87
жанарында сүйініш отын тұтатып, құрмет сезімін оятады екен-
ау. Ал Ерік бұрын жұрттың бәрінің Ақеркеге ынтыға көз салуын,
оның сұлулығын тектемесем, ол көзіме шөп салып жүрер деп
ойлайтын. Сондықтан да шешесінің айтақтауымен кеудесіндегі
өзімшіл күмәнқор, пасықтықтан туылған тұрпайы сезіммен
Ақеркеге ән салғызбай, таяқпен жасқап, алдында құрдай
жорғалатауға тырысатын.
Қаңқу сөзбен қорлап, бейкүнә таяқтауға төзбеген Ақерке
Еріктен бет бұрып, еркіндік іздеп алыстап кетті. Жаны кіршіксіз
аққу құстай пәктігін арнаған сүйген жарының пасықтық
жайлаған жан-дүниесінен жиреніп, біржолата қош айтысты.
Осыны ойлағанда, құлағына залды жаңғыртқан Ақеркенің
әдемі даусы жетті. Өзінің көңіліндей ала көлеңке, күңгіріт көше
шырағының астында жалғыз келе жатқан Ерік әлдеқандай бір
сезіммен ән шырқағысы келіп оқталып еді, алқымынан біреу
қылқындырып тұрғандай дауысы шықпады. Өкініштен өзегі
өртеніп келе жатқан ол тек ақырын ғана «Қолда барда алтынның
қадірі жоқ...» деп күбірледі.
Қыз махаббаты
(Әңгіме)
Аядай ауылымыз Ақөзенде соңғы бір-екі жылдан бері
жүзіктің көзінен өткендей келбетті де қабілетті, жоғары мектеп
бітірген сұлу бойжеткендер арт-артынан қызметке орналаса
бастады. Мұның көбі өз ауылымызда туып-өскендер болса,
біразы бөліс талабы бойынша сырт жерлерден келгендер еді.
Жастар отырысында, «туылған күнді құттықтау» кештерінде
құрбы қыздар бас қосқан сайын басты тақырыбымыз, әрине,
көбінде жігіттер жайлы болатын. Жасыратын несі бар, бақытты
отаудың шаңырағын биік көтеріп, көңілдегідей жар сүюді қайсы
бойжеткен ойламайды дейсіз. Дегенмен, көңіл қалауы дегеннің
өзі екінің бірінде кезіге бермейтін, қиуада ғана қол жеткізетін
жан аңсауы емес пе?! Біздің бойжеткендерге жігіттер сөйлеспей
жүрген жоқ, сөйлесіп-ақ жүр. Бірақ біздің арамызда олардың ең
алдымен сөйлесетіні - топты жұлдыз ортасындағы таң шолпаны
іспетті Жібек. Жібек талдырмаштау, нәзік денелі, наркес қаракөз,
уылжып піскен алмадай албыраған, ақсары өңді, әдемі қыз.
Қызметке орналасқанына бір жылдай ғана болса да өз кәсібіне
шөгелдігі, салмақты, биязы мінез-құлқы, ибалы сөз-әрекеті
оның көргенді, тәрбиелі отбасының қызы екенін аңғартатын.
Ол шалғай тау түкпіріндегі қарапайым қыстақта туып-өссе де,
өзінің ерекше зейінділігі мен ынталығының арқасында жоғары
мектеп бітіріп, ауылдық әкімшілікке орналасқан еді. Қыздар
қауымы - қызғаныш та, күншіл халық қой. Өздерінен өңі сұлу,
мәдениеті жоғары немесе киім-кешегі сәл әдемі, келісімдірек
біреуді көре қалса, күбір-сыбыр ғып, іштей мазаланып, тарына
қалады. Тіпті, соның артынан сөз ертуге де әуестеніп тұрады.
Енді, міне, көңілдеріндегі үмітті жігіттердің кезекке тұрғандай
бірінен соң бірі Жібекке сөз салып жүргендерін естігенде, осы
дәмелі бойжеткендер шытына қабақ түйіп: «Ақылсыз жігіттерді
қойсаңшы, бір қызды көрсе дүниеде онан өзге жан жоқтай, соған
үймелей қалады. Болмаса, Жібектің бізден қай жері артық, онда
бар қызмет бізде де бар...»,- деп қызғаныштың қызыл отын
үрлесіп жүр. Ал басқалар не десе, о десін, мен өз басым Жібектің
білімділігіне, өмір жайлы түсінігіне тәнті едім. Басқа қыздар
біреудің киімін, өңін, жүріс-тұрысын сөз ғып, көпірме өсектің
көрігін гулетіп жатса, Жібектің мұндаймен жұмысы жоқ, қайта
әлгілерге тәрбие беріп, басу айтатын. Ал өзі біреулердің артынан
сөз айтуды қатты жек көретін. Жібектің осындай ұстамды
мінезі мен адамгершілігі оның жұрт ішіндегі қадір-қымбатын
жоғарылатып, қыздар ортасындағы беделін арттыра түсетін.
Көңілге ұнаған, сыйласымды адамыңмен сырласып тұрудың
өзі бір ғанибет қой. Қоғам табалдырығын қатар аттаған Жібек
екеуіміз көптен бергі қызметтестік сыйластықтан достық
сырластыққа өте бастағанбыз. Бүгін де қызметтен түскен соң,
әдейі іздеп келіп әңгімелесіп отырмыз. Бір кісілік төсек қойылған
ретті де, таза Жібектің жатағы. Жібектің бетіне тұңғиық гүлі
басылған көк тысты сурет альбомын көріп отырмын. Бірінші
бетіне жуырда ғана той жасап, көрші ауданға жөткеліп кеткен
қызметтесіміз Жайдармен бірге түскен суреті жапсырылыпты.
Жүздерінен шаттық лебі ескен екеуінің жарқын бейнесі менің
назарымды қатты аударды да:
–
Жібек, Жайдар екеуің бұрыннан таныс па едіңдер?
– дедім мен, суретке қарап. Сәл үнсіз отырған Жібек қысыла,
қызарып барып сөз бастады:
–
Ардақ, мен саған барлығын айтайын, еш сырымды да
жасырмайын.
Өмір бойы ішіме сақтап кете берсем, жүрегімді езіп
жіберетін секілді, көптен бері жақын, сырлас болып келеміз.
Досыма балап айтқан құпиямды шашпайтыныңа сенемін. Кеудем
толы мұңымды ақтарсам көңілім біраз орталанар ма екен, –
деп күрсінгенде, жайдары қабағына кірбіңдік ұялап, қарақат
88
жанарына мөлдір тамшылар үйірілді. Мен қапелімде не дерімді
білмей, ыңғайсызданып қалдым. Ақ жүзінен домалаған жас
тамшыларын сүйріктей ақ саусағымен сүрткен ол, маған мұңлы
жүзбен бір қарап қойып әңгімесін бастай берді:
- Ең алғаш ауылдан ұзап шыққаным сол болар, университеттің
сәулетті қақпасынан бір-ақ шықтым. Бөтен ел, бөгде жер
дегендей жан-жағыма жалтақтап, тізімге алыну бөлмесінде
барып, тіркеліп тұрғанымда тұңғыш рет оны көрдім. Орта бойлы,
бидай өң, жылы жүзді бала жігіт: «Біздің жақтан келген екенсің
ғой», – деді, тізімдікке қарап қойып, мен келген қалашықтың
атын атап.
«Иә», - дедім мен тартына, естілер-естілмес жауап беріп.
«Мен де сол жерденмін, мінеки жерлес болдық қой. Атым
–Жайдар, осы университтетте оқимын», – деді ол, күле қарап,
таныстық білдіріп. Оның қоңырқай көздерінен әлде қандай
ыстық, жылы мейір байқағандай болдым. Таныстығымыз осыдан
басталды. Жайдар менен екі жыл бұрын келіпті. Бұл сурет,
біздің сол күні оның тілегі бойынша көшеге шығып бірге түскен
суретіміз болатын.
Күндер өте келе курстастарыммен танысып, университеттің
думанды студенттік өмірін бастап жаңа ортаға үйірлесе
бастағанмын. Аудиторияға барарда да, жатаққа қайтарда да
үнемі Жайдарға кездесіп қаламын. Әр жолы кезіккен сайын
ол жағдайымды сұрап, жанашырлық лебіз білдіретін. Ағалық
ақылын айтып, қарындасындай аялайтын Жайдарды мен де
іштей ұнатып, қатты сыйлайтынмын. Осы сыйластық біртіндей
келе құпия ұнату, сүю сезіміне алып барғанын өзім де білмей
қалдым. Бара-бара оны көрсем болды, қарадай қалтырап, жүрегім
аузыма тығылып, беймаза бір күйге түсетін болдым. Бұл - сезім
құйыны еді. Ақ айдындай тұнып тұрған көңілімді астан-кестен
етіп, дауыл болып ұйтқитын. Сол дауылдың арасынан Жайдарды
көретінмін. Қашан көрсем де мейірлі қой көздерінен күлкі табы
кетпейтін, әдеп-ибадан аспайтын қыз мінезді бауырмал жан.
Бұрын махаббат, ғашықтық дегенннің не екеніне бойламаған
сәби көңілім Жайдармен танысқалы өзгеше бір киелі сезім
құндағына бөленіп, тәтті түс көріп жатып оянып кетіп, соңын
жалғастыра алмай қиналғандай немесе қалың тұманда қалып,
жол таба алмай адасып жүргендей ойсоқты, жабырқау жүретін
болғанмын. Мендегі осы бір көңіл күй өзгерісін Жайдар да
байқаған секілді. Бір күні ол: «Көптен бері көңілсіздеу көрінесің
ғой, Жібек, үйлеріңнен хат келмей қойды ма, жоқ, қатты сағынып
жүрсің бе ауыл жақты?» – деп сұрай қалды.
Мен қысылғанымнан не дерімді білмей: «Жоқ, ештеңе болған
жоқ», – деп қана келте жауап беріп кете бардым.
Осы күні кеште (демалыс күні болатын) біртүрлі ойсоқтықпен
төсегімді салып, ерте жатып қалған едім. Бір кезде есік қағылып:
«Жібек бар ма?» деген Жайдардың сыпайы даусы жетті құлағыма.
«Ұйықтап қалды» десті қыздар, оған қатарласа үн қатып. Осы
кезде мен көрпемді бүркеніп алып, ол туралы қиял кешіп жатқан
шағым еді. Ол неге іздеп келді екен, ә?! Жүрегім атқақтап, өн
бойым қызып бара жатқандай күйге ендім. Оның мына келісі
одан ары менің тынышымды кетіріп, ұйқымды қашырды, таңға
көз ілмедім... Ертесі асханада кезіккен ол: «Кеше киноға барайық
деп әдейі іздеп барсам ерте ұйықтапсың, қамсызсың-ау өзің» деп
күлді. Мен не дерімді білмей, қатты ыңғайсыздандым. Әйтеуір,
бар болғаны ол нені сұраса да, ығына қарай бір ауыз ғана жауап
беремін. Оның алдында өз-өзімнен жүрегім аузыма тығылып,
бірер ауыз артық сөз айтуға дәрменім жоқтай сезінем... Одан
соң да әйтеуір оған жолыққан сайын, онымен тез қоштасуға,
тіпті кездеспеуге, жүрегімді өртеген сезім отын сөндіруге
асығатын сияқты күйге түсіп жүрдім. Жан күйімді, ғашықтық
дертімді Жайдарға ашық білдірейін-ақ деп қаншама ойланып,
қаншама бекімге келсем де, әйел затындағы ұяңдық деген бір
тығырыққа тіреле бердім. Соншалық биязы, кішіпейіл жан өзін
шын жүрегімен құлай сүйетінімді айтсам, бәлкім мені түсінетін
де болар. Өйткені, оның мені құрметтейтіні, сыйлайтыны, жақсы
да көрінетіні шындық қой!.. Бірақ қыз басыммен оның алдына
барып, өзіне деген іңкәрлік махаббатымды жеткізу мен үшін
басқалардың мазағына ұшырайтын ұят-намыс болып сезілді...
Иә, Жайдардың өзін талай-талай қыздар сырттай ұнатып
жүргенімен, бірақ ешкімге де әлі күнге дейін бір ауыз талап
қоймағанын өзгелерден де суыртпақтап естіп-біліп жүргенмін.
Ал оны қаншалық жақсы көргеніммен, осы жанымды мұжыған
сезім азабын тіпті өзге сырлас қыздарыма сездірген емеспін. Иә,
89
қыздың ұяң табиғаты деген осы ма екен?!
Қойшы, ақыры осындай арпалысты ой кешулер, махаббат
азабы ішінде бірінші оқу жылы да өте шықты. Екінші курс оқу
маусымы да басталған. Өмір баяғы әуенмен өтіп жатты. Бірақ
бұл әуен мен үшін басқаларға ұқсамайтын бір мұңлы әуен еді.
Көңілімде серпіліс жоқтай, бұрынғыдан бетер қиялшаң, тұңғиық
жанға айналып қалдым. Сабақтан сыртқы уақытымның бәрінде
қиял көбелегін қуып, жалғыз жүремін. Ешкіммен араласып
кетпеймін. Бірге жүрген курстастарым да, басқа жылдықтағы
туыс-таныс, құрбыластарым да университетегі би кештеріне,
киноларға, қызық-тамашаларға, бас қосуларға шақырып келетін;
бірақ соның бәріне зауқым соқпайтын. Қаншама жабысса да,
түрлі себеп айтып, бармай қоятынмын. Өз көңілімде Жайдардан
басқаның барлығы көзіме көрінбейтін, ойыма да келмейтін
сияқтанады. Демалыс күндері жатақтас қыздар бақшаға немесе
көшеге сөз байласып жүрген жігіттерімен қыдыра кеткенде,
жатақта жападан-жалғыз мұңға батып үнсіз жас төгетінмін.
«Жайдар, сен мені неге би кешіне шақырмайсың, менің жақсы
көретінімді неге білмейсің?» деп жазғырамын. Екеуіміздің бірге
түскен суретімізге телміремін. Дүниеде қыз көңіліндей нәзік,
ұяң ешнәрсе болмаса керек, соншалық сүйе тұра, оны білдіруге
бата алмадым. Ал Жайдар қашан көрсем де бір қалыпта, ашық-
жарқын, жайнап жүреді, жағдайымды сұрап жаны қалмай
тұрады. Мен Жайдарды ойламайын-ақ деп қаншалық бекінсем
де көз алдымда Жайдар көлеңкедей ілесіп менімен бір сәт
қалмайды. Қайда барсам да оның елесінен құтылмаймын. Әр күні
жатақхана алдындағы бақшаға, оңаша жерге келіп алып ұзақ-ұзақ
отырып қайтамын. Бұл жер менің құлазыған сәттерімде көңіл
қапалығымды шығаратын жайлы мекеніме айналып қалған-ды.
Жанымды жаулап алған түпсіз тұңғиық үнсіздік. Міне, осы
үнсіздік ішінде екінші курс те өте шықты. Жаңа оқу маусымы
басталды. Мен тағы да адам жанын жалықтыратын жалғыздық,
үнсіздікпен Жайдарды тосатын болдым. Сен біреуді жақсы
көріп, ол үшін от айналған көбелектей паруана болсаң, саған да
біреу құлай ғашық болып, жанын арнайды екен. Бұл да өмірдің
бір заңдылығы болса керек. Көңілімде кімді ойлап жүргенімді
қайдан білсін, алғаш университетке келгенен кейін маған тілек
білдірген қалалық курстасым Мұрат менің талай рет талабын
тойтарып, тіпті зекіп тастаған кездерімде де реніш білдірмей,
бес жыл бойы соңымнан қалмады. Тек мен ауылға кеткен соң
ғана күдерін үзген еді ол. Қыздардың бәрі де бір құлаған жағынан
бұрылмайтын бір мойын ба, жоқ мен ғана солаймын ба, қайдан
білейін, әйтеуір жатсам да, тұрсам да Жайдардың есімін киелі
дұғадай аузымнан түсірмедім. Бұл Жайдардың оқу бітіретін
жыл еді. Біз қысқы демалысты өткізіп, екінші маусымдық оқуды
бастағанда, олар екі айлық практикаға, ауылға кетті. Бірнеше
күннен соң кешкі пысықтауда Қалима деген курстасым: «Мынау
Жайдар ағаңның альбомы, курстастарға естелік жазғызып
қой» деп тастап кеткен еді, естелік жазарсың» деп ақ тысты
альбомды ұсынды. Қалима дөңгелек қара торы жүзді, күлім
көз орта бойлы, өжет қыз болатын. Жоғары жылдықтағы және
өзіміздің ұл курстастармен әзілдесіп жүре беретін. Біз оның
тартынбайтын өжет мінезіне тәнті болатынбыз. Жатаққа келген
соң әлгі альбомды парақтап, өз курстастары жазған естеліктерді
көріп отырып, ішінен бірнеше парақ хатты көріп қалдым.
«Аяулы Қалима! Сәлеметсің бе, өзіңе деген уыздай ақ, пәк
махаббатымды қасыңда жүргенде білдіре алмай алыстан аңсап ақ
қағаз арқылы жолдап отырмын. Ақмақтығымды кешіріп, алғашқы
жүрек қалауын қабыл алғайсың. Жаным Қалима, сенсіз өмір
маған мәнсіз, оқу бітірер кезде бұл қайткені деп күманды ойда
болып қалма. Қазіргі көңіл-күйімді саған қалай түсіндірерімді
білмей отырмын. Өзіңді көре салғанда емес, араласа келе ұнатып
қалдым. Жүрегімнен өшпестей орын алдың, айтпай кетсем мәңгі
өкініште қалармын... Менің жалған айтып, біреудің жүрегін
жаралауды ұжданым көтермейді. Қалима сәулем, мен сені шын
жүрегімнен ұнатып сүйемін. Міне, практика күндерін саусақпен
санап әрең өткізіп жүрмін. Сені көрсем деп сабыр-тағатым
таусылып барады. Қасыңа барғанда мен сендік деген жүрек
жарды қуанышты сөзіңді естиін, бола ма, жаным?! Өзіңе ұсынған
жүрегімді түсіне көр, қош сәулем, кезігер күн таяу болғай!
Сені мәңгі сүйетін Жайдар.»
Хатты оқып болып, өз көзіме өзім сенбей, мең-зең күйде
бір ауық отырып қалдым. Қанша қайталап оқысам да, шындық
қашан да шындық еді. Жүрегім кеудеме сыймай атқақтап,
күнде өзім барып қиял кешетін бақшадағы алаңқыға жеттім
де, хатты күлдей паршалап, жыртып тастадым. Жанарымнан
сорғалаған жас жүзімді шылқа су қып жіберді. Өмірімде бірінші
рет батылсыздығыма налып, жүрегім езіліп, күйзеле жыладым.
Бір кезде жылай-жылай сілем қатып, көз жасым да құрғаған
сияқты; жатаққа келсем, әлде қашан шырақ сөніп, қыздар тегіс
ұйқыға бас қойыпты. Жан жоқтай жігерсіз былқ-сылқ еткен құр
сүлдерімді ащы өксік кернеп, көзімнен емес, көңілімнен егіліп
жатып «ертеңнен бастап Жайдарды ұмытамын, ол өз бақытын
тапқан екен, мен де өз бақытымды өзгеден іздеуім керек» деп
бекіндім. Бірақ жүрек әміріне не амал болсын, оны қаншалық
ойламайын десем де ол әр минут, әр сағат сайын мені елесімен
қинайтын.
Менің көңілсіз өтіп жатқан күндерімнің бірінде Жайдар
практикадан қайтып келді. Осыдан кейін мен Қалима екеуінің
үнемі бақшада қатарласа отырып, соншама көңілді сыр
шертісетіндерін көріп жүрдім. Курстастар арасында Жайдар мен
Қалима махаббаттасыпты деген сөз ашыққа шығып, айтылып
жүрді. Қалима бұрынғыдан көрі маған жақындасып, «қайын
сіңлім» деп қалжыңдап жүретін болды. Ішімнен қаншалық
азаптансам да мен оған күліп тұрып, тілектестік білдіретін едім.
Өйткені, Қалима жазықсыз ғой, махаббат - күллі адамға ортақ.
Мен тағдырға мән бермей болмайтынын мойындадым. Өйткені,
мен Жайдарды сүйгеніммен, Жайдар Қалиманы сүйеді. Мен
Жайдарды сүйгенім үшін оның өз сүйгенімен менен де артық
бақытты болуын шын жүрегімнен тіледім. Менің жүрегімде
Қалимаға қарата қызғаныш емес, оның батыл, өжеттігіне сүйіну,
ал өзімнің батылсыздығыма өкініш сезімі бар еді.
Жайдар оқу бітірген соң үйі аудан қалашығында болғанымен,
қызметке біздің ауылға бөлінді. Қалима екеуі үнемі хат алысып
тұратын. Екі жылдан кейін біз де оқу бітірдік. Қалиманың
әкесі өздері тұрған ауданның белді әкімі болғандықтан ол тез
арада қызметке орналасты да, қоңыр күздің бір күнінде Жайдар
екеуі тойларын жасады. Қалиманың қиыла өтінуімен мен оның
қыз жолдасы болып тойларында болдым. Той өткен соң көп
ұзамай қайын атасы Жайдардың қызметін жөткеп алды. Қалима
курстасым, Жайдар жерлесім болу сипатымен екеуі де мені қатты
сыйлайтын. Достық тілеулестік көңілдері өз алдына еді.
«Жібек, енді сен де той жасасаңшы, қызметке орналастың,
енді неден алаңдайсың?» – деп жігіт таныстырып, әбігер
болғанымен, менің көңілімдегі жасырын сырды олар білмейтін.
Тұңғыш тұтанған махаббат ұшқынының лаулаған жалынға
айналып жанымды, жүрегімді өртеп келе жатқанына мінеки
алты жылдан асып барады. Жайдар той жасап кетсе де оны әлі
көңілімнен шығара алмадым. Оның елесі әлі менімен бірге,
мүмкін, мәңгі бірге болатын болар. Әу баста-ақ Жайдарды
сүйетінімді білдірмедім деп өкінем, өз жүрегім алдында өзімді
күнәлідай сезінем. Әйтеуір, бір көңіл азабынан құтылмаймын,
мен кей кездерде қыз атаулының барлығына «біз де жігіттер
секілді кімді сүйсек, соған өз көңіл қалауымызды білдіруіміз
керек қой» деп айтқым келеді. Ендігәрі бір де бір қыз мен секілді
махаббат тұтқыны болмаса екен деп тілеймін. Бірақ тағы да айта
алмаймын, ұяңдықтан аса алмаймын. Мінеки, көңілімді күпті
қылған сезім азабын тұңғыш рет саған айтып отырмын, – деді
әңгімесін аяқтаған Жібек мұңая маған қарап.
Рас-ау, махаббат адам баласының бәрінің басында бар киелі
сезім. Махаббат, сүю тек жігіттерге ғана тән ерекше берілу
дүниесі емес қой. Қайта әйел затының (қыздардың) қалауы,
махаббат сезімі, сүю қуаты күллі өмірге аян, пәк, адал, бар
жүректі толқытады. Ендеше, біздің жолымыз неліктен соншама
нәзік, неліктен тек жігіттердің көңіл білдіруін тосамыз?! Біз неге
өз қалауымызды, өз талғамымызды білдіре алмаймыз?! Неге?!.
Жібекті не деп жұбатарымды білмей, ойға шомған менің
санамда осы қыз сияқты ақыл мен сабырға берік талай арудың
жүрегін жаншыған бір сөйлем сөз өрнектелген еді:
«Әттең, ұяңдықтан өте алмай, өзін-өзі тұмшалап, құрбан
болған қайран қыз махаббаты!»
90
(Жалғасы. Басы өткен санда)
Тоқан жиеннiң ауылы бiзге құрақтай
жапырылып, қарсы алды. Малын сойып,
қымызын құйып, шелпек-бауырсағын үйiп
бәйек болып жатыр. Малы да, адамы да
табиғатына тартқан бiтiмдi, сұлу, берекелi
болады екен. Өңшең қара байыр ат, құнан
зерiккен қысырақ қора ортасында, науа
айналасында бiрiн-бiрi тiзеден қағып,
күзеуден басып, құйрық түптен тiстелеп
асыр салып, ойнап жүр. Жаяларына
дейiн жыра түсiп, мұқым тұлғасы
балықтай жұмырланып кеткен. Қазақтың
осы жердегi қаратай руымен араласа
қоныстанған көкмоншақ деген халықтың
әйелдерi қызылды-жасылды киiнедi екен.
Шаштарына, белдерiне байлаған торғын
лента белдiктерi көк жотаның гулiмен сән-
салтанат таласқандай толқиды. Екiден,
үштен шырқап еркiн салатын әндерi де
көк жота аспанындай мiнсiз зәулiм. Алла
тағала бар әсемдiктi осыларға бергендей.
Дегенмен, бұл сыртқы көрінiсi
ғана болды. Адамдары мен басқа
жұрттың теңдiгi баспанасынан ғана
парықталатындай. Қызыл қарағайдың
қабығын
сойып,
күрке
орнындай
жерге айналдыра қалап, соның iшiнде
жататындар көп екен де, ақ ордада
жататындар аз екен. Өздерi қазақша мен
моңғолшаны араластырып, аралығындағы
бiр тiлмен сөйлейтiн сияқты. “Орта
Азиядағы негiзгi тiл, негiзгi тұрмыс,
нәсiлiне бiз уәкiлдiк етемiз” дейді екен
өздерi. Қолдан жасаған бұт бұрқанына
табынады. Суыр, аю, шошқа етiн жей
бередi. Iркiттен “әркі” деп аталатын
iшiмдiк қайырып, шүйірмек жасайды.
Жылқы, сиыр терiсiнен жасайтын мейiздей
кепкен қоңыр тұмсық сабаларының ар
жақ, бер жағынан күн көрiнедi.
- Аз ауыл қазақ осы көкмоншақ өңiрдi
мекендеп, бүтiн құртты бөлiп жеп, жарты
құртты жарып жеп келе жатырмыз! Пiшен,
астық, аң етiн осы тау бередi. Қар бiр
жауған соң-ақ Алтайға, Буыршын, Қабаға
барып терi–терсек өткiземiз де, қажеттi
нәрсемiздi алып қайтамыз. Құдайға шүкiр,
күйiмiз әзiрше жаман емес! - дедi кәрi
жиен шара толы қымызын сiмiре отырып.
- Ертiс бойының қары қалың түседi
ғой, мына желкеңiздегi Көлдіайрық бiздi
сүрі қарымен қарсы алды. Сонда бұл
жердiң қысы қандай болады екен? Бiз
сиякты шабан, шардақ елiңiз бардам
ауылдарға iлесiп жыл сайын борбайын
созып жүргенше, өз жаныңыздан мекен
тепсек қалай болар едi?! - дедi Ашау.
Әкемнiң басына мұндай қиял келмеген
сияқты, селт еткендей бұрылып:
- Мынау өз ойың ба, әлде осындай
байламға келген басқа ағайының да бар
ма? - деп қалды. Ашау:
- Ғаріпхан екеумiз қыстағы бiр
әңгiмемiзде осыны еске алған едiк, жаман
қатын, жас баланы сүйрелеп, обалына
қалғанша, жатайық! Желкек терсек
те жан бағармыз дескенбiз. Бүгiн сiз
жиеннiң ауылына барамыз дегенде менiң
жүрегiмдi нұқыған қуаныш осы болатын.
Екеуiңiздiң
аталық
ақылдарыңызға
салып, алдыларыңыздан өтiп отырғаным
осы. Дұрыс па, қате ме оны өздерiңiз
айтыңыздар - деп тынды.
Әкем айтарға болмаса жабырқап
қалды. Өзiнiң қасында қарайып жүрген
жалғыз отауы, аяулы келiнi мен немерелерi
тау iшiнде, қалың қардың астында
қалғалы отыр, жайлауға келгеннен берi
топ болып, домаланып жатып қалған кәрi
апамның түрi анау. Көшесiң, азап тартсаң
да сүйретiлiп жүресiң деуге қалай болады.
Мақұл көшпей-ақ қой дегенде не малы, не
дәнi жоқ, шиеттей жас балалар қандай күн
көредi…
Әкемнiң өңiн барлап отырған жиен
нұрлы жанарын үйiрiп:
- Әй, нағашы! - дедi жұлып алғандай,
- неменеге қамалып, дағдарасың? Көк
моншақ орыспен етене бола алған
Тоқтамұрат, сенiн ұлыңды сыртқа тебедi
ғой деп пе едiн ?! Әруақ атпай ма сыртқа
тепсем-Пiшенi, талқаны биыл менiң
мойнымда. Iргемiзде тұрған қарағайдан
үйдi бес-ақ күнде қалқайта саламыз.
Ертiстiң, Көлдіайрықтың қарымен бұл
жерде өлшеуге болмайды. Көлдіайрық
бұл жерден үш шақырым биiк, үстiрт. Қом
осы жер болса жан-жағын қапсағай тау,
қалың орман қоршаған жазда егiн пiсетiн,
қыста қарала теңбіл болып жататын
жылы жер. Аңғарды өрлейтiн терiстiк
желi жауын бұлтын көбiнесе биiкке
алып кетедi. Москва мен Париждiң не-не
үлкен мектебiн бiтiрiп, бұл жерге қашып
келiп орналасқан Колчак әскерiнiң Қом,
Қалутаңға қала салып орнығып қалуы
Достарыңызбен бөлісу: |