Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



Pdf көрінісі
бет19/33
Дата03.03.2017
өлшемі16,22 Mb.
#5524
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33

76
Ш. Уәлиханов портретінде (2009) пейзаж жас қаһарманның 
бейнесін  аша  түсуге  мүмкіндік  беретін  ортаға  айналады. 
Шәкенов  бұл  жерде  өзінің  сүйікті  жасыл-көк  аралас  түстерін 
пайдаланады.  Соған  орай  нақты  көріністі  емес,  бойынан 
нақты  заттарды  көруге  мүмкіндік  беретін  абстрактілі  қиырды 
бейнелейді.  Пейзаждың  ғарыштық  сезімі  бұл  туындыларды 
күшейте түседі. Сонымен қатар бұл жердегі болашағынан үміті 
зор, әлі де алар белестері көп кейіпкердің жағдайын ағымдағы 
нақтыланбаған орта анықтап бере алады. Бұл туындыда Шәкенов 
бұрынғы  жұмыстарында    пайдаланған  символиканы  қайта 
жаңғыртады.  Ол  өз  халқының  болашағының  жарқын  болуына 
үлкен  үлес  қосар  қаһарманға  аспан  аясында  өз  батасын  беріп 
тұрған, болашақ бағындырар белестерінде тіреу болуға ұмтылып 
тұрған шаңырақты бейнелейді. 
Ертеректегі  Қазақстан  пейзаждарында  бейнелеген  түс 
әлемінің  ерекше  сезімі,  әсем  елес  өз  орнын  жаңа  поэтикаға 
ұсынады.  Шәкенов  өзіне  қымбат  болып  келген  бейнелерден 
алшақтай  түседі.  Кейінгі  жұмыстарында  ол  шаңырақ,  ұлттық 
аспаптар  немесе  Қожа  Ахмет  Ясауидың  кесенесі  сияқты  қазақ 
үшін асыл дүниелерге арнайы ерекше көңіл бөледі. 
Ол үшін ұлттық киім киіп домбыра тартып отырған қыздар-
дың бейнесі күнделікті тұрмыспен бірігуі мүмкін емес. Сондықтан 
да ол ұлттық бағыттар мен өнер мәдениетін негізге ала отырып 
тұрмыстық  сарынды  ерекше  күйде  суреттейді.  Туындыдағы 
символикалық  образдылық    жаңа  бір  бейнеге  алып  келеді. 
Әлемдік көркемөнердің классикалық үлгілерінен бастау алатын 
символика  көрерменді  ерекше  қабылдауға  икемдейді.  Үш  қыз, 
үш муза немесе үш ғажайып секілді өз қозғалысының көмегімен 
оларды біртұтас толық ете отырып, түрлі құбылыстар – әрекет, 
пайымдау мен зерек тыңдауға алып келеді. Колорит үлкен түстер 
арасындағы үйлесімділікке негізделген, мұның барлығы қыздар 
мен пейзаждың негізгі шартты табиғатын күшейте түседі. Жас 
кейіпкерлер оның төл халқының шексіз белестері мен туған жер 
пейзажын толтыратын музыкасының бейнесі, өзін осы әлемнің 
теңдесіз бөлшегі етіп сезіну болып келеді. 
Шәкенов Ресейде тұратын қазақ суретшісі ретінде қашан да 
жай ғана суретші болып қала алмайды. Ол әрқашан да тынбастан 
өзінің атамекен-туған жерімен тығыз байланыста болып келеді. 
Ол  үшін  туған  жердің  сұлу  көріністері  шығармашылығының 
басты феномені болып табылады.  
Пейзаж арқылы туындап отырған қиын мәселелерді көрсету 
тенденциясын  Шәкеновтың  Омбыдағы  жас  замандастарының 
шығармашылығын  зерттей  отырып  көре  аламыз.  Осыған  орай 
сөз кезегін Геймран Баймұханов туралы әңгімеге қарай бұрайық. 
геймран  Баймұханов  -  омбылық  көркемсуретшілердің 
жаңа  толқынының  өкілі,  А.  Шәкеновтің  шәкірті  және  ұлттық 
құндылықты негізге алатын пейзажды жалғастырушы.  
Геймран Сұлтанұлы Баймұханов 1961 жылы Омбы облысы 
Тоғынас  аулында  дүниеге  келген.  1988  жылы  А.  Горький 
атындағы  Омбы  мемлекеттік  педагогикалық  институтының 
көркем  графика  факультетін  тәмамдаған.  Ресей  Суретшілер 
одағының  мүшесі.  «Жыл  суретшісі»  көрме-байқауларының 
жеңімпазы  (2006,  2008,  2010).  Омбы  облысы  губернаторының 
К.П.Белов атындағы сыйлығының лауреаты (2008).  
Қала  пейзажын  суретші  өзінің  ерекше  тақырыбына  жақын 
таңдап алынған. Баймұханов көрерменге өз ойын ерекше тәсілмен 
жеткізе біледі. Көрермен Омбы қаласындағы бұрын байқамаған 
сарындарды шебердің ерекше тылсым түйсінуі арқылы таңдана 
байқай түседі.
Баймұхановтың омбылық суреттерін талдау кезінде қарама-
қарсылықтан  бастап,  оның  ішінде  көрсетілмеген  дүниелерден 
бастаған  ыңғайлы.  Тарихи  нақтылығына  қарамастан  оның 
картиналарында  ескілікті,  өткенді  аңсау,  Батыс  Сібір 
губерниясының  бұрынғы  астанасын,  ғасырлар  тоғысындағы 
көпестік  құрылыстарды  қайта  жандандаруға  деген  ұмтылыс 
жоқ. Ол, әлбетте, саяхатшы, алайда оны Омбы жыршысы деуге 
де келмейді. Ол қаланың сұлулығына тәнті болмайды, жай ғана 
зерттеуші  ретінде  көз  тастайды.  Сәуле  немесе  символикалық 
басымдылықтар,  сүмбі  болсын,  жол  болсын,  собор  болсын 
оның көз алдында басымдылыққа ие емес. Көшпелі ретінде ол 
үшін  нақтыланған, бекітілген дүниенің барлығы да оңай орын 
ауыстыра алады. 
Субъективті  әсер,  көркемсуреттің    психологияға  дейінгі 
нақтылануы  Баймұханов  үшін  басты  мәнге  ие  бола  алмайды. 
Оның  жұмыстарынан  әрбір  үйдің  шатыры  суретшінің  жанын 
толығымен  баурайтын  априори  бола  алатын,  қаланы  қалың 
бір  мезеттік  көңіл-күй  мен  толғанысқа  бөлейтін  лирикалық 
камертонды табу мүмкін емес. Омбы қаласын 1960 жылдардағы 
суретшілер дәл осылай суреттеген болатын.
Баймұхановта  барлығы  да  қаталырақ  және  орындырақ. 
Суретшінің  бір  қарағанда  қарапайым  сарын  мен  пластикалық 
құралдарға ұқсас келетін көркемсуреттік есептері шын мәнінде 
жеке  кеңістік  пен  қала  кеңістігі  бірігіп,  әрбір  бұрыш  жан 
сезімі  мен  барынша  нақты  құралдарды,  тұрмыс  туралы  жалпы 
толғанысты  көрсететін  қиын  философиялық,  экзистенциальды 
орамдарға айналып шыға келеді. Ол нақтылықтан аздап тайқып, 
елес арқылы көрермен санасына әсер ете отырып, қала бейнесі 
мен көрермен арасындағы делдалға айналады, авторлық санасы 
арқылы  өзге  адамдардың  санасына  әсер  етіп,  олардың  өмірді 
қабылдауын өзгертуге ықпал етеді. Пейзаждың алғашқы жұмысы, 
этюдтіктен саналы түрде ауытқу, жаңа әсер қиялдан туындаған, 
өзге дәуір мен стильдегі қала образын жасауға алып келеді. Оның 
бойына көптеген көркемсурет, рухани ойлар мен нақтыланбаған 
дәйексөздер, болмашы есте сақтау, әлемдік көркемөнерге бағыт 
сілтеулер жинақталған. 
Әрине,  ол  сазбалшықтың  күміс  дымқылдығын,  сыртқы 
келбет  ескілігін,  көрші  ғимараттың  үлкен  көлеңкесін,  күн 
сәулесінен  түскен  жарқын  дақтың  бейнесін  көрсете  отырып 
фактуралық  арақатынасты  жеңіл  суреттей  алады.  Алайда 
бұл  импрессиондық  ойнатулардың  барлығы  өзгерістері  мен 
метаморфозаларының арқасында тез аяқталады. Суретші жаны 
беріктік  пен  тұрақтылыққа  қарай  ұмтылады.  Бұл  жерде  ол 
Омбы  мектебінің  дәстүріне  қайшы  келеді.  Омбының  атақты 
алпысыншы  жылғы  суретшілері  –  Абрам  Черкасскийдің 
шәкірттері  Валентин  Кукуйцев  пен  Николай  Третьяков  –  бұл 
сезім  бөлшектерін  көрсетуде  қаланың  күңгірттенген  келбетін 
бейнелей  отырып,  оны  ғашық  ақынның  көзімен  көруге  ықпал 
етуге тырысқан. Белгілі бір деңгейде, олар алматылық мектептің 
ізбасарларына айналды. 
Өткен  ғасырдың  орта  шеніндегі  өнердің  қала  пейзажын 
ұстанған  омбылық  мектептегі  бастамашыларға  қарағанда 
Баймұханов  керісінше  тұрақтылық  пен  алынбас  қамалды 
көрсетуге  тырысады.  Суретші  өзінің  ойын  бөлетін  ерекше 
көріністер мен фактуралық артықшылықтардан бас тартады. Оны 
тіпті  қазіргі  омбылық  пейзажистердің  көпшілігі  бой  алдырған 
фотореализмнің сюрреалистік сюжеттері де қызықтармайды. 
Баймұханов бейнелейтін қала  алшақтанған және байсалды 
көзқарастың арқасында көрінетін жасырын сұлулыққа толы. Ол 
үшін үлкен қаланың тіршілігі мен тынысын көрсету маңыздырақ. 
Мысалы,  «Октябрь»  қонақүйі»  (2010)  картинасы  мекенжай 
нақтылығы мен бұл орынның сиқырын анық көрсетеді. Дегенмен 
де  картинадағы  бейне  –  толығымен  ойдан  шығарылған,  күн 
сәулесімен  көмкерілген  жаяужол  мен  аспанның  көгі  шектік 
үдемелілікке  жеткізілген.  Суретші  мұнымен  ғана  шектеліп 

77
қоймай,  көрермен  автордың  сезімін  түсінуі  үшін  ғимаратты 
қаланың  жан-жақтан  қаумалаған  сығымдалған  кеңістігімен 
тұйықтай  түседі.  Сәулет  негізгі  кейіпкерге  айналады,  ол  оны 
портрет секілді салады, оған өзінше қайталанбас келбет береді, 
әрбір тастың артынан өзіндік психологияны байқауға тырысады. 
Әрине, мұны асқан байсалдылықпен жасау қиынға соғады, сон-
дықтан да картина иронияға, сезімнің өміршеңдігін, күнделікті 
тіршіліктің  ойға  қонымсыздығын,  тебіреністердің  өткірлігін 
көрсету  үшін  қолданылған  аңқаулыққы  толы    болып  келеді. 
Баймұханов бұл бағытта өткен ғасырдың 70 жылдарындағы орыс 
шеберлері Т. Назаренко мен К. Нестерованың қуыршақ іспеттес 
шартты адамдары мен гротескінен үлгі алады.
«Қызыл мұнара» (2011) жұмысы да Джорджо де Кириконың 
осы  аттас  метафизикалық  пейзажын  еріксіз  еске  салады.  Бұл  - 
қалыпты жеңілдету мен геометризациялауға, бос кеңістіктер мен 
адамдарды  кескіндеме  ретінде  қабылдауға  бой  алдырушылық 
емес. Мұндай шарттылықтардың болуына қарамастан су айдаушы 
мұнараның  тылсымдылығы  күнделікті  өмірді  айтарлықтай 
өзгерте  алатын  сыртқы  түсіне  ғана  байланысты.  Суретші 
қабылдау  мен  себепсіз  қобалжудың  белгілі  бір  бұзылуына  қол 
жеткізеді.  Ол  бұл  мұнараның  келбетсіз  заманауи  құрылыстың 
ортасында тұрған жағдайымен күшейте түседі.
Баймұхановтың  ең  қиын  қиыстырылған  туындыларында 
пленэрде  кездейсоқ  табылған  образ  бар.  Өткір  көзқарас  қалай 
болғанда да белгісіз ішкі коллизияларды басып өте отырып, ішкі 
серпілістермен  қатарласа  бейнеленген.  Мұндай  коллизияларды 
көшелер мен аялдамалардың әдеттегі бейнелерінен таба аламыз. 
Колористикалық  қайшылықтар  -  ағымдылық  пен  тәртіптің, 
жарық  пен  қараңғылықтың  салғастырылуы.  Мұның  басты 
диссонансы  ретінде  көктің  керемет  жылылығын  көрсететін 
терезесі  бар  сүйкімді  көрініс,  көрші  ғимараттың  сұр  көлеңкесі 
бойларына  түсіп  тұрған  сұлу  бойжеткендерді  атауға  болады 
(«Көлеңке», 2010). Жалпылама тыныштыққа кірістірілген қауіпті 
сәттер көрерменді әрі қарай ұмтылуға, осындай қала көрінісінің 
арғы  жағында  не  бар  екендігіне    қызыға  түсуге  ұмтылдырады. 
Суретшінің эмоционалдық күйі де күнделікті өмірді тылсым әрі 
маңызды ете отырып оған өзінің үлкен көлеңкесін түсіреді. 
«2010  жылғы  қазан»  атты  туындыда  да  осы  поэтика  көрініс 
тапқан. Баймұханов картинаның атауында бірден осы туындының 
оның  өмірінің  бір  кезеңін  көрсететіндігін  байқатады:  туынды 
ортасында  даңғылдың  бойында  тұрған  адамдар  бейнеленген. 
Осыған  қарамастан  фотореализмге,  бейненің  нақтылығына, 
оқиғаның  деректілігіне  ден  қою  жалғандыққа  айналады. 
Баймұхановтың көркемөнері аристократтық, қатпарлы, салмақты, 
сонымен  қатар  сұр  ақ  түсті  кеңістікті  салуда  үнемдегіш  келеді, 
шынайы өмірді фотообъектив арқылы сақталып қалған тіршіліктің 
бір  бөлшегі  ретінде  қабылдаудан  бас  тартуға  итермелейді.  Қол 
ұстасқан жұпты қоршаған ортаның күштілігі сонша, ол мәңгілік 
және өзгеріссіз қала беретін секілді.  Бұл ланшафтқа тап болатын 
адамдар  туындының  кейіпкерлері  ретінде  де,  туындының  бір 
бөлшегі  ретінде  де  көрсетілмейді.  Олардың  жанындағы  жалғыз 
бейнесі секілді, олар да бұл кеңістікке кездейоқ тап болған. Бұл 
жерде  жарқын  күннің  шынайылығы  олардың  тіршілігінің  көзі 
бола алмайды. Қала күнделікті тіршіліктің кейпі мен адамдардың 
тарихын көрсетпейді. Бұл арқылы Баймұханов Кирико поэтикасына 
барынша  жақындай  түседі.  Алайда  итальяндық  көркемсуретке 
қарағанда  Омбы  сәулетөнері  «керемет  туындының  мәңгілік, 
байсалды және тыныштық сыйлайтын образы» ретінде емес (де 
Кирико),  табиғи  нысан  ретінде  қабылданады.  Баймұхановтың 
туындыларында  суреттелген  ғимараттардың  шынайылығы  мен 
шектеулілігі таңғажайып бейнеленген. Олар өзінің сұлулығымен 
өзіне  еліктіру  үшін  жаралған,  көктің  үстіне  күтпеген  жерден 
өсіп  шыққан  саңырауқұлақ  немесе  жабайы  табиғатқа  ұқсас 
романтикалық саябақтың сәулет өнері үлгілері секілді көрінеді.
Осы  тұста  мәдени  және  табиғилық  арасындағы 
арақатынастың мәселесі туындайды. Ал бұл, біздің ойымызша, 
омбылық шебердің шығармашылық ерекшеліктерін аша түсуде 
өте маңызды болып саналады. Сәулеттің, табиғат пен адамның 
бірлігі    Баймұхановтың  барлық  туындыларында  бой  көрсетеді. 
Ол айналадағы қоршаған ортаға адамға әсер еткендей әсер етеді. 
Осындай көркемсуреттік құбылыстардың нәтижесінде қала тірі 
табиғи құбылысқа  айналады.   
Салтанатты қақпа бейнесінде  көрсетілген («Ертіс қақпасы», 
2011) тіпті қайта құрылысқа жіберілетін целлофан мен құрылыс 
ормандары да сәулет өнері нысанының табиғилығын басып өте 
алмайды. Суретші үшін көне сәулетті емес, оның оранған күміс 
қаптамасын салған әлдеқайда қызықтырақ. Табиғи және қолдан 
жасалған дүниелер өзара әрекеттесіп, ауыр гибридке айналады, 
бұл  табиғаттың  өркениеттің  ықпалы  тимеген  біртұтастығын 
көрсетеді,  суретшіге  қанат  бітіреді.  «Астана.  Саябақ»  (2011) 
атты пейзажда заңғар ғимараттардың арасында байқаусыз қалған 
саябақтың  ішіндегі  нақты  геометриялық  фигуралар  ретінде  
қиылған ағаштарды бейнелейді. Негізі Астананың өзі де жазық 
даланың ортасында кенеттен пайда болған модернистік жобаны 
еске салады. Оның бойында да мұндай мәдени антиномия мен 
жеңіс ландшафты бар. 
Любинский  даңғылындағы  үйлер  («Омбы.  Любинскийде», 
2010)  тас  жолдан  емес,  құнарлы  топырақтан  нәр  алып  өсіп 
шыққандай.  Ғимараттар  қол  жетпейтін  қыраттар  іспетті,  ал 
ағаштар  керісінше    ескі  үйді  айнала  қоршап  тұрған  сағат 
мұнарасына  ұқсайды.  Табиғат  пен  адам  қолымен  жасалғандар 
үнемі  өзара  байланыста  болады,  бірінен  екіншісіне  ауысып 
отырады.  Тіпті  Омбының  жақсы  таныс  бөлшектері  де 
көркемсуреттен  басталып,  сырлаудың  белсенді  өмірімен, 
қылқаламның  белсенді  қимылдарымен  аяқталатын  мұндай 
тебіреністі ауыздықтай алмайды. 
 Қала пейзажының жоғарыда аталған ерекшеліктерінен басқа 
Баймұхановтың тағы бір ерекше шеберлігін атап өткен жөн: ол 
картиналық  кеңістіктегі  бір  қарағанда  диаметрлері  жағынан 
әртүрлі  қасиеттер  –  жалпы  ортаның  ұлылығы  мен  таңдалған 
сарынның келбетсіздігін бір бірімен толық байланыстырады.  
Қаланы  бұлай  қабылдаудың  тағы  бір  себебі  суретшінің 
пейзаждың белгілі бір түріне бейімделуіне байланысты. Біздіңше, 
әдебиет зерттеуші М. Эпштейн ұсынған поэтикалық әртүрлілік 
жүйесіне  назар  аударған  жөн.  Ол  поэзиядағы  пейзаждың  үш 
түрін  бөліп  көрсетеді:  «идеал»,  «екпінді»  және  «жабырқау.» 
Негізгі үштіктен басқа аталған идеал, екпінді, жабырқау пейзаж 
элементтерін бойына сіңірген «тыныштық» пейзажын да бөліп 
көрсетсе болады. Пейзаждың бұл түрінде, Эпштейннің айтуынша, 
«...жабырқау  пейзаждан  ...сыртқы  белгілері  көбірек  алынған, 
мәселен  табиғаттың  күңгірт  түсі,  күзгі  және  қысқы  сарынның 
басымдылығы.  Идеал  пейзаждан  –  бәрін  жаулап  ала  алатын 
тынымдылық  пен  тыныштық  сезімі.  Тыныштық  пейзажының 
өзіндік поэтикасы бар: жарқын емес, күңгірт, дымқыл, сұрғылт, 
түтінге оранған сарынмен көмкерілген». 
Омбылық  суретші  үшін  байқаусыз  қала  ландшафтындағы 
сұрғылт  түсті  күн  бейнесін  салу  сүйікті  мәнерге  айналады. 
«Сүйкімсіз»  келбет,  табиғаттың  тартымсыздығы,  суретші  мен 
күллі  әлем  арасындағы  қатынасты  «тазарта»  түседі.  Сыртқы 
әсерлердің  ешқайсысы  да  суретшіге  сарынға  да,  сюжетке  де, 

78
көңіл-күй  мен  оны  сезінуге  де  көңіл  бөлмей  көркемөнермен 
айналысуға кедергі жасай алмайды. Пейзаж өзінің көзге ілінерлік 
келбетін  жоғалтпайды,  алайда  жұмыс  абстрактілі  қалыптағы 
шығармашылық деңгейінде жүзеге асып жатады.      
«Тыныш»  пейзаж  оның  шығармашылығына  негізгі  элемент 
ретінде енеді. Сұрғылт таусылмас ағымның арқасында кеңістік 
мәңгілік белгісін алып келеді, оның бойында қозғалыс жоқ. Ауа 
жоқ.  Әсіресе,  бұл  монотондық  сезім  суретші  қалаға  биіктен 
қарап,  картинаның  басты  кейіпкерлері  -  құстар  болатын  күзгі 
пейзаждарынан барынша байқалады. Ондағы кеңістік сұр түске 
боялған, біркелкі, арғы және бергі беттердегі кейіпкерлер бірлесіп 
кетеді де, жарық пен қараңғылық арасындағы шекара жойылады. 
Көзіңіз  жоғарыға  көтерілген  сайын  айнала  абстрактілікке  бой 
алдыра  түседі,  биік  үй  көк  аспанның  анықталмаған  шегін 
көрсететін  ақ  шаршыға  айналады.  Күнделікті  тіршілік  өзін 
қашан да байқатып отырады. Тіпті, ұшып жүрген құс ретінде де 
сауысқандар таңдалған («Терезедегі көрініс», 2009).  
Жауынның  бейнесі  де  («Жауын»,  2009)  «тыныштық» 
пейзажының  маңызды  сарындарының  қатарына  қосылады. 
Баймұхановты бұл жердегі фактуралық сұлулық пен күмістей ақ 
түстердің бойындағы жазықтықтың берілуі еліктіреді. Жаңбырға 
оранған ғимарат кез келген ракурстар мен көлемді құрылыстан 
тартымды көрінеді. Ол тек ғимарат сұлбасын береді, ал көрермен 
оны әрі қарай елестетіп алуы тиіс. Идея мен аяқталған образды 
ойнату да - суретшінің ерекше шеберлігінің бірі.
Шекара арасын бөлектеу қиындығы, жер мен көктің біртұтас 
кеңістікке  айналдыру  Баймұхановтың  пейзажына  шексіздік 
сыйлайды.  Түрлі  аймақтар  мен  орталарды  біріктіруден  пайда 
болатын  шексіздікке  бағытталу,  біздің  ойымызша,  суретшінің 
сериямен  жұмыс  жасауындағы  негізгі  сапаларға  айналады.  Ол 
өзіне  ұнайтын  Любинский  даңғылының  сипатын  бір  сарында 
қайталаудан  жалықпайды.  Дегенмен,  мұндай  поэтикаға  деген 
талпыныс  тек  суретшінің  жеке  қызығушылықтарына  ғана 
байланысты емес. 
Шексіз  қайталаным  ретінде  монотондық  –  өмірде  белгілі 
бір  сезім  тобын  туындалатын,  өмірлік  сарын  мен  музыканы 
туындататын  жазық  даланың,  Қазақстан  кеңістігінің  басты 
белгісі. Баймұханов бұл біркелкіліктен қорықпайды, себебі бұл 
кеңістіктің  негізгі  қасиеттері  ретінде  қоршаған  ортаны  жеке 
қабылдауын қамтамасыз етеді. Біркелкілік, ақындар поэзиясынан 
жаңа сарынды байқататын  белгілі бір деңгейде ұлттық сананы 
да көрсетіп отырады.  
«Ауыл»  пейзаждары  сериясы  барынша  дәстүрлі  болып 
келеді.  Оның  бойында  өткен  өмірдің  жаңғыры  боларлықтай 
зияткерлік  ойын,  шынайы  өмірді  қиындатуға  деген  талпыныс 
жоқ.  Табиғатты  қабылдаудағы  эмоционалдық  пен  ашықтық 
логикалық құрылымды басып оза алады.
Баймұханов  тәлім  алған  Омбы  мектебі  Сібір  табиғатының 
эпикалық  сұлулығын  көрсетуімен,  көлемді  көріністерді 
бейнелеуімен танымал болды. Суретші міндетті түрде Алексей 
Либеров пен Кондратий Белов сияқты сібір шеберлерінің негізгі 
құндылықтарын өз бойына сіңіре білген. 
Сонымен қатар Баймұханов мұндай көркемсуреттегі негізгі 
сарынмен  ғана  шектелмейді.  Мұндай  алшақтау  сезімімен  келу, 
кей  кездері  тіпті  салқын  ойды  да  көрсетіп  жатады.  Керісінше, 
ауылды  серияда  суретші  көбірек  эмоциясын  білдіре  алады. 
Оның  сүйікті  түсі  –  қызыл.  Әсіресе  шығармашылығының  ең 
басында  оның  туындылары  түстер  арқылы  сезім  туғызуға 
бағытталған. Оның жұмыстарындағы Ван Гогтың әсерін бірден 
байқауға  болады.  Оны  суретшінің  тауықтар  мен  қораздармен 
көршілес орналасып, кенеттен ауыл түкпірінен пайда болған бос 
орындықтарды шебер суреттеген туындысынан байқауға болады. 
Ағаштар  салынған  этюдтер,  оның  ішінде  «Көктал  этюді»  Ван 
Гогтың «Күнбатыстағы көкталын» (1888) бірден еске салады.
Картинаның  құрылымында  бұл  оның  түсінің  терең 
символикаға  ие  болуынан  көрінеді,  ал  оның  басты  қызметі 
сезім  мен  ойдың  толық  гаммасын  көрсету.  Сондықтан  да  әсер 
етудің  басты  құралы  ретінде  түсті  контраст  пайдаланылады. 
Баймұхановтың  бастапқы  кездері  жарқын  колорит  пен  қала 
пейзажын ұнатқандығын атап өткен жөн. Алайда, қазіргі кезде 
мұның  барлығы  ұстамды  гаммамен  ауысып  отыр.  Мәселен, 
«Қазан»  картинасының  Ван  Гогтың  танымал  «Қарғалар 
мен  егіс  алаңы»  атты  картинасымен  ұқсастығын  анықтауға 
болады.Туындыны  толығымен  толтырып  тұрған  сұр  аспан 
сауысқандардың  оюлы  із  қалдыра  ұшуы  картинаға  ерекше 
сұлулық сыйлайды.   
Қала  көрінісіне  қарағанда  ауыл  пейзажы  бұрынғысынша 
полихромды мәнермен салынуды жалғастыруда. Ол ауыл өмірін 
көрсету  үшін  биік  көкжиекті  қолданады,  сондықтан  кеңістік 
тереңге  қарай  кетпей,  картинаның  бар  жазықтығы  бойынша 
төселеді. Мұндай композициялық амалды пайдалану суретшінің 
жанын  толтыратын  әлем  бірлігін  сезіндіретін  тебіреніс 
метафорасына айналады.
Оның  «Тал  түс.  Ново-Санжаровка»  (2011)  атты  пейзажы, 
бір  қарағанда,  ауыл  тіршілігінің  шынайы  бір  бөлшегі  іспетті. 
Суретші  нағыз  шынайылықтың  бөлшегін  барынша  ұзын 
көкжиектің  бойы  арқылы  көрсетеді.  Кішкентай  ауылдың 
жанындағы  жасыл  алаң,  дән  іздеген  тауықтар,  итаяқтар  мен 
басты  бейнеге  айналған  орындықтар.  Бұл  орындықтардың 
кенеттен пайда болуы (шеберханадағы картинада олар үйлесімді 
көрінген)  шынайы  бейнелерден  алған  алғашқы  әсеріне 
әлдеқандай диссонанс енгізеді. Суретшінің бұдан кейінгі әрекеті 
сюжет қарапайымдылығының жалған екендігін дәлелдейді. Көз 
тартарлық жарқын бояулар, ауыл аумағында таралған көк шөпті  
бейнелеген сызбалар, көрерменге тоқтаусыз жол тартып жатқан 
кеңістік,  ұлы  голландтықты,  атап  айтқанда  әйгілі  «Жауыннан 
кейінгі Овер пейзажын» еріксіз еске салады.  
Баймұхановтың  сызулары  Ван  Гогтың  сызбаларына,  оның 
суретшіні  толғандыратын  эмоциялардың  «стенораммасына» 
ұқсас.  Баймұханов  аспанды,  теңізді,  алаңайды  рухтанған 
субстанция ретінде суреттейді. Нәтижесінде ерекше әсемдікке ие 
картина  пайда  болады.  Суретші  көзге  көрінетін  шынайылықты 
абстракцияға,  рухани  шынайылыққа  айналдырады.  Ван  Гог 
туралы  сөз  қозғағанда,  Я.  Тугенхольд  «...  оның  толғанысының 
ноталары – заттар мен оларға жауап ретіндегі жүрек соғысының 
графикалық  ырғағы»  екендігін  атап  өтеді.  Сондай-ақ 
Баймұхановтың шығармашылығында құс қанаты символикалық 
астармен  көмкеріліп,  суретші  ойы  мен  толғанысын  жеткізудегі 
айрықша белгіге айналады.  
Ван  Гог  өзінің  хаттарында  оны,  солтүстік  адамын  Арльдің 
оңтүстік пейзажын көрген кезде жүрегін толтыратын сезім туралы 
жазады. Ол үшін бұл нағыз экстатиткалық күйге жақын ашықтық
сырласу болды, ал бұл жағдайда ол эмоцияларды ауру әсерімен 
шатастырмаған  жөн.  Пейзаждың  әрбір  бөлшегі,  алқаптың 
жасылы болсын, ауыл жолындағы алтын күннің сәулесі болсын, 
олардың бәрі де адам ізденісі туралы кез келген әңгімеден артық 
болатын табиғаттың құдіреттілігінің куәсіне айналады. Табиғатқа 
деген  мұндай  көзқарас  Қазақстан  көркемөнер  шеберлеріне  де 
тән.  Тіпті  Ван  Гогтың  формальды  пластикалық  жүйесін  тікелей 
қолданбастан, оның ішкі жан дүниесіне С.Калмыков та, А.Жүсіпов 
те, Ж.Шәрденов те жақын болған.    
Қазақстанның  пейзаждық  көркемөнерінің  көркемдік 
психологизмін біздің еліміздің тереңірек зерттеуді талап ететін 
көркемөнер  саласы  тарихының  қызықты  мәселесі  ретінде 
қарастыруға болады. Поэтика мен стильдің талғам мәселелерімен 
қатар аталған мәселені қарастыру суретшінің әлемді қабылдауы 
мен  тіршіліктегі  субстанционалды  қиындықтарды  шеше  білуі, 
адамдық  тұлға  мен  оның  рухани  әлемінің  мәнін  түсінуіне  де 
байланысты.  Қазақ  шеберлерінің  туындыларындағы  табиғат 
ешқашан да суреттеудің тұйықталған нысанына айналған емес. 
Табиғат  пен  оның  қатысуынсыз  қазақ  өнерін  елестету  мүмкін 
емес.  Дәл  сол  тенденциялар  табиғатты  жырға  қосқан  қазақ 
әдебиетінде де сақталып отырады.
Біздің 
зерттеуімізде 
орыс 
жерінде 
туған 
қазақ 
суретшісінің  шығармашылығының  жеке  экзистенцианальдық 
толғаныстарының барынша тереңдігін табиғаттың ең қарапайым 
бейнесі  мен  сарынына  бағытталуы,  олардың  таңдайтын 
ракурстарының  ортақтығы  мен  қазақ  көркемөнерінің  арасында 
параллель  жүргізуді  жөн  санап  отырмыз.  Ван  Гогтан  үлгі  алу 
бұл  жерде  ойға  қонымды  көрінеді:  өйткені  дәл  осы  шебер 
психологиялық пейзаждың негізгі өкіліне айналған.      

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет