85
Қолда барда алтынның қадірі жоқ
(Әңгіме)
Мамыр айының орта шені. Қалашықтағы ең сәулетті жаңадан
салынған «Нұрлы аспан» той мейрамханасында думанға
бөленіп, әлдекімнің асылының сүндет тойы өтіп жатыр. Дабыр-
дүбір әңгімеге толған зал ішіндегі жұрттың назары асабаның:
«Құрметті тойшыл қауым, қазір арамыздағы сүйікті әншілеріңіз
Ақеркені ән салуға шақырамыз» деп жариялауынан кейін сахнаға
көтерілген қызға қадалды.
Ақерке бейне бір айдында жүзген аққудай үстіндегі ақ
жібек көйлегінің етегі тербетіле майда бір жүріспен саханаға
көтеріліп, айшықты әсем дауыспен халық әні «Саған, халқым-
айды» шырқады. Зал іші сілтідей тынып,
ән әуенімен тербеле көпшілік биге шықты.
Орнында қалып қойған Ерік әлдекім байқап
қалмасын дегендей ұрлана Ақеркеге көз
тастады. Ақеркенің ақ дидары нұрға толып,
бота көздерінде қуаныштың лебі есіп,
жан-тәнімен беріле ән шырқап тұр. Басқа
ештеңеге назар салар емес.
Иығына құлаған қара зердей мақпал
шашы ақ жүзіне құп жарасқан. Үстіндегі
тобығына түскен ақ жібек көйлегі
қауашағын жаңа ашқан гүлдей құлпыртып
тұр.
«Жібекті түте алмаған жүн етеді,
Сұлуды күте алмаған күң етеді.
Саған халқым-ай
Жүрмін шалқып-ай.
Әнімді айтып-ай.»
Ақерке шырқап жатқан халық әні
Еріктің арқасына қамшымен осып-осып
жібергендей әсер етті. Әнді Ақерке тек
осыған арнап айтып, ашу-ыза, өкпе-
назын білдіріп тұрғандай. Кезінде өзінің
жібекті түте алмай жүн етіп, Ақеркені
күте алмай күң еткенін сезініп, өкініш
өзегін тырналады. Ән аяқталып, ел орнына
отырғанда Еріктің қасындағы жігіттер
Ақерке туралы дүрілдесе қалды.
Ерікпен таныстығы жоқ бір жігіт:
–
Алған жарың осындай болса шіркін, әрі әнші, әрі сұлу,
қандай тамаша!
– деді, аузының суы құрып.
–
Байқап сөйле, – деді бір жігіт – Ол әнші мынау қасымызда
отырған Еріктің келіншегі болатын, бұлар ажырасып кеткен,
қанша дегенмен алғашқы жары емес пе, көңілі бұзылмасын.
- Інішек, мұндай сұлу жарыңнан бекер айырылғансың,
тамылжыған тәтті әннің өзі бір бақыт қой. Мен болсам бұл
дүниеде тұрмақ, ол дүниеде болса да айырылмас едім, – деді
бағанадан сөзге сараң араласып отырған қара торы жігіт. Онысыз
да көңілінің тынышы кетіп отырған Ерік мына әңгімеден кейін
тіпті де тынышсызданды. Ақеркені ендігәрі ойламаймын,
көңілімнен өшірдім деп жүрген оның қиялы өз еркінен тыс ой
теңізін кезе берді.
Бұдан дәл алты жыл бұрын осындай мамыр айындағы
жастардың бір той кеші болатын. Жұптаса билеп жүрген қыз-
жігіттерге пейілсіздеу қарап қойып, бей-жай отырған Еріктің
көзі кенет қарсыдағы үстелдегі қыздар ортасындағы аққұба өңіне
мөп-мөлдір бота көзі құп жарасқан, аққудың көгілдіріндей ақ
көйлекті әдемі бір қызға түсе қалды.
Ерік би басталысымен қызды биге шақырып, танысып
үлгірді.
Қыздың аты - Ақерке, Қостерек ауылындағы орта мектепте
музыка мұғалімі екен. Жазымыш солай ма, осы кеш себеп болып,
Ерік пен Ақерке жыл айнала бере бір отау болып шыға келді.
Екеуі үйленгеннен кейін Ақеркенің тамаша әнші екенін білетін
дос-жарандары түрлі бас қосуларда қолқалап ән салдырып,
ұйып тыңдап мадақ жаудырса, Еріктің ішінде қызғаныштың
қызыл күшігі ұлитын. Басқалардың оның әнін ынтыға тыңдап,
мадақ жаудырып құрмет білдіруі кеудесінде қызғаныштың отын
лаулатып, өңі сұрлана қалатын. Үйге келгенен кейін тырнақ
астынан кір іздеп, ұрыс шығаратын. Ақеркені көлденең көздің
бәрінен күндеп, аузына келгенін айтып, балағаттап, аяулы
жарының әппақ арына күйе жағатын.
Онымен қоймай талай рет елден күндеп, тарпа бассалып,
бейкүнә сабап, айдай жүзіне әлде неше рет таңба салған. Оның
осылай есіре түсуіндегі бір себеп шешесінің «қолдауы» болатын.
Ақерке келін болып босаға аттаған күннен бастап Еріктің шешесі
Зариман сүйегіне сіңген шайпау, қыңыр мінезіне басып, қалың
тиымның астынан алды. «Жақсы жерге келген келін – келін,
Бағынұр Дүйсенәліқызы 1977 жылы Шыңжаң Іле қазақ облысына қарасты
Тоғызтарау ауданы, Ағарсын ауылында оқытушы отбасында дүниеге келген.
Ақындық өнерге бала жастан бой ұрған Бағынұр Шыңжаңдағы түрлі
басылымдарда өлең-толғаулар жариялаумен қатар проза жанрымен де еңбектеніп,
шұрайлы әңгімелер жазып жүр. Бағынұр 1999 жылдан бері Іле қазақ облыстық
жазушылар қоғамының мүшесі. Сіздердің назарларыңызға Бағынұр Дүйсенәліқызының
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ», «Қыз махаббаты» атты екі әңгімесін ұсынып
отырмыз.
86
жаман жерге келген – келсап» дегендейін, Ақерке қайын ене
алдында отырса опақ, тұрса сопақ бола берген. Тілінің бізін кейде
көрнеу, кейде көмескі безеп, кекеп-мұқаса да, Ақерке «үлкен кісі
ғой сөз қайтарып қайтейін»
деп кең пейілділікке салып, үндемей
қоятын. Қайын енесі болса желді күнгі өрттей өршелене түсетін.
Ақеркенің төркінінен бауыр-туыстары іздеп келсе жақтырмай,
кекеп, мұқайтын. Мұндайда Ақерке «қыздың жаманы бір шәугім
шай» деп қазақ айтқандай, төркіндеріне жарқылдап жүріп, бір
шәугім шай бере алмағанына назаланып, көз жасын төгетін.
Үлкен отбасының барлық жұмысын арқалап жүріп, ата-енесінің
жаға-жеңін кірлетпей, үш уақ тамақтарын әзірлеп, бағып-қағып
отырса да осы шаңыраққа жақпады.
Ата-енесі де қазымыр, қарау жандар болып, бір күні шайға
сүтті көп қостың десе, тағы бір күні тамаққа етті көп турадың
деп басын ауыртты.
Ал күйеуі Ерік болса түгеп бермес отбасы күйбеңіне
қосылып, рухани жақтағы көңілсіздіктен жүйкесі жүн болып,
жүдеп-жадаған Ақеркені осы отбасы үшін бейнет шектің-ау деп
аялағанның орнына, үйге келсе шырпы басын сындырмайды.
Есіктің алдының қарын күреу сияқты ерлер істейтін жұмысқа да
Ақерке өзі жүгірді.
Еріктің үйге келгендегі бірінші жұмысы төр алдында
шалқадан жатып теледидар көру болды. Сонда да тек жатпай:
«Тамағың әлі пыспады ма, не деген шабансың», – деп Ақеркені
желкелейтін. Онан қалса, өзі секілді бірнеше достарымен бірге
арзан сылқымдарды құшақтап, сыраға бөгіп «айырымханаларда»
сауық құрды. Оның сыртқа түнейтін күні көбейген сайын
Ақеркенің көңіліне күдік ұялап, сезім айнасына сызат түсті. Бұл
сызат ұлғая келе екеуінің арасын алшақтатып жіберді. Күйеуінің
өзіне зәредей күйінбеуі мен отбасына деген жауапкерсіздігі, ә
десе қол жұмсайтын қатыгездігі Ақеркенің күйеуіне деген ыстық
махабатына су септі.
–
«Қатынды бастан, баланы жастан деген қазақ», – деп
сөз бастаған Еріктің шешесі бұлар жаңа үйленген бір тұста, –
Қатыныңды осы бастан жақсы басқар, естісем ел әншісі дейді,
енді ән айтып жыртыңдағанын қойсын. Өз басым әйел адамның
ән салып, қыдырғанын ұнатпаймын.
Бала кезінен әкесінен гөрі шешесіне жақын өскен Ерік
шешесінің осы сөзін есіне берік сақтаған. Қате-дұрысымен
есептеспеген, көркемөнерді түсінетін сезімі жоқ, өнерді
сүймейтін, қара құрсақ шешесінің өзін басқа жанның азаматтық
құқығына қол сұғуға айтақтап тұрғанын сезінбеген, ең алдымен
Ақеркенің ән салуын шектеді.
Өз отбасында еркін де, ерке өскен Ақерке жат босағаға
келгесін қапастағы бұлбылдай күн кешті.
Тұрмыстың құлы болып, жанұям-отбасым деп барлық
аналар сияқты құндыз кірпігі мен қолаң шашына шаң қонып,
арып-шаршап, үйдің ауыр жұмысын арқалауы ақылы аз,
алкеуде Ерікті Ақеркені ұрып-соғып «қорқытып» алдым деген
қарадүрсін ойға келтірген. Үйдегі өзінің үстем орнын үздіксіз
сақтау үшін Ақеркеге қол жұмсап, ақ жүзіне таңба салып, мақпал
бұрымын талай жұлған. Осы қорлықты күндерге «баламды тірі
жетім етпеймін» деп көз жасын ішіне жұтып, әрең-әрең шыдап
жүргенде ең ақырғы бір күнде көрген қорлау Ақеркеге қатты
әсер етті. Ерік келмеген соң жайырақ жатып, енді көзі іліне
бергенде қақпаның тарсылдап қағылып жатқанынан шошып
оянған Ақерке, Ерік келген екен ғой, бүгін не сойқан шығарар
екен деп жүрегі атқалақтап қақпаны ашты.
–
Ой, бұзық, қақпаны неге тез ашпайсың? – деп аузынан
нәжіс боқтығын төге кірген Ерік бейкүнә Ақеркені төпештеп
ала жөнелді. Ұрғанымен қоймай, бұрымын қолына орап алып
бытырлатып жұлған. Шашының жұлынғанына шыдай алмай:
«Ұрмашы, қоя берші!» деп жалынғанына қарамай аяусыз ұрып
жатқан Ерікке Ақеркенің жүрегі қарайып, қатайып алды.
Көз алдында Ерік адам емес, тістерін ақситқан қанды ауыз
қасқыр болып елестеді. «Жүрегінде зәредей аяушылығы жоқ
айуанға енді әйел болмаспын» деп бекінді. Түнімен алуан ой
арпалысында кірпік ілмей, таң атырған Ақерке дуда-дудасы
шығып, бітісіп қалған мақпал шашын жуып, әрең тарады. Бір
ус жұлынған шашын қолына алып, қанаты күйген сұңқардай
қорланып, өзінің осындай бақытсыз тұрмысына налып, бота
көзінен жас парлады. Ерік өзіне қол жұмсап, таяқтың астынан
алып жатса, ұлына басу айтудың орнына бір шетте жайраңдап
қызық көріп отыратын ата-енесіне де қарайып кетті.
Той жасағаннан бері жаны жүдеп, жәбір көрген Ақерке сот
мекемесіне ажырасу өтінішін тапсырып, айналасы бір айдың
ішінде некеден ажырасып кетті. Еріктен енді жәбірлемеймін,
қайта жарасайық дегеніне қарайған жүрек қайта қайырылмады.
Үш жастағы қызын өзі алып, тірлігін тыңнан бастады.
Ежелден шынайы махаббаттың қадір-қымбатын сезініп
көрмеген, көрсеқызар, тұрлаусыз Ерік: «Ақерке кетсе кете берсін,
маған әйел табылмайды дейсің бе?» деп өзімен бұрыннан әмпей-
жәмпей болып жүретін, кезінде тұрлаусыз сезімнің құлы болып,
қатарынан бірнеше жігітпен араласып, жаман атағы жайылып,
отызға келсе де күйеуге шыға алмай отырып қалған Мәрзия
деген қызды алған.
Мәрзия келген күнен бастап, Ерікті билеп-төстеп шыға келді.
Бұрынғы Ақеркедей ойлап, бетін қайтарайын, деп шапалақпен
бір тартып еді, Мәрзияның қолы темір тістеуіктей жағасына
жармаса кетіп, сәнге қойған ұзын тырнақтарымен бетін тырнап,
қанын судай ағызды, жағасының дал-дұлын шығарды.
–
Ой сорлы ит, сұмпайы, мені Ақерке сияқты қорлаймын
деп ойлама, сендей немені әлі алдымда зыр жүгіртемін, – деп
қақпаның алдына шығып алып, аузынан ақ ит кіріп, көк ит
шығып, екі езуі көпіршіп, жарты сағат айқайлайды. «Өзіңнен зор
шықса екі көзің сонда шығады» деген сол шығар; Ерік үн жоқ,
кеудесіне басы құлап үйінен ұзай берді.
Сол күні тұңғыш рет әрдайым өзіне жол беріп, салғыласуды ар
санайтын, Ақеркенің мұлайым мінездерін еске алып, Ақеркеден
айырылғаныына өкінді. Қазір Мәрзиямен бірге бас қосуларға
барғанда бұрынғыдай бұларға ешкім де қызыға қарамайтын
болды. Барған жерінде білермендікке салынып, елдің құлақ
асқан-аспағанымен ісі жоқ, түбі түскен шелектей даңғырлап
парықсыз сөйлей беретін Мәрзиядан елдің барлығы да жалығып,
«Еріктің жыртық колонкасы» атандырды.
***
...Саханадан Ақерке тағы бір ән шырқады, жұрттың бәрі
құлай тыңдап, дүрілдете шапалақ соқты.
Өзі сүйетін ән аспанында қалықтаған ол ән өнерімен бақытты
сияқты, ақ жүзінде бақыт сәулесі ойнап бар ынта-пейлімен беріле
ән шырқауда.
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ,
Қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай...»
Кеше ғана өзімен бірге тұрғанда қадірі болмаған әнші арудың
дәл қазір алты қабат аспаннның аржағындағы періштедей
арманға айналарын ойлап көріп пе еді Ерік?!.
Ақерке бүгін неліктен соншалық сұлу, соншалық инабатты,
соншалық сүйкімді көрініп кетті көзіне?!. «Асқанға тосқан»
деген сол шығар, кезінде Ақеркеге көрсеткен күншілдігі мен
күмәнқорлығы қазір өз алдына табақ болып тартылуда, асқан
көкпет, көкайыл Мәрзия қазір Еріктің қадамын санайды. Уағында
үйге қайтпаса, тамақ жасалмай, әке-шешесі аш қалады.
Ерікті тауып үйге қайтпаса, Мәрзияның көңілі жай таппайды.
Оның бұл мүшкіл күнін көрген көршілер кезінде Ақеркеге күн
көрсетпеген еді, шоқ бәлем деседі. Қазір Мәрзия тамақ істесе,
Ерік көлеңкесіндей бірге жүгіреді, әйтпесе, Мәрзияның қазаны
қайнамайды. Кезінде Ақеркенің жалғыз өзі осы үйдің отымен
кіріп, күлімен шығып, қолаң шашына шаң қонып, жүдеп-
жадағанын Ерік енді түсінді.
Сол кезде үйдің барлық ауыр жұмысын жалғыз өзі арқалап
жүрсе де бір ауыз кейіс білдірмейтін көмпістігін аяп кетті.
Ал қазір қарабайыр тұрмыстың құлы болмай, өнердің
шыңына ұмтылған Ақерке әдемі әндерді шырқаумен бірге
тұрмысқа өзгеше талғаммен қарап, өзін-өзі күтіп, жарасымды
киініп, жарқын райлы жасанып, өткінші жауыннан кейінгі
қырдың қызыл қызғалдағындай құлпырып шыға келген.
Осынау өн-бойынан жан сұлулығы мен тән сұлулығы бірдей
жарасым тапқан аяулы әйел затын, алғашқы жарын Ерік кеш
түсініп, Ақеркеге жұрттың неге сонша ынтыға қарайтынын енді
білді.
Ақеркенің бойындағы ән құдіреті өнер сүйер жандардың