Үлкендер қосылғанда да осы жағдай өзгермейді.   
  –  Анда-санда  бір  бой  сергітейік  дегенде,  енді  қақпа 
күзетуіміз керек пе? – деп ренжіген кейіп танытады. Тек кейде 
ғана жұмыстан қатты шаршағаны: 
  – Бүгін мен-ақ болайын, аяғым бастырмай тұрғаны, – деп 
мойнына  алады.  Бұлар  иығынан  ауыр  жүк  түскендей  еркінсіп 
қалады.Сол күні ойын да қызықты көрінеді. Әттең, бұндай кез 
өте сирек.
Басқа  уақытта  ылғи  да  дауласумен  ойын  басталмай  қояды. 
Үлкендер мәмілеге шақырып:   
 – Кезектесіп тұрсаңдаршы, бір доп соққанша, – дейді.
Қай  жақ  қақпаға  болсын,  әйтеуір  бір  доп  соғылу  керек. 
Қақпашылықтан құтылу үшін, тезірек бір допты өткізе салуға да 
болар  еді.  Бірақ  бұл  ауылдың  балалары,  жеңіс  үшін  жандарын 
салатындықтан, ондай көзбояушылыққа ешқашанда бармайды.
Қақпа  дейтіндей  «Белбұлақ»  аулында  қақпа  болған  емес. 
Оның  орнында  үш  адым  ара  қашықтықта  қойылған  екі  тас 
қана  жатады.  Ал  биіктігі  қақпашының  бойына  байланысты. 
Егер  қақпашы  секіргенде  бойы  жетпесе,  онда  биік  кетті  деп 
есептеледі.  Қолының  ұшы  тисе,  ұстай  алмағаны.  Ендеше 
жер  бауырлата  теппесең,  қақпашының  бойының  қандай  екені 
белгілі, әуелеткеннен еш пайда жоқ. Қақпаның түрі де әлгіндей 
болғандықтан,  «түзу  кетті»,  «қисық  кетті»  деген  дау-дамай 
таусылмайды. 
Міне, солай шынашақтай Ербол қорғаған қақпаға, аюдай боп 
гараж  бастығы  Саржан  доп  теуіп  жатса,  еш  сөкеттігі  жоқ.  Көз 
қанығып  кеткені  сондай,  ешкім  ерсі  санамайды.  Тек  жеңгелері 
жеңіл шымшып:  
 – Теңдеріңді енді тауыпсың ғой. Түйедей боп, кіп-кішкентай 
балалармен ойнағанға ұялсаң қайтеді? – дейді.
Саржан да есесін жібермейді:  
  –  Мына  інімізге  дұрыстап  тамақ  берсең  қайтеді?  Қарашы, 
шалбарының түсейін деп жүргенін.
Қақпашы екенсің, бәріне де шыдауың керек. Кейде резеңке 
доп  зыңылдап  кеп  тигенде,  бетің  біреу  шапалақпен  тартып 
жібергендей,  дуылдап  қоя  беретінін  қайтерсің.  Содан  кейін-ақ 
сақтықпен қимылдап, реті келсе доптың бағытын бұрып жіберуге 
тырысасың. Бұрып жіберу айтуға оңай болғанмен, екі қолың удай 
ашып, беттемей қаласың. Доп ұшып келе жатқанда, тұра қашуға 
барсың. Бірақ намыс жібермейді. Сәл аялдатсаң қолыңды жұлып 
кетердей қауіптеніп, көз ілеспес жылдамдықпен қағып үлгересің. 
Шеберлік танытайын демейсің. Өзің үшін. Сырт көзге тәп-тәуір 
қақпашысың. Келесі ойында: 
  – Ұстай алмаймын. Икемім жоқ, – деп айтып көр. Кішкентай 
да болсаң, қақпа кілтін сеніп тапсыруларының бір сыры осында. 
Жек көретінің резеңке доп. Амал жоқ, белбұлақтықтар резеңке 
доппен  ойнайды.  Оның  да  себебі  бар.  Ауыл  баласы  тірліксіз 
жүрген бе? Әркімге жүктелген жұмыс бар. Ойын әбден қызған 
кезде, бәрі жайына қалады. Мал келіп, мына жақта азан-қазан. Ал 
күнде бір жағында жүретін «жүгермегі», әне, ала допты қуалап 
әлек. Өздері ойнамағасын осылай түсінеді де, қай-қайсысының 
ата-анасы  да  ала  допты  қақ  жарып  тастауға  құмар-ақ.  Киноға 
деген  ақшадан  әрең  құраған  қайран  былғары  доп,  солай  қақ 
бөлініп жатады.
Ертеңіне бұлар мойындарына су кетіп, бөлінген допты тігіп, 
бір-екі  күн  ермек  етеді.  Содан  кейін  құрап-сұрап  тағы  да  доп 
сатып  алады.  Кей  ретте  үлкендердің  өзі  жамау  доппен  ойнап 
жүргендерін көріп, жандары ашып, доп алуға ақша береді. Қанша 
дегенмен,  допты  ермек  етіп,  үйдің  айналасында  жүргендері  де 
дұрыс қой. 
  – Доп дегенді қол бос кезде кезде ойнау керек. Өзіңе тиесілі 
жұмысты  істе,    содан  соң  саған  кім  бірдеңе  дер  екен,  –  деп 
құлақтарына құйып қояды.
Осылайша  күнде  кешке  ауыл  сыртындағы  алаңның  шаңы 
бұрқырап,  у-шу  болып  жатады.  Тіпті  балалардың  айқай-шуы 
естілмей қалса, қыдырыстап жүретін қариялар жағы елегізіп: 
– Әй, балалар көрінбейді ғой. Қайда жүргендерін әке-шешелері 
біле ме екен? – Үй жаққа қарап дауыстап: – Пәленше ойыннан 
қайтып па еді? Бүгін көздеріңе түсті ме өзі? – деп, анық-қанығын 
білмей көңілдері көншімейді.
Теңбіл  доптың  шуылы  кішкентай  ауылдың  мамыражай 
тірлігінің  бір  жарқын  көрінісіндей  дерлік.  Науқан  кезінде 
үлкендер  алаңға  мүлде  жоламай  кетеді.  Әйтсе  де  шуыл 
бәсеңсімейді. Әрине, үлкендермен ойнаған әділдеу. Олардың көзі 
тайса-ақ,  Есен  құтырып  шыға  келеді.  Өзін  өзі  капитан  сайлап, 
билеп-төстеуге  көшеді.  Енді  алмасып  тұру  деген  атымен  жоқ. 
Оған  ұнамадың  екен,  қақпадан  шықпайсың.  Ойнап  та  береке 
таппайсың. Басқа адам жоқтай,  жалғыз өзі допты ұстап жүріп 
алады.  Аяғыңа  доп  тисе,  «пас    тастамадың»  деп,    дегбіріңді 
шығарады. Асығып-абдырап, асып-сасып бітесің. Қолайлы сәтті 
дұрыс пайдалана алмасаң, көрген күнің күн емес. Қарсы жақта 
ойнасаң, тобықтан қағып, қан қақсатуға құмар. Сондықтан доп 
тисе-ақ,  сирақтары сидаңдап, жеткізбей кетуге тырысады.
Ағасына  арқа  сүйеп,  інісі  Сейсен  де  төбеңе  секіреді.  Доп 
тебе  алмаса  да  шабуылда  жүргені.  Қақпа  жаққа  қайырылып 
бір қарамайды. Адамның санын көбейткені болмаса, командаға 
пайдасы жоқ.
Бүгін  бұлар  көрші  ауылдың  ойыншыларын  қонаққа 
шақырған. Мәлік түнімен ойланып шықты. Күнде ойнап жүрген 
ойындай  емес,  көрші  ауылдың  балаларымен  жарыс  өткізу 
қызықты  болатындай.  Төменгі  ауылдықтардың  сілесін  қатыру 
бұлардың қолынан келеді. Жер шұқыған түрлерін көріп, әй бір, 
айыздары қанар. Тек өзі қақпада көлеңкесін күзетіп тұрмаса де. 

125
балаларға  б
а
зар
лық
Бір қаупі осы. Сотқар Есен өзгені ойлай қоймас.
Жеңетіндеріне  әбден  сенімді  «Белбұлақ»  командасының 
ойыншыларының  көңіл  күйі  айран-асыр-ды.  Олар  ала  допты 
бүйіріне қыса ұстаған Есенді ортаға алып, қызу әңгімелесіп келе 
жатты. Кім қандай шеберлік танытатынын, кім баспен қақпаны 
дәл көздейтінін, кім допты оқша зымыратынын алдын ала айтып 
мақтанып қояр емес. 
 –Мен де допты көп ұстамай сендерге дәлме дәл  пас тастауға 
тырысам, – деп, жөнге келді Есен де.
Мәлік  те  бұл  дабыр-дұбырдан  тыс  қала  алмады.  Әлгі  сөзді 
айтқан Есенге  іші жылып, елжірей қарады. Ал төменгі ауылдың 
доп  тебе  алмайтынфутболшысымақтарының  қимылдары  сөз 
болғанда, күлкіден ішегі түйіліп өле жаздады. Сірә, қақпашылары 
да  шаң  қапқаннан  басқа  ештеңе  бітіре  қоймас.  Қақпашы 
демекші... «Ұмыттыңдар ма, біздің қақпаға кім тұрмақ?» – деген 
сөз аузынан шығып кете жаздады. Өзін әрең тежеді. Бәрі бұған 
таңдана қарап: «Сен тұрасың да. Сенен басқа кім бар?» – деп, 
жамырай кететіндей көрінді. Не де болса ақырын бағайын деді.  
«Жатқан жыланның құйрығын басып нем бар...»
Қой аузынан шөп алмайтын момындығын пайдаланып, бәрінің 
басына  кетуге  даяр  тұратыны  жаман.  Екінші  рет  айтқандарын 
өлсем де орындамаспын десе де, көңіл жықпастықпен қалай көне 
кеткенін өзі де сезбей қалады. Қулық жасайын-ақ дейді, қолынан 
келмейді.
Бұның  ойынша  бүгін  қақпаны  Сейсен  күзетуі  керек. 
Кішкентай десең – кішкентай, бойы қысқа десең – қысқа, ойнай 
алмайды десең – ойнай алмайды. Қақпаға тұрғанына қуанатын 
жөні бар. 
Қаупі бекер емес екен. Ойлағанындай қақпа белгіленіп, сол 
жерге киімдер үйілгеннен кейін, бәрі жылыстап шыға берді. Ал 
Сейсен  елдің  ең  алдында  жүр.  Қақпаға  кім  тұратыны  бірінің 
қаперіне  кіріп  шығар  емес.  Мәлік  шыдай  алмады.  Көзді  ашып 
–жұмғанша-ақ Сейсеннің қасына жетіп барды. Анау да басынан 
сипамасын сезіп, зытып кеп берді. Қайта мұнысы жақсы болды. 
Балалардан сәл ұзағасын ұстап алып:  
– Осы ойында қақпаға тұрсаң, басқа ойында орныңа тұрам, – 
деді барынша жылы сөйлеуге тырысып.    
– Жоқ.   
 – Ең болмаса кезектесіп тұрайық.
Келісер емес. Жалынған сайын шалқақтай түседі.  
– Тұрсаң өзің тұр, – деп шәлтиеді.
Бүйтіп ештеңе өнбесін сезген соң қорқытуға кірісті.  
–  Айтқандарымды  тыңдамайды  екенсің,  жаныңды  көзіңе 
көрсетем, – деді білегінен мытып. Сол-ақ екен, баж ете қалды. 
Дауысты естіп, топ ішінен Есен бері бұрылды. Келді де ай-шай 
жоқ төпелей жөнелді. Онымен де қоймай,  ұстап тұрып,  інісіне 
де түйгіштетіп алды. 
Ойын  басталып  кетті.  Жалғыз  Мәлік  қана  алыстап  шеттей 
берді.
Алып-ұшқан көңілі де әп-сәтте сап басылған. Енді әке-көке 
десең де алаңға жолар түрі жоқ. Ол әлгілердің күш көрсеткеніне 
кәдімгідей-ақ  ренжіді.  Өзінің  ағасы  жоқтығына  өкінді,  ағасы 
болса ғой, бүйтіп ешкімнен таяқ жемес еді. 
Ертеңіне  тамағын  ішер-ішпестен  зыта  жөнелетін  әдетін 
ұмытып,  сары  самаурынның  қасында  жайбарақат  аунап-қунап 
жатты.  Бір  күннің  ішінде  күшіне  күш  қосылып,  тыңайып 
қалғандай.  «Басқалар  жүр-ау  қазір  алаңның    шаңын  шығарып. 
Ақымақтар,  –  деп  қойды  ішінен.  –  Жүріңдер  солай  ала  өкпе 
болып».
Екінші күні кеш түсісімен-ақ  аяқтарының ауыл шетіне қарай 
бастап бара жатқанын сезбей де қалды. Әудем жер ұзағанда ғана, 
өткен  жай  есіне  сарт  ете  түсті.  «Енді  қайта  жоламаспын  деген 
сертінен  тайғаны  ма?  Таяқ  жегені  де,  бәрі  де  ұмытылғандай 
болғаны  ма?»  Лажсыздан  біреу  желкелегендей  кері  аяңдады. 
Бақшаның  аяғында  шоқиып  ,  ойынды  тамашалауға  кірісті. 
Есендер  жаққа  доп  соғылғанда  қолын  шапалақтап,  орнынан 
секіріп-секіріп кеткенін байқамай да қалады. Кей сәтте делебесі 
қозып, қастарына зымырап жетіп барғысы келеді. Үшінші күні 
құлағынын  шуыл  кетпей  қойды.  Алақанымен  жапса  да  гу-гу. 
Өзін  қоярға  жер  таба  алар  емес.  Ақыры  шыдамады,    барды  да 
қақпаға тұрды. Ешкіммен таласпады да.
Алғашында  оған  қақпашылық  қызықсыз  көрінген.  Әйтеуір 
алыстан  ынтығып,  діңкең  құрығаннан  бұл  да  тәуір.  Допты  да 
қалай болса солай селқостау ұстайды. Бірақ, бұлай ойнағаннан 
ойнамағанның өзі жақсы екен. Енді қайтсе де допты жібермеуге 
тырысты. Әсіресе Есенге доп тигенде тас түйін болып жиырыла 
қалады. 
Ойда жоқта балалардың құмарлығы лап ете түсті. Доп соға 
қалған  жағдайда,  естері  шыға  қуанады.  «Мен  Мәлік  қорғаған 
қақпаға доп соқтым», – дейді кеуделерін қағып. Енді екі жаққа 
бөлінгенде,  бәрі  Мәлікке  таласып  қалатын  болды.  Мәлік 
қашанда  Есенге  қарсы  жақты  таңдайды.  Бұл  Есеннің  ашу-
ызасын тудырды. Реті келсе қағып-соғып кетуге даяр-ақ. Қанша 
тыраштанса да түк бітіре алмай әлек. Ашуға берілген адамның 
ісі  қайтіп  оңға  бассын?!  Доп  Мәліктін  бауырынан  табылғанда, 
ызадан  жарылып  өле  жаздайды.  Оны  табалағандай,  Мәліктің 
шеберлігіне  өзгелер  мәз-мейрам  боп  күледі.  Бірде  тіпті  Есен 
мұның  ішінен  байқамағансып  оңдырмай  тепті.  Мәлік  екі 
бүктетіліп  жатып  қалды.  Дәл  қазіргі  сәтте  есе  қайтаруға  халі 
мүшкіл-ді. Ожар күшке қарсы тұра алмас дәрменсіздігі тағы бар. 
Оның есесіне балалар өре түрегелді. Көптің аты көп. Мұндайды 
күтпеген  Есеннің  жүні  жығылып-ақ  қалғаны.  Дем  арасында 
моп-момақан кейіп танытты. Ағасынан асқан күшті жан жоқ деп 
сезінетін  Сейсен  де  араша  сұрағандай  әркімге  жаутаң-жаутаң 
қарайды. Мәлік те өткендегідей емес, арқа сүйер ағасы бардай, 
үстінің шаңын қағып, орнынан жайраңдай көтерілді. 
Бәрінен  де қақпашының  көңілін  тасытқан жай  мұнан  кейін 
болды.  Кезекті  бір  ойынға  келген  Мәлік  алаңға  орнатылған 
қақпаны  көріп  аң-таң  қалған.  Бұған  дейін  бұл  ауылда  мұндай 
әдемі қақпа болмап еді.
Бірде қатар келе жатқан Есен:  
– Мәлік, өткендегі жағдайлардың бәрі ұмыт қалсын. Екеуміз 
бір  жақ  болып  ойнап  көрейікші,  –  деп  жаси  үн  қатты.  Оның 
кінәсін  мойындайтынын  Мәлік  сезіп  жүретін.  Тек  Есеннің 
оп-оңай  жеңіле  салғанын  қаламап  еді.  «Жақсы  шабуылшы 
кішіпейілділікті әділ ойынымен көрсетпеспе еді» деді ішінен. 
Зымырап  жаз  да  өтті.  Күзде  олар  сабаққа  барды.  Бір 
күні  ауданда  жарыс  өтеді  деген  сөз  шықты  да,  оған  жақсы 
ойыншыларды  таңдап  ала  бастады.  Ал  «Қайрат»  мектеп 
құрамасына бұлардың аула командасынан тек Мәлік қана ілікті. 
Мәлік сол жарыста «ең үздік қақпашы» деген атақты жеңіп 
алған еді.
Сол баяғы алаң. Балалар әлі де футбол ойнап жүр. Бір қызығы, 
енді бәрі қақпашы болғысы келеді.

126
АЛТЫН БЕСІК – АҚ  БОТА
БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ
Кішкентай 
Біз кішкентай балдырған 
Сескенбейміз жаңбырдан 
Төбемізде қол шатыр 
Алдымызда жол жатыр.
Бес саусақ
 
Бас бармағым - атам, үйдің 
данасы. 
Балаң үйрек - әжем, ошақ 
анасы. 
Ортан терек - әкем, отау 
панасы. 
Шылдыр шүмек - шешем, 
шаңырақ ажары. 
Титтей - бөбек - мен, 
бәрінің базары. 
  
Апта
 
  
Жеті күнім- бір Апта: 
Жету үшін мұратқа, 
Апта бойы құр жатпай, 
Алға қарай бір атта! 
    
Бауырсақ
 
Нәйім-нәйім бауырсақ. 
Ағын суға шомылсақ. 
Жағасында гүл теріп, 
Көбелектей жүгірсек. 
 
МАқАл-МәТелдер 
***
досы көппен сыйлас,
досы азбен сырлас. 
*** 
Жаман жолдастан жақсы 
дұшпан артық. 
*** 
Жолдасты жол айырады. 
*** 
Жаман жолдастан мықты 
таяқ артық. 
*** 
Сыйласу екі кісіге бірдей. 
*** 
Жолдасы көптің – олжасы көп. 
 ***
Жаман қорыққанын сыйлайды. 
 *** 
Көргенді кісі 
Көргенін айтар, 
Көргенсіз кісі 
Бергенін айтар. 
 *** 
Ақымақ бұзуға бар
Түзеуге жоқ. 
 *** 
Жаманға сырыңды айтсаң 
Жарға жығады. 
 ***
Жаманның ақылы 
Түс ауған соң кіреді.
***
Көп түкірсе, көл болар. 
*** 
Көп күлкісі күннен де ыстық. 
*** 
Халық қаһары қамал бұзар. 
*** 
Жер шежіресі – ел шежіресі. 
*** 
Халық – дана. 
*** 
Көппен көрген – ұлы той.

127
АЛТЫН БЕСІК – АҚ  БОТА
БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ
Жаңылтпаштар
Асан бақша жақтан. 
Ақ сабақ асқабақ әкелді, 
Басқа жақтан. 
Басқарақ асқабақ әкелді.
***
Ала-ала алашалар, 
Тамаша олар, 
Оған кім таласа алар.
***
Біреуі көрікті кісі,
Біреуі бөрікті кісі.
Көрікті кісі – зорықты,
Бөрікті кісі – қорықты.
***
Кермеде тұр қырық
кір қыстырғыш,
қырық кір қыстырғышқа
қырық қыз келіп,
Кір қыстырды.
***
қондық жаңа қонысқа,
қалың екен жоңышқа.
қоныстағы жоңышқа,
Оралады қонышқа!
***
Айлар өтеді,  
Күндер жылжиды.  
Жылдар кетеді, 
Уақыт сырғиды.
***
Ақылсынған ақылшы ма?  
Астамсымай нақыл ұсынған  
Ақсақал ақылшы ма?
***
Асқабақ басқарақ өскен бе,  
Ашқарақ піспей-ақ кескен бе?  
Ассалаумағалейкум, Астана,  
Аспаңдап ажарланған Бас қала!
***
Ала жаздай, бал аралары  
дала аралады, сай аралады.  
Шүпілдеп тұрған шаралардағы  
Мысқалдап жиған сары ала 
балы аппақ па?
Жұмбақтар
 
Тұмсығынан торайдың, 
Тұмсығы бар аумаған. 
Үстін түгел орайтын, 
Тоны ине қаулаған. 
                              (Кірпі)
Гүл ұшып гүлге қонады, 
Гүл бақшам гүлге толады. 
                            (Көбелек)
Шаршамас кемпір көрдім 
жалғыз аяқ,
Аузына тістеп алған шиден
таяқ,
Жүрген сайын белбеуін
қабаттайды,
Беріпті әсемдікті аямай-ақ. 
                             (Ұршық)
Таба алмай оң менен солыңды, 
Адассаң қапылыста. 
дәл сілтер көрсетіп жолыңды, 
Шығысқа, Батысқа.
                        (Компас) 
  

128
ДУБАйДА ТҰРАТЫН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ БАғДАТ 
ДАРБАБАЕВАМЕН  сҰхБАТ
-  Бағдат,  туған  жерге  қош  келдіңіз!  Қазақстанның  қай 
жерінде туып өстіңіз?
-  Мен  Жамбыл  облысы  Шу  ауданының  тумасымын.  Қазір 
жасым  32-де.  Алматыда  «Сымбат»  сән  академиясын  суретші 
мамандығы бойынша бітірдім. 
Дубайға қоныс аударуыңыздың сыры неде?
Жолдасым екеуміз баламыз дүниеге келгеннен кейін, жеке 
кәсібімізді  дамытқымыз  келіп,  Дубайға  тартып  кеттік.  Шынын 
айту керек, Алматыда үлкен кәсіппен айналысу қиындау болды. 
Дубайда ешқандай салық түрлері жоқ, фирманы 12 күнде ашуға 
мүмкіндік бар. 
Дубай – үлкен мегополис.  жаңа өмір бастауда қандай да 
бір қиындықтар болды ма?
-  Қазақстандағы  пәтерімізді  сатып,  үлкен  тәуекелге  бел 
будық. 
-  Құпия  болмаса,  қанша  ақшамен  жеке  кәсіпкерлікті 
бастауға болатынын айта аласыз ба?
-  Офисті  жалға  алып,  150  мың  доллардай  ақшамен 
компаниямызды  ашып,  кәсіпкерлікті  бастап  кеттік.  Алғашқы 
жылдың  өзінде  аздап  пайда  таба  бастадық,  ал  екінші  жылы 
аяғымыздан тұрып, тек өзіміз үшін ғана жұмыс істейтін болдық. 
-  жеке  кәсіпкерліктен  бөлек  ұлтыңыз  үшін  де  қызмет 
бастап кеткен екенсіз. сол туралы тарқатып айтып берсеңіз...
-  Көшкенімізге  2  жыл  болды.  Бара  салып  қазақтарды 
іздедік.  Қазақтардың  Дубайды  тұрақты  мекен 
еткеніне  15  жылдай  уақыт  болса  да,  ешқандай 
қазақтар  қауымдастығы  құрылмаған  екен.  Украин, 
қырғыз,  орыс  халықтарында  бар,  ал  біздің  елдің 
адамдарынан  құрылған  ұйым  жоқ.    Бұл  жағдай 
туралы  Дубайдағы  қазақ  консулдығынан  барып 
сұрағанымда,  аздаған  қазақ  топтары  өздерінің 
қызығушылықтарына  байланысты  кейде  жиналып 
тұратындығын  айтты.  Мен  де  соған  үлес  қосқым 
келіп,  қазақтардың  басын  қосу  мақсатында  фейсбук 
әлеуметтік  желісінде  «Дубайдағы  қазақтар»  тобын 
құрдым. 2-3 күннің ішінде 300-ден аса адам тіркелгені 
қатты  таңқалдырды.  Бас  консул  Исағалиев  Арман 
Қайратұлының бастамасымен барлық белсенділердің 
арқасында,  алғаш  рет  22  наурызда  20  шақты  адам 
жиналдық.  Артынша  саябақтағы  басқосуымызда 
40  адам  болып  көбейдік.  Осылайша  бас  консулдың 
демеуімен 1 мамыр күні 300-ден аса қазақтың басын 
қосып  кіші  құрылтай  өткіздік.  Міне,  содан  бері 
Қазақстандағы  патриоттық  мерекелердің  барлығын 
бірге өткеріп келеміз. Басты мақсатымыз – ұлттық бірегейлікті 
сақтау. 
Балаңызбен қай тілде сөйлесесіз?
-  Қызыммен  тек  қана  қазақша  сөйлесеміз.  Өйткені, 
Дубай  сынды  үлкен  қалада  тұрғанда  әркім  өз  тілімен, 
дінімен  ғана  ерекшелене  алады.  Сондықтан  мен  үшін  мәдени 
құндылықтарымыз  бен  рухани  байлығымыз  ең  бірінші  орында 
тұрады. Ол жақтағы қазақтармен сұхбаттасқанымда байқағаным, 
тілді қатты меңгеріп кетпесе де ұлттық дәстүрлер туралы хабар 
алғысы келеді. 
Жолдасым Санжар әрқашан қазақы тақия киіп жүреді. Сонда 
көпшілігі танып, қазақтың баласы деп келіп амандасып жатады. 
Мұндай  жағдайды  Қазақстанда  тұрғанда  сезіне  алмайсың. 
Шетелде  өз  өзіңді,  тілің  мен  дініңді  жоғалтпау  үшін  жұмыс 
жасайды екенсің. Адамға есім мен тегі қалай керек болса, ұлттық 
ерекшелікке де сондай қажеттілік туындайды. 
-  Қазақстанға  осы  жолы  үлкен  мақсаттармен  келген 
екенсіз...
Дубай қазақтарының мәдени орталығын ашқым келеді. Осы 
жолы  Қазақстанға  келуімнің  мақсаты  Дубайдағы  қазақ  мәдени 
орталығын  құру  турасындағы  құжаттар  мәселесімен,  жалпы 
Қазақстан  тарапынан  рұқсат  сұрауға  келдім.  Сыртта  жүргенде 
қазақ тұрмақ, орысты көрсең де қуанып кетеді екенсің. Ал оның 
қасында  өзіміздің  қазақтар  бас  қосып  тұратын  орталық  болса 
қандай керемет болар еді?!
Дубайдағы қазақ мәдени орталығының басты мақсаты 
қандай болмақ? Ұлттық ерекшелігімізді сақтау мақсатында 
қандай шаралар ұйымдастырып жатсыздар?
Ең үлкен жиналысымызға 100-дей ғана адамды жоспарлап 
едік. Бірақ қуанышымызға қарай, 300 адам жиналдық. Осындай 
үлкен  отырысты  жылына  2  рет  өткізуді  жоспарлап  отырмыз. 
Алайда,  Дубайда  жаз  кезінде  қандай  да  бір  шараларды 
ұйымдастыру қиындау. Себебі, күннің ыстықтығына байланысты 
барлығы  басқа  жаққа  кетіп  қалады.  Алғашқы  жиналысымызға 
ЮНИТЕК компаниясы үлкен қаржылай демеу көрсетті. Гүлмира 
Калашникованың  көмегімен  біраз  материалдық  шығынымызды 
өтедік. Одан бөлек, Эйр Арабия әуе компаниясы 2 билет сыйға 
тартты.  Оны  біз  лотерея  түрінде  ойнаттық.  Жиналысымыз 
арнайы  бағдарлама  бойынша  жүзеге  асты.  Ұлттық  тағам 
ҚАЗАҚЫ ҚАСИЕТІМІЗДІ 
ЖОҒАЛТПАЙЫҚ...

129
Екі айда бір рет шығатын еларалық 
қоғамдық-саяси, әдеби-көркем журнал
№ 5 (74) 2015 жыл, қыркүйек-қазан 
2002  жылдан шығады
Редакция алқасы :
Талғат Мамашев 
Қуат Бораш 
Әділбек Ыбырайымұлы
Сұлтан Жанболат (Қытай)
Хабсаттар Омарұлы (Моңғолия)
Абдулқаюм Кесіжі (Германия) 
Тоқтарбай Дүсенбаев
Бас редактор 
Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ 
Бөлім редакторы 
Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ 
Безендіруші
Асыл ҚАРТАБАЕВА
Меншікті тілшілер:
Бекен ҚАЙРАТ (Астана)
Марат АРЫНОВ (Өзбекстан)
Меншік иесі :
«Алтын бесік-2» ЖШС,
Дүниежүзі қазақтарының 
қауымдастығы.
Журнал Қазақстан Республикасы 
Ақпарат министрлігінен Бұқаралық 
ақпарат құралын есепке қою туралы   
№ 4629 - Ж куәлігін алған. 
22.01.2004 ж.
Алғашқы есепке қою кезінде 
нөмірі мен мерзімі: 
№ 3209 - Ж.  25.04.2002 ж.
Жарияланған материалдардағы 
деректердің нақтылығына 
автор жауап береді.
Басуға 05.10.2015 ж. қол қойылды.
Таралымы  1000 дана 
Журнал ЖШС «Dostar media group»
баспаханасында басылды. 
РЕДАКЦИЯНЫҢ 
МЕКЕН - ЖАЙЫ :
050002 Алматы қаласы.
Ш.Уәлиханов көшесі, 43-а
Тел.факс (727) 273 19 50 
E - mail: altyn _besik @mail.ru
Алтын Бесік
түрлерін  дайындап  ұсындық,  түрлі  ұлттық  ойындарымыз  ойнатылды.  Дәл  сол  кезде 
әнші Батырхан Шүкенов қайтыс болған кез еді, барлығымыз оның әндерін айттық. Сол 
жердегі қазақтардың тудың алдында тұрып түскен суреттерінен коллаж жасадық. «24 
KZ» телеарнасының журналисі Айгерімнің көмегімен арнайы хабар түсірдік. 
Одан бөлек, «Ұрпақпен асыл байланыс» атты мәдени кеш ұйымдастырдық. Амина 
Шоқпарова барлық іскерлерді қосып, Дубайдағы қазақтарға ұлттық әшекей бұйымдар 
туралы  шеберлік  сыныбын  өткізді.  Нәтижесінде  жиналған  адамдар  тарихы  тереңде 
жатқан зергерлік өнеріміз туралы құнды мағлұматтар білді. 
Негізінен  әр  айдың  алғашқы  сенбі  күні  мереке  болса  да,  болмаса  да  өзіміз  үшін 
жиналып  тұрамыз.  Бір  жиынымыз  Ұлттық  нақыштар  күніне  тұспа  тұс  келді.  Бас 
консулдық  бізге  ерекше  сыйлықтар  берген  еді,  оларды  Қазақстанға  қатысты  арнайы 
викториналық сұрақтар дайындап, дұрыс жауап берген адамдарға үлестірдік. Рамазан 
айында 90-дай қазақстандыққа ауызашар бердік. 1 маусым балалар мейрамына орай, 
жастар  «Бремендік  музыканттар»  шағын  спектаклін  ойнады.  Кішкентай  суретші 
балалар өздерінің галереясын өткізіп, суреттерін сатты. Кейбір суреттерді өзінің ата-
аналары сатып алып, қызық болды. Осылайша айына бір рет бас қосып, түрлі шаралар 
ұйымдастырып  отырамыз.  Қауымдастығымыздың  құрылғанына  4  ай  ғана  болса  да, 
бастамамыз жаман емес деген ойдамын. Себебі, сол қысқа уақыттың арасында біраз 
шаралар өткіздік. 
Мұғалім шақырып, Дубай қазақтарына қазақ тілін үйрету туралы да ойыңыз 
бар екен... Ол жақтағы қандастарымыз тілімізді үйренуге қаншалықты құлықты?
Тілімізді үйренгісі келетіндер, әрине, көп. Бірақ біздің сабақ өткізетін орынымыз 
жоқ. Мысалы, менің білуімше, Түркиядағы қазақтар жекеменшік пәтерді жалдап, сол 
жерде оқиды. Бізде ондай да мүмкіндік болмай отыр. Бүгінде ұлттық компаниялардан 
демеуші  іздеу  үстіндемін.  Дубайдағы  қазақтардың  бәрі  бір  күнде  түгелдей    қазақша 
сайрап кетеді дегеніміз дұрыс болмас, дегенмен, өскелең ұрпақ қазақ тілін танып өссе 
екен деген ойдамын. Бір конкурсымызда мақал-мәтелдерден жарыс ұйымдастырдық. 
Таңқалғаным, мақалдарды жақсы айтатын адамдар ол жақта да баршылық екен. Қазір 
жұрттың  барлығы  Америка  дегенде  қызыға  қарайды.  Ал,  Америка  дегеніміз  ол  жай 
ғана  –  имидж.  Біз  де  сол  сияқты  Елбасымыздың  100  нақты  қадам  бағдарламасында 
айтылғандай, Қазақстандық имидж қалыптастыруымыз керек. Шетелдік қандастарымыз 
тілімізді білмесе де, өзінің қазақ екенін айтудан ұялмаса екен деймін. Бастысы, қайдан 
шыққанын, ділін, тілін түсіну керек. Қазақ тілінің мұғалімін шақырудағы мақсатым - 
осы. Жай ғана мұғалім шақырумен іс бітпейді. Бір ғана хабарландырумен оны оқығысы 
келетін адамдар да табылмауы мүмкін. Сондықтан оны арнайы жоба ретінде басқа да 
мақсаттар қосып өткізгім келеді. 
Қазақстаннан Дубайға кеткен қазақ ретіндегі ең үлкен арманың не?
-  Шынымды  айтсам  ол  жаққа  көшкелі  сана  сезімім,  өмірге  деген,  өзіме  деген  
көзқарасым қатты өзгерді және бұл сезімімді басқалар да бастан өткеріп көрсе екен 
деген тілегім бар. Себебі, басқа мемлекетте жүргенде өз еліңнің, туған жеріңнің қадірін 
түсініп,  патриоттық  сезімің  артады.  Қазақтарда    «Ел  көрген,  жер  көрген»  деген  сөз 
бекер  айтылмаған  екен.  Сыртта  жүргенде  еліңнің  жағымсыз  жақтарын  ұмытып,  тек 
жақсылықтары еске түсіп, сағынасың. Оған қоса, экономикалық, әлеуметтік тұрғыда 
салыстырып көруге мүмкіндік туады, уақыт өте келе олардың озық үлгілерін қазақтар 
да үйреніп пайдаланса екен деген тілек пайда болады. Қыздар өз үйінің қадірін, күйеуге 
шыққаннан  кейін  ғана  түсінеді  ғой,  дәл  сондай  сезімде  жүресің.  Жалпы,  мен  бос 
армандауды онша ұнатпаймын.Соған орай, алдыма нақты мақсаттар қойып қана жұмыс 
жасаймын. Ал ең басты мақсатым - өз өзімді дамытып, қазақы қасиетімді жоғалтпау. 
сұхбаттасқан
Айдана АЛАМАН


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет